Инфоурок / История / Конспекты / Дарынды балалармен жұмыс жасау өзектілігі

Дарынды балалармен жұмыс жасау өзектілігі

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

«Дарынды балалар» бағдарламасы

Мәселенің өзектілігі

 

            Дарынды оқушылармен жұмыс жасау мәселесі қазіргі қоғам үшін өзекті болып отыр. Бүгінде мектепке жоғары талаптар қойылып жатыр. Сонда ата-аналар мен қоғам үшін «жақсы мектеп» дегеннің не маңызы бар?

–        Бұл – барлық пән бойынша жақсы білім беретін, ал бітірген соң балалардың ЖОО-ға оңай түсуіне көмектесетін мектеп.

–        Бұл мектепте жоғары санатты және білімді мұғалімдер сабақ беруі керек.

–        Мектептің өзіндік дәстүрі болуы тиіс.

–        Мектеп жаңашыл білім беруі қажет.

–        Жақсы мектепте баланы жеке тұлға ретінде құрметтеп, олармен тек сабақ үстінде ғана емес, сонымен қатар қосымша айналысуы керек.

Алдымен қандай балалармен жұмыс істеу керектігін айқындаймыз. Ерекше қабілеті бар балалармен:

Қабілет дегеніміз белгілі айқын әрекетте нәтижелі айналысуға көмектесетін тұлғаның өзіндік ерекшелігі.

Дарын дегеніміз белгілі бір жағдайдағы ең үздік мүмкіндік, қабілеттіліктің жоғары сатысы. Әдетте дарын белгілі ортада байқалады.

Данышпандық – дарын дамуының жоғарғы дәрежесі, ол сапалы да жаңа әрі өте сирек кездесетін дүниенің жасалуымен, шығармашылықтың ертедегі зерттелмеген жолдарының ашылуымен байланысты.

Дарындылықты өмір ағымымен дамып отыратын психика сапасының жүйелілігі ретінде түсінеді, ол белгілі бір адамды басқа адамдармен салыстырғанда, бір немесе бірнеше әрекетте өте жоғары нәтиже көрсетуімен байқалатын жетістік мүмкіндігін аңғартады.

Дарынды бала – белгілі бір әрекетте жарқын, айқын, кейде өте жоғары жетістіктерімен (немесе осындай жетістікке ішкі қабілеті жететін) ерекшеленетін бала.

            Дарынды балаларды айқындау бақылаудың негізінде, психологиялық ерекшелігін, сөйлеу, есте сақтау, логикалық ойлау қабілетін зертеу барысында бастауыш мектепте-ақ басталуы тиіс.

            Дарынды балалардың белгілері:

-         көпшілікпен салыстырғанда өте жоғары білімді ерекше, оқуға құштар, шығармашылық мүмкіндігі мен көзге түсуі байқалады;

-         өте басым боп келетін белсенді де саналы талап көрінеді;

-         білімді терең игергеннен, ой еңбегінен қуаныш сезінеді.

Өмірдің өзі мектептен талапкердің ылғи өзгеріске түсіп отыратын жағдайларда жол таба білуге, ашық, жайдары, тез тіл табысатын және құзіреттіліке дайын болуын талап етеді.

Міндеттері:

-         Мұғалімнің дарынды баланың психологиялық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан тануы және олармен жұмыс істеудің әдістемелік жолдарын білуі;

-         Мұғалімнің әдістемелік оқу, педкеңестер, өзін-өзі тану арқылы білім алуы

-         Берілген сұрақтар бойынша кітапханалық қорының жинақталуы;

-         Мұғалімнің мақсатқа бағытталған педагогикалық бақылау, диагностика жолдарымен таныс болуы;

-         Оқушылардың өзіндік қабілеттерін көрсетуіне жол ашатын әртүрлі сыныптан тыс сайыстар, зияткерлік ойындар, олимпиадалардың өткізілуі;

-         Оқыту әдістері мен тәсілдерінің әртүрлі жүйесінің ішінен өзіндік ойлау қабілетін, ынтасын және шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беретінін таңдау;

-         Оқушылардың қатарластарымен бірігіп әрекет жасау барысында өзіндік жұмыс арқылы қабілетін іске асыруына мүмкіндік туғызу.

-         Зерттеу әрекеттері элементтерін игеру;

Бағыттары:

-оқушылармен жұмыс;

-ата-аналармен жұмыс;

-педагогикалық ұжыммен жұмыс.

Кезеңдері:

  1. Дайындық кезеңі

  2. Сараптамалық

  3. Ұйымдастырылған-әрекеттік;

  4. Оқушы қабілетін қалыптастыру, тереңдету және дамыту кезеңі.

Дарынды балалармен жұмыс стратегиясы

1-кезең – дайындық

Мақсаты:

Мектепте дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау. Мектепте шығармашылық орта туғызу жұмыстың бар кезеңдерінің ішіндегі ең маңыздысы болып табылады:

            Мұғалімдер де, оқушылар да мынаны түсінгені абзал:

  1. Мектеп – қателесуге рұқсат етілетін орын;

  2. Әркім өз көзқарасын және өз ойын ашық айтуына болады;

  3. Әрекетті немесе нәтижені сынау, жеке тұлғаны мақтау;

  4. Оқушы тек өз-өзімен ғана салыстырылады;

  5. Мұғалім мақтаудың ретін табуы керек;

  6. Оқушыларға жол сілтей бермей, керісінше тәуелсіз әрекет етуге көмектесу;

Міндеттері:

- Нормативті негізді үйрену.

- Дарынды оқушылармен жұмыс жасауды жоспарлау.

- Міндеттерді үлестіру

- Жобаны іске асырудың материалды-техникалық, педагогикалық шарттарын талдау.

Диагностика:

Дарындылықтың шығу тегінен бөлек оның диагностикасы болуы қажет. Мектептегі ұстаздарға оқушылардың әлеуетті мүмкіндігін танып білуіне көмектесетін әлеуметтік педагогтың және директордың ТЖ бойынша орынбасарының ролі осыған байланысты арта түседі.

Оқушылар келесі бағытта танылып айқындалады:

- шығармашылық ойлау қабілеті;

- өзін-өзі бағалау деңгейі;

- төзімділік;      

- әрекеттің тәуірлеу түрлері;

- сезімталдық күші;

- Сіз көшбасшысыз ба?

- Сізге не ұнайды (қызығушылық картасы)?

- Тапсырма беру диагностикасы және тұлғаның бейімділігі;

- Дарынды балалардың тәртібі туралы мінездемесі;

Мұғалімдер де дарынды балалармен жұмыс жасау икемділігіне қарай айқындалады. «5»-ке оқитын және жекелеген пәндерді үйренуде ерекше табыстарға жеткен оқушылардың құрылған анықтамасы психолог пен әлеуметтік педагогтың анықтамалық нәтижесімен сәйкес келеді.

Психолог дарынды балаларды психологиялық тұрақтылық пен психореттілік дағдыларын сақтай білуге үйретеді, әлеуметтік маңызы бар ортаға (жанұяда, қатарластар арасында, ұстаздар ортасында) бейімделуін қалыптастырады; олардың психолого-педагогикалық дайындық деңгейін жоғарылататын бағытта мұғаліммен дербес жұмыс жасауын ұйымдастырады.

Бұл жұмыс кезеңінің қорытындысы бойынша дарынды баланың үш түрін көрсетуге болады:

1.Басқалармен тең жағдайдағы ой дамуы жағынан жалпы жоғары деңгейлі балалар (бұл көбінесе мектепке дейінгі және кішкене мектеп жасындағы балаларда кездеседі).

2. Ғылымның белгілі бір көлемінде арнайы ой дарындылығымен ерекшеленетін балалар (жасөспірім шағында).

3. Оқуда белгілі бір себептермен табысқа жетпеген, бірақ айқын танымдық белсенділігі, психологиялық қорының шынайылығы, айрықша ой резерві бар оқушылар (әдетте жоғары сынып жасында кездеседі).

Сынып бойынша оқушылар тізімін құрастыру

II кезең –сараптамалық

Мақсаты:

Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру формалары мен әдістерін ашып көрсету.

I саты (бастауыш мектеп) – дарынды балаларды айқындауда олардың белгілі бір әрекеттегі табыстары есепке алынады: оқу-білімдік, көркемдік, физикалық және т.б.

            Бұл саты балалардың білім алуда мұғалім жетекшілігімен және оз бетінше үйренуіне негізделгендігінен танылады. Бұл кезеңде сабақтағы және сабақтан тыс әрекеттерді оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға, әрбір оқушы өзінің эмоциялық, физикалық талаптарын іске асыра алатындай қосымша білім қызметінің сапасын ұсынуға бағытталған бірегей процесс ретінде ұйымдастыру өте маңызды (оқудың қосымша сабақтарынан басқа балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған бағдарламалар ұсыну).

Баланың шығармашылық әлеуеті әртүрлі білім аймағынан дамуы мүмкін, бірақ көркемдік дамудағы  өзіндік табиғи әрекет әлдеқайда шынайы және ақылға қонымды болып табылады. Осыған байланысты қосымша сабақтар (үйірмелер) ұйымдастырылған дұрыс:

- көркемсөздің шеберханасы (тіл маманы);

-қуыршақ театры (Абельдинова Ж.К.)

- «Әсемдік әлемінде» (бейнелеу өнері) (бейнелеу мұғалімі);

- салауатты өмір салты шеберханасы (ұраны: «Тәні саудың жаны сау»)

Жетекші –Омарова А.А.);

«Жас зерттеуші» - «Зерде»

Сабақтағы және сабақтан тыс әрекет оқушылардың өз мүмкіндіктерін  әркелкі әрекет ортасында шығара алатындай жағдайда құрылуы керек. Бұл жаңа білім мен жаңа тәжірибенің бастау көзі ретінде маңызды, сонымен қатар бұл білім II және III сынып сатыларында басқа әрекет ортасындағы құрылым негізі ретінде қызмет етуі тиіс.

            2-саты (5-9-сыныптар) – бұл кезеңде әрекеттің сабақтағы және сыныптан тыс әркелкі түрлері арқылы баланың танымдық, шығармашылық мүмкіндіктері мен қабілеттерін жеке бағалау өткізіледі.

Дарынды оқушылармен жұмыс мазмұны әрбір оқу тәртібінің аймағында анықталады. Оқу материалының мазмұны оқушыларды үздіксіз үйренуге икемдеуі керек, таным процесі мұндай балалар үшін құнды болғаны жөн.

II кезеңде оқуға факт бойынша емес, ойлауды дамытатын, өзіндік жұмысқа итермелейтін, кейін өз бетінше іске асыру мен өз бетінше оқуға жол салатын идеялар мен тәсілдер, әдістер арқылы бірте-бірте көшу керек, сол мақсаттың бірте-бірте шығуы олардың көп рухани, зияткерлік және физикалық күш жұмсап, жетістікке жетуі үшін қажет.

Дарынды балалармен жұмыс жасаудың бұл кезеңінде жұмыстың топтық формалары әлдеқайда орындырақ: («ақыл шабуылы»), рөлдік тренингтер, ғылыми-тәжірибелік жұмыстар, жобалық тапсырмалар және т.б.), әр сабақта пәннен бөлек шығармашылық тапсырмалар қолданылуы керек, эссе жазу.

Мектептегі сыныптан тыс тәрбие жұмыстар жүйесі  дарынды оқушылардың дамуына және жасырын жатқан дарындылық пен қабілеттің шығуына әсер ететін маңызды фактор болып саналады. Психологтардың пікірінше, ойын –мұндай жүйенің негізі болып шығады.

3-саты.Үлкен мектеп айрықша білім беру кеңістігі болып табылады. Онда бір жағынан, әлеуметтік-дағдыланған тұлғаның қалыптасуы бойынша оның міндетті қызметінің қоғаммен орындалуы аяқталса, екінші жағынан, құзіреттілік кешені үшін жағдайдың жасалуына әкелетін ЗУН жүйесінің  артық байланысымен  басым білім беру парадигмасының бірте-бірте бағытталуы шынайы жүріп жатады, ол көп факторлы ақпараттық қарым-қатынастық кеңістік жағдайында өз ойларын жүзеге асырушы адам қабілеті ретінде қарастырылады. Бұдан мектепте білім беру кеңістігінің жаңа принциптері мен ұйымдастыру әдістері қалыптасады:

- жобалық-зерттеушілік дағдының өнуі (жобалық әдіс);

- жоғары сынып оқушыларының өз қалауындағы профильді бағытқа қатынасының анықтамасы;

- қарым-қатынас өрісінің этикалық көзқарас бойынша анық айқындалуы.

Дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасаудың шарттары

            Дарынды балалармен жұмыс жасауда педагогикалық әрекеттердің принциптері ескерілді:

- тұлғаның дамуы үшін ұсынылған мүмкіндіктердің максималды әртүрлілік принципі;

-оқытудың даралану және жіктелу принципі;

- мұғалімнің минималды қатысуымен өтетін оқушылардың үйлесімді жұмыстары үшін шарт жасау принципі;

- оқушылардың қосымша білім беру қызметін, көмегін, тәлімгерлігін еркін таңдау принципі

III кезең – ұйымдастырылған-әрекеттік.

Мақсаты:

Дарынды балалармен мақсатқа бағытталған жұмыстың ұйымдастырылуы.

Дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдер оқушылардың қабілетін дамыту үшін қажетті тәсілдерді қолданады. Мектеп психологтары балалардың дәстүрлі емес ойлауын анықтау үшін алдын ала сауалнама жүргізді. Әр сыныпқа сынып бойынша біртұтас және әр балаға жеке мінездеме материалдары жиналған папка арналады. Осы 2010-2011 оқу жылында портфолионы жаңалау және оқушылар арасында «Өзімді таныстырамын» атты сайыс өткізу жоспарланды. Бұл бағытта сынып жетекшілері  өз жұмысының толық талдауын жүргізуі керек. Жұмыстың қалыпты аспектілері, мәселелері міндетті түрде көрсетіледі, мәселенің құрылуы бойынша жұмыс жоспары жасалады.

Дарынды балалармен жұмыс барысында қолдау көрсету және ынталандыру жүйесінің міндетті жоспары, дарынды бала әрекетін бағалау өте маңызды болып табылады. Осыған байланысты мектепте ынталандырудың келесі жүйесі жасалды:

Номинациялар:

1.        «Еуропа бесігінде тербелгендер»номинациясына ( 1-11 сынып оқушылары) «Ақыл-ой Одиссеясы» бағдарламасы бойынша халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен қатысушылары ие болады. Кубок иегерлері мен  «Ақыл-ой Одиссеясы» республикалық конкурсының алтын белгі иелері

2.        «Талапты ұл-қыз – тарихи жұлдыз»номинациясына  (1-7 сынып оқушылары) республикалық және облыстық «Зерде» ғылыми жобалар жарыстарының жеңімпаздары, республикалық «Бастау» пәндік олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ие болады.

3.        «Талаптың мініп тұлпарын...»номинациясы (10-11 сынып оқушылары) халықаралық ғылыми жарыстардың жеңімпаздарына, тест-рейтингтік олимпиада жеңімпаздарына, халықаралық білім гранттарының иегерлеріне беріледі.

4.        «Талап-қанат, білім-сұңқар. Көріп-біліп жеңген тұлпар»номинациясы (8-10 сынып оқушылары) облыстық ғылыми жарыстардың, облыстық пән олимпиадаларының, халықаралық, республикалық конференциялардың, халықаралық Сәтпаев және басқа оқулардың жеңімпаздарына беріледі.

5.        «Ақылмен қанат қаққандар»номинациясын (8-11 сынып оқушылары) республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары, республикалық әртүрлі пәндік олимпиадалардың (ағымдағы оқу жылының) жеңімпаздары иемденеді.

6.        «Абай ізбасары»номинациясына (11 сынып оқушылары) «Алтын белгіге» үміткерлер, республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері; халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың, республикалық пәндік олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары, халықаралық ғылыми студенттік конференциялардың жеңімпаздары, тек қана «5»-ке немесе «4-5»-ке үлгеруші оқушылар ие болады.

Дарынды балаларға –дайын ұстаздар

Дарынды балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерге қажетті сапалар.

Мұғалім міндетті:

  1. жақсы тілектес және сезгіш болуға;

  2. дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін жете білуге, олардың талабы мен қызығушылығын сезуге;

  3. зияткерлік дамудың жоғары деңгейінде болуға;

  4. қызығушылық пен икемділіктің кең көлемін игеруге;

  5. дарынды балаларды оқытумен байланысты әртүрлі міндеттерді орындауға дайын болуға;

  6. пысық және белсенді мінезді болып келуге;

  7. әзіл-оспақты сезіне білуге (мысқылдан аулақ болуы керек);

  8. икемділік танытуға, өз көзқарастарын қайта қарауға және үнемі өзі қол жеткізуге дайын болуға;

  9. шығармашылық жеке дүниетанымы болуға;

  10.  дені сау және өмірде тұрақты болуға;

  11.  дарынды балалармен жұмыс жасауда жоғары оқу орнынан кейінгі арнайы дайындығы болуға және алдағы уақытта арнайы білімді игеруге дайын болуға.

«Дарынды балалармен жұмыс әдістері»

Дарынды оқушылардың шығармашылық әлеуетінің даму тәжірибесі арнайы шығармашылық бағдарлама мен оқу материалдарының жоспары мен іске асырылуын шамалайды. Дарынды балаларды оқытудың болашақта шығармашыл тұлғаның әлеуметтік іске асырылуына ықпал ететін шығармашылыққа, қарым-қатынас жасай білуге, көшбасшылық және басқа тұлғалық сапаларды қалыптастыруға ықпал ететін арнайы бағдарламалар жоспарлануда.

Пассов әртүрлі жастағы дарынды және талантты балаларға сәйкес арнайы оқу бағдарламасының 7 принципін ұсынды.

1.                Оқу бағдарламасының мазмұны ой құрылымымен білімді ықпалдастыратын маңыздырақ мәселелерді, ойлар мен тақырыптарды  ұзақ, тереңірек үйретуді қарастыруы қажет.

2.                Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы өндірістік ойлаудың дамуын қарастыруы керек, сонымен қатар ол оқушыларға бар білімін қайта ойлау және жаңасын игеруге мүмкіндік беретін тәжірибеде қолданылу дағдысын қарастыруы тиіс.

3.                 Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы оларға үнемі ауысып отыратын, дамып отыратын білімге және жаңа ақпараттарға қатынасу мүмкіндігін беруі керек, оларға білімді іздеп табуға талпыныс жасауға әсер етуі қажет.

4.                Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы сәйкес келетіндерінің еркін қолданылуын және дайын болуын қарастыруы тиіс.

5.                Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы олардың ынтасын және оқу мен дамудағы еркіндігін кеңейтуі керек.

6.                Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы олардың санасы мен сезімін, бөтен адамдармен, табиғатпен, мәдениетпен және т.б. жағдайлармен қарым-қатынас түсінігінің дамуына ықпал етуі қажет.

7.                Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы алдыңғы маңызы бар принциптермен бірге бағалануы керек. Сонымен бірге балалардың күрделі ойлау процесіне, олардың шығармашылыққа икемділігіне және орындау шеберлігіне басты назар аударылады.

Карне, Шведел және Уильямс дарынды балаларға арналған бағдарламаның келесі ерекшеліктерін көрсетеді:

 

- әдеттегі оқу жоспарына кірмейтін материалдармен танысу;

- таңдалған тақырыптың терең жұмыс жоспарының қамтылуы;

- оқу процесінің алдын ала құрылған өзгермейтін бірізділікке емес, танымдық талаптарға сәйкес орындалуы;

- абстрактылы түсінік пен жоғары деңгейдегі ойлау процесін талап ететін әрекеттің күрделірек түрлеріне ерекше мән беру;

- қолданылған материалдарға, уақытқа және ресурстарға қатысты үлкен ой икемділігі;

- тапсырмаларды орындаудағы еркіндік пен мақсатқа бағытталған өте жоғары талаптар;

- көшбасшылық қабілетті жасауы және көрсетуі үшін кең мүмкіндіктердің берілуі;

- шығармашылық және өндірістік ойлаудың кеңейтілуі;

- өз-өзінің және қоршаған ортаның тәртібін талдай білуді тәрбиелеу;

- білім базасын кеңейту және тілдік қабілетті дамыту үшін әсерлі алғышарттарды жасау.

 

Төменде дарынды балалардың дамуына қатысты кейбір маңыздырақ қабілеттер мен икемділіктер келтіріледі.

 

«Дарынды балалармен жұмыс жасаудың ерекшеліктері»

 

Дарындылықтың сақталуы мен дамуы – бұл шығармашылық әлеуетті жүзеге асырудағы  қоғамдық дамудың да, жеке тағдырдың да мәселесі.

 

Дарынды балалармен жұмыс жасаудың мәні неде?

 

Ерекше дарынды балаларды айқындауда келесі жағдайлар туындайды:

  1. әр тұлғаның дамуына әсер ету;

  2. мүмкін болған жағдайда дербес жетістіктерді ертерек жоғары деңгейге жеткізу;

  3. дарындылық ресурсының қызметін жүктеу арқылы қоғамдық дамуға ықпал ету. (Ж.Брюно)

 

Жас дарынды іздеуде балаларға ғана емес, ата-аналар мен педагогтарға бағытталған шаралар кешенін (медико-психологиялық, педагогикалық) негізгі жол деп тануға болады. Балаларды таңдаудың әртүрлі әдістерін қолдануда және алдағы уақытта олардың жетістіктерін үздіксіз қадағалауда маңызды. Дарынды балаларды шығарудың бірінші сатысында баланың ата-анадан және педагогтан келетін белгілі бір әрекеттегі жоғарғы жетістігі есепке алынады. Сонымен қатар топтық тестілеу мен әлеуметтік сұрақ-жауап парақтарының  нәтижелері де қолданылуы мүмкін. Бұл балалар ортасын тереңірек дербес зерттеу үшін мүмкіндік жасайды.

 

Екінші саты диагностикалық мәнді білдіреді десек те болады. Бұл кезеңде баланың шығармашылық мүмкіндігі мен психолог және психотерапевт маман көрсеткен жүйкелік-психикалық ерекшеліктерін жекелеп бағалау сатысы жүргізіледі. Бірінші кезеңнің нәтижесіне байланысты бала әлеуетті мүмкіндіктердің сол немесе басқа артықтау көрінетін нұсқаларына қатысты психологиялық тесттермен тексеріледі. Бала интеллектуалды ортаның жақсырақ дамуында ой өткірлігімен, білімқұмарлығы және қиналмай оқитындығымен дараланады, тәжірибелі ептілігін көрсетеді. Мұндай жағдайда бәрінен бұрын дарынды балалардағы когнитивті және сөздік параметрлердің мағынасына бағытталған әдіс-тәсілдер қолданылады (мысалы, Векслер әдістемесі, Стайфориненің парасат шкаласы және т.б.)

 

Академиялық жетістіктер саласында дарынды балалардың тіл мен әдебиетке, математика мен жаратылыстануға бөлек икемділіктері  әлдеқайда дамыған болуы ықтимал. Сондықтан да психолог маманның жұмысы тек жалпы зияткерлік даму деңгейін анықтау ғана емес, ойлау қабілетінің басымдау жағын бағалау болып келеді (Стенфордтың жетістік тесті).

 

Шығармашыл және өндірісті ойлы балалар тәуелсіздігімен, өзін-өзі ұстау тәртібімен, өзіндік ойлау қабілетімен, әркелкі шешім табуымен, өнертапқыштығымен ерекшеленеді. Олардың шығуы бәрінен бұрын балалардың шығармашылыққа икемділігі (Торренс тесті) мен жекелеген мінездемесінің бағасын қарастырады (Аизенка, Личко сауалнамасы, Люшер тесті және т.б.).

 

Қарым-қатынас пен көшбасшылықта байланысқа түсе алу артықшылығы, талап қойғыштығы бар балалар ынталығымен, жоғары ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленеді, оларды әдетте ойын мен сабақта басты рөлге оңай таңдайды, олар өздерін қатарластары мен үлкендер арасында сенімді сезінеді. Бұл жағдайда сіздерге жекелеген әдістемелер мен социометрия көмектеседі.

 

Көптеген балалар белгілі бір ортада  ғана емес, бірнеше салада дарындылықтың жоғары деңгейін танытып жатады. Педагог және психологтардың міндеті бұларды шығарумен ғана шектелмей, оларды іске асыруы және дамытуы қажет.

 

Дарынды балалармен жұмыстың үшінші сатысында негізгі рөл педагогтарға жүктеледі, оларға балалардың қабілеттерін қалыптастыру мен тереңдету тапсырылады. Бұл талаптар кең ауқымды педагогикалық тәсілдер мен әдістердің көмегі арқылы жүзеге асады (авторлық бағдарламалар, жеке сабақтар – кеңестер және т.б., сонымен қатар лицей, гимназия, колледждердегі жан-жақты бағдарламалар).

Дарынды балалар әлеуметтік бейімделудің алғашқы деңгейлерінен өз қатарластарынан әлдеқайда тез өтеді (айтқанды тыңдау және үлгілі тәртіп, үлкендердің оң бағасын алуға бағытталған); олар жасөспірім шағында балалық ептілік бейнесін жиі азайтады және стандартты ережелерге, топтық нормалар мен авторитарлы көшбасшылықта топішілік бағыттарға қарсылық танытады.

 

Төменде дарынды баланың дамуына қатысты кейбір маңыздырақ икемділіктер мен жасай алу шаралары келтірілген:

 

  1. Танымдық қабілеттер мен машықтар

-ақпараттың кең көлемін игеру.

- бай сөздік қор.

- игерілгенді жаңа материалға көшіру.

- себеп-салдарлық байланысты құру.

- құпия тәуелділік пен байланыстарды құрықтау.

- шешім шығара білу.

- ақпаратты шоғырлай және жинақтай білу.

- күрделі мәселелерді шешуге қатысу.

- ақпаратты ұйымдастыру.

- күрделі ойларды аулай білу.

- астарлы айырмашылықтарды аңғара білу.

- қарсылыққа сезімталдық.

- ақпаратты іздеудің альтернативті жолдарын қолдану.

-жағдайды талдау.

- процестің өзін де, нәтижесін де бағалай білу.

- кейін неге апарып тірелетінін көре білу.

- талқылай білу.

- болжам жасау.

- ойды тәжірибеде қолдану.

- қайта жасауға икемділік.

- ойлаудағы сыншылдық.

-жоғары білімқұмарлық.

 

2. Шығармашылық қабілеттер

                        -тәуекелшілдік қабілет.

                        - бағытынан тайған ойлау қабілеті.

                        -ойлау мен әрекетте икемділік.

                        -ойлау жылдамдығы.

                        - өзіндік идеяларын айта білу және жаңа бір нәрсені ойлап табу қабілеті.

                        -бай қиял.

                        -әркелкі нәрселерді қабылдау.

                        -жоғары эстетикалық құндылықтар

                        -дамыған сезгіштік.

3. Эмоционалды ортаның ерекшеліктері

                        -шынайы Мен-концепциясы.

                        -өзгеге сыйластық.

                        -адамдарға эмпатикалық қатынас.

                        - өзге адамдардың ерекшеліктеріне төзе білу.

                        -өзін-өзі талдауға икемділік.

                        -сынға шыдамды қатынас.

                        -нәрселер мен ойлармен бөлісуге дайын болу.

                        -тапсырманы орындауда табанды болу.

                        -ойлау мен тәртіпте тәуелсіздік.

                        -мадақтауды күткенде шыдамсыздықтың болмауы.

                        -жарысқойлық.

                        -әзілқойлық сезімі.

                        -құлықты мәселелерді талдауда сезгіштік.

                        - өз күші мен қабілетіне сенімділік.

 

Дарынды балалармен жұмыс істеушілерге, ұстаздарға ұсыныс.

 

Тәжірибенің көрсеткеніндей, ұстаздың жоғары дарынды баламен өзара әрекет жасауының әсерлірек әдістері – оның материалмен өзіндік жұмыс жүргізуіне бағытталған қосымша сабақтар. Пән мұғаліміне жұмыста керек болады:

1.      баланың өз бетінше білім алу жағдайын, икемділігін (гуманитарлық, математикалық, жаратылыстану-ғылымилық, музыкалық және т.б.), психикалық ерекшеліктерін ескере отырып сабақ жоспарын құрастыру.

2.      әлдеқайда күрделі және шатасқан сұрақтар бойынша  кеңес беру тақырыбын анықтау.

3.      Баланың пән бойынша белгілі уақыт аралық (тесттер, сұрақтар және т.б.) есеп формасын таңдау.

4.      Балаға жеткізу керек:

- тақырып атауы.

-тақырыпты игеру жоспары.

- негізгі сұрақтар

- ол меңгеруге тиісті анықтамалар мен терминдер.

-тәжірибелік жұмыстар.

- керекті әдебиеттер тізімі

- бақылау формасы.

-өзін-өзі тексеруге тапсырмалар.

Жұмыс нәтижесін талдау үшін кестені толтыру:

- пән

- кеңес берілген күн мен уақыт

- басты қаралған сұрақтар

- бағдарлама бойынша тақырыппен жұмыс уақыты

- негізгі жұмсалған уақыт

- бағдарламада көрсетілген қосымша сұрақтар

- анықталмаған сұрақтар

- уақытынан кешігу себептері.

Мұғалім жақсы тілектес әрі сезгіш болуы керек, баланың психологиялық ерекшеліктерін есепке алуы тиіс, оның шығармашылық және өндірістік ойлауын кеңейтуі, таңдалған тақырыптың терең жұмыс жоспарына талпынуы қажет. Сол кезде бар жан дүниесі шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімді мойындауға болады. Біздің мектептің мұғалімдері үшін арнайы келесі ынталандыру жүйесі жоспарланды. Куәлік қағазымен расталатын төс белгілері бар келесі номинациялар жасалды:

 

1.                            «Ұлағатты ұстаз» - бұл номинацияоқушылары республикалық пән олимпиадаларының, республикалық ғылыми жарыстардың, халықаралық жарыстардың, халықаралық студенттік конференциялардың, облыстық пән олимпиадалары мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары атанған мұғалімге беріледі. Мұғалімдерге арналған пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған, әртүрлі облыстық және республикалық сайыстар мен конференциялардың жеңімпаздары мен жүлдегер педагогтарға табыс етіледі.

2.                            «Жаңашыл ұстаз»- білім берудің жаңа технологияларын білетін және белсенді қолданатын жаңашыл ұстаздарға ұсынылатын номинация. Оқушылардың сапалы білім алуына ықпал ететін бар жаңа әдістер мен тәсілдерді, технологияларды өз тәжірибесіне қабылдауға және енгізуге дайын мұғалімдер иеленеді.

3.                            «Тәжірибелі ұстаз»  - бұл номинацияны педагогикалық еңбек өтілі 20 жылдан жоғары, әртүрлі олимпиадаларда, мұғалімдерге арналған сайыстарда дипломмен марапатталған және оқушылары арасынан жеңімпаздар дайындаған (облыстық, республикалық және халықаралық пәндік олимпиадалар, ғылыми жарыстар) мұғалімдер иеленеді.

4.                            «Ізденімпаз ұстаз» - бұл номинацияға жас (еңбек өтілі 1-3 жыл) шығармашыл және нәтижелі жұмыс істейтін мұғалімдер ие болады.

5.                            «Үздік сынып жетекші»- жаңашыл, қиялы бай, шығармашыл. Кез келген сәтте көмек көрсетуге даяр. Ұйымдастырушы, психолог. Жоғары мәдениетті, рухани бай, эстетикалық талғамды. Мәселелерді шешуге батыл, жан-жақты. Өзіне тән ерекшеліктері бар. Кәсіби сауатты, білікті.

Дарынды балалармен жұмыс жасаудағы жетістік жұмыстың бұл санаттағы оқушылармен бастауыш сыныпта қалай ұйымдастырылғанына байланысты.

Бұл жұмыс өзіне әртүрлі типтегі дарындылықты тудырудың  диагностикалық әдістемелерін қалыптастыруды, дарынды балалар туралы ақпарат сараптамасын, олардың білім алу және даму жағдайын жүктейді.

Жобаның жүзеге асырылуы дарынды оқушылармен тікелей жұмыс жүргізумен байланысты. Бұл кезеңде дарынды балалармен жүйелі және мақсатқа бағытталған жұмыс жасау жоспарланады және келесі бағыттардың іске асырылуы қарастырылады:

Үйлестіруші бағыт:

Әр дарынды балаға тәлімгерлік жүйесінің енгізілуі.

Ғылыми-зерттеушілік бағыт:

Дарынды балалар диагностикасының өткізілуі.

Дарынды балаларға білім беру және тәрбиелеу жағдайының диагностикасы.

Дарынды балалар туралы мәліметтер жиынының жасалуы.

Ғылыми-әдістемелік бағыт:

Дарынды балалармен жұмыс істеу үшін білім беру бағдарламалары мен әдістемелік материалдар жиынтығының жасалуы.

            Эксперименттік бағыт:

Білім беру процесіне оқушылардың рухани зияткерлік және шығармашылық дағдысын дамыту мен қолдауға, шығаруға бағытталған дамыту формаларын және оқыту әдістерін енгізу.

Интернет білім беру желісін қолдану арқылы оқытуды ұйымдастыру.

Дарынды балалардың ата-аналарымен олардың психолого-педагогикалық құзіреттілігін арттыру мақсатында және қабілетті және дарынды балаларды тәрбиелеуге көмек көрсету үшін жұмыс жасауды ұйымдастыру.

            Танымдық болмысы жоғары деңгейдегі оқушылармен жұмыс

Мақсаты: 1. Оқушылардың дамуы мен өзін-өзі дамыту шартын туғызу бағытында мектептің педагогикалық ұжым жұмысын ұйымдастыру.

I жартыжылдық

 

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

Бақылау мақсаты

Оқушыларға қосымша сабақтар арқылы жағдай жасауды талдау

Пәндер бойынша мектеп олимпиадаларының қорытындысын талдау

Оқушылармен жеке жұмыс жасау жағдайын туғызуды талдау

Мұғалімге оқу жағдайын ұйымдастыру әдістемесін талдау

Бақылау аймағы

Пән мұғалімдері

Пән мұғалімдері

Пән мұғалімдері, әлеуметтік педагог

Пән мұғалімдері

Бақылау түрі

Жаппай

Тақырыптық

Тақырыптық

Тақырыптық

Бақылау формасы

Пәндік-жинақтап талдаушы

Пәндік-жинақтап талдаушы

Пәндік-жинақтап талдаушы

Пәндік-жинақтап талдаушы

Бақылау әдістері

Сұхбаттасу, құжаттарды тексеру

Әңгімелесу, байқау

Сұхбаттасу, құжаттарды тексеру

Әңгімелесу, байқау

Атқарушылар

ОТЖ бойынша директордың орынбасары

ТЖ бойынша директордың орынбасары

ОТЖ және ТЖ бойынша директордың орынбасары

ОТЖ бойынша директордың орынбасары

Қорытынды

Анықтама

Есеп-өтінім

Орынбасарлар жанындағы жиналыс

Әдістемелік кеңес


II жартыжылдық

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр

Пәндер бойынша муниципалды олимпиадалар қорытындысын талдау

Медалға үміткер оқушылармен жұмысты сараптау

Физикалық психологиялық дайындық деңгейлерін талдау

Жобалық аптаның қорытындысын сараптау

Оқушылардың білім алуы қорытындысын талдау бойынша ӘБМ жұмысын саралау және жетістікке жеткізу шартын жоспарлау жағдайын талдау

Әлеуметтік педагогтар, пән мұғалімдері

Пән мұғалімдері

Әлеуметтік педагогтар

Сынып жетекшілері, ӘБМ жетекшілері

ӘБМ жетекшілері

Проблемалық

Тақырыптық

Проблемалық

Жаппай

Тақырыптық

Пәндік-жинақтап талдаушы

Әдістемелік-жинақтап талдаушы

Шолулық

Пәндік-жинақтап талдаушы

Шолулық

Сұхбаттасу

Сұхбаттасу, байқау, құжаттарды тексеру

Сұхбаттасу, құжаттарды тексеру

Сұхбаттасу, байқау

Сараптау

ОТЖ бойынша директордың орынбасары

ОТЖ бойынша директордың орынбасары

ТЖ бойынша директордың орынбасары

ТЖ бойынша директордың орынбасары

ОТЖ бойынша директордың орынбасары

Анықтама

ӘБМ отырысы

Педкеңес

Анықтама

Анықтама

Дарынды балалармен жұмыс. Жоғары сынып оқушыларының көбісі оқуды жалғастыруы уәжсіз және өзін кәсіптік бағытқа дайындауға талпынады, мұнда білім алуды даралау идеясын жүзеге асыратын және шығармашылығын көрсету және оқушылардың іске асыруына мүмкіндік беретін технологиялар әлдеқайда зор көмек береді. Бұл бәрінен бұрын проблемалық оқыту технологиясына және «шағын топтарды» оқыту әдістемесіне сәйкес жобалық білім беру технологиясы болып табылады.

Мақсаты: педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлік деңгейін көтеру.

Міндеттері:

            -педагогтардың жаңа технологиялармен қарулануында, табысқа жету уәжінің бейнеленуінде әдістемелік деңгейін іске асыру;

            - жоғары зияткерлік қабілеті бар балалармен жұмыс істеуді жүйелеу;

            - алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені жариялау бойынша жұмысты жалғастыру;

            - педагогикалық ұжымның даму мониторинг жүйесін жүзеге асыру;

2. Шағын топтарда білім беру әдістемесі.

Бұл әдістеме семинар сабақтарда әсерлірек қолданылады. «Шағын топтарда» білім берудің мәнісі сыныптың 3-4 топқа бөлінуінде жатыр. Мақсатқа сай олардың әрқайсысына 5-7 адамнан бөлінеді, мұндай бала санымен білім беру жағдайы жақсырақ жүргізіледі.

            Әрбір микротоп семинарда талқыланып жатқан сұрақтардың біріне жауап дайындайды, ол сұрақтар өз қалаулары немесе жеребе тастау жолымен таңдалынады. Сұрақтарды талдау барысында әр топтың оқушылары шығып сөйлейді, қарсы пікір айтады, пікірлерді сараптайды және толықтыру жасайды. Оқушылар дұрыс жауап үшін жеке бағалар алады, ал «шағын топтар» белгілі ұпай жинайды.

            Ойындық жағдай семинарда қажетті эмоциялық күй туғызып және оқушыларды одан да қауырт және әркелкі жұмыс жасауға итермелейді.

Жобалық оқыту технологисы

Жобалық білім беру жүйесі негізінде оқушылардың білімді өзіндік іздену процесі жағдайында шығармашылық қырынан меңгеру, яғни жобалау жатады. Жобалау өнімі – сөйлеу мәтіні, реферат, баяндама және т.б. ретінде келетін оқу жобасы.

            Жобалық оқытудың өз мәнінде тұлғаға бағытталғандығы маңызды болып табылады, ол оқушыларға өзінің және өзгелердің тәжірибесінен үйренуге мүмкіндік береді. Бұл оқушылардың дүниетанымдық қызығушылығын арттырады, өз еңбегі нәтижесінен қанағат алуға мүмкіндік береді, оқуда жетістікке жету жағдайын жете ұғуға көмектеседі.

IV кезең – оқушылардың қабілетін қалыптастыру, тереңдету және дамыту кезеңі.

Мақсаты:

Дарынды оқушылармен жұмыс істеу жүйесін жіктеу.

Міндеттері:

- Оқушылар бейімділігінің диагностикасы.

- Ғылыми зерттеулер, сынып сағаттарын өткізу материалдары, викториналар, мерекелік шаралар негізі бойынша дарынды балалармен жұмыс жасау әдістемелік ұсынымдарының жоспары.

- Талантты оқушылармен жұмыс істеу үшін мектепте әдістемелік кітапхана бөлімін қалыптастыру.

- Арнайы курстар, факультативтер, элективті курстарды оқыту бағдарламаларына бейімдеу.

-Педагог біліктілігін арттыру.

Кадрлық қамтамасыздандыру

Топ

Қызметтері

Құрамы

Әкімшілік-үйлестірушілік

Жалпы бақылау мен басшылықты жүзеге асыру.

Ұжым әрекетінің жетекшілігі.

Ситуацияны сараптау және ішінара түзету енгізу.

Мектеп директоры

 

Кеңес беруші, әдістемелік

Жобаның іске асуын үйлестіру.

Семинарлар, кеңестер өткізу.

Әдістемелік ұсынымдарды дайындау және баспадан шығару.

Сараптама әрекеті.

ОТЖ бойынша директордың орынбасары

Мектеп педагогтары

Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.

Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану.

Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру

Сынып жетекшілері,

Мұғалімдер,

Педагогтар

Мектеппен бірлесіп жұмыс істейтін мамандар

Педагогтарға кәсіптік көмек ұйымдастыру.

Тренингтер, дөңгелек столдар, кездесулер өткізу.

Диагностика.

Мектептің және ауданның іс-шараларына қатысу.

Педагог кадрлар біліктілігін арттыру институтының әдіскерлері

Әдістемелік қамтамасыздыру

Әрекет бағыттары

Мазмұны

Ақпараттық қамтамасыздандыру

1. Нормативті-құқықтық қамтамасыздандыру:

1.1 Мектепішілік пән олимпиадаларын өткізу туралы

2.1 Пән апталықтарын (декада) өткізу туралы

3.1Конкурстар, викториналар және т.б. туралы

4. Бағдарламалық қамтамасыздандыру

5. Ақпараттық-әдістемелік материалдар жиынтығын дайындау (ұсыныс, жариялау, бағыттар бойынша әдебиеттер тізімі).

6. Материалдарды баспадан шығару, сайттар мен суретті есеп беруді рәсімдеу.

Ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыздандыру

1. Дарынды балалармен жұмыс істеу мәселелері бойынша мақсатты әдістемелік біріктіруді құру.

2. Педагог мамандар біліктілігін мектептің тақырыптық семинарлары арқылы көтеру.

3. Педагогтардың жұмыс тәжірибесін жинақтауды үйрену.

4. Жүйе жұмысының мониторингі.

Проблемалар:

1.         Оқушылармен осы бағытта жұмыс істейтін педагогтарды ғылыми-әдістемелік қолдаудың әлсіздігі.

2.         Мұғалімдердің оқытуды жекелеп өткізуге дайын еместігі.

3.         Қабілетті және дарынды балаларды психолого-педагогикалық жағынан сүйемелдеп отыру мәселе болып қала бермек.

4.         Қабілетті және дарынды балалардың ата-аналары әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетуді қажет етіп тұрады.

5.         Оқушылардың табиғи талабын дамыту үшін жағдай жасауда педагогтар мен ата-аналар ынтымақтастығының орындалуын талап етеді.

Көрсетілген проблемалар дарынды балалардағы шығармашылық және зияткерлік әлеуеттің толықтай ашылмайтынын аңғартады. Дарынды балаларды оқыту мен дамыту мәселесі барлық педагогтық қоғамның қалт еткізбес назары мен өзара тығыз әрекеттестігін талап етеді.

Күтілетін нәтижелер

1.        Рухани зияткерлік және шығармашылық дарыны бар балалар санының артуы.

2.        Біздің мектеп жастарының әлеуметтік құндылық өлшемін «білім» категориясы секілді мағынада көтеруге өзгерту.

3.        Дарынды балалармен жұмыс істеуде заманауи әдістермен қаруланған педагог санының өсуі.

4.        Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашуға арналған іс-шаралар ауқымын кеңейту.

5.        Оқушылардың жобалық-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.

6.        Дарынды балалармен жұмыс жасайтын педагогтардың біліктілігін арттыру

7.        Дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесін жасау

8.        Дарынды балалармен жұмыс істеу үшін оқытудың жаңа технологияларын жоспарлау мен жіктеу.

9.       Дарынды балалармен жұмыс жасаудың әртүрлі қырынан проблемалар шығару.

 

Автор: директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Краткое описание документа:

«Дарынды балалар» бағдарламасы

Мәселенің өзектілігі

 

            Дарынды оқушылармен жұмыс жасау мәселесі қазіргі қоғам үшін өзекті болып отыр. Бүгінде мектепке жоғары талаптар қойылып жатыр. Сонда ата-аналар мен қоғам үшін «жақсы мектеп» дегеннің не маңызы бар?

–        Бұл – барлық пән бойынша жақсы білім беретін, ал бітірген соң балалардың ЖОО-ға оңай түсуіне көмектесетін мектеп.

–        Бұл мектепте жоғары санатты және білімді мұғалімдер сабақ беруі керек.

–        Мектептің өзіндік дәстүрі болуы тиіс.

–        Мектеп жаңашыл білім беруі қажет.

–        Жақсы мектепте баланы жеке тұлға ретінде құрметтеп, олармен тек сабақ үстінде ғана емес, сонымен қатар қосымша айналысуы керек.

Алдымен қандай балалармен жұмыс істеу керектігін айқындаймыз. Ерекше қабілеті бар балалармен:

Қабілет дегеніміз белгілі айқын әрекетте нәтижелі айналысуға көмектесетін тұлғаның өзіндік ерекшелігі.

Дарын дегеніміз белгілі бір жағдайдағы ең үздік мүмкіндік, қабілеттіліктің жоғары сатысы. Әдетте дарын белгілі ортада байқалады.

Данышпандық – дарын дамуының жоғарғы дәрежесі, ол сапалы да жаңа әрі өте сирек кездесетін дүниенің жасалуымен, шығармашылықтың ертедегі зерттелмеген жолдарының ашылуымен байланысты.

Дарындылықты өмір ағымымен дамып отыратын психика сапасының жүйелілігі ретінде түсінеді, ол белгілі бір адамды басқа адамдармен салыстырғанда, бір немесе бірнеше әрекетте өте жоғары нәтиже көрсетуімен байқалатын жетістік мүмкіндігін аңғартады.

Дарынды бала – белгілі бір әрекетте жарқын, айқын, кейде өте жоғары жетістіктерімен (немесе осындай жетістікке ішкі қабілеті жететін) ерекшеленетін бала.

            Дарынды балаларды айқындау бақылаудың негізінде, психологиялық ерекшелігін, сөйлеу, есте сақтау, логикалық ойлау қабілетін зертеу барысында бастауыш мектепте-ақ басталуы тиіс.

            Дарынды балалардың белгілері:

-         көпшілікпен салыстырғанда өте жоғары білімді ерекше, оқуға құштар, шығармашылық мүмкіндігі мен көзге түсуі байқалады;

-         өте басым боп келетін белсенді де саналы талап көрінеді;

-         білімді терең игергеннен, ой еңбегінен қуаныш сезінеді.

Өмірдің өзі мектептен талапкердің ылғи өзгеріске түсіп отыратын жағдайларда жол таба білуге, ашық, жайдары, тез тіл табысатын және құзіреттіліке дайын болуын талап етеді.

Міндеттері:

-         Мұғалімнің дарынды баланың психологиялық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан тануы және олармен жұмыс істеудің әдістемелік жолдарын білуі;

-         Мұғалімнің әдістемелік оқу, педкеңестер, өзін-өзі тану арқылы білім алуы

-         Берілген сұрақтар бойынша кітапханалық қорының жинақталуы;

-         Мұғалімнің мақсатқа бағытталған педагогикалық бақылау, диагностика жолдарымен таныс болуы;

-         Оқушылардың өзіндік қабілеттерін көрсетуіне жол ашатын әртүрлі сыныптан тыс сайыстар, зияткерлік ойындар, олимпиадалардың өткізілуі;

-         Оқыту әдістері мен тәсілдерінің әртүрлі жүйесінің ішінен өзіндік ойлау қабілетін, ынтасын және шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беретінін таңдау;

-         Оқушылардың қатарластарымен бірігіп әрекет жасау барысында өзіндік жұмыс арқылы қабілетін іске асыруына мүмкіндік туғызу.

-         Зерттеу әрекеттері элементтерін игеру;

Бағыттары:

-оқушылармен жұмыс;

-ата-аналармен жұмыс;

-педагогикалық ұжыммен жұмыс.

Кезеңдері:

1.        Дайындық кезеңі

2.        Сараптамалық

3.        Ұйымдастырылған-әрекеттік;

4.        Оқушы қабілетін қалыптастыру, тереңдету және дамыту кезеңі.

Дарынды балалармен жұмыс стратегиясы

1-кезең – дайындық

Мақсаты:

Мектепте дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау. Мектепте шығармашылық орта туғызу жұмыстың бар кезеңдерінің ішіндегі ең маңыздысы болып табылады:

            Мұғалімдер де, оқушылар да мынаны түсінгені абзал:

1.        Мектеп – қателесуге рұқсат етілетін орын;

2.        Әркім өз көзқарасын және өз ойын ашық айтуына болады;

3.        Әрекетті немесе нәтижені сынау, жеке тұлғаны мақтау;

4.        Оқушы тек өз-өзімен ғана салыстырылады;

5.        Мұғалім мақтаудың ретін табуы керек;

6.        Оқушыларға жол сілтей бермей, керісінше тәуелсіз әрекет етуге көмектесу;

Міндеттері:

- Нормативті негізді үйрену.

- Дарынды оқушылармен жұмыс жасауды жоспарлау.

- Міндеттерді үлестіру

- Жобаны іске асырудың материалды-техникалық, педагогикалық шарттарын талдау.

Диагностика:

Дарындылықтың шығу тегінен бөлек оның диагностикасы болуы қажет. Мектептегі ұстаздарға оқушылардың әлеуетті мүмкіндігін танып білуіне көмектесетін әлеуметтік педагогтың және директордың ТЖ бойынша орынбасарының ролі осыған байланысты арта түседі.

Оқушылар келесі бағытта танылып айқындалады:

- шығармашылық ойлау қабілеті;

- өзін-өзі бағалау деңгейі;

- төзімділік;      

- әрекеттің тәуірлеу түрлері;

- сезімталдық күші;

- Сіз көшбасшысыз ба?

- Сізге не ұнайды (қызығушылық картасы)?

- Тапсырма беру диагностикасы және тұлғаның бейімділігі;

- Дарынды балалардың тәртібі туралы мінездемесі;

Мұғалімдер де дарынды балалармен жұмыс жасау икемділігіне қарай айқындалады. «5»-ке оқитын және жекелеген пәндерді үйренуде ерекше табыстарға жеткен оқушылардың құрылған анықтамасы психолог пен әлеуметтік педагогтың анықтамалық нәтижесімен сәйкес келеді.

Психолог дарынды балаларды психологиялық тұрақтылық пен психореттілік дағдыларын сақтай білуге үйретеді, әлеуметтік маңызы бар ортаға (жанұяда, қатарластар арасында, ұстаздар ортасында) бейімделуін қалыптастырады; олардың психолого-педагогикалық дайындық деңгейін жоғарылататын бағытта мұғаліммен дербес жұмыс жасауын ұйымдастырады.

Бұл жұмыс кезеңінің қорытындысы бойынша дарынды баланың үш түрін көрсетуге болады:

1.Басқалармен тең жағдайдағы ой дамуы жағынан жалпы жоғары деңгейлі балалар (бұл көбінесе мектепке дейінгі және кішкене мектеп жасындағы балаларда кездеседі).

2. Ғылымның белгілі бір көлемінде арнайы ой дарындылығымен ерекшеленетін балалар (жасөспірім шағында).

3. Оқуда белгілі бір себептермен табысқа жетпеген, бірақ айқын танымдық белсенділігі, психологиялық қорының шынайылығы, айрықша ой резерві бар оқушылар (әдетте жоғары сынып жасында кездеседі).

Сынып бойынша оқушылар тізімін құрастыру

II кезең –сараптамалық

Мақсаты:

Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру формалары мен әдістерін ашып көрсету.

I саты (бастауыш мектеп) – дарынды балаларды айқындауда олардың белгілі бір әрекеттегі табыстары есепке алынады: оқу-білімдік, көркемдік, физикалық және т.б.

            Бұл саты балалардың білім алуда мұғалім жетекшілігімен және оз бетінше үйренуіне негізделгендігінен танылады. Бұл кезеңде сабақтағы және сабақтан тыс әрекеттерді оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға, әрбір оқушы өзінің эмоциялық, физикалық талаптарын іске асыра алатындай қосымша білім қызметінің сапасын ұсынуға бағытталған бірегей процесс ретінде ұйымдастыру өте маңызды (оқудың қосымша сабақтарынан басқа балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған бағдарламалар ұсыну).

Баланың шығармашылық әлеуеті әртүрлі білім аймағынан дамуы мүмкін, бірақ көркемдік дамудағы  өзіндік табиғи әрекет әлдеқайда шынайы және ақылға қонымды болып табылады. Осыған байланысты қосымша сабақтар (үйірмелер) ұйымдастырылған дұрыс:

- көркемсөздің шеберханасы (тіл маманы);

-қуыршақ театры (Абельдинова Ж.К.)

- «Әсемдік әлемінде» (бейнелеу өнері) (бейнелеу мұғалімі);

- салауатты өмір салты шеберханасы (ұраны: «Тәні саудың жаны сау»)

Жетекші –Омарова А.А.);

«Жас зерттеуші» - «Зерде»

Сабақтағы және сабақтан тыс әрекет оқушылардың өз мүмкіндіктерін  әркелкі әрекет ортасында шығара алатындай жағдайда құрылуы керек. Бұл жаңа білім мен жаңа тәжірибенің бастау көзі ретінде маңызды, сонымен қатар бұл білім II және III сынып сатыларында басқа әрекет ортасындағы құрылым негізі ретінде қызмет етуі тиіс.

            2-саты (5-9-сыныптар) – бұл кезеңде әрекеттің сабақтағы және сыныптан тыс әркелкі түрлері арқылы баланың танымдық, шығармашылық мүмкіндіктері мен қабілеттерін жеке бағалау өткізіледі.

Дарынды оқушылармен жұмыс мазмұны әрбір оқу тәртібінің аймағында анықталады. Оқу материалының мазмұны оқушыларды үздіксіз үйренуге икемдеуі керек, таным процесі мұндай балалар үшін құнды болғаны жөн.

II кезеңде оқуға факт бойынша емес, ойлауды дамытатын, өзіндік жұмысқа итермелейтін, кейін өз бетінше іске асыру мен өз бетінше оқуға жол салатын идеялар мен тәсілдер, әдістер арқылы бірте-бірте көшу керек, сол мақсаттың бірте-бірте шығуы олардың көп рухани, зияткерлік және физикалық күш жұмсап, жетістікке жетуі үшін қажет.

Дарынды балалармен жұмыс жасаудың бұл кезеңінде жұмыстың топтық формалары әлдеқайда орындырақ: («ақыл шабуылы»), рөлдік тренингтер, ғылыми-тәжірибелік жұмыстар, жобалық тапсырмалар және т.б.), әр сабақта пәннен бөлек шығармашылық тапсырмалар қолданылуы керек, эссе жазу.

Мектептегі сыныптан тыс тәрбие жұмыстар жүйесі  дарынды оқушылардың дамуына және жасырын жатқан дарындылық пен қабілеттің шығуына әсер ететін маңызды фактор болып саналады. Психологтардың пікірінше, ойын –мұндай жүйенің негізі болып шығады.

3-саты.Үлкен мектеп айрықша білім беру кеңістігі болып табылады. Онда бір жағынан, әлеуметтік-дағдыланған тұлғаның қалыптасуы бойынша оның міндетті қызметінің қоғаммен орындалуы аяқталса, екінші жағынан, құзіреттілік кешені үшін жағдайдың жасалуына әкелетін ЗУН жүйесінің  артық байланысымен  басым білім беру парадигмасының бірте-бірте бағытталуы шынайы жүріп жатады, ол көп факторлы ақпараттық қарым-қатынастық кеңістік жағдайында өз ойларын жүзеге асырушы адам қабілеті ретінде қарастырылады. Бұдан мектепте білім беру кеңістігінің жаңа принциптері мен ұйымдастыру әдістері қалыптасады:

- жобалық-зерттеушілік дағдының өнуі (жобалық әдіс);

- жоғары сынып оқушыларының өз қалауындағы профильді бағытқа қатынасының анықтамасы;

- қарым-қатынас өрісінің этикалық көзқарас бойынша анық айқындалуы.

Общая информация

Номер материала: 306270
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>