Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Әдеби кеш:« Абай поэзиясы әлем тілдерінде»!

Әдеби кеш:« Абай поэзиясы әлем тілдерінде»!

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына орай өткізгелі отырған « Абай поэзиясы әлем тілдерінде»! атты әдеби кеші

Мақсаты: студенттерге Абайдың ұлы кемеңгер ақын екендігін түсіндіру. ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ақынның қазақ халқы үшін дара да, дана ақын болғанын айту.

Абай туралы шығармашылығын, оның өлең, әндерін ортаға салу.

Көрнекілігі: Абай портреті. Бейнефильм. Кітап көрмесі. Даналар сөзі.Слайдтар .

I - жүргізуші:
Қайырлы күн! Құрметті студенттермен қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі іс –шараны бейнефильм тамашалаудан бастайық!

Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына «Абай поэзиясы әлем тілдерінде» тақырыбымен өтетін әдеби кешіне қош келдіңіздер! Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы- мәңгілік мұра.

Абай – дана, ғұламасы елімнің,

Абай ақын, мақтанышы жерімнің.

Абай атты бір данышпан болмаса,

Ақ – қарасын кім айырмақ өмірдің?!


II - жүргізуші:
Добрый день! У каждого народа есть по-особому святые личности, память о которых живет в сознании благородных потомков. Для казахов Абай является именно такой личностью.

Великий сын степи привольной, 
Талант величественных гор, 
Чингисских дол зерно востока, 
Поэт, писатель и мудрец, 
Мыслитель века непокорный, 
В дом каждого Абай вошел! 
Весь мир в стихах души бескрайней, 
И строки жизни в назидание, 
Нам сын казахский преподнес! 



Мы начинаем литературный вечер под названием «Поэзия Абая на языках мира», посвященный 170-летию со дня рождения великого казахского поэта Абая Кунанбаева. 

І жүргізуші:

Абай Құнанбайұлы – үлкен ойшыл – ағартушы, көркем сөздің теңдесі жоқ шебері. Абай өмірі, еңбегі хронологиясымен танысайық.

1845 жылы Семей облысы, қазіргі Абай ауданының Шыңғыстауында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты – Ибраһим.

1855 жылы Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таныған.

1859 жылы Абай 14 жасында өлеңдер шығарады.

1865 жылы Абай 20 жасында от тілді шешен, халық өмірі мен әдетін, билік туралы істі көп білген көсем болған.

1875 жылы Абай 30 жасында атағы шыққан білікті адам болды. Ұрлық қылған кісіге жазаны аямай беріп, ел арасындағы ұрлыққа қатты тыйым салды.

1904 жылы Абай Құнанбаев 60 жасында Семей уезінің Шыңғыс болысында қайтыс болды.

1909 жылы Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы шығады.

I - жүргізуші:Абайдың әр өлеңі – бір әлем. Ақын өз өлеңдерінде замана тынысын, уақыт келбетін жан –жақты көрсетеді.Абайдың ақындық дарыны аса қуатты және сан қырлы.

Өлең «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» оқитын Орахбай Ақыл ҚӨШ-15 тобы

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол - ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.

Әуелі аят, хәдис – сөздің басы,
Қосарлы бәйіт мысал келді арасы.
Қисынымен қызықты болмаса сөз,
Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы.

Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы,
Мүнәжәт уәлилердің зар наласы.
Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар,
Әрбірі келгенінше өз шамасы.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?

Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап.
Ақындары ақылсыз, надан келіп,
Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап
.

II - жүргізуші:Ұлы ақын туған халқының ұлттық сана –сезіміне сәуле жүгіртіп, қалың жұртымен бірге қамыға отырып, қалам тарпаған тақырыбы жоқ. Ақын өлеңдерінде адам тағдыры, дүние, заман ағымы жайлы пікірлері, дүниетанымы көрінеді.

Өлең «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» оқитын Берденбек Мәдина ҚӨШ-15 тобы

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.

Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,
Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.
Шу дегенде құлағың тосаңсиды,
Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.
Таң қаламын, алдыңғы айтқанды ұқпай,
Және айта бер дейді жұрт тыным бермей


II - жүргізуші: Великий Абай был рожден для счастья казахского народа, стал его гордостью. Творчество поэта – это целая энциклопедия жизни казахского народа. Абай Кунанбаев – является создателем казахской литературы. Это был высококультурный, образованный поэт, хорошо знавший классиков Востока, Запада и русскую литературу. Абай оставил нам не только свою поэзию. Его творчество, рождённое народной поэзией, обогащенное великими традициями мировой литературы, — неумирающее достояние казахского народа.

Стихотворение Абая «Поэзия - властитель» перевод Звягинцевой читает Нурмагамбетова Еркеш группа МО-16

Поэзия — властитель языка,
Из камня чудо высекает гений.
Теплеет сердце, если речь легка,
И слух ласкает красота речений.

А если речь певца засорена
Словами, чуждыми родному духу, —
Такая песня миру не нужна,
Невежды голос люб дурному слуху.

I - жүргізуші: Абайдың ақындық жолға бетбұрғандағы алғашқы сөзін білімге үйренуге, оның маңызын насихатауға арнады.Оның «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі бұл тақырыптағы тұнғыш шығармасы болумен қатар, ақынның сөз өнері жолындағы жаңа ізденісін де танытады, Абай мұнда ақынға керек ғылым жайын сөз етеді.

Өлең «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» оқитын Сайлаубек Қыдырәлі ҚӨШ-15 тобы

Жасымда ғылым бар деп ескермедім

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?
Адамның бір қызығы – бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Өзім де басқа шауып, төске өрледім,
Қазақта қара сөзге дес бермедім.
Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.

I - жүргізуші:Абай көбіне табиғат лирикасы, әсіресе жылдың төрт мезгілдерін суреттеген өлеңдер жазған. Абайдың табиғат лирикасы өлеңдерінде ақынның ой сезімі, жан дүниесі де терең ашылады. Бұл өлеңдер аса зор шеберлік пен ерекшеленеді.

Өлең «Қыс » «Winter» оқитын Сұлтанхамитова Мақпал ҚӨШ-15 тобы

Which lines are from the poem "Winter"?

  1. In white clothes, powerful, grey-bearded,
    He walks on regardless like a dumb, blind man.

  2. The horses play and their young are frisky
    From being well-fed or from the cold.

  3. His face is stern, covered in snow – dust,
    And he walks on, with creaking steps, he`ll come in by and by.

  4. The trees and bushes were without their lives,
    Like old man, the worst victims of poverty.

  5. Each breath is shrouded in a frosty cloud.
    He came like a long lost relative and caused a commotion.

  6. Freed from winter`s hibernation and heartache
    All that lives clings with its heart to warmth and light.

  7. He had forced on a nomadic cloud for a hat.
    He had a ruddy face and was glowing with health.

  8. The snowdrops flower and delight the soul.
    The sparrow in the sky and the nightingales in the ravines sing their song.

Өлең «Күз» оқитын Набиуллина Медина ҚӨШ-15 тобы

Күз 
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. 
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай. 
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, 
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін, 
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.

I - жүргізуші: Абай шығармалары өмірдің барлық құбылысын толық қамтыған. Ұлы ақын жастар мәселесінде назардан тыс қалдырмаған.

Өлең «Есіңде бар ма жас күнің» оқитын Садуақасов Бейбарыс ЭҚ-12 тобы

Есіңде бар ма жас күнің, 

Көкірегің толық, басың бос,

Қайғысыз, ойсыз, маскүнің -

Кімді көрсең, бәрі дос.

Махаббат, қызық, мал мен бақ

Көрінуші еді досқа ортақ.

Үміт жақын, көңіл ақ,

Боларма сондай қызықшақ?

Құдай-ау, қайда сол жылдар,

Махаббат, қызық мол жылдар?

Ақырын, ақырын шегініп,

Алыстап кетті-ау құрғырлар!

Жалынасың, боқтайсың,

Сағынасың, жоқтайсың.

Махаббат кетті, дос кетті -

Жете алмайсың, тоқтайсың.

Көзіме жас бер, жылайын,

Шыдам бер, сабыр қылайын.

Жаралы болған жүрекке

Дауа бер, жамап сынайын.



I - жүргізуші:Абайдың әр түрлі тақырыптағы шығармаларының ішіндегі махаббат лирикасы айырықша орын алады. Ол әндердің бірі «Көзімнің қарасы» Оның кең тынысты, мұңды әуені жақсы көретін жанын жырлауға сөз асылын таппай қиналған жанның ішкі толғаныс сырларын ерекше көркемдік мәнермен жеткізеді. 

Ән орындайтын ҚӨШ-15 тобы

I - жүргізуші: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- дейді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев. 

І – жүргізуші: Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Абай – халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз, ұлттық идеологиямыз, оның өлмес мұрасын алдымен өзіміз танып, сосын әлемге таныту – біздің ғұмырлық парызымыз. Абайдың туғанына 170 жылдан астам уақыт өтсе де,оның еңбектері халық жадында сайрап, оған нұрлы өмірге жол көрсетіп тұр.Абай есімі мәңгі ұмытылмайды.

Жүрегімнің түбіне терең бойла, 
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла 
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, 
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!

Қорытынды: Осымен әдеби кеш аяқталды, назар қойып тыңдағандарыңызға көптен - көп рахмет!






































































Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 20.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров201
Номер материала ДВ-471042
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх