Инфоурок Другое Другие методич. материалыДарынды балаларды айқындау мен дамыту - шығармашылық нәтижесі.

Дарынды балаларды айқындау мен дамыту - шығармашылық нәтижесі.

Скачать материал

Дарынды балаларды айқындау мен дамыту - шығармашылық нәтижесі.

 

 

Абдрахманова Рысты Темиртасовна,

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы

Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Деңгейлік бағдарламалар орталығының

   тренері

 

       Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында білім беруді инновацияландыруға сай икемдеу үшін білім беру жүйесін ақпараттандыру, жаңа талапқа сай дамыту талабы қойылып отыр. Осы талапқа сай бүгінгі таңда білім беруде жеке тұлғаны дамыту, дана және дара ойлай алатын дарынды баланы оқыту мен тәрбиелеу жолдарын айқындау қажеттігі айқын. 

Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өнуі әлемде өзіндік орын алуы ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Сондықтан да, мемлекет басшысы болашақта қазақ елінің көсегесін көгертіп, ғылымын көркейтер деген үмітпен жас дарындарға үлкен назар аударуда, қолдау көрсетуде. Осы орайда,  қандай да болмасын білім беру мекемесі оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, оларды ғылыми ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс жүргізуі тиіс. Деңгейлік бағдарламаның  жеті модулінің бірі «Талантты және дарынды балаларды оқыту».

Аталған модульде Қазақстанды дамыту үшін талантты және қабілетті оқушыларды тауып, оларды білім беру барысында дамыту өте маңызды... Талантты және дарынды оқушыларға сабақ беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы зерттеулер және ой-пікірлер жатыр. [1]

Кез келген қоғамға дарынды адамдар керек.  Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі білім беру жүйесінде оқушының өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беріледі.  Қазіргі оқушы  дүниетаным қабілеті жоғары, дарынды, өнерпаз, ізденімпаз, талапты болып,  өз алдына мақсат қоя білуі керек. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу және олардың ақыл – ойын айқындау басты міндет екендігі айтылған. Міндетті түрде сыни ойлай алатын, дербес, шығармашыл тұлғалардың негізі мектепте қалануы керек. Жаңалық ашуға құмарту, болмысымыздың сырлы құпиясына үңілу мектеп қабырғасынан басталады. Әр мұғалім осындай оқушылармен ұшырасады, мектеп оқулықтары оларды қанағаттандырмайтындай. Оларға сабақтағы жұмыс қызық емес, олар сөздіктер мен энциклопедияларды оқиды, арнайы әдебиеттермен айналысады, өздерінің сұрақтарына жауапты білімнің әр түрлі аймағынан іздейді. Өкінішке орай,  ондай балалар бізде көп емес. Сондықтан да олардың бәрін, ғылымның әр түрлі салаларымен қызығатындарды  мектепте анықтаған маңызды, олардың армандары мен жоспарларын өмірде жүзеге асыруға көмектесу керек, ғылымдағы өз жолын табуға бағыт беру, өз қабілетінің толық ашылуына жағдай туғызу.

Дарынды адам - аспандағы жарық жұлдыз іспетті, өзіне ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Оны қолдап,  толыққанды жарық жұлдыз болатындай қамқорлық таныту керек.  Көп жылдар отандық мектептер «орташа бала» атты  ұғыммен жұмыс жасады, қалыс қалған оқушыларға көп көңіл бөлінбеді. Тек соңғы жылдары ғана біз, белгілі бір ғылымға қызуғушылық танытып, шұғылданып және осы салада табыстарға жетіп жүрген оқушылар жайлы ойлана бастадық. Адамның шығармашылық мүмкіндіктері оқуға қабілеттілігімен тура да жанама байланысты емес, олар интеллектілік тест кезінде әрдайым көрініс таба бермейді. [2]

Көптеген ғылыми тұжырымдамаларда дарындылық дамуының алдыңғы шарттарын баланың шығармашылық мүмкіндіктерімен және қабілеттерімен байланыстырылып,  креативті деп анықталған (салыстырмалы тәуелсіз дарындылық факторы). Креативтілік ойлауда, тілдесуде, әр түрлі іс-әрекеттерде көрініс табуы мүмкін.

Біз қазір   «Нышан», «Дарындылық», «Талант», «Данышпандық» терминдеріне жиі жүгінеміз. Дарынды баланы анықтау-күрделі міндет, психологиялық зерттеулер және ата-аналарға, мұғалімдерге, құрдастарына жүргізілген сауалнамалар арқылы шешілетін     нышан, қабілет, дарындылық, талант, данышпандық - адамның шығармашылық қабілеттерінің даму сатылары.

Осы түсініктердің әрқайсысын талдап,  оларға анықтама берейік.

Нышан. Нышан- бала туғанда  берілген мүмкіндіктер. Ол бала 3-4 жасқа толғанда байқала бастайды. Мысалы, суретке немесе өлең айтуға икемділік нышаны. Әрине, осындай жаста сурет салу немесе өлең айту білігі туралы айтуға қиын, бірақ  аңғарымпаз  ата-аналар балаларының белгілі бір шығармашылыққа жақындығын байқай алады. Нышанды дамыту керек. Дұрыс жол таба білгенде,  нышан қабілетке ауысады. Атай кетсек, нышан-көп қырлы түсінік. Мысалы, музыканы сезіне алатын бала келешекте композитор болуы мүмкін, гитарист немесе  дирижер, сонымен қатар музыкалық аспаптарды күйіне  келтіре алады. Осының бәрі оның таңдауы мен еркінде.

Дарындылық – бұл не? Дарындылық дегеніміз- бұл  бірнеше қабілеттердің үйлесімі, осыған байланысты адам белгілі бір іспен немесе шығармашылықтың түрімен табысты жұмыс жасай алады. Дарынды адамдар таңдаған ісінде биіктен көріне алады. Әлбетте,  басқалар оларды мақтан тұтады және бағалай алады. Олар әр уақытта  өз білімдерін жетілдіріп, қажетті нәтиже алу үшін белгілі бір күш жұмсап отырмаса,  өзін кәсіби және интеллектуальды жағынан көтермелеп отырмаса,  соңғы нәтижеде ештеңеге де  қол жетізе алмайды.

  «Талант» түсінігіне көшсек, бұл шығармашылық қабілет дамуының  жоғарғы деңгейі, бұл  адам өте тамаша өлеңдер жазып, әдемі  суреттер салып,  шебер ән сала алады. Егер де биікке жету үшін әрдайым өзінің білім-білігін жетілдіріп отырса,  жетістіктер шыңынан көрінуге болады.

            Міне, енді «Данышпандық» ұғымына да келдік. Психологтардың айтуынша бұл таланттың ең жоғарғы белгісі. Данышпандар өздерінің шығармашылығымен тұтастай адамдар ұрпағының өмірін өзгерте алады, оларды жаңаша ойлауға, ғаламат жаңалықтар ашуды жасауға итермелейді.

Данышпандықтың таланттан айырмашылығы неде?

Бұл сұраққа жауап беру қиын. Қай жерде талант бітіп және қай жерде данышпандық басталатынын түсіну қиын. Бұл түсініктер өте тығыз байланысқан. Әлбетте,  талантты адамдар көп екенін, ал данышпандар- жалғыз екенін атап өткен жөн.  Зерттеушілер көрсеткендей,  тарихтағы барлық адам баласының дамуында данышпандар 400-ден көп емес екен. Олар туралы айтқанда, Абайды, Леонардо да Винчи, Моцарт, Аристотель, Менделеевтерді еске алмау мүмкін емес.

        Талант және данышпандық: ұқсастығы және айырмашылығы.

      Мынандай пікір қалыптасқан, данышпандық және талант несімен ерекшеленеді, ол сонғысын дамыту керек, ал данышпандық адамға жоғарыдан беріледі. Бәрібір қажырлы еңбек етпей,  ештеңеге қол жеткізе алмайсың. Көзіңіздің алдына данышпанды елестетіп көріңіз, тағдырының берген еншісі бойынша ештеңе жасағысы келмейді, ол өзінің өмірін бетімен жіберді, өзінің бойындағы қабілетін жүзеге асырмайды. Мұндай жағдайда ол ешқандай  жаңа нәрсе жасамайды немесе қалайда бір адамзатқа көмегі болмайды.

«Талант» түсінігі (данышпандық ) сонымен  ұдайы үздіксіз еңбекті қажет етеді, өзін-өзі бақылау және өзінің жақсы қасиеттерін саналы түрде жетілдіру. Американдық өнертапқыш  Томас Эдисонның «Данышпандық  - 1% шабыттан  99% тер төгуден» деп айтуы тегін емес.  Данышпандық және талант-ол ізгіліктің  қызметшісі. Психологтардың пайымдауынша, әр адам өзінше данышпан, тек ол адамның бойындағы нышандарды аша білу керек. Талант, данышпандық уақыт өте туындайды. Міне,  сондықтан да қамқор ата-аналар өздерінің балаларының шығармашылық қабілеттерін байқау үшін оларды жіті қадағалап ескеріп отырулары қажет. Кәсіби мамандармен жүргізілген жүйелі және тұрақты сабақтар өзінің ісін атқарады. Қабілеттер дарындылыққа ұласады, әрі қарай талантқа жетеді. Адам өз ісінде данышпандыққа жете ала ма, ол тек қана өзіне байланысты. Барлығынан бас тартып,  өзін жақсы көретін ісіне арнай ма, демалыссыз еңбек жасауға қабілетті ме? Жанұялық өмір данышпандығына кедергі жасау мүмкін екенін ескеруіміз  қажет пе, өшіре ме,  әлде қолдай ма?.

Таланттың дамуы туралы. Ал енді өзіміздің талантымызды қалай дамытуымыз керек екенін әңгіме етеміз. Егер сіздің белгілі бір іске икемділігіңіздің  барын түсінсеңіз оны дамытыңыз. Дағдыңызды жетілдіруге, ұштауға, жаңаны үйренуге қорықпаңыз. Ниеттестеріңізбен тілдесіңіз. Бұл сізге өзіңіздің біліміңіздің шекарасын анықтап беруге көмектеседі, дәл осы кезеңде әрі қарай қалай дамуыңызды түсінуге жағдай жасайды. Сонымен сізді басқа ешбір адам ол сияқты түсінбейді, себебі сіздердің ортақ қызығушылықтарыңыз бар. Егер сіз өлең жазсаңыз, конкурстарға және шығармашылық іс-шараларға, поэзиялық кештерге барыңыз. Сәтсіздік жағдайында ренжімеңіз. Жеңіліс сізге бұдан да үлкен серпіліспен  ілгерлеуіңізге себеп болу керек. Шығаршылық танытыңыз, шеберлерден үйреніңіз, бірақ та олардан көшірмеңіз, себебі данышпандық және талант-бұл бәрінен бұрын   даралық және қайталанбаушылық.

Нышан –бұл қабілеттердің негізі, оны қалай дамыту қажет?

Әр ата-ана, өздерінің балаларының талантты болғанын қалайды. Әлбетте, біздің әрқайсымызда басқа тән емес өзіндік талант бар. Біреу айтуы мүмкін, көпшілігі ән айта алады деп, бұл жердегі айырмашылық неде? Әрқайсысында дауысында  даралық бар, біреуінежоғары нотаны алу өте жеңіл болса, ал екіншісі оған жете алмайды.талантты адамдардың айырмашылығы неде, бізге әр түрлі қабілет қалай беріледі.

Қабілеттер қайдан пайда болады? Бұл сұраққа жауапты нерв жүйесінің анатомиясы мен физиологиясынан іздеуге болады,  өйткені қабілетке нышандар әсер етеді. Нышан-бұл нерв жасушасының бір типі, тығыз байланыс құра отырып,   адамның қабілетіне әсерін тигізеді. Осы кезде адам миының қыртысының әр түрлі аймақтары қозғалысқа түседі, сондықтан егер нейрондар (нерв жасушалары) сол жақ жарты бөлігінде байланыс құрса, онда бала, ұлы математик немесе программист болуы мүмкін, себебі адамның сол жақ миы логикаға жауап береді.

Сонымен, нышан-ол біздің эмбриональді даму сатысы кезінде түзілген ықтимал қабілетіміз.

Әр түрлі адамдардағы бірдей нышандар әр адамда түрліше көрініс табуы мүмкін. Егер екі адамға бірдей нышан берілсе, олар бірдей көрініс таппайды. Бір адамда өте жоғары абсолютті тыңдау қабілеті болса, екіншіде дәл осындай нышан болғанмен тыңдау қабілетке нотаны есте сақтау қабілеті қосылады.

Қабілеттің үш даму деңгейі бар, адамның қабілеті мен нышандарының қалай әсер етуінен түсінуге болатын. Бірнеше деңгейлі қабілеттер, бірінші деңгей-дарынды адам. Ол адам, жан-жақты қызығушылығы бар,  басқа адамдармен кез келген жағдайда әр түрлі түрде араласа (вербалды және вербалды емес) алады.

Дарындылық-қабілеттің бірінші деңгейі, оған көптеген  балалар алғашқы дамуында кезеңінде иелік етеді.

Екінші - бұл талант. Бұл күнделікті жаттығулар мен сабақтар барысында анықталатын бірнеше қабілеттердің жиынтығы.  Сондықтан да талантты дамыту керек, егер күнде белсенді жұмыс жасаса, әр түрлі секцияларға таңдап әкелген ата-аналардың  балаларының көңіл-күйін дұрыс түсінетіндей өте сақ болу керек. Өмірде мына  жағдай өте жиі кездеседі, ата-аналар кейде өзінің өмірінде жүзеге асыра алмаған армандары мен қолы жетпеген ... орнын толтыру мақсатында сол  олқылықтарды толтыруда балаларын пайдаланады.

Үшінші, жоғары деңгей-данышпандық. Бұл қабілеттер ғалымдарда, өнертапқыштарда өте жоғары дамыған, сондықтан да біз қазір радио тыңдап мобильді байланысты қолданамыз. Бұл жағдайларда нышан - дер кезінде анықталған дарындылық, дұрыс бағытқа бағытталған.

Баланың қабілеттерін қалай дамыту қажет?

Біз анықтағандай, дарынды адамдар өте көп. Біреулер скрипкада ойнаса, біреулер тілдерді оқып үйренеді, біре өте жақсы сурет сала алады. Бірақ талантты әрі қарай дамыту үшін күш салу керек. Баланы өзін қызықтыратын нақты талантын ашатын орындарға беру үшін бірнеше ережелерге сүйеніп, жұмыс жасауымыз қажет.

Мысалы, бес жастағы баладан алайық, анасы оның түрлі түсті қарындаштармен жиі сурет салатынын байқаған. Қалай анықтау керек бұл талант па, әлде барлық балалардікіндей жай сурет салу ма? [3]

1.    Баладан нақты анықталған бір нәрсені салуды өтіну керек, мысалы,  қасында мысық отырған ауылдағы үйді салу.

2.    Егер баланың суретінде бояудың бірнеше түрі қолданылып, ұқыпты орындалса, сурет салуға икемі барын шамалауға болады.

3.    Ондай жағдайда баладан бұдан да жақсы сурте салуға құлықты ма екендігін сұрау керек, осы жауапқа байланысты балаңыз дайын болған кезде сурет мектебіне беруге болады.

4.    Қабілетті анықтағанда баламан әңгімелесіңіз, оның көзқарасын ескеріңіз, онымен болашақ данышпан ретінде тілдесіңіз.

5.    Мұғалім мен мектептің таңдауына өте мұқият болу керек,  кәсібилігі төмен мұғалім берілген талантты тұншықтырып тастауы мүмкін.

6.    Соңғысы, бала осы іспен айналысқанда, өзінің талантын дамытады. Оның нәтижелеріне әр уақытта қызығушылық таныт, аздаған табысы болса да  мақтап, қолпаштап отыр. Ол оның дамуына әсер етеді.

Міне,  енді түсінікті, талантты дұрыс айырып тану үшін қандай  ережелерге сүйену  қажет.

        Әр уақытта естен шығармау керек, нышандар адамның икемділігі мен талантының қайнар көзі, дер кезінде анықтай алу  білуді қажетсінеді. Қазіргі жаңашыл ұстаз  біріншіден, мұғалім - үздіксіз ізденуші. Кез - келген тосын сұраққа жауап беріп, кез - келген жағдаяттан шыға алатын білімдар жан. Ізденіс- мен үшін әрқашан теориялық білімді кеңейтіп, методикалық әдіснамасын арттыра отыру қажет. Сол арқылы келешек ұрпақтың сапалы білім алуы қажеттілігін жадынан шығармай кәсіби мәдениеті жоғары, білікті маман атану.

          Соның бір дәлелі ретінде деңгейлік курстан кейін, әр сабағында  жеті модульді  ықпалдастыра отырып жұмыс жасайтын,  шәкірттерін келелі  жетістіктерге  жеткізе білген қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Байшураева С.Э.  тәжірибесін ұсынып отырмын. Біріншіден, оқушыларының қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқуға деген ықыласы арта түскен. Оқушыларының бойынан бұрын байқамаған өнер мен талантты байқай бастаған. «Бұлақ көрсең,  көзін аш» дегендей, алдындағы оқушының дарындылығын, қабілеттілігін танып, айқындап қана қоймай, ол оқушының әрі қарай жетілуіне, дамуына жол ашып, бағыт-бағдар бере білген.  Осындай игі істердің нәтижесінде шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көріне бастады.      7-сынып оқушысы Бекбай Шапағат 2015 жылғы  аудандық «Жарқын болашақ» атты қазақ тілі олимпиадасында жүлделі 2-орынға қол жеткізсе, 8-сыныпта оқитын Машарупов Махмұт деген оқушы «Махамбет оқуларында» 1-орынды иеленді және облыстық «Мен қазақстандықпын» атты шығармалар байқауында 3 орынды жеңіп алды. Ал оқушыларының ішіндегі бірі емес бірегейі 11-сыныпта оқитын  Мурашова Дина  2015 жылы облыстық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасында күміс алқа алса, облыстық «Тіл- парасат» байқауында жүлделі 1-орынды жеңіп алып, Алматы қаласында өткен  республикалық «Тіл -парасат» байқауында  өзінің ерекше білімі мен талантының арқасында «Бас жүлде» мен екі жүз мың ақшалай сыйлығын қанжығасына байлап, Ақмола облысының намысын асқақтатып келді. Әрине, ұстаз дарынды баламен жұмыс жасап, оның ереше қабілетін аша білу үшін көп ізденіс пен еңбекті талап етеді.  Дарынды, қабілетті оқушыларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды, қабілетті адам басқаларға қарағанда көп пайда әкеледі.                                                                                                 Жас жеткіншектердің  жан- жақты дамуына, оның  бойында жасырын  жатқан  шығармашылық  қабілетті ашу және белсенді әрекетке  келтіру жолында  тынымсыз ізденіс жолында  болу керек екенін түсініп,  дарынды және талантты оқушыларды оқыту модулін кіріктіру маңызды  деп санаймын.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Тренерге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2013

2. «Дарынды балармен жұмыс» Алматы, 2011
3. Е. Грабарская , Гениальность и талант - это...

Интернет http://fb.ru/article/156256/genialnost-i-talant---eto-odarennost-talant-genialnost

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дарынды балаларды айқындау мен дамыту - шығармашылық нәтижесі."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по тяжелой атлетике

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 748 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.11.2016 1891
    • DOCX 431.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдрахманова Рысты Темиртасовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28470
    • Всего материалов: 25

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой