Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Ашық сабақ "Орманның сиқырлы кітабы"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Ашық сабақ "Орманның сиқырлы кітабы"

библиотека
материалов


Танымдық-тілдік сала арқылы баланың шығармашылық сөйлеу қызметін байыту


Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайды жақсарту басты міндет болып табылады.

Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік еркешелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт.

Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтылығына ықпал ету қажет. Сондай — ақ отбасының сұранысы мен талап – тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата — анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды.

Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс – тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелеріне отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы шарт. Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсатта өзара тығыз байланыста болған да ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамудың маңызы ерекше.

Даму барысы:

  1. Зердесін дамыту.

  2. Эмоциясы мен сезімін дамыту.

  3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту.

  4. Өзіне – өзінің сенімділігі, өзін – өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту.

  5. Танымдық үрдісін дамыту.

  6. Өзін – өзі алып жүре алуы, дербестігін дамыту.

  7. Өзін – өзі көрсете алуына, өзін – өзі жетілдіруге ынтасын дамыту.

Айтар болсақ, баланың бүкіл өмірі бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастаға балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді.

Қазіргі кездегі психологтар мен педагогтар баланың жеке басының дамуындағы қиялдың маңыздылығының ең тиімді жолы шығармашылық жұмыста көрсету, үйрету, көркемдік әдебиетте нақтылау, өз бетінше жұмыс жасауына жағдай жасау, яғни еркіндік беру керектігін айтады. Мектепке дейінгі кезеңде баланың зейіні төңіріктегі заттарға және осылар арқылы орындалатын іс – әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталады. Бала бір нәрсеге ынтасы өшпей тұрған кезде ғана зейінін шоғырлайды. Жаңа бір нәрсе пайда болысымен – ақ баланың зейіні лезде соған ауады. Сондықтан балалардың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады. Мектепке дейінгі кезеңде балалар іс – әрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл – ой дамуының ілгеруіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жастағы балалар ойыны 1,5 сағатқа дейін созылады. Мұны ойында адамдардың күрделірек іс – әрекеттерімен қарым – қатынастарымен бейнеленуімен және ойынға үнемі енгізілетін ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті көре ұзақтығы 2 есе артады, мектепке дейінгі кішкентайларға қарағанда 6 жасар балалар суретті жақсы түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары мен егжей – тегжейлерін бөліп алады. К.Д.Ушинский «Балаға оқуды қызық ты ете білу керек және сонымен қатар оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай талап ету керек. Бұл жұмысты орындағанда бір жағын басым етіп жібермей, екі жағын теңестіру арқылы еріксіз зейінді тудырып отырумен қатар, балада белсенді зейін шамалы болғанына қарамастан оны жаттықтырып отыру керек», — деп көрсетеді.

Мектепке дейінгі жастағылардың ықтиярсыз есте сақтауы мен ықтиярсыз еске түсіруі – ес жұмысының бірден – бір түрі. Бала бірдеңені есте сақтау немесе еске түсіру жөнінде алдына мақсат қояды, ал бұл үшін арнаулы тәсілдерді қолдануды білмейді. Мысалы 3 жастағы балаларға суреттер тобының біреуін сұрағанда балалардың басым көпшілігі өзін мүлде бірдей ұстайды. Суретке көз жүгіртіп өткеннен кейін бала оны шетке ығыстырып қойып үлкен адамнан басқа суретті көрсетуді сұрайды. Кейбір балалар бейнеленген заттар жөнінде әңгімелеп беруге тырысты, суретке байланысты өткен тәжірибелердің жағ дайларын еске түсірді. Әйтседе, есте сақтау бағытталған балалардың ешбір іс – әрекеттері байқалмады.

Сондай – ақ мектепке дейінгі балалардың ойлау үрдісіне тоқталсақ, ойлау – тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі – танымдық белсенділігі. Ойлау – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ақыл – ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл — қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау 6 жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине, ол жекелеген жағдайларға логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымырақ болады. Бұның өзі осы жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды. Ерікті естері жаңа ғана қалыптасады. Сондықтан жақсы қабылдап алған заттардың түрін есінде жақсы сақтайды. Көру және есту елестері көрген нәрселердің мазмұнымен байланысты болады.

Таным әрекетінің бірі – қабылдау. Тілдік мәліметтерді және жазылымдағы қатысымдық тұлғаларды ұғыну қабылдаудан басталады. Тілді меңгеру барысында тіл үйренуші есту, көре, сезу арқылы дыбыстарды, сөздерді, сөйлемді қабылдауға үйренеді. Бала қоршаған ортаны жақсы қабылдауға тиіс.

Мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын педагогтар мен тәрбиешілер, ата — аналар балалармен жылдың қай мезгілінде болмасын далаға шығып серуендегенде, әр түрлі ойын ойнағанда осы ойланту әдісіне баса көңіл бөлуі қажет. Бала бойына ерекше әсер етіп түрткі болатын айналадағы өлі және тірі табиғаттардың сан түрлі құбылыстарын айтуға болады.

Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатысы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бір деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш – жігерін жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқан сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психлологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.



Мектеп жасына дейінгі бала дүниетанымын дамытатын танымдық-шығармашылық ойындар жүйесі

Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын  танымдық ойындар мен шығармашылық ойындарды біріктіре отырып қалыптастыру тәрбиешінің біліміне, біліктілігіне, шығармашылық қабілетіне, креативтілігіне баланысты.

Жалпы танымдық ойындарға келетін болсақ, танымдық ойындар негізінен мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілетінің дамуына үлкен көмек көрсетеді. Танымдық ойындар көбіне қоршаған ортамен таныстыруда қолданылады. Танымдық ойындар  қоршаған дүниені тану, білу, түйсіну мен қабылдаудан басталады. Олардың даму деңгейі неғұрлым жоғары болағн сайын қоршаған болмысты тану соғұрлым мол болады.  «Алтын сақа», «Бәйге», «Тапқыр болсаң, талас жоқ», «Кім жылдам?» сынды түрлі зияткерлік ойындар бала қиялын дамытып, мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелес-тікке ұмтылуға, танымдық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыруда танымдық шығармашылық өтілген тақырыптарды пысықтауға өте тиімді.

Мысалы, балаларды үй жануарлары мен таныстыруда төрт түлікке, жабайы аңдар, үй құстары және т.б. байланысты мынадай танымдық шығармашылық ойындарды қолда аламыз:

1. «Қайсы ненің даусы?»

Мақсаты:  баланың есту, зейіні, тез ойламу қабілеттерін дамыту.

Қажетті құралдар: магнитафон немесе теледидар, жан-жануарлардың  дауысы бар диск.

1)  Бұл ойында балаларға төрт түліктің даусы магнитафоннан немесе теледидардан естіледі. Балалар әр жануардың даусын естіп, оны ажырата бастайды.

2)  Дәл осылай жабайы аңдардың даусын ести отырып, олардыңда даусын ажырата алуы керек.

3)   Үй құстарының дауысын да ажыра алуы қажет.

4)   Табиғат құбылыстарының дауысын жарата білуі керек.

2. «Не екенін тап?»

Мақсаты: балалардың сипап сезу арқылы таным қабілеттерін дамыту.

Керекті құрал-жабдықтар: жеміс-жидектер, көкөністер.

Балалардың көздерін байлап, қолдорына жемістерді немесе көкөністерді ұстап, сипап сезу арқылы балалр қолында тұрған заттың атын айтады.

3. «Суреттерді дұрыс құрастыр» ойыны

Мақсаты: балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.

Керекті құрал-жабдықтар: құстардың қиылған суреті

Балалардың алдына үй құстарының қиылған суреттері беріледі. Ол суретте құстың басы, денесі, қанаты және аяқтары бөлек-бөлек қиылған болады. Балаларға берілетін тапсырма суреттерді дұрыс жинастыру.

4. «Суреттің жұбын тап» танымдық ойыны.

Мақсаты: Баланың ойлау қабілетін, есте сақтауын және тілін дамыту

Қажетті құралдар: Магниттік тақта, магниттер, 12 жұп суреттер: анар — алма, шәйнек — кесе, қораз — әтеш, аққу – шағала, шегіртке – құмырсқа,  күрек – тырма, қызғалдақ – раушан, ешкі – қой, қасқыр – аю, картоп – сәбіз, кітап – дәптер, қаламсап –қалам.

Психолог магниттік тақтаға ойынның суреттерін іледі. Суреттердің орналасуы: жоғарғы қатарына – фасоль, алма, шәйнек, қораз, аққу, құмырсқа, күрек, қызғалдақ, ешкі, қасқыр, кітап, сәбіздің суреттерін қояды. Төменгі жағына – горох, анар, кесе, әтеш, шағала, шегіртке, тырна, раушан, қой, картоп, дәптердің суреттерін қояды.

Балаларға жоғарғы қатардан сурет таңдап төменгі қатардан сол суреттің жұбын тауып топтастыру керек екенің түсіндіреді. Балалар кезекпен жұптарын тауып және неліктен олай ойлайтының айтады. Мысалы: фасоль суретіне мен горохтың суретін жұп қылып топтастырдым. Себебі екеуіде асқа жатады.
Психолог негізгі дұрыс жауапты алғанан соң, суреттің орның ауыстырып жұбтарын бірінің астына бірін қойып отырады. Содан соң балалардан қалған суреттердің жұбтары қандай болғанын еске түсірулерін сұрайды.

Суретке қарап сурет пен сөздерді байланыстыр

5. «Ауа,су және жарық» шығармашылық ойыны.

Мақсаты: Берілге суреттегі сурет пен сөздеді байланыстыра отырып, сөйлем құрастыру. Балаладың ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту.

Ерте,ерте, ертеде, осыдан көп жыл бұрын құстар шөлдеп, қаталапты,ағаштар қурап қалыпты, гүлдер солады. Шөлдеген құстар желден көмек сұрайды. Көмектесуге уәде берге жел күнге келеді. Күн көлдердің, көлшіктердің суын қыздыра бастады. Су тамшылары  буға айналып, аспанға көтерілді. Ол жерде тамшылар бір-бірімен қосылып, бұлтқа айналды. Жерге жаңбыр жауды. Жер рақаттана демалды. Жаңбыр суына шөлі қанған  өсімдіктер мен құстар қуанды.

6. «Кім  табады?» танымдық ойыны

Мақсаты:  балалардың  тез ойлау,  тілін дамыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Бұл ойында балаларға ұшатын құстар мен ұшпайтын құстарды ажырату қажет.

Қажетті құралдар: Магниттік тақта, магниттер, сонымен бірге құстардың суреттері: үкі, жапалақ, қарлығаш, қарға,  сауысқан, бүркіт,  бөдене, қырғауыл, түйеқұс, тауық, қораз, торғай, шымшық, қаз, үйрек, және т.б.

7. «Көбелектер әлемі» жаттығуы

Мақсаты:релаксация және қиялын дамыту.

Қажетті құралдар: МР3, баяу орындалатын музыка, кілемшелер (бала санына қарай)

Жаттығудың өтілу барысы:

Балалар кілемшеге шалқасынан жатып, аяқ – қолдарын еркін созады.
Психолог арнайы релаксацияның әуенің қосып былай дейді: «Көздеріңді жұмып, менің даусымды естіңдер. Жеңіл әрі жаймен демалыңдар. Өздеріңді керемет жаздың шуақты күніңде шалғында жүргендерінді елестетіңдер. Дәл қазір сендердің көз алдарыңа ғажайып көбелек гүлден – гүлге ұшып жүргенің көріп тұрсыңдар. Оның қанаттарының қимыл – қозғалысына қараңдаршы! Ол қанаттарың жеңіл әрі әсем етіп қозғалтады. Енді әрқайсыларың осы көбелектің ғажайып үлкен әрі керемет қанаттарын өздеріңе қиялдап көріңдерші! Сендердің қанаттарың төмен – жоғары баяу қалықтап қозғалып жатқаның сезіңіңдер! Ауада баяу қалықтап жүргендеріңді сезініп рахаттаныңдар! Ал енді өздерің ұшып жүрген жерлеріңнен төмендегі жап-жасыл болып тұрған шалғынға зер салыңдар. Қараңдаршы, қандай жайқалып тұрған гүлдердің көптігін! Көздеріңмен ең әдемі гүлді тауып алып соған жақындай түсіңдер! Енді сендер өздеріңнің гүлдеріңнің иісің сездіңдер! Жайменен қалықтап осы гүлдің аңқыған исінің ортасыңа отырыңдар! Тағыда оның жұпар исімен демалыңдар.Енді көздеріңді ашыңдар! Балалар кезекпен өздеріңің сезімдері жайлы айтады.

8. «Суретті есіңе сақта» ойыны.

 

Мақсаты: көру есін және зейінің дамыту.

Қажетті құралдар: Ойын карточкалары бала санына қарай.

Ойынның өтілуі барысы:

Психолог әр балаға ойынға араналған карточкаларды таратады және зейін қойып назарларын аударуын сұрайды. 10 сек. соң карточканы аударып «суретте не орналасқан» деп сұрайды. Балалар кезекпен жауап беріп отырады. Кейін карточкаларды ауыстырады. Ойын осылай жалғаса береді.
Ескерту: Дұрыс жауапқа балаларға жұлдызша немесе фишка беріп отырады. Осылай жеңімпаз анықталады.

9. «Көкөністер» ойыны.

Мақсаты: Баланың сөздік қорын байыту, зейінің дамыту, өзара келісімге келуге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Көкөністердің суреті бала санына қарай.
Ойынның өтілу барысы:

Психолог әрбір балаға көкөністің суреті бейнеленген карточкаларды таратады. Балалар шеңбер құрып тұрады да, әрқайсысы қолдарындағы қандай көкөніс екенін айтады. Содан соң психолог шеңбер ішіне кіріп қандайда бір көкөністің атауын атайды. Аталған көкөністің суреті бар бала шеңбер бойымен айнала қашады, ал жүргізуші баланы қуа жөңеледі. Ойыншы ұсталап қалмауы үшін балалардың қолындағы қандайда бір көкөністің атауын атауы қажет. Сол кезде кімнің қолындағы көкөністің атауы аталса сол ортаға шығып, қаша жөнеледі. Ал, 1 ойыншы көкөністің атауын атаған бойда орнына тұрады. Жүргізуші ұстап алам дегенше келесі көкөністің аты аталады. Ойын осылай жалғаса береді.

Ескерту: Алғашқы ойын кезінде психолог жүргізуші орнына ойнайды, кейінен жүргізушіні балалар арасынан таңдайды.

10.  «Түлкінің балалары мен бүркіт»

Мақсаты: зейінің, ерік жігерін дамыту.

Ойын барысы: Балалар 1,2 санау арқылы немесе өз еріктерімен түлкілер және бүркіттер болып екіге бөлінеді. Бүркіттер түлкілерді аңдып бір жерде жиналып отырады. Түлкілердің ішінен біреуі түлкі болып қалғандары түлкінің балалары болады. Түлкі ортаға тұрып қандайда бір қимылдар жасап, оны әртүрлі қылып өзгертіп жасай береді. Түлкінің балалары анасының жасағандарын қалмай қайталап жасап отыруы керек. Кім қимылдарды жасауға үлгірмей немесе жасай алмаса соны бүркіттер алып кетеді. Анасымен қалған түлкі баласа жеңімпаз болып саналады. Ойын жүргізушілері ауыстырылып 2-3 рет қайталанады .

Ескерту. Ойынды көңілді әуен қосып ойнаған жақсы.

Мектеп жасына дейінгі балалрдың танымдық шығармашылық қабілетін дамытуда қолданылатын тиімді әдістердің бірі – танымдық-шығармашылық ойындар болып табылады.

Танымдық-шығармашылық ойындар баланың дүниетанымын қалыптастыруда алатын орны маңызда да ерекше екені сөзсіз.

Себебі танымдық-шығармашылық ойындар баланы таным қабілеті арқылы табиғатты, қоршаған ортаны таныса, шығармашылық ойындар арқылы бала таныған заттарының қандай қызмет атқарып, қандай қасиетке ие екендерін айта білу, сөйлеу, сөзбен сөзді байланыстып сөйлеуге үйреніп дағдыланады.






Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

  • Тақырыбы: : «Үй жануарлары» С.Қасымов
  • Мақсаты:Әдеби шығарманың кейіпкерлерінің мінез -құлқын талқылай білу.Үй жануарлары туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, оларға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
  • Блингвалдық компанент:жануарлар
  • Сөздік жұмыс: ақ-белый,күшік-щенок,қой-баран, ешкі-коза,сиыр-короваАуылға саяхаттап,үй жануарларымен танысу.
  • Жануарларды экраннан көріп танысады

    Жылқы жануары бізге не береді?

    Сиырдан қандай өнім аламыз?

    Тауықтан не аламыз?

    Қойдың адамға пайдасы?

    Сергіту.

    Қуыр қуырмаш

    Балапанға бидай шаш

    Әжен келсе есік аш.

    Қасқыр келсе мықтап бас.

    Сұрақтарға жауап алу.

    Слайдқа назар аударып,жануарлар мен құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу.Пайдасын айту.

    Д/о «Дыбысты ажырат. »

    Д/о «Не жоқ»

Общая информация

Номер материала: ДВ-453352

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"