Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Әдебиет шыңы" сайысы (8-10)

"Әдебиет шыңы" сайысы (8-10)

Скачать материал

Қостанай облысы Аманкелді ауданы Байғабыл ауылы

«А. Нұрманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

 

Тақырыбы: «Әдебиет шыңы» сайысы
Мақсаты.
Білімділік: Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиет пәнінен өтілген материалдарды меңгергенін тексере отырып, білімділік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: ана тілін сүюге, құрметтеуге, ізденпаздыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқулық және қосымша материалдарды деректерін тиімді пайдаланып, ғылыми танымдық қабілеттерін жетілдіру.
1. Үш сыныптан әдебиетке бейім 3 оқушы іріктелініп алынады.
2. Ол оқушылар таныстырылады.

Армысыздар құрметті оқушылар, қонақтар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз.Білімділік – біздің ең жоғарғы шыңымыз. Сол шыңнан шыға білу әр азаматтың міндеті.
Тіл — өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт — дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі — өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР азаматының парызы.Ендеше, тілді құрметтейтін өрендерімізді ортаға шақырып,  «Әдебиет шыңы!» ақыл-ой ,зерделілікті танытатын сайысымызды бастайық!
-Ал, келіңдер, келіңдер!
Біріңе-бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер.
Топты таныстыру.
Біреу озса сайыста,біреу артта қалады,
Ренжімей тараса,озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден-жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол-еңбектену,жалықпау,-

Ендеше ортамызға әдебиет пәні бойынша ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр оқушыларымызды, өзінің сүйікті мамандығының иесі болуды мақсат етіп, мамандық таңдап отырған8 - 10 сынып оқушыларын шақырамыз.

«Білгірлер» тобы : Мүшелері:8-сыныптар  А. Сапарғали, А. Абыкан, Ж. Қоысбек

«Алғырлар» тобы : Мүшелері:10-сыныптар Г.Бөгенбай ,А.Мұса , Г.Қойшыман


«Зеректер» тобы: Мүшелері: 9-сыныптар А. Шакиева, Ж. Әбікен, А.Тілеубай

(Әділқазылармен таныстыру)

-Әділ қазы, ақ қазыға сәлем бер,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар, сайыстарда неше бір

Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл,- дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар: ...

Бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін:

Жүргізуші:
 Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жана ма?
Тәрбие тәлім табар мән
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда
1- кезең «Жүйрік болсаң, озып көр» . Топқа әр сұраққа  1ұпайдан беріледі.
1. «Кел,балалар,оқылық!» өлеңінің авторы кім?
2. Жылдың төрт мезгіліне арнап өлең жазған кім?
3. Сәулелі жұлдыз іздеген адам кім?
4. Жылдан құр қалған жануар не еді?
5. Басты байлық не?
6. Абайдың әжесі кім?
7. Түн ұйқысын төрт бөлген кім?
8. Орман дәрігері
9. Ақан серінің тұлпарының аты?
10.Ел басқару саласында ең жоғарғы лауазым тұлға
11. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы ?
12. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын әуен?
13. Үш бақымым өлеңінің авторы кім?
14. Баланы тәй-тәй бастырып күрмеу жібін шешетін кезең?
15.Әр адамның шағын отаны?
16. Жанар,Сұлтан,Қожа қай әңгіменің кейіпкері?
2 -кезең. «Ойлан да, аяқта»  Топқа 10 ұпайдан беріледі
Ойланбастан басқасын,
Жазып қойма бұл жерге
Керек сөзді таңдап жаз,
Уақыт берем сіздерге.
1. Күш – білімде, білім – …
2. Еңбектің наны тәтті, …жаны тәтті
3. Денсаулық – зор …
4. Кітап – білім бұлағы, …– өмір шырағы
5. Анадан артық…бар ма?
6. Ырыс алды -…
7. Өзге елде сұлтан болғанша,…
8. Білекті бірді жығар,…
9. Төртеу түгел болса,…
10. Досы көпті жау алмайды, …

3 – кезең: «Ойлан тап».  Топқа 1 ұпайдан беріледі
1. Жыланды қалай інінен шығарамыз?
2. Инемен құдық қазуға бола ма?
3. Аппақ қарға бола ма?
4. Ең тәтті не?
5. Қар жана ма?
6. Оттан да не ыстық?
7. Тауық түс көре ме?
8. Кімнен кім жаман?
9. Шашу мен жинаудың қайсысы оңай?
10. Білгенің қанша, білмегенің қанша?
11. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?
12. Отқа түсіп күймеуге бола ма?
13. Көрдім, көрмедім деген неше сөз?
14. Ер қаруы неше?
15. Етікті қонышынан басуға бола ма?

4. «Дода» кезеңі.

Білікті білім жинап кәсіп етер,

Білімнің дәмін татып,өсіп өнер.

Білдірер білім елге білім сырын,

Біліксіз білімді аттап, бөсіп өтер, - деп Ахмет Йүгінеки айтқандай бұл кезеңде әдебиет пәні бойынша білімімізді көрсетеміз. Қазақ әдебиетін 4 кезеңі берілген. Әрқайсысында 5сұрақтан әзірленген.

Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан ұпай беріледі. Топ басшысына беріледі

І. Ежелгі дәуір әдебиеті. 8- сыныпқа беріледі.

Әкеміз, ағамыз құрған халықтың

Аты, даңқы өлмесін деп,

Түркі халқы үшін

Түн ұйықтамадым,

Күндіз отырмадым. «Күлтегін» жырында кімнің сөзі?

2.Ж.Баласағұнның 85 тараудан, 6500-ден астам бәйіттен тұратын еңбегі?

3. «Ақиқат сыйы» 14 тараудан туратын кімнің дастаны?

4. Шығыс ғалымдары Аристотельден кейінгі екінші ғұлама деп атаған ақын, әдебиетші, ойшыл кім?

5. Ахмет Йассауидің «Диуани хикметте» не туралы суреттелген?

ІІ. ХІХ ғасырдың І жартысындағы әдебиеті. 9 – сыныпқа беріледі.

1. С.Аронұлын М.Әуезов қалай атады?

2. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңінің авторы кім ?

3. «Жанбота» әні қай ақынның ашу-ызаға толы өлеңі?

4. «Ілімге толса көкірек», «Ұрлықтың түбі – қорлық-ты.» кімнің толғауы?

5. «Еділдің бойы ен тоғай,

Ел қондырсам деп едім

Жағалай жатқан сол елге

Мал толтырсам деп едім» қай ақынның өлеңі?

ІІІ. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы әдебиеті. 10 – сыныпқа беріледі.

1. «Қамар сұлу» романының авторы кім ?

2. «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Жиған-терген» өлеңдерінің авторы кім?

3. «Менің дертім, жігіттер, емес оңай,

Болып едің дейсің ғой қашан олай.

Басқа түссе байқарсыз бәріңіз де,

Ойланбаған өмірдің бәрі солай» Кімнің өлеңі ?

4. Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші » әңгімесі кім туралы жазылған?

5. «Бақытсыз Жамал» романының авторы кім?


5 кезең
. «Кейіпкерлер әлемі» бұл кезеңде біз өзіміз оқыған шығармалардан кейіпкердің сөздерінен үзінді беріледі. Шығарманың аты мен сол кейіпкерді табасыздар.

Ұпай саны -5ұпайдан. Үш топқа бір сұрақтан оқылады.

1. «-Алдымда неше қатар тұрса да оқ,

Тартынып бұл сапардан қалуым жоқ.

Сұлуын дүниенің жисаң-дағы,

Бір жарымдай болмайды көңілім тоқ»

Үзінді қай жырдан, кімнің сөзі?


2. –Балам-ау, сен іздесең кез келейін,

Сені құдай берген соң неге өлейін?

Сен бетпақтан шөлдетпей алып өтсең,

Қалың малсыз, борышсыз қыз берейін.

Үзінді қай жырдан, кімнің сөзі?


3
. Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,

Теңізде жүрміз қалқып, көшпесі жоқ.

Жел соқса, құйын қуса жылжи беру

Болғандай табан тіреу еш нәрсе жоқ.


6 кезең: Келесі кезеңіміз «Жорға» кезеңіне өтелік. Бұл кезеңде бізде әдебиет теориясы бойынша сұрақтар беріледі. Әр сұраққа 1 ұпайдан беріледі.

1. Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін-кейпін, жүріс-тұрысын суреттеуді не деп атайды?

2. Кітаптың тақырыбы, идеясы және басты мәселелері өте қысқа түрде айтылуын не деп атайды?

3. Табиғат құбылыстарын жандандырып, кісі кейпінде суреттеу тәсілін не деп атайды?

4. Затты не құбылысты кішірейте суреттейтін көркемдік құрал не деп аталады?

5. Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлеуі не деп аталады?

6. Әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі, көркем әдебиеттегі образдың қай түріне

жатады?

7. Көркем әдебиеттегі табиғат көркін суреттеу не деп аталады?

8. Екі нәрсені қатарластыра, жанастыра алып бейнелеу тәсілі қалай аталады? Қорытынды: Сөз өнері –халық даналығының жемісі. Әдебиет –халқымыздың рухани өмірінің айнасы, ана тіліміздің өміршеңдігінің, ұлттығымыздың, халықтығымыздың белгісі. Олай болса, бүгінгі сайыс барысында осы қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша оқушыларымыздың ой-өрісін, білімдерін, ақылы мен ептілігін сарапқа салып, талантын таныдық.
Сайысымыздың алты кезеңі де аяқталды.
Болмасын ешбір сын – өкпе,
Әсері қалды жүректе.
Қазылар берген бағалар,
Ұштассын айтар тілекке! – дей келе,«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» деген ойды бүгінгі сайысымызда таразылап, әділ бағасын береді деген оймен әділқазылар алқасына  сөз береміз.

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Әдебиет шыңы" сайысы (8-10)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Дефектоскопист

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 233 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Тематическая диагностическая работа по естествознанию 10-11 класс
  • Учебник: «Естествознание (базовый уровень)», Алексашина И.Ю., Ляпцев А.В., Шаталов М.А. и др. / Под ред. Алексашиной И.Ю.
  • Тема: Глава 2. Взаимодействие науки и техники
  • 13.04.2016
  • 7575
  • 84
«Естествознание (базовый уровень)», Алексашина И.Ю., Ляпцев А.В., Шаталов М.А. и др. / Под ред. Алексашиной И.Ю.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.04.2016 1829
    • DOCX 23.6 кбайт
    • 21 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жапарова Асел Мураталиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жапарова Асел Мураталиевна
    Жапарова Асел Мураталиевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7420
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Мини-курс

Преодоление расстройств: путь к психическому здоровью"

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные медиа: экономика, системы и технологии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовые ключи экспертного успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе