Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Әдеби музыкалық қойылым. "Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы"

Әдеби музыкалық қойылым. "Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы"



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

«Ю.А.Гагарин атындағы мектеп-лицейі» КММ








Әдеби музыкалық қойылым.


100 НАҚТЫ ҚАДАМ




«Тәуелсіздік- елімнің ерлік жолы»












Орындаған: Торгаева Алмаш Калижановна



Ақадыр кенті

2015-2016оқу жылы



Әдеби музыкалық қойылым.

Тақырыбы: «Тәуелсіздік- елімнің ерлік жолы»

Мақсаты: Қазақ халқының оның ішінде қазақ хандығының, тәуелсіздіктің, ұлы жеңістің қадір қасиетін ұғындыру. Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, ерлеріміздің ерен ісімен,кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген,Тәуелсіздік мерекелері жайлы жете ұғындыру.

Арсен:Өлшеулі ар намыс пен нарқымыздың

Қорғаны адамдық пен салтымыздың.

Армысыздар аяулы ұстаздарым,

Сенері сіздерсіздер халқымыздың.

Інжу: Мектеп қой еліміздің қаны, жаны

Мектептен басталады бәрі,бәрі

Хош келдіңіз Семинар жиынына

Сүйсініп қайтыңыздар бастауыштың ұйымына.

Ұлттың рухын асқақтатып,мерейін өсірген, сонысымен келер ұрпақты жақсылыққа шақырып, тұратын халықтың жақсысы мен жайсаңын біз қашанда мақтан тұтамыз. Қазақстанның келешегі арманының ақ төріне жеткен бүгінгі салтанатты келбеті халқы мен бірге шаттанған Елбасы тарихи төрт мерекені бірге тойлауды мақсат етті. Біз де бүгін осы мерекемізді былайша өткізуді ұйғардық.

1.Қошаметпен қарсы алыңыздар! Хор. «Жасұландар»


Арсен: Ұзақ тарихымыздың қай белесінде де халқымыздың абыройын өсіріп,ұлттың мақтанышына айналған даналар аз болмаған.Ел шетіне жау тиіп,бейбіт қауымның басына қатер төнгенде халық ұранын байрағындай желбіретіп,елім деп еңіреген ,түкті жүрек, мықты білек ұлдардың ,ел мен жердің амандығын ,бауырдың бүтіндігін көксеген басалқы билердің, бар елін баураған хандарымыздың талай ерліктерін айта аламыз.

Інжу: «Даудан қашық жүріңдер дүрлікпе тек

Жаудан қашып,қор болып үрікпе»_ деп

Біріктірді қазақты Төле биі

Бақыт, жеңіс, азат күн бірлікте деп

Би бабаларымыздың Қазақ хандығы тұсында атқарған өрелі істері өлшеусіз.Олай болса «Айтқандары ұрпаққа мұра болар, қайран біздің бабалар ғұламалар» атты әдеби қойылымды көрсетуге

2. 1«Б» сынып оқушыларын ортаға шақырайық.

«Қазыбек би мен Қоңтайшы» қойылым.

.



3.Арсен: Келесі оқушымыз Нұрғалиева Лаура Қазақ хандығына арнаған жырымен ортаға келеді.

Бірлік түбі- береке

Береке түбі- мереке

Ақ білектің күшімен

Ақ найзаның ұшымен, ел болуды көксеген Абылайдай хандарымыздың өнегелі істерінен көріністі тамашалаңыздар.

4.Ортаға 4-« Б» сынып оқушыларын шақырамыз.

5.Інжу: «Бүркіт» биін тамашалайық.

6. Арсен: Келесі тамашалайтындарыңыз 4 «Б» сынып оқушысы Аманова Сабинаның «Халықтар достығы ассамблеясына арнаған» жыр шумағы.



Інжу: Қазақ елі қашаннан да жыр елі

Тарихында тұлғалар көп киелі

Қазақстан аясында бұрыннан

Бірнеше ұлт бірге өмір сүреді.

Бір бірімен тату тәтті тұрады

Бәрінің де Қазақстан тұрағы

Туған жерге тебіренген сәттер де

Ағылады өлең жырдың бұлағы дей келе

7.әр ұлттың билерінен « Достық» биін тамашалаңыздар.

Арсен:

Бізді ата- мекеніміз, қазақ даласы- бабаларымыздың ұрпағына қалдырып кеткен асыл мұрасы. Сол даламызға қайғы- қасіретін алып келген тағы бір зұлмат кезең Ұлы Отан соғысы жылдары. Соғыс кенеттен басталғаны мен, Қазақстан, Бүкіл кеңес одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Ұлы Отан соғысы төрт жылға созылды. Ақыры жеңіске жетіп ұшан теңіз қуанышқа кенелдік.Биыл сол жеңісімізге 70 жыл . Қазақстандықтардың майдан даласындағы ерліктері мен тылдағы табандылықтары ешқашан ұмытылмайды.

8. 4 «Д» оқушыларын ортаға шақырамыз

Інжу: Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін,

Халқымыз қуанышты тегіс бүгін

Жауды шаншып, Отанды азат еткен

Құрметпен қарсы алды жеңіс күнін. Дей келе сөз кезегін

9. 3 « Г» сынып оқушысы Хуаныш Бақдаулетке береміз.

10.Арсен: Келесі кезекте 1 «Б» сынып оқушыларының «Балапандар» биін тамашалайық..

Арсен: Қазақстан! Туды алтын дәуірің,

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын

Алтын заңың құтты болсын қымбаттым

20 жылдық туған күнің Алыбым

деп Ата заңымыздың 20 жылдық тойына жырдан шашу арнауға

11. 2- «А» сыныбының оқушылары Орынов Бейбарыс пен Мусахметова Айбибіні шақырамыз.

Інжу. Ия біз сол қазақпыз

Он жеті миллиондай-ақ азақпыз

Біреулерге азақпыз

Біреулерге осыншама байтақ жерді сақтап қалған ғажаппыз

Намыстан өлгенбіз, намыстан тірілгенбіз


12.Арсен.Көк бөрі дегенде -біз,көшпенділер деген де -біз

Көкте сұңқар, жерде тұлпар ұстағандарда біз

Білмейтіндер болса білсін,біздің бақытымыз, атағымыз,

Даңқымыз дейтіндер де біз

Хор. «Алға, қазағым.»

Інжу: Абай үлгісі, ақын даналығы халқымыздың оқып, тауыса алмай келе жатқан мектебі, білім қазынасы. Абай ұрпаққа жаңғырған сайын жаңа қырынан танылып, жаңара беретін артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын. Сол бабамыздың биыл туғанына 170 жыл толып отыр.Олай болса ұлы бабамыздың ғажайып көркем ,әрі күн шуақты даналыққа толы өлеңдерінің ішінен

13. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін орындайтын 4 «В» сынып оқушысы Жәнібекқызы Айдана.

14.Арсен: Орыс халқының «Теремок» ертегісін ағылшын тілінде тамашалайық.

15.Інжу: « Шақнұр» бишілер тобының орындауында «Ұйғыр биі».













57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 20.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров79
Номер материала ДВ-359768
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх