Инфоурок Дошкольное образование Статьи"Дамыта оқыту технологиясын қолданып, баланың ішкі әлеуетін ашу жолдары" Ата-аналармен жұмыс

"Дамыта оқыту технологиясын қолданып, баланың ішкі әлеуетін ашу жолдары" Ата-аналармен жұмыс

Скачать материал

        « ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНЫП,

          БАЛАНЫҢ ІШКІ ӘЛЕУЕТІН АШУ ЖОЛДАРЫ »

 

                    Садыкова Гулжан Маратовна

                Атырау облысы Құрманғазы ауданы

                     «Өркен» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі

 

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы еліміздің білім беру саласында да көптеген өзгерістер болды. Бұл оң өзгерістер болашақ жастарды тәрбиелеуде жаңа мақсат-міндеттер жүктеп отыр.

Елбасымыз өз сөзінде  «Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс», деп білім мен біліктілік жайлы үлкен ой айтқан еді. Себебі ертең келер күннің бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын – білім екенін ұмытпауымыз керек. Тек білімді ұрпақ қана қоғамға қозғаушы болатыны сөзсіз. Қазіргі заман талабына орай білім беру жүйесінің алдында ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, мәдениетті, белсенді және шығармашылыққа бейімделген тұлға дайындау міндеті тұр. Осы міндетті жүзеге асыру мақсатында білім беру саласында жаңа технологиялар пайда болды.

Өз тәжірибеме келетін болсам, көп жылдар бойы білім беру үрдісінде сын тұрғысынан ойлау (СТО) технологиясын қолданып келемін. Бұл технологияны қолданудағы мақсатым: барлық жастағы балаларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, саналы шешім қабылдап, креативті ойлау қабілетін дамыту.

Сыни ойлау дегеніміз не?

Біріншіден, сыни ойлау - дербес ойлау. Оқу үрдісі сыни ойлау қағидаларына сүйенгенде, әр оқушы өз идеяларын, бағасын, сенімін басқалардан дербес түрде құрастырады. Сыни ойлау тек жеке (индивидуалды) сипат алғанда ғана сыни болып табылады. Өз басымен ойлау және де тіпті ең қиын мәселелерді шешу үшін оқушылар жеткілікті түрде еркін болуы қажет.

Екіншіден, ақпарат сыни ойлаудың ақтық емес, бастапқы нүктесі болып табылады. Білім уәждеме (мотивация) тудырады, ал онсыз адам сыни ойлай алмайды. Күрделі ойды тудыру үшін: фактілерді; идеяларды; мәтіндерді; теорияларды; берілген жәйттерді, тұжырымдарды қайта  өңдеу керек.

Үшіншіден, сыни ойлау сұрақ қоюдан басталып, шешімді қажет ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушылардың танымдық процесі өзінің әр кезеңінде танушының өз мүддесі мен мұқтажына туындайтын проблемаларды шешетін және сұрақтарға жауап беретін ұмтылысымен сипатталады.

Төртіншіден, сыни ойлау дәйекті, көңілге қонымды дәлелдемелерге ұмтылады. Сыни ойлайтын адам проблеманы шешуде өзіндік жолын тауып, бұл шешімді нанымды және дәйекті дәлелдермен негіздейді.

Бесіншіден, сыни ойлау - әлеуметтік ойлау. Қандай да болмасын ой басқалармен бөліскенде тексеріліп, ұштала түседі. Басқалармен пікір таласып, мәтін оқып, талқылағанда, қарсы уәж айтып, пікірлерімізбен алмасқанда өз позициямызды айқындаймыз және тереңдетеміз. Сондықтан да сыни ойлау аясында еңбектенетін педагог ретінде әрқашанда өз сабақтарымда жұптық және топтық жұмыстың сан алуан түрлерін қолданамын. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы: қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзеледі.   Енді осы кезеңдердің ерекшеліктеріне  тоқталайын:

1) «Қызығушылықты ояту» кезеңіне арналған әдістер:

ü  «Топтастыру»;

ü  «Түртіп алу» («INSERT»);

ü  «Ойлану»;

ü  «Жұпта талқылау»;

ü  «Болжау»;

ü «Әлемді шарлау», т.б.

Бұл кезеңде бала  өз білетінін еске түсіреді,  қағазға жазады,  көршісімен бөліседі,  тобында талқылайды, яғни бөлісу, ортаға   салу  арқылы оның ойы ашылады; жаңа білім жайлы ақпаратты байырғы біліммен ұштастырады.

2) «Мағынаны тану» кезеңінде тәрбиеленуші

ü тақырып бойынша жұмыс істейді;

ü тақырып бойынша тапсырмалар орындайды;

ü баланың өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.

3) «Ой толғаныс» кезеңінде тәрбиеленуші не үйренгенін саралап, салмақтайды; тақырыпты қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегіген өткізеді, белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді.

Толғануды тиімді етуге лайықталған:

ü   «Бес жолды өлең»;

ü   «Венн диаграммасы»,

ü   «Еркін жазу»,

ü   «Семантикалық карта», т.б.стратегиялар бар.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасындағы педагог роліне келетін болсақ:

ü   үйрену процесінде балаларға серік болып бірге жұмыс жасайды;

ü   балаға сеніммен қарап өз ойын еркін жеткізуге  қолдау көрсетіп отырады;

ü   білім алу процесін ұйымдастырушысы.

Сын тұрғысынан ойлауды үйретуде төмендегі шарттар ескерілуі тиіс:

1.Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;      

2. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;

3. Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру;

4. Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.

Енді сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдеріне қысқаша тоқталып кетсем.

1)    «Құндылықтар спектрі» әдісі – бұл әдісті жаңа ақпаратты бекіту кезінде қолдануға қолайлы. Бөлмеге жіп керіп, жіпке әр түрлі тақырыптағы суреттер, сөздер, сызба-графикалар ілінеді. Мысалы, «Үй жануарлары» тақырыбын меңгертуде балаларға жіптен тақырыпқа сай суреттерді жинап алуды ұсынамын. Әр бала суретті неліктен алғанын дәлелдеп айтуы тиіс.

2)    «Ой, ұғым және есімдер себеті» әдісі – бұл әдіс топтық жұмыстарға арналған. Балаларды 2 топқа бөліп, екі топқа 2 себет беріледі. Себеттерге бөлек тақырыптар жазылады (мысалы, өткен тақырып пен жаңа тақырып болуы мүмкін). Үстелдің үстінде түрлі тақырыппен байланысқан фотолар, жазулар, сызба, суреттер жатады. Белгілі уақыт аралығында әр топ өзінің тақырыбына қатысы бар мәліметтерді жинақтайды. Соңынан әр топ өзінің жұмысын қорғайды.

 

 

 

 

 

 

 

 


3)    «Семантикалық карта» әдісі – ой түйіндеу, қорытындылау кезеңінде қолдануға ыңғайлы құрал. Мысалы, бейнелеу оқу қызметінде балаларға суреттің жасалу техникасын ажырату үшін қолдандым. Балалар «Күз» суреті акварельмен, ал «Жаз» суреті түрлі түсті қарындашпен салынғанын ажырата білді.

4)    «Мюнстерберг» – зейіннің тұрақтылығын анықтауға арналған әдіс. Балаларды  топтарға бөліп, әр топқа кез-келген әріптердің тізбегін ұсынасыз. Балалар әріптер ортасынан сөздерді тауып жазуы керек. Тақырыптарды өзгерте беруге болады. Бұл әдіс балалардың сөздік қорының молаюына септігін тигізеді.

 

 

 

 

 

5)    «Коллаж» әдісі – жаңа ақпаратты тыңдап, орындайтын техника. Балаларды 2 топқа бөліп,  2 топқа бос бөлменің суреті беріледі. Бөлме жиһаздары бөлек болады. Топтар тыңдай отырып, жиһаздарды дұрыс бағытта орналастырады. Жұмыс соңында сурет-кілт көрсетіліп, топ жұмыстары салыстырылады.

 

 

 

 

 


6)    «Логикалық поезд» ойыны – балалардың логикалық ойлау қабілетін арттыруға арналған әдістеме. Тәрбиеші  балаларға  бірнеше  сурет  көрсетеді. Мысалы:  бауырсақ, қамыр,  ұн,  бидай. Балалар  суреттерді  хронологиялық ретте  орналастыруы тиіс ( мысалы, дастархан сәні – бауырсақты дайындау реті - бидай,  ұн,  қамыр,  бауырсақ ).

 

 

 

 

        

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі:

ü Бала өз ойын жүйелі, еркін жеткізе алады;

ü Балалардың танымдық-зерттеу әрекетіне қызығушылығы артады;

ü Балалардың шығармашылық ойлауын, тілін дамытады;

ü Сапалы білімге қол жеткізуге жағдай жасалады.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Абдықайырұлы Қ., Монахов В.М.,  «Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы» – А, 1999.

2.     Әбілқасымова А.Е., Омарова Р.С. Мұғалімдердің танымдық іздемпаздығын қалыптастыру.Алматы: Ғылым, 2003.

3.     Президент Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2004.

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Дамыта оқыту технологиясын қолданып, баланың ішкі әлеуетін ашу жолдары" Ата-аналармен жұмыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бренд-менеджер

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бұл технологияны қолданудағы мақсатым: барлық жастағы балаларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, саналы шешім қабылдап, креативті ойлау қабілетін дамыту.

Сыни ойлау дегеніміз не?

Біріншіден, сыни ойлау - дербес ойлау. Оқу үрдісі сыни ойлау қағидаларына сүйенгенде, әр оқушы өз идеяларын, бағасын, сенімін басқалардан дербес түрде құрастырады. Сыни ойлау тек жеке (индивидуалды) сипат алғанда ғана сыни болып табылады. Өз басымен ойлау және де тіпті ең қиын мәселелерді шешу үшін оқушылар жеткілікті түрде еркін болуы қажет.

Екіншіден, ақпарат сыни ойлаудың ақтық емес, бастапқы нүктесі болып табылады. Білім уәждеме (мотивация) тудырады, ал онсыз адам сыни ойлай алмайды. Күрделі ойды тудыру үшін: фактілерді; идеяларды; мәтіндерді; теорияларды; берілген жәйттерді, тұжырымдарды қайта өңдеу керек.

Үшіншіден, сыни ойлау сұрақ қоюдан басталып, шешімді қажет ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушылардың танымдық процесі өзінің әр кезеңінде танушының өз мүддесі мен мұқтажына туындайтын проблемаларды шешетін және сұрақтарға жауап беретін ұмтылысымен сипатталады.

Төртіншіден, сыни ойлау дәйекті, көңілге қонымды дәлелдемелерге ұмтылады. Сыни ойлайтын адам проблеманы шешуде өзіндік жолын тауып, бұл шешімді нанымды және дәйекті дәлелдермен негіздейді.

Бесіншіден, сыни ойлау - әлеуметтік ойлау. Қандай да болмасын ой басқалармен бөліскенде тексеріліп, ұштала түседі. Басқалармен пікір таласып, мәтін оқып, талқылағанда, қарсы уәж айтып, пікірлерімізбен алмасқанда өз позициямызды айқындаймыз және тереңдетеміз. Сондықтан да сыни ойлау аясында еңбектенетін педагог ретінде әрқашанда өз сабақтарымда жұптық және топтық жұмыстың сан алуан түрлерін қолданамын. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы: қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзеледі.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 584 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.01.2019 1022
    • DOCX 1.3 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Садыкова Гулжан Маратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Садыкова Гулжан Маратовна
    Садыкова Гулжан Маратовна
    • На сайте: 5 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 17205
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Создание музея в образовательной организации: теория и практика

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 118 человек

Курс повышения квалификации

Младший воспитатель: задачи, функции профессиональной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 37 человек

Курс повышения квалификации

Развитие ребенка до трех лет: познавательные, коммуникативные и социальные аспекты

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 65 человек

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Библиотечная трансформация: от классики до современности с акцентом на эффективное общение и организацию событий

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Основы нарративного подхода: теория и методы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе