Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Әдебиет пәнінен сабақ жоспары "Егіннің бастары"

Әдебиет пәнінен сабақ жоспары "Егіннің бастары"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

САБАҚ:

Мектеп: «Социалистік Еңбек Ері Қ. Әбсәметов атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар» орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Күні:02.06.2016ж

Мұғалімнің аты-жөні: Күльменова Ж.А.

СЫНЫП:10


Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары»мысалы


Қатысқандар: 11

Қатыспағандар:1

Оқу мақсаттары

10.3.4.Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалайды және шығарма мазмұнына сай проблемалық сұрақтар құрастырады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

«Егіннің бастары» мысалы туралы тыңдайды және түсінеді

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мысалға қатысты сұрақтарға жауап береді


Кейбір оқушылар орындай алады:

Мысалдың мазмұнын айта алады


Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Тәкаппар, тұтынба, шекірейіп, тең келмейтін, кекірейіп



Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Сұқтанба кұр сорайған қарасына,көкке қарап,дән берген қожасына,тұтынба бұл мінезді.


Талқылауға арналған сұрақтар:


  1. Не себепті адам образында Бидай бейнеленген деп ойлайсыз?

2 Неліктен адам бойына тәкаппарлық,өзімшілдік қасиеттер кездеседі?





Алдыңғы оқу:

Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы туралы ақпарат жинау

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

"Өзіңізге тілегенді-басқаларға да тілеңіз!" ойсергегі арқылы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруды ұйымдастыру

  • Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру

  • Сабақтың мақсатымен танысады

  • Одан күтілетін нәтижелерді біледі

  • Тақырыпқа байланысты қандай тапсырма орындайтынын түсінеді

  • Осы тапсырмаларды түсінуін қалай қамтамасыз ету үшін түрлі тәсілдермен жұмыс жасайтынындарын ескереді

  • Топқа қоржыннан түрлі асықтар алу арқылы бөлінеді


Оқулықтар 85 бет

Интернет желісі Coogl


Ортасы


«Егіннің бастары»

Бір адам жас баласын жанына алды,

Екеуі сайран етіп кетіп қалды.

Қыдырып әрл- берлі жүрді дағы,

Егінші егін еккен жерге барды.

Аралап әр егінді қарап жүрді,

Кез еді пісіп болған егін түрлі.

Бастарын дәнге толған ,төмен салып,

Бидайлар бейне тағзым етіп тұрды.

Жалғыз- ақ бір бидай тұр көкке қарап,

Бейне бір жалғыз өзін көпке балап,

Баланың сол бидайға көзі түсіп,

Білмекке кетті көңіл жөнін сұрап:

«Құбылып бидайлар тұр басын салып,

Жіберген мырза Құдай нұрға қанып.

«Әй,әке.мұнын мәнін түсіндірші,

Бір іске тұрмын өзім қайран қалып.

Бұл Бидай көтеріп тұр басын көкке,

Қарайды шекірейіп өзі көпке.

Өзіне өзгелерге теңгермейтін,

Соншама бұл бидайдың дәні көп пе?»

«Айтайын мұның мәнін саған,

Шырағым,түрін көріп таңданба оған.

Өзгесі төмен қарап,бүгілгенде,

Ойлама кем екен деп бәрі сонан»

Және де әкесі айтты баласына:

«Сұқтанба құр сорайған қарасына.

Құдайым өзгесіне дән бергенде,

Бұл бидай дәнсіз қапты арасында,

Бидайлар басы толып иіліп тұр,

Дән берген қожасына сиынып тұр.

Басында бұл бидайдың дәні болмай,

Кекірейіп көкке қарап бүлініп тұр.

«Елде көп бұл бидайдай адам, -дейді,

Тәкаппар оны халық жаман,-дейді

-Қалпы емес тәкаппарлық данышпанның,

Тұтынба бұл мінезді, балам»,-дейді

Мысалды хикая картасына салу


















Қалыптастырушы бағалау
Екі жұлдыз, бір тілек




















Алдын ала іздендіру дағдысын қалыптастыру. Өздері үйден біліп келеді
Қазақстандағы туризм . Бейне материал
Мәтінді оқу

«Прожектор» әдісі арқылы түсініксіз сөздердің мағынасын ашады

«6 Неліктен?» әдісі арқылы
Мәтінде көтерілген мәселені талқылау барысында оқушылар жұптасып бір-біріне алты сұрақтан қояды.

1.Неліктен қазіргі уақытта экотуризм мен  экотурды төрт түрге бөледі ?
2. Неліктен экотуризм   территориясына қорықтар, табиғи ұлттық саябақтар, қорықшалар және басқа  қорғалатын териториялар жатады?

3.Неліктен экотуризм жеткілікті түрде дамымаған?

4.Неліктен экотуризм деп аталады?
5. Неліктен экотуризмге к
өңіл бөлінбеген?
6.
Неліктен экотуризмге қажетті табиғи қорлар үлесі аз?
Қалыптастырушы бағалау

Топтық зерттеу(Бірлескен жұмыс/жоба)
сабақта оқушылардың бірлесе отырып, белгілі бір проблеманы графикалы түрде шешу тәсілі.

Ойларын сызба түрінде жеткізу үшін графикалық органайзерлер тәсілін қолдану
ВЕНН диаграммасы бойынша

Туризм мен экотуризмнің айырмашылығы мен ұқсастықтарын айтады

Ф.Өзара бағалау








Бұл жауап болса, онда сұрақ қандай болады?«»

Оқушыларға жауап бойынша сұрақтарды құрастырады.


1.Әкесі мен баласы егінші егін еккен жерге барды.

Әкесі мен баласы қайда келді?

2.Жалғыз- ақ бір бидай көкке қарап тұрды.

Барлық бидайдың ішінен бір бидай неге ерекше көрінді?

3.«Елде көп бұл бидайдай адам, -дейді,

Тәкаппар оны халық жаман,-дейді

-Қалпы емес тәкаппарлық данышпанның,

Тұтынба бұл мінезді, балам»,-дейді


Әкесі баласына қандай өсиет айтты?

Қалыптастырушы бағалау
Бағдаршам арқылы бағалау
Түсіндім-жасыл, жартылай түсіндім-сары, түсінбедім-қызыл

Екі неліктен ?

  1. Неліктен адам образында Бидай бейнеленген?

2 Неліктен адам бойына тәкаппарлық,өзімшілдік қасиеттер кездеседі?






Соңы

5-5-1 әдісі

Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемдерін 5 сөзге қысқартады. Соңында олар 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі




Қосымша ақпарат


Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс – Денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс

(тəрбие элементі).

Өз деңгейінен жоғары деңгейде жұмыс істейтін оқушыларды белгілеймін. Олардың оқуын кеңейту үшін, бірінші кезекте әр түрлі тапсырмалар ұсынамын.С деңгейіндегі оқушыларға қарапайымнан күрделіге қарай немесе «Спиральді білім беру»бағытын пайдаланамын.

Қалыптастырушы бағалау

Екі жұлдыз, бір тілек, Бағдаршам арқылы бағалау
Түсіндім-жасыл, жартылай түсіндім-сары, түсінбедім-қызыл

Өзін өзі тану

Ұлттық құндылықтар

Мақсатқа бағытталған, іскер, батыл, тіл табысқыш, өмірге бейім.

Рефлексия

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта

Сабақтың мақсаты

берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

мен оқу


міндеттері


орындалды ма?


Бүгін оқушылар


не үйренді?


Сабақ қалай өтті,


қандай деңгейде


өтті?

Сыныптағы ахуал жақсы және оқушылармен бірлесе отырып алдымызға қойған мақсатымызға жеттік. Сабақ мақсаттары / оқыту мақсаттары нақты болды. Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды.


Жоспарланған

саралау жақсы

іске асты ма?

(тапсырмалар

сəйкес болды ма?)

Уақытты қалай

пайдаландым?

Жоспарыма

қандай өзгеріс

енгіздім жəне

неге?

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту

мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі

сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1:

2:

Сабақ № 3

Мектеп
«Социалистік Еңбек Ері Қ. Әбсәметов атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар» орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Уақыты: .06.2016ж

Сыныбы

Мұғалім есімі

Сабақ тақырыбы:
Менің киімім

Қатысқандар саны

қатыспағандар саны

Оқу мақсаты


1.1 тыңдалым тәсілдерін қолдану
1.2 Лексикалық бірліктердің мағынасын түсіну

Сабақтың мақсаты

Берілген жаңа сөздерді тыңдау, күнделікті өмірде қолданатын сөздердің мағынасын түсіну және есте сақтау


Тілдік міндеттер

Жеңіл киім, әдемі көйлек, жұқа шалбар, жылы тон,жазғы киім, қысқы киім

Алдыңғы оқу

Киім атауларын біліп келу

Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері Жоспарланған уақыт (45 мин)

Сабақта жоспарланған оқыту іс - әрекеттері

Оқыту ресурстары

Басталуы

10 мин




«Шаттық шеңбері» арқылы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруды ұйымдастыру

Оқушы зейінін шоғырландыру
Топқа бөлу
Оқу мақсатын ұсыну
Үй тапсырмасын тексеру
Әр оқушыға өз үстіндегі киімдерін атап айтқызу







Ортасы

25 мин



Аудиовизуалды материал бойынша киім атауларын тыңдайды. Тыңдаған сөздерді қайталайды.
Көйлек, жейде, футболка, қалпақ, туфли, юбка, костюм,
күрте, құлақшын, тон, пальто, етік,бөрік,

«Прожектор» әдісін қолдану. Оқушылар түсінбеген сөздердің мағынасын ашады.
1-тапсырма. Жеке жұмыс
«Қос диаграмма» арқылы киім түрлерін ажыратады








2-тапсырма.Топтық жұмыс
Әр топ киім түрлерінің суретін салады. Салған суреттері бойынша киімнің қандай екенін айтады.


жеңіл таза ақ

футболканың суреті

қара әдемі жұқа

Смайликтер арқылы бағалау
1.Жалғастыруға дайынмын
2.Бір нәрсе түсінемін, бірақ бәрін емес
3.Түсінбеймін, қайталап қарау қажет


АКТ

Аяқталуы

10 мин



Рефлексия пирамидасы

Сіз көбірек білгіңіз келетін екі нәрсе
Сіз білетін үш нәрсе
Сіз үйренген төрт нәрсе

Үй тапсырмасын беру (2 мин)



Тексерілді:








Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-110776

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>