Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Статьи / «Дарынды балалармен жұмыс – қабілетті ұрпақ қалыптастырудың негізі»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

«Дарынды балалармен жұмыс – қабілетті ұрпақ қалыптастырудың негізі»

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Дарынды балалармен жұмыс – қабілетті ұрпақ қалыптастырудың негізі»


Баяндамашы: география пәні мұғалімі Айжарикова А.Қ.


Күллі адамзат қауымын бей – жай қалдырмайтын маңызды жайттардың бірі ол – болашақ ұрпаққа дұрыс тәрбие бере отырып, оларды ертеңгі күнге дайындау және жас ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына жағдай жасау.

Әрбір мұғалім кластағы оқушылардың білімге деген ынтасы, қабілет деңгейі бірдей еместігін, ерекше қабілет иелері бар екендігін байқайды. Сондай ерекше қабілетті дарын иесінің арнайы білімге мұқтаж екендігін сезінеді. Оларға дұрыс тәлім – тәрбие берудің алғашқы шарты – дарын иелерін жастайынан таңдай білу.

Мен өз іс – тәжірибемде дарынды оқушыны таңдай білуге, оның ішкі жан – дүниесін тануға, психологиялық ерекшелігін ескере отырып, білімге, ғылымға құштарлығын арттыруға және ашуға тырысамын.

Дарынды оқушылардың қызығатын тақырыптары, психологиялық даму ерекшеліктері құрдастарына қарағанда өзгеше болып келеді. Олар өздерін қызықтырған тақырыптарды тез , әрі терең түсініп, оған талдау жасай алады. Сондықтан бұл оқушыларға өзгеше бағдарламамен білім беру ісі ерекше болуы тиіс. Егер дарынды оқушылар үшін арнайы бағдарлама жасалмай, өзгелермен бірдей сабақ берілсе олардың бойындағы қабілеттердің дамымай қалуы немесе өте аз дамуы мүмкін.

Дарынды оқушылар ерекше болып келетіндіктен бір сөзбен айта салу қиын. Дегенмен, қарапайым тілмен айтсақ;

  • күрделі әрі қиын пікірлерді тез түсінеді;

  • құрдастарына қарағанда тез үйренеді;

  • әрі терең мәселелерді өздігімен талдай алады;

  • құрдастарына қарағанда бөлек тақырыптарға қызығушылық танытады;

  • тақырыптарды терең түсіну үшін көп уақыт жұмсап, оқиды, ізденеді;

  • өздігінен пікір айтып, пікірлер мен оқиғалардан байланыс құра біледі.

Дарынды оқушыларды анықтау және олардың қаншалықты дарынды екендігін және қай дәрежеге жататындығын белгілеу үшін көп бағытты өлшемдер құрастырылады;

  1. оқушының нәтижесі, үлгерімі

  2. кластағы жүріс – тұрысы туралы бақылау мәлімдемесі

  3. лайықты анкеталар

  4. сұқпат

  5. жеке немесе қабілет тесттері

  6. жеке немесе топтық жетістіктері

  7. бұрынғы жетістік анықтама қағаздары.

Сонымен қатар байқағанымыз:

  • дарынды бала бойында батылдық, қияли іс – әрекет;

  • өзіне көңіл бөлуді қалау, көп сөйлеу, бірсарынды оқытуда жалығу, тыныш отыра алмау, пысықтық;

  • кейбір пәндер бойынша ерекше үздік болу, өзінің ерекше екендігін өзгелерге де сездіруге тырысу, терең сезімталдық;

  • теориялық және көркемдік құндылықтарға ерекше мән беру, жиі – жиі ойға берілу;

  • өз – өзіне сенімділік, батылдық, өзінен үлкендермен достықты қалау, жоғарғы моральдық қасиеттерге ие болуы т.б.

Осы қасиеттердің қайсылары болса да бала бойынан анық байқалады.

Әрине, мұндай дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдер де ерекше қабілетті, білімді де білікті маман болуы тиіс. Сол себепті дарынды оқушыларды қаламыздағы жоғарғы оқу орындары кафедраларымен, қалалық білім басқармасымен, «Ақтөбе – Дарын» ӨҒП орталығымен байланыста жұмыс жасауға және ғаламтордан, кітапханалардан қажетті материалдар жинақтауға бағыттау қажет. Қажетіне қарай өндіріс орындарымен, мекемелермен байланыс орнатып, оқушы ізденісіне жол сілтеу керек.

Мен өзім география пәнінің маманымын, осы мамандықта отыз жылдан бері еңбек етіп келемін. Осы кезең ішінде пән олимпиадасына, ғылыми – практикалық конференцияларға ғылыми жобалар қорғауға оқушылар дайындап, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздім. Менің алға қойған мақсатым ғылыми жұмыстар жобасын дайындау барысында оқушының өзі ізденуіне, сол тақырып бойынша іздене жүріп, пәннің өмірдегі қажеттілігін түсінуіне мүмкіндік жасау арқылы баланы адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, ізденімпаздыққа, табандылыққа тәрбиелеу. Бір жұмыстан нәтиже шығару үшін оқушы ізденісте жүріп, өмірдегі болып жатқан көп нәрсеге көз жеткізеді. Мысалы, 11А класс оқушысы Абдуллина Ақжеңіс Ақтөбе – Дарын ОҒП орталығының ғылыми тәжірибелік конференциясында «Ақтөбе қаласының ауа бассейніне өнеркәсіптердің зиянды әсері» тақырыбындағы жобасының қысқаша жұмыс барысына тоқталуды жөн көрдім.

Жұмыс барысында Абдуллина Ақжеңіс Ақтөбе облысының қоршаған ортаны қорғау басқармасы, Ақтөбе гидрометеорология орталығы мәліметтерін пайдаланып, практикалық жаңалықтар мен маңызды деректер баяндады. Біздің қаламызда атмосфера құрамын автоматты түрде тіркеп отыратын Еуропадан әкелінген SCAT №1, SCAT №2 құрылғысының 2013 жылдың қаңтар айынан бастап іске қосылатындығы туралы мәлімет алды. Оқушы зерттеу кезінде SCATтың ішкі, сыртқы құрылысымен танысып, суретке түсірді. Оқушының түсірген суреті ұсынылып отыр.


hello_html_4797d148.jpg

1СКАТ эксперименттік құрылғысы ауаның құрамын зерттейді. Бейбітшілік даңғылында және Рысқұлов көшесінде орналасқан.

2СКАТ эксперименттік құрылғысы Молдағұлова көшесі мен Есет батыр көшесінде орналасқан.

Осындай жұмыстармен шұғылдану оқушыларды шығармашылыққа баулып, шәкірт бойындағы талант көзін ашуға, тілін байытуға, қиялын ұштауға және өз бетінше ізденуіне мол әсерін тигізері даусыз.

Оқушы ғылыми жоба барысында қоршаған ортаны жақсарту шараларына байланысты төмендегідей өз ойын ұсынды:

  • Жасыл желектерді отап, орнына құрылыс салуды азайту;

  • Экологиялық таза энергия ресурстарын пайдалану (жел энергиясы, күн энергиясы);

  • Биогаздармен жүретін автокөліктерді тұрмыста қолдануға енгізу;

  • Жаңажол кенішінде, Хромтау, Қандыағаш, Ембі, Шалқар қалаларында автоматты түрде тұрақты ауа құрамын бақылайтын станциялар орналастыру;

  • Ақтөбе қаласындағы ірі өндіріс аймақтарында №41 разъезд аймағына автоматты бақылау қондырғысын орнату;

  • Сәнкібай, Бейбітшілік даңғылына, Тургенев көшесіне жылжымалы лабораториялар қажеттігін.

Оқушының еңбегі бағаланып, нәтижесінде Облыстық І дәрежелі дипломмен марапатталды.


«Дарынды балалармен жұмыс – қабілетті ұрпақ қалыптастырудың негізі» болғандықтан, өз тәжірибемде дарынды балалармен жұмысты жандандыру мақсатында жүргізілетін жұмыс жоспарының үлгісін ұсынып отырмын.

Жасалған жұмыстарға қорытынды, хабарламалар жаздыру.



34 орта мектебі





Баяндама



Тақырыбы: «Дарынды балалармен жұмыс – қабілетті ұрпақ қалыптастырудың негізі»





Баяндамашы: география пәні мұғалімі Айжарикова А.Қ.













Ақтөбе 2013 жыл



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 20.05.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Статьи
Просмотров72
Номер материала ДБ-092419
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх