Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Конспекты / Дарынды балалармен жұмыс жоспары

Дарынды балалармен жұмыс жоспары


  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Ақырап орта мектебі










БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ













Дайындаған:Дубаева О.У.















2015-2016 оқу жылы


Түсінік хат

Педагогика тарихынан белгілі, мәдениеттің жас ұрпақты «өз бетінше шешім қабылдап, әрекет ете алуға» тәрбиелеу білім мазмұнында мәдениеттанымдық қызметтің дамуына себепші болды. Сондықтан, бүгінгі күні білімнің даму көзі - мәдениет болып белгіленіп, оқушы – оны қабылдаушы және оның шығармашылық тұрғысынан тәрбиеленеді.

Шығармашылық қабілет – өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін, өнім алуға мүмкіндік  жасайтын жеке тұлға бойындағы  қабілеттіліктің, білім мен біліктің болуы. Шығармашылық ұғымымен қатар дарындылық, талант деген ұғымдарда бар. Дарындылық немесе талант ұғымдары өздерінің мәні бойынша, белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті  дамуының  жоғары деңгейін білдіреді.

Мектепте жеке пәндерді оқуда ерекше білім жетістіктерін көрсеткен оқушылардың мәлімет банкісі құрылып, оқушылардың білім жетістіктері мен психопедагогикалық диагностикалары салыстырылып, әр оқушыға күнделік жүргізілген. Ғалымдар [1,2,3] анықтағандай дарынды немесе талантты оқушылармен жасалынатын жұмыс түрлері төмендегідей:

1. Баланың қызығушылығына әрі табиғатына қарай ғылыми жұмысқа баулу;

2.  Пәндік олимпиадалық жұмыстарға дайындау;

3. Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттарға, пікір–сайыс яғни интеллектуальды ойындарға дайындау;

4. Мектептің ғылыми қоғамындағы үйірме жұмыстарын ұйымдастыру.

Байқап отырғанымыздай оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау маңызды орынға ие.

Пәндік олимпиадалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері педагогтардың ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау, кәсіби және ақпараттық құзыреттілік деңгейлерін арттыру мен қатар, дарынды оқушының өзін қызықтыратын пәнде шығармашылық белсенділігін ынталандыру және қызығушылығын дамыту, ғылыми білімді насихаттау болып табылады. 

пәндік олимпиадалардың міндеттері : 

оқытудың міндетті нәтижесін бақылау;

  •  оқушыларды тиісті білім беру аясында оқыту формасы;

  •  оқушылардың ақыл ойын, шығармашылықтарын дамытушы форма;

  •  ақыл-ойы жоғары дәрежеде дамыған оқушыларды анықтау;

  •  оқушылардың кәсіби бейімділіктері мен қабілеттерін айқындау мен үйлестіру;

  •  ЖОО  емтихансыз қабылданатын  оқушыларды таңдау формасы және т.б.

Осылайша қосымша білім беру жүйесінде, осы саладағы көп жылдық бай дәстүрде дарынды әрі танымдық деңгейлері жоғары балалармен жұмыс жасау мүмкіндіктері жатыр. Айта кету керек оқушылардың олимпиадалардағы нәтижелері мұғалімдердің қызметін бағалау аспектісінің бірі болып табылады.

Пәндік олимпиадалар – оқушылардың білім деңгейін тексерудің бұқаралық сипаттағы жарыс түрінде өткізілетін бірден – бір формасы.

Пәндік олимпиадалардың оқу үдерісіндегі негізгі роліне зерттеушілер түрліше анықтама береді. Ол туралы көзқарастар үш түрлі:

- білім беру сапасын сырттай бақылау формасының элементі [1];

- танымдық ойын түрі [2];

- оқушы тұлғасын дамыту тәсілі, яғни оқушылардың шығармашылығын, дарындылығын арттыруға ықпал ететін оқыту тәсілдерінің бірі [3].

Педагогикалық шарттары:

- оқушылардың дарындылықтарының деңгейін анықтау;

- оқушыларда оқу-зерттеу біліктіліктерін, ақпараттық сауаттылықтарын дамыту; 

- оқушылардың жеке даму бағдарламаларын құрастыру;

- оқушыларды  шығармашылық ізденіске баулу;

- жан-жақты ақпараттандыру:

- байқаулар ұйымдастыру.

 Олимпиада резервтерімен жұмыс жүргізудің дайындық жолдарына тоқталсақ, ол ең алдымен төмендегідей ұйымдастыру және оқу - әдістемелік бағыттарда жүзеге асуы тиіс:

- ең алдымен биология пәнінің мектеп бағдарламасы шеңберінде сұрақтар мен тапсырмалар меңгерілуі керек, бірақ ол сұрақтар оқушыны шығармашылық ойлауға жетелеуі тиіс;

- биология оқу курстары бойынша алған теориялық білімдерін оқушы қолданбалық түрде көрсетуге, оның себеп–салдарын түсіндіруге, салыстырулар мен талдау жасауға, болжау жасау дағдыларын қалыптастыруға машықтандыру керек.

- оқушылар алдына қойылған мәселеге сараптау, айқындау, жіктеу, дәлелдеу қажет болса болжам жасау негізінде өз көзқарасын білдіруге үйрену қажет.

Мектеп бағдарламасының біліміне сүйене отырып, биология пәнін тереңдете оқытып, олимпиадаға, өзгеде сайыс түрлеріне дайындау мақсатында құрастырылатын арнайы жоспардың негізгі міндеттері:

1. Оқушыларға олимпиадаға дайындық кезінде биология пәні бойынша терең білім беру;

2. Оқушыларды биологиялық ізденісте болуға, өз бетімен жұмыс істеуге жағдай жасау;

3. Биология пәні бойынша білімдерін тереңдету болып табылады.


 Күтілетін нәтиже,  ізденімпаз, білімге құштар, терең және тиянақты білім алған оқушы дайындауда.Мен, өз тәжірибемде оқушыларды биология пәні бойынша пәндік олимпиадаға дайындаудың күнтізбелік жоспарын төрт кезеңге бөліп жоспарладым:


І. Оқушыларды таңдау: бақылау, сараптау, жазбаша жұмыс, оқушылардың жалпы және пәндік дарындылықтарын айқындау үшін алғашқы сауалнаманы алу.


ІІ. Теориялық дайындық:

  1. Тапсырмамен танысу. Рәсімдеу ережесі. Әдебиет көздеріне шолу.

  2. Клетканың химиялық құрамы.

  3. Тірі организмдердің алуантүрлілігі. Систематика. Патшалықтар белгілері.

  4. Өсімдіктер, Саңырауқұлақтар, Бактериалар патшалықтарының жалпы ерекшеліктері.

  5. Жануарлар патшалығының жалпы ерекшеліктері.

  6. Адам мүшелері жүйесінің ерекшеліктері.

  7. Жалпы биологияның теориялық негіздері

  8. Былтырғы жылғы олимпиадалық тапсырмаларға шолу жасау. Кеңес беру.

  9. Қосымша әдебиеттермен жұмыс. Жазбаша конспектілер құрастыру.

  10. Интернет желісі арқылы оқушылардың ғылыми-ізденушілік  жұмыстарын ұйымдастыру.


ІІІ. Практикалық дайындық– іскерліктерін қалыптастыру.

1.Арнайы құралдармен жұмыс жасау, жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін анықтау мен тану, микропрепараттар дайындау, билогиялық коллекциялар дайындау және т.б.  біліктіліктерін қалыптастыру бойынша практикалық сабақтары.

2.Цитология бойынша тапсырмаларды орындау.

3. Генетикалық есептерді орындау.

4.Бұрынғы жылғы олимпиадалардың практикалық тапсырмаларын талдау.

5. Түрлі деңгейдегі практикалық тапсырмаларды орындау жолдарын талдау.


IV. Өзіндік дайындық

1. Бұрынғы жылғы түрлі күрделілік деңгейдегі олимпиадалық тапсырмаларды орындау;

2. Бұрынғы жылғы олимпиалардың түрлі күрделілік деңгейдегі практикалық тапсырмаларды орындау

3. Логикалық тапсырмаларды орындау

4. Біршама қиынырақ тапсырмалар бойынша кеңес алу.


Жүргізілген зерттеу жұмысының негізінде оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау жұмысының мазмұнын, құрылымдық бөліктерін нәтиже өлшемдерін, көрсеткіштерін және деңгейлерін атап көрсетуге болады:

Мотивациялық деңгейде: дарындылықты дамытуда пәнге қатысты танымдық тапсырмаларды орындаудың қажеттілігін түсіну;

Мазмұндық деңгейде: олимпиадалық тапсырмалардың жауабын жүйелі зерттеп, іздеу жолдарын білу (ақпарат көздерін білу);

Іс- әрекеттік деңгейде: олимпиадалық тапсырмалар мазмұны  бойынша білімдерін жаңа тапсырмалар жүйесінде қолдану .

Аптасына: 4 сағат.Дүйсенбі, Бейсенбі күндері.













Әдебиеттер:

  1. Бим-Бад Б.М. Педагогический энциклопедический словарь. — М., 2002. С. 179.

  2. Педагогический терминологический словарь. — С.-Петербург: Российская национальная библиотека. 2006.

3. Старикова Я.В. История физических олимпиад школьников: Методические рекомендации для учителей физики и студентов физико-математических факультетов пединститутов. Бийск, 1996. 24 с.

4. Корсунова Овена Юрьевна. Педагогические условия организации нтеллектуально-творческих ученических олимпиад : Дис. ... канд. пед. наук : 13.00.01 : Москва, 2003 170 c. РГБ ОД, 61:04-13/504-9

5. Шарапков, Андрей Николаевич. Педагогические условия гуманизации режима интеллектуального испытания школьников на предметных олимпиадах : диссертация ... кандидата педагогических наук : 13.00.01 Рязань, 2003 188 c.

 

























Оқушылар тізімі:

Оқушының аты-жөні

Класс

Оқу тілі

1

Амангелді Ақкенже

5кл

қазақ

2

Сатыбалды Дилназ

6кл

қазақ

3

Амангелді Рысбек

7кл

қазақ

4

Сатыбалды Алтын

8кл

қазақ

5

Бисен Айкөркем

10кл

қазақ

6

Базаркулов Идрис

10кл

қазақ

7

Жумабай Шерхан

10кл

қазақ

8

Қайрсламов Аман

10кл

қазақ

9

Жолдасова Нұржауған

10кл

қазақ

10

Ибраева Алия

11кл

қазақ


Сейтекенова Айгуль

11кл

қазақ



Олимпиада резервтері

Оқушының аты-жөні

Класс

Қатысатын іс -шара

1

Сатыбалды Алтын

8кл

Пәндік олимпиадаға

2

Амангелді Рысбек

7кл

Аудандық сырттай жарыстарға

3

Бисен Айкөркем

10кл

Сырттай олимпиадаға

4

Ибраева Алия

11кл

Сырттай олимпиадаға

5

Сейтекенова Айгуль

11кл

Сырттай олимпиадаға





































БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Ержанова Индира Алтайқызы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің магистранты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

 

Соңғы жылдары білім беру саласында жиі талқыланып жүрген тақырыптың бірі дарынды балалармен жұмыс жасау және оның әдістерін көрсету мәселесі. Әрине, бала бойындағы дарындылықты аңғару, оны дамыту мұғалімнен зеректікті, педагогикалық шеберлікті қажет етеді. Дарынды балалардың мүмкіндіктерін байқап қана қоймай, оны ғылыми ізденістерге, нәтижелі білімге жұмсағанда ғана ұстаз еңбегі өз жемісін береді. Осы орайда дарындылық дегеніміздің өз не деген сауал туындауы мүмкін. Дарындылық туралы бүгінге дейін бірқатар зерттеу еңбектері жазылғанымен, оның нақты анықтамасы немесе қағиадасы қалыптасқан жоқ. Өйткені дарындылықты әркім өзінше түсінеді. Бұл туралы педагогика ғылымдарының кандидаты Ж.Елеупаева: «Дарындылыққа арналған теориялық пікірлердің, модельдердің, тұжырымдамалардың көптігіне қарамастан, оның әлі күнге тұрақты терминологиясы қалыптаспаған, ғалымдар әлі күнге дейін осы құбылыс жайында ортақ бір пікірге келмеген, ортақ құрылымдары, даму заңдылықтары бар болса да, «дарындылықтың» нақты анықтамасы» берілмегендігін айтады[1,8]. Дарындылық жайлы бірқатар батыс және орыс ғалымдарының еңбектерін саралай келіп, ғалым Ж.Елупаева: «Дарындылық – бір немесе бірнеше іс-әрекеттерде ерекше жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретін тұлға мүмкіндіктерінің өзіндік бірігуі арқылы анықталатын, интеллектуалды және шығармашылық әлеуеттің ең жоғарғы деңгейінен көрінуіне әсер ететін интегралды-тұлғалық білім көрсеткіші»[1,9] – деп тұжырым жасайды.

Дарынды балаларды ғалымдар ақыл-ой теориясына қарай бірнеше топқа бөліп қарастырады. Мәселен, дарынды балалардың бір тобы тек сабақ үлгірімі жағынан ғана жоғары көрсеткішке жетсе, екінші дарынды бала белгілі әрекет шеңберінде өз дарынын байқатса, үшінші бала барлық жағынан да өзінің мықтылығын танытуы мүмкін. Осы тұрғыдан келгенде педагогикада әрбір баланың бойынан жақсы қасиеттер мен дарындылықты байқап, дамыту мақсат етіледі.

Қазіргі таңда мемлекет үшін ұлттың интеллектуалдығын арттыру маңызды мәселе болып отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасы білім беру саласының жаңа бағытта жұмыс жасауына мол мүмкіндік жасауда. Жобаның мақсаты – жаңа қалыпта қазақстандықтарды тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстанды бәсекеге қабілетті адамдық капиталы бар мемлекетке айналдыру. Елбасы оның негізгі үш аспектісін: білім беру үрдісіндегі инновациялық даму, ақпараттық даму және жастарды рухани тәрбиелеу деп нақтылап көрсетті. Бүгінгі білім беру саласында тәрбие мен білімді қатар дамыту арқылы білім алушының интеллектісін дамытуға баса назар аударылуда. Осы мақсатта бірқатар жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Үздіксіз білім, қашықтықтан оқыту білім алушының жан-жақты білімді игеруін қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда балабақшадан бастап жоғары оқу орнына дейін үзіліссіз алған білімді жаңартып, жетілдіріп отыру көзделген. Әрине, аталған жүйенің ішінара кемшіліктері мен мәселелері де жоқ емес. Бұл арнайы сөз етуге тұралық тақырып болғандықтан, аталған мәселені талдап жатуды жөн көрмедік.

Біздің назарымыздағы дарынды балалармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері екенін ескерсек, оларды анықтаудың да өзіндік тәсілдері бар. Бұл туралы зерттеуші Н.С.Лейтес қабілетті балалардың үш категориясын анықтап берген. Бірінші категория – ой-өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар. Екінші категория – жеке бір іс-әрекет түрі мен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттігімен көзге түскен оқушылар. Үшінші категория – дарындылық күш-қажырымен ерекшеленетін оқушылар. «Дарынды балалармен жұмыс» оқу-әдістемелік құралының авторлары Ж.Сейсенбаева, Л.Орманбекова дарынды оқушыны анықтау бастауыш сыныптан бастау алатындығын айтады. «Бұл жұмыстың жүйелі жүргізілуі психологтар мен мұғалімдердің және ата-аналардың біріккен жұмысы негізінде іске асады. Олардың ата-аналарымен әңгімелесуі, бақылауы, әрқайсысының сөйлеуінің, есте сақтауының, логикалық ойлауының психологиялық ерекшелігін анықтауда маңызды жұмыстар атқарылады»[2,6], - дей келіп, дарынды балалармен жұмыс жасауда ата-ана мен ұстаздың бірігіп жасаған жұмысының нәтиже беретінін ескертеді. Алайда қазіргі мектеп тәжірибесінде байқап жүргеніміздей, дарынды балалармен жұмыс жасау тек үздік оқитын оқушылармен ғана шектеліп жатыр. Мектеп мұғалімдерінің ойында тек оқу үлгірімі жоғары оқушылар ғана дарынды балалардың қатарына жатады. Бұл пікірмен біз де келісеміз. Дегенмен оқу үлгірімі орташа баланың бойында бұғып жатқан дарындылықты байқау, оны дамыту көп педагогтың қолынан келе бермейді. Оқушының белгілі бір салаға икемділігі мен бейінін байқау үшін олармен шығармашылық бағытта жұмысты жүйелі жүргізу қажет. Мәселен, өз ойын еркін жеткізуге қысылатын оқушылардың бірқатары жазбаша жұмыста пікірін ашық білдіруі мүмкін. Сол секілді үлгірімі төмен оқушының бойында қолдан бұйымдар жасау немесе бұзылған затты құрастыру, жөндеуге деген икемділігі байқалуы мүмкін. Осы орайда бастауыш сыныпта мұғалім балалармен тығыз байланыс орната отырып, біріге жұмыстар жасаса, олардың дарындылығын тез анықтай алады.

Жалпы педагогика және психология саласында дарынды балалармен жұмыстарға қатысты көптеген пікірлер мен еңбектер жарыққа шығып жатыр. Аталған тақырыпта жазылған еңбектерде дарынды балаларды анықтаудың жолдары, әдістемесі және олармен жұмыс жасаудың ерекшеліктері жайлы кеңінен баяндалады. Мәселен, Ұ.Арыстан дарынды балаларды үш топқа: шығармашылық дарындылық, интеллектуалды, табиғи дарындылық, лидерлік дарындылық деп бөлуді ұсынған. Бұл саладағы зерттеуші ғалымдар көбінесе оқушының шығармашылық жұмысына, ғылыми зерттеуге, қоғамдық мәселелерге үн қосуға бейімдеуге баса көңіл бөледі. Осы мәселелерді негізе ала отырып Ж.Сейсенбаева мен Л.Орманбекова дарынды балаларды анықтаудың мынадай тұжырымдарын ұсынады:

«1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу. Бұл дегеніміз – пән мұғалімдері нақты бағыттар бойынша сынау тапсырмаларымен деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушының бағытын анықтау деген сөз.

2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану. Бұл ұстаным барысында дарынды оқушының қандай да бір бағыттағы іс-әрекетінің жетістігі анықталады.

3. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау. Дарынды оқушының болмыс-бітімі анықталып, жанына жақын мамандыққа үлкен дайындық жұмысына жағдай жасау.

4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары. Бұл ұстаным мектеп психологымен, мұғалімімен және ата-аналармен біріге отырып, баланың қандай бағытта жетістіктерге жетуге мүмкіндігі бар екені анықталады.

5.Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр»[2,8].

Дарынды балалармен жұмыс жүргізуде жоғарыдағы тұжырымдарды ескере отырып жұмыс жасасақ, нақты нәтижеге қол жеткізуге болады деп ойлаймын. Мектеп тәжірибесінде жиі байқалатын бір кемшілік – дарынды баланы өзінің ыңғайына қарай емес, қаламаған тақырыпқа немесе зерттеуге жетелеу. Бала өз ойын көпшілік алдында айта білсе болғаны деген желеумен оның жүрегіне жат дүние жайлы ақпаратты жаттату кездесіп жатады. Егер педагогтар тек өз көрсеткішін дарынды балалар арқылы көтереміз деген мақсатта жұмыс істесе, онда қатты қателескені деп білеміз. Сондықтан да дарынды балалармен жұмыс жүргізуде оқушымен тікелей санасып, бірлесіп әрекет еткен тиімді болар еді.

Жалпы бала бойындағы дарындылықтың өзін ғалымдар бірнеше топқа бөліп қарастырады. Мәселен, Ү.Б.Жексенбаева[3] дарындылықты психомоторлық, интеллектуалдық, академиялық, шығармашылық және әлеуметтік деп бөлген. Дарындылықты анықтаудың өзі бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен, интеллектуалдық, шығармашылық, әртістік, музыкалық, техникалық, спорттық және т.б. Бала бойындағы осы аталған дарындылықтың тек біреуі немесе бірнешеуі кездесуі де ғажап емес. Тек соны дер кезінде, өз уақытында байқап, әрі қарай дамыту керек.

Дарынды балалармен жұмыс жүргізу мұғалімнен үнемі ізденіс пен шеберлікті қажет етеді. Дарынды балаларға арналған тапсырмалар күнделікті жаңарып, түрленіп отыруы тиіс. Бұл орайда бірқатар әдіскерлер өз ұсыныстарын айтқан. Мәселен, логикалық тапсырмаларды күнделікті сабақта пайданып отыру, шығармашылық жұмыстармен жиі айналысу және т.б. Аталған мәселелердің барлығы әрбір ұстаз үшін маңызды және тиянақты дайындықтан өтуді талап етеді. Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің басты ерекшеліктеріне оларды ғылыми-шығармашылықпен шұғылдануға баулу жатады. Бұл мақсатты орындау барысында мындай міндеттерге назар аудару қажет. «Өз бетінше материалды іздеу, кітапханада әдебиеттермен жұмыс орындау, ғылыми-зерттеу жұмыстарының құрылымы мен әдіс-тәсілдерін игеру, ғылыми ізденіс жасауға баулуда логикалық заңдылықтарды қолдануды меңгерту үшін шығармашылық топтарда «шығармашылыққа баулу» сабақтарын жүргізу қажет»[2,15]. Аталған мәселелерді арнайы қарастырған әдіскер мамандар дарынды оқушыларды оқытудың  технологиясы ретінде дамыта оқытуды ұсынады. Дамыта оқыту үш аспектіде жүзеге асады:

1.   Танымдық – оқу материалдарын игеруі, қызығуы, танымдық белсенділігі.

2.   Логикалық – оқу материалдары бойынша логикалық ойлау процесі арқылы құрылымындағы тапсырмаларды орындау.

3.   Шығармашылық – шығармашылық әдіс-тәсілдерді игеруі, шығармашылыққа қадам жасау, түрлендіру, ой туындатуы, қорытынды жасау, ғылыми ізденіс жүргізу[2,16]. Ескере кететін бір жайт, дарындық балалармен жұмыс жүргізу тек бір технологияға байланып қалмаған, кейде бірнеше технологияны пайдалануға тура келеді, тіпті оларды тапсырмаларды орындау барысында араласып кетуі де ғажап емес. Мәселен, деңгейлеп оқыту технологиясы да оқушының дарынын, шығармашылығын дамытуға арналған. Бұл жерде мұғалімнің басты назары баланың дарынын тануға бөлінгені абзал.

Қазіргі орта білім беру жүйесінде дарынды балалармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктеріне  көп көңіл бөлінуде. Осы орайда республикалық «Биология, химия» журналының алатын орны ерекше. Басылымның 2012 жылғы №1 нөмірінде жарық көрген С.Орынханованың «Биология пәнніен дарынды оқушыларды оқытудың әдістері»[4] атты мақаласында көптеген мәселелерді талқылай келіп, өз нәтижелерімен бөліседі. Әсіресе дарынды балалардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру бағытындағы әдістердің нәтижелілігін бас айтқан автор өз сабақтарында қолданған бірнеше әдістерге тоқталады. Жалпы дарынды оқушыны анықтау және олармен жұмыс жүргізуге қатысты бірқатар мамандардың пікірлері мен тұжырымдарын сараптай келіп, мынадай ой түйдік. Орта білім беру жүйесінде дарынды балалармен жұмыс жүргізу тек пән мұғалімдеріне ғана тиесілі міндет емес. Сынып жетекшісі, мектеп психологы, ғылыми бағдар бойынша диреткордың орынбасары және ата-ана бірлесіп жұмыс жасағанда ғана оң нәтижесін береді. Ең бастысы - оқушының өзі қызығып, өзі таңдаған саласы болуы тиіс. Сонда ғана ұстаз еңбегі еселеніп, мәртебесі биіктей түседі.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.   Елеупаева Ж. Қазіргі мектептерде оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытудың педагогикалық шарттары / Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. Түркістан, 2008. -25б.

2.   Сейсенбаева Ж., Орманбекова Л. Дарынды балалармен жұмыс // http://new.kaznpu.kz/docs/tarbie/darindi_balalar.doc

3.   Жексенбаева Ү. Балалар дарындылығын диагностикалау. – Алматы, 2005.

4.   Орынханова С. Биология пәнінен дарынды оқушыларды оқытудың әдістері // Биология. Химия. 2012ж. қаңтар-ақпан, №1, 20-б.

 

Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жоспары /2013-2014 жыл/


Мақсаты: дарынды балалардың дамуына жағдай жасау, гимназистердің табиғи

қабілеттерін танып біліп дамыту, ғылыми ізденіс әдістерін үйрету арқылы

шығармашылыққа баулу, шығармашылық сипаттағы жеке тұлғаны тәрбиелеу жұмыстарын

жүргізу.

Міндеттері: 1. Дарынды балаларды анықтау, қабілеттерін дамыту, жүзеге асыру және оларға қолдау

көрсету

2. Ғылыми-ізденіс және шығармашылық жұмысқа бейінді балаларды дамыту үшін

педагог-мамандарды даярлау;

3. Ғылыми – ізденіс жұмыстарға, шығармашылыққа балалардың танымдық

қызығушылығын дамыту;

4.Гимназия түлектерінің нәтижелі түрде мамандық таңдауына және мамандық

бағытына көмектесу.



Жұмыс мазмұны

Мақсаты

Мерзімі

Қаралатын орны

Жауапты

1

Дарынды балалармен жұмыс жоспарын бекіту

Дарынды оқушының

жан-жақты

дамуына

жүйелі жағдай жасау

03.09.

Директор жанындағы кеңес

Карагулова Д.К

Директордың дарынды балалармен жұмысы жөніндегі орынбасары

2

Психологиялық-педагогикалық

тестілеу/диагностикалау/

Оқушылардың

дарындылық

қабілетін анықтау


05.09.

Анықтама

Нугыманова А.

Гимназия психологы

3

Әрбір мұғалімнің жеке дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жоспарын бекіту

Мұғалімдердің

дарынды балалармен
жұмыс жүргізудегі

кәсіби деңгейін анықтау


07.09.

ӘК

Карагулова Д.К

Пән мұғалімдері

4

РҒЖ-ға қатысу жөнінде оқушылардың ғылыми жобаларын тіркеу

Оқушыларды

ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағыттау

10.09.

Анықтама

Карагулова Д.К

Есжанова Г.Б.

«Озат» ГҒҚ-ның жетекшісі


5

Гимназияішілік семинар:

«Сыни ойлау арқылы бала дарыны мен талантын жетілдіру»

Мұғалімдердің кәсіби деңгейін

анықтау

11.09.

МДОЖК

Карагулова Д.К.

Райымбаева М.Б





6

РСОМ, облыстық сырттай оқу мектебіне оқушыларды тіркеу/8 -10 кл. аралығында/

Оқушыларды шығармашылыққа бағыттау

14.09.

Анықтама

Карагулова Д.К

Класс жетекшілер

7

«Шаңырақ» ғылыми-әдістемелік қоғамының жұмысын ұйымдастыру

Секция жетекшілерінің

жұмысын бөлу.

Отырыс жоспарымен таныстыру

17.09.

Хаттама

Карагулова Д.К

Секция жетекшілері

8

«Озат» ГҒҚ мүшелерін ғылыми бағыттарға бөлу. Бағыттар бойынша тапсырмалармен жұмыс

Оқушылардың деңгейін сараптау

18.09.

Хаттама

«Озат» ГҒҚ жетекшісі

Секция жетекшілері

9

Гимназияішілік «Зерде» атты шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстарының конкурсы

/1 – 7 кл. аралығында/

Оқушылардың жалпы интеллектісін,

шығармашылық қабілетін анықтау

20.09.

ӘК

Карагулова Д.К

Жетекшілер



10

Тарих пәнінің мұғалімдерін (КИО) интернет олимпиадаларға қатыстыру.


Мұғалімдердің шығармашылығын дамыту

26.09.

Анықтама

Пән мұғалімдері

11

Гимназияішілік «Кішкентай білгірлер» атты құрама топтық интеллектуалдық олимпиадасын(4 кл.) өткізу

Дарынды оқушыны айқындау, оларға қолдау көрсету

27.09

Анықтама

Пән мұғалімдері

12

Гимназияішілік Президенттік олимпиада өткізу(биология, математика, физика, химия) І туры-қашықтық, 2 тур –шығармашылық (эссе)

Оқушылардың жалпы интеллектісін, шығармашылық қабілетін анықтау

04.10

Анықтама

Пән мұғалімдері

13

Гимназияішілік

М. Мақатаев оқулары, І.Жансүгіров оқуларын өткізу /5 – 10 кл. аралығында/

Адамгершілікке тәрбиелей отырып, мәнерлеп оқуды жандандыру, ақындық шығармашылығын анықтау

09.10.

Анықтама

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері

13

Гимназияішілік «Ақ бота» интеллектуалдық

марафонын өткізу/3-11 кластар аралығында/

Дарынды оқушыны айқындау, оларға қолдау көрсету

20.10.

Анықтама

Қазақ тілі, математика, география, химия, биология, физика

пәнінің мұғалімдері

14

Оқушыларды «Зерде» атты шығармашылық жобаларды қорғау және зерттеу конкурсына

қатыстыру/аудандық, облыстық кезең/


Оқушылардың шығармашылығын анықтау

24.10.

Сұраныс беру

Қозбағарова Н.К.


15

«Русский медвежонок - языкознание для всех» халықаралық ойын-сайысына қатыстыру/3-11 кл./

Оқушылардың эрудиттік қабілетін анықтау

26.10.

Анықтама

Орыс тілі пәнінің мұғалімдері

16

Гимназияішілік пәндік олимпиада өткізу

/8- 11кластар аралығында/

Оқушылардың жалпы интеллектісін, шығармашылық қабілетін анықтау

05.11.

Анықтама

Бірлестік жетекшілері

17

«Озат» ГҒҚ отырысы

Отырыс мақсаты,

міндеттерімен

таныстыру.


07.11.

Хаттама

«Озат» ГҒҚ мүшелері

Секция жетекшілері

18

Гимназияішілік семинар:

«Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары»

Мұғалімдердің кәсіби деңгейін анықтау

09.11.

Хаттама

Курманова К.С.

Қысырауова Ш.А.

Райымбаева М.Б.

19

Республикалық «Қазақстан жаңа әлемде»» тақырыбында 1 – 11 кл. аралығында сурет байқауына оқушыларды қатыстыру

Жас ұрпақты бейнелеу өнеріне баулу

11.11.

Анықтама

Бейнелеу өнерінің мұғ.

20

Гимназияішілік «Әрқашан күн сөнбесін» шығармалар конкурсын өткізу

/4 – 6 кластар аралығында/

Оқушылардың шығармашылығын анықтау

14.11.

Анықтама

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері

21

«Зерде» интеллектуалдық ойын-сайысын өткізу

/5 – 10 кл. аралығында/

Оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын, эрудиттік қабілетін анықтау

16.11.

Анықтама

Карагулова Д.К

Райымбаева М.Б.

Абдикешов Д.А.

22

Гимназияішілік «Жыр мүшәйрасы» сайысын өткізу

/5-11 кл.аралығында/

Оқушылардың ақындық шығармашылығын анықтау

04.11.

Анықтама

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері

22

«Қысқы пейзаж» тақырыбында сурет байқауын өткізу(мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілеріне)

Жас ұрпақты бейнелеу өнеріне баулу

07.11.

Анықтама

Бейнелеу өнерінің мұғ.

22

«Бритиш бульдог» халықаралық интеллектуалдық ойынға қатыстыру

Оқушылардың ағылшын

тілінде

дүниетанымдық көзқарасын, эрудиттік қабілетін анықтау

23.11.

Сұраныс беру

Ағылшын тілі мұғалімдері

23

Гимназияішілік «Дарын» ғылыми-практикалық конферециясын өткізу

Оқушылардың зерттеу және өз жұмысын қорғап, шығармашылық қабілеттерін дамыту

05.12.

Анықтама

Карагулова Д.К

Жетекшілер

24

«Жыр алыбы – Жамбыл» атты жас ақындар айтысын өткізу

Оқушылардың суырып салмалық қабілеттерін, тума-талант, табиғи дарындарын анықтау, қолдау

12.12.

Анықтама

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері

24

«Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығында болатын ғылыми жобалар жарысына, олимпиадаларға қатысатын оқушыларға тренинг өткізу

Дарынды балаларды психологиялық-педагогикалық жетелеу

19.12.

Анықтама

Сәрсенғалиева М.Т.

психологтар

25

Оқушылардың облыстық «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығында болатын ғылыми жобалар жарысына қатысуы

Оқушылардың зерттеу және өз жұмысын қорғап, шығармашылық қабілеттерін арттыру

20.12.

Сұраныс беру

Жетекшілер

26

Республикалық олимпиадаға(аудандық кезең) қатыстыру(8-11 кл.)

Оқушылардың жалпы интеллектісін, шығармашылық қабілетін анықтау

24.12.

Сұраныс беру

Карагулова Д.К


27

«Менің Қазақстаным» атты шығармашылық байқауын өткізу(1 – 4 кл.)

Оқушылардың музыкалық-эстетикалық талғамын шыңдау және орындаушылық мәдениеті мен кәсіби шеберлігінің артуына ықпал ету және өнерге қабілетті дарынды балаларды анықтау

28.12.

Анықтама

Музыка пәнінің мұғ.

28

Облыстық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасына қатыстыру

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқушылардың білімін анықтау

06.01

Анықтама

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері

29

Республикалық олимпиадаға(облыстық кезең) қатыстыру(8-11 кл.)

Оқушылардың жалпы интеллектісін, шығармашылық қабілетін анықтау

14.01.

Анықтама

Карагулова Д.К

30

«Ғылым әлеміне саяхат» оқушылардың ғылыми конференциясын өткізу

Оқушылардың шығармашылығын анықтау

18.01.

Анықтама

Карагулова Д.К

«Озат» ГҒҚ мүшелері

Секция жетекшіліері

31

Республикалық «Кенгуру –математика барлығы үшін»»

интеллект. ойын сайысын қатыстыру/3-11 кл./

Оқушылардың

логикалық қабілетін айқындау

20.01.

Анықтама

Математика пәні мұғалімдері

32

Гимназияішілік Кіші олимпиада өткізу(5 – 7 кл.)

Оқушылардың жалпы интеллектісін, шығармашылық қабілетін анықтау

25.01.

Анықтама

Карагулова Д.К

Пән мұғалімдері

32

«Бастау» математикалық турнирін өткізу/2-4 кластар аралығында/

Оқушылардың

логикалық қабілетін айқындау

28.01.

Анықтама

Бастауыш пәні мұғалімдері

33

Халықаралық «Кенгуру –лингвист»

интеллект. ойын- сайысын өткізу/3-11 кл./

Оқушылардың шығармашылығын анықтау

05.02.

Анықтама

Ағылшын тілі мұғалімдері

34

Гимназияішілік «Жыр жазамын жүрегімнен»

сайысын өткізу

Ақындық талабы бар оқушыларды анықтау және танып-білу

08.02.

Анықтама

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері

35

Оқушыларды республикалық сырттай «Тарих ата» интернет конкурстарға қатыстыру

Оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын, эрудиттік қабілетін анықтау

10.02.

Анықтама

Тарих пәнінің мұғалімдері

36

Халықаралық «Золотое руно» ойын - байқауына қатыстыру/3-11 кл./

Оқушылардың шығармашылығын анықтау

14.02.

Анықтама

Тарих пәні мұғалімдері және орыс әдебиеті пәні мұғалімдері

37

Гимназияішілік Абай,Шәкәрім, Махамбет, Оралхан Бөкей оқуларын өткізу.

Адамгершілікке тәрбиелей отырып, мәнерлеп оқуды жандандыру, ақындық шығармашылығын анықтау

19.02.

Анықтама

Қазақ әдебиеті пәні мұғалімдері

38

КҒА-ның жобалар дайындығын бақылау, күнделіктерін, сызбаларын тексеру.

Оқушылардың шығармашылығын анықтау

24.02.

Хаттама

Жетекшілер

39

Гимназияішілік «Знаток литературы» ойын байқауын өткізу

Оқушылардың орыс әдебиеті пәнінен деңгейін байқау

28.02.

Анықтама

Орыс әдебиеті пәнінің мұғ.

40

Гимназияішілік «Достық -2013» олимпиадасын өткізу.

Оқушылардың

білім деңгейін анықтау

04.03.

Анықтама

Қазақ тілі, математика,

тарих, ағылшын тілі

пәнінің мұғалімдері

41

Оқушылардың республикалық сырттай «Экология және балалар» атты ғылыми жарысына қатысуы

Оқушылардың зерттеу және өз жұмысын қорғап, шығармашылық қабілеттерін арттыру

11.03.

Анықтама

Биология, география, химия пәні мұғалімдері

42

Гимназияішілік «XXІ- ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойынды өткізу.

Дарынды балалардың эрудиттік қабілетін арттыру

18.03.

Анықтама

Карагулова Д.К

43

Гимназияішілік талантты жастар сайысын өткізу. (қолөнер,сурет,драма,

музыка)

Оқушылардың шығармашылығын анықтау

08.04.

Анықтама

Бейнелеу өнері, технология, музыка пәнінің мұғалімдері

44

Гимназияішілік «Жас талант», «Балдәурен»

байқауын өткізу

Оқушылардың шығармашылығын анықтау

15.04.

Анықтама

Музыка пәнінің мұғалімдері


45

Оқушыларды республикалық «ФизМат» конкурсына қатыстыру

Оқушылардың математика, физика пәндерінен логикалық ойлауын анықтау

19.04.

Анықтама

Физика, математика пән мұғ.

46

Оқушыларды халықаралық «Қолөнер - зор өнер» көрмесіне қатыстыру

Оқушылардың шығармашылығын анықтау

22.04.

Анықтама

Технология пәнінің мұғалімдері, үйірме жетекшілері

47

Оқушыларды аудандық спорттық жарыстарға

қатыстыру

Оқушылардың шығармашылығын анықтау

Жыл бойы

Анықтама

Тоғызқұмлақ үйірмесінің жетекшілері, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері, Үйірме жетекшілері

48

«Экспо-2017» шығармашылық жобаларды ұйымдастыру

Оқушылардың шығармашылығын анықтау

Жыл бойы

Хаттама

Дизайн үйірмесінің жетекшісі Дүйсенова А.

Қолөнер үйірмесінің жетекшілері.

49

«Тұрақты даму үшін экологиялық білім бойынша балалар бизнес жобалары»

республикалық конкурсқа сырттай қатыстыру


Оқушыларға экономикалық және экологиялық білімдерін дамыту

Жыл бойы дайындау,

наурыз айы қорытынд

Анықтама

Экономика және экология үйірмесінің жетекшілері

50

10-11 кл. оқушыларын «Әл-Фараби» олимпиадасына, olimp.iitu. қатыстыру

Оқушыларды мамандық таңдауға

бағыт беру

Ақпан айы

Хаттама

Карагулова Д.К

Пән мұғалімдері

51

Оқушылардың ғылыми әдістемелік бұрышын ұйымдастыру

Дарынды балалардың

жұмысын насихаттау өзге оқушыларды қоғамға тарту

04.05.

ҰҚ

Карагулова Д.К

52

Халықаралық «Сочи-2014» атты сурет байқауы жобаларына қатыстыру

Оқушылардың шығармашылығын анықтау

Жыл бойы

Хаттама

Курманов А.

Дизайн үйірмесінің жетекшісі: Дүйсенова А.

54

Оқушылар шығармаларын,жетістіктерін баспасөзде, қабырға газетінде жариялап отыру

Дарынды балалардың

жұмысын насихаттау өзге оқушыларды қоғамға тарту

Жыл бойы

Есеп

Карагулова Д.К

Жас тілшілер

55

2013-2014 оқу жылындағы жұмысты қорытындылау

Дарынды оқушыларды марапаттау

23.05.

МДОЖК

Гимназия директоры


















Бекітемін

Гимназия директоры

Мукашева Г.О.





6 Хромтау гимназиясы бойынша

Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жоспары

2013-2014 оқу жылы


















Хромтау қаласы

Интеллектуальді мәдениетті дамыту білім алушылардың белсенді ойлау қызметінің дамуын, негізгі құндылықтарды және осы заманғы ғылыми дүниетанымды қалыптастыру; олардың сана-сезімінің сенімді және қажетті біліммен толығуын, ақыл-ой қабілеті мен білімге құмарлығын дамыту.


Іс-әрекет мазмұны

(шаралар)

Іс-әрекеттің әдісі мен түрлері

Мерзімі

Кімдер қатысады, тартылады

Жауаптылар (кім өткізеді)

1

ХХІ ғасыр көшбасшысы

Сайыс

тоқсан сайын

Білім алушылар

Карагулова Д


2

Өлең сөздің патшасы

Интеллектуалды ойын

қазан

1сынып білім алушылары

Дощанова А

Карагулова Д

Өзін-өзі басқару ұйымы

3

Брейн-ринг

Интеллектуалды ойын

қазан

7сынып білім алушылары

Дощанова А

Карагулова Д

4

Ең үздік күнделік

Байқауы

ай сайын

1-11сынып білім алушылары

Жасағанбергенова Б

Карагулова Д

Дощанова А

5

«Кенгуру», «Ақбота» аймақтық, халықаралық сайыстар

Сайыстар

уқытында

Білім алушылар

Карагулова Д


6

Ең үздік оқушылар

Олимпиада қорытындысы бойынша

дер кезінде

Білім алушылар

Карагулова Д


7

Жас суретшілер байқауы

Байқау

ақпан

Білім алушылар

Карагулова Д


8

Ғылыми жұмыстарды қорғау

Сайыс

ақпан

Білім алушылар, ұстаздар

Карагулова Д


9

Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

Ойын

қазан, ақпан

5-6сынып білім алушылары

Карагулова Д


10

Не? Қайда? Қашан?

Ойын

қазан, ақпан

Білім алушылар

Карагулова Д


11

Әлемде талай қызық бар

Мерзімді баспасөз бен ғылыми журналдарға шолу

уақытылы

Білім алушылар

«Құбылнама» ақпараттық клубы















Өтемісова Арайгүл Өтемісқызы

Қаратөбе мектеп- гимназиясы, биология пәнінің мұғалімі, БҚО, Қаратөбе ауданы

Өзектілігі: Дарындылықты немесе ерекше қабілеттілікті балалық шақта жан – жақты қарастырған жөн. Қазіргі ғылым мен техниканың қарқынды дамыған шағында нағыз дарынды ғылыми қызмет,  ғылыми ойлаудан  үлкен  ізденіс пен тапқырлыққа жол ашады.

 

Меніңше, адамды танып – білу, оның бойындағы ерекше қабілетті көре білу мұғалім үшін аса қажет қасиет. Оқушы бойындағы дарындылықты анықтау және оны жетілдіре түсу әрбір мұғалім міндеті болып табылады. Көпшілік жағдайда мұғалімдер дарынды баламен жұмысты жүйелі ұйымдастырмағандықтан  келеңсіз олқылықтар болып жатады:

v дарынды баланы анықтау жолдарын дұрыс  таңдамау

v дарынды оқушымен жүйелі жоспардың  дұрыс ұйымдастырылмауы

v олимпиада мен түрлі конкурстарға озат оқушыны қатыстыру

v дарынды оқушының мінез – қылығын дұрыс танып білмеу

Осындай олқылықтарды жою үшін мұғалім өзінің әдістемелік және тероиялық шеберлігіне сүйене отырып дарынды оқушымен жүйелі жұмыс жоспарын ұйымдастыру керек. Мұғалім өз пәні бойынша ең біріншіден дарынды оқушыны анықтап алу шарт.

Өзімнің педагогикалық тәжірибемде дарынды оқушыны анықтауда сабақтарда оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін  және  түрлендірілген өзіндік тапсырмаларды жиі қолданып келемін. Әрбір сабақта үй тапсырмасы және сабақ барысындағы жеке тапсырмаларды мынадай талаптар бойынша бағалауды ұсынып отырамын.

Жеке тапсырма түрі

Тапсырманы биологиялық тілде айту

Тақырыпқа байланысты кесте жасау, тірек – сызбасын сызу, негізгі терминдерді жатқа айту

Тақырыпқа сай өз пікірін өз пікірін айта білу

Қосымша ақпарат көздерінен алынған материалдармен тақырыпты толықтыра білу

Венн диаграмасы, талқылау кестесі, семантикалық карта, бес жолды тұжырым т.б

 

 

 

 

Бұл талаптар тапсырма түріне қарай өзгертіліп отырады. Егер осы талаптар бойынша күнделікті  жауабы басқа  оқушылардан өзгеше жауабы байқалған оқушыны  қабілетті деп танып, ол оқушымен  жеке жұмыстар жүргізуді ұйымдастыруға болады.

Мысалы.Бекболатов Нұрдаулет «Жасуша» ұғымына бес жолды тұжырым тапсырмасында өз ойын жинақтап,  мағыналы тұжырым жазды:

  1. Жасуша

  2. Тірі, ұсақ

  3. Қоректенеді, тыныс алады, көбейеді

  4. Жасуша – ағзаның  ұсақ бірлігі

  5. Тірі бөлшек немесе біржасушалы ағза

Оқушы осы бір ғана бес жолды тұжырым арқылы жасушаға жан – жақты сипаттама берді. Ол «Синонимге біржасушалы ағза деп алғаным, қарапайым амеба, эвглена, кірпікшелі кебісшенің денелері бір ғана жасушадан тұрады»,- деп дәлелін ұсынды.   Осы бағытта қабілетті деп танылған Бекболатов Нұрдаулет, Болатжанова Шынар, Қамалғалиева Перизат және Киікбаев Манас сынды оқушыларды атап айтуға болады.  Олар өздерінің ұшқыр , нақты, өмірмен байланыстыра білген жауаптарымен көзге түсе білді. Осы қабілетті деп танылған балармен  жеке жоспар бойынша жұмыстанып келемін. Дарынды балаға арналған циклограмма жасақталынып жүйелі жоспармен  жұмыстанып келемін.

Жұмыс мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1

Биология пәнінен дарынды оқушыларды анықтау

Жыл бойы  (Сабақ барысында)

Өтемісова А.Ө

2

Анықталған дарынды балалар туралы мәліметті мектеп психологінен алып танысу. (Дарынды баланың мінезін айқындау)

Жыл бойы

Өтемісова А. Ө

3.

Мектептік және аудандық олимпиадаларға дайындық

Қазан - желтоқсан

Өтемісова А.Ө

4

Оқушылардың жеке қызығушылығын ескере отырып мектептік, аудандық сайыстарға ғылыми – зерттеушілік жобаларды дайындау

Қыркүйек -наурыз

Өтемісова А.Ө

5

Дарынды балалардың ата – аналарымен бірлескен жұмысты ұйымдастыру

Жыл бойы

Өтемісова А.Ө

6

Сыныптан тыс уақытта оқушылармен жекелеген кеңейтілген тапсырмалармен жұмыс

Жыл бойына

Өтемісова А.Ө

7

Пән бойынша  түрлі деңгейлік тапсырмалар, күрделі тест тапсырмалары, презентациялар, жобалар құрастыру (Оқушылармен бірлесе отырып)

Жыл бойына

Өтемісова А.Ө

8

Зерттеу жұмысы бойынша дарынды оқушыларды бағалау

Жыл аяғында (мамыр)

Өтемісова А.Ө

Циклограмма негізінде оқушылармен мынадай жеке тапсырмалар түрі жүргізіледі:

  • Ø Салыстыру (венн диаграмма)

  • Ø Кесте, тірек- сызба  (талқылау кестесі, семантикалық карта)

  • Ø Биосуреттермен жұмыс (Тірек суреттер символдары)

  • Ø Зерттеу жобасы (Алгоритм негізінде семантикалық карта)

Аталған әдістер оқушының пікірін ашық жазуға, өз ойын дәлелді түрде жеткізе білуге, шығармашылық қабілетін шыңдауға, зерттеу жұмысын жүргізуге, ойын жинақтауға үйретеді.

Дарынды оқушылармен зерттеу жұмысымен шұғылдану кезінде оқушы тақырыпты таңдау барысында өзін қызықтыратын тақырып алады. Содан кейін мен оларға мынадай семантикалық карта ұсынамын:

Тақырыбы

Өзектілігі (Не себептен сол тақырыпты алды)

Танымдық құндылығы

 

Зерттеу барысындағы өзінің үлесі(тәжірибе жасау, анкета, сұхбат жүргізу)

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

Қосымша деректерден, интернет желісінен іздене отырып, осы карта негізінде өзінің жұмысын ұсынады. Содан кейін бірлесе отырып түзету жұмыстарын жүргіземіз.

Мысалы: Киікбаев Манас «Кола сусынының адам организміне әсері» тақырыбындағы зерттеу жұмысы кезінде интернет желісінен түрлі тәжірибелерді қарап, сол тәжірибелерді өзі жасап  өз ойын қорытып шықты.

Тақырыбы

Өзектілігі

(Не себептен сол тақырыпты алды)

Танымдық құндылығы

 

Зерттеу барысындағы өзінің үлесі

(тәжірибе жасау, анкета, сұхбат жүргізу)

Қорытынды

1

Кола сусынының адам организміне әсері

Қазіргі таңда оқушылар арасында кола сусынына деген құмарлық күшейді. Соның нәтижесінде оқушылар арасында түрлі асқазан- ішек аурулары белең алуда

Кола сусынының зиянын тәжірибе арқылы дәлелдеп, оқушылар арасында үгіт жүргізу арқылы қолданушылар санын азайту

Тәжірибе 3 күнге кола сусынына татталған шеге, сиыр еті және бауыры және жұмыртқа орналастырдымТәжірибе нәтижесінде кола сусынындағы ет пен бауыр іри бастаған, жұмырқа түсі бұзылған және шегенің таты кете бастаған. Бұл оның құрамындағы ортофос қышқылы және оның тұздарының әсерінен екендігін көрсетеді

Кола сусыны өзінің құрамы жағынан бұлшық етке, бауырға және сүйек пен тіске кері әсері бар екенін айтыпүгіт жүргізу соңында коланы қолданатын оқушы саны азая бастады

Осылайша оқушылар өздерінің зерттеу жұмыстарын бір жүйеге келтіріп негіздейді. Жыл соңында олардың жұмыстарының нәтижесін  мына әдіспен бағалаймын:

Аты-жөні

Тақырыбы

Тақырыптың өзектілігі

Эксперимент

Ой қорыту

Зерттеу шеберлігі

Жұмыс құрылымы

Баяндау тілі

Танымдық құрылымы

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы критериге сәйкес бағалау нәтижесінде ең үздік зерттеушілер анықталып, аудандық, облыстық ғылыми жұмыстарға жолдама алып отырады және жұмысын одан әрі жетілдіре түседі. Осылайша дарынды оқушыларды ізденіске баулу нәтижесінде мынадай нәтижеге қол жеткіздік:

Оқушының аты – жөні

Жұмыс түрі

Жетістігі

1

Бекболатов Нұрдаулет

Облыстық экология олимпиадасы «Мектеп сөмкесінің оқушы денсаулығына әсері» зерттеу жұмысы

Облыстық пәндік олимпиада

 

І орын,2013жыл

 

 

ІІІ орын, 2013жыл

«Алғыс хат»,2014 жыл

2

Қамалғалиева Перизат

Облыстық экология олимпиадасы “Фаст – фуд тағамдарының адам ағзасына әсері” зерттеу жұмысы

ІІІ орын,

2010 және 2011ж

3

Болатжанова Шынар

Облыстық пәндік олимпиада

ІІІ орын, 2011ж

4

Ерахметова Динара

Облыстық экология олимпиадасы «Алоэ шырынының традесканция қалемшесінің тамырлануына әсері  және емдік қасиеті» зерттеу жұмысы

ІІІ орын, 2014ж

5

Киікбаев Манас

Облыстық экологиялық форум «Кола сусынының адам организміне әсері» зерттеу жұмысы

ІІ орын,  2014жыл

Аталған жетістіктер жүйелі жоспар бойынша жұмыстану нәтижесі деп ойлаймын. Қабілетті оқушылармен жумыстану кезінде олардың әрқайсысының мінез – қылығын ескеру керек. Мысалы: Манаспен жұмыс кезінде арамызда ешқандай кедергі болған жоқ. Ол өзінің тапқырлығымен, әңгімешілдігімен, жауапкершілігімен, жан – жақтылығымен ерекшеленді. Бір ғана кедергі болды, ол өзінің жан- жақтылығымен барлық пәннен көзге түсті және қоғамдық жұмыстармен жүрген кезінде тапсырмаларды кешеуілдетіп орындады, бірақ үлгеруге тырысты, өйткені тақырыпқа қызыға білді. Ал Нұрдаулет өзінің қырсық мінезімен көзге түседі. Егер ол өзі ойлаған жоспары болса, соны қалай да жүзеге асыруға тырысады, түзетуді көп жақтырмайды, бірақ дәлелмен көз жеткізгенде ғана өзінің қателігін мойындайды, өйткені оның бойында өзіне деген сенімділік басым, соның салдарынан оңай сұрақтардан қате жіберіп алады. Динара болса алаңғасар, кейбір тапсырмаларды шала орындайды, бәрінен тез болғысы келеді, бірақ өзінің сол қателігін түзеткісі келеді. Әрқайсысын тани отырып, сан қырлы әдістермен осы кедергілерді жоюға тырысып жұмыстанып келемін.

Қорытынды.Жұмыс барысында әлі де жетіспей жатқан кемшіліктер көрініс беріп отырады. Күнделікті сабақ барысында қабілетті деп танылған оқушылар тапсырмаларын тез орындап тастайды да,  зерігу көрініс бере бастайды.  Болашақта дарынды пән бойынша қабілетті оқушылар арналған күрделі деңгейдегі кеңейтілген тапсырмалар топтамасын жасақтау керек деп ойлаймын. Сонда оқушы сол тапсырмалар негізінде жан – жақты ой өрісі кеңіп, олимпиада тапсырмаларын  ықыласпен орындауға тырысады. Қабілетті, білімді ұрпақ тәрбиелеу- әрбір мұғалімнің өз қолында.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Ү.Б. Жексенбаева «Балалар дарындылығын диагностикалау». Алматы.2005ж

2. «Дарын» журналының жинақтамалары.

3.А.И. Савенков «Одаренный ребенок в массовой школе» Москва.2001г

 

 

Қосымша1

http://www.zkoipk.kz/images/stories/conf/rsem/1/1.jpg

Ерахметова Динара «Алоэ шырынының  традесканция қалемшесінің тамырлануына әсері және емдік қасиеті» зерттеу жұмысы кезінде

 

http://www.zkoipk.kz/images/stories/conf/rsem/1/2.jpg

Киікбаев Манастың «Кола сусынының адам организміне әсері» зерттеу жұмысы кезіндегі тәжірибелері

 

http://www.zkoipk.kz/images/stories/conf/rsem/1/3.jpg

Бекболатов Нұрдаулеттің «Мектеп сөмкесінің оқушы денсаулығына әсері» зерттеу жұмысы кезіндегі 5 сынып оқушыларына түсінік жұмыстарын жүргізу кезең



Автор
Дата добавления 05.12.2015
Раздел Биология
Подраздел Конспекты
Просмотров2710
Номер материала ДВ-231338
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх