Инфоурок / Другое / Статьи / Әдебиет сабақтарында көпмәдениетті тұлға қалыптастыру

Әдебиет сабақтарында көпмәдениетті тұлға қалыптастыру

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Әдебиет сабақтарында көпмәдениетті тұлға қалыптастыру


А. А.Нургожина, Г.С.Сагнаева


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

«Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №1

арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ

Петропавл қаласы

Солтүстік Қазақстан облысы



«Қолына қалам ұстаған әр азамат ана тілінің бай қорын игерумен бірге басқа, көрші ұлт тілдерінің де асыл қазынасынан сусындауы, оны кәдеге жарата білуі абзал».

Бауыржан Момышұлы


Қазіргі жаһандану заманында әртүрлі халықтар мен мәдениеттердің дербес өмір сүруі мүмкін емес жағдайында, жаңа құзыреттілік тұрғысынан білім берудің мақсаты мен міндеттерін қайта қарастыру кезінде көпмәдениетті тұлға тәрбиелеу қажеттілігі туындады.

Көпмәдениетті тұлға дегеніміз — көпұлтты және көпмәдениетті ортада белсенді, әрі тиімді өмір сүре алатын, өз халқының мәдениетін білетін, қастерлейтін, өзге мәдениеттерге құрметпен қарай алатын, елдегі басқа халықтармен ынтымақтастықта өмір сүруге бейім азамат. [7]

Еліміздегі бейбітшілік пен ұлтаралық бірлік, ішкі және сыртқы саясат мәселелері, соның ішінде ұлтаралық мәдениетті қалыптастыру мен рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселесі негізгі орын алады. Қазіргі таңда білім беру саясатының негізгі мақсаты – бәсекеге қабілетті ұлт, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру. Негізгі міндет - ұлттық мәдениет пен әлемдік өркениетті өзара сабақтастыра отырып бүгінгі ХХI ғасыр ағымына лайықты тұлға қалыптастыру. ХХI ғасыр ағымына лайықты тұлға - көптілді коммуникативтік және ақпараттық құзыреттілігі дамыған, көпмәдениетті, рухани-адамгершілік, ұлтаралық қатынастар мәдениетінің жоғары деңгейін меңгерген, қазақ елінің және жалпықазақстандық құндылықтарды қастерлейтін, тілдерді меңгеруге тұрақты қызығушылық танытатын, отансүйгіштік және азаматтық сана-сезімдері дамыған адам. [6]

Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық — бір ел — бір тағдыр» атты тақырыппен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында «Қазіргі заманғы қазақтар ата-баба дәстүрлерін ұстана отырып, бірліктің, толеранттылық пен патриотизмнің, мемлекет пен қоғамға қалтқысыз қызмет етудің үлгісін көрсетуі тиіс»,- деген болатын. Міне, осы сөздерден кейін көп түрлі мәдениеттердің тұрақты даму жағдайында, полиэтникалық білім ортасында оқушылардың көпмәдениетті құзыреттілігін қалыптастыру мәселесінің өзектілігі арта түсті.

Көпмәдениетті тұлға тәрбиелеуде әдебиет сабақтарының маңызы өте зор. Себебі, әдебиет – сөз өнері. Сөз адамның ой-сезімін жеткізудегі бірден-бір күшті құрал. Әдебиеттің шыншылдығы мен көркемдігі артқан сайын тәрбиелік, өнегелік мәні күшейе түседі. Сондықтан да әдебиет, бала өмірінде, түсінігінде, сана-сезімінде ауқымды орын алады. [2]

Қазіргі заманғы көпмәдениетті қоғамның сұранысынан әдебиет сабақтарын жүргізу маңызы мен мақсаттары туындайды. Тұлға-ұлт-адамзат – бұл адамзаттың бірлескен мәдениет құрамы ретінде анықтайтын алғашқы ұғымдар. Жалпы адамзаттық ұғымдар – шығармашылықтың басы. «Жекеленген мәдениет болмайды, олар бір-бірімен қарым-қатынаста», - деп Леонид Андреев («Роза мира») айтқан болатын. Өз ұлтының, өз шығарушысының құндылығы бола тұра, әр мәдениет өз ерекшелігін сақтап, басқа мәдениеттерге әсер етеді. Ол туралы академик Д.С.Лихачев былай деген: «Шын мәніндегі патриоттық дегеніміз, рухани өзі толыға отырып, басқаларды толықтыру». Өнер ұрпақтар арасында, халықтар арасында, әр мәдениет өкілдері арасында қатынас жасайтын құрал. Яғни, өнердің негізгі функциясы - тұлғаға тәрбиелік және эстетикалық әсер етуден басқа, мәдениеттердің өзара қарым-қатынас жасау мүмкіндігі. [3]

Біз, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернатта жұмыс істейміз. Мемлекеттік тілде оқитын оқушыларымыздың тоқсан пайызға жуығы интернатта тұрып оқиды. Олардың барлығы ауылдардан келіп оқитындар. Оқушылардың жартысына жуығының психикалық дамуы тежелген. Оқушыларымыздың оқуға деген ынталылығы толық қалыптаспаған. Психикалық үрдістерін дамытып, түзетіп отырамыз. Олар: аз және көп уақытқа дейін есте сақтау, логикалық, көрнекіліктік-бейнелік ойлау, ықылас. Сол себептен осы оқушылардың даму ерекшеліктерін ескеріп, түзете жасалған жалпы білім бағдарламасы бойынша сабақ береміз. Мектептегі білім беру үрдісі қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Сол себептен мектеп-интернатымызда оқушыларымыздың білім беру барысымен қатар көпмәдениеттік тәрбиесіне аса зор көңіл аударамыз.

Сонымен, мектепте әдебиет сабақтарын жүргізу маңызы мен мақсаты мәдениеттік сөйлесім, негізгі орын алатын заманауи көмәдениетті қоғам талабына байланысты. Сөйлесім түсінігі әдебиет курсының негізгі болып танылады. Бұл жерде оқушылардың тарихи мәдениет, әлемнің тарихи-мәдениеттік бейнесі бар сөйлесімін айтамыз. Олар оқушы танымы мен ықыласында пайда болады. Оқушылар кітапты тарихи-мәдени ойлау түсінік сөйлесімі, шектестік арқылы түсінуге үйренеді. Тек сөйлесім үрдісі кезінде ғана кітапты түсінуге болады деп ойлаймыз. Сондықтан да сабақ жүргізудің негізгі түрі мұғалімнің кітап туралы әңгімесі, не мұғалімнің кітап түсіндіруі емес, шығарманы түсінуге бағытталған оқушылар мен мұғалім арасындағы - кітаппен жұмыс, сөйлесім.

Сөйлесім әр оқушының өз оқыған мәтіні туралы ойымен бөлісуден басталады. Өз сұрақтарын қояды. Кітаптағы кездескен қызықты не ерекше оқиға туралы айтады. Әр ойлар туындап, әртүрлі талас, пікір туады. Кітаппен жұмыс сол сұрақтарға жауап іздеу жұмыстарымен жалғасады. Бұл жұмыс арқылы мәтін талданып, түсінік беріледі. Мәселені талдаған кезде басқа да сұрақтар тууы мүмкін.

Мұғалім сабақ барысында сөйлесімді ұйымдастырып, жүргізеді. Әр оқушыға сұрақты, ойды, бейнені, мәселені анықтауды түсініп, көңілде ұстап тұрып, айтуға көмектеседі. Ол оқушының ойын сабақтың талқылау мәселесіне айналдырады.

Мұғалім сөйлесімге қатысудың бірі. Ол оқушыларды тарихи мәдениетпен, жанрмен, кітаппен, автормен таныстырады. Оқып жатқан шығарманы тарихи-мәдени және әдебиеттік құрамына ендіреді. Ол өз оқыған шығармасына деген ойын кітаппен жұмыс кезінде оқушылармен ұстанып, дамытады. Мәтінді оқыған кезде оны терең түсіну үшін тарихи-мәдени түсіну ойымен таныстырып, әдебиеттану мен мәдени түсініктерді енгізеді. Осы кітап не мәселе туралы ойланғанда сөйлесім барысына ақын, ғалым сияқты жаңа қатысушыларды ендіреді.

Осы сияқты ұйымдасқан түрде өткен жұмыс барысында оқушылар бір-бірін тыңдауға, басқа адамның ойын түсінуге, өз ойын тереңдетуге үйренеді. Осындай жағдайда көпмәдениетті сөйлесім өзара толығатын сөйлесімге айналады.

Психикалық дамуы тежелген оқушылардың қазақ әдебиеті сабағы мен сыныптан тыс іс-шаралар барысындағы көпмәдениеттік сөйлесім жағдайына тоқталайық.

Жұмыс барысында алға қойған мақсаттарымыз:

-ұлттық әдет-ғұрыптар мен қазақтандық, әлемдік мәдениет негізінде шығармашылық өзіндік дамып, этномәдениеттік және адамзаттық өзіндік танылуға қабілетті жанжақты, үйлесімді тұлға қалыптастыру;

-түлектерді мемлекет және заманауи даму жағдайында өмір сүруге дайындау, өзіндік даму мүмкіндіктерін, әлеуметтік өсу мүмкіндіктерін кеңейту, өмір сапасын арттыру;

-білім беру үрдісін дамыту, ашық көпмәдени және көптілді әлемде жауапкершілікті, нәтижелі, кәсіби іс-әрекетке дайын оқушыны тәрбиелеу;

-оқушылардың байланысты ауызекі және сөйлеу тілдерін дамыту.

1. Әдебиеттен көпмәдениеттік тәрбие беру құралының бірі – фольклор шығармалары. Халық ауыз әдебиетін оқыған кезде кейбір халықтардың дәстүрлері салыстырылады. Оқушылар орыс халық ертегілерінің кейіпкерлерімен танысып, құрылымын, белгісін түсінген кезде, олар іс жүзінде ертегі әлемі мен құрылым заңының бірізділігіне көздері жетеді. Ұлт ертегілері мен орыс халықтарының ертегілерін оқыған кезде оқушылар өз ұлттық нәсілдеріне қарамастан барлық халықтар бақытқа ұмтылып, мейірбандық, өзара көмек, еңбекқорлық, ақылдылыққа ұмтылатыны туралы шешімге келді. Үй тапсырмасы ретінде жақсы, жаман қылықтарын салыстыру, жоғары адамгершілік қасиеттер туралы сөздік құрау берілді.

2. Жоғары мәдениетті, толерантты тұлға қалыптастыру үшін ежелгі қазақ, орыс шығармаларына көңіл бөлінеді. Мысалы: «Игорь полкы туралы сөз» орыстың, «Ер Тарғын» қазақтың дүниетанымын, мінез-болмысын айқындайтын шығармалар. Мәдениетті адам өзінің тарихымен қатар басқа да халықтардың тарихымен таныс болады. Олармен танысу халықтың қолымен құрған әсемдікті тануға үйретеді. Өткен ғасыр шығармалары ғасырлар арасындағы кедергіні жояды. Бұл жерде оқушы бойында түсінушілік, сезінушілік, жан ашырлық сезімдер пайда болады. Өткен ғасырлардың, басқа халықтардың мәдени құндылықтарын түсіне алған адам таршылықты жеңеді, жаукершілік пен күдіктіліктен босайды. Классикалық әдебиетте халықтардың жалпыгуманистік бейнелері мен адами құндылықтары бейнеленген. Сондықтан әдебиет сабақтарында мына сұрақтарға жауап аламыз: Өмір дегеніміз не? Не үшін өмір сүруіміз керек? Адам қандай болуы керек? Жамандық, жақсылық деген не? Қиыншылық көру деген не, онсыз өмір сүруге бола ма? Басқа адамның өмір тәжірибесін өз бойынан өткізе отырып, оқушы дамиды. Бұл іштен жүретін нақты ықпал. Оқытудың бұндай тәсілі үйлесімді тұлға қалыптастыруға көмектеседі.

3. Әдеби шығармалар халықтардың мәдени дәстүрлерін, құндылықтарын тануға көмектесіп, халықаралық ара қатынас мәселелерін қозғайды. Мысалы, Кавказ халықтарының салт-дәстүрлерімен оқушылар М.Ю.Лермонтовтың «Біздің заманымыздың қаһарманы» романында танысты. Ар мен намыстың мәселелері, жолдастық, отанға деген сүйіспеншілік Н.В.Гогольдің «Тарас Бульба» повесінде ашты. Ұлтаралық қатынас мәселелері А.Приставкиннің «Алтын бұлт қонғанда» шығармасында қозғалды. Басқа ұлттың тілі, мәдениеті, тұрмысымен танысу дауасыз өзара түсінушілік пен келісім принциптерін тәжірибе жүзінде қалыптастыруға көмектеседі. Оқушылардың жақын тұратын халықтар туралы білімі, нәтижелі өзара шыдамдылық арқылы өзара ұлттық, өзара мәдениеттік қарым-қатынасқа мүмкіндік береді.

4.Ақындар өмірі мен шығармаларын оқыған кезде олардың аудармашылық еңбектері қарастырылды. Әлем әдебиетіндегі атақты ақындардың әйгілі шығармалары туған тілімізге тәржімеленіп, сөз өнеріміздің қоржынына қосылды. Орыс тілі арқылы сол тілге аударылған әлем поэзиясының, күні кешеге дейін бір елдің құрамында өмір сүрген, қазір де алуан-алуан ықпалдастық жіптерімен жалғасып жатқан мемлекеттердің өлең-жырларының таңдаулылары тәржімеленді.

Мысалы. М. Жұмабаев шығармаларын оқыған кезде орыс ақыны М.Ю.Лермонтовтың шығармаларымен салыстыру жұмыстары жүргізілді.

Мысалы, екі ақын сарынының ұқсастығы.

1.Романтикалық сарын айқын көрініс тауып, өте әдемі, әсерлі болып жазылған шығарлар М.Жұмабаевтың «Батыр Баян», М.Лермонтовтың «Мцыри», «Демон» поэмалары.

2.Екі ақын тағдырларының ұқсас жері - абақтыда отырулары. Сол кезде де олар өлең жазуды тоқтатқан емес. Мағжан «Сағындым», «Сарғайдым», «Түс», «Анама», «З-ға», «Жел», т.б., ал Лермонтов «Тұтқын», «Көрші», «Тұтқындағы батыр», т.б.өлеңдерін жазды. [4, 5]

Ал, М.Жұмабаев шығармашылығының ішінен публицистикасымен танысқан кезде оқушыларға күні бұрын М.Ю.Лермонтовтың «Тұтқын», «Сарғайып келген егін толқындаса» өлеңдерін орыс тілінде тауып, оқып келу тапсырылды. Жаңа сабақта осы екі өлеңнің Мағжан аударған баламасы оқылды. Екі тілдегі жыр жолдары салыстырылды. Нәтижесінде, Мағжан бұл жырды жанды суреттермен сол төлтумасындағы күйінде бергені анықталды.

Мысалы. Мағжан аудармалары ішінен

1.«Тұтқын» («Узник») өлеңінен үзінді.

Лермонтов: Добрый конь в зеленом поле,

Без узды, один, по воле.

Скачет, весел и игрив,

Хвост по ветру распустив ...

Мағжанның аудармасы:

Жайқалған жасыл далада,

Жүгенсіз жүр ғой жүйрігім.

Ойнақ салып сағада,

Сүзіп жалын, құйрығын ...

2.«Сарғайып келген егін толқындаса» («Когда волнуется желтеющая нива ...») өлеңінің үзіндісі.

Лермонтов:

Когда волнуется желтеющая нива,

И свежий лес шумит при звуке ветерка,

И прячется в саду малиновая слива

Под тенью сладостной зеленого листка ...

Мағжанның аудармасы:

Сарғайып келген егін толқындаса,

Жас орман, жел күңірентіп, әнге салса.

Жапырақтың жасыл ләззат саясында

Бақшада мойыл қаймақ жасырынса ... [4, 5]

Осы өлең жолдары арқылы біз оқушыларға ұлы ақынымыз Мағжанның аудармашылық шеберлігін ғана көрсетпей, қазақ және орыс ұлы ақындарының асқан дарындылығын аударма арқылы салыстырдық. Мағжан аудармасында Лермонтов жырлары бар жаратылысымен жайнай түскен. Бара-бар, дәлме-дәл аудармаларында М.Лермонтов шығармаларының ішкі толқын лебізін, жаңа саласын қазақ тілінің суреттеу мүмкіншіліктерін пайдаланып, мол жеткізгені айтылды. Сабақ барысында ақын бұл өлеңдерді барлық жарастық сәнімен қазақ тілінде қайтадан туғызғаны дәлелденді. Екі ақынды бір-біріне жақындастыратын ортақ әлеуметтік жағдайлар, олардың қоғамдық-саяси, философиялық, этикалық, эстетикалық көзқарастары, поэзияларындағы үндес сарындар мен ойлар, идеялық, тақырыптық, әдіс-тәсілдік ұқсастық екені де айтылып кетті.

М.Жұмабаев пен М.Ю.Лермонтов шығармаларын өткен кезде музыка әуені ырғағында өлең оқылып, осы ақындардың өлең жырларына салынған «Сен сұлу», «Мен жолға жалғыз шығамын» («Выхожу один я на дорогу») әндерін тыңдадық. Свыныптан тыс уақытта бұл ақындар туралы баяндамалық және көркем фильмдер көрдік.

Өткізілген қазақ әдебиеті сабақтары мен сабақтан тыс іс-шаралар дәстүрлі емес түрде өткізілді: сабақ-қиял, сабақ-сөйлесім, сабақ-саяхат, жарыс, КТК, байқау, презентация, концерт. 

Сабақта немесе сыныптан тыс іс-шаралар кезінде қолданған әдіс-тәсілдеріміз: романс, өлеңдер тыңдап, әндерін айттық, сахналық қойылым қойдық, сурет көрмесін ұйымдастырдық, т.б..

Сыныптан тыс уақытта қазақ классиктерінен басқа орыс классиктерінің «Мастер мен Маргарита», «Ит жүрегі» («Собачье сердце») фильмдерінің кадрларын көрдік. Олар көптеген сұрақ, сезім, әңгіме тудырады. Қызғылықты сөйлесім өтті.

Осындай сабақтар оқушылардың білім сапасына әсер ететін сезімдік жағдай тудырады. Бұл тек қана қызығушылық емес, сонымен қатар шығармашылық мүмкіндіктерін арттырып, көпмәдениетті тұлға болып қалыптасуға көмектесті.
Сонымен, көпмәдениеттілік тәрбие әдебиет сабақтарында ең маңызды орын алады. Әдебиетті оқытудың осындай тәсілдері арқылы ғана оқушы бойында әр ұлттың, әр халықтың, әр тұлғаның тарихи және мәдениет аралық құндылықтарын толық түсіну қалыптастыруға болады. Бұл көркем сөз материалдары оқушы мен мұғалім арасындағы жаңа сапаны қалыптастырады.

Сонымен, әдебиет сабақтарында көпмәдениетті тұлға қалыптастырудың маңызды жағы - пән бойынша өз мәдениет бағдарламаларын игеру, оған қоса басқа халықтардың мәдениетін зерттеу, басқа ұлттардың дәстүр-салттарына оңтайлы қызығушылық қалыптастыру, басқа ұлт халықтарымен қарым-қатынас кезіндегі қарапайымдық пен ашықтықты тәрбиелеу, халықаралық қатынас тілін игеруге қажеттілігін дамыту.



Әдебиеттер тізімі:

1. Ақылдың кені. (Ұлағатты сөздер). Алматы: «Ана тілі», 2008.- 216 б.

2. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. Алматы: «Ана тілі», 1998.- 384 б.

3. Воскресенская Н.М. Образование и многообразование культур// Педагогика. – 2000.-с.105-107.

4. Жұмабаев Мағжан. Шығармалары. – Алматы: «Жазушы», 1989.- 448 б.

5. Лермонтов М.Ю. Во всем дойти до совершенства: Сборник. –М.:Мол.гвардия, 1984.- 398 с.

6. Орта мектепте оқыту процесінде көптілділікті дамыту мәселелері. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 85 б. 

7. http://vkjournal.ru

















37-03-17

8-777-319-95-17

Е-mail

Anar130670@mail.ru

Жұмыс бағыты

Көпмәдениетті тұлға қалыптастырудағы әдебиет курсының рухани-адамгершілік ресурстары.

Мақала атауы

Әдебиет сабақтарында көпмәдениетті тұлға қалыптастыру





53-86-78

8-777-921-58-75

Е-mail

Anar130670@mail.ru

Жұмыс бағыты

Көпмәдениетті тұлға қалыптастырудағы әдебиет курсының рухани-адамгершілік ресурстары.

Мақала атауы

Әдебиет сабақтарында көпмәдениетті тұлға қалыптастыру



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-161683
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>