Инфоурок Начальные классы Конспекты"Дара және күрделі сан есімдерді пысықтау". 4-сынып

"Дара және күрделі сан есімдерді пысықтау". 4-сынып

Скачать материал

 

«Теміртау қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі

 

 

Ашық сабақ

Тақырыбы:   «Дара және күрделі сан есімді пысықтау»

( 4 сынып)

                            

                      

 

 

 

 

  Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі

           Исаева Алтынай Саматовна

                                                 

 

 

Теміртау қаласы

2013-2014 оқу жылы

 

Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сан есімді пысықтау

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: дара және күрделі сан есім тақырыбы бойынша  оқушылардың білімдерін бекіту, өткен тақырыптар бойынша білімдерін кеңейту;

2. Дамытушылық: электронды оқулықты қолданып, оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауын, оқушылардың танымдық дағдыларын дамыту.

3. Тәрбиелілік:  оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, практикалық (өзіндік) жұмыс, ойын, оқулықпен жұмыс, білімін тексеру 

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ тілі. 4-сынып» электронды оқулығы, презентация, тест

Сабақтың барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал:

- Сәлеметсіңдерме, балалар! Сабағымызды жақсы көңіл – күймен бастайық!

Күндей нұрланып,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап

Судай таза көңілмен,

Бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Отырыңдар!

ІІ. Өткенді қайталау.  

-         Қане, өткенді есімізге түсірелік!   Әр топ бір – біріне сұрақ қояды.

-         Сөз таптарын ата.

-         Сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.

-         Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?

-         Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

-         Есептік сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.

-         Реттік сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.

-         Дара сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.

-         Күрделі сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.

-         Санға байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.(мағынасы түсіндіріледі)

Білгенің – бір тоғыз, білмегенің – тоқсан тоғыз. (мағынасын түсіндіріледі)

ІІІ. Өткенді пысықтау.

-         Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.

-         Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Дара және күрделі сан есімді пысықтау». Сабағымыздың мақсаты: дара және күрделі сан есімді пысықтау, электронды оқулықты қолдана білуге үйрету. Енді кезекті оқулықтағы жаттығуды орындайық.

-         Оқулықпен жұмыс (интербелсенді тақтамен жұмыс)

13-жаттығу. Сөйлемдердегі сандарды сөзге айналдырып, сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсетіп, сөз тіркестерді көшіріп жазу.

Он алты жасынан –ақ, бір мың алты жүз отыз жеті метрден, жетпіс километр, он сегіз түрі

Сергіту сәті:  «Бір онға , бір солға»

-  Интерактивті тақтамен жұмыс

«Гүлге көбелекті қондыр» ойыны. Сан есімдерді бір бөлек, сын есімдерді бір бөлек топтастыр. бұлардың бір-біріне ұқсастығы мен өзгешелігін айт.

Жасыл, дәмді, кең, биік, көңілді.

Екі, үшінші, жүз жеті, жеті, сексен алты. 

- практикалық жұмыс

«Қазақ тілі. 4-сынып» электронды оқулығы бойынша тапсырмалар орындалады.

1.Сандарды сөзбен жаз: 640, 100, 6, 1864

2. Сен білесің бе? Сөйлемдерді оқып, сан есімдерді тауып, сан есімдердің дара және күрделі екенін айт.

  Адамның көзі он миллион түсті айыра алады. Адам күніне жиырма үш мың рет тыныс алады. Өмір бойы адам терісі мың рет ауысады.

3. Жаңылтпашты оқы. Сан есімдердің астын сыз. Олардың дара және күрделі екенін ажырат. Жаңылтпаштың астындағы сұраққа жауап бер.

Жүз қырық үш қызғыш құс құсқа,

Жүз қырық үш қызғыш құс қосса,

Қанша қызғыш  құс болады? (Екі жүз сексен алты)

4. Төменде берілген жылдар бізге қандай оқиғамен танымал? Дәлелде: 1992 жылы, 2010 жылы, 2017 жылы.

ІҮ. Сабақты қорытындылау:

«Ұпай жинау » ойыны

10

10

10

20

20

40

40

30

30

10- 1 жылда неше күн бар?

30- Дара сан есімге мысал келтір.

20- Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

40- Нешеу? сұрағына жауап беретін сан есімдерді ата.

40- Нешінші? сұрағына жауап беретін сан есімге мысал келтір.

10- 1 аптада неше күн бар?

10- Біз қай мектепте оқимыз?

30- Күрделі сан есімге мысал келтір.

20-22 наурызда қандай мереке тойлаймыз?

Ү. Үйге тапсырма

                       Күнделікті енді ашайық
                      Үй тапсырмасын жазайық.
                     Сан есімнен алған білімді,
                    Ұмытпай есте сақтап алайық

17-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Сан есімдері бар сөйлемдерді көшіріп жаз. Сан есімдердің астын сыз. Олардың дара және күрделі сан екенін айт.

ҮІ. Бағалау. - Балалар, сан есім бойынша алған білімдерін тексеру үшін тест орындаймыз.

Рефлексия.

-  Не білесіңдер?

-  Бүгін сабақта не үйрендіңдер?

-  Келешекте не білгілерің келеді?

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Дара және күрделі сан есімдерді пысықтау". 4-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист органа опеки

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 556 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.09.2015 1413
    • DOCX 57.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Исаева Алтынай Саматовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Исаева Алтынай Саматовна
    Исаева Алтынай Саматовна
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22098
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 143 человека из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 221 человек

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 250 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление расстройств: путь к психическому здоровью"

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе