Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Статьи / Дарынды балаларды сабақта оқытудың әдістері.

Дарынды балаларды сабақта оқытудың әдістері.

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Дарынды балаларды сабақта оқытудың әдістері.


Дарынды балаларды оқыту - көптеген

мамандардың іс - әрекетінің нәтижесі арқылы оқытуды қажет етеді.

Дарынды баланың болашағы дарынды

үлкен адамға қарағанда анықталмаған,

сондықтан оның толыққанды дамуы

ортасын қалыптастыру өте маңызды.

В.А. Сухомолинский.


Мемлекетіміз ар оқытушының алдына маңызды мақсат қойып отыр: ол әр оқушының бойындағы қабілетті аша білу. Біріншіден студенттердің бойындағы қабілеттіліктің мөлшерін анықтау қажет, содан кейін ғана олардың дамуын жүзеге асыру қажет. Дарынды балалардың бойындағы зерттеуге және белсенді ізденімпаздыққа ұмтылатын нақты көріністер болады, сондықтан шығармашылық жұмыспен толыққанды айналыса алады, ал ол өз бетінше бойларындағы білімге, жаңалыққа, белсенді ой жұмысына және өзін – өзі тануға деген құштарлығын аша түседі.

Оқу процессінде дарныды балаларды дамыту олардың ішкі потенциалын ашуға бағытталады, ол үшін мақсатты түрде келесі педагогикалық қызметтерге сүйенген жөн болар:

  • Тұлғаны дамытуда берілген мүмкіндікті максималды түрлендіру принціпі;

  • Жекелендіру және оқытудың дифференциалды әдісі;

  • Мұғалімнің минималды араласуымен студенттердің бірлескен жұмысын жандандыру приціпі.

Шығармашылық даму дарынды балалардың кейбір дәрежесі үшін негізгі даму бағыты болып келеді, яғни олар күрделі оқу, ізденіс, эвристикалық әдіс, зерттеушілік, топтық немесе жеке жобалық жұмыстар.

Бұл әдістер дарынды балардың жоғарғы дәрежеде уәждеме – дүниетаным қуатын және дүниетаным белсенділігін арыттырып, қызығушылығын арыттырады.

Дарынды балаларды сабақ үстінде оқыту әдісін қарастырайық:

«Күрделі оқу» әдісі.

Оқытудың бұл әдісінің негізіне аты айтып тұрғандай күрделі оқыту жатады. Күрделі оқыту бұл – мұғалімнің тұлғаны белсенді араластыруымен құрылған күрделі - анықтама беру арқылы оқытудың болып табылады, оның барысында ғылыми білімге шынайы ақпаратпен танысып шешу жолдарының қарама - қайшылығымен танысып жұмыстанады.

Күрделі оқыту формалары:

  • Диалогты семинар немесе монолог түріндегі дәріспен мәліметті күрделі түрде баяндау;

  • Дәріс түріндегі мәліметті мұғалім күрделі сұрақтар қою арқылы студенттердің алдына мақсаттар қойып, оны шешуге өзі көмектесіп отырады, ал студенттер тек ойша қосылып отырады;

  • Зертханалық жұмыстарды орындағанда бөліктеп – зерттеу іс – әрекеті;

  • Күрделі оқыту семинары барысында, эвристикалық әңгімелесуде;

Мұғалімнің сұрақтары барлық жағдайда студенттерге интеллектуалды қиын және мақсатты түрдегі ой ағынын тудыруы қажет.

«Ізденіс әдісі».

Ізденіс әдісі студенттерден әрқашанда берілген мәселені өз бетімен белсенді шешуді қажет етеді.

Ізденіс әдісінің келесі түрлерін қарастырамыз:

  • Зерттеу (оқу зерттеуі немесе теориялық – танымдық іс - әрекет);

  • Талқылау, пікірталас;

  • Модельдеу.

«Болжау әдісі» (эвристикалық).

Бұл әдіс гректің «эвристика» сөзінен шыққан, іздеймін, табамын, ашамын деген мағына береді.

«Эвристикалық оқыту - мақсат, өзіндік мағынасын, мазмұнын және жүру барысын, тексеруін және түсінуін студентпен бірге қойып оқыту» (Андрей Викторовичь Хуторской).

Дарынды бала үшін болжау әдісі үздіксіз білім көзін ашу болып табылады.

Болжау әдісімен оқытудың түпнұсқалық әдісі Сократ әдәсә болып табылады, ол өз сұхбаттасымен ерекше сұрақтарды талқылау арқылы білімнің тууына әкелген.

Студенттің өзіндік шығармашылығының дамуы болжау әдісінің ең басты мақсаты үш тармақтан тұрады:

  • Зерттелетін аймақ бойынша студенттердің білім беруге арналған өнімді жасау;

  • Осы аймақ бойынша өздерінің қойған негізгі мазмұны бойынша, өздерінің қорытындысын жасап, меңгеру;

  • Студенттің әр аймақ бойынша өзіндік жеке сапаларға байланысты траекториясын салу.

«Зерттеу әдісі».

Зерттеу әдісі – бұл мұғалімнің танымдық және практикалық мәселе (міндет) қою арқылы, шығармашылық өзіндік шешуді талап ететін әдіс. Әдістің басты құрамы – күрделі мәселені анықтау, гипотеза құру, бақылау, тәжірибе жасау, эксперимент жасау және осылардың негізінде ой түйіп қорытындылау.

Зерттеу әдісінің басты мақсаты баланың бойында өзіндік дамуды қалыптастыру, жаңа шығармашылық іс –әрекеттерді адамзаттың басқада мәдениеттерімен байланыстыра отырып қайта құруды меңгеру.

Мұндай оқу әрекеті зерттеу қабілетін қалыптастырып, жалпы ғылыми негіз қалыптастырады. Зерттеу әдісінің басты мақсаты оқып меңгерудің қай түрінде болмасын ғылыми көзғарасты пайдалану болып табылады.

Студенттермен ғылыми – зерттеу жұмысымен айналысуы үшін, педагогтың білуі қажет мәселелер:

  • Өз пәнін терең және жан –жақты білуі, үнемі методикалық арнайы, ғылыми әдебиеттер оқу;

  • Ғылым жаңалықтарына тез және оңай бағдар беру, оларға үнемі қызығушылық таныту;

  • Жұмысқа ерекше ынтамен қарау, ғылыми және педагогиклық мәселелерге тез шешім таба білу;

  • Студенттерді бір немесе бірнеше сұрақтарды шешуде әр түрлі жаңа шешім таба білу;

  • Инновациялық тәсілдерді қолдана отырып студенттердің жоғарғы нәтижеге жетуі үшін, жаңа технологияны іздеуіне ынталандырып отыру.

«Жобалық әдіс».

Джон Дьюидін айтуынша жобалық әдіс бойынша оқытуды «жасау арқылы оқыту» деген болатын , оқушы белсенді танымды үдерісіне қатыстырылып, оқудың күрделілігін өз ойын тұжырымдап айтады, керекті мәліметтерді жинақтайды, қиын проблемалардың шешу жолдарын қарастырады, өз ісіне талдау жасай алады, жаңа білімді «кірпіштеп» жинап жаңа өмірлік тәжірибе жинақтайды. Бұл әдіс оқытудың дарынды балалармен жұмыстың әр түрлі даму кезеңінде, материалдың қиындығына байланысты қолданыс табады. Бұл әдіс әр пәннің ерекшелегіне қарай икемделеді.

Жобалық әдіс бағдар беру технологиясына жатады. Бұл технологияны сабақта қолдану студенттердің шығармашылық, танымдық процесстерінің артуына алып келеді. Қызығушылық дәрежесіне қарай белгілі студенттің жоба қорғауына ұсыныс жасалады, ол өз кезегінде талдау жасау және практикалық есептің шешімін зерттеулер жүргізіп қорытындысында өз ойын баяндамамен қорғайды. Мұндай оқыту формасы дарынды балаға мазмұнға сай бөлімінде білімін тереңдетіп дамытуға септігі зор. Бұл жағдайда мұғалім кеңесші ретінде, жоба координаторы, көмекші, шешім қабылдауға бағыттаушы, бірақ оқу процессінде басымдығы жоқ. Мұғалімнің басты мақсаты – дарынды балаға өз талантын уақытылы көрсетуге және дамытыға көмек көрсету.

«Шығармашылық және қалыптан тыс ойлау» әдісі.

Қалыптан тыс ойлау әдісінің есептерін дарынды және талантты балалардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуда қолданады. Мұндай есептермен ертерек танысса, шығаруға ынталанса, оның ойлау қабілеті икемделеді.

Шығармашылық және қалыптан тыс ойлаудың атқаратын міндеті көп:

  • Тұлғның интеллектуалды, шығармашылық, ойлау қабілетінің шамасын дамытады;

  • Өмірден алынған іс – әрекеттерді шешуде тәжірибелі болып келеді;

  • Қандайда жағдай болмасын шешім таба біледі, яғни ерекше ойлау қабілетін дамытады;

  • Сараптау қабілетін, логикалық ойды дамытады.

«Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» әдісі.

Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының түсінігі бойынша өздігінше тәуелсіз ойлау болып табылады, оған себепші мәлімет басты міндет атқарады. Сендірерлік дәлел негізінде құрылған сұрақтар қоюдан басталады.

Бұл технологияның басты ерекшелігі оқушы оқу процессінде шынайы мақсаттарға жүгініп, өз дамуының бағытын өзі таңдайды, өзі құрастырып шығарады және қорытындыны да өзі жасайды. Бір жағынан бұл стратегия мәтінмен, жаңа мәліметпен жұмысты жасау барысында баланың ойланып әрекет етуіне тұспал етеді

Сыни тұрғысынан ойлау ахуалды шешуге, бақылауға, жалпылауға, салыстыруға, байланысын тауып және гипотезалар ұсынуға, үйлесімділікке ой жүгіртіп себебін табуға, сонымен қатар қай сұраққа болмасын оңтайлы және шығармашылық жағынан ыңғайлы шешім қарастырады.

«Миға шабуыл».

Миға шабуыл – бұл дарынды баланың шығармашылық белсенділігін арыттырудағы танымал әдістердің бірі. Бұл әдіс нақты берілген шарттар бойынша қиын өзекті мәселелерге шешім табуға көмектеседі. Әр түрлі мәселелерді шешуде қалыптан тыс шешім қабылдау жолын іздеуде кеңінен қоланылады.

Заманға сай оқу процессінде миға шабуылды интерактивті білім беру технологиясы ретінде қолдану, пайдалы методикалық тәсілдеді және өңдеулерді келістіруде қолайлы.

Миға шабуыл технологиясын оқу процессінде қолдану келесі мәселелерді шешуде қолайлы:

  • Оқу материалын шығармашылық меңгеруде;

  • Шығармашылық жұмыстың іс -тәжрибемен байланысын жақсартады

  • Оқушылардың оқу – танымдық қызметін белсендіреді;

  • Актуалды мәселелерді шешуде көңілдерін шоғырландыру қабілетін қалыптастырады;

  • Топтық ойлану қызметін қалыптасытрады.

Мұғалімнің есіне сақтау қажет жайт, ол миға шабул әдісімен қалыптасу қажет міндет, студенттің теориялық, шығармашылық көкейкестілігі және белсенді қызығушылығы.

Миға шабуыл әдісінің жалпы талабы өзекті мәселені таңдай білуі, студенттердің алдында оқу мақсаты ретінде қабылдануы қажет.

«Кластер» әдіс ретінде.

Кластаер ағылшын тілінен аударғанда шоғырлардыру, шоғыр және жинақталу деген мағына береді. Оқу қызметінде кластер дегеніміз материалдың ұйымдастырылуындағы графикалық әдіс.

Кластер – ойланудың бір сарынды емес формасы. Оқу материалының кластерге бөлінуі ойды ынталандыру, яғни тақырыптың тереңірек талданғанына дейін қолданылады немесе қорытындылауда қолданылуы мүмкін.

Жұмыстың негізгі кезеңі - кластерді оқу, түйінді сөздер арасындағы байланыты тауып, сызық арқылы байланыстыру. Дарынды балалар кластермен жұмыс кезінде шығармашылық деңгейге көшеді.Дарынды балалар мағналық бөлімдерді терең түсіне отырып, ішіндегі түйінді сөздерді жаңа нақты ұғым, яғни қосымша түсінікті қажет ететін мәлімет ретінде пайдаланады. Сондықтан, кластер әдісі оқу материалының мәліметінің көбірек бөлігін және қосымша әдебиеттерді қамтиды, ол өз кезегінде дарынды балалардың қызығушылығын тудырады.

Кластер - оқудағы зерттеуді іске асырудың әдістерінің бірі.

Кластер - зерттеу материалының графикалық рәсімделуі.

«Кейс» әдісі.

Кейс- технологиясының негізіне белгілі- бір күрделі жағдайға талдау жатады. Ол өзіне кейс әдісі, рольдік ойындар, жағдайлық талдауды біріктіреді. Бұл технология нақты жағдайға талдау жасауды болжайды, ол өз кезегінде алған бімдерінің қат –қабатын көтеріп, іс – тәжірибеде қолдануға мәжбүрлейді. Кейс технологиясы негізі белгілі бір көрсетілген мәтінге, ондағы күрделі жағдайға байланысты мәтіндік оқу материалдарын (кейсті) іріктеп жинақтау. Кейстер өзалды шешім қабылдап оны шығармашылық және оңтайлы шешімдер қабылдау үшін көпшіліктің талқысына салу үшін арналған.

«Ақпараттық–коммунакациялық (байланыстық) технологиясы» әдісі.

АКТ – бұл сақтауды қамсыздандыру, деректі өңдеу және беру, жұмыс өнімділігінің және тиімділігінің жоғарылауына әкелетін әдіс, тәсіл және амалдар жүйесі. Заманауи ақпараттық технология компьютермен тығыз байланысты, сондықтан компьютерлік технология деп аталады

Коммуникациялық технологиялар адамның қоршаған ортамен байланысының әдіс, тәсіл және амалдар жүйесін анықтайды. Бұл коммуникацияларда компьютер коммуникация обьектісіне ыңғайлы, жеке, көпжақты әсер етеді.

Бұл технологияның ендірудің басты мақсаты студенттің ақпараттық қоғамға бейімделуі. Бүгінде ақпараттық – коммуникациялық технологиялар оқу процессіне дарынды балаларды дайындайды, олар өз кезегінде мамандығы әлемінде және күнделікті өмірде қолдана алады.

Бұл ақпараттық –комуникациялық технологияны ендірудің басты мақсаты дарынды балаларды ақпараттық дамыған қоғамда жұмыс жасап, бейімделіп жаңа ғасырда толық құнды өмір сүруіне дайындайды. Ақпараттың көптеп болуының аясында, мұғалімге бағыттаушы, үйлестіруші ролі тиеді.

Еліміздің болашақ азаматтарын дайындауда білім беру процессінің қойып отырған басты назары: қабілеттілік дамыту жоба жасау, өз өмірінің жасампазы, қабілетін дамытып мақсат қоя білу және оның жету жолдарын қарастыру, таңдау еркіндігіне ие болу арқылы жауапкершілікті сезіну, өз мүмкіндігіңді максималды пайдалану. Дарынды баланы тек білім емес, білімін шығармашылық қорыта отырып өз бетінше ойлануға тәрбиелеу.






Әдебиеттер тізімі.

1. Бадмаев Б.Ц. Психология и методика ускоренного обучения. - М.: ГЕОТАР Медиа, 2007.

2. Безрукова В.С. Педагогика и психология. - М.: Мысль, 2009

3. Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе. - М: Велби, 2007.

4. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. - М.: Академический проект, 2007.

5.Социально-педагогическая поддержка одаренных детей.

http://festival.1september.ru/articles/581671/]

6.Одаренные дети и педагогические условия их развития.

http://nsportal.ru/shkola/materialy-metodicheskikh-obedinenii/library/odarennye-deti-i-pedagogicheskie-usloviya-ih


Автор
Дата добавления 27.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров146
Номер материала ДБ-055849
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх