Инфоурок Другое Другие методич. материалыДарынды және талантты балаларды дамытудағы байқаулар мен көркем шығармалардың рөлі

Дарынды жіне талантты балаларды дамытудағы байқаулар мен көркем шығармалардың рөлі

Скачать материал

Дарынды және қабілетті балаларды дамытудағы байқаулар мен

 көркем шығармалардың рөлі

 

“… Бізге керегі шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, нағыз әдебиет пен өнерін жасайтын тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті.”

Н.Ә.Назарбаев.

 

 

Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жан-жақты жағдайлар жасау қажет. Дарындылықтың табиғаты шексіз. Дарын дегеніміз – адамның белгілі бір салада көрсеткен жоғары қабілеттілігі.

 

Дарынды, қабілетті балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам, қабілетті адам басқаларға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Сонымен дарынды, қабілетті, талантты бала деп баланың, ата-ананың, мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады. Мектептің мақсаты – жан-жақты білімді, іскер, өздік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, қабілетті тұлға қалыптастыру, балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру.

 

Дарындылықты дамытудағы басты мақсат – еліміздің зияткерлік қорын құру үшін адамзаттың ең талантты тобын пайдалану, жеке тұлғаның дарыны мен қабілетін жоғары деңгейге көтеру. Міндеттері: оқушылардың ақыл-ой қабілетін жетілдіру; шәкірттердің шығармашылық жеке дарындылығын дамыту; оқушыларды тәрбиелеуге олардың жан-жақты дамуын, еңбекке шығармашылық қатынасын, өмірлік, азаматтық белсенді позициясын қалыптастыруға және жоғары адамгершілік сапалары мен рухани құндылықтарының дамуына ықпал ету; дарынды балаларды оқыту мен дамыту; дарынды, қабілетті балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін ұйымдастырылған педагогикалық-психологиялық жағдайларды жақсарту.

Дарынды балаларды анықтау – баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес (мысалы: сынақтан өткізу). Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет.

Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы тиіс.

 

Бүгінгі таңда бастауыш сыныптан бастап оқушының сөйлеу қабілетінің дамуына әсер ететін жайға көп көңіл бөлуіміз керек. Себебі, тілі жетік оқушы кез келген жерде жақсы нәтижеге қол жеткізе алады. Ал тілі дамымаған оқушы біліп тұрғанының өзін өз дәрежесінде жеткізе алмай қиналады. Оқушының мұндай қиналысқа душар болуының бір ұшы бастауыш сыныпта балалардың жылдам оқу дағдысын қалыптастыру үшін минутпен оқыту дағдысы кеңінен қолданылады. Осы бастауыш сыныптың кезеңінде баланы жылдам оқуға қалыптастырумен қатар түсініп оқуын қадағалап отыру маңызды. Себебі оқушы мәтінді түсініп оқымай, әйтеуір тез оқысам деп құрғақ оқуы үлкен қателікке соқтырады. Кейін жоғары сыныпқа өткен сайын оқушыда түсініп оқу дағдысы бірте-бірте азаяды. Осыдан келіп кей оқушы кез келген мәтіннің не әңгіменің мазмұнын айтуда жаттандылыққа ұрынады. Осы орайда «Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады» дейді американдық ғалымдар.

 

Сондықтан жалпы бала бойындағы дарындылықты анықтауда асығыстық жасауға болмайды. Ол үшін әуелі жас жеткіншектің бойындағы ерекшелік қасиетін анықтау үшін әуелі белгілі педагогикалық-психологиялық әдістер қолданамыз. Оқушыны зерттеу мен қабілетіне қарай даралауда құпиялық сақталады. Себебі: бала көңіліне қаяу түссе, оның бойындағы бар қабілет-қарымы өспейді, керісінше өшуі мүмкін.

 

Мұғалімнің дәстүрлі оқу үрдісінде негізінен шығармашылыққа уақыт жете бермейді. Сонымен бірге, дарынды бала өз ісінен ләззат алуға бейім болғандықтан, есте сақтау және қайталау әдісі оны біріншіден, тез жалықтырады, екіншіден, оның санасында «білімді толық игеру», яғни «сабақта өтілетін дидактикалық материалды толық білу» елесі пайда болады, үшіншіден, ол мұғалімге тәуелділікке төзе алмайды. Нәтижесінде дарын сөнеді. Дарындылық сөнбеуі үшін бала тұрақты түрде бақылауда болуы тиіс, тұрақты түрде шығармашыл деңгейде іс-әрекет жасау қажет, мұғалімге тәуелді екенін сезінбеу керек. Әр оқушы өздерінің мұғалімнің зерттеу обьектісінде тұрғанын сыныптастары бірін-бірі білмеу керек, бақылау табиғи түрде жүргізілу керек.

Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі басты тұлға – мұғалім. Сондықтан дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімге қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптарды мынадай бөліктерге бөлуге болады.

1.Мұғалімнің бағыт-бағдарына қойылатын талаптар:

-дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі;

-оқушыны жақсы көруі және қабілеті жоғары оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болуы;

-дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығушылық таныту және нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеуі;

-дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;

-дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуы;

2.Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:

-өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;

-қызмет нысанын, яғни бірыңғай педагогикалық үрдісті білуі;

-жеке тұлға теориясы, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі;

-дарынды оқушыны анықтаудың психодиагностикалық әдіс-тәсілін білуі;

-қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білуі;

-дарынды оқушыны оқытуы, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей, оның басқа көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлуі;

-дарынды балалардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі;

3.Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:

-дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

-дарынды оқушыларды (жекелей және топпен) оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс жасай білуі;

-оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруы;

-дарынды оқушыны зерттеуге психодиагностикалық күнделік жүргізуі;

-оқытудың инновациялық технологияларын, дифференциялды әдісін қолдана білуі;

-оқушылармен қарым-қатынасын психологиялық тұрғыдан сауатты орната білуі;

-дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;

-дарынды оқушының ғылыми – ізденіс жұмыстармен айналысуына жетекшілік етуі;

-дарынды оқушыны олимпиадалар -мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы;

-дарынды оқушының ата-анасына әртүрлі педагогикалық-психологиялық кеңестер беруі.

Міне, осылайша жүргізілген жұмыс өз нәтижесін береді.

Бірнеше жылдар арасында балаларға тек қана білім беріп қана қоймай, үздік білім берудің жолдарын қарастырып келеміз. Осы ретте мектебімізде балалардың дарындылығын ғылыми жұмысқа арттырудан бұрын, олардың сабақ үлгерімінің жоғары болуын басты назарда ұстаудамыз.

Дарынды балалармен жұмыс жүргізуде арнайы бағдарламалардың жеткіліксіздігі ұстаздарға, әсіресе жас мамандарға өз қызметі барысында қиындықтар туғызып отыратындығы – бүгінгі таңда толғандыратын мәселе. Қазіргі тереңдетіліп оқытылатын пәндерге арнайы бағдарламалардың қолға түсе бермеуі немесе олардың толыққанды болмауының өзі – дарынды балалардың дамуын толық қамтамасыз ете алмайды. Мектеп дарынды балаларды оқыту, дамыту, тәрбиелеу ортасы болу үшін оқу үрдісінде сараланған, жан-жақты талданған, оқушының даму деңгейіне, жас ерекшелігіне сай жасалған бағдарламалардың құрылуын талап етеді.

 

Уақыттың өзі мектеп ұстаздарына өскелең ұрпаққа жаңа заман талабына сай озық ұлттық дәстүр рухында білім беріп тәрбиелеуге, өмірде осы алған білімі мен тәрбиесін лайықты пайдалану секілді жауапты міндеттер жүктеп отыр. Бұл міндеттерді абыроймен орындау үшін ұстаздар қауымы оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану керек екені анық.

Өмірдегі шынайы ғажап, адамзатқа маңыздылар дарындылар қолында, ал сол дарындылардың тағдыры біздің, яғни, ұстаздар қауымының қолында.

Дарынды баланы оқыту мен тәрбиелеуде күтілетін нәтиже – тіл байлығы мол, кез келген ақпаратты сараптай алатын және осы ақпарат бойынша өз ойын білдіріп, қорытынды жасай алатын, қандай да болмасын қиын істердің шешімін таба білетін, жұмыс үрдісі нәтижесіне қарай бағалай білетін, өз ойларын, бастамаларын тәжірибеде қолдана білетін, ойы жүйрік, таңқаларлық жаңашыл ойлар айтып, жаңалықтар ашатын сезімталдығы жоғары, эстетикалық, рухани құндылықтар иесін таба білу.

 

Дарынды балаларға қызмет етуден жалықпайық, ұстаздар! Әріптестерімен тәжірибе алмастыру арқылы осы бағыт бойынша кәсіби деңгейіміз жоғарылай берсін демекпін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баяндама 

 

 

 

 

 

 


Тақырыбы:

 

Дарынды және қабілетті балаларды дамытудағы байқаулар

                             мен көркем шығармалардың рөлі

 

 

 

 

 

 

Дайындаған :     Немзорова Светлана Андреевна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Амангелді ауданы

2016-2017 оқу жылы

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дарынды және талантты балаларды дамытудағы байқаулар мен көркем шығармалардың рөлі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по экономической безопасности

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 865 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.08.2017 1370
    • DOCX 26.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Немзорова Светлана Андреевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Немзорова Светлана Андреевна
    Немзорова Светлана Андреевна
    • На сайте: 6 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 89481
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой