Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Дарынды балалармен жұмыс жоспары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Дарынды балалармен жұмыс жоспары

библиотека
материалов

Мазмұны:



Бөлімдер


Бөлімдер атауы



І бөлім.



Дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту бағытында істелетін жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері




ІІ бөлім.



Дарынды оқушылармен жұмыс істеу жүйесінің моделі




ІІІ бөлім.



Дарынды оқушылардың банкі




ІV бөлім.



Бағыттары бойынша жұмыс жоспары




V бөлім.



Жоспар бойынша тапсырмалар түрлері




VІ бөлім.



Оқушылардың шығармашылық жұмыстары




VІІ бөлім.



Дарындылық туралы ой-пікірлер



VIII бөлім.



Жетістіктер




















I-бөлім.

Дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту бағытында істелетін жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері (негіздеме).

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5-тарауындағы  41-баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін арттыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан-2050” стратегиялық бағдарламасында Елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет. 

          Мектеп –еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: «Нәтижеге бағдарланған оқыту – білім сапасын арттыру негізі»

           Сондықтан, мектеп мұғалімінің сапасын соңғы нәтижеге бағыттау керек.  Көздеген мақсатымыздың нәтижесін көреміз, мұғалімнің кәсіби шеберлегін дамытуға қажетті жағдай жасау арқылы білімнің жаңа парадигміне өту тәртібі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру.

           Мектеп мұғалімдері шығармашылық жұмыспен айналысуға даяр болуы керек, нәтижеге жетуге ұмтылу қажет. 

           Ел президенті Н.Назарбаевтың  Қазақстан халқына арналған Жолдауында “Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет” деген сөздері бар. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі.  Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік.

           “Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”. 

           Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби  біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.

           Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн. 

           Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі  мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. 

           Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады.  Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.  

Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің  инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және  пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор деп ойлаймыз. 

Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абройын барынша құрметеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға  бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады. 


Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:
оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау. Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);

Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);
Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);

Оқушылардың өзін- өзі шығармашылық басқаруы;

Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;
Ата- аналармен ынтымақтастық құру;

Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды.
Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар-міндеттер:
өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;
оқушы дарындылығының моделін білу;
қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;
дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.

Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:
дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

       - дарынды оқушыларды (жекелей және топпен) оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;

       - оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;

       - дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;

       - дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;

       - дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.

Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби “бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми  зертеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады. 

          Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.

Оқушылардың шығармашылық  қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен
өткізуге болады:

1.   Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

2.   Сабақты түрлендіріп өткізу;

3.   Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттерді, схемаларды пайдалану;

4.   Техникалық құралдарды тиімді қолдану.

5.   Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

6. Сабақта оқушылардың өзіндік мұғалімнің бағыт-бағдар беруі арқылы жаңа сабақты игеруге дайындау.

Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық  қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.

          Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар: білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп  оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн. 








































ІІ бөлім. Дарынды оқушылармен жұмыс істеу жүйесінің моделі.

Жұмыстың бағыттары: 


  • Диагностика – оқушыны тұлға ретінде байқау


  • Дидактикалық талаптарды тиімді пайдалану және жауапкершілікпен жүзеге асыру;


  • Қабілеті жоғары және дарынды оқушылармен ағылшын сабағында жұмыс істеу;


  • Сабақтан және сыныптан тыс жұмыстар.


Жұмыстың әдістері: 


  • Анкета, сұрақтар қою;


  • Сауалнама:


  • Әңгімелесу;


  • Тестілеу;


  • Топтық, ұжымдық, жұптық, жеке жұмыстар;


  • Әдебиеттерді қарастыру;


  • Шығармашылық жұмыстар;


  • Жобалау әдісі;


  • Алдын-алу әдісі;


  • Мәселе шешу әдісі;


  • Синквейн.


Жұмыс түрлері: 


  • сабақ жүзінде қиындығы жоғары тапсырмаларды пайдалану;


  • факультатив;


  • үйірме жұмысы;


  • уақытша топтарды жасау;


  • өз-өзіннің білімін көтеру;


  • пән апталықтарын өткізу;


  • ғылыми-практикалық конференциялар;


  • олимпиадалар;


  • интеллектуалдық марафон.


Бағдарламаның мазмұны

  • Оқушыларды диагностикалау – жалпы дарындылығын бағалау, жұмыс бағыттарына бөлу, дарынды оқушыларды анықтау (ІІІ бөлім)

  • Бағыттары бойынша жұмыс жоспарын жасау (IV бөлім) 

  • Оқушылардың шығармашылық жұмысы – ізденіс, зерттеу, бақылау нәтижесінде жасалған жұмыстары. (VІ бөлім)


Жұмыстың негізгі принципі – «байыту» принципі

Программаның ресуртық қамтамасыз етілуі: 

  • Оқу кабинеті;

  • Кітапхана фонды – ағылшын тілі бойынша әдебиеттердің бар болуы.


Басқару, байланыс:
Басқару - директор, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, ағылшын тілі мұғалімі. 


Басқа ұйымдармен байланыс: 

  • Астана қаласы тестілеу оорталығы 

  • Астана гуманитарлық колледжі - филология факультеті

  • Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледжі


Тиімділігінің белгілері: 

  • Пәнге деген қызығушылығының жоғары деңгейі.

  • Пән бойынша үлгірмейтін оқушылардың жоқ болуы.

ІІІ бөлім. Дарынды оқушылардың банкі.

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР ТІЗІМІ


Аты-жөні

Сыныбы




























































ІV бөлім. Бағыттары бойынша жұмыс жоспары.

2015-2016 оқу жылы


ЖОСПАРЫ


Ай


Апта


Бағыт


Олимпиада


ОҒҚ


Сайыстар


Қыркүйек


1-2


Дарынды оқушыларды байқап, тізімін жасау 


3-4


Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың мақсат-міндеттерін, бағыттарын анықтау


Қазан


1-2


Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын анықтау


Оқушылардың ғылымға деген көзқарасын білу




3-4


Олимпиадаға қойылатын талаптар-міндеттермен, мақсатымен таныстыру


Ғылыми жобаға қойылатын талаптар-міндеттермен, мақсатымен таныстыру




Қараша


1-2


Ағылшын тілінен ережелерді еске түсіру, тапсырмалар орындау


Ғылыми жоба туралы жалпы мәлімет 

Ғылыми жоба түрлері




3-4


Мектепшілік олимпиадаларға қатысу



Ғылыми жоба құрылымы




Желтоқсан


1-2


Аудирование арқылы ауызша тапсырмалар.

Кітапхана, интернет, қосымша ақпарат көздерімен жұмыс 



Ғылыми жұмыстың тақырыбын таңдау




3-4


Ағылшын тілінен ізденіс жұмыстары

Жазбаша тапсырмалар орындау, қатемен жұмыс жасау 



Тақырыбына сай ғылыми жұмыстың жоспарын құру




Қаңтар


1-2


Аудандық олимпиадаларға қатысу



Әдебиеттермен жұмыс




3-4


Қайталау, қатемен жұмыс, іздену.



Деректерді жинау, талқылау, талдау




Ақпан


1-2


Грамматикалық тапсырмаларды ауызша және жазбаша орындай білу 



Тәжірибе жасау, зерттеу жұмыстарын түрлерін, әдіс-тәсілдерін анықтау




3-4


Қосыша әдеби және географиялық кітаптармен жұмыс жасау 

Сауатты оқи білу



Зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру




Наурыз


1-2


Тесттер


Зерттеу жасау




3-4


Материалдармен грамматикалық, лексикалық, фонетикалық, синтаксистік талдаулар жасау


Зерттеу нәтижелерін анықтау




Сәуір


1-2


Білімін жетілдіру, бекіту, қайталау жұмыстары 


Рефераттар жазу




3-4


Тесттер


Рефераттарды талдау




Мамыр


1-2


Тест нәтижелерін көрсету, қайталау, қатемен жұмыс



Рефераттарды қорғау




3-4


Тесттер 


Ғылыми жұмыс жазу

































V бөлім. Жоспар бойынша тапсырмалар түрлері.


Айы


Апта


Тапсырмалардың түрлері


Қазан 


1-2


Жеке, жұптық, топтық жұмыс жасау.

Ағылшынша сөйлемдер құрау.


3-4


Рөлдік ойындар

Аудару, мазмұнын айту


Қараша 


1-2


Диалог жасау. Ауызша өз ойын жеткізу

Синквейн 


3-4


Сұрақтарға жауап беру 

Сөзжұмбақ құрастыру 


Желтоқсан


1-2


Сурет арқылы әнгіме жазу

Әнгіменін мазмұнын сурет арқылы жеткізу


3-4


Автор сөзін өз сөзімен әңгімелеу

Тірек-схема жасау 


Қаңтар 


1-2


Сөйлемдердің шақтарын өзгерту 

Бос орындарға сәйкес етістікті қою


3-4


Әңгіме жазу 

Сөз тартарына талдау


Ақпан 


1-2


Сөздікпен жұмыс 

Морфологиялық талдау жасау 


3-4


Сөйлемдердің шақтарын анықтау

Фонетикалық талдау жасау 


Наурыз 


1-2


Жаңа сөздерді жаттау 

Жаңа сөздерді қолдана отырып сөйлем құрастыру


3-4


Мазмұнын айту 

Кестені толтыру 


Сәуір 


1-2


Мақал-мәтелдер жаттау

Саяси картамен жұмыс 


3-4


Ағылшын жазушыларының өмір баянын зерттеу

Презентация жасау 


Мамыр 


1-2


Тест жұмыстарын жазу 

Қайталау 


3-4


Жұмбақтар жаттау

Қорытынды әңгіме жазу



Ағылшын тілі пәні бойынша дарынды оқушылармен

жұмыс жоспары




Сабақтың тақырыбы


Сағат саны


Мерзімі


1


Introduction. Lexical meaning of the words.


1




2


Phonetics. Letters and vowels.


1




3


Parts of speech. Make up sentences


1




4


Morphological structure of the words


1




5


Tenses of Present


1




6


Tenses of Past 


1




7


Tenses of Future 


1




8


Future in the Past


1




9


Reported speech


1




10


Sayings 


1




11


Complex object 


1




12


Complex subject


1




13


The types of translating 


1




14


Work with dictionary


1




15


United Kingdom 


1




16


Literature of children


1




17


Conclusion. Revision


1
















VІ бөлім. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары


Оқушының ерекше қабілетін ашу жолдары


  • Психологиялық диагностика жүргізу

  • Ағылшын тілі пәні бойынша оқу үлгерімін тест бойынша анықтаймын

  • Оқушының жеке өзінің ынтасы, қызығушылығы, сұранысына байланысты таңдаймын

  • Ата – анасының өтініші бойынша оқушыны аламын


































Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары.



Үлгерімі төмен оқушылармен

жүргізілетін жұмыстар

Берілетін тапсырмалар




Орындауға берілетін жұмыс




1





Жаңа тақырыпты игерту




1.Картамен жұмыс жасау

2.Жаңа сабақты бекіту сұрақтарына жауап беруін қадағалау


Жаңа сабақта өткен мемлекетті, оқиға болған елді –мекендерді ,өзен –көлдерді картадан көрсету



2











Үй тапсырмасын орындауға бейімдеу










1.Параграфтың соңында берілген сұрақтарға жауап жазып келу

2. Үйге берілген параграфтың ең маңызды пункітін белгілеп,оқып келуді, мазмұнын айтуды қадағалау

 

Үйге берілген параграфтың ең маңызды пункітін белгілеп,оқып келу, мазмұнын

айту.








3





Оқушының есте сақтау қабілетін дамыту



1.Сөзжұмбақ жасауды және шешуді үйрету.

2.Тестпен жұмыс жасауға жаттықтыру

Сөзжұмбақ жасау

Тест құрау


4









Шығармашылық жұмыстарға баулу








Әр тарауды қортындылағанда тарихи тұлғалар, мемлекеттер, елді –мекендер, ірі шайқастар бойынша реферат жаздыру

2.Саяси тұлғаларға сипаттама жасату

Реферат жазу







 

5





Сөйлеу қабілетін дамыту




1.Үй тапсырмасын сұрау

2. Ауызша сұрақтар қою


Ауызша жауаптарын

Талдау





























Үлгерімі төмен оқушылар тізімі



Аты-жөні

Сыныбы






























Автор
Дата добавления 04.12.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров7473
Номер материала ДВ-226652
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх