Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям рекомендуем принять участие в Международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

СЕГОДНЯ (15 ДЕКАБРЯ) ПОСЛЕДНИЙ ДЕНЬ ПРИЁМА ЗАЯВОК!

Конкурс "Я люблю природу"

Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары

Жаңару бағытындағы жалпы білім беретін орта мектепте

дарынды балалармен жұмыс жүйесі

Кіріспе: Демократиялық мемлекет болып қалыптасу кезеңінде Республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарынын белгілеуде дарынды балалар проблемасының өткір  көрінуі мүлде кездейсоқ емес. Зерттеулер көрсеткендей, халықтың кез – келген тобына еркіндік берілсе, онда ойлау, шешім қабылдау, қорлар мен  қызмет бөлісу сияқты атқарылатын реттеуші қызметті ой,  мақсаттарының ішкі өзегі етіп таңдайды. Ал бұл өзекті қалыптастыруда аса дарынды адамдардың маңызды роль атқаратындығы даусыз. Міне сондықтан да бұл проблема шешімінің елдің болашағы, қоғамның дамуы, оның шығармашылық потенциялының іске асырылуы жататындығынан көреміз. Сонымен, дарындылықпен жұмыс мәні – адам мүмкіндігін толық пайдалану мен елдің интеллектуалды күш – қуатының стратегиясының қорын жасау болып табылады.

         Дарынды бала дегеніміз – болашақта жаңа технологияларды ойлап табатын, ізгі саясаткер, сенімді дәрігер, шебер музыкант, қайталанбас суретші, ол еркін, жауапты, жоғары адамгершілік иесі, бұл ұлттық құндылық. Және ол бұлармен қатар нәзік жаралған жан. Қоршаған ортасын жиі түсінбейтін, соңынан күншілдікпен қастандық ере жүретін, олардың әсерінен көбіне жойылып кететін, немесе ақылшы ұстазының оның көтеріңкі және еркін ойын дұрыс бағыттай алмау кінәсінен болады. Дарындылық жалпы адамзаттық мәдениетке және өзіндік құндылық болып қарастырылады. Және адам табиғатындағы өте сирек, ерекше құбылыс. Мұнымен өзара  тығыз байланысты көптеген сұрақтарға жауапты ерекше қабілеті бар адамдармен – жұмыс жасауда туындалатынын ескерген жөн

 1.  Балалар дарындылығын қалай айрып тануға болады?

2.      Шындыққа айналған дарындылықпен қалай жұмыс  жасалады?

3.      Дарындылықтың барынша толық дамуына мүмкіндік қалай туғызылады?

4.      Дарындылықты «жұлдыздар ауруы» эгоцентризм мен агрессиядан қалай қорғаймыз.

Жалпы білім беретін көпшілік мектептер  өте қабілетті балаларды тежейді  делінетін қалыптасқан пікірлерге керісінше, бұл жұмысты жүргізудегі мақсат – психиканың тұтас және жүйелі құбылысы болып саналатын дарындылықты ашуға қолайлы жағдайлар болып есептелінеді.

         Біздің зерттеулеріміз, ізденістеріміз, жаңалықтарымыз – бұл қандай жағдайлардың әсерінен туындайды.

1 бөлім: Мектеп концепциясы дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың педагогикалық жүйесін айқындайтын

негізгі құжат.

Мектеп концепциясы – бұл педагогикалық ұжымның әрбір мүшелерінің әрекетін нақты басқаратын, әрі әрбір жылға жоспарын белгілейтін жұмыс құжаты.

2.1Социумдағы және мектеп – социум құрылымындағы дарындылықтың орны.

Ш.Амонашвилидің айтуы бойынша мектеп өзінің негізгі мақсатын айқындауда, қандай адамға білім беруге және тәрбиелеуге ұмтылады, деген сұраққа алдымен жауап ойластыруы қажет дейді.

Өзіміздің стратегиялық маңызымыз іспетті жеке тұлға қалыптастырудың мұндай моделін жасауға және мұнда болашақ ұрпақтың әлеуметтік бейнесін сипаттамасын айқындайтын: коммуникативтік, әлеуметтік психологиялық тұрақтылық сияқты  басым сапа анықталып, пайдаланылды. Жеке тұлғаның базистік қасиеттеріне: интеллект, мәдениеттілік, шығармашылық әлеуметінің жоғарылығын жатқызуға болады және олардың табыстан – табысқа жететін, іскер адам екендігін, әлеуметтік бейімділген, материалдық тәуелсіз, әзілге бай жан иесі екендігін атауға болады.

Өйткені іскерлік әлемде тек қана жағдайды дұрыс бағдарлай алатын, тиімді шешім қабылдай білетін, бір сөзбен айтқанда өз ісіне әділ бәсекелестік ережесіне сай құрған адам ғана дұрыс өмір сүре алады. Мектеп бітірушінің жеке тұлғалық моделінің сапалық құрамы белгілі дәрежеде дарындылықты айта келгенде танымдылық, жігерлі -   эмоциялық, жекелік тәрізді 3 сфераны біріктіретін психикалық білім беру жүйесі түрінде атап көрсетеді. Мектеп бітірушінің жеке тұлғалық моделі мақсатын айқындауда бәрінен бұрын жетістікке жету жолы ретінде бала мектеп қабырғасында жүріп білім, білік, дағдыны меңгеріп қана қоймай, керісінше өмірге әлеуметтік – психологиялық бейімделу талдалынып ескеріледі. Мұндай оқу орнының статусы оның Концепциясында көп құрылымды мектеп, жаңару бағытындағы мектеп түрінде берілген.

Комплекс – болу себебі оқыту мен тәрбиелеу төменгі мектеп алды даярлықтан бастау алады. Көп құрылымдылығы – бір үлкен  мектеп аясында бірнеше кіші мектеп орталықтар, өзіндік концентуалды ерекшеліктері бар біріңғай даму бағдарламасы бойынша жұмыс жасайды.

Социум – қоғамның әлеуметтік әркелкі топтары үшін қызмет жасайтын социум типі негізінде құрылым,  қызмет етеді.

Инновациялығы – мектептің мүлде жоғары жетілуге ұйымшылдығы мен айқындалады. Міне осындай мектеп қана дарынды балаларды интеллектуалды және әлеуметтік дамуының өзара сәйкессіздігінен, әлеуметтік тежелушіліктен сақтандырып, олардың қажеттіліктерін қанағаттандырудың барлық шараларын қарастырады. Сонымен қатар соңғы ғылыми деректерге сүйенсек дарындылықты біз қарастырған бір ғана психологиялық білім беру тұрғысынан алмай, керісінше социум тұрғысынан, әлеуметтік шындық тұрғысынан зерделейді. Психологтар осы көзқарас   тұғысынан алып қарап, дарындылықты маңызды әлеуметтік қауыммен аймағында өте жоғарғы нәтижеге жетуге бейімділік деп санайды.

Осыдан келііп негізгі міндет – мектепте дарынды балалар үшін нақты өмірге жақын кеңістік құру мәселесі көрініс табады. Мектеп социумда барлық оқушылардың,  сондай – ақ дарынды балалардың да өмірге бейімделуі үшін табиғи жағдай жасалады. Ал оқушының жеке дамуы деп дамушы жеке тұлғаның қоршаған орта мен өзара әрекеттестік принципі алынады. Қорыта айтқанда Концепциядағы ұжым қызметіндегі жетекші мінездемелердің бірі балалар дарындылығына қатысты алынып, балалар дарындылығын ашу, сақтау және дамыту әрбір тұлғаның жан – жақты дамуына қажетті жағдайлар жасау, сондай – ақ интеллектісін адамгершілік  қасиетін рухани және денсаулығын нығайту болып табылады.

1.2. Мектепті инновациялық деңгейге шығаратын принциптер.

Негізгі бөлігі. Дарынды балалармен жұмысқа қатысты мектептегі жаңакру принциптері қарастырылған. Концепция қабылдау арқылы ондағы оқу мазмұны мен құрылымын жетілдіру сипаты бойынша дәстүрлі үлгідегі лецей, гимназия  сияқты мектеп тиаплогиялық классификациясы                            модельдерінің бірін қабылдамай – ақ  инновациялық типтегі орта мектепке айналуға болады. Бұл принциптер : жеке тұлғаны әлеуметтендіру, ыңғайына қарай мазмұндағы әрекетшілдік, жүйелілік, өзара әрекеттестік психоэлевация және жеке қасиеттермен ерекшеленушілік. Жоғарыдағы аталған принциптер дарынды балаларға арналған арнайы мектептердегі қалыптасқан оқытудың психо – педагогикалық тәсілдеріне қарама – қайшы келеді, керегінше оны анықтап, нақтылайды. Зерттеулердің деректеріне сүйенер болсақ, даралай бағдарлы оқытудың бұл принциптері білім берудегі іскерлікпен жетістікке жетудің қажетті жолы – психоэлевация болып табылады. Мектепті инновацялық деп анықтап тану барлық инновациялық мектептерге тән өзіндік 2 қасиетпен дәлелденеді: олар «оның барлық компоненттерінің байланыста құрылуында, яғни тұтас жүйені түзетуінде болса, екіншіден «оқушы - мұғалім» байланысындағы өзара қарым – қатынастың сипаты өзгеріп оның негізінде ынтымақтастық пен әріптестік алынуында»

1.3. Дарынды балалармен жұмыстың формасын және әдістерінің мазмұнын таңдау.

Ғылым білім беру мазмұнының проблемасында дамыта оқытуды күшті амал категориясында ертеден көтерді, өйтпегенде Концепция авторлары  білім беруді дамытуға болжам жасауда егер сол ақиқатты айқындамағанда, онда білім беруді сан алуан жеке – жеке мәлметтермен арнайы операцияларды орындаушы саласында ғана пайдаланып, білімнің қоғам және адамзаттық функциясын атқаруына тосқауыл қойып негізгі кедергі болар еді, олай болғанда білім беру мазмұнында жаңа бірлестіктерді анықтауды талап етеді. Сонымен дарынды балалармен жұмыста осындай қажеттілік пайда болды. Дүние жүзілік практикада мәлім болғандай білім беру мазмұны проблемаларының бірнеше шешімі пайдаланылады. Оларды атар болсақ

•        Оқу пәндерінің интеграциясы

•        Білім беру мазмұнын модульдік формаға ауыстыру

•        Білім беруді гуманитаризациялау

•        Білім беру мазмұнына әрекет жайлы ұсыныстар ендіру

Берілген бірліктер мазмұны дарынды балаларға білім беру мазмұнына қайтып келмйді, керішінше оның ерекшелігін көрсетеді:

•        Интеграциялы курстар және кіріктірілген пәндер

•        Материалды таблца, схема модуль түрінде бейнелеудің тиімді нұсқалары

•        Қызмет мазмұнын іздеу(мазмұнды сипатын қызметті түрде ұйымдастыру)

Мазмұнның әдістер және формаларымен байланысы психодидактиканың әрқашан маңызды проблемаларының бірі болып саналады және әрбір тарихи кезеңде әртүрлі жолмен шешілді. Ақыл – ой әрекетін қалыптастыру тәсілі – 60 жылдары В.В Давыдов және оның  жақтастарының еңбектерінің шығыуы дамыта оқыту проблемасын мазмұндық деңгейде шеше бастады. Ю.К. Бабанский сөзінен «саналуан тәуелді әдістер формасынан»... оқу материалы мазмұны негізгі және анықтаушы роль атқарады. Мақсат және мазмұн әдісті жасайды, ал бірақ керісінше емес.

2. Бөлім. Дарындылықты ОТП басқыштан  басқышқа, мектептен – мектепке  шығарып салу. Әрбір оқушының мектеп алды даярлық тобынан бастап жалпы білім мектептерін бітіргенге дейінгі аралықта өзінің табиғи болмысын дамытып және жүзеге асыруға құқылы. Біздің мектептің құрылымы төмендегі динамикада қарастырылған:

 

 

                         Мектепке дейінгі  білім  0 класс 5 – 6 жас

        

                       Бастауыш мектеп 1 басқыш 1 –4 кл  7 –9 жас

        

                        Негізгі мектеп 2 басқыш 5 – 9 кл 10 –15 жас

        

                      Бағдарлы мектеп 3 басқыш 10 –11 кл 16 –18 жас

 

                  Жас  кезеңдеріне сай дарындылықты табу жолдары.

 Дарындылықтың біліну және диагностикалануы өте қиын бола тұра, дарындылықты табу   міндетін шешу ең алды мен оның психологиялық қызметі арқылы жүзеге асады.

         Біріншіден, себебі дарындылықты сипаттайтын нақты критерилердің болмауында және белгілі дәрежеде шарттылығында, өйтпесе үлгермеу себебі шыға қалған оқушылардың кейіннен данышпан тұлғаларға айналғанын тарих осыншама қатені көрсетпес еді.

         Екіншіден, психология ғылымы креатавтілікті мүлде болмауы және соның ішінде дарындылықты өлшеудің қандайда бір нақты методикасын ұсына алмауда. Сондықтанда пайдаланып жүрген методика балалардың түрлі оқу және өмір жағдайларындағы мінез- құлқына қатар бақылау жасауды қажет  етеді .Әйтсе де мектепте жүйелі түрде балалардың пәндік қабілеттерін

табуға  диагностикалық зерттеулер мен даму динамикасын қадағалау жұмыстары жүргізіледі. Жылда бірінші класқа, кіші дарын орталығының кластарына, бағдарлы кластарға, акадамик Л. В. Занков жүйесіндегі кластарға, түрлі студиялар мен мастерскойларға балалар диагностикалау арқылы қабылданады. Қабылдау құрамында балалардың белгілі әрекет аймағындағы қабілеттерінің даму деңгейлерін тестілеу және тиісті бағытына пікірлесу ендірілген. Психологтар кіші дарын  орталығынан, Л. В. Занков жүйесіндегі кластардан, бағдарлы кластардан балаларды шығарып салудың психологиялық жүйесін жасап, онда:

•        Шығармашылық белсенділігін дамыту диагностикасы.

•        Тынымсыздық деңгейін оқып білу.

•        әрекет өнімділігі

•        таным процесінің дамуы.

•        Ақыл-ой (тереңдігі, икемділігі, тұрақтылығы)

Сапасын қалыптастыру қарастырылған. Міне, үшжылдық бақылау қорытындысы оқушыларда тынымсыздықтың жоғары деңгейінің едәуір төмендегенін және қилымта деңгейінің өскендігін көрсетеді, 7- класта бірінші көрсеткіш 24 проценттен 2 процентке төмендесе, екіншісі 23 проценттен 72 процентке жоғарылаған. 4-класты бітірушілердің шығармашылық белсенділік деңгейі орташа 13 процентке өскен, ал өздік жұмыстар өнімділігі 5-деңгейде оқушыларда 50 процентке жеткен.

         Қазіргі кезеңде ғылыми зерттеулердің  мақсатты бағдарламаларына сәйкес, бітіруші класс оқушылары үшін құнды бағыттар табу жайлы әдістер жасалуда. Бұл мәліметтер бітірушінің динамикалық моделін жасауға негшіз етіп алынады да барлық отп оқыту және тәрбиелеуге дароалай бағдарлы келуді күшейту жоспарға сәйкестендіріледі.

         2.2. Мектепішілік әртүрлі мектептердің оқу процесіндегі кейбір ерекшеліктер.

         Оқу процесіндегі ерекшеліктер ретінде мазмұн, әдіс және технологиялардың практикада жүзеге асырылуы ескеріледі.Білім беру мазмұнынтаңдап алуда мектеп концепциясыында көзделген тиісті ережені басшылыққа алады.

         Мазмұндығы – басты талап оқушыны жеке тұлға түрінде қалаптастыруға бағытталуы тиіс және ол мектептің стратегиялық мақсаты түрінде модельде көрініс табады, осымен бірге балалар қабілетімен құштарлығын мақстына бағытына дамыту ұйымдастырылады. Бұл мақсатты орындау үшін оқу жоспарының резерві толық жұмсалынады, сонымен қатар ақылы негізде қосымша білім беріледі. Оқу жоспарларының жылжымалы бөлігін қатаң орындау арқылы оның негізгі бөлігі қалыптасады және ақылы негізінде білім беруде мектеп құрамындағы «кіші мақсат» ерекшелігімен ата - аналар және оқушылардың сұраныстары ескеріледі.

         Мысалы, «Білімдарлар мектебінде» инвариантпен қатар психология, шешендік өнер, этика, журналистика негіздері пәндері, ал «Балдырғандар мектебінде» қосымша физика, МХК, информатика, екінші  шет тілі оқытылады.

         Қосымша білім беру каналы бағытына бағдарлы кластар ерекшеліктеріне сай тіл мәдениеті, шет ел тілдері, математикалық логика, информатика, бизнес -  математика оқытылады, ал бағдарлы мектепте бағдарлы немесе бизнестік кластардың әр қайсысына өзіндік оқу жоспары болады. Оқытудың формасы мен әдістері оның мазмұнына байланыстырып таңдалынады, бірақта дарынды балалармен жұмыс принципті ерекшеліктерімен қолдануды талап етеді. Педагогикалық

басылым беттерінің бірінде «дарындылық – бұл басқалардан жақсырақ білім алу қабілетті емес, білім алудың басқаша жүргізілуінде». Міне бұл ереже әр текті балалар құрамымен және оқу материалын қабылдау мүмкіндігінің әртүрлілігі, сонымен қатар жеке тұлғаны дамыту алғы шарттарының түрліше болуы негізінде ескеріліп, ОТП ұйымдастырудағы біздің әрекетімізді ашып көрсетеді. Қорытындысында күрделіліктің болу себебі әрине ОТП – ның әрбір мектептегі қалаптасу жайы мектептің ерекшелігімен оның мақсатты бағдарламасынан шығантындығында. Сондықтанда мысалы, мектеп алды даярлықты ендіріміздегі басты мәселе балалардың жалпы дамуы туралы қамқорлықтан келіп шығады. Ал бастауыш мектептің негізіне дамыта оқытудың балама жүйелері қарастырылады. Әрқашан оқуышыларды жалпы дамыту мәселесі бастауыштағы оқыту басты міндетін қояды да оқушылардың ақыл – ойы, ерік – жігері, сезімін дамытушы және білім, білік дағдыларды қалыптастырудың сенімді негізі ретінде қарастырылады. Кез - келген  баланың эмоционалды компорттық қажеттілігі өте жоғары.

         Балалар айналасанда мейірімді және жылы шырай туғызу маңызды, әрі өзін - өзі түсінуге, табысқа жетуге жәрдемдеседі. Міне, мұның бәрі бала қабілетін дамытыудың қажетті шаралары болып саналады.

         Балдырғандар мектебінің мақсаты - әрбір жеке тұлғаның потенционалдық мүмкіндігін ашуы үшін комфорттық психо – педагогикалық жағдай туғызады.

         Бұл жерде оқыту мына принциптерге құрылады:

•        Дифференцациялау және жекелеу

•        Оқушыға эмпатия

•        Шығармашылық және

•        Ынта ықылас

•        Ынтымақтастық және жігерлендіретін басқару

Негізге алынатын  технологиялар:

•        Бала алдындағы әрекет түрлерінің  ойындық моделдерін жасау

•        Оқу жүктемелерінің психосақтандырылуы

Оқыту мазмұнында бірнеше тілдердің оқытымдығына басым бағыт беріледі, өйткені тілдік дайындық – бұл гуманитарлықта және жаратылыстану – математикалықта білім берудегі өткір өзек. Балдырғандар мектебінде  1 кластан – 1 шет тілі, ал 5 кластан 2  шет тілі оқытылады.

         2.3. Дарынды балалардың білім алулары үшін байытылған орта жасау.

         Бірыңғай дарынды балалардан құралған арнайы оқу орындары мемлекеттің элиталарды дайындау міндетін шешуге сомдалған қабілетті, егерде олар «парник» мектебіне айналу қаупін жеңіп және балалардың табиғи жаратылысына жақын жағдайлар жасаса.

         Социум типінде құрылуына қарамастан біздің мектептің алдында да «ашықтық» проблемасы тұрды. «Байтылған орта» ұжымының ішіне біз: оқу процесі, сабақтан тыс қызмет, мектептен тыс сияқты мектептің өмір әрекетінің барлық формаларының мазмұнын қосамыз, алайда қайда дарынды балалар болса, ол орта дәстүрлі емес жұмыс түрлерімен байтылған болуы тиіс. Үш жылғы ізденістермен тексерулер біздегі «кіші мектептер»

ұжымындағы айрықша дәстүрлерді белгіледі. Бұл  дәстүрлердің негізгі өзегі  үлкен мектеп құрамындағы мектептер порлеллель кластар, кластағы оқушылар арасындағы бәсекелестік жарыстар болып табылады. Осыдан келіп байқаулар, конкурстар пәндік олимпиадалар, пән күндері шешетін өміріндегі тұрақты құбылыстар қатарынан орын алды. Ең негізгісі жалпыға мәлім (дәстүрлі) кластан тыс жұмыстардың өте сирек кездесетін жаңа мазмұнымен толықтырылуында.

         Сонымен, «гимназистер», «білімқорлар», «жоғарғы кластағыларға» арналған мерекелер үлкен салтанаттарға айналды. Балалар жай ғана қатысып қоймай, бұл мерекелер аясындағы форумдар мен конкурстарға тікелей атсалысады.

         Балдырған мектебінде де тақырыптық мерекелер қызықты өтеді,

өйткені оны балалардың өздері дайындайды. Бастауыш кластарда бұл мереке бантик күні, үздік баға, үздік жанұя болып аталса, ал жоғарғы кластар жарты жылдықпен оқу жылының соңында эмтихан статусы дәрежесіндегі өтілетін өздерінің шығармашылық кештеріне шақырады. Оған адамгершіліктің және шабытпен дайындық жасайды, мұндай «эмтихандар» көптеген қонақтардың – ата – аналардың ғалымдар, жұртшылықтың қатысуымен салтанатты  өтеді.

Балалар «Оқушылық – 181» деп  атайтын аз тұрғынды мектептің қабырға газетін қайнаған мектеп өмірі тынысымен ондағы жаңалықтардан жүйелі хабардар етеді. Мұнда балалар әзілдері мен анекдоттарынан бастап мектепті дамытудың үлкен проблемаларына дейінгі мәселелер түгелдей қамтылған. Мұндай мектептер бір мектеп қабырғасының  аздық етері табиғи нәрсе. Сондықтанда қызығушылық тудырған  басқа оқу орындарымен тұрақты әрекеттегі байланыс орнату қажеттілігі туындады. Бұл тілектердің орындалуы аз – көп күттірген жоқ. Кәсіптік мектептерде жоғарғы оқу орындары мен байланыс  ертеден  жолға қойылып, соңғы жылдары ол тек университет ғалымдары жүргізетін арнайы курстармен, факультативтармен нығайтылған, базалық кластар ашылған.

3.5.Дарынды балалармен жұмысқа мұғалімдерді дайындау .

1999 жылдың ақпан айында өткен  «Дарынды балалар: проблемалары және болашағы» республикалық семинар кеңесінің ұсыныстарында дарынды балаларға білім беру мен тәрбиелеудегі тікелей – педагогтық кәсіби шеберлігіне: тәрбиеленушінің жеке бас ерекшеліктерін диагностикалауды меңгеруіне, дамуына, жеке – бағдарлы саралай және даралай оқыту технологияларының  қаруландыруына байланыстылығына  амал көрсетілді. Аталған жұмыстар тізбесі дарынды балалармен жұмыс жасау үшін қажетті мұғалімнің нағыз кәсіби деңгей көрсетуде мүмкіндік береді. Жалпы білім беретін  мектептерде дарынды балалармен жұмыс туралы айтқанда, сөз ең алдымен дарындылықтың  потенциалы жайлы болады. Дарындылықтық өз өте сирек, еркше құбылыс десек, онда бұл жұмысты тек қана арнайы дайындықтан өткен  мұғалімдерге ғана сеніп тапсырылады, өйткені олар дарынды балалар тобымен  іс - әрекеттеуді және жаңаша қарым –қатынас жасаумен жемісті әрекеттестікті меңгерген.

3.1. Мектептегі ерекше құрылымның әдістемелік қызметі.Мектептегі әдістемелік қызметтің жүйесі потенциалды дарындылармен  жұмыс методикасын меңгеруде мұғалімдер үшін комитер көрсетуді көздейді қарастырады, әр бала қабілетін еркін дәл тауып, олардың үздіксіз дамыту жолдарын ойландырады. Ол үшін дамыта оқыту теориясымен қарулану жеткілікті және инновациялық технологияларды меңгеру қажет,тек меңгеріп қана қоймай оқу процесінде саналылықпен пайдалана алу қажет. Зерттеулердің бүкіл кезеңінде мектеп әдістемелік қызметті ұйымдастырудың бірнеше формаларын тексеруден өткізді: психо – педагогикалық  білімді жан  - жақты насихаттау арқылы оқу талдамалары көмегімен ұжымды жаңа ізденістеріне бастады, олар: пәндік және оқу циклдерінің әдістемелік бірлестіктері. Қорыта келгенде лабароториялық формасына тоқталдық

  1.                                          

ОТП жағдайында балалар дарындылығын дамыту

Б а ғ д а р л а м а с ы

М а қ с а т ы:  

1.      Мектеп алды даярлық тобынан орта білім алғанға дейінгі аралықта балалар дарындылығының дамуын  диагностика көмегімен айқындап білу және уақытылы қадғалау.

2.      ОТП қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету және балалардың жалпыжәне арнайы қабілетерін кешенді дамыту үшн алғышарттар жасау.

3.      ОТП дарындылар мәдениетін қалыптастыру кезінде эгоизм-өзімшілдік, эгоцентризм-дарашылдың алып келетін барлық келеңсізқұбылыстарды жеңу және қоғамдық ортадағы дарынды балалардың бейімділігін шыңға шығару мүмкіндігін болдырмау.

4.      психо- педагокикалық қызмет құралдарына сүйене отырып мектепте дарынды жұмысқа оқушылармен класс жетекшілерді даярлауды қалыптастыру.

Соңғы нәтиже- бұл бітірушінің жеке тұға болып қалыптасуы, саяси тұрақтылық пен экономикалық өркендеу жолындағы өзі өмір сүріп отырған қоғам мен елді дамыту бағдарламаларына  қатысуға қабілетті, бұл Президенттің  2030 - бағдарламасындағы негізгі айқындауларды жүзеге асырушы тұлға, бұл интеллктуалды және шығармашылық потенциалы жоғары тұлға. Бұл мақсатқа жетудің мүмкіндік жолы біреу ғана: ол тұтастық теориясына сүйенуі тиіс және ОТП ұйымдастыруда жүйелілік принціпін басшылыққа алады. Осылайша жүйелілік теориясы мақсатқа жетудің 2 аспектісіне болжам жасайды: аспент-состаяница- хал-жай аспектісі, және аспект двитепца – қозғалыс аспектісі, мына дарынды балалармен жұмыстың біздегі мақсатына бағдарламасы 5 жылға жоспарланған.

Дарындылық деңгейін табу және анықтау механизімдері

Дарындылық  деңгейін табу және анықтау механизімдерін жасауда мектеп Рендулейдің дарындылықты анықталуын пайдалануына болады.

«Дарындылық» - орта деңгейден жоғары интеллектуалдық қабілеттер, шығармашылық қатынас және табандылық сияқты үш сипаттамалық байланысының нәтижесі болып табылады.

         Мектепте дарындылық деңгейін табу және анықтауды 3 бағытта жүргізуді ұсынады:

•        интеллектуалдық дарындылық

•        шығармашылық

•        лидерлік

1 – класқа, болмаса сараланған кластарға балалар педагогикалық және психологиялық диагностика негізінде қабылданады.

Педагогикалық  диагностика:

А) балалардың әуестігі мен қызығушылығын білу мақсатында ата-аналармен әңгімелесу, оқытудың басынан әрекеттің табыстылығын анықтау

Б) (Маслоу және Д.Люнс бойынша) оқушылардың үздік жетістіктерге жетуіне мүмкіндік беретін факторларды дамыту үшін жағдайлар жасау.

•        Нақтыны ұғынуға, абстрактылық және күрделі ой қорытуға лингвистикалық және математикалық жеңілдік қабілеттері

•        Интеллектуалды белсенділікке және қызығушылыққа, барлық құндылықтарды қабылдауға мүмкіндік

•        Оқу және өзгеде әрекеттерді өз бетінше жүргізуі жеке даралылық

Алғашқы 2 шарт дамыта оқыту тәрбиелеу бағдарламаларымен қамтамасыз етіліп, мектептің оқу процесінде мақұлданып ендірілген, ал үшіншісі – психологиялық диагностика арқылы жүргізіледі.

Психологиялық диагностика

Мектепте оқытуға психологиялық дайындығын тест арқылы қабылдау кезінде психолог интеллектуалды дарындылығы жайлы талдауға мүмкіндік беретін ойлау ендіреді, өзінің оқу қызметі және мінез – құлқын  Ережеге          талаптарына бағындыру біліктерін айқындайтын, әрекеті өз бетінше реттеуші тесттер, ал қабылдау тесттері арқылы өз әрекетің мен нәтижеге болжам жасауды жоспарлау біліктерін меңгеруге болады.          

                              1- қосымша

                                        Ойлау тесттері

1.      Торизайктың формаларға біріктіру тесттері

2.      Фигураны бөліктерге ажырату тесттері

3.      «Өрнекті құрастыру» тесті

4.      « Коос  Кубиктері»  үлгісі

5.      Ширер – Гольдштейн тесті

6.      Векслер тесті

7.      Равеннің « Заңдылықтарды іздеу» тесті

8.      «Адамның суреті» тесті

                  Есте сақтау тесттері

1.      Күрделі фигуралар (Векслердің есте сақтау шкаласы)

2.      10 сөз

3.      Санды есте сақтау

4.      Пиктограммалар (Лурин тесті)

                Өз бетінше реттеу тесттері

1.      Лабиринт (Векслердің субъект аналогы)

2.      «Үштік»

3.      Элькониннің графикалық дидакты

4.      Каган тесті

5.      « Таяқшалар және крестик»

           Қабылдау тесттері

 

1.      « Квадратты тал» тесті

2.      «Қанеки балаларға қарайық»  америкалық әдістеме тесті

3.      «Фигураны салып бітір» тесті

4.      А.Реаның «Көлмағыналы суреттер» тесті

Д.Фельдман том көрсетуі бойынша қарқынды және ұзақ мерзімді педагогикалық қолдау болмаса аса дарынды балалар тамаша жетістіктер көрсетпейді.Ал сондай-ақ  кіші мектеп жасындағы дарынды балалар адамгершілік сапасы жөнінен де, интеллектісі бойынша да жедел дамушылық көрсете алады, керісінше эмоционалды және дене дамуы олардың жасына тәуелді болады, ол өз кезегінде әлеуметтік бейімделуін жоспарлауда қосымша – проблемалар туғызады.Сондықтан мұндай жастағы баланы бастауыш мектепте оқыту мұғалімдердің психолог және ата – аналармен бірлесе дара қатынас жасауына, бұған қоса жоғарыдағы аталған көрсеткіштерді жүйелі қадағалау жасауға негізделіп құрылады, бұл ретте Л.Холлингуорттың ең маңызды қабілеттері мен біліктерін дамыту жайлы ұсыныстарын басшылыққа алуға болады.

 

           2 – қосымша.интегралдау

Л.Холлингуорт бойынша дамытуға жататын ең маңызды қабілеттер және біліктер.

+,-  ДО және ДТ бағдарламаларының мақсатты болжамдарына сәйкес келуі

Таным қабілеттері мен біліктері         

Ақпаратты мол көлемде меңгеру        

Бай сөздік қоры                                     

Игерген ұғымды жаңа материалға тасымалдау   

Байланыстардың себеп – салдарын анықтау        

Қорытынды жасау білігі                                        

Ақпаратты интегралдау және синтездеу білігі   

Күрделі жағдайларды шешуге қатыса алуы        

Ақпаратты ұйымдастыру                                       

Күрделі идеяларды    сезу    біліктері                   

Нәзік айырмашылықтарды табу білігі                 

Қарама – қайшылыққа сезімталдығы                   

Ізденіс, ақпараттың балама жолдарын қолдануы

Жағдайға талдау жасауы                                        

Процестің өзін де, нәтижесінде бағалау білігі     

Салдарын көре білу білігі                                       

Талқылау білігі                                                        

Болжам жасай білу                                                  

Практикада идеяны қолдануы                               

Өзгеріс жасауға қабілеттілігі                                 

Ойлаудағы сыншылдық                                         

Жоталы әдістенушілік                                            

Шығармашылық қабілеттері                                   

Тәуекел етуге қабілеттілік

Дивергентті ойлау

Ойлау мен әрекеттегі икемділік

Ойлаудың шапшаңдығы

Тың идеяларды айту, жаңаны ойлап табу қабілеті

Қиялдаудың кеңдігі

Көп мағыналы заттарды ұғынуы

Эстетикалық құндылықтарының жоғарылығы

Дамыған интуиция

Әсерленушілік аймағының ерекшеліктері

Мен – концепциясының  ақиқаттығы

Өзгеге құрметпен қарау

Адамдарға эмпатикалық қатынас

Басқа адамдардың ерекшеліктеріне төзімділік

Өзіндік талдау жасауға бейімділігі

Сынға сабырлық қатынас

Шығармашылығымен және идеяларымен бөлісуге даярлығы

Тапсырманы орындаудағы табандылығы

Ойлаудағы және мінез- құлық еркіндігі

Сайыскерлік

әзіл-оспақ сезімі

адамгершілік проблемаларын талдауға сезімталдық

өзінің күші мен қабілетіне сенімділік

ішкі себеп жүйесі

 

Көріп отырғанымыздай, ДО және тәрбиелеу бағдарламаларындағы мақсатты болжамдар жоғарыда баяндалған дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу жайындағы ғалымдар талдамаларымен сәйкес келеді, олай болса психологиялық дамуы көрсеткіштерімен жұмыс барысында оқушылардың жеке ерекшеліктерін дамыту(қабілеттерін,білік,дағдыларына дейін) тек дамыта оқыту және тәрбиелеу жүйесі жағдайында ғана жемістерге жеткізеді деп болжам жасауға  кепілдік береді.

         Жасөспірімдер және жоғарғы класс оқушыларының дарындылық деңгейін анықтау педагогикалық және психологиялық динамика негіздеріне сай жүргізіледі. Процесс механизмі – ұқсас (оны төменгі жастағы оқушыларды диагностикалаудан өзгешелігі). Диагностикалаудың ерекшелігі деп тәрбиелік ңкартасы, бақылау формалары, сұрау жүргізу сияқты психотестке сәйкес келетін жұмыс түрлерінің оқушылардың жас – ерекшеліктерін ескере жүргізілуді жатқызуға болады. Қабыдау  диагностика №3 қосымша

1.      қабылдау көлемінің  диагностикасы

2.      байқағыштық диагностикасы

 

Назар аудару диагностикасы 

 

1.      «Қателерді жөндеу» әдістемесі

2.      корректураны сынау

3.      «сандарды орналастыру» әдістемесі

 

Ойлау процесінің қисынға келтіру деңгейін диагностикалау

 

1.      Айзенк тесті

2.      КОТ тесті

3.      ақыл - ой дамуының мектептік тесті

4.      «Аналогия» - үйлестік тесті

5.      Анализ және синтезге қабілеттілік

6.      «Логикалық ойлау»  әдістемесі

 

Есте сақтау диагностикасы

 

1.      Жедел есте сақтау диагностикасы 

2.      Мағыналық есте сақтау

3.      Жанама түрде есте сақтау әдіОқыту және дамыту нәтижелігінің критерилері мен көрсеткіштері  

Оқыту және дамыту нәтижелі критерилері                     Осы критерилер тиімділігінің көрсеткіштері

1.Ғылымилығы.  Теориялық негіздемеге сәйкестілігі, оқытушылар мен оқушылардың ғылыми терминдерді,әдістерді,принциптерді меңгеруі

2.Мақсатты болжам, интеллектуалды сапасы Оқушылардың мақсатқа талпынушылығы, істі  соңына дейін  жеткізуге ынталылығы

3.Тапқырлық      Әуестік, сабаққа әрдайым қызығушылық арқасында жоғары нәтижелік,тәуелсіздік,өнертапқыштық,икемділік,саналылық,дәлдік

4.Оқытудың тиімділігі Оқыту процесіндегі ақпараттар мен оқу әрекеттерін меңгерудің сапасы және жылдамдығы

5.Оқыту деңгейінің жоғарылығы  Білімдегі ілгерілеу қарқыны, нағыз білімнің көлемі,қатысы,сапасына жауапкершілігі, ақыл–ой әрекетін меңгерту және тасымалдау, ойлауды қисынға келтіру, жеке тұлғаның ерекшелігі

6.Оқытудағы қажеттілік       Оқушының мұғалімге және пәнге дұ қатынасы, қызығушылық, олардың өз еңбектеріне қызығушылығы, жауапкершілігі

7.Мен – жағымды концепциясы    Өзін - өзі түсінушілік, интеллектуалдық өзіндік бағамы,өзіне талап қойғышты

8.Өзін-өзі бағалаудың дәлдігі       Сыншылдық,талаптылық,педагогикалық ситуацияларға шынайы талдау қабілеті, оқу қызметінің нәтижесіне бара бар бағалаулар

9.Құрбылармен пікірлесу    Жаңа жағдайға бейімделушілік,сабақта және ойында әріптес ретінде тыңдай білу,өзіне сенімділік, пікірлесуге ыңғайлылық,белсенділік,кеңесші және көмекшілік қызмет.

10.Ұжымды қисынға келтіру         Тип, бағытының түрі,жауапкершілікке байланыстылық жүйесі, өмір мәні, әсерлену аймағы.

11.Жұмысқа қабілеттілік      Өз күшін мөлшерлеу бөлігі,өз қызметін ұйымдастыруы,өз әрекетін болжай алуы,жұмыс нәтижесін талдай білуі,жоғары,орта,төмен

12.Өзіндік жұмысқа қабілеті          Жаңаға сезімталдық,өзін тәрбиелеуге жігерілік

Мұғалімнің үлгі портреті (РИПКРО) Москва 1994. Педкадрларды аттестациялау туралы документтер жинағынан.     

1.      Өз пәнін білуі

-        материалды түсінікті баяндау білігі

2.      Оқыту методикасын білу

-        оқушылар білімін әділ бағалау білігі

-        білімнің практикалығы мен дағдыға оқыту білігі

-        өзін, өзінің оқушыларға ықпал жасауын сыншыл бағалау қабілеті

-        оқушылармен ынтымақтастықтың білігі, қабілеті

-        ата-аналармен тату тұру қабілеті

-        сөйлеу мәдениеті

3.Оқушыларды арнайы терминдерді, меңгеруге үйрену білігі

-        өзінің сезімін басқару білігі

-        жалпы білімдарлық

4.      Жас ерекшелік психологиясын білуі

-        көпшілік оқушылардың пәнге тұрақты қызығушылығын қолдау білігі

-        оқушылардың өздігінен білім алуын ұйымдастыру білігі

-        оқытудың жекелік тәсілдерін меңгеруі

5.      Жаңа педагогикалық концепцияларды, технологияларды білуі

-        білім беруді дамыту бағыттары және осы заманғы педагогикалық 

     тәжірибелерді білуі.

Мұғалімнің маңызды салалық моделі

1.      Ақыл

2.      Игілік, адамгершілік, бекзаттық

3.      Мәдениет

4.      Білім

5.      Кәсібилік

6.      Балаларға сүйіспеншілік

7.      Тәртіптілік

8.      Шығармашылыққа бейімділігі

9.      Белсенділік

10.    Жан – жақты қызығушылығы

11.    Ұйымдастыру қабілеті

12.    Берілгендік, еліктегендік

13.    Зиялылық, білімділік

14.    Әзілге сезімталдық

15.    Тыңдау білімі

16.    Талдау қабілеті

17.    Еңбек сүйгіштік және табандыцлық, қажырлылық

18.    Адалдық, ақниеттілік

19.    Мейірбандық

20.    Ашықтық

21.    Әдептілік,өнегелілік

22.    Әділеттілік

23.    Парасаттылық

Мұғалім жетістігінің формальды кретерилері

1.      Факультатив, секция, үйірме жүргізеді

2.      Мемлекетік пәндік әдістемелік құрылым, басқыштары

3.      Ашық сабақтар өткізу

4.      Педагогикалық қауым үшін лекциялар оқу

5.      Ғылыми зерттеушілік жұмыстар

6.      Мұғалімдердің шығармашылық кәсіби сайыстарға қатысуы

7.      Ғылыми және танымал – педагогикалық жарияланымдары

8.      Мұғалімдер семинарларына, уақытша зерттеу. Зертханаларға жетекшілік

9.      Өзінің пәндік бағдарламаларын, оқушыларын көрнекі құралдарын құрастыру, акробациялау

10.    Пәндік және басқада олимпиадалар мен конкурстарды өткізіуге бастама жасау, қатысу, өткізу

11.    Жас мамандарды оқыту

12.    Мамандығын және өздігінен білім алуын көтеру

13.    Мұғалімдердің кәзіргі заман компютерлік технологияларды меңгеруі

14.    Педкеңес жұмысына қатысуы

15.    Мектептен тыс жұмыстарға қатысуы

16.    Оқушылар зертханаларында балалардың шығармашылық, танымдық, зерттеушілік әрекеттерін ұйымдамтыру

17.    Кабинет жағдайы

18.    Балалардың оқу нәтижелері

19.    Мадақтамалары.

Мұғалімдік қызметтегі жетістіктің кейбір шарттары

1.      Ырқына ерітушілік

2.      Мұғалімнің пәннен тыс ақпараттар қолдануға қызығушылығы

3.      Мінез – құлқы және пайымдауының шынайылығы

4.      Тұрақты беделі

5.      Оқыту процесінде әрекет және қатынасты ұйымдастыру білігі

6.      Өмірде педагогикалық талаптарды табанды табанды жүзеге асыру

7.      Әзілге бейімділігі

8.      Баланы кез – келген жетістігін байқау және қолдау білігі

9.      Білімді мөлшерлі және қатаң, жүйелі, бірақ айтарлықтай жеңіл жеткізу және жинақтау мүмкіндігін туғызу қабілеті

10.    Оқушылармен қарым-қатынастағы әдептілік және корректность

11.    Шыдам және шыдамдылық

12.    Өзгенің пікірін сыйлау білігі

13.    Балалар құпиясын сақтау білігі

14.    Бөгде адамды түсіну және сезіну қабілеті

15.    Икемділік, иілгіштік

16.    Дайындықсыз сөйлеуге тапқырлық және қабілеттілік

17.    Байқағыштық

18.    Қолайсыз жағдайда пікірлесу білігі

19.    Балаларды тартатын білігі және қызығушылығының болуы

 

Педагогтың кәсіби қызметінің картасы

1.      Біліктілігін көтеру және өз білімін көтеруі – жетілдіруі картада мұғалім қайда, қашан және неге оқытылуы, педагогикалық қызметтің қандай элементтерін ол өздігінен оқып – үйренеді, қайда, қандай формада және нені мұғалім үйренгісі келетіндігі туралы ақпараттар көрініс табады

2.      Жылдар бойынша кәсіби жетістігінің рейтингі педагогтық кәсіби қызметін 4 жақты балалар ана – аналар әріптестер, әкімшілктен анкета жүргізу негізінде оқыту процесінде оқушылардың репродуктивті, проблема – ізденушілік және шығармашылық жетістіктеріне мониториг жасау жылына анықталады.

3.      Қоғамдық – педагогикалық қызметі.

4.      Пән бойынша кластан тыс жұмыстар; мұғалімнің кәсіби қызметінің  аса маңызды құрамдас бөлігіндей.

5.      Инновациялық кәсіби қызмет

-        педагогикалық шеберлік сайыстарына қатысу

-        сабақтардың кластан тыс жұмыстардың сценариін жасау

-        публикациялар дайындау

-        ашық сабақтар

-        жаңа бағдарламалар жасау, бағдарламалар даындау, семинарлар мен педкеңеске шығып сөйлеу

-        жаңа әдістемелер жасау

-        авторлық оқу құралдарын жасау

-        оқу процесіне жаңа әдістер ендіру және жаңа оқу курсын эксперименттік акробациялау

Жоспарлаудағы қажетті компоненттер

1.      Бағдарлама жасау оқу орындарының бұрынғы қызметтерімен оның алдында тұрған нақты порблемаларға талдау жасаудан шығуы тиіс.

2.      Бағдарламада мақсаттар мен міндеттер және нәтижені алдын ала жоспарлау көрсетімділігі

3.      Бағдарламада болжам жасалынған әрекеттің басымдығы және қауырттығы ескерілуі тиіс

4.      Есепке алынатын жағдайлар: бағдарламаның үйлесімділігі, қажеттілігі және жүзеге асуы.

5.      Бірақ, сірә бағдарламаны жасау барысында ескерілуге тиісті, ең маңызды жағдай, бұл олардың қажетті құал- жабдықтарымен заттай, теехникалық, кадрлық,ғылыми әдістемелік ұйымдастырудағы міндетті қамтамасыз етілуі.

 

Бағдарламаға критериилер

1.      оқушы білімінің жүйелі сипатта болуы

2.      оқыған материалды оқушының терең түсінуі

3.      бұл пәнмен шұғылдануа  оқушының қызығушылығы

4.      білімнің практикаға бағдарланушылық құндылығы(білімді практикада қолдану мүмкіндігі)

5.      оқушылардың репродуктивті және практикалық – шығармашылық әрекеттерінің  қаншалықты ұштастырылуы

 

Оқушылардың үй тапсырмаларын орындауына

 кедергі жасайтын факторлар

 

1.      жалқаулық

2.      үй тапсырмасын дұрыс орындай алмаушылық

3.      танымдық қызығушылығының болмауы

4.      мотивацияның болмауы

5.      назарын басқаға аударатын факторлар: қыдыру, тамақтану, ұйықтау, музыка тыңдау

6.      оқыған материалды түсінбеу

7.      оқу дағдыларының болмауы

8.      қиындықты жеңе алмаушылық

9.      мақсатты қояалмаушылық, еріктің болмауы

10.    білімдегі елеулі кемшіліктер

11.    үй тапсырмасын орындау кезіндегі  консультация алу мүмкіндігінің болмауы

12.    үй тапсырмасын орындауға қызығушылықтың болмауы

13.    қызықтырмайтын мұғалім

14.    практикалық маңызының жоқтығынан, үй тапсырмасының орындамауы

15.    сабаққа жалғыз дайындалушылықтан зерігу

16.    үнемі біреудің немесе бірнәрсенің алаңдауы

17.    үй тапсырмасын орындаудан не пайда бәрібір тексерілмеген соң

18.    келесі пәндер мені қызықтырмай

Баланың шығырмашылық қабілетін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды алуды талап етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері, дей келе олар қоғамдық тарихи іс әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап көрсетеді «Қабілеттер» - білім алуға қажетті адмның психологиялық ерекшеліктері дейді. А. Б. Петровски қабілет – іс әрекеттің белгілі бір жүйесін ойдағыдай, нәтижелі орындауға көрінетін адамның жеке қасиеті деп жазады Т. Тәжібаев «Қабілеттер» - адамның іс әрекетінің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері деген де анықтама бар. Мүмкіндік білім де, дағды да емес. Ол адамның белегі бір істі орындауға даярлығы деп қарастырылады Ә. Алдамұратов.

         Психологтар  қабілеттердің 2 түрлі деңгейі болатындығын  дәлелдейді.

Репродуктивті (өнімсіз) – іс - әрекетті не білімді берілген үлгі бойынша қабылдау, меңгере алмау деңгейі.

Шығармашылық – жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі

Бастаушы класс оқушыларының қабілеттері 2 түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден – кез – келген бала адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесінмеңгертуге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды, білім, білік, дағдыны қабылдайды. Екіншіден – кез – келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады.

 Оқу әрекетінен  шығармашылық әрекеттің айырмашылығы ол баланың өзін өзі қалыптастыруына, өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс – тәсілдер іздейді. Проблемены өзінше жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Біздің ойымызша бастауыш класс оқушыларының кез – келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. ОЛ үшін мына төмендегі шарттар орындалуы тиіс. Біріншіден – баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін крте бастан қолға алу. Мысалы бір тіл үйрену үшін баланың туған сәтінен бастап сөйлесе бастаймыз ғой. Немесе музыканттар жанұясында үнемі музыка естіп өскен баланың сол өнерге қабілеті өте ерте ашылады. Осыны басқа қабілеттер дамытуға неге пайдаланбасқа. Екіншіден – баланың жүйелі, тұрақты ұйымдастырылған шығармашылық әрекеттер жағдайында болуы. Ерекше ойды талап ететін әлеуметтік қарым – қатынастар шығармашылық қабілеттерді дамытуға

тиімді әсер етеді деп ойлаймыз. Үшіншіден – шығармашылақ жұмыстар  баланың ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жетуі керек. Күн асқан сайын ол деңгей биікткй беретіндей болуы керек. Осындай тынымсыз ой қызыметі ғана бала дамуына үлкен нәтиже береді. Осы пікірді қуаттайтын ХІХ ғасырдағы неміс ғалымы Карл Витте оны дәлелдеу үшін өз ұлын өзі дайыдаған жүйесі бойынша тәрбиелейді. Нәтижесінде әкесінің атымен аталатан кішкентай  Карл 9 жасында университетке түсіп, 1 жылда оның толық курсын бітіреді. 13 жасында философия докторы деген атақ алады. 18 жасында Тейзельбург университетінің профессоры,

23 жасында Берслеу университетінің кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.Төртіншіден – ең негізгі шарт – бала әрекетінің әр түрімен айналысуға, таңдауына деген еркіндігінің болуы. Баланың жұмыспен айналысуға деген қызығушылығы, қанша уақыт айналысамын деседе өз еркі болуы керек. Мұндай қызығушылық, қажеттілік табысқа жетудің бірден – бір кепілі болып табылады. Бесіншіден – еркіндік – ойға не келсе соны істеуге, ал қамқорлық, көмек бала үшін жұмыс істеуге айналмауы керек. Балаға елеусіз болсада өз күшімен өз ойымен, қиындықты жеңе отырып «жаңалық» жағдай жасайық.

Кеңестік психологтар мен ғалымдар Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн,В.В Давидов, Л.В. Зонков өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар Ә.Тәжібаев,М.Мұханов,Ж.М. Әбділдин,Қ.Б. Жарықбаев еңбектерін жеке тұлғаны дамыту дамыту мәселелерін теорясы мен практикасының алтын қоры деп білеміз.Отандық психологияда қабілеттер жайлы ілім біршама дамыған. Мысылы: 1930 – 40 жылдың аралығында тұлғаға дейінгі тұрпайы – социалистік көзқарастар қалыптасқан кезде қабілеттер жайлы мәліметтер психологияда да, педагогикалық практикадан да алынып тасталған болатын.

Тек, 1950 жылдың ортасынан бастап, бұл мәселе қайта көтеріле бастады. Бұдан кейін нақты қабілеттер жайлы іргелі зерттеулер жасалды. Олар: музыкалық қабілеттер Б.М.Генлов, Бейнелеу өнеріне деген қабілеттер В.И.                             Киреенко, әдеби қабілеттер В.П. Ягункова, математикалық қабілеттер В.А.Крутецкий, педагогикалық қабілеттер Н.В.Кузьмина сияқты зерттеушілер.

         Кеңестік психологтардың қабілеттер жайлы еңбектерін шартты түрде 2 топқа бөлуге болады. Біріншілер – қабілеттер мәселесін теориялық тұрғыдан талдаса екінші топ өкілдері нақты қабілеттер құрылымын зерттейді. Ең алғаш қабілеттер мәселесін көтерген С.Л.Рубинштейн іс-әрекеттің қабілетін дамытудағы ісін нақтылады. Осыдан бастап қабілеттің әрекетте дамитындығы жайлы теория қалыптасып, бұл 2 теория біртұтастықта қарастырылатын болды. Ерекше тоқталуды қажет ететін еңбектер қатарына Б.М.Генловтың және оның шәкірттерінің еңбектері жатады. Олар қабілеттерді жеке адамның психологиялық айырмашылығы деп қарастырып, қабілеттер дамуындағы нышандардың роліне ерекше назар аударады. Қабілеттер туа пайда болады деген пікірлерге қарсы, туа берілетін тек алғы шарттары немесе нышандары деп қорытындылайды.

         Қабілеттер жайлы ой-пікірлерді әрі қарай өрбіте отырып, Б.Г.Ананьев қабілеттер  мен білім, білік жиынтығы ғана емес, оларды қолдана білудегі дербестік, саналылық, шығармашылық деген пікір айтады. Бала бойындағы дарындылық деген сияқты ерекше қабілетті зерттеген Н.С Лейтес қабілетке «іс - әрекеттің белгілі бір түрінде жетістіктерге жеткізетін психологиялық » деген анықтама береді. Ақыл –ой қабілетінің алғышарттары белсенділік және өзін - өзі реттеу(саморегулация) деген қорытынды жасайды.

         Сонымен қабілет жайлы барлық айтылғандарды қорыта келе,  біз төмендегідей қорытынды жасаймыз.  Қабілеттер проблемасы – оқушылардың жекелік айырмашылықтар проблемасы.Қабілеттілік бірден қажет емес,олар  өмірсүру барысында дамып отырады.Қабілет дәрежесі әр адамда әр түрлі деңгейде болады. Бала бойындағы жалпы және арнайы қабілеттердің алғышарттары нышан болып табылады. Қабілет әрекеттің белгілі бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. «Бейімділік адамның  әрекетпен айналаға бетбұрысы, оған көңіл қосы (көңілінің аууы), оянып келе жатқан қабілеттердің алғашқы белгісі» - деп жазады академик Т. Тәжібаев.

«Бейімділік пен қабілеттің соншалықты тығыз байланыстылығы кейде тіпті біріне – бірін ажырату қиындығын туғызады. Дегенмен бейімділік ұмтылу, ал қабілеттер – мүмкіндіктер», - дейді көнекті психолог Н.С. Лейтес.

НЫШАН – БЕЙІМДІЛІК – ҚАБІЛЕТ – ДАРЫН – ТАЛАНТ

                                                       қ о р ы т ы н д ы

 

1. Жалпы білім беретін мектеп жағдайында дарынды балалармен жұмыстың жай – күйіне талдау жасау арқылы төмендегі қорытындыға келуге болады.Және оларды методикалық ұсыныстар түрінде де қарастырған жөн.

2.      Қабілетті және талантты балаларға көңіл аудару мерзімді немесе ауық – ауық болмауы тиіс, керісінше тұрақты түрде жүргізу үшін, ОТП жүйесіне сүйенуі керек.

3.      Балалар дарындылығының даму мазмұны, формасы, әдісін таңдау тек қана оның бөліну аймағымен ғана байланысты емес, керісінше бөліну этаптарына тәуелді, осыдан келіп потенциалды және жасырын дарындылық пен дарынды балалармен жұмыс ерекшелігі факті түрінде жарыққа шығып, аяқталған формада ғана психикалық шындыққа айналады. Біздің мектептің құрылымдылығын білімдарлар класы ғана ақиқатқа айналған дарынылық динамикасы проблемасын шешетін материалдар ұсына алады. Аталған жүйедегі негізгі тұжырым: дарындылық, талант, оқытуды даралау дегенге саяды.

4.      Балалар дарындылығын анықтау және оны дамытудағы жалпы білім беретін мектептердің мүмкіндіктері әлі толық зерттеліп бітпеген, әйтседе республикада қолда бар тәжірибелер оларды соңғы орында қалып қоймауға мүмкіндік береді, өйткені бұл мектептер оқу процесінде дарындылар үшін ақиқат  болмысқа жақын жағдайлар жасауда (туғызуда).

5.      Дарынды балалармен жұмыстағы мектептердің басты міндеті – олардың танымдық, эмоцияналдық комформ  және форманың таңғажайып әрі өте сиек құбылыстарын тану қажетті  екенін қанағаттандыру болып табылады.

6.      Қандай бір іс дарындылармен жұмыстың жетістігін жоспарлаудан, мақсатты бағдарламаны айқындаудан басталады.



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Данная разработка предоставлена для работы с одаренными детьми в школе/.

Общая информация

Номер материала: 296982

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>