Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Әдеби-сазды кеш: "Қазақ әнінің Қадыры"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Әдеби-сазды кеш: "Қазақ әнінің Қадыры"

библиотека
материалов

Әдеби – сазды кеш

Тақырыбы: «Қазақ әнінің Қадыры»

Ашылуы: Қадыр Мырза Әлидің өлең оқу үстіндегі видеосы көрсетіледі.

1)  Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Талантты ақынымыз Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығына арналған «Қазақ әнінің Қадыры» атты әдеби кешіне қош келдіңіздер.

Дарындылық, ақындылық туралы Қадыр былай дейді: Дарын иесінің ақын болып қалыптасуы ең алдымен өз ауылы, өз үйі, өз қара шаңырағынан. Өйткені, ақын да кәдімгі бала болған. Ал, ата-ана өздерінің ойда жоқта айрықша азамат, ұлы перзент әкелгеніне ә дегенше сене алмайды. Басқа – басқа, құдай қосқан қосағыда жарының қандай ірі тұлға, қандай айдарлы ақын екенін кездесулерден көріп, елден естіп біледі, бірақ сене қоймайды, өтпелі дүние деп есептейді. Обалы не керек, талантты алдымен танитын да, табынатын да оқырман қауым, қалың ел халық!

Иә, ақын түйінінде үлкен шындық бар. Өзгелер сияқты Қадырдың қадірін оқырман қауым бірден ұғынды. Талантына табынды, өзгеге ұқсамайтын  жауһар жырларын тұтына оқыды. Қадыр ақын да сүйікті оқырманына халқының қазақы қасиеттерін, тектілігін, тазалығын ту еткен туындылар ұсынды. Халқымыздың әнұранына айналып кеткен сүйікті әніміз Атамекенді бәріміз бірге айтып, осы кешті ашуды ұсынамын.

Ән « Атамекен»

Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев.

Орындайтын: 7 сынып оқушылары

Қандай тамаша ән!Өн бойы бүкіл елге, туған жерге, Атамекенге деген сүйіспеншілікке толы. Бұл әнді жайбарақат отырып тыңдау әсте мүмкін емес. Қазақта туған жерге жыр арнамаған ақын, ән арнамаған сазгер жоқ шығар. Десек те, дәл осылай көптің көкейіне қонып, зор құрметпен айтылатындары аз.40 жылдан астам уақыт өтсе де, асқақ рухын жоғалтпаған осынау ән әдебиеттің асқар белі – Қадыр Мырзаәлінің сөзіне жазылған.

2) Ақын 1935 ж. 5-қантар Орал облысының Жымпиты топырағында дүниеге келген. Ол Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік және Тарлан сыйлықтарының иегері. Тілі шыққан баладан, сақалы шыққан данаға дейін, Қадыр есімі қадірлі.

Бәрін тез-тез болады деп кім күткен,

Күндер өткен жұлдыз жауар түндіктен

Мырзалының

Үміт артқан өлгенше

Үш ұлынан жалғыз еркек кіндік мен

Жүз демейін -

Түсінеді жөнді ұққан.

Жалғыз едім мен бір ірі сондықтан.

Жалғыз едім өспей қойған атадан.

Жоғалуға қақым жоқ-ты сондықтан!

Қадыр ақын туралы естелікті, өзінің Құдай қосқан жары Салтанат апаның өз аузынан естісек. Экранға назар аударайық. ( Видео көрсетіледі)

Иа, ақын атамыздың есімі мәнгі жадымызда жатталады. Қадыр Мырзаәлінің өлеңін жатқа оқитын: ------------------------------

 3) Ақынның әр өлеңін оқыған сайын қанаттанасың, рухтанасың, жігерленесің. Бірде бала, бірде дана боласың, сүйсінесің, тамсанасың, күй тартқандай боласың, халқымыздың бүкіл болмысы көз алдыңа келеді.

.Жайлауың болар жеріміз.

Төсегің болар төріміз

Білгіңіз келсе қазақты

Қонағы болып көріңіз.

Төгілген қан мен теріміз.

Туыстық бізде еріміз

Білгіңіз келсе қазақты

Тегіне тиіп көріңіз.

  Ақеркенің орындауында «Қазақ осы» әнін тамашалаңыздар.

 

4) Қадыр ақын асыл анасына өз өлең – жырларымен өшпес ескерткіш орнатқан. Қазақ әлеміндегі біртуар азаматтың сүйіспеншілігіне бөленген - Мағыраш апа екі дүниеде де арманы жоқ бақытты ана. Ақын анасынан жырақта жүргеніне қайта – қайта толғанып, анаға деген ыстық. ықыласы мен махаббатын өлең жолдарымен жеткізеді.

Анасына арналған өлеңдерінің бірін 9 – сынып оқушысы Сатыбалдиева Алтынайды мәнерлеп оқып беруге шақырамын.

Келесі кезекте ақынның сөзіне жазылған «Әже туралы» ән. Орындайтын: Хасимова Ботакөз

5) Қазақ елі маңдайына біткен шоқ жұлдызының үйіне ескерткіш тақта орнатты. Ақын 2011 жылы 76 жасында өмірімен, қазақ халқымен мәңгіге қоштасып кете барды. Ақынын ұлықтаған елдің ескерткіш тақта орнатудағы кезіне назар аударсақ. ( Видео көрсетіледі)

  Қадыр Мырзалиев балалрды ерекше жақсы көрген. Ол шығармашылығының бастауын осы балаларға өлең арнап шығарумен бастаған дейді-мыс. Соның бір дәлелі ретінде алдарыңызда «Жалқаубек» әні.

Қорытындылау:

Айналайын Қадырым!

Елге қымбат қадірің.

 Сенен басқа ақын жоқ.

 Елдің ойлар тағдырын!

Қадыр шығармашылығы ғасырдан ғасырға, тарих көшімен бірге ілесіп, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып мәңгі жасай бермек. Ақынның тұнықтан жаралған поэзиясы – бізге жол көрсетер шырағдан, үлгі тұтар бойтұмар қала бермек! Келесі кездескенше аман болыңыздар! Шаңырақтарыңыздан күлкі мен ән үзілмесін!






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Дарындылық, ақындылық туралы Қадыр былай дейді: Дарын иесінің ақын болып қалыптасуы ең алдымен өз ауылы, өз үйі, өз қара шаңырағынан. Өйткені, ақын да кәдімгі бала болған. Ал, ата-ана өздерінің ойда жоқта айрықша азамат, ұлы перзент әкелгеніне ә дегенше сене алмайды. Басқа – басқа, құдай қосқан қосағыда жарының қандай ірі тұлға, қандай айдарлы ақын екенін кездесулерден көріп, елден естіп біледі, бірақ сене қоймайды, өтпелі дүние деп есептейді. Обалы не керек, талантты алдымен танитын да, табынатын да оқырман қауым, қалың ел халық!

   Иә, ақын түйінінде үлкен шындық бар. Өзгелер сияқты Қадырдың қадірін оқырман қауым бірден ұғынды. Талантына табынды, өзгеге ұқсамайтын  жауһар жырларын тұтына оқыды. Қадыр ақын да сүйікті оқырманына халқының қазақы қасиеттерін, тектілігін, тазалығын ту еткен туындылар ұсынды. Халқымыздың әнұранына айналып кеткен сүйікті әніміз Атамекенді бәріміз бірге айтып, осы кешті ашуды ұсынамын.

Автор
Дата добавления 13.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров276
Номер материала 526222
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх