Инфоурок Дошкольное образование КонспектыДаярлык тобы Тема: С дыбысы

Даярлык тобы Тема: С дыбысы

Скачать материал

Тақырыбы: "С"дыбысы және әрпімен таныстыру.
Мақсаты: "С"дыбысы және әрпімен таныстыру; балаларға дыбыстық талдау жасауды, буынға бөлуді үйрету; "С" дыбысының айтылу артикуляциясын түсіндіру. Электронды планшет арқылы тапсырмаларды орындауды үйрету.
Көрнекі құралдар: суреттер, слайд, кеспе әріптер, Планшет, жұмыс дәптері
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, жұмбақ, сұрақ - жауап, ойын.
Сөздік жұмыс: Әуеден ұшып келеді.
Билингвальды компонент: Сөз - слова, дауысты дыбыс - гласный звук.
Әрекеттер - кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Ұйымдастырушылық - қозғаушылық
Балалар алдымен қонақтармен амандасып алайық!
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Өте дұрыс балалар қазір жылдың қыс мезгілі.
Аптаның қай күні?
Бүгін бізде сауат ашу сабағы, өткен сауат ашу сабағында қандай әріптермен таныстық? (балаларға толық өткен әріптерді көрсете отырып, естеріне түсіру, қайталату) Жарайсыңдар!
"Б" дыбысынан басталатын сөздерді естерімізге түсіріп, қайталап айтып өтейік.
"Б"дыбысы дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па?
Осы жерде тосыннан ескі қағылады. Ой, балалар бұл кім болды екен? Әуеден музыка әуенімен сары шар ұшып келеді.
Балалар тәрбиеші апайлармен амандасады.
Қыс мезгілі
Дүйсенбі
"Б" дыбысы мен әрпі
"Б"дыбысынан басталатын сөздерді қайталап айтады.
Дауыссыз дыбыс.
Балалар таңданып шарға қарайды.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Ғажайып сәт:
- Тәрбиеші таңдана қарап, балалар қараңдаршы әуеден ұшып келген шардың түсі қандай?
Сары.
Сары сөзі қандай дыбыстан басталады.
Балалар біз бүгін сауат ашудан тағы бір әріп, дыбыспен танысамыз, ендеше мен сендерге қандай әріппен танысатынымызды білу үшін бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Мені мұқият тыңдаңдар.
Жұмбақ.
Сақинаны, сандықты, бастап тұрған қай әріп?
Сәукелені, садақты - сапсыз орақ тәрізді. /С/
Ой, балалар жаңағы әуеден ұшып келген шардың түсі қандай болды? Ол шарды бізге тектен тек жібермеген екен, әліпбидегі әріптерде біздің бүгін "С" дыбысымен танысатынымызды біліп қойса керек. Ендеше біз бүгін "С"дыбысы мен танысатын боламыз.
"С" дыбысы қатаң дыбыс.
Міне "С" дыбысының әріп таңбасы.
Неге ұқсайды балалар?
Кәне, бірге "С"деп атайық.
"С" дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы: балалар ерін езуге қарай тартылып, тіс көрінеді. Тіл тістерге тиіп, арасынан "С" дыбысы естіледі.
Балалар әріптер неше дыбысқа бөлінеді?
Ал, "с"дыбысы - дауыссыз дыбыс па, дауысты дыбыс па?
Балалар дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?
Кәне балалар "С" дыбысынан басталатын сөздер айтыңдаршы.
Айтқан сөздерді буынға бөлгізу.

"С"дыбысының әріп таңбасын тақтаға жазып көрсету және ауада жазып көрсету.
Енді, балалар әріп қималарымен сөздер жазайық.
Сағат, сан, са, тас
Мысалы сағат сөзінде неше дыбыс бар, неше әріп бар?
5дыбыс, 5әріп бар екен
Осы сөздердің сан, тас сөзіне дыбыстық талдау жасайық. "С"дыбысы қандай дыбыс?
"А"қандай дыбыс?
"Н" қандай дыбыс?
Тәрбиеші балаларды тақтаға шығарып, сан, тас сөздеріне дыбыстық талдау жасауды ұсынады.
Слайд:
Балалар мына слайдтағы суреттерге назар аударайық, ненің суретін көріп тұрсыңдар?
Сырға, сақина, сағат, мысық, автобус
Ендеше балалар "с"дыбысы басында да, ортасында да, соңында да кездеседі екен.
Балалар енді суреттегі сақина, сырға сөздерін сызба бойынша буынға бөлейік.
Мысалы: Сырға неше буынға бөлініп тұр?
Сырға сөзі, екі буынға бөлінеді.
Ал, сақина!
Неше буыннан тұрады?
Үш буыннан.
Сырға.
Сақина.
Сергіту сәті:
Қанат жайып қалықтап
Құс сияқты күйге енем
Асықпаймын үйге мен
Жаңа әріппен танысамын
Жазу жазып үйренем.
Балалар "С"дыбысы қай сөздерде кездеседі?
Кәне тақтаға шығып сурет арқылы сәйкестендірейік.
Электронды планшет арқылы ойындар ойнатылады.
Д /Ойын: "Әлиппе"
Ойынның мақсаты: Балаларға электронды ойындарды ойната отырып, балалардың ой - өрісін жетілдіру.
Балалар алдарында санағыштарын бар, сол санағыштарыңмен "С" дыбысын таяқша арқылы құрастырып көрейік.
"С" дыбысы неше таяқшадан құрастырылып тұр, түсі қандай?
Дәптермен жұмыс.
Сары.
"С" дыбысынан басталады.
Балалар жұмбақтың шешуін табады.
Сары
Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Айға ұқсайды, ораққа ұқсайды т. б
Тісіміз көрінеді
Екі дыбысқа бөлінеді.
Дауысты, дауыссыз дыбыс.
Дауыссыз дыбыс.
Көк түспен белгілейміз.
Балалар ауады "с" дыбысын жазып көрсетеді.
Қайталайды.
Сағат, сан, тас, маса, са, со, т. б
С - дауыссыз дыбыс, көк түспен белгілейміз
А - дауысты дыбыс, қызыл түспен белгілейміз
Н - дауыссыз дыбыс, көк түспен белгілейміз
Балалар тақтада жазылып тұрған сан, тас сөзіне дыбыстық талдау жасайды.
Дауыссыз дыбысқа қызыл текшені, дауыссыз дыбысқа көк текшені орналастырады.
Балалар тақтаға шығып Сырға, сақина, сөзін сызба арқылы буынға бөледі.
Балалар қимыл - қозғалыс арқылы көрсетеді.
Балалар тақтаға шығып, ватман қағазында орналасқан суреттермен таныса отырып, олардың қайсысы "с "дыбысынан басталатынын анықтай отырып оларды сәйкестендіреді.
Балалар алдарындағы планшет арқылы түрлі "С"дыбысына байланысты ойындарды ойнап, түрлі тапсырмаларды орындайды.
Балалар алдарындағы санағыштарымен "С" "дыбысын құрастырады.
Үш таяқша
Көк түсті
Балалар дәптермен жұмыс жасайды.
Рефлекциялық түзетушілік
Балалар бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
"С" дыбысы қандай дыбыс?
Жарайсыңдар балалар!
Д /о: "Дәл тауып айт"
Тәрбиеші сабақты сұрақ - жауап арқылы қорытындылайды.
Қыздар құлағына тағады.....................
Қыздар басына киеді..........................
Қыздар қолына тағады.......................
Уақытты көрсетеді.............................
Ақ, дәрумені көп, пайдалы сусын.......
Сызуға арналған құрал........................
Кітаптарды қайда саламыз................
Балалар осы сөздердің барлығы қандай әріптен басталып тұр?
Тәрбиеші балаларды мадақтай отырып, балаларға кішкентай "Әліпби" кітапшасын сыйға ұсынады.
Тәрбиеші апайлар сіздерге де көп рахмет, енді бүгінгі біздің
ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінен қандай әсер, қандай көңіл күйде болдыңыздар соны мына смайликтер арқылы көрсетсеңіздер.
Әрбір тәрбиеші апай көңіл күйлерін балаларға, смайликтер арқылы көрсетеді "С" дыбысымен.
"С" дыбысы дауыссыз дыбыс.
Сырға.
Сәукеле.
Сақина
Сағат
Сүт
Сызғыш
Сөмке
"С" дыбысынан
Балалар қуана сыйлықтарын алады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Даярлык тобы Тема: С дыбысы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по охране окружающей среды

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 607 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.04.2016 626
    • DOCX 20 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Адилхан Жанаргул Aдилхан. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Адилхан Жанаргул Aдилхан
    Адилхан Жанаргул Aдилхан
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4140
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация питания в учреждениях дошкольного образования. Контроль качества и требования СанПиН

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 300 человек

Курс повышения квалификации

Работа по развитию эмоционального интеллекта в практике педагога-психолога ДОУ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 160 человек

Курс повышения квалификации

Основы первой помощи в деятельности воспитателя дошкольной образовательной организации

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 146 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 625 человек

Мини-курс

Дизайн-проектирование: практические и методологические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство в контексте современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Институциональные основы современного инвестирования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе