Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Дауысты дыбыстарды қайталау

Дауысты дыбыстарды қайталау

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы:Дауысты дыбыстарды қайталау/

Сабақтың мақсаты:дауысты дыбыс түрлерін ажырата отырып, алған білімдерін қолдана білуге, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыруға жағдай жасау.

 Дамытушылық: талдау жұмыстары арқылы дауысты дыбыстардың түрлерін ажырата алуына, тыңдай білу және оймен бөлісу әрекеттерін ұштауға, тілін дамытуға мүмкіндік туғызу;

Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, зеректілікке, атқаратын жұмысына жауапкершілікпен қарауға, сауаттылыққа тәрбиелеу;

 

Сабақтың түрі: Қайталау

 

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

 

Сабақтың көрнекілігі: Концептуалды карта, топтастыру, ойын.

 

Сабақтың барысы:

 

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа даярлығын тексеру, сыныпты екі топқа бөлу.

 

1. Қызығушылықты ояту.

Бір шумақ ән орындалады.

Сұрақ: Әннің ән болуына не себеп?



2. Мағынаны ашу.

1-ші топқа дауысты дыбыстарға топтастыру жасату.

2-ші топқа концептуалды картаны толтырту.



Оқулықпен жұмыс:

256-жаттығу.     * Мәтінді оқу,

Құрғақ білім, нағыз білім, білім-байлық, білім-серігің, өмірлік жолдасың, білім нұрланып тұруы тиісдеген тіркестердің мағынасын ашып түсіндіру.

                           * Мәтіннен еріндік дауыстылар мен езулік

                        дауыстылардан басталып тұрған сөздерді теріп жазу.  

Ой-арман, талап-тілек сөздеріндегі дауысты дыбыстарға сатылай комплексті талдау жасау.

257-жаттығу. Қай жағынан оқысаңдар да белгілі бір мағынаны

                       білдіретін он - он бес сөз теріп жазу.

258-жаттығу. Сөздің басы мен соңы бірдей дауысты болып келетін

                        он сөз тауып жазу.

 

«Қатені тап» ойыны.

Берілген мәтіннің қатесін тауып түзету керек.

 

3. Ой толғаныс:

    Бізге бүгінгі сабақ не берді? Нені үйрендік? Сауаттылық бізге не үшін керек деген ойды қорытындылай келе әркім өзінің ойын жазу.

 

4. Үйге тапсырма:

Оқу-білімге байланысты бір мақалға ребус құрастырып келу.


Дүниетану
Сабақтың тақырыбы:
Қазақстан – егемен ел.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Президент, Парламент, Үкімет туралы ұғымдарды білуге үйрету, тереңірек білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорын дамыту. Ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: Оқушылардың бойында егемен ел Қазақстанға деген мақтаныш қалыптастыру; баланың танымдық белсенділігін арттыру, оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, егемен елімізге қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: топтық, жұптық, диалог, сахналық көрініс, рефлексия.
Көрнекілік құрал: интерактивті тақта, флипчарт, карточка.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Жоғары қарадым аспанды көрдім,
Төмен қарадым жерді көрдім.
Оңға қарадым,
Солға қарадым,
Егеменді ел көрдім.

ІІ. Жаңа сабақ: /бейнежазба /
Мұғалім: Отан
Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы,
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді,
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен -
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отан дейміз кең - байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Сұрақ - жауап: 1. Осы естіген өлең жолдары, неге арналады?
- Балалардың жауаптары.
Мұғалім: Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Қазақстан – егеменді ел».
Қазақстан еліміз туралы не білесіңдер?

Балалардың жауаптарын, мұғалім кестеге қысқа жазады./1 баған - 2 баған/

Білемін Білгім келеді? Үйрендім

Сонымен бүгінгі сабақта біз басқарушы билік туралы, олардың қызметтері туралы оқып, үйренеміз.
Осы сұрақтарға жауап беру үшін, сендер тапсырманы орындайсыңдар.
Енді үш топқа бөлінеміз. оқушылар топта жұмыс жасап, тақырыпты дәлелдейді.

І топ.
Мәтінді оқу, талдау, түсіндіру, дәлелдеу.
Қазақстан – егеменді ел.
16 желтоқсанда біздің елімізде ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні атап өтіледі. Тап осы күні «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданған.
1991 жылдың 16 желтоқсанынан бастап Қазақстан дербес тәуелсіз мемлекетке айналды. Қазақстанның өзінің Елтаңбасы, Туы, жаңа Әнұраны, өзінің Конституциясы жасалды. Қазақстан халқының тұрмыс жағдайын жақсартуға арналған заңдар қабылданды.
Балалар үлкендер тарапынан қамқорлық пен көмек алуға құқылы. Олар отбасында, бақыт пен сүйіспеншілік, түсіністік аясында өмір сүруге құқылы. 2002 жылы Қазақстанда балалар құқығы туралы заң қабылданды.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Орыс тілі ұлтаралық қарым – қатынас тілі.

ІІ топ. Мәтінді оқу, талдау, түсіндіру, дәлелдеу.
Президент.
1991 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.
Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын басқарады. Үкімет құрады, заңдар мен жарлықтар шығарады. Ол халық мүддесін қорғау үшін халық атынан сөйлейді.
Қазақстан Конституциясында елдің президенті болып 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін білетін және соңғы 15 жылда Қазақстанда тұратын адам сайлана алады деп көрсетеді.

ІІІ топ. Мәтінді оқу, талдау, түсіндіру, дәлелдеу.
Парламент. Үкімет.
Қазақстан Республикадағы заң шығару жұмысымен Парламент айналысады. Ол екі палатадан, яғни құрамдас бөліктен тұрады. Жоғарғы палата - Сенат, төменгі палата – Мәжіліс деп аталады.
Президенттің Жарлығы мен өкімдерін, Парламент қабылдаған түрлі заңдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырып отырады.
Үкіметті Премьер – Министр басқарады. Осы Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды. Үкімет құрамына Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім, Қаржы, Сыртқы істер, Ауыл шаруашылығы, т. б министрліктері кіреді.
Салалық министрліктерді министрлер басқарады. Олар – Үкімет мүшелері. Олар мемлекеттің дамуы, азаматтардың қауіпсіздігі, еліміздің қорғаныс қабілеті жоспарын жасайды.

ІІІ. Бекіту: Сахналық көрініс:
Мұғалім: балалар, жаңа тақырыпты талдап, бір - біріне түсіндірдіңдер.
Қазір, біз оны бекітеміз. Оны ойын түрінде өткіземіз. Жетондарды таңдау.
- Жетонға жазылған сөздерге қарап топқа бөлінесіңдер. Балалар, мәтіндерді оқып, бір - біріне түсіндіріп, тақтаға шығып, тақырып бойынша түсінгендеріңді рөлдік ойын арқылы көрсетіңдер.
Президент - 1бала
Парламент - 4 бала / Сенат - 2, Мәжіліс - 2/
Үкімет - 8 бала
Денсаулық сақтау министрлігі
Білім және ғылым министрлігі
Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келсім министрлігі
Қаржы министрлігі
Қорғаныс министрлігі
Сыртқы істер министрлігі
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Премьер – Министр
Әрқайсыларын қызметтеріңді білесіңдер ғой?
Мұғалім: Біздің ауылымызды көркейюіне, дамуына заң шығару керек.
Оны кім шығарады? – Балалардың жауаптары.
Ойын көрсетіледі.

ІҮ. Тест: 1. Біздің мемлекеттің басшысы кім?
2. Президент нені басқарады?
3. Қазақстанда балалар құқығы туралы заң қашан қабылданды?
4. Парламент қандай жұмыстар атқарады?
5. Үкімет құрамына қандай мүшелері кіреді?
/дәптерлерін ауыстырып тексеру/.

ҮІ. Шығармашылық жұмыс:
"Менің Отаным" тақырыбына эссе жазу.

Дарынды оқушыларға қосымша "Отан" туралы өлең шығару.

Төмен оқитын оқушыларға карточкамен жұмыс.
Сөйлемді жалғастыру. /төмен оқитын оқушылар/
1. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан ----
2. Қазақ тілі -...
3. Үкіметті...
4. Министрлікті министр...

V. С/қорытындысы:
Үй жұмысы «Егер мен Президент болсам» эссе жазу.

"Инсерт" стратегиясын жалғастыру. Кестенің 3 бөлігін толтыру.
Не үйрендік?

Бағалау.
Сабақтың басында берілген бағалау парағының бөліктері бойынша білімдерін бағалап, қорытынды баға қояды.

Рефлексия
Оқушыларға күннің көзі бейнеленген суреттер таратылады. Балалар өз ойларын сол суретте бейнеленген күннің көзі бойынша көрсетеді. Сабақ ұнаса күннің көзін күлімсіретіп қояды, егер ұнамаса түзу сызық қойып, ұнамағанын білдіреді. Парақтың артына өздеріне немен ұнағанын немесе немен ұнамағанын ашық жаза алады.







Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты:дауысты дыбыс түрлерін ажырата отырып, алған білімдерін қолдана білуге, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыруға жағдай жасау.

Дамытушылық: талдау жұмыстары арқылы дауысты дыбыстардың түрлерін ажырата алуына, тыңдай білу және оймен бөлісу әрекеттерін ұштауға, тілін дамытуға мүмкіндік туғызу;

Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, зеректілікке, атқаратын жұмысына жауапкершілікпен қарауға, сауаттылыққа тәрбиелеу;

Автор
Дата добавления 14.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров346
Номер материала 281553
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх