Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Конспекты / Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығы жағдайы мен нәтижелілігі

Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығы жағдайы мен нәтижелілігі


  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығы жағдайы мен нәтижелілігі



Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Бүгінгі педкеңесте қозғалып отырған тақырып, даму мүмкіндігі шектеулі оқушылардың денсаулық жағдайы мен нәтижелілігі. Даму мүмкіндігі шектеулі оқушылардың денсаулық жағдайын әр жылдың сәуір айында облыстық психологиялық дәрігерлер мекемесі келіп, тексеріп, қорытындысын ата-аналарға түсіндіріп, мектепке тапсырады. 2015-2016 оқу жылында мектебімізде даму мүмкіндігі шектеулі оқушы саны – 3 болды. Олар: Ахмедияр Данагул-1-сыныпқа қабылданды, Сиражев Меңболат – 4 - сынып оқушысы, Мақсотов Аслан-8-сынып оқушысы. Ахмедияр Данагул мектепке қабылданбас бұрын, оқуға жарамсыз мүмкіндігі шектеулі баланың қатарында болғанды, бірақ, облыстық тексерістен кейін оны мектепке қабылдауды және оның білімді игеруін, оқушының өзін-өзі ұстауын зерттеп, қадағалап, қорытындысын жіберуді тапсырғанды. ІІ тоқсанның соңына дейін сынып жетекшісі Ш.Азаматқызы мен мектеп әкімшілігі бірге бақылып, қорытындысын (хаттама түрінде толтырып) облыстық дәрігерлерге жібердік. 01.12.2015 күні облыстық психологиялық - дәрігерлік – педагогикалық кеңес беру мекемесінен Ахмедияр Данагулдің оқуға жарамсыз екендігі, мектепті одан әрі жалғастыра алмайтындығы туралы қорытындысы келген болатын. Сол нәтижесіне сай мектепте бұйрық шығарылды. Биылғы 2 сәуір айында келген облыстық тексерісте де Ахмедияр Данагулге үйден әлеуметтік қызметтің жеке ықпалымен оқытылу керек деген қорытынды берілді.

Ал, 8-сынып оқушысы Мақсотов Асланға берілген қорытындысында денсаулық жағдайы - жалпы тіл кемістігінің ІІ-ІІІ деңгейі, органикалық бұзылысы, көз торларының ангиопатиясы. Дәрігерлер тексеру қорытындысы бойынша берген ұсынысы - көмекші мектептің І тип бағдарламасымен 2016-2017 оқу жылында 9-сыныпта жеке ықпалмен оқытылу керектігі жазылған. Айта кететін бір жағдай, мектепке көмекші мектептің бағдарламасының берілмеуі, ауданда сол мәселе төңірегінде қарастырылмай отырғандығы пән мұғалімдерін қынжылтатындығы белгілі.Себебі, бұл оқушыға өз деңгейіне сай тапсырмалар бере алмайтындығымызбен бірге, мектепке тексерістер келген кезде осы көмекші мектептің бағдарламасы бойынша жұмыстарды қарап, оқушының нәтижесін талқылайтындығын ескеруіміз керек деп ойлаймын.

4-сынып оқушысы Сиражев Меңболаттың денсаулық жағдайы – психикалық дамуының тежелуінің күрделі түрі. Тіл кемістігінің ІІІ деңгейі. Осы биылғы облыстық тексерістің қорытындысы бойынша оқуын жалғастыру үшін облыстық №15 мектеп-интернатына шақырылды.

Жыл сайын мектебіміздегі мүмкіндігі шектеулі оқушылар саны азаюда.Олардың көбі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектептерде емделіп, білім алуда.Биыл мектебімізге келген мүмкіндігі шектеулі балалар қатары болған жоқ.













Дайындаған:психолог Г.Қ.Саламатова


Автор
Дата добавления 10.09.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Конспекты
Просмотров44
Номер материала ДБ-185859
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх