Инфоурок Литература Другие методич. материалыӘдеби сазды кеш "Қазақ әнінің Қадыры"

Әдеби сазды кеш "Қазақ әнінің Қадыры"

Скачать материал

Әдеби – сазды кеш

Тақырыбы: «Қазақ әнінің Қадыры»

Кіріспе.

Жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әли 1935 жылы 5-қаңтарда Сырым ауданында (Жымпиты) дүниеге келген. Ол Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік және Тарлан сыйлықтарының иегері.  

1. Жүргізуші: 

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Талантты ақынымыз Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығына арналған «Қазақ әнінің Қадыры» атты әдеби кешіне қош келдіңіздер.

2. Жүргізуші: 

Өзгелер сияқты Қадырдың қадірін оқырман қауым бірден ұғынды. Талантына табынды, өзгеге ұқсамайтын  жауһар жырларын тұтына оқыды. Қадыр ақын да сүйікті оқырманына халқының қазақы қасиеттерін, тектілігін, тазалығын ту еткен туындылар ұсынды. Халқымыздың әнұранына айналып кеткен сүйікті әніміз Атамекенді бәріміз бірге айтып, осы кешті ашуды ұсынамын.

Ән «Атамекен»

Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев.

1. Жүргізуші:  Қандай тамаша ән! Өн бойы бүкіл елге, туған жерге, Атамекенге деген сүйіспеншілікке толы. Бұл әнді жайбарақат отырып тыңдау әсте мүмкін емес. Қазақта туған жерге жыр арнамаған ақын, ән арнамаған сазгер жоқ шығар. Десек те, дәл осылай көптің көкейіне қонып, зор құрметпен айтылатындары аз. 40 жылдан астам уақыт өтсе де, асқақ рухын жоғалтпаған осынау ән әдебиеттің асқар белі – Қадыр Мырзаәлінің сөзіне жазылған.

2. Жүргізуші:   Ақынның әр өлеңін оқыған сайын қанаттанасың, рухтанасың, жігерленесің. Бірде бала, бірде дана боласың, сүйсінесің, тамсанасың, күй тартқандай боласың, халқымыздың бүкіл болмысы көз алдыңа келеді.

Жайлауың болар жеріміз.

Төсегің болар төріміз

Білгіңіз келсе қазақты

Қонағы болып көріңіз.

  Жасұланов Жәңгірханның  орындауында «Қазақ осы» әнін тамашалаңыздар.

1. Жүргізуші:   

Қадыр ақын асыл анасына өз өлең – жырларымен өшпес ескерткіш орнатқан. Қазақ әлеміндегі біртуар азаматтың сүйіспеншілігіне бөленген - Мағыраш апа екі дүниеде де арманы жоқ бақытты ана. Ақын анасынан жырақта жүргеніне қайта – қайта толғанып, анаға деген ыстық. ықыласы мен махаббатын өлең жолдарымен жеткізеді.

Ана тақырыбына арналған өлеңдерінің бірі  «Он баласы бар ана» өлеңін  мәнерлеп оқып беруге  Айсезімді шақырамын.

2. Жүргізуші: 

Келесі кезекте ақынның сөзіне жазылған «Әже туралы» ән. Орындайтын:  Бұйрабасова  Балайна

1. Жүргізуші:   

Қазақ елі маңдайына біткен шоқ жұлдызының үйіне ескерткіш тақта орнатты. Ақын 2011 жылы 76 жасында өмірімен, қазақ халқымен мәңгіге қоштасып кете барды. Ақынын ұлықтаған елдің ескерткіш тақта орнатудағы кезіне назар аударсақ. ( Видео көрсетіледі)

2. Жүргізуші:   

Адам әдебиетке сұлудың бұрымындай өрілген екі мақсатпен келеді. Бірі: өзінен бұрын ешкім айтпағанды айту, екіншісі: өзге ешкімге ұқсамай, тек өзінше айту. Осы екі мақсат орындалғанда ғана шын мәніндегі әдеби туынды болады.Иә, тек қана өзіне тән өзгеше мазмұн ашқан, тек қана өзіне тән өзгеше пішінін тапқан шын мәніндегі шынайы талант екеу болса – бірі, біреу болса - өзі - Қадыр атамыз.
«
Менделеев кестесі» өлеңі оқитын Амангелдиева Перизат

1. Жүргізуші:   

Қадыр Мырзалиев балаларды ерекше жақсы көрген. Ол шығармашылығының бастауын осы балаларға өлең арнап шығарумен бастаған дейді.  Соның бір дәлелі ретінде алдарыңызда «Жалқаубек» әні. №121топ студенттері

Әр дәуір өз ақынын тудырады десек, Қадыр шығармалары оның өзі өмір сүрген жылдардағы көркем тілмен жазылған шежіре десе болады. Қадыр Мырзалиевтің поэзиясы сан қырлы. Олар биік адамгершілік, адал еңбек, пәк махаббат, балғын  жастық  шақ тақырыптарында. «Студент» өлеңі.  Утепова Наталья

2. Жүргізуші:

Қадыр шығармашылығы ғасырдан ғасырға, тарих көшімен бірге ілесіп, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып мәңгі жасай бермек. Ақынның тұнықтан жаралған поэзиясы – бізге жол көрсетер шырағдан, үлгі тұтар бойтұмар болып қала бермек!

«Тамаша» әнін бірге шырқайық

1. Жүргізуші: 

Келесі кездескенше аман болыңыздар

Шаңырақтарыңыздан күлкі мен ән үзілмесін!



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әдеби сазды кеш "Қазақ әнінің Қадыры""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по тяжелой атлетике

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 863 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.01.2018 966
    • DOCX 18.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джумагалиева Жанар Крыкбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Джумагалиева Жанар Крыкбаевна
    Джумагалиева Жанар Крыкбаевна
    • На сайте: 6 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15660
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Онлайн-преподаватель: юридические и методологические аспекты семейного, дистанционного и индивидуального образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 122 человека

Курс профессиональной переподготовки

Физическая культура и спорт: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель физической культуры

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Курс повышения квалификации

Строительство гидротехнических сооружений

180 ч.

2490 руб. 1490 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Родительство

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Фитнес: вопросы здоровья и безопасности во время тренировок

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе