№114
«Сайрам» жалпы орта мектебі
Әдеби кеш
|
|
Дайындаған: қазақ тілі
мен
әдебиеті пәні мұғалімі
Махмудова.Ш
|
|
2015 жыл
ОҚО Шымкент қаласы
Сайрам
тұрғын үй алабы
№114 «Сайрам» жалпы орта
мектебінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі
Махмудова Шохиста
Батирхоновна
«Кейде маған бір қызық ой келеді...» атты әдеби кеш
Кештің мақсаты: Ақынның өмірі мен шығармашылық қызметі туралы
түсінік
беру, өлеңдерінің
тәрбиелік мағынасын ашу. Оқушыларды
ақын өлеңдерін жатқа
оқуға, сөздік қоры мен тіл байлығын
арттыру.
Көрнекілігі: Ақынның кітабы, өлеңдерінен үзінді жазылған
плакаттар,
ақын туралы пікірлер,
слайдтар, интерактивті тақта.
Өтілетін орны: Мәжіліс залы
І-жүргізуші: - Армысыздар, ақын сезімінен нәр алып, қуаныш
пен
шаттыққа,мұң мен
қимастыққа бөленген өлең сүйер қауым!
ІІ-жүргізуші: - Бармысыздар, жан жүрегі поэзияға құмар, құрметті
қонақтар, ұлағатты ұстаздар
мен оқушылар!
І-жүргізуші: -Бүгінгі әдеби кешіміз «Кейде маған бір
қызық ой келеді...» деп аталады.
І-жүргізуші: - Бүгінгі кешіміздің қонағы Сайрам ауданы
жұртшылығына таныс Бәйдібек орта мектебінде отыз жылдан астам ұстаздық қызмет
атқарып, жиырма жылға жуық оқу ісінің меңгерушісі болып, КСРО Мәдениет
министрлігінің дипломымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл»
медалімен, аудандық білім бөлімінің, облыстық білім департаментінің бірнеше
Құрмет грамоталарымен, Сайрам ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталған. 1994-жылы
жазба ақындардың облыстық мүшәйрасында 3-орын, 2000-жылы «Сайрам таланттары» халық
өнері фестивалінде 1-орын иегері, мықты маман, ұлағатты зейнеткер ұстаз,
өнегелі отбасының ардақты анасы,
ақын Зияда Исатайқызы.
Жүргізушілер: - Кешімізге қош келіпсіздер!
Оқушылар:
би
І-жүргізуші: - Қалай ойлайсың? Жан азығы дегеніміз не?
ІІ-жүргізуші: -Жан
азығы дегеніміз –
көркем өнер. Бұл табиғаттың бойындағы әсемдікті, күш-қуатты адамның қажетіне
сәйкестендіріп, қол я тіл арқылы көріктендіріп жіберу деп ойлаймын.
Көркем шығарма –адамзат үшін жазылады емес пе?
І-жүргізуші: Иә, дұрыс айтасын. Адам баласының сөзі өнер, бірақ
ол
сөз, сөз қалында көркем
емес. Ол сөздері құрастырып тере
білгенде ғана көркем
болады.
ІІ-жүргізуші: - Олай болса, Зияда ақынды ақын еткенде,
мәртебесін
биіктеткен де,
ақындық ғарышқа самғатқан өнер –
ақындық өнер.
І-жүргізуші: -Ұстаз әрі ақын Зияданың өмірінен сыр шертсек
(баяндама)
ІІ-жүргізуші: -Зияда апайдың өзі жазғандай «Ақындықтың
дерті-
өлең, ақиқаттың серті-өлең!».
-Зияда өлеңдерінің
тақырып аясы өте кең.Туған жері,
өскен елі- қасиретті
Қазығұрт, келін боп, ақ босаға аттаған
сансыз баптар мекені
Сайрам өңірі табиғи суреттерге қанық
жыр-толғаныстар. Қасиетті
елді мекенді жөнінде кең
тыныспен шабыттана
жырға қосады.
Оқушылар
«Қазығұрт», «Сайрам» өлеңдерін жатқа оқиды.
І-жүргізуші: - Өлеңді жарқ-жұрқ, жалт-жұлт еткен сезімге
емес, байыпты,
салиқалы сабырлы
ойға құрады. Мәселен
«Ияссауи
хикметтері» туралы өлеңі осы пікірімізге дәйекті
дәлел.
Оқушы
«Ияссауи хикметтері» өлеңін оқиды
ІІ-жүргізуші: - Кез келген қазақтың домбыраны қолға алғанда
арқалануға
ақысы бар. Өйткені
домбыра қазақпен егіз. Бұл туралы
Зияда ақын сөзбен суреті
қалай сызады? Тыңдап көрелік.
Оқушы
«Домбыра» өлеңін оқиды
Домбыра,
күй.
І-жүргізуші: Ақынның «Пенде», «Кейде маған бір қызық ой
келеді»,
«Жағымпаздың жыры» секілді өлеңдері адам
бойындағы
түрлі
мінез-құлықтарды сипаттайтын философиялық
астары бар. Адамды
ойландырады, толғандырады.
Оқушылар
«Пенде», «Кейде маған бір қызық ой келеді»,
«Жағымпаздың жыры» өлеңдерін оқиды
І-жүргізуші: -Зияда ақынның бір пара арнау өлеңдері бар.
Әдептен
аспайтын жылы юморға құрылған, жан жылуына
тола
«Амангелді»,«Оңғар»,«Әлі»,«Ұлжалғас»,«Асан»,«Асқар»,
«Қабыл», «Баян
Тленшина», «Ақмарал Медеуова» т.б.
ұстаздардың
өзіндік бет-бейнелері, қадір-қасиеттері мен
мінез құлықтары
сәтті ашылған.
ІІ-жүргізуші: -Ақын жыл мезгілдерін де өз жырына қоса
білген.
Әсіресе, күзгі табиғаттың бар болмысын шынайы
бедерлеп, бояуын
сол қалпында қалдырады.
Оқушы «Күз» өлеңін оқиды
І-жүргізуші: -Зияда ең алдымен мінезді ақын. Ал мінезді
ақынның
өзіндік
қолтаңбасы болатыны да ақиқат. Оған өлеңдерінен
ақша билеген
заманның шындығы мен ақын жан
дүниесінің толғанысы
қатар суреттелетін мына өлеңі
шындық.
Оқушы «Өлең
бар ма, деб сұрайды достарым» өлеңін оқиды.
ІІ-жүргізуші: Ақынның тағы бір асқан асуы бар. Ол – ұлттық
салт-
дәстүрге арналған
сахналық көтіністер.
(Сахна көрініс)
І-жүргізуші: Келесі бөлім ақынмен «Сыр сұхбат» деп аталады
Оқушылар
Зияда ақынға сұрақтар қояды.
1.
Ақындық жолға қалай
келдіңіз?
2.
Ақындардың ішінен кімді
пір тұтасыз?
3.
Ең алғаш жазған өлеңіңіз
есіңізде ма?
4.
Ұстаздық қызмет пен
ақындықты қатар алып жүру сізге оңай болды ма?
5.
Ақын Зияда мен отбасындағы
Ана Зияданың арасында айырмашылық бар ма?
6.
Осы күнгі жас ақындарға
көңіліңіз тола ма?
7.
Өзіңіз ұстаз болдыңыз.
Өзіңіздей шәкірт тәрбиелей алдыңыз ба?
8.
Отбасыңызда ақындық өнер
дарыған ұл-қызыңыз бар ма?
9.
Кітабыңыз неге
зейнеткердікке шыққанда жинақ болып шықты?
10.
Айта алмаған, жете алмаған
асуларыңыз бар ма?
11.
Сіздің өлең жазуға деген
шабытыңыз қай кезде оянады?
12.
Қазіргі жастарға тілер
тілегіңіз.
Зияда апамызды өзіне ұстаз тұтатын, патриотизмді
жырлауға шеберлігі, еліне деген сүйіспеншілікгі, ерекше шабытты, көтеріңкі
рухқа толы мектебіміздің жас ақын болғысы келетін оқушыларының ақынға арнау
туындыларын тыңдап, тұсауын кессеңіз.
Сұхбат қорытындысы.
ІІ-жүргізуші: -Құрметті өлең сүйер қауым! Ақын, Қазақстан
жазушылар
одағының мүшесі
Қабылбек Төретай ұлының әзіл
өлеңімен
кешімізді аяқтаймыз.
Қағаз – анау, тығып қойған қаламды ал!
Қаламыңды ал! Не бар, құрдас, алаңдар!
Ойлы оқырман тағат таппай күтетін,
Сен де әлі жазылатын өлең бар!
Қош сау болыңыздар!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.