Инфоурок Музыка Статьи"Дара да , Дана күйші"

"Дара да , Дана күйші"

Скачать материал

Дара да, дана күйші



Дара да, Дана күйші Дина әжеміздің биыл туылғанына 155 жыл толып отыр (1861 - 31. 01. 1955. Алматы). Қазақ ұлтының маңдайына біткен жарық жұлдызы, ұлттық өнерді шыңына жеткізіп, әйел адамзатының символы ретінде күй өнеріне өзіндік із қалдырған, тылсым дүниеге толы күйлері әлі бір шешілмеган жұмбақтай.

Екі ғасырдың дәнекері, күйшілік дәстүрдегі шоқтығы биік тұлғаның қолтаңбасы ерекше. «Партия туралы күй», «Той бастар» күйлерімен талай концерттік сахна ашылып, дүйім жұрттың құлағында қалған - ды. Дина әжеміздің көзі тірісінде өнертанушы, академик А. Жұбанов оның орындаушылығын: «Бұған дейін Құрманғазының, Дәулеткерейдің, басқа да халық композиторларының күйлерін тартушылардың ішінен Динадай домбыра тілін білетін ешкім кездескен емес. Талантты домбырашы домбыра тартудың өзіндік жолын салып кетті» бағалаған. Бүгінгі күні қазақ музыка қауымы Дина Нурпейсованы Құрманғазы мектебінің өкілі, ұстазының күйлерін жеткізген тікелей шәкірті деп білсе, уақыт өткен сайын Дина күйлері насихатталып, жоғары және орта оқу бағдарламаларына еніп, байқаулардың өткізілу дәрежесі дара мектептің жекешеленгенін аңғартады. Дина өз күйлерін суырып салма құрылымда еркін тартқан. Ол күйлердің негізгі композициялық принциптерін сақтай отырып, əр тартқанында күйін жаңаша түрде орындайтын болған. Батыс Қазақстан күй формасына сүйене отырып, Дина күй құрылысын өзінше дамытқан. Бас буын мен орта буын аралығындағы күй тақырыбы дəстүрдегідей өзгермей дəл сақталса да, күй құрылысындағы басқа буындар үнемі өрнектеліп, құбылып отырады. Кіші сағаның өзінде дəстүрлі үстіңгі ішекте жүретін өрнек жоқ, ол күйдің даму бөлімін құрайды. Дина күйлеріндегі оң қолдың қағыс техникасы мен сол қолдың аппликатуралық тəртібі өз алдына бір төбе. Борандатып келе жатқан күй сарынының кілт тоқтап, басқа екпінге ауысуы Дина күйлерінде жиі кездеседі. Сонымен қатар, күй ырғағының үнемі құбылып отыруы да басты қасиет саналады.Дина күйлерінің ерекшеліктері:

- буындық құрылымның сақталмай еркін дамуы. Дина күйлеріндегі буындық және көшірмелі құрылымдардың синтездік әдісі

– “Қарақасқа ат”, “Домалатпай”, “Жаңа болашақ”, “Әсем қоңыр”, “Той бастар” және т.б.;

- бөлімнің арасындағы жоғары көтерілетін глиссандо – “Меңдіқара”, “Домалатпай”;

- регистрлік тембрдің ауытқуынан музыкалық құрылымның пайда болуы –  “Әсем қоңыр”, “Бұлбұл”, “Науайы”;

- ашық шектердің еркін ойналуы /“Қос алқа”, “Меңдіқара”, “Көгентүп”, “Мереке” және т.б./; бөлімдер аралығындағы тыныс (пауза) – “Бұлбұл”, “Әсем қоңыр”, “Науайы”, “Сауыншы”,

Қарақасқа ат” және т.б./;

- әуендік жақындығы. Форшлаг – “Домалатпай”, “Жаңа бозшолақ” және т.б. пен әуенінің ұқсастығы:

- унисон дыбысынан өрбу тәсілінің қолдануы /“Он алтыншы жыл”, “Қарақасқа ат” және т.б./.

 - Тақырыптың жиі өзгеруі. Динаның “16 жыл”, “Көгентүп”, “Науайы”, “Домалатпай”, “Қарақасқа ат” және т.б. күйлерінде тақырыптың жиі өзгеріп тұруы;

- Оң қолдың қағыс тәсілдері. Дина күйлеріндегідей қара қағыс, төмен және теріс қағыстардың қатар келуі (сыңар қосақ), триоль ырғағындағы сүйретпе қағыстарды қолдануы /Динаның “Еңбек ері” күйінде барлық қағыстар әдісі толық қолданылған/;

- Ырғақтың тұрақсыздығы. Дина күйінде жәй ырғақ пунктир, триоль ырғақтарының ауыса кездесуі /“Жігер”/;

- Альтерациялық және хроматикалық дыбыстарының қозғалысы. Дина күйлерінде альтерациялық және хроматикалық дыбыстардың жарты тонға жылжуы кездеседі /“Домалатпай”/:

Динаның «Байжұмасында» күйдiң кiрiспесiнде ырғақ әлденеше рет өзгередi. Ал күйдiң ұзына бойына ырғақтың құбылуы сансыз десе болады.
Динаның қағысындағы тағы бiр ерекшелiк – ол басқа ешкiмде де кездеспейтiн, оң қолдың бес саусағы бiрiнен соң бiрiн кезектестiре қағу. Дина ондай кезде басатын саусақтарын бiр пердеге ұстап отырмайды, олар да қозғалып, мелодиялық, қос дыбыстық неше алуан суреттер бередi. Дина күйлерінде ырғақтық құбылулар, тақырыптың жиі ауысып отыруы, кейбір тактілерде оң қолды ойнату тәсілдері кездеседі.

Дина Нұрпейісова домбыра ойнаудың барлық әдiс – тәсiлдерiн түгел меңгерген суреткер күйші. Оның орындаушылық өнерi қашанда асқақ шабыттылығымен, үн бояуымен тыңдаушысын ерiксiз баулиды. Осы мақсатпен ол әсіресе, домбыра үнiн күшейтер шақта шынтағын шанақтан көтерiп әкететiн, ал дыбысты әлсiретерде қолтығымен қыса түсетiн. Осы тәсiлдердiң бәрiн орындаған шығармаларының сипатына қарай, мән - мазмұнын жан - жақты айқын аша түсу үшiн қолданған.
«Домбыраның әр пернесiнiң өз мәнi бар, домбыра тартқанда оның өз мән - мазмұнын дұрыс анықтау бiрден - бiр шартты нәрсе. Домбыра шерткенде оны адамша сөйлетiп, сол арқылы белгiлi бiр күйдiң мән-мазмұнын тыңдаушыға толық жеткiзу керек»– деген екен ұлы күйші.
Құрманғазы күйлерiнде ұқыпты орындауды, ырғақты қатты ұстауды, керек жерiнде екпiндi боратып, ал кейде тiптi баяулатып қалу кездеседi. Әсiресе, күй атасының осы бiр түйiндерiн жақсы жеткiзетiн Дина өз орындауында керек жерiнде желпiндiрiп, ала құйындатып алады да, кенет тiптi кiдiргiштеп, тоқтап қалғандай сияқтанады.
Оң қол мен сол қол қимылдары, саналуан дыбыстарды бiр - бiрiне шатастырмай пайдалану, Құрманғазы дәстүрiнен келе жатқан орындау әдiстерiн түгел қамту, шығарманың идеялық мазмұнына, техникалық жақтарына қарай, шығарманы шынайы күйiнде сақтау – бiздiң заманның орындаушыларын бiр сатыға жоғары көтерген болар едi.Қазақ ССР - інің халық артистері Қ. Жантілеуов, Р. Омаров, М. Хамзин, Ә. Есқалиев, Қ. Ахмедияров, КСРО халық артисі Н.Тілендиев, Қазақ ССР - інің еңбек сіңірген артистері Б.Қарабалина, Ә. Шаріпов, т. б. оның күйлерін мұралана отырып, қайталанбас орындаушылық дәстүрін одан әрі дамытты. Дина күйшілік мектебінің бағытын ұстанып, оны дамыту арқылы талай жаңа туындылар дүниеге келетініне сенеміз.

Құрманғазының, Дәулеткерейдің дәстүрін дамыта келіп Дина Нүрпейісова қазақтың бергі дәуіріндегі күйшілік өнерін жаңа бір белеске көтерді. Оның шығармашылық өмір жолы туралы жазушы С.Бақбергенов «Қайран шешем» (1963) атты роман жазды. Суретші А. Черкасский 1946 ж.

Жамбыл Жабаев пен Дина Нүрпейісованың, ал 1963ж. Г. Ысмайылова Дина Нүрпейісованың портретін салды. Дина Нүрпейісованың есімімен Атырауда Халық аспаптар өркестрі аталады.   Қаламыздағы 1957 жылдан бері халық композиторы, күйші Дина Нұрпейісованың есімімен аталатын №1 балалар саз сектебі алдына атақты өнер иесінің мүсіні орнатылды. Ескерткішті орнатуға бастама ұйытқысы болған Жаңақала ауданының әкімі Лавр Хайретдинов. Туынды авторы – жергілікті мүсінші Рафаэль Шамсутдинов. Күйші өнерін насихаттау, оны болашаққа жеткізу домбырашы ұстаздардың ең басты міндеті, Өйткені Дина Нурпейсова ұлы бабамыздың Құрманғазы күйлерін бізге аманаттап жеткізген дара да дана күйші.



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Дара да , Дана күйші""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный аналитик

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 324 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.02.2016 993
    • DOCX 15.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жумабаева Света Калибаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жумабаева Света Калибаевна
    Жумабаева Света Калибаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 45147
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении игре на фортепиано

Преподаватель игры на фортепиано

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 295 человек

Курс профессиональной переподготовки

Музыковедение

Музыковед

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Музыка: теория и методика преподавания в сфере начального общего, основного общего, среднего общего образования

Учитель музыки

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 365 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 095 человек

Мини-курс

Нейропсихология в школе: путь к успеху и благополучию детей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 55 человек

Мини-курс

Эффективное управление электронным архивом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Маркетинг в сфере услуг: от управления до рекламы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 14 регионов