Инфоурок Другое Другие методич. материалыӘдебиет сабағы Төле би

Әдебиет сабағы Төле би

Скачать материал

             Тақырыбы:  Шұрайлы сөз ойды шырайландырады...

 

Мақсаты: 1. Төле бидің өмірбаяны жайлы кеңірек мағлұмат беру.

2.  Сөз мағынасын ұғыну арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру.

3. Оқушыны адалдыққа, тапқырлыққа, шешендікке тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

а)Психологиялық дайындық

б) Әнұран

                           2. Жаңа сабақ

1.Кіріспе:

    Төле би Әлібекұлы  1663 жылы Жамбыл облысы Шу өзенінің  жағасында, Жайсаң жайлауында дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Леңгір ауданының Ақбұрхан ордасында дүниеден өтті. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасынан Жаныс руынан. Төле би қазақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешен, қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, Ұлы жүздің бас биі, «Жаті жарғыны» жасаушылардың бірі. Қазақ  ауыз  әдебиетінде Төле би туралы аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер өте көп.

      Халқымыздың бақ –талайына туған кемеңгер би Төле бүкіл ғұмырын елінің игілігіне, береке-бірлігіне арнады. Қауым халық дұрыс өмір сүру үшін «төртеу түгел болса , төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді» деп, ел-жұртын татулық пен ынтымаққа шақырды.

1-оқушы:Бар еді Ұлы жүздің Төле биі,

Халыққа орда болған оның үйі.

Үш жүздің баласына бата беріп,

Жорыққа аттандырып тұрған күйі.

2-оқушы: Ұлы жүз Орта жүзден бұрын тарап,

Мағұлым бітім қылып алған сыйы.

Көп біледі, ісінде Төлем білір,

Қалай айтсақ Төкеңнің артық биі.

3-оқушы: Төкеңе жетім-жесір сыя берген.

Құдайым жақсылықты қия берген.

Алдына жүгініске кісі келіп,

Тоқтатып тентектерді тия білген.

4-оқушы: Қазақта сансыз көп билер,

Үш биден бөлек үш жүздің,

Жеткенжоқ түгел шамасы.

Дүниеде зерек кім туған

Төледей қазақ баласы.

Билігі төрге жылжыған,

Туылған айдай ел басы.

5-оқушы: Әз төле би Дулатқа ұран болған,

Ақылды екен атағы жерді жарған.

Даналығы Төленің  аңыз болып,

Соңғы ұрпақтың аузында аты қалған.

Сахналық көрініс:

Кіші жүздің елінде бір жылдары  жұт болып, жұрт аштан қырыларман болыпты. Сол елдің Қаражігіт деген ақсақалы бар екен. Сол кісі баласын Үйсін Төле биге барып ақыл сұрап ке л деп жіберіпті. Бала барған күні мейман болып, қайтпақ кезінде  Төле би:

-         Балам, жай жүр ме едің, жол болсын, жұмысың не еді?-депті. Бала:

-         Елім жаман жұтап, төрт аяқты малдан тұяқ қалмаған соң, әкем сізге жіберіп еді, ақыл сұрап кел деп, қайтсек біз ел қатарына қосыламыз,-дейді.  Сонда Төле би:

-         Ә, балам, жігіт адамның қара басына үш кесір бар. Ол кесірдің бірде бірінен аман болған адамның  қарны ашпайды, телміріп кісіге бармайды,- дейді.- Егерде сол кесірдің бірде- бірі  жігіт адамда бола қалса, ішсе асқа жарымайды, кисе киімге жарымайды. Ілгері басқан аяғы кейін кетіп, ғұмырында кедейліктен құтылмайды,-дейді.  Бір кезде әлгі сөздің жауабын біліп кетейін деп отырғанын сезген би балаға.

-         Жай тоқтадың ба?

-         Жаңағы сөздің аяғын біліп кетсем деп, соған қарайлап отырмын,-дейді.

-         Жақсы балам, сөздің  қадіріне жететұғын бала екенсің, енді саған мәнісін атайын: Жігіт адамға бас кесір-еріншектік, ортаншы кесір-ұйқышыл болу, кенже кесір-кежірлік. Осы үш мінез бір адамда болса, ол адам  өмірінде  еш оңбайды, осы үшеуінің бірде –бірі жоқ болған адам кісіге мұқтаж болмайды, күннен –күнге ілгері баса береді,-дейді.

 

Төле бидің нақыл, шешендік сөздері:

1-оқушы: Төле дейді ұраным,

Қоғал дейді тұрағым.

Бақтиярдан ажырап,

Бәйдібек бай, Жәнібек,

Жалғыз ұлы Жарықшақ,

Домалақ деген ененің,

Албан, Суан, Дулат боп,

Бөлініп бері шығамын.

2-оқушы: Адамның кіндік анасы –жер. Ол жерде туады, жерде өседі, жаратылыспен бірге жасайды. Осы себепті әрбір кісіде өзі өскен өлкенің ауа-райы іспетті мінез-құлық қалыптасады. Адамзатта өз анасы – жерді ембесе қанағат болмас керек.

3- оқушы: Адам баласының  құдіреті  еңбекте, еңбек еткен жанда ауыз бірлік болады, өйткені адал жұмыстың түбі-зейнет.

                       Қарап отырғанша,

                       Бір нәрсеге жарап отыр.

                       Кәсіп болмай, нәсіп болмас.

 

4-оқушы:  Теңізге құйса дария,

                  Суының мол болғаны.

                 Ел билеген  ер жігіт

                Сыйласа халқы құрметпен,

               Басына бақыт қонғаны,

               Қолында болса бар билік,

               Қараға залым болмаңыз,

.              Алдыңа келсе бітпес дау,

               Әділін айтып қорғаңыз. 

5-оқушы: Атадан ұл туса игі,

Ата жолы қуса игі.

Өзіне келер ұятын

Өзі біліп тұрса игі.

Жаудан бұққан немені,

Ортадан қуса игі.

Қорытынды:

1.Қандай би-шешендерді білесіңдер? Топтастыру

Төле би, Қаздауысты Қазбек би, Әйтеке би, Малайсары би, Сырым батыр, Бөлтірік шешен, Байсерке шешен, т.б. атақты шешендер болған.

 

   2. Төле бидің  даналығы, шешендік тапқыр сөздері, мақал – мәтел, нақылдары ел арасында кең таралған. Елдің азаматтары Меккеге барса да, жауға шапса да, би болса да,  Төле биден бата алмай кетпеген. Төле бидің өзгеден айрықшылығы – өте адал адам болған.

Бата беру. Төле бидің батасы: Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол.

Бір елдің атасы болма,

Бар елдің данасы бол.

Бір тонның жағасы болма,

Көп қолдың ағасы бол.

Өзіңе-өзің кәміл бол.

Халқыңа әділ бол.

Жауыңа қатал бол.

Досыңа адал бол.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әдебиет сабағы Төле би"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыкальный журналист

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.09.2016 1205
    • DOCX 20.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бердыбаева Гульзира Султанбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13626
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Эффективная корпоративная коммуникация

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы образовательной политики и информатики

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы искусствознания

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек