Инфоурок Дошкольное образование КонспектыДаярлықпен қоштасу "Біз мектепке барамыз"

Даярлықпен қоштасу "Біз мектепке барамыз"

Скачать материал

      Тақырыбы: Біз мектепке барамыз

      Мақсаты: Мектепалды даярлық сыныбын 1 сынықа шығарып салу. Оқушылардың өз білімдері мен өнерлерін көрсету.
Зал мерекеге сай безендірілген. Көңілді әуен естіліп тұрады.

       Мұғалім: Құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгін біз мектепалды даярлық тобын ұясынан ұшырып, 1-сыныпқа шығарып салғалы отырмыз. Көз алдымыздағы тәп-тәтті, сүйкімді балақайларымыз мектепалды даярлықпен қоштасқалы отыр.
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа енді жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер!
Айналайын балалар,
Алда Мектеп-Ана бар,
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар

      1-жүргізуші: Аяжан Ақ тілекті бір ағытып тастайық

Қоштасатын кешімізді бастайық

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын

Болсын солай әрбір күнің, әр айың

Мектепалды даярлық   тобы балаларының  қоштасу кешіне қош келдіңіздер!

      Мұғалім: Мектепалды даярлықпен бітіруші түлектерді қошеметпен ортаға шақырайық. Қарсы алыңыздар:

     Арқасында талпыныстың

     Көп оқыды жалықпай

     Күлім қағып келеді

     Аяжан  мен Азамат

                                Жақсылықты арқалап

                                Үміт пен Нарында  бар талант

                                Еңбек етіп ерекше

                                Келді ортаға өзгеше

Үздік оқушы бол деймін

Кіп-кішкентай болса да

Елді аузына қаратар

Жете берсін табысқа

Нұрлыжан мен Серлік

                               Тәуелсіз мына елімде

                               Болсын ол бақытты

                               Талант, қабілет ерекше

                               Бойыңда бар сендердің

                               Аман мен Ердос

 

Би.Вальс.

     Мұғалім: Көтеріп келіп қолымен

Жетектеп үйге қайтатын

Сәбиі де былдырлап

Сағынышын айтатын

Тілі таза бүгінде

Жүгірмейді аптығып

Жүректері тұр ма әлде

Қоштасатын шақты ұғып.

      2-жүргізуші: Аяжан Бөбек еді ол рас

Кіп-кішкентай кешегі

бүгін міне азамат

Болды бәрі деседі

Әріп танып,сурет салып

Жаттықтырды қолдарын

Мектебіне шығарып сап

Тілейік ақ жолдарын.

1.     Үміт: Жек көрмейді бір пенде

Тәрбиеші апайды

Бала түгіл үлкенде

Оны апай деп атайды

Барлық өнер бойында

Түгел келген түп нұсқа

Үйретеді ойынға, үйретеді жұмысқа

Бойларына қарамай,шаштан сипап жағалай

Балалардың бәрін де,аялайды анадай.

2.     Аман: Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.

3.      Ердос: Биыл күзде мектепке
Біріншіге бармын
Мақтанбаймын мен текке
Дайын кітап дәптерім

4.     Нұрлыжан: Ана тілін ардақтап
Ата салтын біз көрдік
Сурет салып, ән жаттап
Оқып жазып үйрендік

5.     Нарын: 6 жасқа толамыз

          Әдепті бала боламыз

          Қуантып ата-ананы

          Мектепке кетіп барамыз.

6.     Серлік:  Тәрбие берген ұямыз

         Тәртіпті бала боламыз

         Қоштасып даярлықпен

         Біріншіге барамыз.

7.     Азамат:  Талай қызық той өткіздік

         Бірақ орны бөлекше

         Даярлықпен қоштасатын

         Бүгінгі той ерекше

8.     Аяжан: Оқимыз,білім аламыз

         Болашақ жолын саламыз

         Даярлықпен қоштасып

         Біз мектепке барамыз.

      Ән: “Біз мектепке барамыз”

Біз мектепке барамыз

Біз оқушы боламыз-2

Жақсы оқып сабақты

Біз бестікті аламыз-2

                  Ән салайық бас қоса

                  Даярлықпен қоштаса

                  Қалам дәптер өшіргіш2

                  Кітаптармен бас қоса

Ойыншықты жинаймыз

Бөбектерге сыйлаймыз-2

Үлкен болып өссек те

Даярлықты қимаймыз-2

                  Біз мектепке барамыз

                  Қолға қалам аламыз-2

                  Кітаптарды оқимыз

                   Бөлек-бөлек саламыз-2

 

      Мұғалім: Міне балалар, көптен күткен қимастығы мен қуанышы бірдей мерекелерің басталып та кетті. Сендерді қуанышты күндеріңмен құттықтауға сәбилерде келіп тұр. Қарсы алайық.(Музыка сазымен сәбилер кіреді)

(Қонақтар қоштасып шығып кетеді.Сол кезде Дәрігер кіреді.)

      Мұғалім: Дәрігер жолдас

Алдыңдағы балалар

Мектепке кетіп барады

Сұрақ қойып,жауап ал

Жарамсызы қалады.

      Дәрігер :Қане онда тұрыңдар

Тапсырманы ұғыңдар

Көтер қолды

Түсір қолды

Бұрыл жедел

Оңды,солды

Енді отыр,қайта тұр

Баяу жүгір,қатты жүр

Сабыр енді, тоқтай тұр

Қан соғысын көрейін  (тамырын басып көреді)

Жарамсызы бар болса

Ақыл-кеңес берейін.

(Саз әуенімен өзі алдына шығып ұл-қыздарға жаттығу жасатады)

       Дәрігер :Бәрі тегіс қаралды

Бәрі тегіс жарамды

Бәрі түгел дайын екен

Бәріне де рұқсат етем

Егер ауырып қалар болса

Дәрісіз-ақ емдеу керек

Денсаулықтың бұзылғанын

Жаттығумен емдеу керек

Ал енді балалар жолдарың болсын! Жаттығу жасауды ұмытпаңдар! (шығып кетеді)

Мұғалім: Ал енді балалар, білімімізді де тексеретін уақыт келді.

 

«Болайықшы осындай» әні хор

«Батырлар биі»

   «Әрқашан күн сөнбесін» әні хор

      Мұғалім:Айналайын гүлдерім

Ақ шуақты күндерім

Ерекше қызық тілдерің

Естен кетпес үндерің

      2-жүргізуші Айым: Сүйкімді балғын бала шақ

Сендердікі болашақ

Озат болып оқыңдар

Ойға білім тоқыңдар.

 

      Мектепалды даярлық сыныбын бітірушілерге дипломдарын беру.
Барлық бала бірге: Қуанышымыз біздің мол,
Мектепке біз тарттық жол!
Ұмытпаймыз өзіңді,
Даярлығым қош - сау бол!
Мұғалім: - Міне, балаларымыздың жүректері лүпілдеп 1-сыныпқа барғалы тұр. Бойларындағы бар өнерлерін сіздерден аямай барынша тырысып көрсетті. Сіздерге ақ жол тілеймін, бөбектер. Сапарларың оң болсын бүлдіршіндер!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қуанышымыз біздің мол,                 Қуанышымыз біздің мол,
Мектепке біз тарттық жол!              Мектепке біз тарттық жол!
Ұмытпаймыз өзіңді,                          Ұмытпаймыз өзіңді,
Даярлығым қош - сау бол!                Даярлығым қош - сау бол!

 

Қуанышымыз біздің мол,                 Қуанышымыз біздің мол,
Мектепке біз тарттық жол!              Мектепке біз тарттық жол!
Ұмытпаймыз өзіңді,                          Ұмытпаймыз өзіңді,
Даярлығым қош - сау бол!                Даярлығым қош - сау бол!

 

Қуанышымыз біздің мол,                 Қуанышымыз біздің мол,
Мектепке біз тарттық жол!              Мектепке біз тарттық жол!
Ұмытпаймыз өзіңді,                          Ұмытпаймыз өзіңді,
Даярлығым қош - сау бол!                Даярлығым қош - сау бол!

 

Қуанышымыз біздің мол,                 Қуанышымыз біздің мол,
Мектепке біз тарттық жол!              Мектепке біз тарттық жол!
Ұмытпаймыз өзіңді,                          Ұмытпаймыз өзіңді,
Даярлығым қош - сау бол!                Даярлығым қош - сау бол!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім: Дәрігер жолдас

Алдыңдағы балалар

Мектепке кетіп барады

Сұрақ қойып,жауап ал

Жарамсызы қалады.

      Дәрігер :Қане онда тұрыңдар

Тапсырманы ұғыңдар

Көтер қолды

Түсір қолды

Бұрыл жедел

Оңды,солды

Енді отыр,қайта тұр

Баяу жүгір,қатты жүр

Сабыр енді, тоқтай тұр

Қан соғысын көрейін  (тамырын басып көреді)

Жарамсызы бар болса

Ақыл-кеңес берейін.

(Саз әуенімен өзі алдына шығып ұл-қыздарға жаттығу жасатады)

       Дәрігер :Бәрі тегіс қаралды

Бәрі тегіс жарамды

Бәрі түгел дайын екен

Бәріне де рұқсат етем

Егер ауырып қалар болса

Дәрісіз-ақ емдеу керек

Денсаулықтың бұзылғанын

Жаттығумен емдеу керек

Ал енді балалар жолдарың болсын! Жаттығу жасауды ұмытпаңдар! (шығып кетеді)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құшағында жарқылдап,

Өтті сәби күндерім.

Өсті талап талғамым,

Көп нәрсені үйрендім.

Сен үйреттің сөйлеуді,

Сенде ойым есейді.

Біріншіге  барам мен енді,

Даярлығым қош енді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Сен бақытты ұлансың!
Мақсаты: Балалардың тілін дамыту барысында ой - өрісін жетілдіру.
Отан, туған жерге сүйіспеншіліктерін оята отырып, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Танымдық белсенділіктерін арттыруға ықпал жасау арқылы, баланы жан – жақты дамыту.

Барысы:
І. Ұйымдастыру
1 – бөлім. Әдеби – өлеңдер оқу.
2 – бөлім. Логикалық ойын. (Тапсырмалар орында)
3 – бөлім. Спорттық – қимылды ойын. (жарыс)

1. Қазақстанның жері үлкен. Батыстан шығысқа қарай үш мың шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай бір мың жеті шақырымға созылып жатыр. Қазақстанның табиғаты әр түрлі. Мұнда тау да, өзен де, шөлде бар.  
2. Рәміздерім – елдігімнің белгісі
Білу керек баладағы ең кіші
Рәміздерім – Әнұран, Ту, Елтаңба
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.  
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – тік бұрышты көгілдір мата. Тудың ортасында шұғылалы күн бейнеленген. Оның ортасында қалықтап ұшқан қыран құс бейнесі алтын түсті бояумен берілген. Матаның сол жағында ұлттық өрнек салынған тік жолақ бар. Тудың ені – 1 метр, ұзындығы – 2 метр.  
4. Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен – тек –
Елдің ашық қабағы
Ақ ниеті - алтын күн,
Асқақ арман қыраны.
Жалауы бұл – халқымның,
Мәртебесі, мақтаны.  
5. Қазақстанның Мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясындағы шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Оны аңыз әңгімелердегі пырақтардың қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғарғы жағында жұлдыз орналасқан, төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Қазақстан Республикасының реңдік бейнесі екі түсті – алтын және көгілдір түс.  
6. Елтаңбасы елімнің
Неткен айбат, әдемі!
Тұнығындай көңілдің,
Ортада – аспан әлемі.
Құт, береке – шаңырақ,
Орын алған ол төрден.  
7. Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.
Тәуелсіздік жолында,
Талай – талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім – Елтаңбам.  
Хор: Әнұран.  
8. Анаң – күнің, жүрегің,
Әкең – өмір тірегің.
Сен – бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Әжең – асыл ардағың,
Атаң – дана қорғаның.
Сен – бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!   
9. Ағаң – қамқор асқарың,
Інің – мөлдір аспаның.
Сен – бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
http://shkola21.ucoz.kz/3.jpg
Қарындасың – қанатың,
Ел – Отаның – жаннатың.
Сен – бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын
Хор: Біз өмірдің гүліміз.
10. Денсаулығың – бірінші
Сол жадында жүрсінші!
Екіншісі – еркіндік,
Құсша самғап желпіндік!   
11. Үшіншісі – тіліміз, 
Онсыз жоқ – ау күніміз
Төртіншісі – күш – қайрат
Арманыңа ұш жайлап!  

12. Аспанымдай мөлдірмін,
Жайлауымдай жазықпын.
Өзенімдей өршілмін,
Гүлдерімдей нәзікпін.
Қуат алған өзінен
Туған елдің ұлымын
Бақытты етіп өсірген
Отанымның гүлімін.  

13. О, алақай, туған жер!
Жақсы  - ау, бақша – бауларың!
Көзге ыстық көрінер,
Сенің асқар тауларың.
Туған жердің жырларын,
Қызғалдақтай терейік,
Кең өлкенің қырларын,
Жүр, аралап келейік!
Жүр, аралап келейік!  
14. Тіліңді үйрен күнде сен,
Ол іс деме жай ғана.
Өз тіліңді бәлмесең,
 «Білгішпін» деп ойлама.
Өзге  тілді үйренсең.  
15. Өркендейді адамдық,
Өз тіліңнен жиренсең.
Өлім, қылмыс, надандық.
Ақ сүтіндей ананың,
Ана тілің – жан арың!  
16. Ақыл – ойын дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.
Өсірген ой, білімді
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді.  
17. Ардақта тіліңді,
Ал одан білімді,
Өз тілің үйретер
Өнерді, ғылымды.
Тілінсіз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.  
18. Сөздерді ең аяулы
Жақсы көріп жаттадым
Енді білдім оларды
Кімнің ойлап тапқанын
«Ана» деген сөзді де,
«Аға» деген сөзді де
«Әке» деген сөзді де
«Тәте» деген сөзді де,  
19. «Апа» деген сөзді де,
- Ойлап тапқан балалар!
«Күнім, жаным» дегенді,
«Құлыншағым» дегенді,
«Ботақаным» дегенді,
«Қошақаным» дегенді
«Айналайын» дегенді,
«Толған айым» дегенді,
- Ойлап тапқан аналар!  
20. Өмірде ана- бұлақ, ана
http://shkola21.ucoz.kz/4.jpg– пана,
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана.  
21. Ана! Ол   - біздің елде ардақты адам,
Кіші де, үлкенде оны ардақтаған.
Өзінің аяулысы – Отанды да
«Ана» деп біздің халық текке айтпаған.  
22. Келбетінде ұлылық,
Даладай кең пейілі.
Ана деген  - жылылық,
Ана деген – мейірім
Ақыл құйған санама,
Күннен де артық, расында.
Күн – алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.      
Хор:   Туған күніңмен  
23. Отан – жерім,
Отан – суым,
Отан  қуат нәр береді.
Отан – ұран,
Отан – туым,
Отан  мәңгі гүлденеді!  
24. Отанды біз атамекен,
Деп аялап атаймыз
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз мен атамыз.  
25. Отанды Жас, кәріміз де
Туған жер деп сүйеміз,
Өйткені онда бәріміз де
Туып  өмір сүреміз.  
26. Отанды әркім анасындай
Қастерлейді бағалап.
Өйткені отан баласындай,
Бізді өсірер аялап.
Отан деген – атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан – ана
Отан – үлкен
Қазақстан – туған ел!  
27. Көркіңе көз тоймайтын,
Елжіретпей қоймайтын.
Шуақты күндері,
Көгілдір түндері,
Хош иісті ауасы -
Жанның жанат саясы!
«Жасқанба, - деп, балдырған» -
Батырлыққа баулыға
http://shkola21.ucoz.kz/1.jpgн.
Қойыны көркем гүл,
Өнерлі өлкем бұл.
Жүрегімде жалынды -
Берем саған барымды.      
Хор: Төлдер.
28. «Отан – атам,
Отан – әкем!»
Осы сөзім қате ме екен?!
Қате болса,
Неге біздер
Дейміз оны: «Атамекен?!»    
29. «Отан – әжем,
Отан – анам!»
Құшақ жайған қатар маған.
«Туған ел!» - деп,
«Туған жер!» - деп,           
Ол бекерге аталмаған.
30. Атам,
Әжем,
Әкем,
Анам –
Төртеуі де «Отан!» маған.
Төртеуі де «Ботам!» дейді,
«Ер азамат атан!» - дейді.
Мақтанамын Отаныммен
Отаныма «Ботамын!» мен.  
31. Апам үшін күнде мен
Отынға ағаш жарамын,
Су құямын гүлге де,
Дүкенге де барамын.
Жоқтатпаймын әпкемді,
Қоям шайын қайнатып.  
32. Жылай қалса бөпемді,
Жұбатамын ойнатып.
Сыпырамын үй ішін.
Жуам аяқ – табақты.
Апам бірақ мен үшін
Оқымайды сабақты.  

 

 

 


33. Мектепке енді барамыз,
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз.  
34. Ойыншықты жинаймыз
Бөбектерге сыйлаймыз
Үлкен болып өссек те,
Даярлықты қимаймыз.      

35. Біз мектепке барамыз
Қолға қалам аламыз
Кітапты да оқимыз,
Суретті де саламыз.
Үлкендердей тап – таза,
Жазамыз бормен тақтаға.
Үлгілі бала боламыз
Жүретіндей мақтана.  
36. Адамдықтың бастауын
Өзіңнен алып барамыз,
Даярлық сынып енді біз
Қоштасамыз сізбенен
Ашып мектеп есігін
Мінеміз білім кемеге.  
37. Даярлық сынып қош енді,
Әр кез аман бол деймін.
Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Даярлықпен қоштасып,
Біріншіге барамыз.  
38. Мектебің мынау  класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.    
Хор: Жас дәуірдің түлегіміз.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Даярлықпен қоштасу "Біз мектепке барамыз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по коллекторской деятельности

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 403 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.02.2016 16342
    • DOCX 293.7 кбайт
    • 88 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байжуминова Бакыт Адамбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Байжуминова Бакыт Адамбековна
    Байжуминова Бакыт Адамбековна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25213
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инструменты и методы воспитания российской гражданской идентичности согласно ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 44 человека

Курс повышения квалификации

Влияние отдельных нутриентов пищи на умственную деятельность детей дошкольного возраста

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Курс повышения квалификации

Проектирование и реализация деятельности педагога-организатора в соответствии с требованиями профессионального стандарта

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 687 человек

Мини-курс

Финансовое моделирование и управление инвестиционными проектами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 32 человека