Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / ,, ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫСТАР ЖҮЙЕЛІЛІГІі,, семинар - кеңеске дайындалған баяндама

,, ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫСТАР ЖҮЙЕЛІЛІГІі,, семинар - кеңеске дайындалған баяндама



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Қазанғап атындағы саз мектебі







Баяндама



Тақырыбы:

«Дарынды балалармен атқарылатын

жұмыстар жүйелілігі »

«Талантты ұстаз –дарынды балаларға» тақырыбындағы өткізілген семинар- кеңеске дайындалған.









Дайындаған: М.С.Қосмамбет









Білім беру стандарты тек белгілі бір білім деңгейін оқытса, ал баланы шығармашылыққа баулып,оның дамуына жан-жақты жағдай жасау, сөйтіп жасөспірімдердің өзін үздіксіз жетілдіріп,қосымша білім алуын қамтамасыз ету мектептен тыс мекемелердің тікелей міндетіне жатады.

Заман талабына сай мемлекет жас ұрпақ бағбандарына еселі қамқорлық көрсете отырып, ел тағдырының жарқын болуы үшін үлкен сенім жүктеп отыр.Бұл сенім- күні ертең алдыңғы толқынның ізін басатын,ісін жалғайтын,

Ел тұтқасын нық ұстайтын жас ұрпақты білімі басым, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу. Дәуірдің қозғаушысы жастар десек,сол жас ұрпақтың болашағына апарар жол,қос қанаты – оның тәлім- тәрбиесі мен білімі болмақ.

Бүгінде білім мен тәрбие беру әлем деңгейінде қоғамдық дамудың өлшемі мен қоғам негізін қалаушы басты тетікке айналды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың жан-жақты білім мен тәрбие алуы бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі: олардың отансүйгіштік сезімін , білімі мен біліктілігін, икемділігі мен шеберлігін, асқақ адамгершілік қадір- қасиеттерін,жаңа дүние-танымдық көзқарастарын қалыптастыру қажет.»

Қазақстан Республикасының қазіргі білім беру жүйесінің стратегиялық мақсаты – жоғары білімді, бәсекелестік қабілеті мол,шығармашыл тұлға қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасау Білім беру ордаларында жасөспірімдерге білім мен білік беріп қана қоймай ,сол алған үлгі –өнегені өмір бойы пайдалана білуге жағдай туғызып жол ашу қажет.Балаларға қосымша білім беру – жасөспірімнің білім алу қажеттіліктерін жан- жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту үрдісі және баланың жеке тұлға ретінде дамуына,кәсіптік бағдар алуына тиімді жағдай жасаушы жүйе, үздіксіз білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі.

С. Назарбаева: « Ұлдарымыз бен қыздарымыздың қай жолды таңдауы біздің қолымызда. Олар тура жолға түсіп, адамдарға жақсылық жасап,әлсіздерге көмектесіп,қоршаған ортамен үйлесімді тұрама, әлде, кері кете ме , бәріне өзіміз жауаптымыз.»- дейді.

Өркениетті ел болашағы- білікті, білімді, шығармашыл, бәсекеге қабілетті жас ұрпаққа тиесілі. Ата-ана тәрбиесімен ұстаз тағылымынан тәлім алған жасөспірімдер өмір айдынына жаңа қадам басып, ел ертеңі үшін алаңдаушылық таныта білетін саналыда, сауатты ұрпақ келешегінің жарқын болып қалыптасуы алдыңғы толқын аға буынның еншісінде. Міне, осы орайда барлық қосымша білім беру ұйымдарының дарынды, өнерлі өрендер болашағына жол ашуда маңызы мол.Қазіргі таңда қосымша білім беру ұйымдарынан түлеп ұшқан көптеген өнерлі жастар бүгінде өнер мен білім ордаларында өздерінің кәсіби деңгейлерін шыңдап,ел игілігі үшін қызмет етуде. Қазіргі заманның ең бір өзекті мәселесі ретінде қарастырылып отырған және қоғам мен педагогтар қауымынан күтілетін маңызды іс әрбір индивидпен жеке жұмыс жүргізе отырып, білім алушы үшін негізгі оңтайлы даму жағдайын құру. Педагогтың психологиялық танымының көмегі арқылы, дарынды баламен жұмыс жасау өте маңызды. Білім алушының бойындағы қабілет пен дарындылықты анықтау және оны дамыту педагогтың іс- тәжірибесіне байланысты.Дарынды баланың интеллектуалдық қуаты мемлекеттің баға жетпес қоры болып табылады.Сондықтан, бала бойындағы дарындылықты анықтай отырып,қамқорлыққа алу баршамызға ортақ,яғни бүкіл халықтық шара екендігі сөзсіз. Оқушының танымдық іс-әрекеті,эмоциялық өмірі,еркі мен мінез –құлқы сияқты тек баланың өзіне тән жеке ерекшелігінің болуы оның жеке өзіне көңіл бөлгенін талап етеді.Белгілі педагог К.Д.Ушинскийдің «Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек» деген сөзі бар. Сондықтан да, дарынды баланы анықтап, оған жан-жақты қолдау көрсетіп, ұлттың кемелденуіне өз үлесін қосуына бағыттауымыз қажет. Дарынды бала өзін-өзі танып –біліп, жан –жақты дамуына мүмкіндік тудыратын білім алу кеңістігін құру, оқушының дарындылығын дамытуға қажетті жағдай жасау, балаға ыңғайлы ,жарқын ,эмоционалды кеңістік құру.

Бала бойындағы дарындылықты анықтау, жетілдіру, дамыту, баланың өзін- өзі жоғары бағалауы,өзіне деген сенімін қалыптастыру, белсенділігін арттыру,өз күші мен біліміне сендіру арқылы жоғары деңгейлі нәтижеге қол жеткізуге болады.Дарындылық – адам ой-өрісінің жоғарғы деңгейі мен өзіндік іс-әрекеттің ерекше өрістеуіне себепкер болатын,адамның жан-жақты дамуының қайнар көзі, арнаулы қабілеттерінің қарқынды дамуының нәтижесі,адам жетістігінің мүмкіндігі. Дарынды баланы оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет баланың қабілеті мен талантын жан-жақты аша түсу дарындылықтың ерекшеліктерін(түрі,деңгейі және т.б)анықтау болып табылады.

Дарынды балаларды анықтау - баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ үрдіс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес.(мыс: сынақтан өткізу). Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп ,сатылап анықтау қажет.

Дарындылық түрін анықтау критерийлері:



1.Іс-әрекет түрі

2 Дарындылықтың қалыптасу деңгейі.

3.Оның көріну формасы

4.Алуан түрлі іс-әрекетте көрінуі

5.Дарындылықтың бала жас ерекшелігіне байланысты көрінуі

Үшінші критерий бойынша дарындылықтың көріну үлгісін ашық және жасырын деп екіге бөліп қарастыруға болады. Дарындылықтың ашық

түрінде –баланың қабілеті анық көрінеді, дарындылығыанықталған балаға дамыту бағдарламалары таңдалынып жұмыс жүргізіледі.

Дарындылықтың жасырын түрінде –табиғатынан күрделі және оның көрінуін болжау мүмкін болмайды. Ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі көзқарас бар. Бірі: «...Кез келген бала дарынды ,тек уақытында қабілетін нақты анықтап,дамыту керек» десе, ал қарсы көзқарастағылар:

«...Дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән» дейді. Дарынды баланың ерекшеліктері:

  • Ерекше зейіндігі

  • Күрделі ақыл- ой жұмысына деген ұмтылысы

  • Логикалық ойлау қабілетінің жоғарылығы

  • Ойлау белсенділігінің жоғарылығы

  • Сөздік қорының молдығы

  • Танымдық қажеттігінің жоғарылылығы

  • Ойлаптапқыштығы

  • Табандылығы

  • Сезімталдығы

  • Жинақылығы

  • Еңбексүйгіштігі

  • Жаңаны білуге деген ұмтылысының жоғарылылығы

  • Құпиялылықты ашуға деген құштарлығы

  • Жобалау,болжау қабілеттігі

Өз-өзіне сыни көзқараспен қарай білуі т.б.





Педагогтың дарынды балаларға ықпалы:

  • Рухани-адамгершіліктік құндылығының жоғарылылығы

  • Қоршаған ортадағы адамдардың жан-дүниесін түсінебілуі

  • Кәсіптік,зерттеушілік,әдістемелік,әлеуметтік-тұлғалық қасиеттерінің жоғарылылығы

  • Өзінің құзырлық деңгейде ақпарат беруі

  • Тұлғалық шығармашылығы

  • Өзінің мүмкіндігін бағалай білуі

  • Интеллектуалдық іс-әрекеттерін (ойлау,есте сақтау,зейін, есту қабілеті, қабылдау, қарым-қатынас мәдениеттілігі) дұрыс ұйымдастыра білуі.

Дарынды балалар мынадай жағдайда өзін ыңғайлы сезінеді:

  • Таңдау мүмкіндігі болса;

  • Өзі қалаған жұмыспен және қалаған мөлшерде айналысқан жағдайда;

  • Өзінің «ұстазын» тапса;

  • Өз ортасын тауып, жеке әрі азат жұмыс жасаса;

  • Өз ортасында өзін мықты сезініп, жанына жағымды салада шығармашылықпен айналысса( өзгенің ойын қайталамай,өз бетімен жұмыс істеу, зерттеу жүргізу,жаңалық ашу;

Әрбір жаңа істі бастамас бұрын,белгісіз дүниені зерттеу барысында бала қандайда бір кедергілерден өтетіні белгілі.Әрине ,кез-келген сыннан өту үздіксіз күйзеліс пен қорқыныш үрей ұялатады.Сол сыннан сүрінбей өтіп, қойылған мақсат пен биік жетістікке жету үшін шыдамдылық пен жігерлілік керек.

Балаларға арнайы музыкалық білім беруде музыка өнері эстетикалық тәрбие құралы емес, оның өзгеде ұлттық болмыс, мазмұн, танымдық,жаңа көзқарас сынды сипаттары бар.Сондықтанда баланың музыкалық дамуына ықпал ететін әдістер:

  • Баланың бастапқы музыкалық талғамының қалыптасуына ықпал ету.

  • Баланың бойындағы музыкалық әсерлілікті байыту.

  • Музыкалық сауаттылығын дамыту

  • Баланың дербес көзқарасы мен музыкалық шығармашылық қабілетін дамыту.



Педагог –музыканттың алдында мынадай мақсат болуы керек:

  1. Білім алушының жеке қабілетін танып білу.

  2. Баланың ерекше қабілетін біле отырып, болашақ өнерді мұрат тұтқан жас өнерпаз дайындаумен қатар,аспаптық орындаушылық өнердің қыр-сырына тиянақты түрде баулу.

  3. Арнайы қолайлы музыкалық ортаны қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Балаға өнерді жан-жақты, кең ауқымда хабардар етіп, таныстырып отыру керек. ( ақпарат құралдары арқылы, теледидардан арнайы концерттер карау,т.б)

  • Оқушыға репертуар таңдай білу.

  • Алғашқы уақыттан бастап-ақ оқушыны өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.

  • Көпшілік алдына шығарып,жеке өнер көрсетуге баулу(оқушының орындау шеберлігіне сын болса, жеке- дара қабілеті,өзіндік ерекшелігі де шығармашылық өмірінің жауапты кезеңі айқындалады.)

  • Сахна мәдениетін қалыптастыру.

  • Баланың дарынды өнерін жандандырып, шыңдап, түрлі халықаралық, республикалық т.б байқауларға дайындау,қатыстыру.

Музыкалық - аспатық өнерді үйретуде жан-жақтылық баланың ішкі жан –дүниесін байытып, айналаға өмірге деген көзқарасын кеңейтеді. Кейде саз мектебіне тума таланты, өзіндік музыкалық ойы бар оқушылар келеді. Міне, осындай оқушылардың қабілетін шыңдап, ой-өрісін кеңейтіп, аспапқа қызығушылығын бәсеңдетіп алмай,дамытуда, ізденудемін. Мақсатым: күй өнерін насихаттап,баланың музыкалық танымын кеңейтіп,халқының өнерін,туған жерін,елін құрметтейтін тұлға қалыптастыру жолында ізденіп, еңбек ету.

Асыл мұра –домбыра аспабын, күй өнерін өзіне мұрат тұтқан :

  • Сидақова Ақтоты , Рзағазиев Айбек, Қартбай Мақсат,

Ғалымбекова Аяжан,Жалғасов Рамазан,Қанатбаева Диляра, Жансүгірова Назерке ,Әбдіжәміл Әсемай сынды шәкірттерім халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық байқаулардың І-ІІ орын иегерлері.

Жоғарыда аталған мақсат,міндеттерді алға қойып, талантты танып,одан әрі жетілдіру жолындағы ізгі қадамдарымның бірі,басты ұстанымым - «Талантты ұстаз- дарынды шәкіртке» деп білемін.









Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-093598

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>