Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / Дарындылықты анықтау тесті. Пән мұғалімдеріне
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Директору, завучу

Дарындылықты анықтау тесті. Пән мұғалімдеріне

библиотека
материалов

Дарындылықты анықтау тесті


Ата-аналарға нұсқау


Сізге баланың қабілеттерін дамытуда нақты кеңестер мен ұсыныстар айту үшін біз алдымен баланың бейімділігі туралы мағлуматтардан хабардар болуымыз керек. Сізге 35 сұрақ беріліп отыр, ойлана отырып, балаңыздың мүмкіндігін асырып немесе кемітпей жауап беруге тырысыңыз. Жауабыңыз шындыққа жанасуы үшін балаңызды өз құрбыларымен салыстыра отырып жауап беріңіз.

Жауап парағына аты-жөніңізді жазыңыз. Жауаптарыңызды ретіне қарай түсіріп отырыңыз. Егер сұрақ мазмұны сізге ұнамаса «-», ұнаса «+», егер өте ұнаса»++» белгілерін қойыңыз. Егер қандай да бір себептермен жауап беруге қиналсаңыз, сол жауап ұяшығын бос қалдырыңыз.

Сұрақ парағы

Әрбір сұрақ «сізге ұнайды ма?» сөздерімен аяқталады.

  1. логикалық және ойлануға арналған тапсырмаларды шешу;

  2. өз бетіңізбен (сізге біреу оқыса) ертегі, әңгіме, повестерді оқу;

  3. ән айтып, әуендету;

  4. дене шынықтырумен шұғылдану;

  5. басқа балалармен ұжымдық топтық ойындар ойнау;

  6. табиғат туралы әңгімелер оқу(сізге оқыса тыңдау);

  7. ас бөлмесінде жұмыс істеу(ыдыс жуу, ас дайындау);

  8. техникалық нобайлағышпен ойнау;

  9. тілді меңгеру, жаңа сөздерге қызығу мен қолдану;

  10. өз бетімен сурет салу;

  11. спорт, қозғалыс ойындарын ойнау;

  12. балалар ойынын басқару;

  13. орманға, ен далаға шығу, өсімдік, жануар, жәндіктерді бақылау;

  14. дүкенге тағамдар сатып алуға бару;

  15. техника, машина, ғарыш кемелері және т.б. туралы оқу (сізге оқыса тыңдаған);

  16. жасырынған сөздерді табу ойындарын ойнау (қала, жануарлар аттарын табу);

  17. өз бетіңмен оқиға, ертегі, әңгіме құрастыру;

  18. күн тәртібін жасап, таңертеңгі жаттығу жасау;

  19. бөгде адамдармен әңгімелесу;

  20. үй аквариумын, құстар, жануарлар(мысық және т.б.) ұстау;

  21. өзіңнен кейін кітап, дәптер, ойыншықтар және т.б. жинастыру;

  22. ұшақ, кеме және т.б. суреттерін салу және жобалау;

  23. тарихпен танысу(тарихи мұражайларға бару);

  24. үлкендердің нұсқауынсыз өз бетіңмен бейнелеу өнерінің түрлерімен айналысу;

  25. спорт туралы кітаптар оқу (біреу оқыса тыңдау), спотр хабарларын тыңдау;

  26. балалар немесе үлкендерге бір нәрсе туралы түсіндіру (өз пікіріңді дәлелдеу, сөз жарыстыру, нандыру);

  27. үй өсімдіктеріне қарау;

  28. үлкендерге үй жинауда көмектесу (шаң сүрту, сыпыру, т.б.);

  29. өз бетіңмен санау, мектепте математикамен айналысу;

  30. қоғамдық құбылыстар мен халықаралық жаңалықтармен танысу;

  31. көрініс құруға қатысу;

  32. секциялар мен үйірмелерде спортпен шұғылдану;

  33. өзге адамдарға көмектесу;

  34. бақшада жұмыс істеу, өсімдіктерді өсіру;

  35. өз бетіңмен тігу, кесте тігу, жуу немесе көмектесу;






Жауап парағы

Парақ ұяшықтарында барлық сұрақтарға жауап жазылады ( - және + таңбаларымен)

Мерзімі:_________________

Тегі, аты:____________________________

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

Сұрақтар бала бейімділігін шартты түрде жеті салаға бөле отырып, сәйкесінше құрастырылған:

  • метематика мен техника;

  • рухани;

  • бейнелеу өнері;

  • дене шынықтыру мен спорт;

  • қарым-қатынастық қызығушылықтар;

  • табиғат пен жаратылыстану;

  • үйдегі міндеттер, өз-өзіне қызмет көрсетудегі қызметтер;

Бұл әдістеме диагностикалық қызметтен бөлек, өзгерту енгізу мен педагогикалық мәселерді шешуде көмегін тигізеді. Алынған нәтижелердің баланы әрі қарай бақылауда тірек-сызба ретінде пайдасы тиетіні сөзсіз. Олар арқылы баланы жан-жақты және үйлесімді дамытуға болады.

Нәтижелерді өңдеу

Қосу және алу таңбаларының санын тігінен санап шығыңыз (олар өзара қысқарады). Қосу таңбасының көп болуы басымдылық белгісін білдіреді. Қорытынды жасағанда зерттеушілердің шынайылығына мән берген жөн. Сонымен қатар кейбір дарынды балалардың қызығушылықтары барлық салаларда бірдей айқын көрінсе, ал кейбіреулерінің қандай да бір салалар бойынша бейімділігінің төмендігі байқалады. Бұл жағдайда бала қызығушылығы бағыттарының белгілі бір түрі туралы сөз қозғау қажет.

Берілген әдістеме ата-аналармен жүргізілетін жұмысты белсендіре түсуі тиіс. Оларды өз баласының қызығушылығы мен бейімділігін зерттеуге итермелеп, тым болмаса осы мәселе жөнінде ойлануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бала мен оның ата-анасының жауптарын салыстырудың өзі қызық. Бұл бала қызығушылығы бағытының шынайы бейнесін жасап, бала мен оның ата-анасымен жүргізілуі тиіс іс-шаралар зоналарын анықтауға мүмкіндік береді.















Ата-аналарға арналған әдістеме

Ата-аналар тексеруі

Мектептің оқу бағдарламасы сіздің балаңызға экспериментке қатысуды ұсынады. Осы орайда балаңыз туралы ақпаратпен қамтмасыз етуде сіздің көмегіңіздің маңызы зор. Сауалнама толтыру үшін бірнеше минут уақытыңызды бөлуді сұраймыз. Балаңыз туралы ғана жақсы білетін мағлұматтады белгілеп, көрсетілген уақытта мектепке әкеліңіз.

  1. Менің баламның сөздік қоры мол және ол өз ойын жақсы жеткізеді. Егер «иә» деп жауап берсеңіз, мысал келтіре кетіңіз.

Иә___________ жоқ_________

  1. Менің балам тапсырманы орындағанда бар күшін жұмсайды, табанды және тапсырманы өз бетімен орындайды. Мысал келтіруді өтінеміз.

  2. Менің балам кітап оқуды балабақшадан бастады. Иә______ жоқ_________

  3. Егер «иә» деп жауап берсеңіз, балаңыз оқыған кітаптарды атаңыз.

  4. Балам құмарлана кітап оқиды. Иә________ жоқ__________

  5. Балаңыздың соңғы 6 айда оқыған кітаптарын атауыңызды өтінеміз.

  6. Сіздің балаңыз қай жағынан талантты немесе ерекше қабілетті деп ойлайсыз?

  7. Сіздің балаңыздың аса қызығушылық танытатын заттарын немесе хоббиін атаңыз (коллекция жинау, иодельдер жинау, шеберлік және т.б.).

  8. Балаңыз мектептен тыс уақытта қандай арнайы қосымша сабақтарға барады?

  9. Сіздің балаңыздң мектепке қарым-қатынасы қандай?

  10. Мектеп пен үйдегі жағдайлар балаңыздың мектепке баруына кедергі жасайды ма?

  11. Бізге балаңызға арнап бағдарлама жасауда көмегін тигізер қандай ерекшеліктерді атап кетер едіңіз?

  12. Балаңыз бос уақытында немен айнлысады?

  13. Сіз өз балаңызды аса дарынды деп атар ма едіңіз? Иә_______ жоқ_______

а) бір нәрсені қиялмен орындайды, күрделі сөздер мен ым жасай отырып түсіндіреді;

ә) қарапайым мағлұматтарды күтпеген кейіпте пайдаланады;

б) бір нәрсені орындағанда қарапайым жолдарды пайдаланбай, жаңа жолды таңдайды;

в) «ойлармен ойнағанды» ұнатып, орынсыз жаңа жағдаяттар туғызады.

15. Сіздің пікіріңізше, балаңыз дарынды балаларға арналған бағдарламаның қай саласын игере алады?

Баланың аты_______________

Жасы__________

Сыныбы______________

Мекен-жайы________________ телефон_____________














«Дарындылық картасы» әдістемесі

Жалпы сипаттамасы

Бұл әдістемені автор (А.И. Савенков) Хаан мен Кафф әдістемелерінің негізінде жасаған. Бұл әдістеменің аталған авторлар әдістемесінен ерекшелігі – нәтижелерді өңдеу әдістемесін жеңілдету үшін әрбір бөлімнен бірнеше сұрақтар алынып, қысқартылды, сондай-ақ қорытындылау жұмыстарын жеңілдету үшін «сұрақнама» егізіліп, ол алынған ақпараттарды салыстырмалы түрде жүйелендіруге мүмкіндік береді.

Әдістеме ата-аналарға арналған және мұғалімдер де пайдаланса болады. Әдістеменің ерекшелігі 5-тен 10 жасқа дейінгі аралық. Ол екі негізгі қызметті орындауға есептелген.

Бірінші және негізгі қызметі – диагностикалау.

Осы әдістеме арқылы сіз баланың бойындағыв түрлі қабілеттер мен дарындардың байқалу деңгейін және де қазіргі уақытта қай түрі басымдырақ болып тұрғанын сандық сипатта бағалай аласыз. Алынған он бағаны сәйкестендіру арқылы тек сіздің балаңызға тән, оның жеке дарындарының даму портретін көре аласыз.

Екінші қызметі – дамытушылық.

Баланы бағалауға арналған тұқжырымдарды оның келешек даму бағдарламасы деп қарастырға болады. Сіз өзіңіз бұрын байқамаған нәрселерге көңіл бөліп, неғұрлым құнды деген тұстаға зейін қою мүмкіндігіне ие боласыз.

Әрине бұл әдістеме бала дарынының көрінетін тұстарының бәрін дерлік қамтымайды. Дегенмен ол бірегей әдістеме роліне таласпайды да. Бұл әдістемені бала дарындылығы диагностикасы әдістемелері кешенінің құрамдас бөлігінің бірі деп қарастыру қажет.

Нұсқау

Сіздерге бала іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзіндік он саласын қамтитын жүйелендірілген 80 сұрақ ұсынылып отыр. Оларды зейін қойып зерделеп, келесі шкаланы пайдалана отырып, әрбір көрсеткіш бойынша балаңызға баға беріңіз:

(++) – егер тұлғаның бағаланып отырған белгісі жақсы дамып, анық байқалып, жиі көрінетін болса;

(+) – белгі анық көрінгенмен, тұрақты байқалмаса;

  1. – бағаланып отырған және оған қарама-қарсы белгі, анық көрінбеген, сирек байқалады, мінез-құлық пен әс-әрекет барысында бір-бірін теңестіріп отырады;

(-) – бағаланып отырған белгіге қарама-қарсы белгі анық және жиі байқалады.


Бағаны жауап парағына қойыңыздар. Бірінші тұжырым бойынша бағаны жауап парағының бірінші ұяшығына, екіншісінікін екіншісіне және т.б. қоясыз. Толтыру уақыты 10-15 минут.

Егер сіз бағалау үшін қажетті мағлуматтарды білмесеңіз, сәйкес ұяшықты бос қалдырыңыз. Оссы тұсын бақылауға алуға тырысыңыз. Ал әзірге ата-ана мектебінде осы көрсеткіш үшін «екі» алдым деп есептей беріңіз.

Осы әдістеме бойынша баланы жақсы білетін басқа да үлкендерден, мысалы әжесі мен атасынан өз бағаларын беруін сұраңыз. Содан кейін орташа көрсеткіштерді оңай есептеуге болады, ол өз кезеңінде нәтижелердің шынайы болуын қамтамасыз етеді.











2

Жауап парағы

  1. Логикалық тұжырым жасауға бейім, абстрактілі түсініктерді пайдалануға қабілетті.

  2. Қалыптан тыс ойланып, көп жағдайда тосын, қайталанбас шешімдерді ұсынады.

  3. Жаңа білімдерді оңай игереді.

  4. Салған суретінде ұқсастық жоқ. Сюжет таңдауда ерекшелік танытады. Әдетте көптеген зат, адам және түрлі жағдаяттарды бейнелейді.

  5. Музыкалық сабақтарға үлкен қызығушылық танытады.

  6. Әңгімелер мен олеңдерді құрастырып, жазуды ұнатады.

  7. Түрлі кейіпке: адам, жануар және т.б. оңай енеді.

  8. Механизмдер мен машиналарға қызығады.

  9. Құрбыларымен қарым-қатынас жасауда бастама танытады.

  10. Қуатты, көп қозғалысты қажет ететін баоа деген әсер қалдырады.

  11. Жіктеп, даралауға үлкен қызығушылық пен асқан қабілеттілік танытады.

  12. Жаңа талпыныстардан қорықпайды, әрдайым жаңа ойды сынақтан өткізуге ұмтылады.

  13. Естігенін және оқығанын қайталамай-ақ жылдам есте сақтайды, есте сақтауы тиіс нәрсеге көп уақыт жұмсамайды.

  14. Жақсы фильм көргенде, музыка тыңдағанда, таңғажайып мүсін, әдемі зат көргенде ойл және ақылды кейіп танытады.

  15. Музыка ырғағы мен сипатына сезімталдықпен көңіл бөледі.

  16. Сюжет құрудан, дау дамайды шешуге дейінгі көлемде әңгімені оңай құрастыра алады.

  17. Әртістік ойынға қызығушылық танытады.

  18. Бұзылған құралдарды оңай жөндеп, жаңа ойыншық, құрал жасау үшін ескі детальдарды пайдалана алады.

  19. Бейтаныс адамдардың арасында өзіне сенімділігін жоғалтпайды.

  20. Спорт ойындары мен жарыстарға қатысқанды ұнатады.

  21. Өз ойын оңай жеткізеді, сөздік қоры мол.

  22. Түрлі заттарды таңдау мен пайдалануда шығармашыл(мысалы, ойыншық ретінде үй тұрмысындағы заттарды пайдалана алады).

  23. Өз қатарларынан жаңалықтар мен оқиғалар туралы ерте хабардар болады.

  24. Гүл, сурет, тас, марка және т.б. ерекше композиция жасауға бейім.

  25. Әнді жақсы орындайды.

  26. Әңгіме айтқанда сюжетті жақсы ұстанып, негізгі ойынан адаспайды.

  27. Басқа адамның кейпіне кіргенде дауыс ырғағын икемдеп, өзгертеді.

  28. Механизмнің бұзылу себебін анықтауды, сынықты жөндеу жолдарын іздеуді ұнатады.

  29. Балалармен және тез тіл табысады.

  30. Құрбылары арасында түрлі спорт ойындарында жиі жеңіске жетеді.

  31. Екі оқиға мен себеп-салдар арасындағы байланысты оңай табады.

  32. Өзі қызыққан нәрсеге бар болмысымен бойлауға бейім.

  33. Өз қатарларын оқудан бір немесе екі жылға басып озады, яғни қазіргі оқып жатқан сыныбынан да жоғары сыныпта оқуға лайықты.

  34. Ойыншық, коллаж, сурет, ойын алаңдарында балалар үйшіктерінің құрылысында жаңа материалдарды пайдаланғанды ұнатады.

  35. Музыка аспабында ойнауға, билеу мен ән салуда бар күші мен сезімін салады.

  36. Оқиға туралы әңгімелегенде тек қажеті детальдарды, басты сипаттарын ғана ұстанып, қажетсізін қалдырып кетеді.

  37. Драмалық сипаттағы дау-дамайды түсіну мен салуда өз қабілетін танытады.

  38. Механизмдер сызбалары мен нобайын жасауды ұнатады.

  39. Бақа адамдардың іс-әрекетінің себеп-салдарын түсінеді. Аяқталмаған ойды тез түсінеді.

  40. Балабақша мен сыныпта бәрінен жылдам жүгіреді.

  41. Ақыл-ойды көп қажет ететін күрделі мәселелерді шешуді үнатады.

  42. Бір мәселені шешудің түрлі жолдарын қарастыра алады.

  43. Танымы жан-жақты, айқын.

  44. Бос уақытында аа-анасының нұсқауынсыз көркемді қажеттілікке ие (үйді, киімді әсемдеу және т.б.) суреттерді, мүсіндерді, композициялардықуана-қуаа салады әрі жасайды.

  45. Музыкалық жазбаларды ұнатады. Концерт немесе музыка тыңдауға болатын жерге барғанды ұнатады.

  46. Кейіпкерлердің эмоциялық жағдайын, сезімдері мен тебіреністерін жеткізе алатын сөздерді әңгімелеу барысында қолдана біледі.

  47. Сезімдерін ыммен, қозғалыспе жеткізуге бейім.

  48. Жаңадан жасалған машина, механизм, құралдар туралы журналдар мен мақалаларды оқығанды (біреу оқыса, тыңдағанды) ұнатады.

  49. Басқа балалар ойыны мен жұмыстарына жиі басшылық жасайды.

  50. Жеңіл қозғалады. Қозғалыс үйімділігі жақсы.

  51. Байқампаз, құбылыстар мен оқиғаларды талдағанды ұнатады.

  52. Өз ойын ұсынып қоймай, басқалардікін де, өзінікін де өңдей алады.

  53. Өз құрбыларын бір немесе екі жал бұрын кітаптар, мақалалар, ғылым басылымдарды оқиды.

  54. Ө сезімі мен көңіл күйін білдіру үшін сурет салып, мүсін жасауға көп бой бұрады.

  55. Қандай да бір музыкалық аспапта жақсы ойнайды.

  56. Оқиғаны түсінуде маңызды детальдарды әңгімелеу барысындажеткізе алады (өз құрбылары жеткізе алмайды), сондай-ақ әңгімелеп отырған оқиға желісінен адаспайды.

  57. Басқа адамдардың эмоциялық қобалжуын бір нәрсені асыра әңгімелегенде оятуға тырысады.

  58. Ғылыми оқиғалар, жаңалқтар туралы әңгімелегенді ұнатады және көп ой толғатады.

  59. Өз жасына лайық жауапкершілікті мойнына алуға бейім.

  60. Жорыққа шыққанды, ашық спорт алаңдарында ойнағанды ұнатады.

  61. Символдар, әріптер мен сөздерді есінде ұзақ сақтай алады.

  62. Өмілік мәселелерді шешуде дәстүрден тыс жаңа шешімдерді сынап көруге қабілетті.

  63. Қорытынды мен жинақтаулар жасай алады.

  64. Ән айту мен музыкада өз сезімі мен көңіл күйін білдіруге ұмтылады.

  65. Көпшілікке белгілі нәрсе туралы әңгімелескенде жаңа, өзгертулер қосып, қиялдауға бейім.

  66. Көлемді бейнелеу жасауда саз, ермексаз, қағазбен және желіммен жұмыс істегенді ұнатады.

  67. Оңай әсірелеп, эмоциялық қобалжулары мен сезімдерін оңай жеткізеді.

  68. Өз «жобаларын» нобайлауға және жүзеге асыруға көп уақыт бөледі ( ұшу аппараттары, автомашина, кеме модельдері).

  69. Басқа балалар оның ойын ойнағанда және тапсырмалар орындағанда әріптес болғанын қалайды.

  70. Бос уақытын қозғалмалы ойынға (хоккей, баскетбол, футбол және т.б.) жұмсағанды ұнатады.

  71. Қызығушылық аясы кең, заттың шығу тегі мен қызметі туралы сұрақтарды көп қояды.

3

  1. Немен айналысса өнімшіл (сурет салу, әңгіме құрастыру, нобайлау және т.б.), түрлі ойлар мен шешімдер ұсынуға қабілетті.

  2. Бос уақытында көркем әдебиеттерді оқымай (ертегі, детектив және т.б.) ғылыми-танымал басылымдарды (балалар энцоклопедиясы мен анықтамалар) оқығанды ұнатады.

  3. Өнер шығармаларында өз бағасын бере алады, сурет, ойыншық, мүсіндерінде өзіне ұнаған нәрсені бейнелеуге тырысады.

  4. Өзіндік, ерекше әуендер ойла табады.

  5. Өз әңгімелерінде кейіпкерлерін тірілте отырып, олардың мінезін, сезімдері мен көңіл күйлерін жеткізе алады.

  6. Ойын әсірелеуді ұнатады.

  7. Компьютерді оңай әрі тез үйренеді.

  8. Нандыру қасиетіне ие, өз ойына басқаларды сендіре алу қабілетібар.

  9. Құрдастарына қарағанда дене бітімі жағынан төзімді.

Нәтижелерді өңдеу

Тігінен қосу және алу таңбаларын санап шығыңыз (олар өзара қысқарады). Саақ нәтижесін бағана соңына жазыңыз. Алынған ұпай жиынтығы сіздің бала бойындағы мынадай дарындардың даму деңгеиіне берген бағаңызды сипаттайды:

  • танымдық;

  • шығармашылық;

  • академиялық (ғылыми);

  • көркем-бейнелеу;

  • музыкалық;

  • әдеби;

  • әртістік;

  • психологиялық;

  • көшбасшылық;

  • спорттық..


Жауап парағы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40

41

42

43

44

45

46

47

48

49

50

51

52

53

54

55

56

57

58

59

60

61

62

63

64

65

66

67

68

69

70

71

72

73

74

75

76

77

78

79

80








4







ДЖОНС КРЕАТИВТІЛІГІ СҰРАҚНАМАСЫ


Мақсаты: мектеп алды және мектеп жасындағы балалардың шығармашылық ойлау деңгейін зерттеу.

Жалпы сиппаттамасы

Креактивтік сұрақтамасы (КС) өзін шығармашылықпен көрсетуге байланысты элементтерге көңіл бөледі. КС-бұл сыртқы бақылауға қолайлы креактивтіліктің байқалуын теңестіру үшін арнайы өңделген сегіз пунктілі шығармашылықпен ойлау мен іс-әрекет жасау сипаттамаларының шынайы тізімі. Сұрақнаманы толтыруға 10-20 минут уақыт бөлінеді.

КС бойынша маман креактивтілікті бағалау үшін бізді қызықтырған тұлғаның қандай да бір ортадағы әлеуметтік әсерлесуін бақылайды(сыныпта, қандай да бір жұмыс барысында, жаттығуларда). Сұрақнаманың әрбір тұжырымы бес деңгейлі шкала бойынша бағаланады(бағалаушы ұпайларға қараңыз).

Креативтілік жалпы бағасы – сегіз пункт бойынша ұпайлар санының жиынтығы болып табылады(ең төменгі – 8 ұпай, ең жоғарғысы – 40 ұпай). Кестеде ұпай санының креативтілік деңгейіне сәйкестілігі көрсетілген.

Сұрақнама мәтіні

Шығармашыл тұлға мүмкіндігі:

  1. Қоршаған ортаның нәзік, белгісіз, күрделі ерекшеліктерін сезіну (мәселені алдын ала сезу, күрделілігін қалау).

  2. Нақты жағдайда көптеген түрлі ойларды ұсыну және айта білу(ілеспелік).

  3. Түрлі сипат пен деңгейлердегі ойларды ұсыну(икемділік).

  4. Қосымша детальдар, ойлар, баламалар мен шешімдер ұсыну(өнертапқыштық, ізденімпаздық).

  5. Елестете алу, әзілқойлық, мүмкіндіктерді тұжырымдап, дамыту(елестете алу,. Нобайлай алу қабілеті).

  6. Мәселені шешуде тосын, жаңа мінез-құлық таныту(өнімділік, өнертапқыштық және түпнұсқалылық).

  7. Басқа келген қарапайым, көпшілікке белгілі ойлардан бас тартып, түрлі ойлар қарастырып, ұтымдысын таңдай білу(тәуелсіздік, қалыпсыздық).

  8. Туындаған қиыдықтарға қарамастан өз шешіміне деген сенімін жоғалтпау, мәселені шешуде септігін тигізер қалыптан тысой мен бағыты үшін жауапкершілікті сезіну (өз-өзіне сенім, жетілген, мығым іс-әрекет).

Жауап парағы

Мерзімі ____________________________

Мектеп____________________________

Сынып_____________________________

Жасы______________________________

Сауалнаманы толтыратын сұралушы (аты-жөні)____________________________

Бес ұпайлық жүйені пайдалана отырып, жоғарыда айтылған сипаттамалар қаншалықт дәрежеде көрінетінін бағалауыңызды сұраймыз.

Мүмкін болатын бағалау ұпайлары:

1 – ешқашан

2 – сирек

3 – кейде

4 – жиі

5 – үнемі

N

Аты-жөні

1

2

3

4

5

6

7

8

Ұпайлар жиынтығы












Жауап парағы

Парақ ұяшықтарында барлық сұрақтарға жауап жазылады ( - және + таңбаларымен)

Мерзімі:_________________

Тегі, аты:____________________________

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

Сұрақтар бала бейімділігін шартты түрде жеті салаға бөле отырып, сәйкесінше құрастырылған:

  • метематика мен техника;

  • рухани;

  • бейнелеу өнері;

  • дене шынықтыру мен спорт;

  • қарым-қатынастық қызығушылықтар;

  • табиғат пен жаратылыстану;

  • үйдегі міндеттер, өз-өзіне қызмет көрсетудегі қызметтер;



Жауап парағы

Парақ ұяшықтарында барлық сұрақтарға жауап жазылады ( - және + таңбаларымен)

Мерзімі:_________________

Тегі, аты:____________________________

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

Сұрақтар бала бейімділігін шартты түрде жеті салаға бөле отырып, сәйкесінше құрастырылған:

  • метематика мен техника;

  • рухани;

  • бейнелеу өнері;

  • дене шынықтыру мен спорт;

  • қарым-қатынастық қызығушылықтар;

  • табиғат пен жаратылыстану;

  • үйдегі міндеттер, өз-өзіне қызмет көрсетудегі қызметтер;




Жауап парағы

Парақ ұяшықтарында барлық сұрақтарға жауап жазылады ( - және + таңбаларымен)

Мерзімі:_________________

Тегі, аты:____________________________

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

Сұрақтар бала бейімділігін шартты түрде жеті салаға бөле отырып, сәйкесінше құрастырылған:

  • метематика мен техника;

  • рухани;

  • бейнелеу өнері;

  • дене шынықтыру мен спорт;

  • қарым-қатынастық қызығушылықтар;

  • табиғат пен жаратылыстану;

  • үйдегі міндеттер, өз-өзіне қызмет көрсетудегі қызметтер;

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІНІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ

І бөлім. Жаттығу

1. Қалампыр сөзі беріледі. Осы сөздегі әріптерді пайдаланып барынша көп сөз құрау қажет (уақыты 3 минут). Сөз құрауда бір әріпті екі рет қайталауға болмайды. Тапсырма бөлек парақпен беріледі және оған оқушы өз сөздерін жазады. Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы – 9 және одан көп сөз. Орташа деңгей – 7,8 сөз. Төменгі деңгей – 6 және одан да аз сөз.

2. Балаларға төмендегі әріптерден басталған бес сөзі бар, мүмкіндігінше көп сөйлем құру тапсырылады.

Қ-Б-С-А-Т

Сөйлемдегі құрылымдау икемділігін бағалау үшін дұрыс құрылған сөйлемдердің саны есептеледі. Сөйлемнің мазмұны болуы тиіс, сөйлемдегі сөздер септік, жақ, сөйлем мүшелері бойынша дұрыс жазылуы тиіс. Басқа сөздер қосуға болмайды. Толтыру уақыты 5 минут.

Тапсырма нәтижелерін бағалау экраны.


Балалар жасы


Деңгейлер

жоғары

орта

төмен

11 жас 12,13 жас

4 және одан көп, 5 және көп, 6 және көп

3 4 5

0-20-30-4

3. Мына үш жаңылтпаштан біреуін таңдап, жылдам айтып шығу керек (ауызша).

1. Қарға, қарға, қарғалар. Қар үстінде жорғалар.

2. Көк базарда бәрі бар. Барып бәрін ал.

3. Шалғышы шалғы алды. Шаңғышы шаңғы алды.

Жылдам, қатесіз – 2 ұпай. Қателерімен 1-ұпай.

ІІ бөлім

Сіз төмендеі жағдайларда ұсынылған жауаптардың қайсысын таңдар едіңіз (жауап символы карточкаға толтырылады).


  1. Егер мен балалар қалашығын салсам, онда:

а) еш жерде жоқ қаланы салар едім – 2

б) қаланы ұсынылған типтік жоба бойынша салар едім – 0

в) қаланы кино, журнал, кітаптан көргенімдей етіп салар едім – 1


  1. Егер мен достарымды туған күн кешіне шақырсам, онда:

а) сценарий жазып, сыйлықтар дайындаймын – 2

б) оларға уақытын айтып, ата-анама үмітімді артамын – 0

в) қонақтарға тағамдар дайындауға көмектесемін – 1


  1. Сабақ үстінде мұғалім қойған сұраққа мен келесідей жауап таңдаймын:

а) қарапайым – 0

ә) күрделі – 1

б) мүлдем жаңа – 2

4. Мен бір нәрсеге қатты қызықсам, онда:

а) өлең жазамын – 2

б) қызыққан нысанамды қызықтап отырамын – 1

в) қанағаттанушылық сезімде боламын – 0


  1. Егер мен сүйікті пәнімнен зерттеу жұмысын жүргізсем, онда:

а) көптеген қосымша әдебиеттер оқимын – 2

ә) жеңілірек материал таңдаймын – 1

б) мұғалім көмек береді деп үміттенемін – 0

6. Мен үшін қарым-қатынас жасауда ең бастысы:

а) өзгеше, жаңа нәрсе туралы мағлұмат алу мүмкіндігі – 2

ә) достарыммен өз қиындықтарым туралы бөлісу – 1

б) уақыт өткізу – 0


  1. Егер мен ғалым болсам, онда:

а) шетелге жиі барар едім – 0

ә) көптеген пайдалы кітаптар жазар едім – 1

б) адамзат пайдасы үшін жаңалықтар ашар едім – 2


  1. Егер сізге орманға барарда үш жол кездессе, онда сіз қайсысын таңдар едіңіз?

а) өзіңізге ыңғайлысын – 0

ә) таныстарым айтқан жолды таңдар едім – 1

б) белгісіз жолды таңдаймын – 2


  1. Менің қалауым – мектепте:

а) өз мүмкіндігі аясында оқытса – 1

ә) барлығы тату болса - 0

б) жаңа нәрселер туралы неғұрлым көп білсек – 2


  1. Үш жаңылтпашты дауыстап, анық айтыңыз:

а) кеше неше кесе сынды.

ә) Торғай тоғайды ұнатады. Тоғай торғайды ұнатады.

б) Піл күшті. Піл күшті емес тіл күшті.

ІІІ бөлім

Сіз ғұламалардың қанатты сөздерімен келісесіз бе? Өз жауаптарыңызды карточкаға мынадай символдармен белгілеңіз:

а) толық келісемін – 0

ә) келіспеймін – 2

б) қанатты сөзді бағалауға дайын емеспін – 1

11. «Ойды ой ғана жоққа шығарады» (О.Бальзак).

12. «Адамның ақылы арқылы оның жұдырығынан күштірек» (Ф.Рабле).

13. «Қабілеттер бұлшық еттер секілді жаттығудан кейін өседі» (И.Тимирязев).

14. «Тек ақымақтар мен өліктер ғана өз сөзін өзгертпейді»(Д.Оруелл).

15. «Етікші нан пісірсе, наубайшы етік тіксе, жаманшылық келгені деп біліңіз» (И.Крылов).

16. «Адамдар тек қорыққанынан ғана сыйлайды»(А.Чехов).

17. «Бар шындық айтылмайтыны белгілі болғанда, сөзге шебер болған оңай» (Р. Тагор).

18. «Әркімде өзі сенген нәрсенің жүзеге асырудың жеткілікті күші бар»(В.Гете).

19 «Адамдардан ұялу – жақсы сезім, дегенмен өз-өзінен ұялу бәрінен де жақсырақ» (Л.Толстой).

20. «Біренеше адамға бақыт сыйлаған адам, дүниедегі ең бақытты адам» (Д.Дидро).

21. «Ақылдың дәрменсіздігі – ақылдың күштілігіне сенімсіздікте» (В.Белинский).


4 бөлім. Обьект құрылымын өзгерте алу қабілетттілігі

Әр сұрақтың бірінші қатарында өзара байланыс немесе қандай да арақатынасы бар сөз жұптары бар. Сіз осы сөздер арасында қандай байланыс пен арақатынас бар сөз жұбын таңдауыңыз қажет. Карточкаға нөмірін жазыңыз.

Ұсынылған түпкі сөз жұптары белгілі бір арақатынаста тұр. Келесі түпкі сөзге ұсынылып тұрған бес сөзден дәл осындай арақатынаста сәйкес келетін сөзді анықтаңыз (дұрыс таңдау – 2 ұпай).

22. Теңіз – бассейн

1. Өзен - труба

2. Өзен – монша

3. Өзен – көлшік

4. Өзен – су


23. Қайта өрлеу – жеңімпаз

1. Өрлеу – тау

2. Өрлеу – көшбасшы

3. Өрлеу – жігерлендіруші

4. Өрлеу – қаһарман


24. Ара-бал

1. Ит-жүн

2. Қабан-тіс

3. Ешкі-сүт

4. Жылқы-тұяқ



25.Емхана – емделу.

Институт:

а) профессор;

ә) оқытушы;

б) оқыту;

в) мекеме;

г) студент;

26. Күлкі-мұңаю.

а) жеңіл;

ә) клоун;

б) ренішті;

в) көңілді;

г) түңілу;


27. Шыбын-өрмек

а) өрмекші;

ә) сазан;

б) ау;

в) қармақ;

г) жүзу;

5 бөлім. Сөздік пайымдық қабілеттері

Сізге ынталандыру материалы ретінде үщ сөз ұсынылады. Сіз осыларға сәйкес келетіндей, яғни ұсынылған әр сз бен сөз тіркесін құра алатындай төртінші сөзді таңдайсыз. Мысалы, ақ, жылдам, ыңғайлы; жауап-сөз ретінде кеме сөзі сәйкес келуі мүмкін. Ұсынылған сөздерге сізді пайымдауыңызша тура келген жауа-сөз неғұрлым ерекше, қайталанбас, айқын болғаны дұрыс. Сіз сөздердің грамматикалық қалпын өзгертіп, жалғаулар қоса аласыз. Жауаптарыңызда карточкаға салыңыз. Жауаптар саны да ескеріледі.


И

Ынталандырушы материал

Мүмкін болатын жауаптар

28

Асау, хрусталь, аялау

Фонтан

29

Сабыр, ұшақ, ой

Сынақшы

30

Бос, ми, бақша

Бас

31

Алу, күшті, рух

Сыйлық

32

Жүрек, болат, бару

Мереке

33

Кездейсоқ, үй, құпия

Кездесу

34

Қызыл, тұмсық, қу

Түлкі

35

Үміт, сұғу, тұтас

Жалын

36

Жедел, төркін бақыт

Табу

37

Әлсіз, қадам, монолит

Білім

38

Емен, машина, іші

Бюрократ

39

Теңіз, көп, тұлға

Жалқаулық

40

Жарық, аымақ, қанат

Арман

41

Қалта, топырақ, бозбала

Сағат

42

Ит, күш, дөңгелек

Өмір

43

Жылан, қызыл, мөр

Қағаз

44

Гүл, жауһар, шаңырақ

Ыдыс

Барлық нәтижелер ортақ кестеге енгізіледі, яғни тігінен аты-жөні, көлденеңінен жауап-сөз жазылады. Неғұрлым ерекшк жауапқа – 2 ұпай, қараайым жауақа – 1 ұпай.

Жағдайлардан шыу жолын табыңыз (карточканың сыртқы бетіне жазылады).

45. Сізді облыс әкімі етіп тағайындады. Сіздің батақы іс-әрекеттеріңіз қандай болар еді?

46. Сіз өзенде шомылдыңыз делік. Кенет біреулер сіздің киіміңізді тонап кетті. Сіз не істейсіз?

47. Сіз институтқа байқау бойынша өте алмай қалдыңыз. Сізге1 ұпай жетпей қалды. Бірақ сіз басқа екіталаптанушының 2 ұпайы жетпесе де, институтқа қабылданғанын естідіңіз. Сіздің әрекетіңіз.

Эксперимент жүргізуші былай жүргізеді:

Жауап жоқ – 0

Қарапайым жауап – 1

Ерекше жауап – 2

Әрбір заттың неғұрлым көп қолдану аясын атап шығыңыз (карточканың теріс бетіне).

49. Тоқыма сымы.

50. Тіс щеткасы.

51. Поллиетилен бөтелкесі.

6 бөлім (бақылау).

Иә-2; айту қиын-1; жоқ-0.

52. Маған жаңашылдық сезімі ұнайды.

53. Мен шындығында болуы мүмкін емес нәрсені елестете аламын.

54. Күрделі жағдайларда тез жиналып, өзіме келемін.

55. Шығамашылық күш легін жиі сезінемін.

56. Өзімнің қандай да бір нәрсеге әуестігімнің себебін түсіндіре аламын.

57. Мені еркше ойлар жиі мазалайды.

58. Күрделі мәселенің маңыздысы мен қосалқысына шектеу қоя аламын.

59. Өз еңбегінің айналамның берген бағасын тыңдауға әрдайым қуаныштымын.

60. Мен өзімнің бақытсыздығымның себебін түсіне білуді үйрендім.

61. Менің тнымдық сұраныстарымды қанағаттандыру үшін мектептің оқу материалы жиіжетіспейді.

62. Мен өз қабілеттерім мен мүмкідіктеріме сенемін.

Диагностика нәтижесі төмендегінше бағаланады:

А. Орындалған тапсырмалардың 2/3 бөлігі 2 ұпаймен бағаланған (жоғары шығармашылық деңгей).

Ә. Орындалған тапсырмалардың 0,5 – тен көп бөлігі 2 ұпаймен бағалаған (орташа шығармашылық деңгей).

Б.0,5-тен төмен-төменгі шығармашылық деңгей.






Тұлғаның дарындылық деңгейінің құрылымдық-мазмұндық сипаттамасы

(Үлкен жасөспірімдік жас)


Белгілер

Деңгейлік көсеткіштердің сипаттамасы

Оқушылапда ой-өрістік шығармашылық жұмысқа ынталандырушы- құндылықтық қарым-қатынастың орын алуы

Аса дарынды

дарынды

Орта дарынды

Саналы, мақсатты, зерттеушіліксипаттағы тоятсыз танымдық, қажеттілік. Түрлі білім саласы түріндегі мен қызмет түріндегі білімпаздық, танып білуге құмарлық.

Жоғары танымдық қызығушылық, білімпаздық, белгілі білім және қызмет саласында танып-білуге деген бейімділік.

Ынталандырушы себептер болғанда танымдық қызығушылық танытады.

Жаңа, ерекше нәрселер деген жан-жақты мақсаттылық. Белгілік білім салаышығармашылық, зерттеушілік қызметтке қабілеттілік.

Белгілі білім саласындағы шығармашылық, зерттеушілік қызметке, сондай-ақ көрегендік жасауға, ойларды күшейтіп, жинақтауға қабілеттілік танытады.

Шығармашылық зерттеушілік қызмет эпизодтық сипатқа ие.

Айқын көрінетін қабілеттілігін арқасында өзін жүзеге асыруға деген қажеттілікті сезінеді, бәсекелестік, көшбасшылық, түрлі байқаулар, олимпиадалар мен конференцияларға қатысуға ұмтылыс тән.

Бәсекелестікке, жетістікке жетуге ұмьылу бейімділігі анық байқалған. Өзін көрсетуге, тұғырландыруға, олимпиадалар мен жарыстарға қатысуға ұмтылады. Арнайы қабілетерге ие.

Ыеталандырушы себептер болған жағдайда бәсекелестікке бейімділік танытады.

Қайталанбас қабілеттермен байланысты қызмет аясы басымдылыққа ие болатын құндылықтар жүйесі қалыптасып келеді.

Құндылықтар жүйесінде негізінен өзінің жеке мүдделері басмдылыққа ие.

Жеке мүдделер мен құндылықтар жүйесі нашар дамыған.

Кез келген жұмысты жоғары талаптарға жеткізуге жан-жақты ұмтылады. Ойын ұшқырлай алады, нәтижеге көрегндік жасайды, қоршаған ортаны өз әрекетінің дұрыстығына сендіруге ұмтылады.

Кез келген жұмысты жоғары талаптарға жеткізуге жан-жақты ұмтылады. Ойын ұшқырлай алады, нәтижеге көрегндік жасайды, қоршаған ортаны өз әрекетінің дұрыстығына сендіруге ұмтылады.

Жетіле түсуге ұмтылады, нәтиже ме қабылданған шешімнің сенімсіз.


Жоғары танымдық мүмкіндік, білім деңгейі, жалпы білім, білігі мен дағдыларының жоғары деңгейі.

Жоғары танымдық мүмкіндік, жалпы оқу, зерттеу дағдыларының жоғарылығы. Қойылған міндеттерге тәуелділік.

Танымдық мүмкіндігі жоғары, бірақ жалпы оқу білігі мен дағдылары нашар.


Шығармашылық, өзіндік және білім жетілдіру жұмыстарына, сондай-ақ өзін-өзі тұғырландыру мен жетілдіруге жан-жақты дайындық.

Ынталандырушы себептер болғанда шығармашылық, өзіндік және білім жетілдіруге, сондай-ақ өзін өзі тұғырландыруға және жетілдіруге дайындық.

Өзін жетілдіруді жүзеге мен өз бетімен жұмыс атқаруға қажеттілік тнытпайды.

Автор
Дата добавления 17.12.2015
Раздел Директору, завучу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1079
Номер материала ДВ-266343
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх