Инфоурок / Другое / Видеоуроки / " Дарабоз" зияткерлік ойын

" Дарабоз" зияткерлік ойын


библиотека
материалов

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 7-8

Сабақтың тақырыбы: « Дарабоз » зияткерлік ойыны

Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:
оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету;

Дамытушылық: ой - өрісін, тілін, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу.

Әдіс -тәсілдер: топтық жұмыс, топпен оқу, топпен талқылау.

Көрнекілігі: интербелсенді тақтада слайдтар .

Сабақтың түрі: зияткерлік ойын

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:

  • Амандасу;

  • Жоқ оқушыларды тізім бойынша тексеріп, түгелдеу;

  • Оқушылардың сабаққа деген даярлықтарын қадағалау;

  • Оқушы зейінін сабаққа аудару;

  • Сыныпты екіге топқа бөлу;

  • Топтар өздерін таныстыру;

  • Топтық жұмыстың ережесін еске түсіру:

  • Жаңа сабақ:

- Қош келдіңіздер, қадірменді тіл жанашырлары! «Ана тілін ұмытқан адам – өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді»,- деп Ғабит Мүсірепов айтқандай ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ. Біз тіл арқылы ғана білімді, өнерді үйренеміз.

Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар,-
дей келе бүгінгі сайысымызды бастаймыз.

Сайыс жеті кезеңнен тұрады.

  1. Зымыран сұрақтары

  2. Тапқыр болсаң, тауып көр!

  3. Ойлы болсаң, озып көр!

  4. Жұмбақ жәшік

  5. Кім жүйрік?

  6. Сұрақ менен жауап сенен

  7. Сөз ойла, тез ойла

Ойын ережелері:

Шын жүйріктер сыналды жарыста

Жарыстың ба,орта жолда  қалыспа

Жауаптарың бағалайды  сіздерді

Жеңіс мәре ,жақын ба,әлде алыс па?

1. Зымыран сұрақтары

1. Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылысты не деп атаймыз? ( дыбыс )

2. Сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе жіңішке болып үндесуі ( буын үндестігі )

3. Қазақ дәстүрі бойынша тура айтуға тыйым салынғандықтан, бұрамалап аталған сөздерді не дейміз? ( табу )

4. Жұрнақтың неше түрі бар? ( 2 )

5. Тұрақты тіркестерді зерттейтін сала ( фразеология )

6. Етістіктің райларын ата ( ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай )

7. Нақ осы шақ дегеніміз не? ( дәл сөйлеп тұрған кездегі іс – әрекетті білдіреді )

8. сөздердің байланысу тәсілдерін ата ( жалғаулар арқылы , шылаулар арқылы, орын тәртібі арқылы, интонация арқылы )

9. Есімдік мағынасы қарай неше топқа бөлінеді? ( 7 )

10. Зат есім тұлғасына қарай неше топқа бөлінеді? ( негізгі, туынды )

Өз ойыңды ашық айтып,
Түйіндейміз білімді.
Әр нәрсенің жауабын тез
Айтайықшы ұғымды.

2. Тапқыр болсаң, тауып көр!

Берілген тұрақты сөз тіркестерінің орнын тап:

( қиыр, таяқ тастам жер, жер мойны қашық, иек артпа жер, түйенің табаны түсер жер, әудем жер, қамшы салым жер жердің түбі, қарға адым жер жер аяғы қиянда, қол созым жер )

Тым жақын жер- қол созым жер, қарға адым жер, қамшы салым жер, таяқ тастам жер, иек артпа жер, әудем жер.

Өте алыс, шет жер – жер аяғы қиянда, жердің түбі, жер мойны қашық, түйенің табаны түсер жер.

Қажу барма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға.
Білім күшті оларда
Салсын барын ортаға.

  1. Ойлы болсаң, озып көр!

Берілген жұмбақты шешіп,дыбыстық талдау жасау.

  1. Кезіктірдім тиыннан,

Бірін таптым қиыннан.

Талай жерге сабылып,

Таптым бірін миымнан.

( и- дауысты, жіңішке, қысаң, езулік )

  1. Тоғай менен торғайдың ,

Бәрінен де безінем.

Орман менен қамыстың ,

Ортасына кезігем.

( м- дауыссыз, үнді.)

  1. Өзінде бір шопанның ,

Табыламын ойынан.

Кезігемін тағы бір,

Өрістегі қойынан.

( о- дауысты, жуан, ашық, еріндік )

  1. Табылмаймын Қорқыттан,

Кезігемін қобыздан.

Бесте бармын, таппайсың,

Қанша іздесең тоғыздан.

( Б- дауыссыз, ұяң )

Тауды биік деме сен,
Талаптансаң, шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң, жығарсың

  1. Жұмбақ жәшік

Қара жәшіктің ішіндегі затты сипаттау арқылы табу.

  1. Кім жүйрік?

Қазақтың ұллтық бұйымдарының атауын суретке қарап тауып, не үшін қолданылатын айту.

Шығыңдар білім төріне,

Ұқыптылық пен зеректік.

Жеткізер сіздей өренді,

Жеңістің мынау шыңына.

  1. Сұрақ менен жауап сенен

Бұл кезең көрерменмен ойнатылады. Сұрақ қазақ әдебиетінен беріледі.

Он бес сұрақ, бесеуі бейне сұрақ.

  1. «Қырық мысал», «Маса» жинақтарының автор?
    А.Байтұрсынұлы. 6- сынып

  2. Ш.Айтматов қай ұлттың перзенті?

Қырғыз 7 - сынып

  1. Мағжан Жұмабаев Омбының мұғалімдер дайындайтын семинариясын қай жылы бітірген?

1916 жылы 7- сынып

  1. Қырғызбай қай шығарманың кейіпкері?

Шерхан Мұртаза « Бала Тұрар » 6 сынып

  1. Отырдым, көрсем жекіп тастар ма деп,

Шал айтты: « Көріңіздер, жасқанба! » - деп.

Кесені қолыма алып қарай бердім,

« Ішінде нақақ көзден жас бар ма? » деп.

Үзінді қай өлеңнен алынған?

  1. С. Торайғыров « Бір адамға » 7- сынып

« Ботагөз » романының авторы?

С. Мұқанов

7. Гипербола дегеніміз не?

Әсірелеу – халық ауыз әдебиетінде, әсіресе, батырлар жырында суреттелетін затты немесе құбылысты шамадан тыс асырып айту тәсілі.

Қобыланды батыр Тайбурыл шабысын

8.«Шыңырау» повесіндегі басты кейіпкер?

Әбіш Кекілбаев- Еңсеп

9. «Қоңырау екі соғылды. Біз сахна жақта домбырамызды күйлеп, тамағымызды кенеп,, кісілерімізді жинап, жағамызды түзеп шашымызды тарап, нәрселерімізді құрып, шала бүлініп, жанталасып жатырмыз. Осынша топтың алдында шалдығып, масқара болып қаламыз ба, болмаса шапалақ соғылып, қошемет аламыз ба? деп жүрегіміз дүрс – дүрс етеді.деген үзінді қай шығармадан алынған.

Ж. Аймауытов «Әнші»

10. Сәкен Сейфуллиннің дүниеге келген жылы?

  1. ы 15 қазан Өткен күндер атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1914 жылы Қазан қаласында

  1. Сөз ойла, тез ойла

Ұяшық таңдап, жасырын әріпке сөз ойлап, сөйлем құрау.

1.Шығармашылық жұмыс:

Шығармашылық сәт. __________________________________________ тілім

_____________________________________ арнаған

_________________________________________тілім

_______________________________________тараған

Қазақ тіліне арнап, бір шумақ өлең шығару.

Сабақты қортындылау:

Барлық жинаған ұпай сандарын қосып, жеңімпазды анықтау.

Оқушыларды бағалау:

  1. Оқушылардың білімін әділетті бағалу.

  2. Қойылған бағаларына талдау жасау.




















































« Приозерск қаласының №2 МББК » КММ








Сыныптан тыс ашық сабақ




Тақырыбы: «Дарабоз » зияткерлік ойыны






Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:

Жабагиева Енлик Жалгасовна









Приозерск қ, 2015 жыл

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-315942

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG