Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Әдебиет сабағында азаматтықты және патриотизмді қалыптастырудың тиімді жолдары

Әдебиет сабағында азаматтықты және патриотизмді қалыптастырудың тиімді жолдары


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:



Әдебиет сабағында азаматтықты және патриотизмді

қалыптастырудың тиімді жолдары

«Әдебиет-өмір айнасы» деп айтылуы бекер емес.Әдебиеттен халық өмірінің барлық саласы көрініс береді.

Қазақ әдебиеті халқымызбен бірге жасасып келе жатқан зор рухани байлық.Әдебиетімізде қазақ халқының басынан өткен барлық оқиғалар көркем сөзбен өрнектеліп,ұрпақтан ұрпаққа тарады.

Өскелең ұрпаққа тәрбие беру мәселесі әрдайым басты міндетінің бірі болып табылытыны анық.Әдебиет сабағында жастарға алуан түрлі тәрбие түрлері берілуде.Солардың ішіндегі ең маңыздысы –әдебиет арқылы оқушыларға азаматтық және патриотизмді қалыптастыру.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасынан басты идеологиясы-отаншылдық рухта тәрбиелеу,қоғам алдында жауапкершілік арқалаған азамат тұлғасын қалыптастыру екенін ескере отырып,әдебиетіміз арқылы патриотизмді қалыптастырудың тиімді жолдарын ұсынамын.

Қазақ әдебиеті- әлем қалыптары арасындағы аса бай әдебиет екенін мақтанышпен айта аламыз.Туған халқымыздың көркем әдебиетіне деген құрмет пен сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелеу арқылы-ақ біз жастарымызда птриотизмді қалыптастырамыз.

Қазақ фольклорында шешендік сөздердің орны ерекше. 9-сыныпта «Шешендік сөздер» жанрын өту барысында атақты билерді таныстыра отырып,біз қасиетті қаз дауысты Қазыбек би бабамызға ерекше тоқтала кетсек артық емес.Дана бабамыздың: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпанға басындырмаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәмі, тұзын ақтай білген елміз... » - деген атақты толғауын таныстыра отырып патриотизмге баулимыз.Осы атақты толғауында Қазыбек би бүкіл халқымыздың болмысын, психологиясын,саясатын бір-ақ тұжырымдағын, онда қаншама жігер,қайсарлық жатқанын оқушыларға терең ұғындыруға болады.

9-сыныпта жалын жырдың жарқылы батыр ақын М.Өтемісұлының шығармашылық жолын таныстыру барысында ақынның алмас қылыштай өткір, адуынды жырларындағы қайсар рухты оқушылар бойынша сіңіруге тиіспіз.

«Хан емессің,қасқырсың,

Қас албасты басқырсың

Дұшпаның келіп ,табалап

Достарың сені басқа ұрсын!» -деп ханға қасқая қарсы шығу жырлары алмастай өткір Махамбет ақынның ғана қолыннан келген.Махамбет қандай қиын жағдайда жүрсе де, жауымен бетпе-бет кездесуде ойындағысын бүкпесіз айтып, хан, сұлтандарға ешқандай кешірім, рақым жоқ екенін жеткізеді.

Ақын азаттық үшін, қазақ жері үшін:

Еділ үшін егестік,

Жайық үшін жандастық,

Қиғаш үшін қырылдық,

Тептер үшін тебістік.

Теңдікті, малды бермедік,- деп жырлайды. Өр ақынның әрбір жыры жауларына сермеген алдаспан қылыштай өткірекенін ұғындыру арқылы жастарды ерлікке баулимыз .

Патриот ақын Жұбан Молдағалиевтың «Мен қазақпын» поэмасын оқыту барасында оқушыларда азаматтық ұстаным да, потриотизм де қалыптасады.

Туған халқын соншалықты сүйген ақын халқымыздың ерлік рухын жырға қосқан,әрбір адамның жан дүниесін баурап алатын ғажайып сұлу жыр жазған .

«Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегінде таныстым мұң тіліңмен.

Жылағанда жүргім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген»-деп ,еліміздің откен тарихын толық лирикалық талдау жасайды.

Халқымыздың ақиық ақыны М.Мақатаевтың шығармашылығы - тұнып тұрган патриоттық лирика.Ардақты ақынның асыл жырларынан халқына, еліне, жеріне,ауылына деген ұлы сүйіспеншілігі көрінеді.

Мен де кеттім ,сен де кеттің ,ол да кетті ауылдан,

Осынымыз ұят болды–ау, ұят болды-ау қауымнан» - деп ауылдастырынан шынайы жүрегімен сырласқан сыршыл ақынның жырларын толғаныспен оқимыз.«Үш бақытым», «Қазақ жері», «Отан туралы» т.б көптеген өлеңдерінде ақынның асыл жүрегінен шыққан жақұт жырлар жас ұрпақты патриотизм әуенімен сусындатады.

«Райымбек, Райымбек» поэмасында халқымыздың тарихындағы аса ауыр кезеңде жырлай отырып ,ел қорғаны, батыр бабамыз – ұлы Райымбек Түкеұлының образын сұлу жырмен орнектеген.Осы тамаша шығармаларды оқыта отырып, оқушыларда азаматтықты қалыптастырып, патриоттық тәрбиені тереңдетуге әбден болады.

Заманымзыдың заңғар ақыны Мұхтар Шахановтың шыармашылығы да жастарды патриотизмге баулуға үлкен көмегін тигізеді.

Адам жанын баурайтын сұлу жырлар жазып, өз кезеңінің айтылу оқиғаларына үн қосып отырғаназамат ақын М.Шахановтың асы маңызды

ғажайып өр жырымен қазақ жастарына жігер берген азаматтық ақынның азаматтық тұлғасына еріксіз бас июге тура келеді .

Желтоқсан қараманы ,қозғалыс құрбаны Қайрат Рұсқұлбеков артынан өлмес өсиетін дауылпаз жыр арқылы қалдырып,сол арқылы кейіңгі ұрпақты отаншылдық патриотизмге тәрбиелеп кетті.

«Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

Еркек тоқтық құрбандық,

Атам десең, атыңдар» -деген өрімдей жастың алмас қылыштай өткір жыры ұрпақтан-ұрпаққа өнеге болып даусыз.Қайраттың аты артына аңыз болып қалды ,өзі ерліктің өшпес үлгісі болып қала бермек.

Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы деп білеміз. Оқушының көкейіне ой сала білсек, заманға сай, қоғамға керекті отансүйгіш, елсүйгіш азамат, елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз.



Кистаубаева Эльмира Турсунбаевна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

«Ынтымақ ауылындағы орта мектеп» КММ




Автор
Дата добавления 20.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров67
Номер материала ДБ-044109
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх