Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физкультура / Другие методич. материалы / Дарабоз 10 сынып Физкултура

Дарабоз 10 сынып Физкултура



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Физкультура

Поделитесь материалом с коллегами:

1.Басталуы: Фанфара

2.Ұйымдастыру. Қ.Р-ның Мемлекеттік Гимні орындалсын.


МақсатыОқушылардың денсаулығын, ой өрісін, икемділігін, шапшаңдылығын, ұлттық ойынға қызығушылығын дамыту

Міндеті:
1.Оқушылардың спорт туралы білімін теория жүзінде байқау.
2. Ойлау қабілеттерін жетілдіру.
3.Салауатты өмір салтын насихаттау.

1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар және жарысқа қатысушылар ! Бүгінгі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай « Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» спорттық зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Сайысты бастамас бұрын мектебіміздің директоры
Әби Гүлден Кенбайқызына сөз береміз.

Ортада мектебіміздің «Гүлдер - ай» би ансабілі Қазақ биімен тамашалаңыздар.

Енді жарысқа қатысатын топтардың топ басшыларын ортаға шақырамын Менің қоржынымда нөмірленген асықтар бар осы қоржынан топ басшылары бір – бір асықтан алып рет бойынша орындарына жайғасуларыңды сұраймын.

Әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық.

1. Білім бөлімінің әдіскері Фархат Маликович

2.Балқаш өңірі газетінің тілшісі Айман Ержанқызы

3.Жбб№9 орта мектебінің директордың ақпартық орынбасары Зайт Каменович

Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!- деп ойынның шартымен таныстыруға да кезек келген сияқты

Сайыстың шарты 4 турдан тұрады.

I тур: Бәйге. Викториналық сұрақтар.
II тур:
Көкпар. Ұяшықтарды таңдау арқылы сұраққа жауап беріп, ұпай жинайды.
III тур:
Шығармашылық сайыс. (топтардың шығармашылығы сынға түседі экранда үш сұрақ берілген соның ішінен біреуін таңдап қорғау).

IV тур: Тұлғаны таны (экраннан ұяшықтарды таңдау арқылы қазақтан шыққан әлемге танылған спортшылар бейнеленген )
Ескерту: I турда әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
I тур Бәйге:
1. Қазақтан шыққан тұңгыш гимнастшы қыз кім? ( Ә.Юсупова)
2. Билярд ойнында шарды ұратын таяқ қалай аталады? ( Кии)
3.«Биатлон» қандай спорт түрі? ( Шаңғымен сырғанау, мылтықпен нысыны көздеу)
4. «Футбол» сөзі қандай мағына береді? ( фут аяқ, бол доп)
5. Сопақ доппен ойналатын спорттық ойынды қалай атайды? ( регби)
6. Мектептерде Президенттік сынақтарды нешінші сыныптар тапсырады? (4-7-9-11 сыныптар)
7. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдерегі, Қазақтың біртуар боксшысы кім? ( С.Қонақбаев)

8. Футболдан ең алғашқы әлем чемпионаты қай елде өткізілді? ( Уругвай)
9. Хоккей ойыны қай мемлекетте пайда болды?
( Канада)
10. Футболда «хет трик» термині қандай мағына береді? ( бір ойыншы қатарынан үш гол соқса)
11. Волейбол сөзі қандай мағына береді? ( волей ұшу, бол доп)
12. Баскетбол ойынының авторы кім? ( Джеймс Нейсмит)
13. Футболда, алаңда қанша ойыншы қалғанда ойын тоқтатылады?( 7 адам)

14. Күш атасы Қажымұқан жарысқан спорт түрі ? ( грек рим күресі)
15. Мұздағы би қалай аталады? ( Мәнерлеп сырғанау)
16. Дартс ойыны қай елде шыққан? (Ағылшын елі)

Спорттық ойындар

Құрметті: сайыскерлер топтарыңыздан бір бала шығып (қол күресіне шақырамын. Жеңген бала қалып жеңілгендер орындарына тұрады.

ІІ тур Көкпар

Ғалым: Көкпар бұл турда топтар рет бойынша ұяшық таңдайды, сұраққа жауап бере алмаған жағдайда өзге топтар жауап бере алуға мүмкіндіктері бар.

Олимпиада

1.Олимпиада ойындарының авторы кім? / П.Кубертен
2.2011 жылы Қазақстанда өткен 7- қысқы Азия ойындарының тұмар белгісінде қандай жануар белгіленген?
( алан-Ирби)
3. 2000 жылы Австралия. Сидней олимпиадасының Қазақстандық бокс чемпионы кім? ( Б.Саттарханов)
4. 1988 жылы Сеул Олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері , Қазақтың біртуар балуаны кім? (Д. Тұрлыханов)

5. Ең алғашқы Олимпиада ойындары қай елде өтті? ( Афины.Грекия)

6. Бекзат Саттарханов Сиднейдегі жеңісін кімге арнады? ( Түркістан қаласының 1500 жылдығына )

7.1980 жылы Мәскеу Олимпиадасында грек рим күресінен алтыннан алқа таққан қазақ азаматы кім? ( Ж.Үшкемпіров)

Ұлттық ойындар

1.Ойлау қабілетін жетілдіретін ұлттық ойыны қалай аталады? ( тоғызқұмалақ)

2. Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақта неше отау, неше қазан, неше тас болады? (162 тас, 18отау, 2 қазан)

3. Қазақтың ұлттық ойындарын атаңыз? (Асық, ақ сүйек, қыз қуу, аударыспақ, бәйге, тиын ілу, көкпар, т.б. )

4. Шауып келе жатқан аттың үстінен белгіленген затты  дәл көздеп , атып түсіру.(Жамбы ату)

5. Ашық алаңда көгалды жерде ойналатын ойын. Ойынға белгіленген  уақыт ішінде аттың үстіндегі екі жігіт бір-бірін аттың үстінен түсіру керек.(Аударыспақ)
Әлемге танымал спортшылар

1.Әлемге әйгілі қазақ палуаны? ( Қажымұқан) 10 ұпай
2.Әйгілі футболшы Пеленің шын есімі кім?
( Энду Арантис Ду Насименти) 20 ұпай
3. Әлемдік аренада жүлделі орындардан көрініп жүрген қазақстандық шабандоз кім? ( А.Винокуров) 30ұпай

4.Он төрте жасында шахматтан гроссмейстер атанған қазақ қызы? (Жансая Даниярқызы Әбдімәлік)

5. 2004 жылғы Грекияның Афины қаласында өткен Олимпиадада бокстан  Вел Баркер кубогының иегері кім? (Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев)
Женіл атлетика 
30 ұпай 
1. Лондон Олимпиадасында О. Рыпакова қандай сайыста алтын медальды иеленді?
( ұзындыққа 3 қарғып секіруде)
20 ұпай
2. Сидней Олимпиадасында Ольга Шишигина қандай қашықтыққа жүгіруде алтын медальға қол жеткізді?
( 100м)
3. Спринтер қандай қандай қашықтыққа жүгіретін спортшы? ( қысқа қашықтыққа жүгіруші)
4. Әмин Тұяқов қай жылы,қайда,қанша метрлік қашықтықтан рекорд жаңартты? (КСРО, 1965 ж 200 метр)

5.  1960 жылы Рим олимпиадасынан күміс медалға ие болған КСРО құрамында Олимпиадаға қатысқан тұңғыш қазақ желаяғы кім? (Қосанов Ғұсман Сыйттықұлы). 

Ғалым: Құрметті сайыскерлер осы жерде топтардың ұпай сандарын еселеуге болады. Ол үшін16 кг гир тасын 5 рет көтеріп ұпайларыңызға 5 ұпай қосуға мүмкіндіктеріңіз бар.
III тур: Жорға Топтық жұмыс. Бұл турда топтардың шығармашылығы сынға түседі.Әр топ тақырып таңдап, сол тақырып бойынша ой толғайды. Дайындыққа 5-7 мин, қорғауға 3 минут беріледі.

1. Біздің жерлес спортшыларымыз.

2. Қазақ елі ежелден спортты серік еткен ел.

3. «Қазақстан барысы» жобасы нені көздейді?
7 минуттан соң звонок беріледі.

Ғалым: Бұл турда топтар рет бойынша сан таңдап тұлғаны тануы және ол туралы мағлұмат бере алуы тиіс.

Әр топтың спикерлері ортаға шықсын. Реттік сан бойынша қорғайды.
ІV. Тур. Тұлғаларды таны:

1. Серік Керімбекұлы Қонақбаев (25 қазан 1959 жыл, Павлодар) – боксшы, Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері (1980), КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1981), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Еуропа чемпионатының жеңімпазы (1979, 1981), Кеңес Одағының 2 дүркін чемпионы. Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы (AIBA) атқарушы комиететінің мүшесі (2010-2014) Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің II және IV шақырылымдарының депутаты (1999 - 2011), Қазақстан бокс федерациясының төрешілер корпусымен жұмыс жөніндегі вице-президенті

2. Болат Нұретдинұлы Жұмаділов (1973 жылы туған, Жетібай ауылы, Байзақ ауданы, Жамбыл облысы) – боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері (1995), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2000), әуесқой бокстан әлес чемпионы (1999), Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері (1996,2000).Бокспен 12 жасынан бастап айналысқан. 1990 – 97 жылдары аралығында Қазақстанның, ТМД елдерінің (1992) чемпионы. Алғашқы жаттықтырушысы Ф.Цой болды (Тараз қаласы). Орталық Азия ойындарының (1995, 1997), 2-ші Шығыс Азия ойындарының (1997, Пусан, Корея) чемпионы. Жұмаділов Дүние жүзі чемпионаттарының (1995 жылы, Берлин, Германия, 1997 жылы, Будапешт, Венгрия) қола, 26-Олимпиада ойындарының (1996, Атланта, АҚШ) күміс және Дүние жүзі чемпионатының (1999, Хьюстон, АҚШ) алтын, 27-Олимпиада ойындарының (2000, Сидней, Австралия) күміс жүлдегері. “Құрмет” орденімен марапатталған

3. Мұхтархан Қабыланбекұлы Ділдәбеков (19.3.1976 ж. туылған, Мақтаарал ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы) – боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері(1997), аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының (2000) және әуесқой бокстан әлем чемпионатының (1999) күміс жүлдегері, «Парасат» орденімен иегері (2000).1994 ж. Шымкент гуманитарлық университетіне түскеннен кейін бокспен айналыса бастады. Алғашқы жаттықтырушысы – Н.Сафиуллин. 1996 ж. Ташкент қаласында өткен С.Джексон атындағы халықаралық турнирде ауыр салмақта (91 кг-нан жоғары) жеңіс тұғырына көтеріліп, спорт шебері атанды. Үш рет Қазақстанның (1997, 1998, 1999), Бангкокте өткен 13-Азия ойындарының (1998) чемпионы, Қазақстан – Куба боксшыларының жолдастық кездесуінің (1998) және Варшавада (Польша) өткен Ф.Штамм атындағы халықаралық турнирдің (1999) жеңімпазы, дүниежүзілік чемпионаттың (1999, Хьюстон, АҚШ), 27-Олимпия ойындарының (2000, Сидней, Австралия) күміс жүлдегері. 28-Олимпия ойындарына (2004, Афины, Грекия) қатысқан.

4. Дәулет Болатұлы Тұрлыханов (18 қазан 1963 жылы туылған, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылы) – палуан, грекөлірим күресінен еңбек сіңірген спорт шебері (1989), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

5. Бекзат Сейілханұлы Саттарханов (4 сәуір, 1980 жыл, Түркістан, Қазақстан - 31 желтоқсан, 2000 жыл, Шымкент, Қазақстан) – қазақстандық боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының жартылай жеңіл салмақ бойынша чемпионы (57 кг дейін). І дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері

6. Шәміл Керімұлы Серіков (5 наурыз 1956 жыл, Алматы қаласы  22 қараша 1989 жыл, Алматы қаласы) —палуан, грек-рим күресінен әлем және олимпиада чемпионы (1980), КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1979).

7. Қанат Исламұлы (13 қыркүйек 1984 жыл, Шыңжаң, Қытай) — қазақ кәсіпқой боксшысы, WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы. Яғни, Қанат Ислам орташа жеңіл салмақ бойынша Кариб аймағының үздігі. Әуесқой боксшы ретінде Қытай Халық Республикасы Ұлттық құрама командасының құрамында Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері,Чикагода өткен Әлем чемпионатының (2007) және Азия ойындарының (2006) қола жүлдегері. Қытайдың 10 дүркін чемпионы. Ұлты - қазақ. 2010 жылы азаматтығын ауыстырып, атамекені Қазақстанға көшіп келіп "Астана Арландары" кәсіби клубының мүшесі болып 2012 жылға дейін өнер көрсеткен. Қазір кәсіпқой боксшы, Нельсон промоутерлік клуб атынан шығып 12 жекпе жек өткізіп онын нокаутпен жеңіске жеткен. Лақап аты - Қазақ.

8 . Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров (6 маусым 1951 жыл Дихан ауылы, Свердловск ауданы, Жамбыл облысы  грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медальге иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы

9. Шишигина Ольга Васильевна (1968 жыл Алматы қаласы, Қазақстан) - қазақстандық жеңіл атлет, спринтерші, Сидней олимпиадасының чемпионы (2000), Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.

10. Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Тарихи деректерге сүйенсек ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Қараөткел деген ауылда дүниеге келген. Кейбір зерттеулерде, оның 1886 жылы туғандығы айтылады.  Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.

11. Бақыт Әбдірахманұлы Сәрсекбаев (29 қараша, 1981 жыл, Павлодар қаласы) - боксы халықаралық спорт шебері, Барыс орденінің иегері (2008), Жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы (2008), Азия ойындарының чемпионы (2006).

Қорытынды.
Әділ қазылар дайын болғанша Ортада «Айгөлек » байқауының жүлдегері мектебіміздің мақтанышы Онал Айбарды «Туған жер» әнімен қарсы алыңыздар.
Құрметті қауым! Сөз кезегі әділқазылар алқасында (әділқазылар сайыстың шарты бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялап отырып, марапаттайды).

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сауда.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді.Ұрыс айтқан ұлы Абай атамыз да – дей отырып, барлығыңызға дендеріңіз сау болсын, деген тілекпен сайысымызды аяқтаймыз.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 14.03.2016
Раздел Физкультура
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров69
Номер материала ДВ-526635
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх