Инфоурок Другое СтатьиӘдебиет сабағындағы сөздік жұмыс

Әдебиет сабағындағы сөздік жұмыс

Скачать материал

                                     Әдебиет сабағындағы сөздік жұмыс

Мектептегі сөздік жұмысы – көркем әдебиеттің, сөз өнерінің бастауы.Оқушының сана сезімінің, қабілетінің дамуына, сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына, көңіл-күйінің өзгеруіне эмоциялық әсер беретін сөздің терең де сырлы мағынасы.Сондықтан әдебиет сабағындағы маңызды жұмыс түрі – сөздік жұмысы. Мұғалім сөздік жұмысына үнемі оқушы  зейінін аударып, түсініктемені қажет ететін сөздерге ерекше көңіл бөліп отыруға міндетті. Сөздік жұмысы сабақтың әр бөлімінде жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Сөздік жұмысы –тіл дамытудың іргетасы,оқушыны  жаңа сөздер  үйренуде, бұрын білетін немесе түсінбейтін  сөздердің мағынасын анықтауда мыңызы зор.Сондай-ақ сөздік жұмысы сөйлем құрауға материал береді, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі.
         Әдіскер ғалымдар М.Т.Баранов,  А.Р.Прудникова жаттығу  әдісінің маңыздылығына тоқтала келіп, «Сөздік  және лексикалық жаттығуларды бір-бірімен айыру қиыншылық тудырады, олар тығыз байланысты. Өйткені екеуінің  де негізі – сөзбен жұмыс жасау» — дей келіп, сөздік жұмыстарға тілді сезіну мен  сөзді дұрыс түсінуі, орынды қолдана білуі, сөз тіркестерін жасау, сөйлем құрау, мазмұндама, шығарма жазуды жатқызады.
         Сөздік жұмысының  ерекшелігі  : 
тіл дамытудың басқа түрлері сияқты оқу-тәрбие жұмысының барлық салаларында жүргізіледі.Өлең, әңгіме, мысал, мақал-мәтелдер т.б білу арқылы баланың тілі дамиды. Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады.Ал, сөздік жұмысы оқушының ойын дамытумен тығыз байланысты.Тілді, оның грамматикалық құрылысын меңгеру оқушыларға өз пікірлерін айтуға, сұрауға, қорытынды жасауға, заттар мен құбылыстар арасындағы алуан түрлі байланыстарды аңғара білуге мүмкіндік береді.
         Сонымен бірге сөздік жұмысы сөз арқылы оқушыны дәл ойлауға үйретеді, оның творчествалық қабілетін арттыруға, сөйлеудің мазмұны мен формасының бірлігін қамтамасыз етуге бағытталады. «Сөз байлығы – қоғамның байлығы және сол сияқты әр адамның байлығы. Сондықтан мектепте оқушыларға сөздік жұмысын жүргізудің маңызы зор.

    Тіл дамыту – ой дамыту. Оқушылардың тілін дамытуға сөздік жұмысының маңызы өте зор. Себебі, сөздік жұмысы – тіл дамыту жұмысының бастапқы негізі болып саналады. Егер оқушының сөздік қоры кедей болса, ол өзінің айтатын деген ойын нақты жеткізе алмайды. Сондықтан да сөздік жұмыс оқушылардың сөздерді, сөйлемдерді дұрыс жазуына, сөйлеу дағдыларын дұрыс қалыптастыруына зор ықпал етеді.

Сөздік жұмысын әр сабақты өткізілетін тапсырмаларға байланысты жүргізіп отыру керек.

Тіл дамыту қазіргі мектептің оқу – тәрбие ісіндегі басты проблема – оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу, сөз байлығын арттыру, ойлауын дамыту т.б. қамтиды. Баланың  ойлауын жетілдіріп, тілін байыту жолдарының бірі – сөздік жұмысын жүргізу.

        Сөздік жұмысы мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндірумен ғана бітпейді. Ол жаңа ұғымдар жасау, заттың жаңа қасиеттерін табу т.с.с жұмыстармен тығыз байланысты. Мұндай жұмыстар оқушының ойын, тілін дамытады, эстетикалық талғамын арттырады.

Тіл дамыту жұмыстары мынадай принциптерге негізделе жүргізіледі:

1. Сөйлеумен ойлаудың бірлігі принципі

2. Ауызекі сөйлеу мен жазба тілінің бір – бірімен байланыстылық принципі.

3. Грамматика, орфография, пунктуация және әдебиетпен байланыстыра жүргізу принципі.

Сөздік жұмысын үнемі бір қалыпта жүргізуден оқушы жалығады. Сол себепті оны мүмкін болғанынша, түрлендіріп отырған жөн. Осы мақсат тұрғысынан жүргізілген жаттығу жұмысының бірінде көркем мәтінде  кездескен мағынасы түсініксіз сөздерді оқушыларға бірде олардың синонимдері арқылы түсіндірсек, енді бірде қарсы мәнді сөздерді ойластырамыз.  Мұндай жұмыстар оқушының ойлауын дамытып, орынды сөйлей білуге үйретеді, сөздігін жаңа ұғымдармен молайтып, логикалық ойлауын жетілдіре түседі. Оқу сабағында мәтінді дұрыс қабылдау үшін сөздік жұмысын жүргізбейінше, мақсатқа жету мүмкін емес. Сондықтан сөздік жұмысы сабақтың өн бойынан орын алу керек.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 1. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – Алматы 2005.

 2. Бектуров Ш.Қ. Қазақ тілі. Лексика. Фонетика. Морфология. Синтаксис. Алматы Атамұра 2006.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әдебиет сабағындағы сөздік жұмыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по ипотечному кредитованию

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 024 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.05.2017 1307
    • DOCX 19.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Атаева Эльмира Амановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Атаева Эльмира Амановна
    Атаева Эльмира Амановна
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6924
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой