Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / «Дария кеуде тау мүсін ,қарттарым аман саумысың?!»

«Дария кеуде тау мүсін ,қарттарым аман саумысың?!»

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

1-қазан – Қарттар мерекесіне арналған оқушылар шығармашылығына арналған «Дария кеуде тау мүсін ,қарттарым аман саумысың?!» атты тәрбие сағаты.


Мақсаты: Оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау,өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат

алуға тәрбиелеу.


hello_html_m248aa7e3.jpg

Кіріспе сөз

Бүгінгі « Дария кеуде тау мүсін, қарттарым аман-сау жүрші!» атты ашық тәрбие сағатымыздың мақсаты- оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі - өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу, ұнамды- ұнамсыз, әдепті- әдепсіз қылықтарды ажырата білуге үйрету.


hello_html_52dfccdb.jpg


Нұрлан: Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар

Ақыл кенін арқалаған аталар.

Алдарыңда жауһазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Армысың ауылымның асылдары

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би

Сіздер үшін мереке шашулары.


Ақтоты: Ел мүддесін бәрінен биік қоятын,өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше,олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын,тек өзіне ғана тән қасиеттері болады.Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі-үлкенді сыйлау,оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарттары жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық аулымыздың қарияларына бүгінгі біздің 9 «Б» сыныбының ұйымдастырған «Дария кеуде тау мүсін, қарттарым аман-сау жүрші!»- атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер дейміз!

Меруерт: Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған

Зейнет емес бейнеттен арылмаған

Тәңірімдей табынып өтем мәңгі

Қариялар өзіңді ел сыйлаған


Рима: Мейрімді көзіңді

Қамқоршы сөзіңді

Кемеңгерім көреген

Өмірге азық өнегең

Аяулы едің не деген

Асыл әже!

Ақтоты: Ән «Асыл әже» орындайтын Мадин Меруерт

hello_html_m13c2d757.jpg

Қымбат: Сәл еңкейіп нұр жүзіңнен әл тайып,

Қуат кеміп бара жатыр қартайып,

Отбасында бала-шаға қасында

Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.

Көңіл жетім болмаған соң сыңары,

Жалқы тірлік жаман сөзден сынады.

Жас баладай жаутаңдаған жанарға,

Қайта-қайта қарағың кеп тұрады.

Қағыс естіп қалбаңдайды баладай,

Мәпелеңдер қарт біткенді аялап.

Ниеті ақ, пейілі кең даладай

Кімге болса қарттық жетер аяңдап.

Дархан: Ата салтым, асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын

Сан ғасырда салтын бұзбас, қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым

Көп жасаған қария,

Ақылы теңіз- дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі соқпақ сөзі нәр.

Салтанат : Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат

Ешкімге жасамайсың қиянат

Жайлап қана ақылменен түзейсің

Болып қалса ұғына алмай бір ағат.

Самат: Иә,туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ата сөзін білмесең,

Жұрт айтады надан деп

Нұлран: Мың бұралған бишілер аңдап басып,

Келеді, міне, ортаға толқып-тасып,

Бишілерін сыйлаған халқым менің

Көңілді көңіл-күймен қарсы алайық!

Қазақ биі. Қарсы алыңыздар! hello_html_6f00ed7f.jpg




Жұлдыз: Абырой амандығын арта берсін

Бақ дәулет қызығымен қатар берсін

Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп

Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.

Тыныштық елімізге бере берсін

Молшылық жерімізге ене берсін

Соғыстан ел жұртымыз аман болып

Қызығын бейбіт өмір көре берсін.

Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін!

Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін

Тап-таза абыройлы болғаныңды

Қазіргі ел билеген жастар көрсін.


Ақмаржан: Игі жансыз не деген

Жүрек оты лаулайды!

Балдай тәтті немерең

Балғын жырын арнайды



Ақтоты: Ән «Немерем» орындайтын Құлбаев Самат


hello_html_635f67c9.jpg









Нұрлан: Монолог «Қара шал» оқитын Бимағанбетов Мақсат


hello_html_13e47fa5.png


Мақсат: Қаусаған қасіретті қара шалмын

Бұл күнде қара шалммен санасар кім?

Жанымды жегідей жеп қарттар үйі,

Күн санап, қуат кеміп аласардым.

Онша тар емес еді пәтеріңде,

Осында тастап кеттің әкелдің де.

Сынаптай сытр айналса туған балаң,

Тірідей өлгені ғой әкенің де.

Көп болды дидарыңды көрмегелі,

Көп болды шешеңді де жерлегелі.

Балам деп көз жұмғанше жылап жатты,

Жаныма өатты батты келмегенің.

Жүрсің-ау қолың тимей, хабарың жоқ,

Жатырмын жаутаң қағып амалым жоқ.

Айтушы ең жас күніңде, есіңде ме?

Әкемді өле-өлгенше бағамын деп.

Балам-ау не істетпейді қу тіршілік,

Кей пенде дүние қуып, жүр құлшынып.

Атрымда бар ма десем ұрпақ ізі,

Секілді қалғаным ба бір қу шыбық.

Әкең де осы жерде өлер енді,

Тәңірдің жазуына көнер енді.

Уа, жалған, сағындым ғой, тым болмаса,

Алып кеп бір искетші немеремді.

Қадірін түсінбедің қолда бардың,

Қауқайп жалғыз өзңм жолда қалдым.

Там-дарақ, мал-мүлкімді ақша қылып,

Астыңа аппақ шаңқан «Волга» алдың.

Несіне балам бар деп мақтанайын,

Өмірден өз жөніме аттанайын.

Ұмытпа, келер болсаң домбырамды,

Шерімді шемен болған ақтарайын.

Несіне өлемін деп өкінемін?

Қайғыдан қарс айрылды көкірегім.

Көз жұмсам, қоярсыңдар елге апарып,

Соңғы рет сеннен осы өтінерім.

Өзің деп өтіп еді бар қызығым.

Барады күйіп-жанып тән қызуым.

Мүмкін, бұл менің ақтық демім шығар,

Аман бол, қайда жүрсең жалғыз үлым.

Нұрлан: Асқар таудай ата, көңілі дария қария осылай деп күңіреніп отыр екен. Өмірде осындай жағдайдың орын алуы әбден мүмкін, сондай ауыр жағдайдың алдын алу үшін, осындай өлең жолдары өмірге келіпті.


Ақтоты: Үлкенді, ата-ананы сыйлау –адамгершіліктің ең басты қағидасы. Ата-ана бала үшін өмір сүреді. Сол ата-ана балаға бар өмірін арнайды. Ата-ананың адам өміріндегі орны ерекше. Халықта «Анаңды меккеге З ретарқалап апарсаңда, оның жақсылығын қайтара алмайсың»,- деген сөз бар. Бұл ата-ана еңбегінің өлшеусіз екенін көрсетеді. Ата-ана тіпті қартайып, аяқ-қолынан әл кеткен кезде де оған қабақ шытуға балаларының қақысы жоқ. Үлкенмен сөйлескенде баланың оларға «Сіз» деп сөйлегені жарасымды. Ата-ананың айтқанын бала екі еткізбей орындағаны, тыңдағаны абзал. Мейлі ата-ана қандай болса да, бала ата-анасын жамандамауы керек, оларды мүмкіндігінше мақтан тұтуы керек. Ата-анасының артық ауыс айтқан сөздері болса оған кешіріммен қарай біліп, жүректерін ауыртпай, үнемі көтермелеп жүрген жөн.



Нұрлан: Көрініс: Қарияның туған жерге санышы.


Жастық шағына қызыға да қызғана да қараған қария шекпенін асықпай шешіп, бір бұрышқа қояды. Онан соң мойынының түймесін ағытып, мойынына ілген бойтұмарын алды. Барқыттан тігілген кәдімгі үшбұрыш бойтұмар. Қарт тұмарды ерніне жақындатып, тәу етті. Содан кейін бәкісін алып тұмарды сөкті де төңкеріп сілікті. Тұмардың ішінен бір уыс қиыршық топырақ құм түсті жерге түсті. Бұл осыдын бірнеше жыл бұрын туған жерінен түйіп алған топырақ болатын. Осындай әрқилы ойлардың құшағында отырған қарияның ойын немересі бұзды.


Немересі:Ата,туған жеріңізді неліктен сағынасыз?


hello_html_75bbce7b.jpg



Атасы: Балам туған жердің топырағы,суы мен ауасы ,түтіні де қымбат. Өйткені сол жерде дүниеге келіп, өсіп-өндім. Ол менің ата-бабамның жері, олар оны адал еңбек, маңдай терімен қорғап,көркейіп үрпағына аманатқа тастап кеткен. Сондықтан мен олардың үмітін ақтауым керек.

Немересі: Ата, осыншама жасқа келсеңізде туған жеіңізді сағынасыз?

Атасы: Туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрмет менің бойыма ана сүтімен,бесік жырымен сіңген. Менің бойымдағы туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі өздеріңе дарып жатса үмітімнің ақталғаны деп білем. Туған жерді сүю өз ата-әжеңді, бауырларыңды, әке-шешеңді туыстарыңды тыңдап құрметтеуден басталады,балам. Үлкенді сыйласаң қор брлмайсың деген. Ақылды бол, балам, ақылды бол.

hello_html_33e57824.jpg


Нұрлан: Ата ардақты тұлға. «Әкеден ұл тусайшы,ата жолын қусайшы»деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының, қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.



Ақтоты: Халқымызда Өз балаң өскенше, немерең өлгенше» деген сөз бар. Бала, немере туралы ақын Мұзафар Әлімбаев былай деген екен:

-Бала деген бал екен,

Бал дегенің бала екен.

Немеренің бойында,

Бар жақсылық бар екен.

Туған балаң жай ғана

Демесең де жат бөтен

Нағыз бала ойласаң,

Немере екен тәтті екен.

Ән. «Балдәурен» Орындайтын Ергалиев Нүрлан.



Нұрлан: Бүгінгі кешімізде ауылымыздың ардақты қариялары, асыл әжелеріміз қонақта. Оларға қонаққа келгені үшін рахметімізді айтып сөз бере отырып, оқушылар сұрақтарын қойғысы келеді.

Енді оқушыларымыздың сүрақтары бар сияқты, соларға жауап берсеңіздер.


hello_html_2732d048.jpg

Аулымыздың ақсақалы Алпамыс ата оқушылар сұрақтарына жауап беруде.


Самат: Ата өз немереңізге қандай тәрбие бергіңіз келеді?

hello_html_m732ee01b.jpg


Рысбибі: Немереңіздің ұнамай қалған немесе көңіліңізге келетін қылықтары бар ма? Онда кезде қандай ойда боласыз?

hello_html_1ea802f2.jpg

Жұлдыздың әжесі Қанби әже өз тілегін айтуда.



Нұрлан: Дүниеге келер бір рет,

Құрыштан құйған құдірет

Дария кеуде тау мүсін

Қарттарым аман сау жүрші

hello_html_5d31b43a.jpg

Қарт ұстаз Терекбай ағай тәрбие сағатының қонағы.



Ақтоты: Сәулелі сөз сөне ме,

Орны бөлек батаның.

Бізге тәлім өнеге,

Ақ тілеуі атаның.


Енді бүгінгі сабағымызға келіп отырған қонақтарымыздан ақ бата алып, тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



hello_html_m59b891ff.jpg


Қорытынды сөз мектеп директорының ТЖО А Избасароваға беріледі.

Краткое описание документа:

1-қазан – Қарттар мерекесіне арналған оқушылар шығармашылығына арналған «Дария кеуде тау мүсін ,қарттарым аман саумысың?!» атты тәрбие сағаты.

Мақсаты: Оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау,өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат

алуға тәрбиелеу.

Кіріспе сөз

Бүгінгі « Дария кеуде тау мүсін, қарттарым аман-сау жүрші!» атты ашық тәрбие сағатымыздың мақсаты- оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі - өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу, ұнамды- ұнамсыз, әдепті- әдепсіз қылықтарды ажырата білуге үйрету.

Нұрлан: Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар

Ақыл кенін арқалаған аталар.

Алдарыңда жауһазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Армысың ауылымның асылдары

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би

Сіздер үшін мереке шашулары.

Ақтоты: Ел мүддесін бәрінен биік қоятын,өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше,олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын,тек өзіне ғана тән қасиеттері болады.Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі-үлкенді сыйлау,оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарттары жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық аулымыздың қарияларына бүгінгі біздің 9 «Б» сыныбының ұйымдастырған «Дария кеуде тау мүсін, қарттарым аман-сау жүрші!»- атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер дейміз!

Меруерт: Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған

Зейнет емес бейнеттен арылмаған

Тәңірімдей табынып өтем мәңгі

Қариялар өзіңді ел сыйлаған

Рима: Мейрімді көзіңді

Қамқоршы сөзіңді

Кемеңгерім көреген

Өмірге азық өнегең

Аяулы едің не деген

Асыл әже!

Ақтоты: Ән «Асыл әже» орындайтын Мадин Меруерт

Қымбат: Сәл еңкейіп нұр жүзіңнен әл тайып,

Қуат кеміп бара жатыр қартайып,

Отбасында бала-шаға қасында

Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.

Көңіл жетім болмаған соң сыңары,

Жалқы тірлік жаман сөзден сынады.

Жас баладай жаутаңдаған жанарға,

Қайта-қайта қарағың кеп тұрады.

Қағыс естіп қалбаңдайды баладай,

Мәпелеңдер қарт біткенді аялап.

Ниеті ақ, пейілі кең даладай

Кімге болса қарттық жетер аяңдап.

Дархан: Ата салтым, асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын

Сан ғасырда салтын бұзбас, қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым

Көп жасаған қария,

Ақылы теңіз- дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі соқпақ сөзі нәр.

Салтанат :Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат

Ешкімге жасамайсың қиянат

Жайлап қана ақылменен түзейсің

Болып қалса ұғына алмай бір ағат.

Самат: Иә,туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ата сөзін білмесең,

Жұрт айтады надан деп

Нұлран: Мың бұралған бишілер аңдап басып,

Келеді, міне, ортаға толқып-тасып,

Бишілерін сыйлаған халқым менің

Көңілді көңіл-күймен қарсы алайық!

Қазақ биі. Қарсы алыңыздар!

Жұлдыз: Абырой амандығын арта берсін

Бақ дәулет қызығымен қатар берсін

Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп

Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.

Тыныштық елімізге бере берсін

Молшылық жерімізге ене берсін

Соғыстан ел жұртымыз аман болып

Қызығын бейбіт өмір көре берсін.

Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін!

Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін

Тап-таза абыройлы болғаныңды

Қазіргі ел билеген жастар көрсін.

Ақмаржан: Игі жансыз не деген

Жүрек оты лаулайды!

Балдай тәтті немерең

Балғын жырын арнайды

Ақтоты: Ән «Немерем» орындайтын Құлбаев Самат

Нұрлан: Монолог «Қара шал» оқитын Бимағанбетов Мақсат

Мақсат: Қаусаған қасіретті қара шалмын

Бұл күнде қара шалммен санасар кім?

Жанымды жегідей жеп қарттар үйі,

Күн санап, қуат кеміп аласардым.

Онша тар емес еді пәтеріңде,

Осында тастап кеттің әкелдің де.

Сынаптай сытр айналса туған балаң,

Тірідей өлгені ғой әкенің де.

Көп болды дидарыңды көрмегелі,

Көп болды шешеңді де жерлегелі.

Балам деп көз жұмғанше жылап жатты,

Жаныма өатты батты келмегенің.

Жүрсің-ау қолың тимей, хабарың жоқ,

Жатырмын жаутаң қағып амалым жоқ.

Айтушы ең жас күніңде, есіңде ме?

Әкемді өле-өлгенше бағамын деп.

Балам-ау не істетпейді қу тіршілік,

Кей пенде дүние қуып, жүр құлшынып.

Атрымда бар ма десем ұрпақ ізі,

Секілді қалғаным ба бір қу шыбық.

Әкең де осы жерде өлер енді,

Тәңірдің жазуына көнер енді.

Уа, жалған, сағындым ғой, тым болмаса,

Алып кеп бір искетші немеремді.

Қадірін түсінбедің қолда бардың,

Қауқайп жалғыз өзңм жолда қалдым.

Там-дарақ, мал-мүлкімді ақша қылып,

Астыңа аппақ шаңқан «Волга» алдың.

Несіне балам бар деп мақтанайын,

Өмірден өз жөніме аттанайын.

Ұмытпа, келер болсаң домбырамды,

Шерімді шемен болған ақтарайын.

Несіне өлемін деп өкінемін?

Қайғыдан қарс айрылды көкірегім.

Көз жұмсам, қоярсыңдар елге апарып,

Соңғы рет сеннен осы өтінерім.

Өзің деп өтіп еді бар қызығым.

Барады күйіп-жанып тән қызуым.

Мүмкін, бұл менің ақтық демім шығар,

Аман бол, қайда жүрсең жалғыз үлым.

Нұрлан: Асқар таудай ата, көңілі дария қария осылай деп күңіреніп отыр екен. Өмірде осындай жағдайдың орын алуы әбден мүмкін, сондай ауыр жағдайдың алдын алу үшін, осындай өлең жолдары өмірге келіпті.

Ақтоты: Үлкенді, ата-ананы сыйлау –адамгершіліктің ең басты қағидасы. Ата-ана бала үшін өмір сүреді. Сол ата-ана балаға бар өмірін арнайды. Ата-ананың адам өміріндегі орны ерекше. Халықта «Анаңды меккеге З ретарқалап апарсаңда, оның жақсылығын қайтара алмайсың»,- деген сөз бар. Бұл ата-ана еңбегінің өлшеусіз екенін көрсетеді. Ата-ана тіпті қартайып, аяқ-қолынан әл кеткен кезде де оған қабақ шытуға балаларының қақысы жоқ. Үлкенмен сөйлескенде баланың оларға «Сіз» деп сөйлегені жарасымды. Ата-ананың айтқанын бала екі еткізбей орындағаны, тыңдағаны абзал. Мейлі ата-ана қандай болса да, бала ата-анасын жамандамауы керек, оларды мүмкіндігінше мақтан тұтуы керек. Ата-анасының артық ауыс айтқан сөздері болса оған кешіріммен қарай біліп, жүректерін ауыртпай, үнемі көтермелеп жүрген жөн.

Нұрлан: Көрініс: Қарияның туған жерге санышы.

Жастық шағына қызыға да қызғана да қараған қария шекпенін асықпай шешіп, бір бұрышқа қояды. Онан соң мойынының түймесін ағытып, мойынына ілген бойтұмарын алды. Барқыттан тігілген кәдімгі үшбұрыш бойтұмар. Қарт тұмарды ерніне жақындатып, тәу етті. Содан кейін бәкісін алып тұмарды сөкті де төңкеріп сілікті. Тұмардың ішінен бір уыс қиыршық топырақ құм түсті жерге түсті. Бұл осыдын бірнеше жыл бұрын туған жерінен түйіп алған топырақ болатын. Осындай әрқилы ойлардың құшағында отырған қарияның ойын немересі бұзды.

Немересі:Ата,туған жеріңізді неліктен сағынасыз?

Атасы: Балам туған жердің топырағы,суы мен ауасы ,түтіні де қымбат. Өйткені сол жерде дүниеге келіп, өсіп-өндім. Ол менің ата-бабамның жері, олар оны адал еңбек, маңдай терімен қорғап,көркейіп үрпағына аманатқа тастап кеткен. Сондықтан мен олардың үмітін ақтауым керек.

Немересі: Ата, осыншама жасқа келсеңізде туған жеіңізді сағынасыз?

Атасы: Туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрмет менің бойыма ана сүтімен,бесік жырымен сіңген. Менің бойымдағы туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі өздеріңе дарып жатса үмітімнің ақталғаны деп білем. Туған жерді сүю өз ата-әжеңді, бауырларыңды, әке-шешеңді туыстарыңды тыңдап құрметтеуден басталады,балам. Үлкенді сыйласаң қор брлмайсың деген. Ақылды бол, балам, ақылды бол.

Нұрлан: Ата ардақты тұлға. «Әкеден ұл тусайшы,ата жолын қусайшы»деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының, қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.

Ақтоты: Халқымызда Өз балаң өскенше, немерең өлгенше» деген сөз бар. Бала, немере туралы ақын Мұзафар Әлімбаев былай деген екен:

-Бала деген бал екен,

Бал дегенің бала екен.

Немеренің бойында,

Бар жақсылық бар екен.

Туған балаң жай ғана

Демесең де жат бөтен

Нағыз бала ойласаң,

Немере екен тәтті екен.

Ән. «Балдәурен» Орындайтын Ергалиев Нүрлан.

Нұрлан: Бүгінгі кешімізде ауылымыздың ардақты қариялары, асыл әжелеріміз қонақта. Оларға қонаққа келгені үшін рахметімізді айтып сөз бере отырып, оқушылар сұрақтарын қойғысы келеді.

Енді оқушыларымыздың сүрақтары бар сияқты, соларға жауап берсеңіздер.

Аулымыздың ақсақалы Алпамыс ата оқушылар сұрақтарына жауап беруде.

Самат: Ата өз немереңізге қандай тәрбие бергіңіз келеді?

Рысбибі: Немереңіздің ұнамай қалған немесе көңіліңізге келетін қылықтары бар ма? Онда кезде қандай ойда боласыз?

Жұлдыздың әжесі Қанби әже өз тілегін айтуда.

Нұрлан: Дүниеге келер бір рет,

Құрыштан құйған құдірет

Дария кеуде тау мүсін

Қарттарым аман сау жүрші

Қарт ұстаз Терекбай ағай тәрбие сағатының қонағы.

Ақтоты: Сәулелі сөз сөне ме,

Орны бөлек батаның.

Бізге тәлім өнеге,

Ақ тілеуі атаның.

Енді бүгінгі сабағымызға келіп отырған қонақтарымыздан ақ бата алып, тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Қорытынды сөз мектеп директорының ТЖО А Избасароваға беріледі.

Автор
Дата добавления 01.06.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров863
Номер материала 297000
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх