Инфоурок Дошкольное образование КонспектыДаярлық сыныбына арналған сабақ жоспары

Даярлық сыныбына арналған сабақ жоспары

Скачать материал

САБАҚ:

Мектеп: “№1 Тобыл орта мектебі” ММ

Сабақтың тақырыбы:  Мен бес жастамын

Күні: 04.11.2020ж

Мұғалімнің аты-жөні:Гапбасова Д. А.

Даярлық сыныбы “А”, “Б”

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

0.1.3.1 Лексикалық тақырыптар бойынша жиі қайталанатын сөздердің мағынасын түсіну

0.2.1.1 Лексикалық тақырыптар бойынша сөйлеу барысында жаңа сөздерді қолдану

0.4.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпараттың мазмұнын сурет, сызбанұсқа, белгілер арқылы жеткізу

0.5.1.2 Сөйлеу барысында жіктік жалғауын педагогтің көмегі/үлгісі бойынша қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық тәрбиеленушілер:

Сөйлеу барысында лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздерді қолдана алады.«Сен неше жастасың?» сұрағын түсінеді, сұраққа мұғалімнің көмегімен жауап бере алады.

тәрбиеленушілердің басым бөлігі:

Сөйлеу барысында жіктік жалғауын мұғалімнің көмегі/ үлгісі бойынша қолдана алады. Тақырыпқа қатысты сөйлеу/сөйлесу үлгісін түсінеді, сол үлгі бойынша сөйлесе алады.

Кейбір тәрбиеленушілер:

ҰОҚ-да үйренген сөйлеу/сөйлесу үлгілерін өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады, өз пікірін білдіре алады.

 

ҰОҚ барысы

ҰОҚ кезеңдері

 

 

ҰОҚ ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҰОҚ соңы

(26–30 минут)

(ПК) Тәрбиеленушілердің ҰОҚ-ға дайындығын тексеру. ҰОҚ басталуына жағымды  ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. ҰОҚ мақсатымен таныстыру.

 

(пК,Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс

1-тапсырмада педагог тәрбиеленушілердің назарын суреттегі екінші баланың қолындағы шарға аударады. Баланың қолында неше шар бар екенін сұрау арқылы сандарды қайталатады, ал түсін сұрау арқылы түстерді еске түсіреді. Осыдан кейін балалардың назарын тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Тәрбиеленушілерді өзінің жасын айта алуға байланысты сөйлесу үлгісімен таныстырады, берілген үлгіні тыңдату, қайталату жұмыстары жүргізіледі. Алғашқыда балалар педагогтің сұрағына жауап бере алуды үйренеді. Содан кейін ғана диалогті балалар арасында жүргізуге болады. ҰОҚ-дағы ең басты мақсат  – балалардың берілген сұраққа жауап бере алуы.

 (ПК, Ұ) 2-тапсырмада педагог балаларға келесі тапсырмада үйренетін жаңылтпашқа дайындық жұмысын жүргізеді. Балаларға сурет бойынша көп сөзі түсіндіріледіТапсырмада берілген үлгі бойынша доптың  орнына текше, алма, қарындаш, кітап, қалам сөздерін қолдануға болады. (ПК,Ұ) 3-тапсырмада педагог балаларды жаңылтпашпен таныстырады, мазмұнын түсіндіреді. Ол үшін жаңылтпаш мазмұнына сәйкес  төрт суретті  (шарлардың суреті) пайдалануға болады. Суреттер бойынша жаңылтпашты тыңдату, қайталату жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін педагог балаларға төрт шардың суретін бастырып шығуды тапсырады, сол арқылы сандарды қайталатады, ал шарларды жаңылтпашта айтылған түстерге бояту арқылы түстер қайталанады. Балалар өздерінің қалауы бойынша екі шарды көк түске бояйды (екі шарды боямайды), содан кейін шарлардың түсін айтады. Мысалыкөк шар, ақ шар, көк шар, ақ шар. (Ұ) 4-тапсырмада балалар негізгі диалогті тағы бір қайталайды, педагогтің сұрағына әр бала жауап береді.

Содан кейін суретте берілген орынға өзінің жасына сәйкес шардың суретін салады. Мәселен, алты жас та болса, алты шардың суретін салуы керек. Содан кейін оларды бояту арқылы түстерді қайталатуға болады.

(Ұ) 5-тапсырмада балалар бір, екі, ақ, көк, көп, төрт сөздерін  тыңдайды, қайталайды. Қазақ тіліне тән і, ө, қ  дыбыстарын қайталайды. (Ө) лексикалық тақырыпқа сәйкес үлестірмелі материалды (ҮМ:№6 кесте) қолдану арқылы өткен материал бекітіледі, балалардың өз бетінше жұмыс істеу және қол қимылы дағдылары қалыптастырылады.

 

(Қ) ҰОҚ-ны қорытындылау мақсатында педагог балалармен кері байланыс орнатады. Тәрбиеленушілер ҰОҚ барысында  нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппедәптер. Аудиодиск: 3.3.1

3.3.2

3.3.3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудиодиск:

3.3.5

ҮМ: №6 кесте.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 275 089 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.11.2020 210
    • DOCX 47 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Гапбасова Динара Аралбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Гапбасова Динара Аралбаевна
    Гапбасова Динара Аралбаевна
    • На сайте: 2 года и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 256
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой