Инфоурок Музыка Рабочие программыДаярлық топ күнделікті сабақ жоспар музыка пәнінен

Даярлық топ күнделікті сабақ жоспар музыка пәнінен

Скачать материал

МУЗЫКА САБАҚТАРЫН ПЕРСПЕКТИВТІ-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЛАУ

Р/с

Тақырып

 

Сағат саны

Бағдарламалық мазмұны

Ұсынылатын материал

1

2

3

4

5

6

 

Білім күні

 

1

 

 

1

Музыка әлемінде

Қ Ы Р К Ү Й Е К

2

Музыкалық шығарманы тыңдау, эмоциямен кабылдау және ажырата білуге үйрету. Әннің сөзін анық, дұрыс айтуға талпындыру. Зер салу, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Мектепке, оқуға деген ынта-ықыласын, қызығушылығын қалыптастыру.

Мектеп суреттері, балалар әдебиетінің, оқу құралдарының, мектеп өмірі көріністерінен көрме; саз аспаптар.

2

Қазақстан -

Республикам

менің

 

 

1

Қазақстан Республикасы Гимні, рәміздері, Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті туралы түсінік қалыптастыру. Гимн мазмұнын жете түсінуге мүмкіндік жасау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін, нышандарын қастерлеу, Гимнді мақтанышпен қабылдау, орындауға баулу. Тыңдаған, орындаған өндерді салыстыру, ажырата білуге жаттықтыру. Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Әнді қуанышты, мақтанышпен орындауға төселдіру. Отанға, еліне, туған жеріне сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Би жанрларын ажырата білуге талпындыру.

Қазақстан Республикасының картасы. Қазақстан Республикасының рәміздері: Қазақстан Республикасы Президентінің инагурациясынан, Қазақстан елінде өткен үлкен іс-шаралардан бейнекөріністер. Қазақстан жері, байлығы туралы көрініс; Гимн, Ту, Елтаңба. Қазақстан Республикасының Гимні авторларының, портреті.

3

Менің Отаным – Қазақстан

 

 

 

2

 

 

4

Жаса мәңгі, ана тілім

 

2

Музыканың екпінін, ырғағын түсіне білуге жаттықтыру. Әнді орындау кезінде дауысты дыбыстарды ашың, дұрыс орындауға үйрету. Ән мазмұны негізінде ана тіліне деген мақтаныш, құрмет, сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру. Вальс би элементтерімен таныстыру, биге деген қызығушылығын арттыру.

«Ана тілі» атты көрме, ана тіліне арналған «Көркем сөздер» сайысын ұйымдастыру.

5

Отан отбасынан басталады

қ

А 3 А Н

2

Әнді жеке, қосылып, еркін, көңілді орындауға төселдіру. Ән мәтініне сәйкес үйлесімді қимыл-қозғалыс жасауға талпындыру.

Ата-аналарына, отбасы мүшелеріне, ересек туыстарына деген сүйіспеншілік, сыйластың сезімдер қалыптастыру.

Отбасы мүшелерінің мамандықтары туралы суреттер. «Менің отбасым» атты газет, фотокөрме ұйымдастыру. Отбасы туралы әңгіме, өлең, тақпақ, мақал-мәтел сайысын жариялау.

6

Бүгін қай күн?

 

К А

З

А Н

2

Музыкалық шығарманың мазмұнын түсіну; музыкалық көркемдік құралдарды (динамика, дыбыстың жоғарылығын), музыкалық жанрды ажырата білуге үйрету; қимылды динамикалық реңкке сәйкес орындауға талпындыру.

Имандылық - инабаттылыққа тәрбиелеу. Жұмбақ, көркем сөздер арқылы апта күндері, оның аталуы, күнтізбе жүйесі туралы түсінік қалыптастыру.

Отбасындағы дәстүрлер (жұма - киелі күн), демалыс күндерінің өткізілуі туралы әңгімелесу; сурет, фото көрмелерін ұйымдастыру.

Күнтізбеге сәйкес 7 парақ (әр балаға 1 парақ), түрлі түсті қарындаштар, сылдырмақтар, гүлдер, қобыз.

«Менің отбасым» атты фотокөрме, газет конкурсын жариялау. Отбасындағы дәстүрлер, демалыс күндерінің өткізілуі.

7

Алтын күз

 

 

2

Балалардың музыка, пьесаның, аккомпанемент характерін (баяу, сабырлы, мұңды) сезіну, жанрларды ажырата білу қабілетін дамыту. Сюитаның авторлары туралы түсінік беру.

Әнді табиғи дауыспен, мәнді орындауға жетелеу. Күзгі табиғатты бақылау. Күз туралы жұмбақ, тақпақ, халық болжамдарымен таныстыру, жаттау.

Күз көріністері, табиғи материалдар (жапырақтар, бүршік, жаңғақ, т.б.)

8

Күз - жомарт

 

 

2

Балалардың музыка жайлы әсерін байыту; жоғары, төмен дыбыстарды ажырата білуін анықтау, үйрету; әнді жеке, хормен айтуға жаттықтыру. Биді музыкаға сәйкес бастау, аяқтау, би элементтерін нақышына келтіре орындауға талпындыру. Күз сыйлығы туралы әңгімелесу, әңгіме құрастыру.

«Алтын күз» сурет, табиғи заттардан қол еңбегі көрмесін ұйымдастыру.

9

Ойыншықтар

 

2

Ән-күйлерді тыңдау, қабылдау, есте сақтау жөне музыкалық жанрды ажырата білуге үйрету; бейнелі қимылдарды бере

Түрлі қатты, жұмсақ ойыншықтар.

 

 

Қ

А

Р

А

Ш

А

 

білуге талпындыру; өр ойыншықтың қайда, неден, қалай, кім жасайтыны; ойыншықтардың зиянды түрі болатыны туралы түсінік беру. Ойыншықпен ұқыпты ойнау, күтіп ойнауға тәрбиелеу.

«Ойыншықтар дүкені»: ойыншықты сатып алуға арналған түбіртек (онда жұмбақ,тақпақ,өлең, ойыншықтың сипаты.т.б. жазылған).

 

10

Өмірің өз қолыңда

 

 

2

Музыка характерін қимыл-қозғалыспен бере білуге жаттықтыру. Балалардың шығармашылық қиялын дамыту. Ән мазмұнын түйсіне орындау. Қауіпсіздік ережесін сақтау мақсатында тақырыпты жыл мезгіліне сәйкес қайталап, бекітіп отыру.

Бағдаршам макеті, түрлі жол белгілері, машиналар, жаяу жүргіншілер, көшедегі жүрісті реттеушінің атрибуттары; көлемді қораптар.

 

11

Әдепті бол

 

 

2

Музыкалық дыбыстардың жоғарылығы мен ұзақтығын сезіне, ажырата білу. Әнді табиғи дауыспен, мәнерлі орындау шеберлігін дамыту. Басқа ұлттар билерін, қазіргі би ырғақтарын еркін билеуге дағдыландыру. Үлкендерге, кішілерге сыйластық, мейрімділікпен қарауға, әдептілікке баулу.

Әдептілік әлппесінен көріністер.

«Жақсы деген немене, жаман деген немене?» тақырыптарынан суреттер.

 

12

қыс келді

 

2

Әнді көңілді күймен қабылдау, ән мазмұны бойынша қыс көріністерін бере білуге, басқа жыл мезгілдерімен салыстыра, ажырата білуге үйрету.

Қыс көріністері, халық

болжамдары.

«Қырау басқан ағаштар»,

 

1             2

3

4

5

6

 

 

 

Ж

Е

Л

т

0

Қ

с

А

Н

 

Серуен кезіндегі бақылаулар, табиғаттағы өзгерістер туралы, қысқа тән бейнелер, құстар, құстардың қысқы өмірі, оларға қамқорлық, қысқы ойындар туралы әңгімелесу. Халық болжамдарын орынды қолдана білуге үйрету.

«Қыс қызығы» атты көрмелер ұйымдастыру.

 

13

Астана - Бәйтерек

 

 

2

Тәуелсіз Қазақстан, Астана, Бәйтерек туралы түсініктерін кеңейту. Астана қаласының тарихы туралы, көрнекті жерлері, өсем ғимараттар, олардың неге арналғаны туралы түсінік беру. Бәйтерек туралы мағлұмат беру. Әнді қуанышты, екпіндете, жігермен орындауға төселдіру. Отанға, отанының көз тартарлық жерлеріне деген қызығушылық, мақтаныш, құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Астана қаласының, Бәйтерек құрылысының көріністері. Астана қаласы бойынша саяхат (аудио, видео).

 

14

Тәуелсіз Қазақстан

 

 

 

Әннің орындалуын (жылдамдата, екпінмен, ойнақы), музыкалық жанрды ажырата білу қабілеттерін дамыту. Әуенді қимыл-қозғалыста музыканың басталуын, аяқталуын ести және бере білуге дағдыландыру. Тәуелсіз Қазақстан, Желтоқсан оқиғасы, «Алматы - тәуелсіздіктің алтын бесігі» екені туралы түсінік қалыптастыру. Тәуелсіз елін, жерін мақтан түту, патриоттық сезім тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, Астана, Алматы қалаларының, Желтоқсан оқиғасының суреттері (слайд, аудио).

 

1

2

3

4

5

6

 

15

Ғажап қала - Алматы

ЖЕ

Л

т

0

қ

с

А

н

2

Ән-күйді тыңдау сәтінде динамикалық есту, есте сақтау, әсерлену қабілеттерін дамыту. Әннің мазмұны арқылы Алматы қаласына деген сүйіспеншілік, құрмет, мақтаныш сезімдерін қалыптастыру.

Алматы қаласы бойынша экскурсия (аудио, видео). Желтоқсан мемориалының суреті. Республика алаңы, Әлия мен Мәншүк, Бауыржан Момышұлы ескерткіштерінің суреттері.

 

16

Жаңа жыл

 

 

1

Музыканың, өннің характерін, көңіл күйін бере орындауға жаттықтыру. Қимыл - қозғалысты кіріспеден кейін бастау, музыкаға сәйкес бейнелі, ырғақты қимыл жасауға үйрету. Қыс, жаңа жыл, ескі жылды (13 қаңтар) шығарып салу дәстүрі туралы түсініктерін кеңейту, бекіту.

Түрлі кейіпкерлер киімдері, маскалары, суреттер; өр кейіпкерге қажетті заттар. Шырша ойыншықтарын, сыйлықтар жасауға қажетті материалдар дайындау.

 

17

Қысқы ойын қызықты

Қ

А

Ң

Т

А Р

2

Музыкадағы дыбыс жоғарылығын, ырғақтың мәнерлілігін түсіне, ажырата білуге талпындыру. Әннің ырғағын сақтап, көңілді, еркін орындауға төселдіру. Музыкаға сәйкес қысқы ойын қимыл-қозғалыстарын бере білуге талпындыру.

Қар адам бейнесін жасау үшін түрлі көлемде мақтадан жасалған түйіршіктер, түйме, т.б. Қысқы ойынға қатысты ойын құралдарының суреті; металлофон.

 

18

Қорқыт ата

 

 

2

Халқымыз қадір тұтып, атын аңызға айналдырған Қорқыт бабамыздың өмірі туралы түсінік қалыптастыру. Балалардың сөйлеу мәдениетін дамыту.

Қорқыт атаның суреттері, Қорқыт ата кітабы, буклет, қобыз, ақыл-өсиет, мақал -

 

 

 

Қ

А Ң

Т

А Р

 

Қорқыт атаның өсиет, нақыл сөздері, бата - тілектері арқылы балаларды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

мәтел, нақыл, шешендік сөздер.

 

19

Бесік жыры

 

 

2

Музыканы эмоциялық қабылдау қабілеттерін дамыту; балалардың тембрлік қабылдауын қалыптастыру; ұзақ жөне қысқа дыбыстарды ажырата білуге жаттықтыру. Қазақтың ұлттық рәсімдері туралы әңгімелеу. Бесікті аластау рәсімін сахналау.

Бесік, қуыршақ, тұмар, бесікке бөлеуге қажетті заттар.

 

20

Үй жануарлары

А Қ

п

А Н

2

Музыкада бейнеленген жануарлардың қимыл-қозғалысын бере білуге төселдіру. Әнді жеңіл, көңілді орындау қабілеттерін жетілдіру. Жануарларға деген қызығушылық, қамқорлықтарын тәрбиелеу.

Музыкалық шығарманы тыңдау, есте сақтау, ажырата білуге үйрету. Әнді жеке, қосылып айтуға талпындыру. Музыка ырғағына қарай таныс би элементтерінен өздігінен би ойлап табуын қолдау.

Ойыншықтар - күшік, мысық, аңдар, торғай, маскалар; бейнелеу өнеріне қажетті құрал-жабдықтар.

 

21

Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары

 

 

2

Бір әннің әр түрлі аспапта ойнаған сазын тыңдау, тану, салыстыру, ажыратуға үйрету.

Әр аспаптың тарихы, неден жасалатыны, құрылысы туралы түсінік беру.Ұлттық аспаптарда қарапайым пьесаларды орындауға талпындыру. Ұлттық аспаптарға деген қызығушылық, ұқыптылық сезімін қалыптастыру.

Домбыра, қобыз, асатаяқ, сырнай, тайтұяқ, ұрмалы аспаптар; жетіген суреті; аспаптар дыбысы жазылған үнтаспа. Түрлі ұлттық аспаптармен таныстыру; музейге саяхат; құмда аспаптардың суретін салу, мүсіндеу.

 

22

Нағыз қазақ - домбыра

А

Қ П А Н

1

Түрлі аспапта ойналған шығармаларды тыңдау арқылы оны қабылдау, есте сақтау, ажырата білуге үйрету.Ұлттық музыкаға, өнерге деген сүйіспеншілік, қызығушылық қалыптастыру.

Домбыра түрлерімен, домбыраның құрылысымен таныстыру. Домбыра, қобыз құрылысын, үнін тыңдау, салыстыру. Күйші-композиторлардың өмірімен, шығармашылығымен таныстыру. Басқа ұлттардың шертпе аспаптарымен салыстыру, ерекшелігін, айырмашылығын ажырата білуге баулу. Аспаптар туралы жұмбақ, тақпақтар жаттау.

Қазақтың ұлттық шертпе саз аспаптары: домбыра, қобыздың; күйші-композиторлардың, музыка аспаптарының суреттері; мультфильм көрсету. Музыкалы - дидактикалық ойынға түрлі музыка аспаптары. Музыка аспаптары музейіне экскурсия жасау.

 

23

Тұсау кесу

 

2

Музыканың сезімдік мазмұнын сипаттай, ажырата, бейнелей білуге үйрету. Әнді табиғи дауыспен, нәзік орындауға төселдіру.

Музыка ырғағына би қимылын үйлесімді орындауға талпындыру.

Тұсау кесуге қажетті заттар:

қайшы, ала жіп.

Әжеге сыйлық дайындау.

 

 

 

 

 

Тұсау кесу рәсімі, сәбидің аяғының астына төселетін ақ мата, ала жіптің мағынасы, рәсімді кім жасайтыны туралы түсінік калыптастыру. Қазақтың ұлттық рәсімдері туралы түсініктерін кеңейту.

Қуыршақпен ойын көрініс ұйымдастыру.

 

24

Көктем өрнегі

Н

А

У

Р

ы

3

1

Дыбыс жоғарылығын, контрасты емес ырғақты бейнелерді ажырата білуге үйрету.

Шығарманы кіріспе, үзіндіден тануға баулу.

Әнді көңілді, қуанышпен орындауға, ән ырғағына сәйкес қимыл бере білуге төселдіру.

Табиғат көрінісін сезіне білуге, табиғатқа деген қамқорлық сезімін қалыптастыру. Табиғат өзгерістерін бақылау, салыстыру, суреттеу; жұмбақ жасыру, тақпақ, мақал-мәтел жаттау.

Көктем көріністерінің суреттері.

 

25

Құстар қайтып келеді

 

 

 

Балаларды өздігінен музыка бағытын (баяу, көтеріңкі, жоғары, төмен) ажыратуға, анықтауға үйретуді жалғастыру. Музыканың әр қимыл сипатын бере білуге, ырғақты сезіне білуге, белсенді орындауға дағдыландыру. Құстарға деген қамқоршылыққа тәрбиелеу.

Түрлі құстардың суреті.

 

26

Аман бол, анашым

Н

А

У

Р

ы

3

1

Күйші, күй сипаты, мазмұны туралы түсінік беру. Жоғары, төмен дыбыстар жүйесін ажырата білуге жаттықтыру. Әнді орындаған кезде «ана, анама, әже, әжеме», т.б. сөздердегі дауысты дыбысты дұрыс, таза айтуға және әнді назды, лирикалық характерін бере орындауға баулу. Музыка ырғағына сәйкес би элементтерін көңілді, жеңіл орындауға дағдыландыру. Әжеге, анаға деген мейірімділікке тәрбиелеу.

Ана, әжелердің, мамандықтардың, әже іс-әрекеттерінің суреттері.

 

27

Әжеме арнаймын

ӘНІМДІ

 

 

1

 

 

 

 

 

28

Наурыз - біздің жаңа жыл

 

 

2

Ән мазмұнын (жыл мезгілі) түсіне, еске түсіре, тани, салыстыра, ажырата білуге талпындыру. Әнді жеке, қосылып, еркін, көңілді, шаттана орындауға жаттықтыру. Таныс өндерді тану барысында, сөз ұйқастарын бере білуге талпындыру. Ұлттық мерекелер мәнін жете түсіндіру, қызығушылығын арттыру. Музыка ырғағына сәйкес бейнелер қимылын бере білуге талпындыру.

Наурыз мерекесінен көріністер, наурыз көже, мерекелік дастарқан туралы әңгімелесу. Наурыз мерекесі туралы қанатты, тыйым сөздер. «Наурыз - біздің жаңа жыл » атты ұжымдық панно жасау.

 

29

Берекелі дастарқан

 

2

Музыка мен сөз арасындағы үндестікті сезіне білу. Өнді көңілді, қуанышпен, мәнерлі орындауға жаттықтыру. Түрлі балалар саз аспаптарының тембрін ажырата білу қабілетін дамыту. Билердің қарапайым өзіндік түрлерін ойлап табуға жетелеу.

Түрлі тағамдар суреті бойынша әңгімелеу, әңгіме құрастыру.

 

30

Ақсақ киік

С

ә

У

I

р

2

Күйшінің өмірі, шығармашылығымен таныстыру.

Күй тыңдау барысында алған әсерін жеткізе білуге, басқа күйлермен салыстыра, ажырата білуге үйрету. Жануарларға деген қамқорлық, сезімдерін қалыптастыру.

Композиторлардың суреті; жануарлар, киік суреті; күй мазмұны бойынша бейнелеу, киікті мүсіндеу. «Менің жануарым» атты сурет, мүсін көрмесін ұйымдастыру.

 

31

Орыс халқының

музыкалық

аспаптары

 

 

2

Орыс халқының музыкалық аспаптарында бір әннің түрлі аспапта ойнаған сазын тыңдау, салыстыру, ажырата білуге үйрету. Қазақ ұлттық музыка аспаптарымен салыстыру, ұксастығын ажырата білу қабілеттерін қалыптастыру.

Орыс халық аспаптарының құрылысы,

жасалуы, дыбысымен танысу.

Ұлттық аспаптарды ажырату мақсатында

түрлі музыкалы - дидактикалық

ойын ұйымдастыру; аспаптардың

салыстырмалы суреттерін салу, мүсіндеу.

Орыс халқының шертпе, ұрмалы, үрлемелі аспаптары, олардың суреттері. Сурет салу, мүсіндеу жұмыстарына қажетті жабдықтар дайындау. Кесінді лото (түрлі аспаптарды құрастыру).

 

32

Ұлы достық жасасын!

 

2

Ән мазмұны арқылы мейірімділікке, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу. Әнді ширақ, көңілді, еркін орындауға төселдіру. Ұлттық би элементтерін еркін орындауға жаттықтыру.

Түрлі ұлттық қуыршақтар, олардың ұлттық киімдері; ұлттық ойындар атрибуттары.

 

33

Аты аңызға

айналған

атамыз

М А М

ы

р

1

Ән сөздерін анық, жігерлі, екпінмен орындау.

Батыр атамыздың өмір өнегесі, өсиеті арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Бауыржан Момышұлының портреті, кітаптар көрмесі, қанатты сөздері.

 

34

Жеңіс күнін тойлаймыз

 

 

1

Бауыржан Момышұлының қанатты сөздерінің мәнін тереңдете түсіндіру.

 

 

 

35

Ақ қанатты, көк қанатты көбелек

 

 

1

Түрлі аспапта орындалған лирикалық

сипаттағы музыканы, өндердің

мазмұнын түсіну, көңіл күйді сезіне

білуге талпындыру.

Балалардың шығармашылық қиялын,

ұлттық би элементтер түрін ойлап табуын

қолдау.

Жайлау көріністері: «Жайлауда» тақырыбын бейнелеуге қажетті құрал-жабдықтар (киіз үй, жайылған төрт түлік, қазан-ошақ, т.б),түрлі түсті көбелектер.

 

36

Жаз жайлауда

 

 

1

Музыка характерін қимыл-қозғалыспен бере білуге жаттықтыру. Балалардың шығармашылық қиялын дамыту. Ән мазмұнын түйсіне орындау. Жаз, жайлау туралы түсінік қалыптастыру, кеңейту.

Жайлау көріністері: «Жайлауда» тақырыбын бейнелеуге қажетті құрал-жабдықтар (киіз үй, жайылған төрт түлік, қазан-ошақ, т.б).

 

37

Қош бол, балабақша

 

 

1

Әнді түрлі сезімдерін бере, ән сөздерін анық, нақты орындауға талпындыру. Музыка ырғағына сәйкес би элементтерін, қазіргі би элементтерін еркін орындауға төселдіру.

Ойыншықтар, Әліппе, оқу құралдары, ойын атрибуттары.

 

38

Біз мектепке барамыз

 

1

Музыка характері туралы түсінік - танымдарын бекіту. Әнді қуанышты, шаттана, көпке ілесе орындауға баулу. Би қимылын музыка ырғағына үйлесімді, еркін орындауға төселдіру. Мектепке, оқуға деген қызығушылығын, оқу құралдарын, заттарға ұқыптылықпен қарау қабілеттерін дамыту.

Мектеп, сынып суреттері; оңушыға қажет құрал-жабдықтар.

 

 

Барлығы

 

64 сағ.

 

 

 

 

 

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Білім күні.

Бағдарламалық мазмұны: Музыкалық шығарманы тыңдау және әмоциясын ажырата білуге үйрету. Әннің сөзін анық, дұрыс айтуға талпындыру. Зер салу, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.

Мектепке, оқуға деген ынта-ықыласын, қызығушылығын қалыптастыру.

Пайдаланылатын құралдар: мектеп суреттері, балалар әдебиеті, оқу құралдары, мектеп өмірі көріністерінен көрме; саз аспаптар; 1 үлкен және балалар санына сәйкес ұсақ қоңыраулар мен ағаш таяқшалар.

Қазақстан Республикасының Гимні (үнтаспа). Музыка Әліппе-дәптері.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: мектепке даярлық тобы түлектерінің бірінші қоңырауға қатысуы, балабақшаның, мектептің есігін бірінші күн ашып отырған балалармен танысу; ойын ұйымдастыру; балабақша түлектерінің сыйлық жасауы. Қазақстан Республикасының Гимні орындалған кезде адам өзін қалай ұстау керектігі туралы түсінік беру.

Іс-әрекет кезеңі.

Ән тыңдау. «Қазақстан». С. Мұхамеджанов.

- Ән қалай аталады?

- Қазақстан дегенді қалай түсінесіңдер? (Біздің туған еліміз. Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстан).

- Музыка қандай, көңілді ме, әлде көңілсіз бе?

- Балалар, бүгін Қазақстан Республикасында барлық елдерде «Білім күні» тойлануда.

- Бүгін қай күн? (1 қыркүйек)

- Иә, дұрыс, бүгін 1 қыркүйек - Білім күні.

- Білім күні дегенді қалай түсінесіңдер?

- Оқушыға не қажет?

Олай болса, жұмбақ шешейік:

Қабат-қабат ақ тақыр

Беті тегіс жап-жалтыр.

Қабат сайын тізілген

Қатар-қатар жол жатыр. Бұл не?

Із қалдырып үнемі

Тұмсығымен жүреді. Бұл не?

Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады. Бұл не?

Келесі жылы сендер де мектепке барасыңдар, сондықтан оқушыға не қажет екенін кім жақсы білетінін байқап көрейік.

Ойын: «Кім дұрыс және шапшаң жинайды?»

- Балалар, «Білім - теңіз, түбі де, шегі де жоқ» дегенді қалай түсінесіңдер?

- Білім туралы кім мақал-мәтел біледі?

Ән айту. «Мен бақшаға барамын». Т.Тайбеков.

Ән орындамас бұрын алдымен дауысымызды бір қалыпқа келтіріп алуымыз керек. Ән бастар алдында денені тік ұстап, қолды тізеге қойып, дыбыстың дұрыс шығуына жағдай жасау қажет.

Ән жеңіл, көңілді орындалады.

Психологиялық жаттығу: шапалақтың соғуын қайтала.

Музыкалық аспапта ойнау: Қоңырау.

- Қоңырау - сілкіп ойнайтын, ұрмалы музыкалық аспап.

- Қоңырау неден жасалады? Қоңыраудың үні қандай (нәзік, ашық, жіңішке, сыңғырлаған).

- Қоңырау не үшін қажет? Бүгін мектептерде балаларды сыңғырлаған күміс қоңырау алғашқы сабаққа шақырады.

Балалар кезектесіп қоңырауларын сілкіп, үрып, дыбысын тыңдайды.

Барлығы қосылып қоңыраумен «Мен бақшаға барамын» әнін қостайды.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Бүгін қандай ән тыңдадық? Ол әнді шығарған кім? Қандай күн туралы әңгімеледік? Қандай ән орындадық? Қандай музыкалық аспаппен таныстық?

Педагог қоңырауды соғады: «Қоңырау бізге не дейді? Қош келдіңдер! Сыныпқа еніңдер!» - деп шақырады.

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Музыка әлемінде.

Бағдарламалық мазмұны: Музыка өнері туралы түсінік қалыптастыру; музыкалық өнер құпияларымен таныстыру; музыкалық мәдениет бастауын, рухани мәдениет қалыптастыру; бала бойындағы табиғи музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Пайдаланылатын құралдар: үнтаспадағы құстар дауысы, скрипкалық кілт, ноталар, ұзындығы 1,5 м 5 жіп, бор.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: музыкалық жанрлар: ән, күй, би, марш тыңдау, салыстыру, ажырату.

Іс-әрекет кезеңі:

Аңырын, баяу музыка ойнап тұрады.

- Балалар, музыка дегенді қалай түсінесіңдер?

- Дұрыс, музыка адамның көңіл күйін, сезімін баурап алатын ғажайып дыбыс.

Ән тыңдау. Балаларға танымал әндер. «Қайырлы таң». Е. Өміров.

Музыка жетекшісі балаларға танымал деген бірнеше әннен үзінді ойнап, төмендегідей сұрақтар қояды:

- Сендер бұл әнді білесіңдер ме?

- Бұл ән не туралы?

- Ән қандай? Көңілді ме, әлде мұңды ма?

- Музыкалық дыбыстар қандай болады?

- Музыкада жоғары және төмен дыбыстар болады. Ды­быстар жоғарылаған сайын жіңішке, ал төмендегенде жуан болып шығады.

Қандай музыка түрлерін білесіңдер?

- Музыканы жазатын адамды қалай атайды?

- Әннің сөзін жазатын адамды қалай атайды?

- Балалар, сендер санамақ білесіңдер ме? (1-ден 7-ге дейінгі)

Кез келген музыканы, әнді орындау үшін оны түрлі белгілермен қағаз бетіне түсіреді.

Санамақтар сияқты музыкада 7 белгі бар, олар НОТА деп аталады (қайталау).

Тақтада жазылған немесе үлкен форматты қағазға жазыл-ған түрлі түсті ноталарды көрсету.

Скрипка кілті туралы мағлұмат беру.

- Осы музыкалық кілт неше сызықшаның үстінде түр? (5)

- Ал мына белгілер қалай аталады?

- Олар нешеу?

- До - Ре - Ми - Фа - Соль - Ля - Си. (Қайталау).

- Ноталар қалай орналасқан?

- Ойын: Бірінші нота қандай?

Үшінші нота қандай?

Бесінші нота қандай?

Соңғы нота қандай?

Екінші нота қандай? (Хормен қайталау; ойынды біртіндеп күрделендіре ұйымдастыру: қатарынан еденге салынған 5 жіп, сызылған сызықтарға балалар барып, аталған нотаның орнына түру).

Міне қазір ән сабағы

Барлығымыз ән саламыз!

Әнге сәйкес қол соғамыз.

Ән айту. «ДО-РЕ-МИ». Ө. Байділдаев.

Музыкалық аспапта ойнау: 2-3 түрлі балаларға арналған музыкалық аспап. Балалар қалауы бойынша аспапты таңдап, ойнайды.

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Үш би». Би, би түрлері (қазақтың ұлттық, орыс халқының ұлттық билері (плясовая, кадриль, вальс), басқа ұлттар биі, полька, т.б.) туралы мағлұмат беру; балалардың қалауы бойынша би орындау.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Бүгін сабақта не үйрендіңдер? Неше нота? Музыка қалай белгіленеді? Енді сендер ноталарды білесіңдер, үмытпауға тырысыңдар. Келесі сабақтарда осы ноталар арқылы түрлі аспаптарда орындалатын қызықты, адамды еліктіріп, баурап алатын музыкалармен танысып тыңдаймыз. Музыканың құдіреті өте күшті. Таңертең ояна сала, кешке үйықтар алдында жайлы музыка тыңдаса, адам музыкадан нәр алып, жақсы сезімдерге бөленеді.

- Балалар, сендер қандай би түрлерімен таныстыңдар?

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қазақстан — Республикам менің.

Бағдарламалық мазмұны: Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсінік қалыптастыру. Гимн мазмұнын жете түсінуге мүмкіндік жасау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнін, нышандарын қастерлеу, мақтанышпен қабылдау, орындауға баулу. Тыңдаған, орындаған әндерді салыстыра, ажырата білуге жаттықтыру. Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Пайдаланылатын құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері: Қазақстан Республикасы Президентінің ұлықтау рәсімінен, Қазақстан жері, байлығы туралы көрініс; Гимн, Ту, Герб. Қазақстан Республикасының Гимні авторларының портреттері.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі, рәміздер тарихы бойынша алғашқы қарапайым түсінік қалыптастыру.

Іс-әрекет кезеңі:

Ән тыңдау. «Қазақстан Республикасының Гимні».

Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов.

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Бүкіл әлемге Қазақстан елін паш ететін рәміздердің бірі - осы гимн. Гимнді әрбір Қазақстан азаматы жатқа білуі тиіс. Гимн республикамызда болатын мерекелер мен салтанатты жиналыстардың ашылу және жабылу кезеңдерінде орындалады.

Ән айту. «Қазақстан жалауы». Д. Омаров.

Ән айтар алдында дауысты қалыпқа келтіру. Өткен сабақтағы әнді орындап, дауысты жаңа әнді орындауға төселдіру (дайындау). Әнді жалынды, жігерлі орындау керектігін ескерту. Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Айгөлек» әніне би билеу.

Ән арқылы дене мүшелерін би қимылдарына үйрету. Би қимылдарының өмірден, тұрмыстан алынатынын, әрбір қимылдың мән-мағына беретінін балаларға түсіндіру. Қимыл арқылы дене бітімінің әсем, сұлу болып өсетінін ұғындыру.

Психологиялық жаттығу: «Мейірімділік». Балаларды мейірімділікке, достыққа, әдемілікке баулу.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Сонымен бүгінгі сабақта еліміздің қандай ең басты әнмен таныстық? Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер? Сабақ несімен ұнады? Қандай би биледік?

Балаларды мадақтау, сабақты түйіндеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: МАД                                                                             Мерзімі:

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Менің Отаным — Қазақстан.

Бағдарламалық мазмұны: Балалардың музыкалық шығарманы тыңдау, қабылдау, талдау, салыстыру дағдыларын қалыптастыру. Ән салу (дауыс диапазоны) шеберлігін дамыту. Әнді қуанышты, мақтанышпен орындауға төселдіру. Отанға, еліне, туған жеріне сүйіспеншілікке, басқа ұлт өкілдеріне сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу. Би жанрларын ажырата білуге талпындыру. Ән арқылы патриоттық сезімдерін дамыту.

Пайдаланылатын құралдар: Қазақстан елінің, жерінің көріністері, Алматының суреттері, Қазақстан елінде өткен үлкен іс-шаралардан бейнекөріністер. Басқа ұлттар мәдениетінен көріністер.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: Қазақстанның табиғаты, жер байлығы, қорықтары, қалалары туралы әңгімелесу. Басқа ұлттардың мәдениеті, дәстүрі және қол - өнерімен таныстыру.

Жаңылтпаш: Шөлі, көлі, шөбі, төлі, белі бар.

Отан туралы мақал-мәтел сайысы:

Туған жердің күні де ыстық,

Түні де ыстық.

Іс-әрекет кезеңі:

Ән тыңдау. «Отан ортақ үйіміз». Д. Ботбаев.

- Балалар, музыканы тыңдағанда қандай көңіл күйде болдыңдар?

- Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?

- Отан неден басталады?

Отан - отбасынан, туған үйімізден басталады. Отан - туған ауылдан, қаладан басталады.

- Кім Отан туралы мақал-мәтел біледі?

Музыка тыңдай отырып балаларда көтеріңкі көңіл күй қалыптастыру қажет. Музыка барысында өзі тұратын ауыл - қаласының суретін көрсету.

Ән айту. «Ұланы еркін елімнің». Т. Қоңыратбай.

Ән айту ережелерін еске салу. Ән айтылмас бұрын дауысты қалыпқа келтіретін бірнеше жаттығулар жасау. Әнді алдымен музыка жетекшісі орындайды.

- Ән қандай сипатта жазылған?

- Ән орындағанда қандай қалыпта отырдыңдар?

- Біздің елімізде өмір сүретін қандай басқа ұлттарды білесіңдер?

- Достық дегенді қалай түсінесіңдер?

- Өскенде кім болғыларың келеді?

- Отан қорғауға қалай қарайсыңдар?

Ән жігерлі, көңілді, қайратты орындалады.

Әуенді қимыл-қозғалыс.

- Отан ортақ үйіміз» әнінің музыкасына сәйкес қандай би қимылдарын орындауға болады?

«Кел, билейік». Музыкасын жазған Б. Байқадамов. Музыка ырғағына сәйкес аяқ-қолмен үйлесімді қимыл жасауға, әрбір би элементтерін, қимылды нақты, көтеріңкі көңіл күймен орындауға талпындыру.

Музыкалық аспапта ойнау: Әнді ұрмалы аспаптармен сүйемелдеу.

Қорытынды: Балалардың белсенділігін атап өту, марапаттау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Жаса мәңгі, ана тілім.

Бағдарламалық мазмұны: Музыканың екпінін, ырғағын түсіне білуге жаттықтыру. Ана тіліне деген мақтаныш, құрмет сезімдерін қалыптастыру. Ән мазмұны негізінде ана тіліне де­ген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Әнді орындау кезінде дауыс­ты дыбыстарды ашық, дұрыс орындауға үйрету. Вальс би элементтерімен таныстыру, биге деген қызығушылығын арттыру.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: ана тіліне арналған көркемсөз сайысын ұйымдастыру.

Іс-әрекет кезеңі:

- Балалар, біз бүгін «Ана тілі» туралы әңгімелесейік.

- «Ана тілі» дегенді қалай түсінесіңдер?

- Біздің ана тіліміз қай тіл?

- Әрбір халықтың өзінің ұлттық тілі болады. Кім біледі, біздің ұлттық тіліміз қандай тіл?

- Дұрыс айтасыңдар. Біз қазақ деген ұлт болғандықтан, қазақ тілі - біздің ана тіліміз. Тілімізді шұбарламай, басқа тілдің сөзін араластырмай, таза сөйлей білуіміз, ол тілді сүюіміз қажет.

- Ана тілі - біздің бабамыздан қалған тіл.

- Ана тілі - анамыздың әлдиімен құлағымызға сіңген тіл.

Ана тілін білмесең,  Қадірлісің кімге сен?

Ана тілі арқылы  Тарихыммен тілдесем.

Ана тілін білмесең, Қадірлісің кімге сен?

Өз тіліңде ер жетіп, Қол созасың Күнге сен.

Өлеңге қысқаша талдау жасау.

Ән тыңдау. «Ана тілін сүйеміз». К. Дүйсекеев. "

- Ән қандай? (Көңілді, қуанышты)

- Музыканың әуені сендерге ұнады ма?

Ән айту. «Ана тілін сүйемін». И. Нүсіпбаев.

- Әнде не туралы айтылады?

- Музыканың әуені сендерге ұнады ма?

- Сен өз еліңнің нағыз азаматы болу үшін, ана тіліңде таза сөйлеуің қажет. Көп ойлан, жақсы сөйле, сөзің қысқа әрі нұсқа болсын.

Ақын Қадыр Мырза Әли: «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!» — деп өсиет еткен.

Ән айтар алдында дауысты қалыпқа келтіріп алу керек. Әннің сөзін анық, таза айтуға тырысыңдар. Дем алғанда иықты көтермей, ішпен алып, үнемдеп шығар. Сонда ән бүлінбей, таза орындалады.

Әуенді қимыл-қозғалыс.

- Балалар, сендер тыңдаған « Ана тілін сүйеміз», орындаған «Ана тілін сүйемін» әндерінің әуені қандай? Сол әуенге сәйкес қандай би элементтерін, қимыл-қозғалыс жасағанды қалайсыңдар?

«Қазақ вальсі». Л. Хамиди. Үнтаспа.

Вальс - жұптасып билейтін би. Жұптасып, шеңбер бойымен аяқтың ұшымен жүгіру. Мұғалім белгі берген кезде тоқтап, бір-біріне қарсы тұрып, қол ұстасып, бір қадам оңға, бір қадам солға қимыл жасап, тұрған орнында бірге айналу. Қимыл музыка әуеніне сай жасалуын қадағалау.

Музыкалық аспапта ойнау. Ксилофон.

Ксилофонда қазақтың халық әні «Еркем-ай»- дың алғашқы 4 тактісін, келесі сабақта екінші 4 тактісін үйрету. Әнді қосылып айтып отыруға болады.

Музыкалық - дидактикалық ойын. «Біздің ойын».

Ойын ережесін мұқият тыңдап, топтасып, көңілді ойнау.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Ана тілі туралы ұғымдарын бекіту. Ұйымдастырылған іс-әрекет кезеңіне қысқаша тоқталып, қорытынды жасау.

- Бүгін сендерге қандай іс-әрекет кезеңі ұнады? Не туралы ән айттық?

Балаларды мадақтау, марапаттау.

 

 

 

 

 

 

 

 

      Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Отан отбасынан басталады.

Бағдарламалық мазмұны: әнді жеке, қосылып, еркін, көңілді орындауға төселдіру. Ән мәтініне сәйкес үйлесімді қимыл-қозғалыс жасауға талпындыру. Балалардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру.

Пайдаланылатын құралдар: Отбасы мүшелерінің мамандықтары туралы суреттер. «Менің отбасым» атты газет, фотокөрме ұйымдастыру. Отбасы туралы әңгіме, өлең, тақпақ, мақал-мәтел сайысын жариялау.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: Отбасы мүшелерінің суреті, олардың мамандықтары, отбасындағы дәстүрлі мерекелер туралы әңгімелесу. Өлең, тақпақ жаттау, сыйлықтар дайындау. Мақал-мәтел мағынасын түсіндіру жұмысын ұйымдастыру.

Іс-әрекет кезеңі:   Біздің отбасы

Алақаны аялы, Анам бар жаны саялы.

Кешіре білген кінәмді, Әкем бар менің шыдамды.

Шалғы тартқан шалғында, Ағам бар менің алдымда,

Жақсылыққа талпынған Інім бар ерген артымнан.      Б. Кірісбаев

Сен бақытты ұлансың

Анаң - күнің, жүрегің, Әкең - өмір тірегің,

Сен - бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын.

Әжең - асыл ардағың, Атаң - дана қорғаның,

Сен - бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын.

Інің - мөлдір аспаның, Қарындасың - қанатың,

Ел - Отаның жаннатың, Сен - бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.                         М. Қуанышбеков

Ән тыңдау. «Менің Отаным». Ө. Байділдаев.

- Отан деген немене?

- Естеріңе түсіріңдерші, Отан туралы қандай ән тыңдадық және қандай ән орындадың?

- Отан туралы қандай мақал-мәтел, қанатты сөздер білесіңдер?

- Ән қандай қарқында, қандай көңіл күйде орындалған? Ән жігерлі, қайратты, мақтаныш сезімде орындалған.

Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікті бала жастан қалыптастыру қажет.

Отан отбасынан басталады деп бекер айтылмаған. Отбасында бірін-бірі сыйлап, ата-анасын қастерлеген ұл-қыз ержеткенде Отанын сүйетін үлкен жүректі азамат болып өседі.

Ән айту. «Аман болшы, анашым». Т. Зиядин.

«Әрқашан күн сөнбесін». А. Островский.

Әнді айтар алдында әннің сипатын ажыратып, әуеніне мән беріп, таза орындау қажет. Ән айту кезінде дауысты қатты шығармай, бір-бірін тыңдап орындау.

- Ән қандай көңіл күйде жазылған?

- Сендер үшін ең аяулы жан кім?

- «Әрқашан күн сөнбесін» әнін қалай түсінесіңдер?

- Сендер бақытты болуы үшін, өмірлерің жарқын болуы үшін барлың жағдай жасалған. Сендер ержеткенде ата-аналарыңа қамқор болып, елімізді қорғайтын үлкен аза­мат боласыңдар.

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Ақ қайың» биі.

Би өте жай, әсем, созылмалы түрде орындалады. Ақ қайың - сұлу, биік ағаш. Әуеніне аяқтың ұшымен, жұптасып билеуге болады. Қыз балалар қолына қол орамал ұстап, жоғары көтеріп, оңға, солға бұлғап қимыл жасайды.

Музыкалық аспапта ойнау. Халық әні «Жайдарман».

Ырғақпен нықтап ұра білу, бір-бірінен қалыспай, бірге бастап, бірге аяқтап үйрену.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Бүгін қандай ән тыңдадыңдар, қандай ән айттық? Қай іс-әрекет ұнады?

Белсенді балаларды атап өту, марапаттау.

 

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Бүгін қай күн?

Бағдарламалық мазмұны: Музыкалық шығарманың мазмұнын түсіну; музыкалық көркемдік құралдарды (динамика, дыбыстың жоғарылығын), музыкалық жанрды ажырата білуге үйрету; қимылды динамикалық реңкке сәйкес орындауға талпындыру. Имандылық - инабаттылыққа тәрбиелеу.

Пайдаланылатын құралдар: күнтізбеге сәйкес 7 парақ (әр балаға 1 парақ, 1-7 дейін цифр, карточка), түсті қарындаштар, сылдырмақтар, гүлдер, қобыз.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: жұмбақ, тақпақ, өлеңдер арқылы апта күндері, оның аталуы, күнтізбе жүйесі туралы түсінік қалыптастыру.

Отбасындағы дәстүрлер (жұма - қасиетті, киелі күн), демалыс күндерінің өткізілуі туралы әңгімелесу; фотосурет көрмесін ұйымдастыру.

Іс-әрекет кезеңі: Дүйсенбіде - басы ауырып жатты,

Сейсенбіде - іші ауырды қатты,

Сәрсенбіде - аяғы ақсады,     

Бейсенбіде - азу тісі қақсады,

Жұма күні жөтел қысып,

Сенбі күні тобығы тайыпты...

Ал жексенбіде құлан-таза айықты!..

Сонда оның сырқатын

Қалай атау лайықты?

«Кеше, бүгін, ертең, одан арғы күн» ұғымдарын меңгерту.

Ән тыңдау. «Рондо-марш». Д. Кабалевский.

- Бұл музыка қалай аталады?

- Музыка қандай көңіл күйде жазылған?

- Марш музыкасымен қандай қимыл жасауға болады?

- Дұрыс айтасыңдар, бұл музыка әуенімен тізені көтере, қолды сермеп, басты, арқаны тік ұстап, сарбаздар секілді жүру керек. Д. Кабалевский - композитор, балалар туралы көптеген шығармалар, әндер жазған. Жеңіл би музыкаларын, көңілді әндерін өздерің секілді балаларға арнаған.

Ән айту. «Бүгін қай күн?» С. Мұхамеджанов.

- Балалар, кім күн аттарын атап береді?

- Жеті күнді қалай атаймыз?

- Бүгінгі күнді келер күні қалай деп атаймыз, одан кейінгі күнді ше?

- Өткен күнді қалай дейміз?

Балаларға ән арқылы аптадағы жеті күнді атап, кеше, ертең, арғы күні деген ұғымдарды есте сақтап қалу үшін, қайталатып отыру.

- Ән қалай орындалды?

- Сендерге қай күн көбірек ұнайды?

- Ән айтар алдында денені тік ұстап, дыбыстың кедергісіз шығуына жағдай жасайық.

- Дауыс жаттығуын жасап, дауысты қалыпқа келтіріп, өнді айқайламай, бір-бірімізді тыңдап орындайық.

Психологиялық жаттығу: Қимылды есте сақта. Жаңылтпаш ойын: «Ұшты-ұшты».

Әуенді қимыл-қозғалыс. Марш екпінінде қолға жалаушалар ұстап, музыка әуенімен жаттығулар жасау. Қолды екі жаққа жайып, жоғары көтеру. Екі қолды жоғары көтеріп, оңға, солға иілу.

Қолды төменнен жоғарыға қарай біртіндеп көтеріп, ортаға жиналу, кері қарай қимыл жасап, қолды біртіндеп түсіру.

Музыка әуенін қимылмен ұштастыра білуге талпынту.

Музыкалық аспапта ойнау: Сылдырмақ.

Белгілі бір әуеннің ырғағын сылдырмақпен ойнау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Қысқаша күн аттарын атап беріңдер. Бүгінгі іс-әрекеттің қай кезеңі ұнады?

Жақсы, белсенді араласқан балаларды ерекше атап өту;

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Алтын күз.

Бағдарламалық мазмұны: Балалардың музыка, пьесаның, аккомпанемент характерін (баяу, сабырлы, мұңды) сезіну, жанрларды ажырата білу қабілетін дамыту. Сюитаның авторлары туралы түсінік беру.

Әнді табиғи дауыспен, мәнді орындауға жетелеу.

Пайдаланылатын құралдар: күз көріністері, табиғи материалдар (жапырақтар, бүршік, жаңғақ, т.б.)

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: күзгі табиғатты бақылау. Күз суреттері, табиғи заттардан қол еңбегі көрмесін ұйымдастыру.

Жұмбақ, тақпақ жаттау.

Іс-әрекет кезеңі:

Қара суық тұрады

Ызғарлы жел соғады.

Дәу қара құс көрінеді,

Көзінің жасы төгіледі.

Бұл  қай кезде болады?

- Күз айларын атаңдар.

- Күзде ауа райы қандай болады?

- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Жапырағын сыпырады, қайыңды жел тонады,

Қартайған адам сықылды, қайың енді тоңады.

Бұл қай кезде болады?

- Бұл жұмбақта қандай ағаш аталды? Басқа қандай ағаштар болады?

- Құстар мен жануарлар қандай өмір кешеді?

Ән тыңдау. «Бұл қай кезде болады?» Күз. Б. Ерзакович.

- Ән не туралы?

- Ән қалай орындалады?

- Неге сондай мұңлы?

Ән айту. «Күз ырғағы». Д. Ботбаев.

Әнді орындау кезінде музыка ырғағына сәйкес қимыл жа­сау.

Алтын сары, қызыл, көк... Алуан-алуан жапырақ Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап. Әуенді қимыл-қозғалыс. «Жапырақтар биі». М. Раухвергер.

- Балалар, «Күз ырғағы» әнінің музыкасы бойынша күз ырғағын қандай қимылмен бейнелеуге болады?

- Енді түрлі түсті күзгі жапырақтармен билейміз.

Музыкалық - дидактикалық ойын: «Жаңбыр», «Кім тез жинайды?»

Музыкалық аспапта ойнау: Қоңырау.

«Дың-дың» - қоңыраумын,

«Дың-дың» - соғыламын,

«Дың-дың» - қағыламын.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Күз айы нешеу? Алақандарыңды оңға (солға) қарай шапалақтап көрсетіңдер. Күз қандай? Қимылмен көрсетіңдер. (Музыкамен сүйемелдеу).

Есте сақта! Күз тек суық, ызғарлы желімен, жаңбырымен ғана танымал емес. Жомарт күзбен келесі сабақта танысамыз.

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Күз - жомарт.

Бағдарламалық мазмұны: Балалардың музыка жайлы пікір, әсерін байыту.

Жоғары, төмен дыбыстарды ажырата білуін анықтау, үйрету.

Әнді жеке, хормен айтуға жаттықтыру. Биді музыкаға сәйкес бастау, аяқтау, би элементтерін нақышына келтіре орындауға талпындыру.

Пайдаланылатын құралдар: Жемістер, көкөністер, жеміс, көкөніс сатушының киімі.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: Күз сыйлығы ту­ралы әңгімелесу, әңгіме құрастыру. Күз сыйлығының, Гүл көрмесін ұйымдастыру. Іс-әрекет кезеңі:

Жиын-терін болатын,

Қамбаға астық толатын.

Жеміс-жидек теретін,

Бақтың бойын бойлайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Ән тыңдау. «Күз келгенде». Ж. Қалжанова.

- Табиғатта қай уақыттан жаз аяқталып, күз қашан басталады?

- «Күз келгенде» әні қалай орындалды?

- Таудағы күзден қаладағы күздің айырмашылығы қандай деп ойлайсыңдар? (Тауда суық ерте түседі, күз ерте келеді).

Күзгі жаңбырдан басқа тағы қандай жаңбыр жауады? (Жапырақ жаңбыры)

- Жапырақ жаңбыры неліктен болады?

Ән айту. «Күз - жомарт», «Күз ырғағы». Д. Ботбаев.

- Күз адамдарға қандай сыйлық береді?

Қамбаға астық құйылды.

Жеміс-жидек жиылды.

Білеміз біз, Жомарт күз, сыйыңды!

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Қосарланып билеу». Г. Пота­пенко.

Психологиялық жаттығу: «Қош келдіңіздер!»

Музыкалық - дидактикалық ойын: Жұмбақ жасырып, күз сыйлығын сатып ал!

Музыкалық аспапта ойнау: Тайтұяқпен сүйемелдеу. Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Күзді неге «Жомарт күз» деп атайды? «Күз» туралы қандай музыка тыңдап, қандай ән үйрендік? Күз тура­лы қандай халық болжамдарын білесіңдер?

Күз жылы болса, қыс ұзақ болады.

Қыркүйекте күн күркіресе, күз жылы болады.

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ойыншықтар.

Бағдарламалық мазмұны: ән-күйлерді тыңдау, қабылдау, есте сақтау және музыкалық жанрды ажырата білуге үйрету; бейнелі қимылдарды бере білуге талпындыру.

Пайдаланылатын құралдар: түрлі қатты, жұмсақ ойыншықтар.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: «Ойыншықтар дүкеніндегі» ойыншықты сатып алуға арналған түбіртек (онда жұмбақ, тақпақ, өлең, ойыншықтың сипаты, т.б. жазылған); әр ойыншықты қайда, неден, қалай, кім жасайтыны; ойыншықтардың зиянды түрі болатыны туралы түсінік беру. Ойыншықпен ұқыпты ойнау, оны сақтау туралы әңгімелеу.

Жаңылтпаш:        Жуын, жуын, жуынсақ,

Таза бол ар қуыршақ.

Іс-әрекет кезеңі:

Қуыршақпен ойнаймыз

Тыныш, тыныш, балалар,       Уақыт болды тұратын,

Қуыршағым Ақмарал             Ойын-сауық құратын.

Ұйықтап жатыр дамылдап,     Би билейді Ақмарал,

Әнді айтайық ыңылдап:          Қол соғыңдар, балалар

Әлди, әлди, әлди-ай!               Ал, ал, ала, ал!

Е. Өтетілеуұлы

Жұмбақ:

Асты, ұйқыны білмейтін,

Жүгірмейтін, жүрмейтін,

Мұндай бала көрсемші,

Жыламайтын, күлмейтін. Бұл не?

***

Ұшып-қонып тынбайды,

Қанша соқсаң, сынбайды,

Суға салсаң, батпайды,

Түскен жерде жатпайды. Бұл не?

***

Доп, доп, Домалақ демей-ақ,

Қызыл, жасыл, көк. Обал-ақ!

Доп, доп, Қимылдап қол-аяқ, оны біз

Бұдан жүйрік жоқ. Ұрамыз, соғамыз, қуамыз,

Қағамыз, ойынға біз қанамыз.

***

«Бип-бип» — дейді,

«Жол шетінде күт», - дейді.

Көшеде жүруге асыға

Болмайды, болмайды, машина.

***

Басып озып құсты,                  Төбесінде ебелек,

Қанатын қақпай ұшты.           Ұшады өзі керемет.

Бұл не?                                                       Бұл не?

Ән тыңдау. «Ойыншық». F. Жұбанова.

Қуыршақты орындыққа отырғызып қоямыз. Музыканы бәріміз ұқыпты тыңдаймыз. Қуыршақ жылап отырған секілді. Ол неге жылады екен? Қане, бәріміз ойланайықшы? Қуыршақтың да ойнағысы келеді екен. Сендер көп шулаған кезде оның ұйықтағысы келеді екен. Сендермен бірге далада серуендегісі келеді екен. Біздің композитор ағамыз бізден бұрын түсініп, қуыршақтың мұңын музыкаға түсіріпті. Қане, қуыршақты қалдырмай өзімізбен бірге серуенге ала шығып, бірге ойнайық.

Ән айту. «Ойыншықтар». И. Нүсіпбаев.

- Сендерде қандай ойыншықтар бар?

- Олардың есімі бар ма?

- Сендер олармен қалай ойнайсыңдар?

- Ән қандай көңіл күйде жазылған?

- Ойыншықтармен доссыңдар ма?

- Ойыншықтар түрлі-түрлі болады. Олармен қалай болса солай ойнасаңдар, сендерге ренжіп қалады. Орынсыз сындырып, әр жерге лақтыруға болмайды. Ойнап болып орнына қайтадан жинап қойсаңдар, олар сендерге риза болады.

Ән айтар алдында дауысты жаттықтырып, демді үнемдеп алып, жайлап шығарайық. Ән көңілді, ойнақы орындалады.

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Қуыршақпен билейміз». Н. Лы­сенко.

Қолға қуыршақты алып, музыка әуенімен түрлі қимылдар жасау. Музыка әуеніне өзі ғана емес, қуыршақты да ілестіріп, бірге нақты қимылдар жасау.

Психологиялық жаттығу: «Неше дыбыс?»

Музыкалық - дидактикалық ойын: «Ән салған кім?»

Музыканы тыңдай отырып, дауысына қарай ажырату. Балалардың ұқыптылығын, музыкалық есту қабілетін арттыру.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Бүгінгі іс-әрекетімізде қандай музыка тыңдадық? Не туралы? Қуыршақтың қандай қимылдары естеріңде қалды? Әнді кім, не туралы айттық? Сендерге іс-әрекет ұнады ма?

Қысқаша қорытынды, балаларды қолдау, марапаттау.

 

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Өмірің өз қолыңда.

Бағдарламалық мазмұны: Музыканың дыбыс жоғарылығын, таныс әндерді танып, ажырату. Әннің сөзін таза, көңілді, жеңіл орындауға үйрету. Музыка ырғағына қосылып, анық, нық би қимылдарын жасауға дағдыландыру. Ойын арқылы жол жүру ережесін және оны сақтауға үйрету.

Пайдаланылатын құралдар: Түрлі ойыншық машиналар, жол белгілері, қораптан жасалған үй макеті, бағдаршам, жол инспекторы киімі, таяқша.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: Серуенде бағдаршам арқылы өтетін адамдардың жол ережесін сақтауын бақылау. Жол ережесі белгілерімен танысу. Аулада жаяу жүргінші жолын салып, жол ережелері бойынша желілі ойын ұйымдастыру. Төтенше жағдайларға, табиғи апаттарға байланысты (сел, жер сілкіну), өрт қауіпсіздігі, қарапайым қауіпсіздік ережелерімен таныстыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастырып өткізу. «Өзіңе өзің көмектес», «Көмекке кел басқаға» т.с.с. ойын - ермектерді педагог, ата-аналармен бірлестікте ұйымдастырып өткізу.

Іс-әрекет кезеңі:

Жұмбақ:     Үш көзі бар қаз-қатар,

Кезек-кезек ашады.

Үшеуінен байқасам,

Үш түрлі нұр шашады.

Бұл  не?

Бағдаршам

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін:

Тоқта! Сақтан! Жол ашық!

Жүрме жолға таласып.

Қызыл көзін ашқанда

Сынық сүйем баспа алға!

Сары көзін ашқанда

Қарап қалма аспанға!

Жасыл көзін ашқанда

Өте бергін, жасқанба!

Ән тыңдау. «Ана әлдиі». А. Меңжанова.

- Музыканың көңіл күйі қандай?

- Бұл музыка әуеніне не істеуге болады?

Музыка жеңіл, көңілді орындалады. Бұл әуенге секіргің, билегің, асыр салып ойнап, қуанғаннан алақайлап айқайлағың келеді. Музыка арқылы адамның көңіл күйін білуге болады. Бұл ән кейінгі сабақтардың бірінде үйренуге беріледі.

Ән айту. «Бағдаршам». Ғ.Тамендаров.

- Ән не туралы? Ән қалай орындалады?

- Бағдаршам қандай түстерден тұрады?

- Қай түс не айтады?

Ән айтар алдында кеудені тік ұстап, дауысымызға жаттығу жасайық. Ән көңілді, жылдам орындалады. Ән сақтануды, жолда абай болуды ескертіп түр. Әркез жол ережелерін бұзбай, жол айырығында бағдаршамның көмегімен өткен дұрыс.

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Жалаушамен би». Қазақтың халық әнін өңдеген Е. Брусиловский.

Көңілді музыка әуенімен, қол ұстасып, шармен, жалаумен нық қимылдар жасауға талпыну, жұптасып билеуге дағдылану.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Бағдаршам не үшін керек? Жаяу жолаушылардың жолы қалай белгіленеді? Жаяу жолаушыларға тағы арнайы жасалған қандай жол бар? (Жерасты жолы).

Жол жүру Ережелерін ұмытпай, қатаң сақтаңдар!

 

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Әдепті бол, балақай.

Бағдарламалық мазмұны: Музыкалық дыбыстардың жоғарылығы мен ұзақтығын сезіне, ажырата білу. Әнді табиғи дауыспен, мәнерлі орындау шеберлігін дамыту. Басқа ұлттар билерін, қазіргі би ырғақтарын еркін билеуге дағдыландыру. Жол жүру ережесімен, бағдаршаммен таныстыру. Жол жүру ережесін сақтауға үйрету.

Пайдаланылатын құралдар: Әдептілік әліппесінен көріністер.

«Жақсы деген немене, жаман деген немене» тақырыптарынан суреттер.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс:

- Ас алдында, астан соң не айту керек?

- Балабақшаға, мектепке кеткелі жатқан кезде не ай-тасың?

- Түнгі ұйқыға жатар алдында отбасы мүшелеріне не айтасың?

- Таңертең тұрғанда қандай сөз айтар едің?

- Көшеде кезіккен адамдарға не айтар едің?

- Автобуста, көлікте үлкен адамдар түрегеліп тұрса, не істер едің?

- «Өнегелі, өнерлі балалар клубын» ұйымдастыру.

Іс-әрекет кезеңі:

- Балалар, «Сәлем - сөздің анасы», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» дегенді қалай түсінесіңдер?

Өзіңді тану

Жақсы болу - өзіңнен,

Жаман болу - өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден,

«Мен қандаймын?» деп ойла.

Өзіңді-өзің қолыңа ал,

Өзіңсің ақыл айнасы.

Тиеді саған мәні бар,

«Өзіңді тану» пайдасы.

Ән тыңдау. «Үш көңіл күй». Т. Левкодимова.

- Балалар, музыкада түрлі көңіл күй болады. Қалай ойлайсыңдар, олар қандай музыка болуы мүмкін? «Мұңды» әуеніне қарай қалай орындалады? (мәнерлі, асықпай); «Баяу» - баяу, шырқап; «Көңілді» - шапшаң, көтеріңкі, көңілді.

Ән айту. «Балдырғандар әні». Ш. Қалдаяқов.

«Той жыры». Ә. Бейсеуов.

- Бұл әнде не туралы айтылады? Ән қалай орындалады? Ән неге «Балдырғандар әні» деп аталады?

- Елін сүйген, ержүрек, құрметтеуге тұрарлық адам болып өсу үшін не істеу керек?

«Той жыры» әнінде не туралы айтылады?

- Ән қалай орындалады?

- Осы әннен қандай эсер алдыңдар, не үйрендіңдер? «Сәлеметсіз бе!», «Ассалаумағаликум!» деп сәлем беру; «Қайырлы таң!», «Қайырлы күн!», «Қайырлы түн!», «Сау болыңыз!» деген тілектер алтын ережелердің бірі болып табылады.

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Сәлемдесу - қоштасу».

Қазіргі би ырғақтары. Биді еркін, көңіл күйді бере билеуге талпындыру.

Өздігінен би қимылын музыкаға сәйкес бастау, аяқтау; Бір-біріне қарсы жүріп, кездескенде - бас иіп сәлем беру; Бір-бірінен алшақтап, артқа қарай жылжыған сәтте, қоштасып қол бұлғау.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Балалар, адамның әдептілігін неден байқауға болады? Үлкендерге сәлем беру адамгершілік, инабаттылық белгісі. Айналандағы адамдарды, үлкендерді, өзіңнен кішілерді жәбірлеуге, өкпелетуге болмайды. Кешірімді бол. Өзіңнің қателескеніңді білсең, кешірім сұрау керек.

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қыс келді.

Бағдарламалық мазмұны: Әуен сазынан қыс көріністерін естіп білуге, оны қимыл-қозғалыспен бейнелей білуге үйрету. Көңілді әнді әсерлі етіп айтуға дағдыландыру. Музыка үнімен жануарлардың, аңдардың қимыл-қозғалыстарын көрсетуге төселдіру. Әннің ырғағын сақтап, еркін орындауға баулу. Балалардың байқампаздық қабілеттерін дамыту.

Пайдаланылатын құралдар: қыс туралы суреттер, қар, түрлі түсті таспалар, ұлпа қарлардың басқа киетін тәждері.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: Серуен кезінде бақылау жасап, табиғаттағы өзгерістер туралы талдау жүргізу. Құстардың қысқы өмірін әңгімелеу, қамқорлық жасауға үйрету.

Іс-әрекет кезеңі:

Шаңғы-шана сайла,

Конькиіңді байла.

Думандатып ойна,

Қыс қызығын тойла.

Ән тыңдау. «Бұл қай кезде болады?» Қыс. Б. Ерзакович.

«Қыс қызығы». И. Нүсіпбаев.

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс несімен ұнайды?

- Қыста қандай мерекені тойлаймыз?

- Тыңдаған музыка қалай орындалды?

Ән айту. «Ақша қар». К. Қуатбаев.

Жұмбақ:     Аппақ-аппақ көбелек,

Жерге қонар себелеп,

Ақ жұлдызша жылтылдап,

Ұстатпайды не керек. Бұл не?

- Қыста көбелек бола ма?

- Онда көбелек деп не айтылады?

Тәрбиеші қармен тәжірибе көрсетеді:

Жұмбақ:

Жалт-жұлт етеді,

Ұстасаң еріп кетеді.

- Қыс мезгілінде қандай түс басым келеді?

- Қыста айналаны не басады?

- Жер қандай көрпе жамылады?

- Ақша қар деген не?

- Ақша қар қандай болады?

Ән айтар алдында ережені есте сақтап, дыбысты таза айтуға үйреніңдер. Ән орташа екпінде, жеңіл, көңілді орын­далады.

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Өз түсіңді тап», «Ұлпақарлар биі».

1. Биді түсті таспалармен орындайды (ақ түсті таспалар көбірек болуы керек). Қолдарына жылтырақ қағаз ұстайды.

2. Аяқтың ұшымен жеңіл жүгіріп, шеңбер бойымен ортаға жиналып, кері қайтып, тұрған орындарында айналады. Ортаға жиналғанда қолды жоғары көтеріп, кейін қайтқанда қолды түсіреді. Айналғанда қолды екі жаққа жаяды.

Музыкалық аспапта ойнау. Қазақтың халық әні «Сәулем-ай». Ұрмалы аспаптармен әуенге қосылып, бір кезде бастап, ырғақты дұрыс ұстау. Жетекшінің қимылын бақылау, бірдей бастау, аяқтау.

Қорытынды: Сонымен бүгін жылдың қай мезгілін әңгімеледік? Қандай ән тыңдадық? Ән сендерге ұнады ма? Қыс туралы қандай тақпақ, жұмбақ, халық болжамдарын білесіңдер?

- Қыс қарлы болса, жаңбырлы болады.

- Қыста терезе терлесе, аяз болады.

- Мысық жылы жерді паналаса, аяз болады.

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Астана—Бәйтерек.

Бағдарламалық мазмұны: Тәуелсіз Қазақстан, Астана, Бәйтерек туралы мағлұмат беру, түсініктерін дамыту, бекіту. Әнді қуанышты, екпіндете, жігермен орындауға төселдіру. Отанға, оның көз тартарлық жерлеріне деген қызығушылық, мақтаныш, құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Пайдаланылатын құралдар: Астана қаласының, «Бәйтерек» құрылысының көріністері.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: Астана қаласының тарихы туралы, көрнекті жерлері, өсем ғимараттары ту­ралы түсінік беру.

Іс-әрекет кезеңі.

Астана қаласы бойынша саяхат (аудио, видео).

Ән тыңдау. «Қызылқұмда ауылым», «Астана». Үнтаспа.

- Астана туралы не білесіңдер?

- Астана қаласы бұрын қалай аталды?

- Астананың қандай көрікті орындарын білесіңдер?

- «Бәйтерек» туралы не білесіңдер?

- «Бәйтеректің» төбесінде не бар?

Әнде Астананың керемет келбетіне деген сүйіспеншілік бар. Астана - жас болса да бас қаламыз, мақтанышымыз. Есіл өзені бойында орналасқан әсем қалаға қарасаң көз тоймайды.

Ән айту. «Бәйтерек». Музыкасын жазған Б. Әлімжан.

Бәйтерек - өмір ағашы. Салмағы 300 тонна болатын шар хамелеон шыныдан жасалған. Күн сәулесінің түсуіне қарай түсін өзгертіп тұрады.

- Ән қандай көңіл күйде жазылған?

- Ән сендерге неге ұнады?

Ән айтар алдында денені тік ұстап, қолды екі тізеге қойып, дауысты жаттықтырамыз. Әнді айтқанда иықты көтермей, терең дем алып, демді біртіндеп жіберу керек. Өткен әндерді қайталау.

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Шарлармен би».

Би қимылдарын жасағанда әркез денені тік ұстап, жеңіл қимыл жасауға дағдылану қажет. Музыка әуенімен шарды жоғары көтеріп, оңға, солға иілу және шарды жоғары ұстап, аяқтың ұшымен шеңбер бойымен жеңіл жүгіру. Балаларды би қимылдары арқылы әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу.

Психологиялық жаттығу: «Қандай қалып?»

Музыкалық - дидактикалық ойын: «Өз жұбыңды тап».

Музыка әуенімен балалар музыка залын айнала жүгіреді. Музыка аяқталысымен, дереу жұбын тауып тұрады. Жұбынан адасып қалғандар өз айыбын өнер арқылы өтейді.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Біз сендермен Астана, оның көрікті орындары, Бәйтерек туралы әңгімелесіп, ол туралы ән айтып, музыка тыңдадық. Бүгінгі іс - әрекетіміздің қай кезеңі сендерге ұнады? Ойын ұнады ма?

Музыкалық аспапта ойнау: «Біздің оркестр». Ж. Тұрсынбаев.

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан.

Бағдарламалық мазмұны: Әннің орындалуын (жылдамдата, екпінмен, ойнақы), музыкалық жанрды ажыра­та білу қабілеттерін дамыту. Әуенді қимыл-қозғалыста музыканың басталуын, аяқталуын ести жөне анықтай білуге дағдыландыру. Тәуелсіз Қазақстан туралы түсініктерін да­мыту, бекіту. Тәуелсіз елін, жерін мақтан тұтуға, патриоттың сезімге тәрбиелеу.

Пайдаланылатын құралдар: Қазақстан Республикасының картасы, рәміздері, Астана, Алматы қалаларының суреттері. Желтоқсан оқиғасы қайраткерлерінің суреті.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: Қазақстан Республикасының картасы, рәміздері, Астана, Алматы қалалары, басқа да ірі қалалармен таныстыру. «Желтоқсан оқиғасы» ту­ралы түсінік қалыптастыру. «Желтоқсан» ескерткішіне гүл шоғын қою.

Іс-әрекет кезеңі.

Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін қазақ жастары 1986 жылы 16 желтоқсанда көтеріліске шықты.

Ән тыңдау. «Желтоқсан желі». Ә.Тінәлиев. Үнтаспа.

Ән ызғарлы, қайғылы, көңілсіз. Суық жел денеңді тоңдырып жіберетіндей.

- Әнді тыңдағанда қандай әсерде болдыңдар?

- Ән қандай көңіл күйде орындалды?

- Желтоқсан оқиғасы туралы не білесіңдер?

- Алматыда Тәуелсіздік монументі қай жерде орналасқан? Көргендерің бар ма?

Ән айту. «Тәуелсіз Қазақстан». Ә. Бейсеуов. Ән айтар алдында ережелерді еске түсіріп, дауысты қалыпты жағдайға келтіру.

- Ән не туралы?

- Әнді тыңдағанда қандай көңіл күйде болдыңдар?

Ән марш екпінінде орындалған. Әнді орындау барысында Отанға, туған елге деген мақтаныш, жігер, қайрат сезімі туындайды.

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Батырлар биі».

Биді көбіне ер балалар орындайды. Қалқанмен, қамшымен түрлі қимылдар жасайды. Қалқанмен қорғанып, ат шабысын бейнелеп, би элементтерін жасау.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Тәуелсіздік, Тәуелсіз Қазақстан туралы не түсіндіңдер? Тәуелсіздік туралы қандай іс-әрекеттер жасадық (өн айтып, тәуелсіздік туралы әңгіме айттық). Тәуелсіздіктің арқасында ана тілімізді сақтап қалдық. Бүгінгі іс-әрекетіміз сендерге ұнады ма?

Балаларды қолдау, марапаттау.

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ғажап қала — Алматы.

Бағдарламалық мазмұны: Ән-күйді тыңдау сәтінде есту, есте сақтау, әсерлену қабілеттерін дамыту. Әннің мазмұны арқылы Алматы қаласына деген сүйіспеншілік, құрмет, мақтаныш сезімдерін қалыптастыру.

Пайдаланылатын құралдар: Алматы қаласы бойынша саяхат (аудио, видео, Республика алаңы, Әлия мен Мәншүк, Бауыржан Момышұлы ескерткіштерінің суреттері).

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: Желтоқсан оқиғасы, «Желтоқсан оқиғасына - 20 жыл» туралы түсінік беру; «Тәуелсіздік» монументіне, Республика алаңына, Алматы қаласы бойынша музейлерге экскурсия ұйымдастыру. Алтын адам туралы түсінік қалыптастыру. Республика сарайы, театрлар, цирк, Медеу мұзайдынының суреттері.

Іс-әрекет кезеңі:

- Алматы қандай қала?

- Алматы қаласын неліктен «Алматы» деп атаған?

- Алматы қаласындағы қандай ескерткіштерді білесіңдер?

- Ескерткіш кімдерге арналған?

Ән тыңдау. «Алматы». Е. Хасанғалиев.

- Ән не туралы?

- Ән қалай орындалды?

Алматы, сұлулықтың төркінісің, Ән шырқаймын бір сенің көркің үшін, Бар табиғат табынып бір өзіңе, Сенен алып тұрғандай жер тынысын.

М. Жылқайдаров

Ән айту. «Ғажап қала — Алматы». Ә. Бейсеуов.

- Алматы қандай қала?

- Алматы қандай жемісімен әлемге танылған?

- Ән қандай көңіл күйде жазылған?

- Алматының қандай көрікті жерлерін білесіңдер?

Ән көңілді, жеңіл орындалады. Ән орындау барысында туған қалаға деген сүйіспеншілік қалыптасады.

Ән айтар алдындағы ережелерді ұмытпау, дауысты жаттықтырып алу.

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Қамажай». Қазақтың халық әні.

Шеңбер бойымен аяқты шалыс басып жүру. Қолды буыннан бұрап, әдемі қимылдар жасау. Жүн сабау, ұршық иіру, киіз басу секілді қимылдарды би элементтеріне енгізіп, музы­ка әуенімен қимыл жасау.

Би қимылдары арқылы әсемдікке, әдемілікке, сұлулыққа баулу. Қазақтың ескі әдет-ғүрыптарынан мәлімет беру.

Музыкалық - дидактикалық ойын: «Музыкалы сандықша».

Ғажайып сандықшаның ішін ашып, берілген тапсырмаларды орындау. Ән айту, би билеу, түрлі өтілген материалдар бойынша сұрақ дайындап, жауабын айтқызу. Балалардың ой-өрісін кеңейту.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Бүгінгі іс-әрекетімізді қорытындылау. Алма­ты туралы, тәуелсіздік туралы, батыр апалар туралы материалдарды еске түсіріп, қорытындылау.

Сабаққа белсенді араласқан балаларды ерекше атап өту.

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Жаңа жыл.

Бағдарламалық мазмұны: Музыканың сипатын, көңіл күйін бере орындау. Қимыл-қозғалысты кіріспеден кейін бастау, музыкаға сәйкес бейнелі, ырғақтық қимыл жасауға үйрету. Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.

Пайдаланылатын құралдар: түрлі кейіпкерлер киімдері, маскалары, суреттер; әр кейіпкерге қажетті заттар.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: қыс, жаңа жыл туралы түсініктерін кеңейту, бекіту. Өлең, тақпақтар жаттау; шырша ойыншықтарын, сыйлықтар жасау.

Би биледің, жыр жырладың,

Қызығына тоймадың.

Достарыңмен ойнадың,

Жаңа жылды тойладың.

Бұл  қай ай?

Жаңа жылда, жылды ертіп келетін,

Аппақ сақал, қарлы тымаң

Ойынға сән беретін.

Ол кім?

Іс-әрекет кезеңі:

Ән тыңдау. «Жаңа жыл». Қ. Шілдебаев.

- Қыста қандай құбылыстар болады?

- Қыс несімен ұнайды?

- Қыста жауын-шашынның қай түрі жауады?

- Кім қыс туралы мақал-мәтел, тақпақ біледі?

Айнала аппақ қарға малынған, түрлі шаңғы, шана, конькимен сырғанаймыз. Қыс өте көңілді ай. Бірақ жылы киім кимесек, тоңып қаламыз.

- Тыңдаған әніміз қандай көңіл күйде, көңілді ме, әлде көңілсіз бе?

Ән айту. «Аязата». Ө. Байділдаев.

- Ән бастамас бұрын бойымызды тік ұстап, әнді әдемі айту үшін дауысқа бірнеше жаттығу жасап, дауысымызды ашып алайық. Өткенде айтқан әндерімізді еске түсіріп, қайталайық.

«Жаңа жыл» әнін жетекшімен бірге орындау. Ән мазмұнына талдау жасап, жұмбақ жасыру:

- Аязата қандай мерекеде келеді?

- Балаларға не әкеледі?

- Аязатаның түр-түсі, сақалы, киімі қандай болады? Әнді дұрыс айтуға, демді бөлмей шығаруға үйрету керек.

Араларында әнді жақсы орындаған балаларды мадақтап, ерекшелеп атап отыру керек.

Психологиялық жаттығу: Саусақтар жарысы.

Әрбір саусақтың атын үйретіп, әр саусақты қимылға келтіріп отыру қажет.

Әуенді қимыл-қозғалыс.

- «Қыс қызығы», «Аязата» әнінің музыкасына сәйкес қандай би билеуге болады? Келіңдер, билеп көрейік.

«Ұлпақарлар биі». Қимыл жасамас бұрын ұлпақарлар қандай болатынын суреттеу. Жеңіл, аппақ, үлпілдек, т.б. Қимыл жасау кезінде өте жеңіл, аяқтың ұшымен, әсем жасауға дағдыландыру.

Музыкалық - дидактикалық ойын: «Көңілді аспаптар».

Музыкалық аспаптарда жеңіл музыка әуенін орындап, соны балаларға қайталату.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Сонымен, бүгін сендермен қандай музыка тыңдадық? Кім туралы ән үйрендік? Ән сендерге ұнады ма?

- Балалар, бүгін сабақта өте белсенді жұмыс жасадыңдар. Ән айту кезінде бір-біріне үйлесіп, әнді жақсы орындадыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Даярлық топ: 20.12

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қысқы ойын қызықты.

Бағдарламалық мазмұны: Музыкадағы дыбыс жоғарылығын, ырғақтың мәнерлілігін түсіне, ажырата білуге тал­пындыру. Әннің ырғағын сақтап, қозғалыстарын бере білуге үйрету.

Пайдаланылатын құралдар: Қар адам бейнесін жасау үшін түрлі көлемде мақтадан жасалған түйіршіктер, түйме, т.б. қысқы ойынға қатысты ойын құралдарының суреті; металло­фон.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: қыс, қысқы ойын туралы әңгімелеу; жұмбақ жасыру, тақпақ, өлең жаттау.

Жұмбақ:

Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады. Ол не?

Ән тыңдау. «Бұл қай кезде болады?» Қыс. Б. Ерзакович. Үнтаспа.

- Айнала аппақ қар, балалар қардан аққала жасап қойған, шанамен мұзда сырғанақ тебеміз, аяғымызға шаңғы байлап, шаңғымен сырғанаймыз - мұның бәрі жылдың қай мезгілінде болады?

- Қыс қандай ерекшеліктерімен ұнайды?-

- Міне, біздің бүгінгі тыңдаған әніміз осы қыс туралы.

Сұрақ-жауап арқылы балалардың ой-өрісін кеңейтіп отыру қажет.

Ән айту. «Как на тоненький ледок». Орыстың халық әні. Ән айтар алдында дауысты ретке келтіру жаттығуларын орындау.

- Өткен сабақта «Қыс» туралы қандай әнді тыңдадық?

- Әнде қандай құбылыстар бейнеленген?

- Ойнайтын қандай музыкалық құралдарды білесіңдер?

- Ән қандай көңіл күйде жазылған?

- Ән қалай шырқалады? (Өте көңілді).

- Қандай қысқы ойын түрлерін білесіңдер?

- Қысқы ойын туралы қандай жұмбақ білесіңдер?

Жұмбақ:

Жаздай тынығады,

Қыста зымырайды. (Шана)

Ақ қарда мен тұрмадым

Қос тақтаймен зырладым. (Шаңгы)

- Автор өздерің секілді көңілді балалардың далада шуласып, қар лақтырысып жатқандарын ән арқылы беріп отыр.

Жұмбақ:

Көлге жапқан қақпақ,

Сіресіп түр, Қатты-ақ. Бұл не?

Қыс кезінде судың бетіне мұз қатады.

Мұздың үстін не жауып тұрады?

Дұрыс, мұзды қар жауып тұрады, сондықтан мұздың қалың, қатты екенін білу мүмкін емес. Ол мұздың үстінен жүру, коньки тебу өте қатерлі. Сондықтан өмір қауіпсіздігін сақтау үшін мұзда тек ересек адамдармен, ата-аналарыңмен бірге жүріп ойнаңдар.

Әуенді қимыл-қозғалыс. Қазіргі би ырғағы.

Көңілді жаңаша ән арқылы балаларға еркін би ырғақтарын үйрету. Балаларға қимыл-қозғалыспен қатар көтеріңкі көңіл күй сыйлау. Жаңашылдыққа көңіл аудару.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Сонымен, бүгін қандай ән тыңдадық, қандай ән үйрендік. Сабақ сендерге ұнады ма? Несімен ұнады? Қыс несімен қызықты?

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қорқыт ата.

Бағдарламалық мазмұны: Халқымыз қадір тұтып, атын аңызға айналдырған Қорқыт бабамыздың өмірі туралы түсінік қалыптастыру. Балалардың сөйлеу мәдениетін дамыту. Қорқыт атаның өсиет, нақыл сөздері, бата-тілектері арқылы балаларды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Пайдаланылатын құралдар: Қорқыт атаның суреттері, Қорқыт ата кітабы, буклет, қобыз, ақыл-өсиет, мақал-мәтел, нақыл, шешендік сөздер, үнтаспа.

Іс-әрекет кезеңі:

Қорқыт ата - қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі мәңгі ұмытылмас ірі тұлға, ұлы өнерпаз, атақты ақын, асқан күйші, түңғыш қобызды жасап шығарған адам. Қорқыттың күйі мен қобызын халқымыз бүгінгі күнге дейін қастерлеп, сақтап келе жатыр.

Қарақожаұлы Қорқыт қазіргі Қызылорда облысы Қар­мақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағасында 8-9 ғасырларда өмір сүрген. Қорқыт ата - ақын, жырау, композитор, күйші адам болған.

Қорқыттың шешесі тоғыз күн қатты толғатып, нәрестені ерекше бір қорқынышты жағдайда дүниеге әкелген. Сырдарияның жағасын қара тұман бұлт басып, үш күнге дейін күн көзі ашылмайды. Қара түнектен қорыққан жұрт жаңа туған баланың атын «Қорқыт» деп қойған.

Қорқыт атаның қобызы күй төгіп, өмір жырын толғап тұрғанда, оған ажал батып келе алмаған. Содан бері қобызды халқымыз киелі санайды.

Ән тыңдау. «Желмая». Қорқыт. Үнтаспа.

«Қобыз - абыз». Р. Тайманов (келесі сабақта жалғасады).

Қорқыт ата қобыз тартқанда жел тынып, су ағысын тоқтатып, жан-жануарлар ұйып тыңдаған екен. Қорқыттың жақсы көретін түйесі - желмаясына арнап шығарған күйі.

Ән айту. «Туған ел». Ө. Байділдаев.

- Әнде не туралы айтылған?

- Сендер туған жерлеріңді қалай сүйесіңдер?

- Әнде туған жер туралы қандай тілектер айтылып отыр?

- Ән айтар алдында дауысты жаттықтырып алуды үмыт-пайық. Денені тік ұстап, демді дұрыс алып, үнемдеп шығарып үйренейік.

Ән өте сабырлы, әсем орындалады. Музыкалық аспаппен таныстыру: Қобыз. Қобыз аспабын ойлап тапқан, жасаған Қорқыт ата. Қалай жасағаны туралы Қорқыт ата өзі былай деген екен:

Қарағайдың түбінен

Қайырып алған қобызым.

Үйеңкінің түбінен

Үйіріп алған қобызым.

Ақ қайыңның безінен

Қағып алған қобызым.

Өзегінен қара емен

Ойып алған қобызым.

Қыл құйрығын тұлпардың

Ішек қылған қобызым.

Ақ ырғайын қиянның

Құлақ қылған қобызым.

Ортекенің терісін

Сауыт қылған қобызым.

Ақ түйенің сүтімен

Сылап алған қобызым.

Сырыңды ашып, үніңді

Сынап алған, қобызым. Міне, Қорқыт атамыз ойлап тапқан аспабы осы - қобыз.

Музыкалық - дидактикалық ойын: «Қандай аспап?» А. Меңжанова.

Қорытынды: Қорқыт кім? Ол қандай аспап ойлап тапты? Қобызды қандай ағаштардан жасаған? Аспаптың үні қандай? Қобыздың үні әдемі, сазды болу үшін тағы не пайдаланған? Қобыздың мықты болуы, оны жауын-шашыннан қорғау, сақтау үшін нені пайдаланған? Бүгінгі іс-әрекеттен сендерге не ұнады?

Ойын: Қобызды бір-біріне бере отырып, Қорқыт атаның нақыл сөздерін айту.

Қорқыт атаның нақыл сөздері:

- Самай шашы ағарған баба көрікті.

- Ақ сүтіне тойғыза - тойғыза емізген ана көрікті.

- Қыз анадан көрмейінше, іс түзелмес.

- Ұл - атаның ері, екі көзінің бірі.

- Дәулетті ұлың болса, ошағыңның қоры болар.

- Өнегелі бала көрікті.

- Ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес.

- Ескі қамыс біз болмас.

- Ата малынан не пайда, баста дәулет болмаса.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Іс-әрекетті қорытындылау. Қорқыт ата, оның өмірі, қобыз туралы түсініктерін бекіту. Балаларды өз ойларын айтуға, жеткізе білуге талпындыру, қолдау.

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Бесік жыры.

Бағдарламалық мазмұны: Музыканы эмоциялық қабылдау қабілеттерін дамыту; балалардың тембрлік қабылдауын қалыптастыру; ұзақ және қысқа дыбыстарды ажырата білуге жаттықтыру.

Пайдаланылатын құралдар: бесік, қуыршақ, тұмар, бесік жабдықтары.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: қазақтың ұлттық рәсімдері туралы әңгімелеу. Бесікті аластау рәсімін сахналау.

Іс-әрекет кезеңі:

Жұмбақ:     Ғажап екен кіп-кішкентай

Сәнді үй.

Ішінде ұйықтап жатыр

Балқып әлди.

Бұл  не?

Бесікке бөлеу

Мойнымдағы тұмарым,

Тарқамайтын құмарым.

Тағдыр берген алсын деп,

Ақ бесікке салсын деп.

Мойнымдағы маржаным,

Қорадағы мал-жаным.

Бесігіңе жата ғой

Тәтті ұйқыға бата ғой.

Ұйықта, ботам

Қос танауы пысылдап,

Добын қолға қысып ап,

Ұйықтап жатыр бөпешім.

Жұмыскердей пысық нақ!

Ұйықта, ботам, жалықпа,

Жайлы, тыныш қалыпта,

«Ұйқы жанды сергітер»

Деген сөз бар халықта.

Өсіп кетесің

Бөпем, төсек жайлы ма?

Ішкен асың майлы ма?

«Ас - адамның арқауы»,

Тәбетіңнен айныма.

Әлі-ақ өсіп кетесің,

Мақсатыңа жетесің.

Отан үшін, ел үшін

Адал еңбек етесің!

F. Өкеев

Ән тыңдау. «Бесік жыры». С. Ақжігітов.

- Бесікке кімді жатқызады?

- Бесік жырын кім орындайды?

- Ән қалай орындалады?

Бесікке жас сәбиді бөлейді. Ұйқысы тыныш болуы үшін, әрі тоңып қалмауы үшін бесікке салады. Бесікті тербетіп отырып анасы салатын әнді «Бесік жыры» дейді.

- Ән сендерге ұнады ма?

Ән айту. «Ана әлдиі». А. Меңжанова.

- Балалар, әлемдегі ең қымбат, аяулы адам кім?

- Аналарың сендерді қалай еркелетеді?

- Ана сәбиін қалай тербетеді? Әнге қосыла отырып біз де сәбиді тербетейік.

- Әнді орындағанда аналарыңды еске алып, жылы сезіммен орындау керек.

- Ән айту кезінде сүйемелдеуші аспапты ұқыпты тыңдап, бір-біріңе үндесе қосылып айтуды ескеріңдер.

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Айжан қыз». Құрманғазы. Үнтаспа.

Қазақ халқының би элементтерін кеңінен қолдану (қолдың басын бұрау, жан-жаққа, алға, артқа қарай музыкаға сәйкес иілуді орындау).

Психологиялық жаттығу: «Көлеңке».

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Бүгін қандай музыка тыңдадық? Ол музы­ка қалай орындалады? Әні сендерге ұнады ма? Сәбиді бесікке бөлер алдында әжелер бесікті аластайды. Қалай ойлайсыңдар, ол рәсім не үшін жасалады?

Сабақ соңында балаларды мадақтау, белсенділік танытқан балаларды ерекшелеп атап өту.

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Үй жануарлары.

Бағдарламалық мазмұны: Музыкадағы бейнелердің дауысын тану, ажырата білу, қимыл-қозғалысын бейнелей білу қабілеттерін дамыту. Балаларды интервалды ажыратуға жаттықтыру. Төрт түлікке деген қызығушылық, сүйіспеншілік, қамқоршылыққа тәрбиелеу.

Пайдаланылатын құралдар: Ойыншықтар - төрт түлік, олардың төлдері; бейнелеу өнеріне қажетті құрал-жабдықтар.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: Төрт түлік тура­лы әңгімелесу, суреттер жинау; ана, әжелердің балаларды «төлдерге ұқсас теңеулермен» атауы, төрт түлік туралы мақал-мәтел, жұмбақ, тыйым сөздер сайысын; «Менің сүйікті жануарым» (сурет, мүсін) көрмесін ұйымдастыру.

Халық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», т.б. өткізу.

Мақал-мәтел:

• Түйе - байлық, жылқы - міністік, сиыр - ақтық, қой - мырзалық.

• Жылқы - малдың патшасы, Түйе - малдың қасқасы.

Жаңылтпаш: Ақ тай ақ па?

Қара тай ақ па?

Қай тай лақтай,

Қай лақ тайлақтай.

Іс-әрекет кезеңі:

- Балалар, мен сендерге ұйқасты өлең оқып берейін, бірақ ол өлеңнің соңғы жолы, сөзі жоқ, мұқият тыңдап сол жоқ сөздерді ойлап тауып, маған көмектесулеріңді сұраймын.

Ащыдан басқа жемейтін,                  Жеткізбейтін жарыссаң,

Ыстық шөлде отаны,                        Майда жұмсақ тұлымы.

Шөлдесе су демейтін                        Естілер дауысы алыстан.

Кім біледі... (ботаны)                        Кім біледі ... (құлынды)

Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,

Мінсең — қанат, сүті - дәрі,

Еті тамақ. Бұл не? ... (жылқы)

- Енді осы төлдердің қимылын көрсетіңдерші (музыкамен сүйемелдеу).

Ән тыңдау. «Керуен». К. Дүйсекеев. Үнтаспа. «Күшігім». С.Түрғынбеков.

- Керуен деген не?

- Алыс жолға шыққанда, жүктерді тасу үшін көп түйе, жылқы малынан керуен құрып жүрген.

- Ән қандай көңіл күйде жазылған?

Ән айту. «Төлдер». Б. Ғизатов. «Ақтайлақ». Ә. Еспаев.

- Қошақан қандай малдың төлі?

- Құлыншақ қай малдың төлі?

- Сендерге қай малдың төлі көбірек ұнайды?

- Ән қандай көңіл күйде жазылған?

- Тағы қандай малдың төлін білесіңдер?

- Ән айтар алдында ережелерді естен шығармай, дауыс жаттығуын жасайың.

Ән орындау кезінде әннің сөзін анық айтуға дағдыланыңдар. Әнді көңілді, әуенін дұрыс айтуға машықтанғандарың дұрыс.

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Боталардың желісі». Б. Құсайынов.

Балаларды музыка әуеніне сәйкес боталар басқа да төлдер қимылын дәл бере білуге, орындауға талпындыру.

Музыкалық - дидактикалық ойындар: «Әнді 2-3 дыбыстан таны».

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Неліктен төрт түлік деп атаймыз? Бүгін қандай төлдерді атадық? Қандай төлдер туралы ән айттық? Сендерге іс-әрекеттің қай кезеңі ұнады?

Ерекшеленген балаларды атау, мақтау.

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары.

Бағдарламалық мазмұны: бір әннің әртүрлі аспапта ойнаған сазын тыңдау, тану, салыстыру, ажыратуға үйрету. Ұлттық аспаптарда қарапайым пьесаларды орындауға талпындыру. Ұлттық аспаптарға деген қызығушылық, ұқыптылық сезімін қалыптастыру.

Пайдаланылатын құралдар: домбыра, қобыз, асатаяқ, сырнай, тайтұяқ, ұрмалы аспаптар; жетіген суреті; әр аспаптың тарихы, неден жасалатыны, құрылысы туралы әңгімелесу; аспаптар дыбысы жазылған үнтаспа.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: түрлі ұлттық саз аспаптарымен таныстыру; музейге саяхат; құмда аспаптардың суретін салу, мүсіндеу.

Іс-әрекет кезеңі:

Ата-бабамыз өте ерте кездің өзінде-ақ музыкалық аспаптардың мынадай топтарын ойлап тапқан:

• Шертпе аспаптар - домбыра, шертер, шіңкілдек, жетіген, адырна.

• Қияқты аспаптар - қобыз, сазген, созаншы, егек, т.б.

• Үрлеп ойналатын аспаптар - сыбызғы, сазсырнай, уілдек, желбуаз.

• Ұрмалы аспаптар - дабыл, даңғыра, кепшік, шыңдауыл, дауылпаз, ұран, керней.

Жұмбақ:

Ұзын мойын, екі ішек,

Қатар-қатар тепкішек.

Басып көрсең бір-бірлеп,

Үн шығады күмбірлеп. Бұл не?

- Домбыра мен қобыздың айырмашылығы қандай?

- Қандай ұрмалы аспаптар түрін білесіңдер? Он тыңдау. «Қобыз». Б.Қыдырбек.

- Балалар, музыка тыңдағанда естеріңе не түсті?

- Қобыз туралы сөз болғанда кім еске түседі?

- Қорқыт атаның қандай күйлерін білесіңдер?

- Сендер басқа қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер?

- Аспаптар қандай топқа бөлінеді?

Қобыз бен Қорқыт есімі әрқашан қатар жүреді. Көбінесе күй өте зарлы, мұңды, қайғылы дыбысталады. Композитор музыка әуенімен қобыздың дыбысын берген.

Ән айту. «Домбыра сазы». И. Нүсіпбаев.

- Әр композитор қазақтың киелі аспабы домбыраны әртүрлі әнге салып жырлаған. Домбыра туралы тағы қандай ән білесіңдер?

- Ән қандай көңіл күйде жазылған?

- Ән сендерге ұнады ма?

Ән айтар алдында дауысты жаттықтырып алу, денені түзу ұстап, дыбысты еркін шығару. Демді үнемдеп, сөздің арасында тыныс алмау. Әнді иықты көтермей, ішпен айту.

Әуенді қимыл-қозғалыс. Сылдырмақпен би. Қазақ биі -«Қаз-қатар».

Сылдырмақтарды екі қолға ұстап, көңілді музыка әуенімен шеңбер бойымен жеңіл жүгіру. Тоқтап, белгілі музыка ырғағымен түрлі қимылдар жасау. Би қимылдары арқылы әсемдікке тәрбиелеу.

Музыкалық - дидактикалық ойын: «Қатты жөне ақырын музыка».

Музыканы дыбысқа қарай ажырата білуге, есту қабілетін дамытуға дағдыландыру.

Түрлі музыкалық шығармаларды ойнап, қай музыка қатты, қай музыка жай дыбысталуын ажырата білуге талпындыру.

Қатты сөзін музыкада - «форте», жай ойнағанды - «пиа­но» деп атайды. Фортепиано (қазақша — күйсандық) - «қатты» және «жай» деген екі сөздің қосындысынан шыққан.

Музыкалық аспапта ойнау: Ұрып ойнайтын аспаптардың көмегімен белгілі бір әуенді ойнау.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Балалардан сұрақ-жауап арқылы аспаптардың атын пысықтау, топқа қысқаша қорытынды. Балаларды қолдау, мадақтау.

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Нағыз қазақ — домбыра.

Бағдарламалық мазмұны: Түрлі аспаптарда ойналған шығармаларды тыңдау арқылы, оны қабылдау, есте сақтау, ажырата білуге үйрету. Ұлттық музыкаға, өнерге деген сүйіспеншілік, қызығушылық қалыптастыру.

Пайдаланылатын құралдар: қазақтың ұлттық шертпе саз аспаптары: домбыра, қобыз; түрлі домбыралар суреті, композиторлардың, саз аспаптарының суреттері; мультфильмнен үзінді көрсету.

Музыкалық - дидактикалық ойынға қажетті түрлі саз аспап­тары.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: домбыра түрлерімен, домбыраның құрылысымен таныстыру. Домбыра, қобыз құрылысын, үнін тыңдау, салыстыру; музыка композиторларымен таныстыру. Саз аспаптар музейіне экскурсия жа­сау. Басқа ұлттардың шертпе аспаптарымен салыстыру. Аспап­тар туралы жұмбақ, тақпақтар жаттау; саз аспаптарынын, суретін салу, мүсіндеу.

Іс-әрекет кезеңі:

Жұмбақ:     Екі құлақты,

Он екі тұяқты,

Шешуін тапшы,

Күмбірлеген күй

Төгілген сияқты.

Домбыра, қайда барсам тастамаймын,

Ән менен сенсіз өлең бастамаймын.

Екі ішек, он бір перне, бір тиекпен,

Сайрасам қызыл тілмен аспандаймын.

Кенен Әзірбаев

Домбыра - қазақ халқының арасында өте ерте заманнан бері кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған, қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап. Домбыра әртүрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып немесе құрап жасалады.

Мойнына он тоғыздан жиырма екіге дейін пернелер бай­ланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі. Домбыраның екі ішектісінен басқа үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды. (Домбыра, ішек, перне, тиек, т.б.)

Ән тыңдау. «Сарыарқа». Құрманғазы. Үнтаспа.

- Құрманғазы кім?

- Қандай күйлерін білесіңдер?

- Тыңдаған күй қалай аталады?

- Күй қалай орындалады?

Бұрынғы кезде шығармаларды тек домбырамен орындайтын, қазіргі кезде домбыраға тағы басқа да аспаптар қосылып ойнайды (қобыз, гитара, т.б.). Барлық аспаптар қосылып ойнаған кезде де домбыраның сазы ерекше бөлініп тұрады.

Ән айту. «Домбыра сазы». И. Нүсіпбаев.

- Бүгін біз домбыра аспабымен таныстық. Енді Ибрагим Нүсіпбаев ағамыздың домбыра туралы әнін үйренейік. Әнді айтпас бұрын дұрыс, түзу отырайық. Дем алғанда екі иықты көтермейміз. Дауысымызды жаттықтырып алайық. Дыбысты анық шығарып айтуымыз керек.

- Домбыра сазы дегенді қалай түсінесіңдер?

- Әннің мазмұны не туралы?

- Әнде «домбырамен жырлаған» деп кімдерді айтып отыр?

- Яғни, халық іштегі қайғысы да, шерін де, қуанышын да домбыра арқылы жырлайды екен.

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Домбырамен би».

Домбырамен қосылып ән айтып, күй тартып қана қоймай, осы аспаппен билеуге де болады. Домбыраны иыққа асып, аяқты кезек-кезек өкшеге қойып, музыка ырғағымен би қимылдарын жасау.

Психологиялық жаттығу: Бұл — мен.

Музыкалық - дидактикалық ойын: «Қандай аспапта ойнадым? »

Балалардың көзін жұмдырып, домбыра, үшбұрыш, ксилофонда бірнеше нотаны орындап, аспаптардың атын тапқызу. Есту қабілетін арттыру.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Сонымен, бүгін біз қандай музыка аспабымен таныстық? Халқымыз ол аспапты қалай атайды? Әнде не тура­лы айтылды?

Балаларды мадақтау.

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Тұсау кесу.

Бағдарламалық мазмұны: Музыканың сезімдік мазмұнын сипаттай, ажырата, бейнелей білуге үйрету. Әнді табиғи дауыспен, нәзік орындауға төселдіру. Музыка ырғағына би қимылын үйлесімді орындауға талпындыру.

Қазақтың ұлттық салт-дәстүр, рәсімдеріне деген қызығушылықтарын дамыту.

Пайдаланылатын құралдар: Тұсау кесуге қажетті заттар: қайшы, ала жіп.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: тұсау кесу рәсімі, сәби аяғының астына төселетін ақ мата, ала жіптің мағынасы, рәсімді кім жасайтыны туралы түсінік қалыптастыру. Қуыршақпен ойын көрінісін ұйымдастыру.

Іс-әрекет кезеңі:

Қазақтың ұлттық рәсімдері туралы әңгімелесу.

Ән тыңдау. «Тәй-тәй». Ө. Байділдаев.

- Музыка қалай орындалды?

- Көңілді ме, әлде көңілсіз музыка ма?

- Музыка тыңдау барысында қандай оқиғаны елестеттіңдер?

- Музыка сендерге ұнады ма?

Ән айту. «Тұсау кесу жыры». Халық әні. Өңдеген Б. Жүсіпәлиев.

- «Тұсау кесу рәсімі» дегенді қалай түсінесіңдер?

- Ол рәсім не үшін жасалады?

- Рәсімді кім жасайды?

- Тұсау кесу рәсімін жасау үшін не қажет?

- Тұсау кесу рәсімін жасаған соң қандай ән орындалады? (Тәй-тәй).

- Тұсау кесу рәсімін сахналау (Рәсімді әже болып тәрбиеші орындайды, балалар қуыршақты жетелейді.)

Қаз-қаз, балам, қаз, балам,

Қадам бассаң, мәз болам.

Күрмеуіңді шешейік,

Тұсауыңды кесейік.

Ән айтар алдында ережелерді еске түсірейік. Дауысымызға жаттығу жасап, ән айтуға дайындалайық.

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Балдырғандар биі».

Бұл бидің музыкасы қандай? Жеке, вальс ретінде жұптасып билеуге бола ма? Музыка ырғағымен аяқтың ұшымен шеңбер бойымен жүгіріп, ұл балалар бір тіземен отырып, қыздар ұлдарды айналады. Әрі қарай жұптасып, бір қадам оңға, бір қадам солға, орнында тұрып айналады.

Музыкалық аспапта ойнау: «Қандай ырғақ?». К. Қуатбаев. Оркестр.

Ұрмалы аспап пен ксилофонда ойнау. Музыкалық аспапта бірге бастап, бір-бірінен озбай, қалмай, мұғалімнің көрсетуімен дәл, нақты ойнауға үйрену.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Бүгінгі сабақта қазақтың ұлттық рәсімі «Тұсау кесумен» таныстық. «Тұсау кесу» рәсімінен басқа қан-дай рәсімдерді білесіңдер? Ән ұнады ма? Бүгінгі іс-әрекеттің қай кезеңі көбірек ұнады?

Балаларға жекелеп баға беріп, марапаттау, мадақтау.

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Көктем өрнегі.

Бағдарламалық мазмұны: Дыбыс жоғарылығын, кон­трасты емес ырғақтық бейнелерді ажырата білуге үйрету. Шығарманы кіріспе, үзіндіден тануға баулу. Әнді көңілді, қуанышпен орындауға, ән ырғағына сәйкес қимыл бере білуге төселдіру. Табиғат көрінісін сезіне білуін, табиғатқа деген қамқорлық сезімін қалыптастыру.

Пайдаланылатын құралдар: Көктем көрінісінің суреттері.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: Табиғат өзгеріс­терін бақылау, салыстыру, суреттеу; жұмбақ жасыру, тақпақ, мақал-мәтел жаттау. Жаңылтпаш:

Көп көкек, көкектеп,

Көктен келді. Көкек кеп,

Көктеп көк, Көктем келді.

Іс-әрекет кезеңі:

Жұмбақ: Түрі көркем түр кілем,

Түгі жоқта кір кілем.

Жазы жайлы жай кілем,

 Жайылып жатқан бір кілем. Бұл не?

Көктем өрнегі

Қар еріді, су ақты,                   Көкке бояп өңірді,

Күндер келді шуақты.             Көктем келді шуақты.

Байтақ дала келбеті,                Байтақ дала келбеті,

Түкті кілем сияқты.                 Түкті кілем сияқты.

Ән тыңдау. «Бұл қай кезде болады?» Көктем. Б. Ерзакович.

- Тыңдаған әніміз жылдың қай мезгілі туралы?

- Көктемде қандай құбылыстар болады?

- Көктемнің айларын атаңдар.

- Көктем туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

• Сәуір - су айы, Мамыр - гүл айы.

• Көктемгі жауын артық болмас.

Ән айту. «Көктем». Ә. Бейсеуов. Ережелерді есте сақтап, дауыс жаттығуын жасау. Көктем туралы, көктемдегі өзгерістер туралы сұрақ-жауап.

Балалардың ой-өрісін кеңейту, тілін дамыту.

- Ән қандай көңіл күйде жазылған?

- Ән сендерге ұнады ма?

- Несімен ұнады?

Ән айта отырып бірін-бірі ести білуге, әнді үйлесіп, бірге қосылып айтуға үйрету. Ерекше дауысы бар балаға жеке айтуға мүмкіндік жасап, балаларға тыңдату.

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Қазақ вальсі». Л. Хамиди. Үнтаспа.

Жұптасып, вальс ырғағымен қимыл жасау. Өткен іс-әрекеттердегі үйренген би элементтерін әрі қарай жалғастыру. Шеңбер бойымен аяқтың ұшымен жеңіл жүгіргенде арақашықтықты сақтау. Денені тік ұстап, музыка үнімен нақты қимылдар жасау.

Музыкалық - дидактикалық ойын: «Ырғақтық лото», «Сөз ұйқасын тап, өлең құрастыр».

Балалардың тіл өнерін дамыту, ойлау қабілетін арттыру. Жарыс, сөз жарыс, сөз құрау. Үздік баланы мадақтап, басқа балаларды ынталандыру.

Музыкалық аспапта ойнау: Бубен. Аспаппен таныстыру. Үн шығарып, музыка әуеніне қосылу.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Бүгінгі іс-әрекетімізде қандай жыл мезгілі туралы өттік? Іс-әрекеттің қай кезеңі сендерге ұнады?

Бағалау, маңтау, ерекше көзге түскен баланы жеке атап, марапаттау.

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Аман болшы, анашым.

Бағдарламалық мазмұны: Күйші, күй сипаты, мазмұны туралы түсінік беру. Жоғары, төмен дыбыстар жүйесін ажы­рата білуге жаттықтыру.

Әнді орындаған кезде ана, анама, әже, әжеме, т.б. сөздердегі дауысты дыбыстарды дұрыс, таза айтуға және әнді назды, лирикалық сипат бере орындауға баулу. Музыка ырғағына сәйкес би элементтерін көңілді, жеңіл орындауға дағдыландыру. Әжеге, анаға деген мейірімділікке тәрбиелеу.

Пайдаланылатын құралдар: Ана, әжелердің іс-әрекеттерінің, мамандықтардың суреттері.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: аналар тура­лы әңгімелесу, тақпақ, өлең орындау; сыйлықтар дайындау.

«Қолы алтын анамның» сайысын ұйымдастыру, «Ардақтаймыз аналарды» газетін шығару.

Іс-әрекет кезеңі:

Ана дегеніміз кім?

Ана - біздің күніміз,

Ананың біз - гүліміз!

Құрметтейміз ананы,

Құттықтаймыз бүгін біз:

«Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз!»

Ә. Табылды

Ән тыңдау. «Балбырауын». Құрманғазы. Үнтаспа.

- Музыка қандай темпте жазылған?

- Музыка көңілді ме, әлде көңілсіз бе?

- Күйді тыңдағанда көз алдарыңа не елестеді?

- Құрманғазының басқа қандай күйлерін білесіңдер? Бірде Браун деген неміс Құрманғазыны өзінің үйінде болатын балға (тойға) шақырады. Бал күйшіге қатты ұнайды. Көңілді музыка, би, көтеріңкі көңіл күй әсерімен Балбырауын (Бал Брауна) күйін шығарады.

Күй жылдам, көңілді орындалады.

Ән айту. «Ақ мамам». Ә. Бейсеуов.

- Әлемдегі ең қымбат, ең аяулы жан кім?

- Кім сендерді аялап, мәпелеп өсіреді?

- Ана туралы қандай мақал-мәтел, қанатты сөздер білесіңдер?

- Аналарың сендерді еркелетіп қалай атайды?

- Әнді айтар алдында өткен сабақтағы бір әнді айтып, дауысымызды қалыпқа келтірейік. Ән орындағанда әрқайсың өз аналарыңды еске түсіріп, көңілді, бір-біріңе үндесіп орындаңдар. Әнді қатты айқайламай, сөздің арасында дем алмай, жылы жүрекпен орындау керек.

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Қазіргі би ырғағы».

Балаларды жаңаша, замана талабына сай қимыл-қозға­лыстар жасай білуге үйрету. Қолдың, аяқтың, бастың қимылдары музыка әуеніне сай үйлесуін қадағалау. Ерекше қимыл көрсеткен баланы басқаларға үлгі ету.

Музыкалық - дидактикалық ойын. «Кішкене басқыш». Басқыштар арқылы жоғарылаған сайын дыбыстардың жіңішке-ретінін, төмендегенде жуан дыбысқа ауысуын (шығаратынын) байқату. Гамманы үйрету. Октавамен жоғары-төмен дыбыстар шығару.

Музыкалық аспапта ойнау. «Илиғай». Қазақтың халық өнін түрлі аспаптармен қостау.

Түрлі ұрмалы аспаптарды біріктіріп, оркестр шығару. Ырғақты дұрыс ұстауға, бірге бастап, бірге аяқтауға үйрету. Үндесімділікті ести білуге баулу.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Бүгін біз қандай музыка тыңдадық? Ол күй қандай оқиғаға арнап шығарылған? Бүгінгі іс-әрекеттің қай кезеңі ұнады?

Іс-әрекетті қорытындылай отырып, марапаттау, бағалау, белсенді балаларды ерекше атап өту.

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Әжеме арнаймын әнімді.

Бағдарламалық мазмұны: Күйші, күй сипаты, мазмұны ту­ралы түсініктерді дамыту. Жоғары, төмен дыбыстар жүйесін ажырата білуге жаттықтыру.

Әнді орындаған кезде ана, анама, әже, әжеме, т.б. сөздердегі дауысты дыбыстарды дұрыс, таза айтуға және әнді назды, лирикалық сипат бере орындауға баулу. Музыка ырғағына сәйкес би элементтерін көңілді, жеңіл орындауға дағдыландыру. Әжеге деген мейірімділікке тәрбиелеу. «Қалай туысамыз» деген түсінік қалыптастыру.

Пайдаланылатын құралдар: әжелердің іс-әрекеттерінің, мамандықтардың суреттері.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: әже, аналар ту­ралы әңгімелесуді жалғастыру, тақпақ, өлең орындау; сыйлықтар дайындау. «Әжелер сайысын» ұйымдастыру.

Іс-әрекет кезеңі:

- Әже дегеніміз кім?

- Әже деген қандай адам?

- Кімнің әжесі бар?

- Әжеңе қандай көмек көрсетесің?

Әже дегеніміз кім?

Әпкем баласы,

Әкем баласы.

Әкемнің бар ағасы,

Ол да әжемнің баласы...

Анам дейді мамашым,

Әже деген, шамасы,

Аналардың анасы!

Ә. Табылды

Ән тыңдау. «Қосалқа». Дәулеткерей. Үнтаспа.

- Күй дегеніміз не?

- Кімді күйші дейміз?

- «Қосалқа» күйін кім шығарды?

- Күй нені бейнелейді?

- Күй көңілді ме, әлде көңілсіз бе?

- Күй адамның қандай сезімін тәрбиелейді?

- Күйді тыңдағанда қандай эсер алдыңдар? Ән айту. «Ақ әжем». К.Қуатбаев.

- Әлемдегі ең қымбат, ең аяулы жандар кімдер?

- Кім сендерді аялап, мәпелеп өсіреді?

- Ең мейірімді, сүйкімді кім?

- Кім сендерді қонаққа ертіп барады?

- Әже туралы қандай мақал-мәтел, қанатты сөздер білесіңдер?

- Әжелерің сендерді еркелетіп қалай атайды?

Әуенді қимыл-қозғалыс. Әжелерге арналған «Ақ әжем» әнінің музыкасына сәйкес қандай би қимылдарын орындар едіңдер?

Халық биі «Қаз-қатар» - музыка әуенімен бірге нық қи­мылдар жасау. Қолды түрлендіріп, бұралту, қазақ биінде кездесетін элементтерді үйрену. Денені түзу ұстау, бірге иілу.

Музыкалық - дидактикалық ойын. «Бір көмекке жарайық».

Музыкалық аспапта ойнау. «Әжеме арнаймын әнімді» әнін балалардың қалауы бойынша таңдаған аспапта немесе қалаған әнді орындау.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Бүгінгі сабағымыз кімге арналды? Бүгінгі барлық іс-шараларымыз: күйіміз, ән мен биіміз қымбатты әжелерімізге арналды.

«Әже» дегеніміз кім?

Әже - әкемнің анасы,

Әже - анамның анасы,

Әжеден тарайды сыйластық,

Әже адамға сыйлайды қимастық.

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Құстар қайтып келеді.

Бағдарламалық мазмұны: Балаларды өздігінен музыка бағытын (баяу, көтеріңкі, жоғары, төмен) ажыратуға, анықтауға үйретуді жалғастыру.

Музыканың әр қимыл сипатын бере білуге, ырғақты сезіне білуге, белсенді орындауға дағдыландыру. Құстарға деген қамқоршылыққа тәрбиелеу.

Пайдаланылатын құрал: құстардың суреті.

Жаңылтпаш:

Көк тырна, көп тырна,

Тыраулап тек көп тұрма.

***

Қара қарғаларға

Ала қарғалар үйір.

Ала қарғаларға

Қара қарғалар үйір.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: құстардың тіршілігі, пайдасы туралы әңгімелеу. «Құстар қыста тоңады» тақырыбында жұмыс ұйымдастыру. Құстарға байланысты халық болжамын қолдану, жинақтау, бақылау.

- Қандай құстарды білесіңдер? Жыл мезгіліне сәйкес құстар тіршілігінде қандай өзгерістер болады?

Келді аңқу, көкте қаз,

Орманда бұлбұл сайраған.

Көптен күткен көктем кеп,

Құлпырып дала жайнаған.

Іс-әрекет кезеңі:

Жұмбақ:

Көктемде ұшып келеді,

Жаздай концерт береді.

Бұл  қандай құс?

Tay басында ағаш үй,

Соны мекен етеді.

Қыста алысқа кетеді.

Бұл  қандай құс? (Қараторғай)

Ән тыңдау. «Қараторғай». Ақан сері. Үнтаспа. Әндердің бірқатары табиғатпен тығыз байланысты бо­лады. Олар бірде тау-тас, өзен-суды жырласа, енді бірде сол табиғат аясындағы құстарды әнге қосады. Әнде Ақан сері талай жыл серігі болған Қараторғайының қартайған қалпына жанашырлық білдіреді, қамқорлық, мейірімділік танытады.

- Ән қалай орындалды?

- Әннің көңіл күйі қандай?

- Сендер қандай құстарды білесіңдер?

Қос канатын иіп ап,

Жарға келіп қонады.

Қара киім киіп ап,

Балшықтан үй салады.

Бұл  қандай құс? ~ Дұрыс, қарлығаш. Олай болса қарлығаш туралы ән орындаймыз.

Ән айту. «Қарлығаш». А. Жұбанов.

Орындықта арқаны тік ұстап отырып, дауысты қалыпқа келтіретін жаттығу жасайық. Демді терең алып, жайлап үнемдеп шығарып, әнді баяу, байыпты айтуға үйрену керек.

- Ән не туралы?

- Әннің көңіл күйі қандай?

- Қандай құстарды білесіңдер?

- Құстардың қандай пайдасы бар?

- Жылдың қай мезгілінде құстар ұшып келеді?

- Құстарға қандай қамқорлық көрсетесіңдер?

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Тырналар биі».

- Тырна деген қандай құс?

- Құстар негізінен қай дене мүшелерімен көп қимыл жасайды?

Екі қолды қанат секілді қағып, аяқтың ұшымен жүгіріп, жеңіл қимылдар жасаймыз. Құстардың ұшуын қолдың көмегімен, музыка ырғағына үйлесімді жасау қажет.

- Енді шеңбер бойымен жеңіл жүгіріп, қалықтаған кейпін, жан-жағына мойнын созып қараған кейпін келтірейік.

Музыкалық - дидактикалық ойын: «Құстар мен балапандар».

Техникалық құралдардың көмегімен аспаптардың дыбысын ажырату. Балаларды ести, тыңдай білуге дағдыландыру. Есту қабілетін арттыру.

Музыкалық аспапта ойнау: «Сауысқан». Е. Құсайынов.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Сонымен бүгінгі іс-әрекетімізде не үйрендік? Әнімізді неге арнап айттық? Қандай құс туралы музыка тыңдадық? Ән сендерге ұнады ма?

Балалармен достасып,

Жазда бақты қорғайды.

Күзде кетер қоштасып.

Айтыңдаршы, балалар,

Кім қорғайды қыстап қалған торғайды? Жақсы орындаған балаларды ерекше атап өту, мақтау, мадақтау.

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Наурыз — біздің жаңа жыл.

Бағдарламалық мазмұны: Ән мазмұнын (жыл мезгілі) түсіне, еске түсіре, тани, салыстыра, ажырата білуге талпындыру. Әнді жеке, қосылып, еркін, көңілді, шаттана орындауға жаттықтыру. Таныс әндерді тану барысында, сөз ұйқастарын бере білуге талпындыру.Ұлттық мерекелер мәнін жете түсіндіру, қызығушылығын арттыру. Музыка ырғағына сәйкес бейнелер қимылын бере білуге талпындыру.

Пайдаланылатын құралдар: Наурыз мерекесінен көріністер, наурыз көже. Наурыз мерекесі туралы қанатты, тыйым сөздер. «Наурыз - біздің жаңа жыл » атты ұжымдық панно жа­сау.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: Наурыз мерекесінен көріністер, наурыз көже, мерекелік дастарқан туралы әңгімелесу.

Іс-әрекет барысы:

Наурыз тойы туралы не білесіңдер? Нау­рыз тойы қашан тойланады?

Наурыз тойы - өте ертеден келе жатқан мейрам. Арада көп жылдар өтіп, Наурыз тойы жаңадан жаңғырып, халық арасында «Ұлыстың ұлы күні», «Жер-Ананың тоң кеудесі жібіген күн», «Жылбасы», «Жаңа жыл» деп аталды.

Кетіріп қыстың қаһарын,

Келтіріп уақыт баһарын,

Төрт түлік малын төлдетіп,

Молайтқан ақты селдетіп,

Жеріме жетті НАУРЫЗ!

Бидай, ет, тары, қамырын,

Түз, сүт, су - қосып барлығын,

Пісірген көктем - әжесі

Ұсынып наурыз көжесін,

Жеріме жетті НАУРЫЗ!

Е. Өтетілеуұлы

Ән тыңдау. «Көңілді би». Ө. Байділдаев.

— Музыка қандай көңіл күйде жазылған?

— Әуенді тыңдағанда қандай оқиға еске түседі?

— Дыбыс жылдамдығы қалай?

Музыка өте көңілді, жылдам, жігерлі орындалады. Әуенді тыңдағанда көңіл көтеріліп, шабыттанып, еріксіз би қимылдарын жасауға мәжбүр етеді.

Ән айту. «Наурыз - біздің жаңа жыл». Ж. Қалжанова.

- Наурыз деген сөз қандай мағынаны білдіреді?

- Наурызға байланысты қандай салт-дәстүрді білесіңдер?

- Наурызды неліктен жыл басы деп атайды?

- Наурызды халқымыз қалай тойлайды?

- Наурыз мерекесінде жасалатын ұлттық тағамдарды атаңдар.

Ән бастамас бұрын дауысымызға жаттығу жасап алайық. Ән жылдам, көңілді орындалады.

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Көңілді би» музыкасына сәйкес би элементтерін ойлап табу. «Айгөлек». Қазіргі би ырғағы.

Ырғақты ұстай отырып, аяқтың өкшесін жерге бірдей қойып, бірге адым басып қимылдар жасау. Денені әсем, әдемі қимылға ендіруге үйрету.

Музыкалық - дидактикалық ойын: Барабан (ұрмалы аспап).

Ұрмалы аспапты ырғақтан қалмай ұра білу, қолдың саусақтарын жетілдіру. Музыкамен қосылып барабанды соғу.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Бүгін біз қандай мереке жайында әңгіме еттік? Қандай ән тыңдадық? Ән сендерге ұнады ма? Үйде нау­рыз мерекесін қалай тойлайсыңдар?

Балаларға баға беру, мақтау, қолпаштау.

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Берекелі дастарқан.

Бағдарламалық мазмұны: Музыка мен сөз арасындағы үндестікті сезіне білу. Әнді көңілді, қуанышпен, мәнерлі орындауға жаттықтыру. Түрлі саз аспаптарының тембрін ажырата білу қабілетін дамыту.

Билердің қарапайым өзіндік түрлерін ойлап табуға жетелеу.

Пайдаланылатын құралдар: түрлі тағамдар суреті, әңгіме құрастыру.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: Тағам туралы тақпақ, жұмбақ айту; тыйым сөздер: дастарқаннан аттама; дастарқан басында керілме; үлкеннен бұрын асқа ұмтылма; нанды төңкеріп тастама; нанды бір қолыңмен үзбе; нан қоқымын шашпа, аяқпен баспа; тұзды шашпа, т.б.

«Ас - адамның арқауы» деген қанатты сөз мағынасын түсіндіру; асқа отырар алдында қолыңды жу, т.б. тазалық, әдептілік ережелерін ұғындыру, меңгерту.

Жаңылтпаш:

Есет атам ет асатар,

Ет асатса, бес асатар.

Жұмбақ:

• Төрт қазық,

Жалпақ шатыр - үсті ыңғайлы,

Күніне үш баийды, үш жұтайды.

• Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды.

Бұл  не?

Іс-әрекет кезеңі:

Қандай ұлттық тағамдарды білесіңдер?

Жұмбақ:     Бір сусын бар жұртымда,

Ішсең уыз ұртыңда.

Бәрі содан шығады —

Ірімшік, май, құртың да.

Бұл  не? (Сүт )

- Биенің сүтінен жасалған тағам қалай аталады?

- Түйенің сүтінен жасалған тағам қалай аталады?

Ән тыңдау. Қазақтың халық әні «Ауылым-әнім». Үнтаспа.

- Бұл ән - ел арасында кең тараған өндердің бірі. Әнді тыңдап отырғанда табиғаттың, ауылдың қандай тыныс-тіршілігін елестеттіңдер?

Ән айту. «Қазағымның дәстүрі». О. Сүлеймен.

Әнді айтар алдында дауыс жаттығуын жасап алайық. Әнді айқайламай, бір-біріңе үндесіп айтыңдар. Дем алғанда иықты көтермей, іштен тыныс алуға дағдыландыру.

- Әнде не туралы айтылады?

- Ән қалай орындалды?

- Осы әннен қандай эсер алдыңдар?

Барлық тәтті, дәмді тағамдар: шұжық, қазы, қарта, жал, жая, қымыз, шұбат, құрт, ірімшік, балқаймақты - қазақтың ұлттық тағамдарын ауылдан, базардан табуға болады. Дегенмен, балалар, ас атасы не?

Дұрыс! Ас атасы - нан.

Ac — ырыс — құт

Бір шөкім түз үйіне ала барған,

Адамды да қарсы алып алады алдан,

«Нан ауыз ти!» - деп тұрған әдеппенен

Айналайын ардақты аналардан.

Нанға төтеп береді қамал қандай,

Нанды аймалап жатады самал қанбай.

Бұл дәстүрдің өзі де әуел баста

Жұпарынан нанның тек жаралғандай!

Ж. Набиуллин

- Ас, тағам туралы қандай жұмбақ, тыйым сөздер білесіңдер?

Психологиялық жаттығу: Тәтті тағамдар. Ащы тағамдар.

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Қара жорға» биі.

«Қара жорға» биін буын биі деп те атайды. Яғни, би билегенде бүкіл буындар қозғалысқа түсуі керек. Екі иықты, қолдың буындарын, аяқтың буындарын, белді түгел қимылға келтіреді. Би өте жылдам емес, орташа екпінде орындалады.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Бүгінгі іс-әрекеттің қандай сәттері естеріңде қалды?

Ерекшеленіп ән, тақпақ, жұмбақ, тыйым сөздер айтқан, би билеген балаларды айырықша атап өту, мақтау, дәріптеу.

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ақсақ киік.

Бағдарламалық мазмұны: Құрманғазы күйшінің өмірі, шығармашылығымен таныстыру. Күй тыңдау барысында алған өсерін жеткізе білуге, басқа күйлермен салыстыра, ажыра­та білуге үйрету.

Ән арқылы аңдарды тани, атай білуге; үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажырата білуге үйрету. Музыка ырғағына сәйкес жануарларға, аңдарға тән қимыл-қозғалысты бере білуге талпындыру. Жануарларға деген қамқорлық сезім қалыптастыру.

Пайдаланылатын құралдар: Композитордың суреті; аңдар, киік суреті; күй мазмұны бойынша бейнелеу, киікті мүсіндеу.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: Жануарлар, киік, қамқорлық туралы әңгімелесу; жануарлар туралы шағын әңгімелер құрастыру; жұмбақ жасыру, тақпақ жаттау. «Менің жануарым» атты сурет, мүсін көрмесін жалғастыру, толықтыру. Аңдардың пайдасы, зияны туралы түсінік қалыптастыру.

Іс-әрекет барысы:

Арқаның Бетпақ деген даласы бар,

Бетпақ шөл, ойлы-қырлы панасы бар.

 Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп-өнген,

Жәндіктің киік деген баласы бар...

Сандалып келе жатты аңсақ киік,

Бір тоқтап, анда-санда әлін жиып.

Ақбөкен сахараның ботакөзі,

Атты екен қандай адам көзі қиып...

Азайды соңғы кезде байғұс бөкен,

Мың-мыңдап баяғыда өреді екен.

Бұл күнде келе жатқан жолаушыға,

Кез келер анда-санда саяң-некен...

Ән тыңдау. Құрманғазының күйі «Ақсақ киік». Үнтаспа.

- Күй қандай аң туралы болып отыр?

- Күйді тыңдағанда қандай көріністі елестеттіңдер?

- Жануарларды неліктен қамқорлыққа алу керек?

- Күйді байқап тыңдасаңдар, ақсаңдап шапқан аңның жүрісін естуге болады. Қоршаған ортаны, табиғатты, табиғаттағы жан-жануарларды аялай, сақтай білуіміз керек.

Ән айту. «Қоян». К. Қуатбаев.

- Қоян қандай аң? Қоянның баласы қалай аталады? (Көжек)

- Қоян туралы не білесіңдер? (Қорқақ, жүйрік, ақ, сүр түсті болады).

- Тағы қандай аңдарды білесіңдер?

Ән айтар алдында дауысты жаттықтырып, ережелерді естен шығармайық. Ән көңілді, жеңіл айтылады. Сұрақ-жауап арқылы балалардың ой-өрісін дамыту.

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Қоңыр аю қорбаңбай». Б. Дәлденбаев.

- Балалар, аюдың баласы қалай аталады? Аю қалай жүреді? Ал қонжықтар ше?

— Аю мен қонжықтың және қоянның қимылында қандай айырмашылық бар?

Музыка ырғағымен аңдардың қимылдарын бейнелеу. Им­провизация жасап, түрлі қимылдар ойлап табу.

Музыкалық - дидактикалық ойын: «Не қалай жүгіреді?» Г.Левкодимова.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Бүгінгі іс-әрекетімізде қандай аң туралы музыка тыңдадық? Ол күйді шығарған кім? Әнімізді қандай жануарға арнап айттық? Үй жануарлары мен аңдардың қандай айырмашылығы бар? Бүгінгі іс-әрекетіміздің қай кезеңі ұнады?

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Орыс халқының музыкалық аспаптары.

Бағдарламалық мазмұны: орыс халқының бір әнінің әртүрлі аспапта ойналған сазын тыңдау, салыстыру, ажыратуға үйрету. Қазақ ұлттық саз аспаптарымен салыстыру, ұқсастығын ажырата білу қабілеттерін қалыптастыру. Орыс халқының музыкалық аспаптарының кейбірі басқа халықтардың музыкалық аспаптарына ұқсас екендігі туралы ұғым қалыптастыру.

Пайдаланылатын құралдар: орыс халқының шертпелі, ұрмалы, үрлемелі аспаптары, олардың суреттері. Кесінді лото (түрлі аспаптарды құрастыру); құрылысы, жасалуы, дыбысымен танысу. Қазақтың ұлттық саз аспаптарына ұқсастығы, айырмашылығы туралы әңгімелеу.

Ұлттық аспаптарды ажырату мақсатында түрлі музыкалық - дидактикалық ойын ұйымдастыру; аспаптардың салыстырмалы суреттерін салу, мүсіндеу.

Орыс халқы ойын-сауық кезінде би ырғағын күшейту мақсатында кез келген дыбыс шығаратын заттарды қолданған. Мысалы: темір ыдыстар, самауырдың мұржасы, пештің аузын жабатын қақпақ, ағаш кесетін ара, шөп шабатын шалғы. Сонымен қатар ағаш қасықтарды да жиі қолданған.

Гусли музыкалық аспабының бірнеше түрі болады, яғни 4, 5, 6, 9 ішекті, ішектері темір сымнан тартылады. Көлемі бойынша үлкен (ұзындығы 85 см) және кішкене (35,5 см.). Заманына қарай гуслидің пішіні (формасы) өзгерді, негізінен үшбұрышты болған. Гуслиді саусақпен шымшып шертіп ойнайды. Кейіннен бұл аспапта ойнау тәсілдері жетілдірілген.

Балалайка ертеден халықтық музыкалық символ болып табылады. Балалайка аспабының аталуы түрлі жорамалданады. Бұл аспаптың пішіні, құрылысы да өзгеріске ұшырап отырған. Мәселен, балалайканың көне түрлері 2 ішекті болса, 3 ішекті түрі де болған. Балалайканың ішегі темір сымнан тар­тылады. Ерте кезде балалайканы саусақтың ұшымен ойнаса, кейіннен медиатормен ойнайды. Балалайка аспабы шертпелі Домбыра аспабының тобына жатады.

Ән тыңдау. «Бубенчики». «Гармошка». «Балалайка». Е.Тиличеева.

Музыканы тыңдай отырып, қай аспаптың үні естіліп жатқанын ажырата білуге үйрету.

- Қай аспаптың үні сендерге көбірек ұнады?

- Музыка қандай көңіл күйде орындалды?

- Қазақ аспаптарына ұқсай ма?

Орыстың гусли аспабы қазақтың жетіген аспабына ұқсайды. Айырмашылығы – жетігеннің үні жұмсақ естілсе, гусли үні сыңғырлы. Балалайка аспабы домбыра секілді, домбыраның ішегі жіңішке капрон жіптен тартылса, балалайканың ішегі сымнан тартылады әрі үш ішекті болады.

Ән айту. Әнді әдеттегідей дауыс жаттығуынан бастаймыз. Дауысты қалыпқа келтіріп болып, өткенді қайталап, жаңа ән үйренеміз. Ән көңілді, жеңіл орындалады. Әнді үндесіп, бірін-бірі ести отырып айтуға үйрету. Әнді тақпақ секілді емес, әуенімен әндете айтуға және қимылмен көрсетуге талпындыру.

Бір баланы дирижер етіп тағайындау.

Е. Тиличееваның «Бубенчики», «Гармошка», «Балалай­ка» қысқа ән сөздерін, шумақтарын музыка жетекшісіне еріп, қайталап орындау.

- Әнде не туралы айтылады?

- Қандай ырғақта орындалады?

- Ән көңілді ме, әлде көңілсіз бе?

- Мүмкіндігінше музыкаға сәйкес үйлесімді қимылдар жасауға талпындыру.

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Орыс биі». С. Павин.

Әуенді ести отырып, орыс билеріне тән аяқтың ұшын, өкшесін үш рет жерге ұруды үйрену. Тізені көтеріп алға жылжу (подошки) қимылдарын үйрену. Ырғақтан қалмай бірге қимыл жасау.

Музыкалық – дидактикалық ойын: «Ойнаған қандай аспап?» Әртүрлі музыкадан дыбыс шығарып, аспаптарды үнінен ажы­рата білуге үйрету. Аспаптардың атын дұрыс атауға баулу.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Орыс халқының қандай аспаптарымен таныстыңдар? Қазақ аспаптарына ұқсас аспап бар ма? Қай аспап ұнады?

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ұлы достық жасасын!

Бағдарламалық мазмұны: ән мазмұны арқылы мейірімділікке, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу. Әнді ширақ, көңілді, еркін орындауға төселдіру.

Ұлттық би элементтерін еркін орындауға жаттықтыру.

Пайдаланылатын құралдар: Түрлі ұлттық қуыршақтар, олардың ұлттық киімдері; ұлттық ойындар атрибуты.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: Басқа ұлттардың салт-дәстүрімен таныстыру. «Достығымыз жарассын» атты көрме ұйымдастыру.

Достық туралы өлең, тақпақ жаттау. Музейге саяхат жа­сау.

Бақыт, бірлік - күн талабы, Тоқтамайды дүбір әні. Мәңгі-бақи шырқалады, Республикам Әнұраны.

Іс-әрекет кезеңі.

Ән тыңдау. «Отан - ортақ үйіміз». Д. Ботбаев.

- Отан деген сөзді қалай түсінеміз?

- Отан туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

- Біздің туған Отанымыз қалай аталады?

- Ән қандай темпте, қалай орындалды?

- «Отан оттан да ыстық» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Балаларды отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу. Елін, жерін мақтан ете алатын азаматтарды тәрбиелеу.

Ән айту. «Достық». И. Нүсіпбаев.

- Дос деген сөзді қалай түсінесіңдер?

- Біздің арамызда түрлі ұлттық балалары бар, солармен қандай қарым -    

қатынастамыз?

- Ән қандай темпте жазылған?

Дос, достық туралы әңгіме өткізу. Әнді бастар алдында ережелерді есте сақтай отырып, жаттығумен дауысымызды қалыпқа келтірейік. Ән жігерлі, нақты орындалады. Тату-тәтті өмір сүрсек, отанымызды аялап сүйе білсек, отанның нағыз бақытты балалары біз боламыз.

Психологиялық жаттығу: «Саусақтар жарысы».

Әуенді - қимыл қозғалыс. «Балақан да алақан». Әуенді орындай жүріп ырғақпен қол соғу. Ол бала ырғаңқа ілесе алмаса, онда өз өнерімен айыбын өтейді. Музыка әуенімен балалардың ырғақты қимылын қалыптастыру.

Музыкалық аспапта ойнау: «Біздің оркестр». Түрлі аспаптардың жиынтығын таныс әуенге салып, оркестрде ойнау. Бір уақытта бастап, бірдей аяқтау, ырғақты дұрыс ұстау.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Бүгін қандай тақырыпта әңгіме өткіздік? Ән не туралы болды? Ол ән қандай жылдамдықта, қалай орын­далды? Ән сендерге ұнады ма?

Қысқаша қорытындылау, мақтау, марапаттау.

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Аты аңызға айналған.

Бағдарламалық мазмұны: Бейбітшілік дегеннің не екенін түсіндіру, бейбіт елдің бақытты балалары екендерін ұғындыру. Батыр атамыздың өмір өнегесі, өсиеті арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. Болашақ елін қорғайтын ер болуға тәрбиелеу.

Пайдаланылатын құралдар: Бауыржан Момышұлының портреті, кітаптарының көрмесі, қанатты сөздер.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: Бейбітшілік тақырыбына әңгімелер оқу, тақпақтар үйрету, Б. Момышұлының ерлігі туралы әңгіме өткізу.

Іс-әрекет кезеңі:

Ерлік туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Отан үшін отқа түс - күймейсің.

***

Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу - сатқындықтың белгісі.

***

Опасызда Отан жоқ.

***

Тізе бүгіп тірі жүргеннен - тік тұрып өлген артық.

Ән тыңдау. «Бұлбұл». Үнтаспа.

Дина Нүрпейісова Құрманғазыдан бата алған, «күй анасы» деген атқа ие болған күйші. Ұрпақтан-ұрпаққа мұра болған Құрманғазы күйлерін бізге жеткізуші ғана емес, өзі де күй шығарған композитор.

«Бұлбұл» күйін зер салып тыңдасаңдар, әнші құстың әсем әнін домбырада шебер бейнелей білген. Күй құдіретін ұғына білу, тыңдай білу балалардың жас кезінен музыкалық қабілетін арттырады.

Ән айту. «Момышұлы Бауыржан». Е. Өміров.

— Бауыржан Момышұлы деген кім?

— Ол кісінің атымен аталатын қандай ғимараттарды, көрікті жерлерді білесіңдер?

— Ән қалай орындалады?

Ән айтар алдында дауысты қалыпқа келтірейік.

Ән жігерлі, қайратты орындалады. Ән орындау кезінде патриоттық сезім оянып, батырлыққа, Отанын сүюге деген ынта пайда болады.

Музыкалық - дидактикалық ойын: «Торғайлар мен маши­на». Жол үстінде ұшып-қонып жүрген торғайлардың қимылын жеңіл музыка әуенімен беріп, машинаның дыбысын қатаң, жағымсыз дыбыспен бейнелеп, машинадан тезірек қашып құтылуға үйрету. Екі бөлімді музыка дыбыстарын ажырата білуге дағдыландыру.

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Сарбаздар биі».

Марш екпінімен аяқты нық басып, басты тік көтеріп, түрлі қимылдар жасау. Музыка әуенімен бірге қимылдап үйрену. Би қимылдары арқылы жинақылыққа, ептілікке баулу.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Бүгін біз қандай батыр туралы әңгімелестік? Батыр атаның қандай қанатты сөздерін есте сақтадыңдар? Қандай музыка тыңдадыңдар?

Бүгінгі іс-әрекетімізде Бауыржан батырдың ерлігін паш ететін әндер айтып, әңгіме өткіздік. Батыр атаның ерлігін ел қадір тұтып, 2010 жылы Алматыдағы Панфиловшылар саябағында ескерткіш орнатылды.

Жалпы қорытындыда ерекше көзге түскен, белсене қатысқан балаларды атап өту.

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Жеңіс күнін тойлаймыз.

Бағдарламалық мазмұны: таныс музыканы тани, жанрын ажырата, динамикалық өзгерістерді білу қабілеттерін да­мыту.

Балалардың ән, әуенді қимыл қозғалыс орындауда өздігінен, еркін шығармашылың белсенділігін көрсете білуіне мүмкіндік жасау, қолдау.

Ұлы Отан соғысы, Жеңіс күні туралы түсінік қалыптастыру.

Отанына деген патриоттық сезім тәрбиелеу.

Пайдаланылатын құралдар: Ұлы Отан соғысы туралы панорама, суреттер көрмесі; Әлия мен Мәншүк, Бауыржан Момышұлы ескерткіштерінің суреттері, үнтаспа.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: Ұлы Отан соғысы туралы түсінік қалыптастыру. 28-Панфиловшылар паркіне, Әлия мен Мәншүк, Бауыржан Момышұлы ескерткіштеріне саяхат жасау, гүл шоғын қою.

Іс-әрекет кезеңі:

Үнтаспадан «Жеңіс күні» әнінен үзінді беріледі.

- Соғыс дегенді қалай түсінесіңдер?

- «Жеңіс күні» дегенді қалай түсінесіңдер?

Ән тыңдау. «Мерекелік марш». Н. Леви. Үнтаспа.

- Тыңдаған әніміз қай жанрға жатады: ән, күй, би, марш.

- Марш музыкасы қалай орындалады?

- Марш музыкасына сәйкес қандай қимыл-қозғалыстар жасауға болады?

«Әлия». С. Бәйтереков. Үнтаспа.

- Әлия Молдағұлова - қазақтан шыққан батыр қыз. Ұлы Отан соғысында елімізді, отанымызды қорғау үшін ер-азаматтармен бірге соғысқа аттанған. Елі үшін, келешек ұрпақ үшін жанын қиған, «Кеңес Одағының Батыры» атағын алған ержүрек, қайсар, батыр қыз. Алматы қаласында қос батыр қызға арналған ескерткіш бар. Үстіне жауынгер киімін киіп, арқасына мылтық асынған екі жас қызды көргенде, бойыңда отанға, батырларға деген сүйіспеншілік қалыптасады.

- Ән сендерге ұнады ма?

- Соғыста батыр атанған тағы қандай ержүрек, батыр, ба-тыл жауынгерлерді білесіңдер?

- Ән қандай екпінде орындалып отыр?

- Ерлік туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Ән айту. «Жеңіс күнін тойлаймыз». Ж. Тезекбаев.

- Әнде кім туралы айтылады?

- Ән қандай көңіл күйде жазылған?

- Ән сендерге ұнады ма?

- «Орден» дегенді қалай түсінесіңдер?

- Орден не үшін беріледі?

- Ән қалай орындалды?

Ережелерді есте сақтап, дауыс жаттығуын жасау. Әнді кө-ңілді, мақтанышпен, жігерлі орындау. Әнді үйлесімді, бірге қосылып айтуға дағдыландыру.

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Яблочко». Орыстың халық биі.

Басқа ұлт билерін билеуге және шығармаларды ойнауға ынталандыру.

Еркін тұрып, музыка ырғағына сәйкес қимыл жасау. Өткен іс-әрекеттердегі үйренген би элементтерін қолдана білу. Белді қолда ұстап, отырып, тұрып, серіппелі аяқты алға созу.

Музыкалық - дидактикалық ойын: орыстың халықтық «Яб­лочко» биін түрлі аспаптармен сүйемелдеу.

Музыкалық аспапта ойнау: «Өжет ұшқыш». Үн шығарып, музыка әуеніне қосылу.

Қорытынды: Бүгінгі іс-әрекетімізде қандай оқиға туралы өттік? Жеңіс күні қай күні тойланады? Іс-әрекеттің қай кезеңі сендерге ұнады?

- Барлық адамдар, жер бетінде бейбітшілік болуына атсалысуы керек. Сендер елді, жерді қорғайтын парасатты азамат, мұрагер болып өсулерің керек. Бүгін барлығың өте жақсы жұмыс жасап, сабақтың қызықты өтуіне белсенді қатыстыңдар.

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ақ қанатты, көк қанатты көбелек.

Бағдарламалық мазмұны: Түрлі аспапта орындалған лирикалық сипаттағы музыканы, әндердің мазмұнын түсіну, ойнаған аспаптарды тани, ажырата, көңіл күйді сезіне білуге талпындыру. Балалардың шығармашылық қиялын, көбелектер бейнесін еркін, жеңіл бере білуге, би элементтер түрін ойлап табуын қолдау. Көбелектерге, жәндіктерге қамқоршылықпен қарауға тәрбиелеу.

Пайдаланылатын құралдар: Түрлі түсті көбелектер суреттері; гүлдер.

Іс-әрекет кезеңі:

Жұмбақ: Үстіндегі көйлегі,

Түрлі түсті не керек?

Қызықтырар көргенді, Мұның аты ... (көбелек)

Ән тыңдау. «Бұл қай кезде болады?» Жаз. Б. Ерзакович.

- Әнде қай жыл мезгілі айтылады?

- Ән қалай орындалады?

- Көбелектер жылдың қай мезгілінде болады?

- Көбелек туралы не білесіңдер?

- Қалай ойлайсыңдар: көбелектер көре ме?

- Көбелек қалай тамақтанады?

Көбелектер өте иісшіл келеді. Хош иісті гүлдің иісін үлкен арақашықтықтан сезіп қояды. Көбелектің ұзын, жіңішке тұм­сығы болады, сол тұмсығымен гүлдің тәтті шырынын, жеміс-жидектерді тұмсығымен тесіп, шырынын сорып алады

Ән айту. «Көбелек». М. Әубәкіров.

Қызыл қанат көбелек,

Жасыл қанат көбелек,

Гүлден гүлге қонасың,

Ұстатпайсың, не керек?

***

Ақ қанатты көбелек,

Көк қанатты көбелек,

Қызыл қанат көбелек,

Бақшамызға келе кет.

Ж. Смақов

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Көбелектер биі». Биді жеңіл, денені еркін ұстап, аяқтың ұшымен, қалқып, ұшып, бір-біріне соқтығыспай билеу. Әр баланы өзіндік би элементтерін ойлап табуға және оны мәнерлі орындауға жетелеу.

Музыкалық аспапта ойнау: К. Күмісбеков. «Жаз».

«Еркем-ай», қазақтың халық әні, өңдеген Б. Дәлденбаев.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Жалпы іс-әрекетке қысқаша қорытынды.

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Жаз.

Бағдарламалық мазмұны: Түрлі аспапта орындалған лирикалық сипаттағы музыканы, әндердің мазмұнын түсіну, көңіл күйді сезіне білуге талпындыру. Балалардың шығармашылық қиялын, ұлттық би элементтер түрін ойлап табуын қолдау.

Пайдаланылатын құралдар: Жайлау көріністері, «Жайлауда» тақырыбын бейнелеуге қажетті құрал-жабдықтар (киіз үй, жайылған төрт түлік, қазан-ошақ, т.б.), үнтаспа.

Жаңылтпаш: Жары, қары, шаңы, аңы, малы бар, Суы, нуы, буы, шуы бар.

Осы жаңылтпашта не артық?

Іс-әрекет кезеңі: Қойның толы жеміске,

Көк майсалы еңісте

Көбелек қуып ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Ән тыңдау. «Саржайлау». Тәттімбет. Үнтаспа.

- Айнала жап-жасыл түске еніп, түрлі түсті гүлдер жайнап тұрған кез жылдың қай мезгілі? Бұл қай кезде болады?

- Жаз несімен ұнайды?

- Жазда ауа райы қандай болады?

- Денсаулығымызды шыңдау үшін жазда қандай шаралар жасаймыз?

Күйде жайлаудың кең өрісі, жаздың көрінісі жігерлі, жайдары, көңілді әуенмен көрсетілген. Сендер жайлауға барып көрдіңдер ме?

Ән айту. «Мен жайлауға барамын». Б. Қыдырбекова.

- Жайлау деген не?

- Жайлауға не үшін барады?

- Жайлаудан қай кезде қайтады?

- Жайлауда кімдер тұрады?

- Жайлаудың көрінісін суреттей аласыңдар ма?

- Жаздың келбетін қандай түспен бояуға болады?

- Жайлауда қандай жануарлар болады, олардың төлдері қалай аталады?

- Дұрыс айтасыңдар, жазда демалыста ауылға барып, суға түсіп, денемізді күнге қыздырып, шынығамыз. Айран, қымыз ішіп, сауығамыз. Жалаңаяқ жүрген денсаулыққа өте пайдалы.

Ән көңілді орындалады. Жыл бойы ән айту ережелерін сақтап, ескертусіз орындай алатын дәрежеге жеттіңдер. Дауыс жаттығуын жасап, әнді айқайламай, әндетіп, бір-бірімізді тыңдай отырып айтайың.

Әуенді қимыл-қозғалыс. Түрлі билерден үзінді орындап, жыл бойы үйренген би элементтерін қорытындылау. Му­зыка ырғағымен нақ, дәл, бірлесіп билеу. Вальс ырғағымен жұптасып, аяқты бірге басып билеу.

Музыкалық - дидактикалық ойын: «Балапан мен мысық». Екі бөлімді музыка әуенін ажырата білу.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Жалпы іс-әрекетке қысқаша қорытынды.

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қош бол, балабақша.

Бағдарламалық мазмұны: Әнді түрлі сезімдерін бере, ән сөздерін анық, нақты орындауға талпындыру. Музыка ырғағына сәйкес би элементтерін, қазіргі би элементтерін еркін орындауға баулу.

Пайдаланылатын құралдар: ойыншықтар, Әліппе, оқу құралдары, қоңырау, ойын атрибуттары.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: балабақша, бала-бақша қызметкерлері туралы әңгімелесу, суретке түсу.

Іс-әрекет кезеңі:

Жұмбақ: «Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың» дегенді қалай ұғасың?

- Балабақшада не істеуге үйрендің?

- Мектепке неше жастан барады?

- Мектепте не үйретеді?

- Оқушының Ережесін білесіңдер ме?

Жұмыс барысы: Сен үйреттің сөйлеуді,

Сенде ойым есейді.

Мектепке мен барамын,

Балабақшам, қош енді.

Құшағыңда жарқылдап

Өтті сәби күндерім.

Мектепке барам мен енді,

Балабақшам, қош енді.

Қолыма гүл аламын,

Дайын дәптер - қаламым.

Қуанышпен шаттана,

Мен мектепке барамын.

Біздер жеті жастамыз,

Сәбиліктен асқанбыз.

Мектеп бізді шақырады,

Қош бол, әсем бақшамыз.

Ән тыңдау. Жұмбақ әуендер сайысы: «Айгөлек», «Қоңыраулар сылдыры», т.б. әндерді тыңдау, естеріне түсіру, тану, атау, ажырату.

Тыңдаған әуенге сәйкес кім ең жақсы би элементтерін ой­лап тауып орындайды.

Ән айту. «Қош бол, балабақша». Р. Төлендиева.

Әуенді қимыл-қозғалыс. Қош бол, ойыншықтарым!

Музыкалық - дидактикалық ойын: Әнді тайтұяқ, асатаяқ, т.б. аспаптармен қостау.

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Біз мектепке барамыз.

Бағдарламалық мазмұны: Музыка характері туралы түсінік - танымдарын бекіту. Әнді қуанышты, шаттана, көпке ілесе орындауға баулу.

Би қимылын музыка ырғағына үйлесімді, еркін орындауға төселдіру.

Мектепке, оқуға деген қызығушылығын, оқу құралдарын, заттарға ұқыптылықпен қарау қабілеттерін дамыту.

Пайдаланылатын құралдар: Мектеп, сынып суреттері; оқушыға қажетті құрал жабдықтар.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: Мектеп, ұстаз, оқу құралдары, мектеп ережелері туралы әңгімелеу.

Ата-аналар үшін «Оқушының бөлмесі, оқу орны қандай болуы керек», «Оқушының күн тәртібі» атты тақырыпта көрме, фото қабырға газетін ұйымдастыру.

Іс-әрекет кезеңі:

Жұмбақ:

• Сөзі дана, үні жоқ.

Сөйлемейді, тілі жоқ.

Қолыңа алсаң шешен,

Ақылы асқан көсем. (Кітап)

• Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (Кітап)

• Аппақ дала, қара дән,

Сепкен дәні түсінуге жараған. (Әріптер)

• Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді. (Қалам)

Әліппе

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе - ғылым ағасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

А. Асылбеков

Ән тыңдау. «Көңілді балалар әні». Б. Дәлденбай.

- Ән қандай жылдамдықта орындалды?

- Әнде не туралы айтылған?

- Әннің мәтініндегі «жабырқауды, жалқаулықты білмейміз» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

Бақытты елдің бақытты балалары өте көңілді, сергек, өмірге қүштар болады. Ән арқылы сол көңіл күйді беріп отыр.

Ән айту. «Біз мектепке барамыз». А. Меңжанова. «Біріншіге барамын». Т.Тайбеков.

- Әнде не туралы айтылып отыр?

- Мектепке қандай құрал-саймандар дайындаған?

- Сендер мектепке дайынсыңдар ма?

- Балабақшамен қоштасатын кез келді, сендерде қимастық сезім бар ма?

- Ән қалай орындалды, жылдам ба, әлде баяу ма?

- Сендер ойыншықтарыңды кімге бересіңдер?

Әнді дұрыс, сабырлы айтуымыз керек. Дауысымызды қалыпқа келтіріп, ән айтуға дайындаламыз. Демді дұрыс алып, бөліп шығару керек. Әуенін дұрыс әндете айтып үйрену қажет.

Психологиялық жаттығу: «Түрлі мимикалар».

Әуенді қимыл-қозғалыс. Халық әні «Бипыл».

Музыка ырғағымен түрлі қимылдар жасау. Домбырада ой­нау, толқын, киіз басу, ұршық иіру сияқты би элементтерін жа­сау. Музыка әуенін сезіне білу, қосылып қимыл жасай білу.

Музыкалық - дидактикалық ойын: Үш көңіл күй (мұңаю, қуану, ойнау).

Музыка әуеніне сай қимылды өзгертіп отыру. Көңіл күйді музыка әуенімен ұштастырып, қимыл жасауға дағдыландыру. Бет әлпетінің кескіні салынған қима қағаздармен жұмыс ұйымдастыру.

Қорытынды: сұрақ-жауап арқылы әрбір іс-әрекет кезеңін талқылау.

Балаларды бағалау, мақтау, марапаттау.

 

 

ҚОСЫМШАЛАР

«Астана-Бәйтерек»

Ғасырдан ғасырға жеткен ежелгі аңыз қайтадан жанданды. (Бәйтерек көрінісі.) Аңыз қайтадан тірілді! Есілдің сол жағалауында өзінің бұтақтарын жайып «Астана-Бәйтерек» бой көтерді. Тамаша сәулеттік ғимарат темір, бетон шыныдан жасалған: темір құрылымының биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асады, 500 қада-діңгекке тіреледі.

Дүние жүзінде бірінші рет салмағы 300 тонна болатын шар хамелеон шыныдан жасалған, ол күн сәулесінің түсуіне қарай өз түсін өзгертіп тұрады. Шар 97 метр биіктікте орналасқан.

Бәйтерек - өмір ағашы. Оның негізгі ерекшелігі - басты деңгейден тұрады: төменгі деңгей - жер астында, ортаңғы деңгей - жер бетінде, жоғарғы деңгей - аспан әлемінде. «Бәйтерек» кешенінде Ерболат Толепбай суреттерінің шағын галереясы ұсынылған.

Сондай-ақ дәмхана, аквариум орналасқан.

Шолу лифті арқылы «Бәйтерек» ағашының бұтағымен ортаңғы деңгейге көтеріліп, содан соң аспан деңгейіндегі шарға тап боласыз.

Шардың ішінде бар орналасқан, көру залынан астананың жаңа келбетін тамашалай аласыз.

***

Монументтің жоғарғы бөлігінде Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың алақаны мен күміс бойтұмар орналасқан. «Аялы алақан» композициясының ортасында оз халқына келісім мен достық, бейбітшілік кепілі болуға, барлық Қазақстан халықтарымен бірге жарқын болашаққа жетелеу арманын жүзеге асыруға ант берген Президенттің оң қолының таңбасы бар үшбұрышты тұмар орналасқан.

«Аялы алақанның» қасында Бірінші дүниежүзілік діндер съезінде 17 елдің өкілдері оз тілектерін қалдырған тағы да бір көрініс орын алады.

Бейбіт күнде туымыз

Көктегі күнмен тілдесті.

Сол көк тудың астында

Бар қазақ мәңгі бірлесті.

«Бәйтерек» сөзінің мағынасы - өсіп тұрған жас, мықты ағаш деген ұғымды білдіреді.

«Астана-Бәйтерек» монументі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеден келе жатқан, тамыры тереңге кеткен тарихи - рухани мәдениетін білдіреді.

«Астана-Бәйтеректен» мемлекетіміздің өткені мен бүгінгісі, болашаққа деген үміті анық көрінеді.

Тамаша «Бәйтерегі» Астананың,

Айшықты белгісі сол жас қаланың,

Жер шары жатыр сыйып дос құшаққа

Аспалы бесігіндей жас баланың.

***

Қара таудай үшбұрышты ғаламат,

Жалт қарайсың атын естіп бағалап,

Ақ мойнына Алла тұмар таққандай

Астанаға орнатылған аманат.

«Пирамида» Еуразияны нұрлы етті,

Жер-жаһанды жалт қаратты Астана

Еуразиялық айғақ болып үлгісі.

Батыр ата

Аты аңызға айналған ұлт мақтанышы, жазушы, Халық Қаһарманы - Бауыржан атамыздың 100 жылдық мерейтойы тойланды.

Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенінде, анасы Рәзия, әкесі Момыш отбасында дүниеге келген. Аз уақыт Евгеньевка ауылындағы орыс мектебінде оқып, Жамбыл қаласындағы Асы интернатында оқуын жалғастырады.

1928 жылы Шымкенттегі жеті жылдық мектепті үздік бітірген соң, бастауыш мектепте мұғалім болып қызмет істейді. Бауыржан Момышұлы өзінің естеліктерінің бірінде «Менің мансабым ауылдық милиционер қызметінен басталған. Содан бастап өз орнымды әдебиеттен іздей бастадым» дейді. Содан Қызыл Армия қатарына шақырылады. Бауыржан Момышұлы Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты оқиды, Ворошилов атындағы әскери академияның тыңдаушысы, Кеңес Армиясы Бас штабының жанындағы Жоғары әскери академияны бітіреді. 1941 жылы 22 маусым күні, таңғы төртте фашистік Германия Кеңес Одағына қарсы соғыс ашты. Алматы қаласында генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен 316-атқыштар дивизиясы жасақталып, сол дивизия құрамында командир Бауыржан Момышұлы майданға аттанады. Сұрапыл соғыс жылдары Бауыржан Момышұлы бастаған дивизия ерен ерлік көрсетеді. Мәскеу түбінде батальоны қоршауда қалып, бірнеше күн полкпен байланысы болмайды. Осыған қарамастан, күші басым фашистермен айқасып, Волоколам тас жолы бойымен дұшпанның шабуылын тоқтатады. Отан үшін, жерін, ұрпақтарын, өз халқының намысын қорғау мақсатында басын талай отқа, өлімге байлаған батыр Бауыржан.

Жаралғандай жалыннан

Жайсаң батыр Бауыржан.

Естігенде есімін,

Жау есінен жаңылған.

Бұзып-жарып қоршауды

Жолсыз жерден жол салды,

Достар түгіл, ерлігін

Қасы да естіп тамсанды.

Е. Ерботин

1990 жылы Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Бауыржан атамыз шығармашылық өнер жолын 18 жасынан бастаған. Соғыс кезінде де күнделігінде жақсылықты, жаманшылықты да, шындықты ашық жаза білген. Ұлы тұлға, даңқты қолбасшы, қаламгер, батыр Бауыржан Момышұлының: «Офицердің күнделігі», «Біздің семья», «Бір түннің тарихы», «Москва үшін шайқас», «Жауынгердің тұлғасы», «Генерал Панфилов», «Төлеген Тоқтаров», тағы басқа көптеген еңбектері жарық көріп, басқа елдердің тіліне аударылуда.

2010 жылы 10 желтоқсанда Алматы қаласындағы 28-Панфиловшылар паркінде Бауыржан атамызға ескерткіш қойылды.

Қазақстанның әр қаласында Бауыржан Момышұлы есімімен аталатын мектептер мен көшелер бар. Бауыржан атамыздың музейі бар.

Қорқыт ата

Қорқыт ата қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі мәңгі ұмытылмас ірі тұлға, ұлы өнерпаз, асқан күйші, қобыздың атасы.

Қорқыттың күйі мен қобызын халқымыз қастерлеп, бүгінгі күнге дейін сақтап келе жатыр.

Қарақожаұлы Қорқыт ата қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағасында 8-9 ғасырларда өмір сүрген.

Қорқыттың шешесі нәрестені тоғыз күн қатты толғатып, ерекше бір қорқынышты жағдайда өмірге әкелген. Сырдарияның жағасын қара тұман бұлт басып, үш күнге дейін күн көзі ашылмайды. Қара түнектен қорыңнан халық жаңа туған баланың атын Қорқыт деп қойған.

Қорқыт ата қобыздан күй төгіп, өмір жырын толғап тұрғанда оған ажал батып келе алмаған. Содан бері қобызды халқымыз киелі санаған. Қорқыт ата өлмейтін ғұмырды табады. Ол - қобыз.

Қобыз қиын-қыстау, тар жолдарда Қорқыт атаның өзегін талдырмас қорегі, ақыл-ойын өрбіткен, арып - шаршағанда шабыт берген, сергіткен өмір серігі болған:

Жиһан кезіп жүргенде

Серік қылған қобызым.

Өзек талған кезімде

Талшық қылған қобызым.

Таусылғанда амалым

Нақыл берген қобызым.

Шағылғанда тауаным

Ақыл берген қобызым.

Шалдыққанда шаршатпай

Сүйеу болған қобызым.

Жабыққанда мұңайтпай

Сазым болған қобызым.

Замананың сағымын

Күй ғып тартқан қобызым.

Сарылғанның саласын

Сыр ғып тартқан қобызым.

Қорқыт ата адам жүрегін тебірентетін толғауы тоқсан түрлі күй шығарған. Сол кейбір күйлері біздің заманымызға дейін жетіп отыр.

Қорқыт атаның күйлері: Ұстаз, Аңқу, Елім-ай, Қоштасу, Кілем жайған, Қорқыт күй, Башпай, Ұшардың ұлуы, Желмая, Сарын, Қоңыр.

Қорқыт атаның нақыл сөздері:

- Самай шашы ағарған баба көрікті,

Ақ сүтіне тойғыза - тойғыза емізген ана көрікті.

- Тізесін бүгіп отырған инабатты әйел көрікті.

- Қыз анадан көрмейінше, іс түзелмес.

- Ұл - атаның ері, екі көзінің бірі.

- Дәулетті ұлың болса, ошағыңның қоры болар, Дәулетсіз ұлың болса, атаңның көрі болар.

- Өнегелі бала көрікті, т.б.

Қорқыт атаның сегіз қырлы күмбезді мазары қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Темір жол станциясында, ол қазір «Қорқыт» деп аталады. Су шайған бұрынғы бейіттің орнына жаңа ескерткіш орнатылды. Ол ескерткіш - биік төрт қобызды бір-біріне сүйеп, біріктіріп жасаған.

Қазақтың аңыз әңгімелерінде Қорқыт атаның ең соңғы күйі «Башпай» деп аталады.

Қорқыт ата кітабы осы күнге дейін Дрезден қаласында он екі жырдан тұратын қолжазба күйінде және Италияда алты жырдан тұратын қолжазба күйінде сақталып келеді. Қорқыт ата кітабы VIII ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы деуге болады.

ДОМБЫРА

Домбыра - қазақ халқының арасында өте ерте заманда кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған, қос ішекті, шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Домбыра әртүрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып, немесе құрап жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі. Домбыраның екі ішектісінен басқа да үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды.

I. Домбыра туралы аңыз. «Ертеде бір аңшы жігіт болыпты, - деп айтылады «Қос ішек» күйінің аңызында. - Сол аңшы жігіт биік таудың қиясын, қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы-маралды аулап, кәсіп етсе керек. Бірде жолы болып, биік таудың қиын қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек-қарынын алып тастайды. Содан, арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал жер еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішегін қарға - құзғын іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғарады. Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. Оның өзі бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай болып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге бөлейді. Сол жерде аңшы жігіт: «Қой, мына қос ішекке тіл бітейін деп түр екен, бір амал жасайын», - деп, ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді. Бұл үн аңшы жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады».

II. «Ақсақ құлан» аңызы. Қаһарлы қаған кімде-кім ұлының өлімін естіртетін болса, көмекейіне қайнап тұрған қорғасын құюды бұйырады. Сол кезде ешкімнің жүрегі дауаламай тұрғанда, бір домбырашы келіп, «Ақсақ құлан» күйімен естіртеді. Екі көзінен жас аға тыңдаған қаһарлы қаған: «Құй мынаның көмейіне!» - деген бұйрық береді. Домбырашы орнынан ұшып тұрып: «Дат, тақсыр! Мен емес, мына домбыра ғой Сізге естірткен», - дейді. «Олай болса, домбыраның шанағына құй қорғасынды!» - дейді қаған. Содан бері қазақ домбырасының шанағында тесік пайда болыпты мыс.

III. Жаумен күрестен, ұзақ жолдан шаршап-шалдығып келе жатқан батыр жолда тоқтап, демалмақшы болады. Жар жағасындағы көлеңкеге отырған батыр ағаштың бөлігін кесіп алып, оған аттың қылын тартып, өзі жасаған аспаптан дыбыс шығармақшы болады. Бірақ аспап дыбыс бермейді. Оны ба­тыр қасына қояды да, ұйықтап қалады. Бір кезде оянса, аспаптан өздігінен дыбыс шығып жатыр екен. Аспапты қолына алып қараса, домбыраның басына, ішектің астына салынған ағаш кертпені көреді де, мұны шайтанның ісі деп шешеді. Сонан бері халық арасында бұл "шайтан тиек" деп аталып келеді. Ат қылынан тартылған ішекті, тиексіз аспаптар ерте кезде қолданылған.

Екі ішектің бірін қатты,

Бірін сәл - сәл бос бұра.

Нағыз қазақ - қазақ емес,

Нағыз қазақ - домбыра.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР

Зейін, есте сақтау қабілеттерін дамыту

Балалар зал ішінде кең, еркін, белгілі бір қалып (бейне, тұрыс) жасап тұрады. Музыка ойнаған кезде жүгіріп, би қимылдарын орындап, музыка аяқталған сәтте өз орнына, бастапқы қалпында тұра қалуы керек.

Осы нұсқада «Өз орныңды тап», «Жұбыңды тап» ойындарын ұйымдастыру.

Көлеңке

Балалар екі-екіден бірнеше қатарға тұрады. Бақылаушы тобын сайлауға болады.

Бірінші баланың артында тұрған бала (2 қадам кейін) ол -«көлеңке».

Бірінші бала не істесе, қандай қимыл жасаса, «көлеңке» соны бұлжытпай орындауы шарт. Музыка аяқталғаннан соң бақылау тобы «көлеңкелердің» қимыл сәйкестігін талдайды.

Неше дыбыс

Музыка жетекшісі түрлі аспапта дыбыстайды. Балалар саусақтарымен, немесе цифр жазылған таратпа карточкамен неше дыбыс екенін көрсетеді. Осы нұсқада төмен, жоғары дыбыс (қолдарын көтеру, төмендету; отыру, түру) ойынын ойнауға болады.

Музыканы бейнеле

Әр балаға айна, бет бейне кескіні салынған карточка таратылады.

Музыка аяқталған соң айнаға қарап, музыканы бейнелеу (сабырлы, мұңды, қуанышты), карточкаға сол бейненің суретін салу.

Ишара мәнерлілігі

Робот

3-4 баладан құрылған топ отырған балаларға түрлі ишарамен қимылдар көрсетеді. Балалар әр Роботтың көрсеткен қимылының шешімін айтып беруі керек. Мысалы: «Бұл мен», «Бұл сен», «Менікі», «Сенікі», «Бермеймін», т.с.с.

Ынтымақты отбасы

Ойынның басты шарты отбасы мүшелерінің іс-әрекетінен, заттармен жұмыс жасағандай нақты көрініс көрсете білу.

Тәрбиеші және 1-3 бала бақылау топ мүшесі болып сайланады.

Топтағы балалар өз келісімдері бойынша отбасы құрамын жасайды. Топта неше адам, неше топ болуы шарт емес.

Балалар орындықта, жарты шеңбер бойымен, түрлі қалыпта отырады. Әрқайсысы іс-әрекет жасап отырады: біреуі - ас дайындайды, 2 - теледидар көріп отыр; 3 - сурет салу; 4 - бесік тербетіп, ән орындауда; 5 - тоқыма тоқуда, т.б. (бір-бірінің ісін қайталамау).

Ойын соңында бақылау топ мүшелері қорытынды жасап, қай команда жеңіске қол жеткізіп, «Ынтымақты отбасы» болғандығын жариялайды.

Тыныш-тыныш

Топтағы балалар арасынан 2-3 мысық сайланады, қалған балалар - тышқан. Белгіленген аумақта (жер, үйлері) тышқандар ақырын басып шығып, мысықайды оятып алмайық деп, саусақтарын ауыздарына қойып, «Тыныш - тыныш» - дей жүріп, түрлі қимыл-қозғалыс жасайды, мысалы: бір-біріне «мен», «сен», «бәріміз» деп келісіп, бірі тұрып, отырып, бірі аяғының ұшымен жүгіріп, т.б қимылдарды ыммен орындайды. Музыканың ырғағына сәйкес мысықай оянады, тышқандар үйлеріне қаша жөнеледі.

Ал да ары қарай бер

Балалар жерде кілем үстінде түрлі қалыпта (шеңбер, үшбұрыш, сопақша, төртбұрыш, т.б.) отырады. Содан шартты затты бір-біріне береді. Бақылаушы қарап тұрып, нақты затты бір-біріне бергендігін байқауы керек. Ойын соңында ойын бастаушы және ойынды аяқтаушы түрегеледі. Бақылаушы ең алдымен өзі ойын бастаушының қүлағына қандай зат деп болжағанын айтады және бастаушы мен аяқтаушының жауабын алады. Содан соң балалар бір-біріне қандай затты бергендерін айтады. Ойын соңында қорытынды жасалады:

1. Шартты зат не? 2. Балалардың отырыс қалпы (ұлдар қалай? (малдас құрып т.б.), қыздар қалай отырды?).

Бұлшық етті қатайту, ширату, босаңсыту, дамыту

Мақсат: қол мен алақан бұлшық етін дамыту (бүршік, қағаздан жасалған түйіршіктер, пенопласт, т.б.)

Жұмбақ:     Жаңғақ жауған орманда

Күндіз қорек айырып,

Жатады кеш болғанда

Өз құйрығын жамылып.

Бұл не ?

Тиін кезек-кезек балаларына бүршік, жаңғақ, саңырау - құлақ, т.б заттарды лақтырады. Балалары жаңғақты, не бүршікті қағып алып, алақанына салып қысып ұсақтап тастауы керек.

Мұз сүңгілер

Жұмбақ:     Отқа жанбайды,

Суға батпайды. Бұл не ?

Ойын бастаушы: Мұз сүңгілері қалай пайда болады?

Су тамшысы қалай тамшылайды: тырс – тырс - тырс (еңкею).

Шатырда мұз сүңгісі пайда бола бастады: қол жоғары көтерілген: тырс - тырс-тырс (еңкею).

Міне, мұз сүңгісі пайда болды (қолды ақырын төмен түсіру).

Кімнің мұз сүңгісі қандай? (қолдарымен көрсету).

Өмір қауіпсіздігін сақтау: қыста үйдің қабырғасына жақын жүруге болмайды! Неге? Шатырда мұз сүңгілері бар, ол мұз сүңгілері өмірге өте қауіпті! Қалай жүру керек? Шатырдан алыс, алыс!

Түрлі түсті түйіршіктер

Ойын бастаушы балаларға түрлі түсті кішкентай резеңке түйіршіктер таратып, бірден саусақтарын (алақандарын) жұмдырады. Ойын бастаушының санауы бойынша түйіршіктерді алақандарында қысып, ашады.

Ойын бастаушының: «Алақандарыңды ашыңдар, өз түсің бойынша жұбыңды тап!» деген бұйрығы бойынша, музыка аяқталғанша тез арада түсі ұқсас не бірдей түйіршіктерді тауып алуы керек.

 

 

 

 

 

ТАҢДАНУ, ҚУАНЫШ ЖӘНЕ МЕЙІРІМДІЛІК СЕЗІМІН

БІЛДІРУ

Қарсы алу, кездесу

Жазғы демалыс. Жазғы демалыста бала атасына, әжесіне қыдырып кетеді. Күзге қарай үйіне қайтады. Алып кеткелі ата-анасы келеді (сағыныш, қарсы алу); қалаға келген соң досын кездестіреді. Бір-біріне қуанышын білдіру (қарсы жүгіру, құшақтасу, күлу, т.б.)

Мейірімділік

Балалар көздерін жұмып отырады, бір бала әр балаға бір ойыншықтан береді. Балалар ойыншықты сипап отырып қандай ойыншық екенін анықтап, көзін ашпай дауыспен, қимылмен ойыншығын атайды. Сол жануарына деген мейірімділік сезімін білдіреді. Қозы - балаға қарай жүгіреді, сүзіседі; мысық - адамның қолына, аяғына сүйкенеді, т.с.с.

Бұл ойынды шағын топпен ойнауға болады, себебі келесі топ бақылап, өздері ойнаған кезде сезім қимылдарын қайталамауға талпындыру қажет.

Ұйықтап жатқан мысықай

Балалар бірнеше топқа бөлінуі мүмкін. Бір топта 3-4 бала. Мысықай тобы белгілі бір атпен аталады. 1-топтағы балалар ұйықтап жатқан мысықайды бейнелейді (дем алу, іштерін қозғау - тарту, аунау, керілу, созылу, т.б.). Қалған балалар қай топтағы мысықайлар қызық ұйықтайтындығын бақылап, салыстырып, қорытынды жасайды.

Бұл ойынды түрлі «төлдер, боталар, төрт түлік» варианты бойынша ұйымдастыруға болады.

Таңғалу, тамсану сезімдерін дамыту

Сиқырлы себет

Мақсат: балалардың ой-қиялын дамыту, сезімдерін бере білуге жаттықтыру.

Тәрбиеші алдын ала себетке басқа жануарды немесе құсты салып қоюы керек. Себеттің екі түбі болу керек.

Тәрбиеші: Әже себетке тауықты салып, алыс жол жүріп, шаршаған соң отырып демалады. Осы кезде себеттен бір дауыс естіледі...

Қалай ойлайсыңдар, қандай дауыс, не қандай дыбыс? Балалардың жорамал жауаптары. Себетті ашып қалсақ ... не екен?

Балалардың таңғалу сезімдерін талдау.

Тәтті тағам, ащы тағам

Бала қолына қорапша, қағаз қапшық ұстап (себет), кезек-кезек балаларға ұсынады. Балалар қорапшадан бір нәрсені алып, ілтипат білдіріп, алған нәрсесімен әрекет жасай бастайды (кәмпиттің қағазын ашады, аузына салып, бет қимылымен шайнау, қатты затты тістеп шайнау, тамсану, күлімсіреу, ашырқану, т.б.) бет қимылы - мимикамен жеген тағамының дәмін бере білу.

Түрлі мимика

Музыка сипатын бере білуге, берілген сипатты түрлі түсті бояу таңдауға жаттықтыру. Мимикалар салынған дайын және контур салынған карточкалар.

Музыканы сипаттауда дайын карточкадан қажетті сипат­ты ашып, қалғанын жауып қояды. Контурда сипатты өзі бейнелейді: жайлылық - тандану — күлкі - көңілді — ашулы — жылау — тыныштық — қуаныш — ызалы.

ҮЛТТЫҚ САЗ АСПАПТАРЫ

Қобыз

Қара қобыз - ерте заманнан аңыз болып халық арасында кеңінен таралған аспап. Қиғақты аспаптардың негізі - қобыздың пайда болуын ел аңызы атақты музыкант Қорқыттың (VІІІ ғасыр) есімімен байланыстырады. Қобызды емен, ұйеңкі, қарағаш сияқты ағаштың қатты түрлерінен жасайды. Оның беті ашық, түп жағына түйенің немесе ешкінің терісі тартылып, құлағын ырғайдан, тиегін ортекенің мүйізінен жасап, ысқышпен ойналады. Сыртын ақ түйенің сүтімен сылаған. Орындаушылар аспаптың дауысын күшейту үшін оның шынашағының ішіне, қысқа мойнына металл сылдырмақтар мен қоңырау тағатын болған.

Аңыздың айтуы бойынша, қобыздың қыл ішекті, таспа ішекті, жез ішекті түрлері болыпты. Қобыз аспабының екі ішектісімен қатар - үш, төрт ішекті түрлері болған. Қыл ішектіге жылқының құйрығының қылын талдап тағып, «қыл қобыз», таспа ішектіге нар түйенің қайысынан таспа ширатып тағып, «нар қобыз», жез ішектіге жезден ызып тағып, «жез қобыз» деп атаған. Осылай жасалуына қарай бұлардың үндері әрқилы болып келеді.

«Қобыздың ішегімен саусақтар жүгіріп өткенде, - деп жазады академик П.Паллас, - шығатын дыбысы аңқудың үніне ұқсайды, ал аспаптың мойыны да аққудың мойыны сияқты иіліп келеді».

Нарқобыздың салмағы 20 қадақ, қылқобыздың салмағы 15 қадаққа шейін болыпты.

Қобызды мойынға асып, не қанжығаға байлап жүруге ыңғайлы болуы үшін киізден қап жасаған. Ондай қап күн өткізбейді, ылғал сіңірмейді. Аспаптың ұзақ сақталуы осыған байланысты.

Қобызда бұрын бақсы-балгерлер де емдік мақсатта ойнаған. Олар аспаптың дыбысына, оны меңгеруге үлкен мән берген. Қорқыт атамыз:

Қара еменнің өзегін ойып алған қобызым,

Ақ түйенің сүтіне сылап алған қобызым.

Сырыңды ашып, үніңді сынап алған қобызым.

Құлақ астым сыбысқа, Ой толғадым дыбысқа.

Сырын түйіп түйсікке, Үн жинадым тынысқа, -

деп жазған.

Шертер

Шертер - ішекті-шертпелі аспаптарға жататын, беті терімен қапталып жасалатын, үш ішекті, шертіп ойнайтын көне аспап. Ішегі жылқы қылынан тағылғандықтан, ертеде ол «шертпе қыл» деп атаған. Осы нұсқасында ол қылқобызға ұқсас, алайда ол ыспалы емес, шертпелі аспап. Қазіргі кезде шертер ең көнесі (архаикалық) және дамыған нұсқасы деп бөлінеді.

Жетіген жайлы аңыз

Бұл өзі көне заманда болған екен. Қатыгез жұттан соң тігерге тұяғы қалмай, жеті ұлынан түгел айырылған күйші ақсақал үлкен тауқыметке душар болады. Үлкен ұлы Қаниядан айырылғанда, қайғылы көңілін жұбатпақ үшін кеспектің ішін ойып, оған қақпақ етерлік тері табылмаған соң, жалғыз ішек байлап, асықтан тиек орнатады да, «Қарағым» атты күй шығарады. Бұдан соң іле-шала өлген екінші ұлы Торалымға арнап екінші ішекті байлап, «Қанат сынар» күйін тартады. Ал үшінші ұлы Жиделі қайтыс болғанда, таяғына үшінші ішек тағып, «Құмарым» атты күй шығарады. Ал төртінші ұлы Бекенге «От сөнер», бесінші ұлы Хауасқа «Бақыт көшті», Гүлзарға «Күн тұтылды» күйлерін арнайды.

Соңғы ұлының қазасынан соң қайғы-шерден қабырғасы қайысқан қарт аспабына жетінші ішек тағып, «Жеті ұлымнан айырылып құса болдым» деген күй шертеді. Бұл шығармалар «Жетігінің жетеуі» деген атпен бізге жеткен, халық арасында көп тараған шығармалар. Қазіргі кезде жетіген аспабы көптеген ансамбльде ойналады.

Адырна

Адырна - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан көп ішекті музыка аспабының бірі. Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Садақ атып, жебе тартып, аң-құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ пішінді болды. Кейін бұл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып жасады. Әуелі ағаштан құрап шанақ, мүйіз жасалынып, шанақтың асты-үсті терімен қапталады. Мүйізге жағалай құлақтар бекітіліп, ішектер байланады. Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне қойып, оң қол, сол қол саусақтарымен іліп тартып ойнайды.

Шаңқобыз

Шаңқобыз - бітімі бөлек, ойналуы ерекше, көне музыкалық аспап. Үні құлаққа жағымды, адам дауысына жақын. Аспапта ойнау ерін мен тістің арасындағы қуысқа тікелей байланысты. Ойнау кезінде орындаушы оң қолымен тілшенің ұшын шалып отырып, шапшаңдата дыбыстайды. Дыбысы тілшені қозғалысқа келтіргенде шығады. Аспапта жеке ән-күй орындап қана қоймай, басқа да көне музыка аспаптарымен бірге халық әуендерін сүйемелдеуге болады. Шаңқобыз аспабының құрылысы қарапайым, жұқа тақтайшадан жасалады.

Сазсырнай

Қазақтың үрмелі халық аспаптарының бір түрі - сазсыр­най. Ол уілдеуіктер қатарына жатады. Уілдеуік үрмелі аспаптардың да бір тобы болып табылады. Аспаптардың бұл тобына жататындары: сазсырнай, қамыс сырнай. Дауыс бояуы ортақ болғанмен, бұл аспаптарды сыртқы құрылысы, ойнау тәсілдері арқылы бір-бірінен айырып алу қиын емес. Сазсырнай саз балшықтан күйдіріліп немесе ағаштан жұмыртқа тәріздес етіп жасалады. Оның бетіне өрнек ойылып салынады.

Сазсырнай ертеде кішкентай балалардың сүйіп ойнайтын аспабы болған. Бұл аспаптың бүйірінде орналасқан 3, 6 тесікті басып, үрлеу арқылы жан-жануар мен құстардың дауысын дәл келтіріп ойнаған. Қазіргі уақытта сазсырнай нәзік әуезімен, тек өзіне ғана тән үндік бояуымен қазақ музыка өнерінде кеңінен қолданылып, көпшіліктің көңілінен шығып жүр. Көптеген оркестрлер мен көркемөнерпаздар ансамбльдері сазсырнайды кеңінен қолданады.

Үскірік

Үскірік - үрлеп ойнайтын аспаптардың көне түрі. Саусақпен басып дыбыс шығаратын үш тесігі бар. Сазбалшықтан күйдіріліп жасалады. Аспаптың дыбысы үскіріп соққан боран мен қатты желдің уіліне ұқсас болғандықтан - үскірік, кей жерлерде уілдек деп аталады.

Сыбызғы

Сыбызғы жасау қиын емес. Оны қурай, қамыс, ағаш, металл, пластмассадан да жасап алуға болады. Сыбызғының жіңішке, жуан, қысқа, ұзын болып сыртқы тұрқы ерекшеленіп отырған. Қурай немесе ағаштан жасалған сыбызғының үніне қарағанда, металдан жасалған сыбызғының үні қатаңдау келгенмен тазарақ шығады. Қурай мен ағаш сыбызғының үні сабырлы, баяу, қою. Ел арасына кең тараған сыбызғының түрі қурайдан немесе ағаштан жасалған. Оның ұзындығы 50-70 см болып келеді, сыбызғының түтікшесінің іші мұқият тегістеледі. Түп жағына 3-4 ойнау тесігі ойылады. Кейбір жетілдірілген сыбызғыда 12 тесікке дейін болады. Аспаптың дауысы жақсы шығу үшін, сыртына ұсақ малдың жіңішке ішегін кигізіп қаптап, ойнар алдында сыбызғышы түтікшенің ішін сулап отырады.

Сыбызғы ерекше жаттығуларды талап ететін аспап. Түтігінің жоғары аузын күрек тіске тақап, ерін мен тілдің көмегімен түтікке тербелген ауа толқыны белгілі бір қысыммен бағытталады. Осының нәтижесінде ызыңдаған үн шығады. Бұл үн тесіктер арқылы музыкалық жүйеге келтіріледі.

Ертеде сыбызғы атағы қазақ даласына кең тараған аспап болған. Оның бірнеше түрін Ш. Уәлиханов халық арасынан жинап, Петербург музейлеріне табыс еткен. Біздің заманымызда сыбызғы халық аспаптар ансамбльдері мен оркестрлерінде қолданылады.

Бұғышақ

Бұғышақ - сүйек пен мүйізден жасалатын аспап. Аспаптың дыбысы марал мен бұғы дауысына ұқсас болғандықтан, жайылып жүрген маралдарды бір жерге жинау үшін қолданылады. Аспаптың бұғышақ аталуы «бұғы шақырғыш», «бұғы сыбызғы» деген түсініктен туындаған.

Керней

Керней - сирек кездесетін аспап.

Керней тұтасымен металдан жасалады. Кернейге дыбыс ойықтары салынбайды, үрлеу арқылы дыбыс шығарылады.

Кернейдің жез металынан жасалатын үлгісінің жалпы ұзындығы 1 метр 50 см, ені 30-35 см болып жасалса, ағаштан жасалатын кернейдің ұзындығы 1 метр, шеңбер аумағы 20-25 см етіліп, сыртына түйе өңешін қаптап жасайды. Бұл - ағаштың жарылып кетпеуі үшін қолданылатын халықтың әдіс.

 

 

Асатаяқ

Асатаяқ - сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Бұл аспаптың о заманда екі түрі болыпты. Біріншісін «Асатаяқ», екіншісін «Құтпатаяқ» деп атапты. «Асатаяқ» -«аса» және «сүйеніш» деген сөз ұғымдарынан құралған. Сыртқы көрінісінің өзі сиқырлы әсерге бөлейтін аспап. Аспаптың 1,5 м шығыршықты сүйеніш өзегі, оған орналасқан 3 не 6 қырлы сыртқы шыңылтыр жаңғағы, түрлі түсті моншақтардан шоқ түзіп тізбектелген сәкәүлі, домалақ дүңкілдеткіштері болады. Сопақ күмбезді асатаяқты ырғап, шайқап ойнайды.

Асатаяқты халық рухани саз аспабының ең қасиеттісі деп, қадірлеп ұстаған. Асатаяқты кез келген адамдар ұстамаған, сондықтан ел арасында сирек кездескен саз аспабының бірі бо­лып саналады.

Дудыға

Дудыға ерте заманда батырлар ғана ұстаған саз аспабы.

Сегіз қырлы күмбезді, әрқайсысының ішіне бітеу сылдырмақтар қадалған, күмбездің сыртынан еменнен жасалған домалақ жарғақ қаққыштар тағылған, қондырғы өзегінің ұшар басы меруерт моншақ, лағыл-маржан, інжу және басқа асыл тастармен безендірілген, күмбез сүйегі әрқилы шыбықша кергіштерден құрастырылып, қондырғы өзегінің шығыршықты ұясына сұғыныстыра бекітіп, сыртын шала иленген көнмен қаптап, әшекеймен безендіріп шығаратын саз аспабын дудыға деп атаған.

Ду-дуға қосылды деген ұғымнан туындаған дудыға саз аспабы батырлардың дулы шайқасын күйге түсірген.

Эпоста:

Дудыға сілкіп қағайын,

Дұшпанға орай салайын,

Ырық бермес бұзықтың,

Басын қағып алайын, - делінген жыр жолдары бар.

Даңғыра

Ұрмалы аспаптардың тағы бір түріне даңғыра жатады. Даңғыра дабылға ұқсас келеді, айырмашылығы сол, көн терімен ағаш шеңбердің тек бір ғана беті қапталады да, екінші жағы қуыс болады. Сол қуыс жағындағы шеңбердің ішкі жиегіне әр түрлі металл сылдырмақтар, теңгелер ілінеді. Сондықтан дабылға қарағанда даңғыраның дауысы қаңғырлақ, тарсылы ащы болып шығады.

Даңғыра тектес аспап Азия халықтарының көпшілігіне ортақ. Олар тұрпаты жағынан әртүрлі болғанмен, атаулары үндес. Оны қырғыздар туа, хақастар дүңгір /дюнгюр/ деп, өзбектер дойра, үйғырлар дап, моңғолдар дунгурга, чуваштар хангарама деп атайды.

Даңғыраны ғасырлар бойы абыздар мен бақсылар пайдаланып келеді. Сондықтан да даңғыраның бетіне әртүрлі нанымдық суреттер салынатын. Күні бүгінге дейін даңғыраның ұлттық ою-өрнекпен көркемделуі де осы көне әдеттен қалса керек. Қазақтың республикалық саз аспаптары музейінде сақтаулы тұрған көне даңғыраның бетінің диаметрі - 35 см, биіктігі - 5 см.

Даңғыраны белгілі шебер Дәркембай Шоқпарұлы жасаған.

Дауылпаз

Адам баласының ең алғаш ұрып ойнайтын аспапты ойлап табуы, ұрғылай тоқпақтаған кезде үн шығаратын аспап жасау қиынға түсе қоймаған. Ол үшін кез келген өзегі шірік, отқа күйген қуыс ағаштың кесіндісі мен таяқша жарап жатыр. Ұрмалы саз аспаптарын әртүрлі заттардан: сырты жұмыр бітеу ағаштан, сүйектен, металдан, тұяқтан, мал терісінен жасай береді. Ұрмалы аспап әуелі адамдардың күнделікті күнкөріс мұқтаждығын өтеу үшін қажет болған. Ертеде аңшылық, саятшылың, қүсбегілік салт-дәстүрлерде қолданылған жабайы ұрмалы аспап бірте-бірте сазды аспапқа айналады. Кейінірек, қоғамдық тұрмыс күрделене келе, ұрмалы аспаптардың үні арқылы адам баласы жан дүниесіндегі қуанышын да, күйзелісін де білдіре алатындай деңгейге жеткен. Осы аспаптардың ырғағына беріліп адамдар өн айтқан, еңбек еткен, биге еліктеген, жаулармен сайысқа түскен.

Ұрмалы саз аспаптар соғыс кезінде де пайдаланылған.

Ұрмалы ұлттық аспаптар туралы деректер қазақтың батырлық жырларында да кездеседі. Ұрмалы аспаптарды жаугершілік заманда қатер, қауіпті білдіру үшін қолданған. Ұрмалы аспаптар саятшыларға да, малшыларға да жәрдемші болған.

Халқымыздың ұлттық саз аспаптар қорында ұрмалы аспап түрлері көп. Олардың әрқайсысының өз орны, атқаратын қызметі бар. Ұлттық аспаптардың музыка әлемінде де алатын орны ерекше. Ұрмалы аспаптарсыз бірде-бір ансамбль иә болмаса оркестр болмайды.

Дабыл

Дабыл - ұрып ойнайтын аспап. Оның екі жағы да терімен қапталады. Теріні керіп түру үшін құлақшалар жасалады. Дабылды саусақпен немесе арнайы жасалатын басы жұмыр шағын таяқшамен ұрып ойнайды. Дабылдың үні (дыбысы) - терінің жұқа немесе қалыңдығына, терінің қатты немесе орташа керілуіне және арнайы жасалған қорапта сақталуына байланысты болып келеді. Дабылдың шанағы тал, қайың, тораңғы секілді иілуге көнетін ағаштардан жасалады.

ОРЫС ХАЛЫҚ АСПАПТАРЫ

Домра

Домра аспабының формасы да, аталуы да басқа ұлттар аспаптарымен үндес. Домра 3 және 4 ішекті болған. Негізінен халық арасында көп таралғаны 3 ішекті домра.

Варган

Варган - көне музыкалық аспап. Бұл аспап әр халықта әртүрлі аталады. Ерте заманда варганда ойнау адамның сана-сезімін тазартады, адамның барлық ағзасын, өмірлік күш-қуатын нығайтады деген жорамал болған. Қазіргі ғалымдар ол жорамалды растайды.

Адамдар темірді білмей тұрған кезде варган пластинадан жасалса, қазақ халқы шаңқобызды ағаштан жасаған.

Бубен

Бубен - ұрмалы музыкалық аспаптар қатарына жатады. Ағаштан жасалған шеңбердің бір жағы терімен қапталған. Бубеннің «тулумбас» және «набат» деген түрлері болған. Бұл аспапты негізінен соғыс кезінде көп пайдаланған. Оның үні бойынша түрлі бұйрықтар берілген. Олардың көлемі соншалықты үлкен болуына байланысты оны 4-5 атпен сүйреп жүрген. Халық арасында бубенде ойнайтын шеберлер түрлі тәсіл қолданған: бубенді лақтырып, қағып алу, басына, тізесіне, кейде тіпті иегіне, мұрнына соғып, шынтақпен, оң қолының саусақтарымен соғып ойнаған. Ерте кезде бұл аспапты бубен деп атаса, кейіннен барабан деп атаған. Кей кезде бубеннің ішкі жағына қоңыраулар, темірден жасалған пластинкалар орнатылады. Бубен көп халықтарда кездеседі, бірақ олардың өзіне тән өзгешелігі, айырмашылығы болады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Даярлық топ күнделікті сабақ жоспар музыка пәнінен"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Психолог в социальной сфере

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 915 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.12.2015 30934
    • DOCX 465.5 кбайт
    • 141 скачивание
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Әлмен Гүлден Қадыр қызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Әлмен Гүлден Қадыр қызы
    Әлмен Гүлден Қадыр қызы
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 38123
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания сольфеджио и элементарной теории музыки в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 177 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Музыка")

Учитель музыки

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 40 человек

Курс повышения квалификации

Музыкотерапия для детей дошкольного и младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 65 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 851 человек

Мини-курс

Современные направления в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие коммуникации и речи у детей раннего возраста

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Развитие предметно-практических действий, игровых навыков и математических представлений у детей раннего возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе