Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Даярлық сыныбына арналған сабақ жоспары. Тақырыбы: Көбелектің суретін саламыз

Даярлық сыныбына арналған сабақ жоспары. Тақырыбы: Көбелектің суретін саламыз


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Кишкеева Багила Маратовна 04.01.1979


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Дәстүрден тыс сурет салу

Тақырыбы: Көбелектің суретін саламыз (Монотипия әдісі)

Мақсаты: Балалардың табиғат әлеміне деген қызығушылығын арттыру, бояу

түстерінің мәнін түсіндіру.

Көбелектің бейнесін қағазға монотипия әдісімен түсіруді үйрету.

Балаларды табиғатты аялауға, қорғауға және ұқыптылыққа, еңбекке

тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, ой қозғау, сұрақ – жауап, топтастыру.

Көрнекіліктері: көбелектің, гүлдің суреттері

Билингвизм сыңары: көбелек – бабочка, гүл – цветок


Әрекет кезеңдері


Педагогтың іс - әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті

Мотивациялық – қозғаушы кезең











Ұйымдастырушы – іздену кезең

































































































































Рефлексивті – түзетуші кезең

Шаттық шеңбері:

Алақанды ашайық

Күннің нұрын жасайық

Таза ауаға қол сермеп,

Жүрек жылуын жасайық

Мейірімділік шоғын біз,

Қонақтарға шашайық.

- Жарайсыңдар, балалар!

- Балалар, біз өткен оқу іс-әрекетінде ғажайып орманның суретін салған болатынбыз.


«Серпілмелі сауал» әдісі

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Жыл мезгілдеріне салған суреттерін еске түсіру.

Жұмбақ

1. Өзі сондай нәзік,

Су құйсаң кетеді

Алақанын жазып. (гүл)

2. Үстіндегі көйлегі

Түрлі – түсті не керек?

Қызықтырар көргенді,

Мұның аты...

hello_html_m17d49e01.png

-Дұрыс жұмбақтың шешуі көбелек екен

- Ал, енді балалар қане мұқият тыңдайықшы

«Көбелек»

Мен тимеймін жасқанба,

Дос болайық көбелек.

Жинап тұрған бақшамда,

Гүлдерімді көре кет.

Тұтқиылдан састыра

Жаңбыр жауса себелеп,

Тақиямның астына

Тығыла ғой көбелек.

- Өлең не туралы айтылған?

- Көбелек қандай болады?

- Бақшада нені көріп кет дейді?

- Жаңбыр жауса қайда жасырын дейді?

- Көбелекті көргенде бірден қай мезгіл есімізге түседі?

- Балалар, көбелектер өте жеңіл және әдемі жаратылыс. Бірақ олар өте нәзік болады. Көбелектер ұшады, қонады, қанатын ашып қонады, көбелектер гүлді шаңтозаңнан қорғайды екен. Көбелектер өсімдіктің гүл шырынымен, жемістердің тәтті нәрімен қоректенеді. Олар дәмді аяқпен сезеді екен.

- Ал, енді тағы қандай жәндіктерді білесіңдер?

- Жәндіктер қайда мекендейді?

Жәндіктер де балалар, көбелектер секілді өте нәзік. Олар күн жылы кезде қыбырлап тіршілік етеді. Күн суыған кезде есік – терезелердің жақтауларына тығылып, ұйқыға кетеді.

- Балалар көбелектер екіге бөлінеді: күндізгі және түнгі көбелектер.

Күндізгі көбелектер – жылы, ашық түсті болады екен.

Түнгі көбелектер – суық, сұр түсті болады екен.

- Балалар бүгінгі ашық оқу іс-әрекетінде монотипия әдісімен көбелектің суретін саламыз.


Балаларды топқа бөлу.

I топ. «Күн» тобы hello_html_7a2ee466.jpgКүндізгі көбелектер

Балалар жылы, ашық түстерді пайдалана отырып монотипия әдісімен көбелектің суретін салады.

II топ. «Ай» тобы hello_html_2e867bb1.jpg

Түнгі көбелектер

Сендер суық, сұр, қоңыр түстерді пайдаланып монотипия әдісімен көбелекті саласыңдар.

Сергіту сәті

Бақта бізде гүлдер бар,

Қане ұшамыз бәріміз.

Егер жаңбыр жауа қалса,

Тығыламыз бәріміз.

- Балалар енді сендер қызықты ертегі тыңдағыларың келеді ме?

Бір ертегі елінде көп әдемі гүлдер өсіп тұр екен. Сол жерде көбелек өмір сүріпті.

- Балалар сол көбелекті ертегідегідей шақырып көрейікші. Мүмкін көбелек бізге де ұшып келер.

- Қане бірге,

Көбелек, көбелек.

Біздің баққа қона кет!

- Қараңдаршы балалар, көбелек бізге шынымен де келді. Көбелек қандай әдемі, көңілді. Ұшады, қонады, қалықтайды. Онымен ойнап көрейік, қарап бәріміз үрлейік.

Мұрнымызбен дем алайық,

Аузымызбен дем шығарайық.

Терең дем алып, жаймен үрлейміз.

- Балалар көбелек еліне қуанышты, көңілді қайтуы үшін оған тақпақ айтып берейік.



Нұрай:

Ақ қанатты көбелек,

Көк қанатты көбелек

Қызыл қанат көбелек

Бақшамызға келе кет.

Бірлік:

Көбелек – ау, көбелек,

Бақшамызға келе кет

Көбелек – ау, көбелек

Бақшамызды көре кет.

Айзере:

Гүлдер, гүлдер көктесін

Көбелектер көп келсін

Гүл қанатты көбелек

Бақшамыздан кетпесін.

Ақтоты:

Қызыл қанат көбелек,

Жасыл қанат көбелек,

Гүлден - гүлге қонасың

Ұстатпайсың не керек.

Дидактикалық ойын « Өз гүліңді тап»

- Балалардың монотипия әдісімен салған суреттерін тақтаға іліп, бағалау.

- Балалар көбелігіміз көңілді. Енді оны көбелектер еліне шығарып салайық.

- Қане балалар, көбелекте не бар екен?

- Ол қандай болады екен?

Балаларды бағалау








Шаттық шеңберін орындайды










- сұрақтарға жауап береді





- жұмбақтың шешуін табады






















- сұрақтарға жауап береді








Көбелектер туралы түсінік алады.





















Топқа бөлінеді





















Сергіту жаттығуын орындайды












Балалар барлығы бірге айтады






Балалар жаттығуды бірге жасайды















Көбелек туралы тақпақтарын айтады






























Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Балалар жәндіктерді бір – бірінен ажырата алады

Игеру керек: Жәндіктердің қалай тіршілік ететінін біледі.

Үйрену керек: Монотипия әдісімен сурет салуды үйренеді.



hello_html_44b8d239.jpghello_html_158b0b2.jpghello_html_m64ed655a.jpg


Автор
Дата добавления 14.04.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров385
Номер материала ДБ-030618
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх