Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Рабочие программы / Дарындылықты шыңдаудың негізгі көзі-мектеп

Дарындылықты шыңдаудың негізгі көзі-мектеп

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

Мектеп - дарындылықты шыңдаудың негізгі көзі

Дарындылық—адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Дарындылық пен қабілеттіліктің не екенін,оқушы дарындылығын анықтайтын психодиагностикалық әдістемелердің тиімділігін, нәтижелілігін білетін мұғалім ғана дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс істей алады.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты—олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету- оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Баланың дарындылығын анықтап, олармен жұмыс жасау қалай жүзеге асырылуы керек ? Ол үшін :
•Дарынды оқушыны таңдаған кезде оқушының жеке құжаттарын, мінездемесін , сынып журналын зерттеу;
•Оқушының сабақтағы , сабақтан тыс кездегі іс-әрекетіне бақылау жасап, талдау жүргізу;
•Әр түрлі әдістерді пайдаланып оқушы білімін тексеретін жұмыстарды ұйымдастырып, баланың білім деңгейін анықтау керек.
Кез-келген мұғалім осындай жұмыстарды жүйелі жасап және жан-жақты талдау жұмыстарын жүргізе алса ғана, оқушылардың дарындылығын, қабілет мүмкіндіктерін айқындай алады. Дарындылықты,оқушының креативті белсенділігін айқындау процесі көпжақты.
Дарындылық- табиғи және тәрбиелеу барысындағы дарындылық болуы мүмкін, сондықтан да оның қалай пайда болғанына қарамастан диагностикасы болу керек. Осы тұрғыда мектеп психологының ролі артады, олар педагогтарға көмек көрсетуі қажет. Дарынды оқушыны диагностикалауды мына бағытта жүргізуге болады:
-Оқушының креативтіойлауына;
-Оқушының өзін-өзі бағалау деңгейіне ;
-Оқушының толеранттылығына;
-Оқушының интуициясына;
-Ол лидер ме ?
-Өзін оқымысты деп бағалай ма?
-Оқушының қызығушылығы;
-Оқушының көңілінен шығатын іс-әрекеті;
-Оқушының тұлғалық бейімділігі мен қабілеттілігі.
Сонымен қатар мектеп әкімшілігі тарапынан мұғалімнің де дарынды оқушылармен жұмыс жасау бейімділігін де диагностикалау қажет,яғни «субъект-субъект» парадигмасының орындалуы, оқушы мен мұғалім арасындағы синергетикалық педагогиканың басшылыққа алынуы.
Қазіргі таңда дарынды оқушылармен жұмыс жасаудың негізгі бағыттары берілген. Бұл бағыттардың мақсаттары мен міндеттері төмендегідей:
•Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
•Жан-жақты ақпараттандыру;
•Коммуникативті бейімдеу;
•Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына көмек көрсету;
•Дарынды оқушының қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауы;
•Жеке бас құзыреттілігін дамыту.
Бұл мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін мынандай жұмыс түрлерін жүргізу керек:
1.Оқушымен жасалынатын жұмыстың икемді және ұтқыр жоспарын құру;
2.Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасау;
3.Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал

ету;
4.Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құру;
5.Оқушының мектептегі тьюторлық орталық пен тринитаризм академиясымен

тығыз байланыс жасауына ықпал ету;
6.Дистанциялық оқуды ұйымдастыру.
Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынадай мәселелерге баса назар аудару керек:
1.Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізу.
2.Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыру.
3.Сабақтан тыс мезгілінде жүргізілетін жұмыстарды- пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуальдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізу керек.
4. Білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделдетіп оқытуды ұйымдастыру;
Жеделдетіп оқыту бағдарламасын мұғалім оқушымен және ата-анамен бірігіп құруы тиіс.
Аралас сыныптарда дарынды оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына бақылауды мынандай бағыттарда жүргізу керек:
1.Оқушының өзіне деген сенімділігін орнатуына жағдай туғызу;
2.Мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы /Витогендік технология /;
3.Бастапқы кезеңде бағасыз бақылауды қолдану;
4.Оқушыны мадақтау, марапаттау;
5.Оқушыға дер кезінде бақылау жүргізудің логикалық түсініктемесі;
6.Сабақ үстінде шағын топ әдісін қолдану,т. б.
Мектепте дарынды оқушылармен жұмыс нәтижелі болу үшін, балалардың ата-аналарымен де бірқатар жұмыстар жүргізілуі керек.Олар:
•Ата-аналар күндерін ұйымдастыру;
•Мектеп психологы тарапынан ата-аналарға кеңес беру;


ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДА ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА БАҒЫТТАЛҒАН

ІС-ӘРЕКЕТ – ПӘНДІК-БАҒДАРЛЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ҚЫЗМЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУШІ


Бүгінгі күнде дарынды балаларды қолдауға бағытталған іс – шаралардың ақталатындығына ешкім күмән келтірмесе керек. Өйткені, осы балалар өркендеуді көздеген кез келген мемлекеттің басты байлығы екендігі рас және дарынды балалардың маңыздылығы ешбір азаймайды. Себебі, олар өз елінің, мектебінің, отбасының мақтанышы.

Дарынды бала деп қандай баланы айтамыз? «Дарынды бала-бұл белгілі бір салада жетістіктері айқын көрінетін немесе сондай жетістіктер әлеуеті мол бала» /Лейтис Н.С./.

Дарынды балалар интеллектуалды даму деңгейі орташа балалармен салыстырғанда, дамудың барлық көрсеткіштері бойынша алда болады.

Олар:

-оңай оқиды

-үлкен тіл байлығына және сөз қорына ие

-абстраттік ойлау қабілеттері ертерек қалыптасады

-тапқыр, қажырлы, шығармашылыққа бейім

-өзгенің ұстанымын қабылдауы қиын келеді

-жоғары әлеуметтік мұраттарымен ерекшеленеді

-адамдардың көңіл-күйін байқағыш келеді

-әділетсіздікке ерекше ұшқыр жауап береді

/Синягина Н.Ю., Чирковская Е.Г./

бала дарындылығын дамытуда, оның бойындағы шығармашылық, зерттеушілік, танымдылық, адамгершілік тұрғыдан өсуге деген қабілеттерін толық деңгейде жетілдіруде жеке тұлғаға бағытталған іс-әрекеттерді пайдалану тиімді болады.

Жеке тұлға ретінде баланың ашылуы үшін педагог-мұғалім қолдауы:

-балалардың жетістіктерін ерекше тіркеп көрсетіп отыруы

-пән олимпиадасындағы жетістіктері

-ғылыми-жоба жарыстарындағы жетістіктері

-интеллектуалдық бәсекеге қатысуы

-шығармашылық байқауларға қатысуы

Марапаттау кезеңінде:

«Ең ақылды»

«Ең дарынды»

«Ең тапқыр»

«Ең үздік»

«Ең мықты»

«Эрудит»

«Дарын» т.б.

Бұл модельдер соңғы нәтижеге жету үшін іске асырылатын қозғалысты көздейді. Сондықтан,оған жеткізетін оқытудағы түрлі іс-әрекеттер жұмыстың тиімділігін анықтайды.

Қазіргі заман мектебі жеке тұлғаның даралық сапаларын қалыптастыруда көп ресурстарға ие.

Мектеп оқушыларының жеке тұлғасын және танымдық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған мұғалім іс-әрекетінің нәтижелілігін көрсететін көрсеткіштер төмендегідей болуы мүмкін:

-оқытуда белсенді шығармашылық

-алдағы іс-әрекетке мотив/себеп/қалыптастыру

-білімнің түрлі қайнар көздерін пайдалану

-оқушының күшті жақтарына сүйену

-оқушының дербестігіне және дербес іс-әрекет жасауына сүйену

-жеке тұлғаға бағытталған тәсіл

Дарындылық сабақтарында дарынды оқушылармен жұмыс жүргізудің арнайы жобасы және бағдарламасы жасалынған.Мақсаты:оқытудың басты ерекшелігі-жеке тұлғаның көзқарастары мен болмысына ден қою. Жеке тұлға тәрбиелеудің түп негізі, оқушының жеке басының дамуы, оқушының өзіндік тәжірибесі, даралық қызметі болмақ.

Проблеманы шешу жолдары: шағын зерттеулер, қарапайымнан күрделіге өту. 1989-1990 оқу жылдарынан бастап жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан тарихы пәні дербес пән ретінде оқытылуда. Оқыту үрдісінде білімділік, тәрбиелік, дамытушылық жағын жүзеге асыруға ерекше назар аударылуда. Мәтіндер, сұрақтар, тапсырмалар, деректермен жұмыс істеу оқушыны отаншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеуге үлес қосса, түрлі бағдарламалар мен жұмыс дәптерлерін пайдалану танымдық белсенділігін арттыратындығы іс-тәжірибеде көрінді.Сонымен қатар, тапсырмалар бойынша жоспар жасау, диаграмма, кесте сызу, тарихи фактілер мен деректерге сүйене отырып, өздерінің қорытындылары мен берген бағаларын негіздеу, дәлелдемелер беруді жасай алатындығын көрсетті.

Тарихи маңызды оқиғалар мен құбылыстардың негізгісін ажырату үшін үзіндіні оқып, ондағы ойды жіктеп, ең басты деп саналатындығын дәлелдеп беруі тапсырылады. 8 класс Қазақстан тарихы «Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі» /Рольдегі оқушылар, мини-спектакль қойса да болады/

Рольдегілер:Жоңғар қонтайшысы-Қалдан-Серен

Қазақ ханы-Абылай

Қалдан-Серен: «Әлемдегі ең күшті әмірші кім?!»

Абылай: «Дүниедегі ең құдіретті әмірші-түріктің қоңдыгері, одан соң орыстың ақ

патшасы, олардан соң сен екеуміз»

Қалдан-Серен: «Рас,рас»

Абылай: «Кіші халықты басқарып отырсың, үлкен халыққа лайық әміршісің»

Қалдан-Серен: «Осыдан 100 жыл бұрын тусаң, жарым дүниенің патшасы болар едің».

/Осыдан соң оқушылар олардың айтпақ ойын талқылайды, негізгі ойды ажыратады/

Тарих сабағында қайраткерлерді сипаттауға, олардың іс-әрекеті, мінез-құлқы, өзіндік ерекшеліктерін ашуға ерекше назар аударылған.


Тарихи қайраткерлерді сипаттауға арналған жаднама

Жаднама 1

  1. Осы адамның іс-әрекетіне байланысты сол кездегі тарихи жағдайды суреттеңіз.

  2. Ол қандай ортадан шыққан, оның айналасындағы адамдар туралы не білесіздер?

  3. Оның бет пішінін, мінез-құлқын суреттеңіз.

  4. Қайраткердің халқына еткен қызметіне баға беріңіз.

  5. Қайраткердің саяси портретін жасаңыз.

  6. Егер де қайраткердің орнында сіз болсаңыз, қандай әрекет жасар едіңіз?

Суретті қорғау. / «Қанға батқан қыран»/

Суретті неге олай атадыңыздар?

Жауап:Ол елі үшін қанға батты.

Нәтижесі:Әр түрлі жаднамаларды оқулықпен ұштастыра отырып пайдалану-баланы аналитикалық-салыстырмалы жоспар бойынша талдауға, үйретуге, себеп-салдарлық байланыстарды ашуға, басқа да шеберлігін қалыптастыруға көмектесетіндігін көрсетті.

Қайталау-қорытындылау сабақтарында кесте бойынша жұмыс жүргізу және сауалдар ұсыну. Деректер мен фактілер келтіру.


Кесте1 Кесте 2



Исатай

Махамбет










Жылдар

Болған оқиғалар




Проблемалық сипаттағы тапсырмаларды және сөздерді талдау.

  1. «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды».

А.Байтұрсынов

  1. «Қарусыз халық үкіметтің жазалау шараларының құрбаны болады»

Ұлттық зиялылар

  1. «Қазақстан отар болып келді және солай болып қала берді»

С.Сәдуақасов


Тарихты оқыту – шығармашылық қызмет

Кеңестік білім беру жүйесіндегі тарих пәнінің мұғалімі

Қазіргі саяси жүйе өзгерген кездегі тарих пәнінің мұғалімі

  1. Идеология жұмыстарын жүргізуші

  2. Лектор

  3. Үгітші

  4. Насихатшы

  5. Түрлі қоғамдық жұмыстарды орындаушы

  6. Әртүрлі жүктеме міндеттерді атқарушы

  1. Кәсіптік қызметімен бірыңғай айналысушы

  2. Мұғалімнің жұмысы, оның ролінің артуы

  3. Жеке тұлғалық қасиеттерінің артуы

  4. Зерттеуші

  5. Шығармашылық табыстарға жетуді мақсат тұтушы

  6. Оқыту процесінде тәжірбиесін байытушы


Мұғалімнің тұлғасы, оның ролі мен маңызы туралы пікірлер көп. Солардың арасында К.Д.Ушинский: «...Тікелей жеке ықпалсыз мінезге сіңетін шынайы тәрбие жоқ. Тек тұлға ғана «тұлғаның» дамуы мен қалыптасуына ықпал жасайды»,-деген пікірі ерекше.Өзінің педагогикалық қызметінде шығармашылық табыстарға жетуге мақсат тұтқан мұғалімнің жұмысы жинақы, әрекеті жүйелі болады.

Тарихшы мұғалім әрекетінің жиынтығы

1.Тарихты,құқық негіздерін 2.Сыныптық,сыныптан

азаматтану,адам және қоғам тыс, дарындылық,

пәндерін оқыту факультатив сабақтарын

жүргізу

3.Тәрбие жұмыстарын, Нәтижесінде – қызметтік

қоғамдық жұмыстарын, міндеттері, қажетті білім

біліктілігін көтеру дағдылар жиынтығы құралады.

/семинар, конференция т.б./

К.Д.Ушинский педагогикалық қызметті «...практикалық өнердің бір түрі»,-деп бағалаған еді.Мұның мәнісі? Мұғалім мамандығының шығармашылық сипатын,оның еңбегінің үнемі даму жағдайында болатын өзгермелі табиғатынан туындайды.

Оқу – тәрбие процесінде жеке тұлғаның өзгеруі, дамуы, мұғалім әрекетінің мазмұнымен ұштасып,үнемі жаңа педагогикалық міндеттерді шешумен айналысуға итермелейді.

Бұл міндеттерді шешудің жолы көптеген құралдардың арасынан ең тиімдісін таңдап алу ғана жеткіліксіз, сонымен бірге өз қызметін шығармашылық ізденістен кейін де атқара алатын қабілеттілік те қажет.Олар:

-әр тақырып пен тарауларға жасалынған сабақ жоспарлары

-ашық сабақ бағдарламалары

-әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар дайындау / олимпиада,ғылыми жоба/

тағы басқа міндеттерді шешуден туындаған шығармашылық іс-әрекеттер.

Мұғалім қызметінің ең маңызды кезеңдерінің бірі - өзінің педагогикалық қызметіне талдау жасап,баға беру.Бұл әрекет педагогикалық мақсат пен құралдың,қажетті жағдай мен мүмкіндіктің арасындағы қарама – қайшылықты,өзінің қызметінде орын алған олқылықтар мен кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді.

Өзінің тұлғалық сапаларына өзі талдау жасап,оған шығармашылық тәсілдер енгізеді,сонымен қатар қазіргі талаптарға сай тұрақты кәсіптік өсуді қамтамасыз ете алады.

Бүкіл іс-әрекеттердің нәтижелері:

-өз әрекетіне зерттеу жасайтын ойшыл мұғалімнің қалыптасуы

-үнемі ізденісте жүретін, жаңашылдыққа жаны құштар мұғалім болу

-дарынды оқушыларды оқытуда жеке тұлғаға бағытталған іс-әрекеттердің жинақталуы





Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 16.10.2015
Раздел Музыка
Подраздел Рабочие программы
Просмотров216
Номер материала ДВ-068653
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх