Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыДауыссыз дыбыстар

Дауыссыз дыбыстар

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар

Сабақтың мақсаты. 1.Білімділік: Дыбыс пен әріптің бір емес екендігін, олардың алмасып отыратындығын түрлі жаттығулар арқылы түсіндіре отырып, теориялық білімдерін жетілдіру.

2.Дамытушылық: Оқушыларды зеріктірмеу мақсатында фонетика сабағына қызықтыру, ассонансты, аллитерациялы өлеңдерді оқып беру, үнемі іздену барысында қажетті материалдар жинақтау, логикалық сұрақтармен көбірек жұмыс жасау.

3.Тәрбиелік мәні: Ана тілін сүйіп, құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық қасиетті сақтауға, тілді ұлттық мұра ретінде қадірлеуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, интерактивтік тақта, дидактикалық материалдар, плакат(дыбыстар сөйлейді), сөзжұмбақ, т.б.

Сабақтың түрі: Фонетика тарауын жақсы меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Жаттығу жұмыстарын орындау, дыбысқа талдау, өз бетімен жұмыс, топпен жұмыс жасау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу

Кезекшілікті қадағалау

Сыныпты және оқу-құралдарын түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Тіл туралы жазып келген нақыл сөздері мен мақал-мәтелдерін оқыту. Сол жазғандарына сүйеніп, өз пікірлерін, түсінгендерін айтқызу. Балалардың сөздерін қорытып, тілдің қызметі жөнінде түйін жасау. Сабақтың тақырыбына қызығушылығын оятуға байланысты мынадай жұмыстар жүргізу:

1.     Сабақтың мақсатымен таныстыру

2.     Бастауышта алған білімдерін еске түсіру

3.     Сұрақ-жауап арқылы төмендегідей мәселелерді еске түсіру:

1       дыбыс пен әріптің айырмашылығы

2       дыбыстардың дауысты және дауыссыз болып жіктелуі

3       дауысты дыбыстардың іштей жіктелуі

4       дауыссыз дыбыстардың іштей жіктелуі

5       дыбыс пен сөз мағыналарының арақатынасы.

Әрбір оқушыға сұрақ жазылған бетшелер таратылады. Мәселен, Балалар мектепке келді. (Сөйлем құрамындағы дауыстылардың астын бір, дауыссыздардың астын екі сыз). Мерей, батыр, сән сөздеріндегі дауыссыз дыбыстарды үлгі бойынша талда. Үлгі: м – үнді т.б.

                                ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. Дауыссыз дыбыстар мыналар:

б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,ц,ч,ш,щ,һ, (у).

Дауыссыз дыбыстарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығып, салдыр пайда болады. Сондықтан дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе өте аз болады.

                         Дауыссыз дыбыстардың түрлері

Дауыссыздар салдыр мен үннің қатысына қарай қатаң, ұяң,үнді болып үш топқа бөлінеді. Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз.Қатаң дауыссыздар мыналар: п,ф,к,қ,т,с,ш,щ,х,ц,ч,һ.

Салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған, бірақ үннен салдыры басым дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз.Ұяң дауыссыздар мыналар: б,в,г,ғ,д,ж,з.

Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз. Үнді дауыссыздар мыналар: р,л,й,у,м,н,ң.

Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр?» Ойынның шарты:

Басқы және соңғы дыбыстары бірдей, қай жағынан оқысаң да бірдей сөздерді табу. Үлгі: қазақ, мақам, тарат, қырық, ана, ата, т.б.

Жомарт сөзінің құрамындағы дыбыстардан мағыналы сөздер құраңдар. Үлгі: тор, жат, арт, т.б.

264 – жаттығу. Түсініп оқыңдар. Мәтінді көшіріп, қатаң дауыссыздардың астын бір, ұяң дауыссыздардың астын екі, үнді дауыссыздардың астын ирек сызықпен сызыңдар. Мәтіндегі ақыл мен ғылымның не дегенін түсінуге тырысыңдар.

265 – жаттығу. Төменде берілген жұмбақтардың шешуі болатын дыбыстарға сипаттама беріңдер.

Жаңада жоқ,               Тарақта бар,                Ләззатта бар,           Нанда бар,

Ескіде бар.                  Шашта жоқ.                Жанатта жоқ.          Етте жоқ.

Танада жоқ,                Тамақта бар,               Азатта бар,              Айранда бар

Ешкіде бар.                 Аста жоқ.                   Қанатта жоқ.           Сүтте жоқ.

 

266 – жаттығу. Мына сияқты сөйлемдер құрастырыңдар. Үлгі:

Таудың табиғаты тамаша. Талғат, Тұрарбек, Темір төртеуі тау табиғатын тамашалап, таңқурай терді.

Оразды ойлаушы ек,

Орнықты, ойлы деп.

Олай боп шықпады,

Орынсыз ойыны көп.

Сабақты қорытындылау.

Сонымен балалар:

6       тіл дыбыстарынан сөз құралады

7       тіл дыбыстары сөз мағыналарын ажыратуға негіз болады

8       дыбыстарды дұрыс жазып, дұрыс айта білу – сөйлеу мәдениетін қалыптастырады.

9       5 – сыныптан бастап тіл дыбыстарының арнайы заңдылықтары оқытылады.

10  Адам баласы бір-бірімен тілдесу арқылы қатынас жасайды, өз ойларын сөз арқылы білдіреді. Сол сөздердің ең кіші бөлшегі тіл дыбысы деп аталады.

Үйге тапсырма беру.

Дауыссыз дыбыстардан басталатын жер-су , аңдардың, ән мен күй аттарын, өсімдіктердің түрлерін жазып, ережелерді қайталап, жаттап келу.

Бағалау.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дауыссыз дыбыстар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по охране окружающей среды

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. Дауыссыз дыбыстар мыналар:

б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,ц,ч,ш,щ,һ, (у).

Дауыссыз дыбыстарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығып, салдыр пайда болады. Сондықтан дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе өте аз болады.

Дауыссыз дыбыстардың түрлері

Дауыссыздар салдыр мен үннің қатысына қарай қатаң, ұяң,үнді болып үш топқа бөлінеді. Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз.Қатаң дауыссыздар мыналар: п,ф,к,қ,т,с,ш,щ,х,ц,ч,һ.

Салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған, бірақ үннен салдыры басым дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз.Ұяң дауыссыздар мыналар: б,в,г,ғ,д,ж,з.

Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз. Үнді дауыссыздар мыналар: р,л,й,у,м,н,ң.

Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр?» Ойынның шарты:

Басқы және соңғы дыбыстары бірдей, қай жағынан оқысаң да бірдей сөздерді табу. Үлгі: қазақ, мақам, тарат, қырық, ана, ата, т.б.

Жомарт сөзінің құрамындағы дыбыстардан мағыналы сөздер құраңдар. Үлгі: тор, жат, арт, т.б.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 960 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.05.2015 3345
    • DOCX 17.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Танатарова Жупар Тилеповна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Танатарова Жупар Тилеповна
    Танатарова Жупар Тилеповна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 114639
    • Всего материалов: 34

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания испанского языка с учетом требований ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 76 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания иностранных языков: английский, немецкий, французский

Учитель иностранного языка

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 102 человека из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания английского языка с учетом требований ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 395 человек из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 460 человек

Мини-курс

Музыкальная журналистика: история, этика и авторское право

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Мастерство влияния и успешных переговоров

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 19 регионов

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов, критиков и общественных деятелей

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе