Скачивание материала началось

Предлагаем Вам установить расширение «Инфоурок» для удобного поиска материалов:

ПЕРЕЙТИ К УСТАНОВКЕ

Новый курс повышения квалификации!

Цифровая грамотность педагога. Дистанционные технологии обучения

Разработан летом 2020 специально для учителей

Успеть записаться

-50% До конца лета

Каждую неделю мы делим 100 000 ₽ среди активных педагогов. Добавьте свои разработки в библиотеку “Инфоурок”
Добавить авторскую разработку
и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Биология СтатьиДарынды және талантты балаларды оқыту

Дарынды және талантты балаларды оқыту

библиотека
материалов

Алматы облысы Көксу ауданы

Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп










Дарынды және талантты балаларды оқыту

























Биология пәнінің мұғалімі:

Уәлиев Ұлан Бақыткелдіұлы




«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр», — дей отырып Елбасы Н.Ә.Назарбаев қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуды ғана емес, тарихи танымдық, саяси экономикалық білімділік, педагогикалық-психологиялық және ақпараттық сауаттылықты талап етеді.

«Баланы оқытудың мақсаты — оны әрі қарай мұғалімнің көмегінсіз — ақ дамуға қабілетті ету», — дей отырып Эдгард Хабард бүгінгі таңдағы білім берудің мүмкіндіктерін айқындайды. Өзгермелі қоғамдағы білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне мүмкіндік тудыру екеніне көз жеткізудеміз.

Шығармашыл мұғалімдер білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн балаларға қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты міндеттер – білім саласында ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететiн едәуір күрделі мәселе. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады. Тәжiрибеге жасалған талдау оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мектеп бүкіл оқушылар үшін мектеп стандартын күрделендіре отырып, бастауыш буын деңгейінде «жалпы мектептік саясатты» және орта буын деңгейінде «кеңейтілген» мектеп тәсілін құрған жағдайда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетеді. (Нұсқаулық 72- бет).

Қабілетті, дарынды балалар көбінесе шапшаң, тез ойланатын, көп көлемде білімді меңгеретін, оны ұзақ уақыт бойына ұмытпайтын болып келеді. Түсінігі өте жоғары, сезімтал, жоспарлаған ойын, алдына қойған мақсатын қалайда орындауға тырысатын, түйсігі ерте дамып, моральдық қасиеттерге бай, қиялы ұшқыр, батыл әрекеті басым болып келеді.


Оқушылардың қабілеті мен дарындылығын дер кезінде айқындау, оларды тәрбиелеу білім беру жүйесін жетілдірудегі негізгі міндет болып табылады.


Негізгі міндеттерді көздеу үшін бағдарламалар мен ережелер әзірленген:


- қабілеттілікті ерте айқындауды қамтамасыз ету;


- оқушының шығармашылық мүмкіндігін көрсететін диагностика жүргізу;


- қабілетті балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерге арналған педагогика-психологиялық кепілдемелер әзірлеу;


- дарынды балаларға практикалық көмек көрсету.



Дарынды және қабілетті оқушыларды айқындаудың жолдары:


  • Даралап оқыту;

  • Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді тереңдете оқыту;

  • Кеңейтілген, тереңдетілген тапсырмалар дайындау;

  • Оқушының шығармашылыққа және мамандыққа қызығушылығынан өнер, әдебиет, техника, ғылым салаларындағы олимпиадаларға, байқауларға қатыстыруы арқылы дамыту;

  • Пәндерді таңдауын, практикумдарды, жеке кеңес беруді енгізу.

Оқушылардың өзіндік шығармашылық қабілеттерін іске асыру барысындағы дайындығын қалыптастыру — дарынды балалармен жұмыс жүргізудің негізгі мақсаты. Бұл үдеріс оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асырылады. Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу -ұстаз парызы болса, баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.


Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз. Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі».


Дарынды балаларды оқытуда Выготскийдің еңбектерін атап өту аса маңызды деп ойлаймыз. Бастапқы негізді білу кез — келген баланы дамытуға қолайлы орта ұйымдастыру үшін айқындалуы тиіс. Яғни оқушының негізгі мотивациясының деңгейін, оның қабілеттерінің деңгейін, логикалық ой-өрісі деңгейін бағамдау қажет. Бұл туралы Эйрде айтып кеткен болатын. Выготский бойынша «Жақын арадағы даму аймағы» теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. Эйр тым күрделі жұмыс балаларға қиын орындалатын және олардың ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдеген (2001). Шынымен де мұндай тапсырмалар оқушылардың өздеріне деген сенімсіздігін арттырып, пәнге қызығушылығын төмендетеді. Сол себептен, әр оқушының жеке қабілеттерін зерттей отырып, олардың білім алуына қолайлы жағдайлар туғызғанда ғана жүйелі нәтижеге қол жеткізуге болады.


Мұғалiм оқушының талантты немесе дарынды екенін анықтау мәселесінің шеңберінде жұмыс жүргізгенде бұл ұғымның мазмұндық жағына көңіл бөлуі қажет. Балалар бiр ғана пәннен емес бірнеше академиялық пәндерден жоғары деңгей көрсетуі мүмкін: мәселен, әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен танылуы ықтимал. Сонымен қатар олар бiр салада дарынды болса, басқа салада қиындыққа тап болуы ғажап емес. Дамудың бiр кезеңінде өте қабiлеттi болса, келесі кезеңдерде қабiлеттерiн танытпауы да мүмкін. Бұл дарындылық пен қабiлеттiлiктерді мұғалiмдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелерi немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабiлеттiлiктерiн, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшiн оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін. (Нұсқаулық 72-бет)


Оқушылардың қабілетіне, ерекшеліктереріне қарай үшке бөлуге болады:


  • Шағармашылық дарындық;

  • Интеллектуалды, табиғи дарындылық;

  • Лидерлік дарындылық.

Демек, педагог баланың қай жағынан дарынды екенін анықтауды ерте жасынан қолға алуымыз керек. Кейбір балалар өздерінің дарынды екендігін көрсетуге қабілетті болса, кейбіреулері өз талантын көрсетуге асықпайды немесе өздері де байқамайды. Осындай кезде біз ата-ана, психологтармен, керек кезде сол оқушылардың құрбыларымен, сыныптастарымен бірігіп жұмыс атқаруымыз қажет. Арнайы зерттеулер жүргізуіміздің нәтижесінде дарынды оқушылармен жұмыс жасауды жоспарлаймыз.


Педагогикалық шеберлік орталығының мұғалімдерге арнап порталда өткізіліп жатқан форумдарда талантты және дарынды балаларды оқытуда бір қатар қиындықтардың кездесіп отырғандығы белгілі болды. Оқушылардың дарындылығы мен таланттылығын тексеру парағында зерттеулерге негізделген және ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерді тиімді қолдануға болады, олар төменде көрсетілген (Montgomery, 1996; Freeman, 1991):


  • есте сақтауы және білімі: олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары; олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады;


  • өз білімін жетілдіруі: олар оқыту үдерісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады.


  • ойлау қабілетінің жылдамдығы: олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспардың жүзеге асуына тез жетеді;


  • мәселені шешуі: олар ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жетеді;


  • икемділігі: басқаларға қарағанда олардың ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған, дегенмен олар оқуда және пробламаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады;


  • күрделілікке деген сүйіспеншілігі: қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады;


  • шоғырлануы: ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырлау қабілеттері бар;


  • ерте символдық белсенділігі: олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды (Freeman, 1998).


Оқу үдерісінің барысында оқушыларды мұқият бақылауға алуды анықтау жоғарыдағы белгілер негізінде жүзеге асырылады. (Нұсқаулық 74-бет).


Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. А.Байтұрсынов: «Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақ», — деп білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстазға сипаттама береді. Еліміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде десек, сол жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы, білімді игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру ұстаз шеберлігіне байланысты.


В. Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады», — деп тұжырымдайды.

Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да жарысы қолданылады. Шығармашылық — өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің ұштасуы.











Пайдаланылған әдебиеттер:



Мұғалімге арналған нұсқаулық. «НЗМ»ДББҰ, 2012.

Жексенбаева Ү.Б. «Балалардың дарындылығын диагностикалау», Алматы: «РАДиАЛ» баспасы , 2005ж.

Жексенбаева Ү.Б. «Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру», Алматы: «РАДиАЛ» баспасы , 2005ж

// Дарын. Ақпарат-әдістемелік жинақтары. –Астана, «дарын»РҒПО. 2003-2008жж.

// Одареннный ребенок. Ғылыми-практикалық журнал. – Москва,2004-2008жж

Курс профессиональной переподготовки
Учитель биологии
Курс профессиональной переподготовки
Учитель биологии и химии
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Организация и руководство учебно-исследовательскими проектами учащихся по предмету «Биология» в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «ФГОС общего образования: формирование универсальных учебных действий на уроке биологии»
Курс профессиональной переподготовки «Биология: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Медико-биологические основы безопасности жизнедеятельности»
Курс повышения квалификации «Государственная итоговая аттестация как средство проверки и оценки компетенций учащихся по биологии»
Курс повышения квалификации «Нанотехнологии и наноматериалы в биологии. Нанобиотехнологическая продукция»
Курс повышения квалификации «Основы биоэтических знаний и их место в структуре компетенций ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Анатомия и физиология: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Гендерные особенности воспитания мальчиков и девочек в рамках образовательных организаций и семейного воспитания»
Курс профессиональной переподготовки «Организация производственно-технологической деятельности в области декоративного садоводства»
Курс повышения квалификации «Составление и использование педагогических тестов при обучении биологии»
Курс повышения квалификации «Инновационные технологии обучения биологии как основа реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и выполнение работ по производству продукции растениеводства»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.