Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Әдеби кеш 7 сынып

Әдеби кеш 7 сынып



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Алаштың бес арысы

Тақырыбы: “Алаштың бес арысы”
Мақсаты: Оқушыларға алаштың бес арысын таныстыра отырып, адамгершілік, рухани тәрбиеге тәрбиелеу. Қазақ автономиясының құрылуын насихатау. Тәуелсіздігімізді айқындау.
Түрі: ауызша журнал
Көрнекілігі, керекті құралдары: Фото суреттер, монтаждық фильмдер, мультимедиалық проектор.
Сабақтың барысы:
1.Музыка тыңдалады-Балалар,осы тыңдалған әуен сендердің ойларыңша қалай орындалды? Көңілді,қызықты ма,әлде мұңды, қайғылы ма?Бүгінгі біздің отырысымызда айтылатын «Бес арыстың»өмірлері де осындай қайғы,мұңға толы.Ендеше отырысымызды бастайық. Ең бірінші «Арыс» деген сөздің мағынасына тоқталайық:ғылымда,әдебиетте,өнерде немесе басқа салада өз еңбектерімен ерекше аталатын адам.

-«Арыс» деген сөзді тағы қандай сөзбен алмастыруға болады?

-Данышпан, жарық жұлдыз...

-Неліктен біз осы бес адамның басын қосып,бесеуінің есімін бірге атап жүрміз? Себебі,олар өмірден елім деп,жерім деп,халқым деп өткен.Олардың мақсаты өздерінің қазақ деген халқына бостандық,теңдік әперіп,оларды қанаудан босатып,тәуелсіз өмірге жетектеу еді.Бұл ақын-жазушыларымыз 1937 жылы репрессияның құрбаны болды.Олар әділетсіздік пен қатыгездіктің құрбаны болды.

(Репрессия-карательная мера,исходящая от государственных органов )

2.Енді осы жалпы шолудан кейін осы бес азаматымыздың әрқайсысына жеке-жеке тоқталамыз. Ең бірінші тарихқа көз жүгіртсек..
«Алашорда үкіметінің құрылуы» түсіндірме
1.оқушы
Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себепші болған жағдай Уақытша үкіметтің басқа да шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ұлт өміріне қатысты ең өзекті мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұрақсыз саяси билікке айналуы, оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия, зорлық пен зомбылыққа ұласуы еді. Қазақ облыстарында асқынған жер мәселесін шешуге бағытталған әрекеттің болмауы, атты қазақ әскері, қарулы солдат пен қоныстан
ушылардың панасыз жергілікті халық үстінен жүргізген озбырлығының өрши түсуі соның айғағы болатын. Осындай жағдайда қазақ зиялылары арасында ұлттың мемлекеттілігі туралы мәселе талқылауға түсті. Сөйтіп, бұл мәселені қараған Жалпықазақ-қырғыз съезі 1917 жылы 5 желтоқсанда Орынбор қаласында ашылды. Оған барлық қазақ облыстарынан, сондай-ақ одан тыс жерде тұратын Алтай губерниясы мен Самарқан облысы қазақтарынан және Жетісу облысы қырғыздарынан барлығы 82 өкіл қатысты. Съездің күн тәртібінде тұрған ең негізгі мәселе, әрине, ұлттық автономия мәселесі еді. Міне осылайша ұлттық идеяологияны ұстанғандар арасынан алғашқы Алашорда автономиясын құру қолға алынып оның төрағасы болып Әлихан Бөкейханов болды.
«Алашорда және Кеңес үкіметі»
2. оқушы: 1918 жылы 5 каңтарда Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы күшпен таратылған соң Алашорда мен Кеңестік биліктің арақатынасы күрделене түсті. Кеңестік билік бұрынғы отарлық езгідегі халықтарға тек кеңестік негіздегі автономия беретіндігін мәлім етті. Бұл белгілі бір ұлттық автономиялық мемлекеттікті иемденуі емес, оның белгілі бір бөлігінің ғана, яғни жұмысшы және шаруалардың өзін-өзі билеу мүмкіндігіне ие болғандығын білдіретін шара еді. Мұстафа Шоқай 1918 жылдың көктемінде Алашорда мен Кеңес үкіметі арасында өзара түсінушілікке ұмтылыстың нышандары байқалды. Осы жылдың наурызында Оралдан Мәскеуге Алашорда үкіметінің тапсыруымен Халел және Жаһанша Досмұхамедовтар аттанып, барған бетте Халык Комиссарлар Кеңесінің Төрағасы В.И.Ленинмен және Ұлт істері бойынша Халық Комиссары И.В.Сталинмен кездесіп, оларға II Жалпықазақ-қырғыз съезінің (Орынбор, 1917 ж. желтоқсан) қаулысын табыс етеді.
Оқушы
Алғаш “Алаш автономиясын” құруда өз үлесін қосқан Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаевтардың қосқан еңбектері көп болды. Ендігі кезекті біз осы алаштың бес арысы туралы білеміз. XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов еді.Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы намысқой, сергек, еті тірі адам болады. Сол себепті де Байтұрсын мен оның ағайындары патша өкіметінің өкілі — уезд бастығын соққыға жығып, түрмеге қамалады. Бұл оқиға он жасар бала Ахметтің санасына қатты әсер етеді. Мәселенің түп негізін толық ұқпағанымен, ол өмірдегі әділетсіздік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік теңсіздікті көзімен көріп, көңіліне ой ұялатады.
3. Оқушы: АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ (1873-1938)
Ахмет Байтұрсынов - қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист, ағартушы - ғалым, ұлт ұстазы.
1873 жылы, қаңтар айында Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келді.
Әділетсіз орыс оязының зорлығына қарсы тұрған әкесі Байтұрсынның 15 жылға Сібірге жер аударылуы он үш жасар бала Ахметтің жүрегіне өшпестей жара салады.
1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды.
1895-1909 жылдары ұстаздықпен айналысып, бала оқытады.
1905 жылы жер мәселесі, қазақтың өз жерін өзіне қайтару жөнінде патшаның атына хат жазушылардың бірі болады. Патша өкіметіне наразылығы үшін 1907 , 1909 жылдары абақтыға қамалады. 1910 жылы қазақ жерінен қуғындалып, Орынбор қаласына жер аударылады.
Халықтың ой-санасын оятуға бар күшін, қаламгерлік қуатын салып, 1909 жылы И.А.Крылов мысалдарын аударып, "Қырық мысал" жинағын шығарады. Қазақ поэзиясына өзіндік жаңалық, ою - өрнек әкелген "Маса" жинағы А.Байтұрсыновтың ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халыққа жеткізеді.
1913 жылдан 1917 жылға дейін М.Дулатовпен бірге "Қазақ" газетін шығарады. Саяси бағыттағы мақалалары патша үкіметі орындарына жақпаған басылымның редакторы ретінде А.Байтұрсынов бірнеше рет түрмеге жабылады.
Патша тақтан түскен соң Ахаң қазақ зиялыларымен бірігіп, ұлттық "Алаш" партиясын құрады. Кеңес үкіметі орнаған соң А.Байтұрсынов Қазақстан үкіметінің мүшесі, Халық ағарту Комиссариаты жанындағы ғылыми - әдеби комиссияның төрағасы болып сайланады. Орынбор, Ташкент, Алматы қалаларындағы педагогикалы жоғарғы оқу орындарында сабақ береді. Голощекиндік асыра сілтеу саясатына қарсы болғаны үшін 1929, 1937 жылдары екі рет саяси репрессияға ілігіп, жазықсыз атылды.

4 Оқушы
Алаштың көрнекті қайраткері, ағартушы-ғалым. 1872 жылы Торғайдың Ақкөл жағасындығы (қазір Қостанай бол. Жангелдин ауд.) Сарытүбек жерінде туған. 1884 жылы ауыл мектебін, 1891 жылы Торғайдағы орыс-қырғыз училищесін, 1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітіріп, өз бетінше көп білім жиған. 1895-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Торғай уездерінің мектептері мен училищелерінде мұғалім болады. 1909 жылы патша өкіметінің шет ұлттарға қарсы әрекетіне көзқарасын білдіргені үшін Семей абақтысына жабылады. Мұнда ол 1910 жылдың басына дейін отырады.
1910-1913 жылдары ағартушы қатаң бақылау жағдайында болады. 1913-1917 жылдары әйгілі «Қазақ» газетінің редакторы қызметін атқарады. Осы шақта ағартушы ұлттық Алаш қозғалысын жандандыруға атсалысады. Алаш партиясы құрылатын І жалпықазақ съезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын ІІ жалпықазақ съезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. І съезде негізгі мәселелер бойынша хатшы болса, ІІ съездің шақыру комиссиясына енді. 1917 жылы 14 желтоқсанда Орынборда Алаш партиясының Торғай облыстық комитеті ашылып, қайраткер төраға (Ә.Бөкейхан) орынбасары болып сайланады

-Ал,балалар,енді отырған тыңдармандар арасында осыған алып-қосарларың болса,жатқа өлеңдерін білсеңдер келіп айтуларыңа рұқсат.

-Міне,өздерің айтып өткендей бес арыстың өмір жолдары осындай болған екен.Отырысымызды қорта келе мынадай тірек сызба жасасақ.Дәптерге бес тармақты жұлдыз салу,бес тармаққа бес арыстың аты-жөндерін жазу,сондай-ақ әрқайсысының ерекшелігі мен осы бесеуіне ортақ нәрсені жазамыз.

1.А.Байтұрсынов: ғалым-тілші,әдебиет теориясының негізін салушы, «Тіл-құрал», «Әдебиет танытқыш», «Маса», «Қырық мысал»

2.М.Жұмабаев:педагог, «Оян қазақ», «Шолпан»

3.Ж.Аймауытов:психолог,шебер-драматург, «Мансапқорлар», «Ел қорғаны», «Шернияз».

4.Ш.Құдайбердиев:Абай шәкірті,ақын-композитор.

Ал бәріне ортақ,бесеуінің басын біріктіріп тұрған нәрсе-халық,ел қамын ойлаған азаматтар.

-Міне,құрметті оқушылар,алдағы уақытта сендер қазақтың «Бес арысы»жайлы біліп жүретін боласыңдар.Уақыт өзгерді,қауым жаңарды,тарихқа сын көзімізбен қарайтын болдық.Ендігі мұрат-сендер,біздің болашақ,келешек ұрпақ осындай барымызды бағалап,асылымызды қадірлеп өтсе екен деп тілейміз.







57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 16.09.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров20
Номер материала ДБ-196810
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх