Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Рабочие программы / "Әдебиет -сырлы әлем" 5-класс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

"Әдебиет -сырлы әлем" 5-класс

библиотека
материалов

Бекітемін: Келісемін:

«Дөң орта мектебі»КММ Аудандық әдістемелік

директоры: кабинет меңгерушісі:

А.Ш.Жекеева С.Бектенгалиев

_________________ _______________________



Тақырыбы: «Әдебиет-сырлы әлем»



/Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат/




2015/2016 оқу жылы

5-класс



Дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Жумагазина Г.Ш


ПӘБ қаралды «_____», «____________» 2015ж


Хаттама №________


ПӘБ жетекшісі: Календиров Ә.Н.









Түсінік хат

Қазіргі білім берудің басты мақсаты-шығармашыл тұлға қалыптастыру.Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса,ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған,рухани бай тұлғаның орны ерекше.Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай,оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады,орта мектепте оқытылатын пәндер арасында әдебиеттің алатын орны мен маңызы ерекше.Әдебиет сабағы халқымыздың сан ғасырлық рухани қазына байлығынан,сөз өнері тарихынан,әр кезеңде ғұмыр кешкен қаламгер өмірі мен шығармашылығы,белгілі бір туындылар,олардағы кейіпкерлер әлемі жайында мәлімет беріп қана қоймайды,сонымен қатар адамгершілікке тәрбиелеу сабақтары ретінде зор маңызға ие.Оқу материалдары оқушылардың дайындық деңгейлеріне қарай сұрыпталып жасалды, сабақтың типі мен түрін оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдау,мақсаттарды және күтілетін нәтижені анықтап, оқу біліктілігін жетілдіру арқылы әдебиет пәнін оқытуда,білім беруде белгілі бір құзыреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыру,оқушының шығармашылық қабілетін жетілдіруге көмегі болады деген ойдамын.

Курстың мақсаты:

  • «Әдебиет-сырлы әлем» сабақтарының түбегейлі мақсаты, оқушылардың жеке басын қалыптастыра отырып, әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен ұлттың сана-сезімін дамытуға ықпал ету, көркем әдебиетті оқуға деген ынтасын арттыру.

  • Оқушылардың бейінділік білім алуын жүзеге асыру

  • Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып,оларға азаматтық,адамгершілік,елжандылық және көркемдік –эстетикалық тәрбие беру.

Курстың міндеттері:

  • білім берудің жаңа педагогикалық технологияларын енгізіп, оқушының дара ерекшеліктерін саралап диалогтық оқыту арқылы оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру;

  • оқушыларға көркем шығарманы талдауды үйрету;

  • ізденіспен жұмыс істеуін ұйымдастыру,

  • ойын әдеби тілмен жеткізуге машықтандыру.

  • Жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыру; сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау; оқушының түрлі дара қабілеттерін ашу;


 Бағдарлама 5 –класс оқушыларына арналған.

Апталық аптасына  1 сағаттан /34 сағат.



І. Мазмұндық бөлім:

Бағдарламаның мазмұны:

Халық ауыз әдебиеті үлгілері (аңыз әңгімелер,мақалдар,жұмбақтар)

Балалар әдебиетінің атасы Ы.Алтынсарин шығармалары

«Ұлтына ғұмырын арнаған» А.Байтұрсынов шығармалары

Қазақ балалар әдебиетінің ақсақалы-Сапарғали Бегалин шығармалары

Қазақ балалар әдебиетінің қара нары атанған –Бердібек Соқпақбаев

Поэзия падишасы –Фариза Оңғарсынова шығармалары негізінде құрастырылды.


ІІ. Нормативтік бөлім

«Әдебиет-сырлы әлем» бағдарламасының мазмұны мен құрылым:

Тараулар

Сағат

саны

Оның ішінде

теориялық

практикалық

Өзіндік жұмыс

1

Халық ауыз әдебиеті үлгілері (аңыз әңгімелер,мақал-мәтелдер)

8

7


1

2

Балалар әдебиетінің атасы -Ы.Алтынсарин шығармалары

7

6


1

3

«Ұлтына ғұмырын арнаған» А.Байтұрсынов шығармалары


6

5

1


4

Қазақ балалар әдебиетінің қара нары атанған –Бердібек Соқпақбаев шығармалары

5

4

1


5

Поэзия падишасы Фариза Оңғарсынова шығармалары

5

4


1

6

VІ бөлім. Қайталау /1 сағат/

1


1


7

VІІ бөлім. Сынақ /2 сағат/

2












ІІІ.Ақпараттық бөлім.

Бағдарламаны оқытудың формалары: топтық ,жұптық жұмыс,диалогтық оқыту,сыни тұрғыдан ойлау, (жеті модульді кіріктіру)т.б

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:

  1. Күнбе-күн бақылау,тексеру,сұрақ-жауап,шығармашылық жұмыс.

  2. Тақырыптық бақылау,тексеру:теориялық білімін,өзін-өзі бағалау.

  3. Қорытынды бақылау,тексеру,мазмұндама,шығарма,сөз саптауы.

  4. Практикалық жұмыстар сынақ түрінде алынып,бағаланады.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

Оқушылар білуге тиіс:

  • Халық-ауыз әдебиеті үлгілерін;

  • Ақын-жазушылардың өмірі мен қызметі;

  • Жазушы шығармаларының мазмұнын;

Оқушылар дәлелдей білуге тиіс:

  • Өз ойларын әдеби тілмен өрнектей білуге;

  • Оқылған шығармалардың идеясын айта білуді;

  • Ой қорытуды.












Тақырыптық жоспар

«Әдебиет-сырлы әлем»

Апталық аптасына  1 сағаттан /34 сағат.

Р/с

Сабақтың тақырыбы

Мақсаты

Шығармашылық

тапсырма

Қолданылатын

әдебиеттер

Сағат саны

Мерзімі










І бөлім.

Халық ауыз әдебиеті /8 сағат/



1

Халық ауыз әдебиеті- асыл қазынамыз.

Халық ауыз әдебиеті,оның түрлері,жанр.әр түрлілігі туралы түсініктер беру

Ойтолғау

«Халық –ауыз әдебиеті асыл қазынам»

Ғабдуллин М., Қазақ халқының ауыз әдебиеті, А., 1972

Қазақ фольклористи

касының тарихы

1


2

Аңыз әңгімелері

Аңыз әңгіме туралы және өзіндік ерекшелігі туралы мәліметтер беру

Қорқыт туралы аңыз әңгімелер,ол туралы деректер жинау.

"Қазақэнциклопедиясы", VI-том

Қазақ әдебиеті.

1


3

Асан қайғы

Дала данышпаны Асан қайғы туралы мәліметтермен таныстыру

Асан қайғы не себепті қайғы атанғандығы туралыіздену,деректерді білу

Қуаныш.Махамбет »Оқшы атадағы 7 әулие » Қ ,2003ж,11бет

Тарихи тұлғалар.

1


4

Жиренше шешен

Жиренше шешен туралы аңыздармен таныстыру

Жиренше шешен туралы аңыздарды білу,жинастыру

 Даланың дара ділмарлары.-Алматы

Қазақ Совет Энциклопедиясы 4-том, 445-бет

1


5

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні-мақал

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні мақал-мәтелдер және оның тақырыптары туралы мәліметтер беру

Еңбек тақырыбына байланысты мақалдарды бір бөлек жинақтап,жазу

Абай. Энциклопедия. – Алматы:

Ғабдуллин М., Қазақ халқының ауыз әдебиеті, А., 1972


1


6

Мақал-мәтелдің тақырыптары

Мақал-мәтелдің тақырыбының әр түрлі болатындығы туралы айту

Мақал-мәтелдің тәрбиелік мәні неде екендігін анықтау.

Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы

1


7

Жұмбақтар

Жұмбақадамның ой

өрісін,алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір затты сипаттап беретін шағын жанр екендігі туралы

Жұмбақтар құрастырып жазу

Қазақ жұмбақтары, А., 1993., Әбжанов М

Қазақ энциклопедиясы, 4 том; 

1


8

Шығарма: Халық ауыз әдебиеті

Өткен материалдарды қалай меңгергендерін байқау мақсатнда жазбаша жұмыс жүргізу

Өткендерді жинақтау.


1



ІІ бөлім.

Балалар әдебиетінің атасы Ы.Алтынсарин /7сағат/



9

Ы.Алтынсарин өмірі,шығармашылығы

Ы. Алтынсарин туралы білімдерін кеңейте түсу; жүйелі сөйлеуге үйрету.

Ы.Алтынсарин нені армандады?Қай жерлерде мектеп ашты.Іздену жұмыстары

ХІХ ғасыр әдебиеті.

Ы.Алтынсарин таңдамалы шығармалары

1


10

Ы.алтынсарин шағын әңгіме шебері

Ы.Алтынсарин әңгіме

лерімен тереңірек таныстыру,тақырыптарын анықтау,талдау

Әңгімесі бойынша рольдік ойындар ұйымдастыру.Топпен жұмыстану

Ы.Алтынсарин әңгімелер жинағы

1


11

 Aтымтай  Жомарт”

Әңгіме мазмұнынмен таныстыру


Ы.Алтынсарин әңгімелер жинағы

1


12

 Қыпшақ Сейтқұл,”

әңгіменің тақырыбы мен мәтінге сүйене отырып ашу, таба білуге үйрету.

Ата тәрбиесі мен ғибраты( ой толғау) ”

Ы.Алтынсарин әңгімелер жинағы

1


13

«Мейірімді бала»

Әңгіме қай тақырыпта жазылғандығын анықтау

Әңгіме құрастыру

Ы.Алтынсарин әңгімелер жинағы

1


14

«Талаптың пайдасы»

Әңгіменің идеясын анықтай білу,табу

Хронологиялық кесте жасау

Ы.Алтынсарин әңгімелер жинағы

1


15

Шығарма: «Ы.Алтынсарин туралы білгенім»

Жазушы өмірінен білгендерін қорытындылап жазбаша жұмыс орындау



1



ІІІ бөлім.

«Ұлтына ғұмырын арнаған» А.Байтұрсынов шығармалары

/6 сағат/



16

А.Байтұрсынов өмірі

,шығармашылығы

«Ел бүгіншіл,менікі ертеңгі үшін»деп жырлаған ақын,ғалым өмірі мен шығармал.туралы мәліметтер беру

Өлеңді жатқа білу

А.Байтұрсынов таңдамалы шығармалары

1


17

А.Байтұрсынов-ақын.

Өлеңдерімен таныстыр

Мәнерлеп оқуға жаттықтыру

«А.Байтұрсынов –ақын» Ақындығын дәлелдеу.өлеңдерін білу

Ақынның өлеңдер жинағы

1


18

«Оқуға шақыру» өлеңі

Ақынның “Балаларды оқуға шақыру” өлеңінің мазмұнымен, идеясы

мен таныстыру. Мәнерлеп оқу дағдысын, оқушылардың тілін дамыту, 

Өлеңнің мазмұнына қарап, ақынның қандай адам екендігіне сипаттама беру

Ақынның өлеңдер жинағы

1


19

«Жұртыма»

Жұрт деп отырған,өлең кімге арналғандығын анықтау,жұрты қандай болған,қазіргі жұрты өзгерді ме сияқты сауалдар төңірегінде пікірлесу

Өлеңді жаттау

Ақын өмірінен деректерді жинақтап,қорғау

Ақынның өлеңдер жинағы

«Аңыз адам» журналы

1


20

«Ел бүгіншіл,менікі ертеңгі үшін»

Ақын туралы ой қорыту,ол не айтты,неге көңілі толмады.

Өткенді қайталау



1


21

Тест тапсырмалар

Сынақ-қорытынды

Ақын өмірі туралы қаншалықты деректер білді,бағалау



1



ІV бөлім

Қазақ балалар әдебиетінің қара нары атанған –Бердібек Соқпақбаев шығармалары.

/5 сағат/



22

Бердібек Соқпақбаев өмірі,шығармашыл.

Б.Соқпақбаев өмірі мен шығармашылығы туралы деректермен таныстыру

Ақын өміріне деректер жазып келу

Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық.

1


23

«Менің атым-Қожа»

«Менің атым-Қожа»шығармасымен таныстыру

Повесті оқып шығу

«Менің атым-Қожа»повесі

1


24

Мазмұнын баяндау,талдау

Қысқашамазмұндау,

талдау жүргізу

Рольдік ойын көрсету

«Менің атым-Қожа»повесі

1


25

Кейіпкерлер бейнесін ашу

Негізгі кейіпкерлерді анықтау,мінездеме беру.

Жантас пен Қожаны салыстыру,

«Менің атым-Қожа»повесі

1


26

Пысықтау тапсырмалар

Өткенді пысықтау,жазу

шы өмірінен байланысты деректерді сұрау



1



V бөлім .

Поэзия падишасы Фариза Оңғарсынова5 сағат/



27

Ф.Оңғарсынова өмірі,қызметі

Ақын өмірі мен шығармаш.таныстыру

Өмірі туралы шағын шығарма жазу

Оңғарсынова, Ф. Он томдық шығармалар жинағы өлеңдер, дастандар /Ф.Оңғарсынова. - Астана : Атамұра, 2004

1


28

Өлеңдері туралы мәлімет

Өлеңдері туралы мәліметтер беру,өлеңде

рімен таныстыру


өлеңдер /

Ф. Оңғарсынова. - Алматы : Жазушы1983.

1


29

«Анама»

«Анама» атты өлеңімен таныстыру

Өлеңді жаттау

Ана туралы ой толғау

Таңдамалы шығарма

лары. Екі томдық. А., «Жазушы», 1987;

1


30

«Әкеме»

Өлең мазмұнын меңгерте отырып, автордың көркемдік тіл шеберлігін таныту

Әке тақырыбына шығарма

Оңғарсынова, Ф. Он томдық шығармалар жинағы өлеңдер

1


31

Өзіндік жұмыс

Ф.Оңғарсынова туралы білгендерінен қорытынды шығарма жазу



1


32

VІ бөлім. Қайталау /1 сағат/



33,34

VІІ бөлім. Сынақ /2 сағат/







Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақ халқының ауыз әдебиеті М.Ғабдуллин.

  2. Ы.алтынсарин «Таңдамалы шығармалары»

  3. «Аңыз адам» журналы №11 желтоқсан 2010

  4. "Менің атым Қожа" (1957) Б.Соқпақбаев

  5. Асау толқын. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973

  6. 2.«Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте» әдістемелік журналдары

  7. 3. Бұқаралық ақпарат құралдары материалдары.

  8. Қазақ әдебиеті оқулығы 11 класс

  9. Қазақ әдебиеті оқулығы 10 класс

  10. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алмат

  11. Қуаныш.Махамбет »Оқшы атадағы 7 әулие » Қ ,2003ж,11бет

  12. Оңғарсынова, Ф. Он томдық шығармалар жинағы [Мәтін] : өлеңдер, дастандар / Ф.Оңғарсынова. - Астана : Атамұра, 2004.



















АСАН ҚАЙҒЫ - ДАЛА ДАНЫШПАНЫ

 

 

Табиғат – бүкіл әлем.Адам табиғатта өмір сүреді, онымен тұрақты қатынаста болады. Адам, оның денесі мен рухани өмірі табиғатпен тікелей байланысты. Одан шығатын қорытынды- адам табиғатының бір бөлігі.[1]Қазақ тарихында Сыр өңірі тарихының алар орны ерекше.Ежелгі заманнан бастап Сыр өңірі сан мың ұрпаққа құтты қоныс, жайлы мекен болғаны белгілі.Бұл топырақта есте жоқ ескі кезеңдерден-ақ бағы жетіп, базары қызған қырыққа жуық көне қалалар мен жарты ғаламды жалғастырған Жібек жолының арналы абағы сайрап жатыр.Сөйлете білсең оның әр уыс топырағы, әр бұтасы, әр тасы алуан түрлі ғибратты шежіре шертер еді.[2]

Сыр бойы сырға бай. Онда сан ғасырлардан бергі аты әлемге мәшһүр ірі тұлғалар ғұмыр кешкен, атасақ санап тауыса алмаспыз.Әлі кұнге дейін зерттелмегендері қаншама десеңші.      

Бұл жәдігердің ең әсем әрі көрнектісі – Асан Ата мазары. Рас, кейбір әдеби зерттеулерде Асан қайғының жерленген жері туралы түрлі пікірлер бар. Бірақ, оның мазары Сыр бойында, дәлірек айтқанда осы Оқшы Ата қорымында (қазақ тілі мен әдебиеті -1994, №3,4-5 б) жерленген. Асан ата кесенесі 1992 ж мемлекет қорғауына алынған. [3]

«Дала данышпаны» ретінде танылған Асан қайғының рухани мұралары халық санасында сақталған.Асан қайғы жөніндегі аңыз- әңгімелер мен әр түрлі алуан деректерді біршама қалыпқа түсіріп, құнды пікірлер жазған академик- жазушы М. Әуезов болды. « Бұл тарихта болған адам. Бірақ, тірлік еткен заманы Жәнібек ханның тұсы дегені болмаса, дәлді кім еді, қай ортадан шығып еді, қандайлық еңбек, әрекет етіп, қандай өмір шегіп өтіп еді. Бұл жайынан ешқайсынан дәл дерек жоқ». [4] Асан қайғының саяси іс-әрекеттері төңірегінде қалам тартқан академик Ә. Марғұлан болды. Ғылым, « Асан қайғы» деп аталуы – халықтың қамын көп ойланған екендігін айтады. Қазақстан тарихына арналған кейбір еңбектерде Асан қайғы ХV-ХVI ғ.ғ өмір сүрген.        Асан қайғы – ХIV ғасырдың екінші жартысы да Еділ бойында дүниеге келген ақын, философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап жүргендіктен, замандастары оны Асан атаны « қайғы» деген сөз қосып, Асан қайғы атап кеткен. [5]

 Шоқан Уәлиханов Асан қайғыны «дала данышпаны» деді. Әлкей Марғұлан «Асан Ата ХV ғасырда қазақ ұлысын біріктіру мәселесін қолына алған даланың ойшыл данасы» деп бағалады.         Асан қайғы –көптеген нақыл сөздердің, афоризм, философиялық толғаулардың авторы.

Асан қайғы туралы Мұхтар Әуезов былай деген «Тарихта болған адамдардың ішінде өмір сорабы, іс еңбегі халықтың нағыз ертегі болып, тек сол қалыпта ғана ой жадында сақтаған адамның бірі осы Асан қайғы».

Асан қайғы – барша дала даналығын бойына сыйдырған және сайын сайхарада ғаламат ғұмыр кешкен тамаша тұлға.

Қазақ халқы өзінің тарихи жылында Асан есімін өктемдікке қарсылықтың символына айналдырған. [6]

                Қыдырып желмаямен дүние жүзін,

                Асанның жұрт біледі айтқан сөзін.

                Жатқызбай ойындағы қалың арман,

                Атанып Асан Қайғы содан қалған. [7]

Асан танымындағы дүние көрінісі оның әлеуметік көзқарасының мінділігін ан.ықтайды. Адам, қоғам, табиғат Асан үшін мызғымас бірлікте. Адамның қоғамға, табиғатқа қатынасы Асан болмысында ерекше айқындалады. Дүниенің жаратылысын Асан қайғы ақыл күшімен пайымдайды. Сондықтан Асан қайғы табиғаттың адамға қатысты фактор екендігіне ерекше мән берген. . Асан қайғы табиғатты қоғамды, дүниені, адамның ара қатынастарын астастыра айшықтап, қоғамның даму заңдылықтарына философиялық тұжырым жасайды.  Асан қайғы қоғамды, қоршаған табиғатты, жалпы дүниені тануда, олардың қастерлі қасиеттерін білуде, адам игілігіне жаратуда өзінің біліктілігімен ерекшеленеді.

Асанның дүниені тану, білу танымының негізінде жатқан идиялық мазмұнды күш халқына жайлы, тыныш өмір беретін қоныс іздеп, оны табу мақсаты жатыр. Сондықтан да Асанның дүние көрінісін сезінуі, толғануы, оның « жерұйық» мекенін іздеуде ашылған.        Асанның Әбілқайыр ұлысынан Жәнібек пен Керейдің бөлінуіне қатты наразылық білдірмесе де олардың Монғолстанға емес, Жайық, Жем өзендерінің бойына қоныстануын қалаған болатын. Осы Моғолстаннан жер алуы туралы ғалым Ә.Марғұлан былай жазды : «Асан қайғының Жәнібек пен Керейді ертіп Қытайға барып Моғолстаннан жер алуы тарихта белгілі фактінің бірі. . Ол іздеген «Жерұйық» шырайлы қоныс қана емес, елін, жұртын сыртқы жаулардан қорғайтын жол, жаңа қоғамның үлгісі, қазақ халқын тарих сақынасына сақтап қалу бағдарламасы. Асан Қайғы осы тарихи ойларын хандармен, сұлтандармен, билер мен, әсіресе Жәнібек ханмен араласып жүріп, іске асырмақ болмақ. Елі мен жұртының болашағы туралы қатты қайғырып толғанған абызды халық Асан Қайғы деп атаған. . Асан Қайғы елінің сулы – нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып, «адамды жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін,  мамыражай, еркін өмір сүруін» аңсады. Бұл мұратын жырау «Жер ұйық» деп атады.

М. Әуезов :  « Асан жайындағы ең мағыналы әңгіме оның «Жерұйықты» іздеуі. Сонда жетсе ғана, мекен етсе ғана халқы бақытты болмақ» , - деп жазды. « Асан қайғының аралаған жерлері – Моғолстан ( Жетісу), Қыпшақ( Қаратау), Сарарқа ( Торғауыт), Байсын ( Әлеу). Ол ноғайлы заманындағы аласапыран бүлікшілік кезеңінде өмір сүрген үлкен ойшыл. [8]  Асанның Жерұйықты іздеуіне тағы бір себеп болған құбылыс, ол – үшінші Жәнібектің тастан сарай салдыруы немесе Астрахан қаласын қоршауы.

Асан оған да өкпелі, ренжулі, себебі ол жерді жау алса ел бүлінеді. Асан жаңа қоныс іздеп жеті жыл жер Жерұйық деп аталатын мекенді табады. Асан қайғының аралаған жерлеріне қойған сындары мен анықтамалары сол өз дәуірінің, заманының нақтылы талап - тілектері мен халық қамынан туған болжамдар болса керек. Фольклорлық мәліметтер бойынша, Асан Қайғы Қазақстанның және Орта Азияның жерін желмаясына мініп көп кезген ақылдана болып суреттеледі. Оның бармаған жері, баспаған тауы жоқ десе де болғандай.

Асанның танымдық қабілеті табиғаттағы заттардың қасиеттерін анықтауға, олардың адамға деген қатынынасын мөлшеулерге бағытталады. Қоршаған табиғаттағы заттық мәндерден олардың адамға, өмірге тигізетін әсерін, пайдалы- зиянды салдарларын пайымдап білген Асан көшпелі қоғамның әлеуметтік қайшылықтарын өзіндік «әрекеттік» пайыммен шешіп отырады .  Асан Жерұйықты іздеуде деректер бойынша Ақ Ордадан бастап, жеті өзенге шейін сапар шегеді. Дүниенің төрт бұрышын арлайды. Оның барған жерлері өзіне ұнамайды. Түркі халықтарының көшпелі қоғам өркениетінің өкілдері арасында тарихта Асан Қайғыға тең келетін тарихи тұлға жоқ. Асанның Жерұйықты іздеуін мифтік құбылыс деп қарастырып, өтірік аңыз ертегілер қатарына жатқызуға мүлде болмайды. Асан Қайғы болса сезімдік таным мен түйсіктердің тоғысуынан жаңа мазмұнды қорытындылар шығарып отырды. Жерұйықты іздеу барысында Асан жүрген жеріндегі жақсы қонысқа, жаман қонысқа баға беріп отырды. Асан Қайғы да сол Жаратушының мейірімділігіне үміт арту арқылы сабырлық сақтап, пендеге түсініксіз өзінің "кезбелік” философиясының жүйесін жасаған. Көшпелі өркениетті құтқару үшін Асан адамдарды табиғатқа, дүние құбылыстарына зер салуды айрықша насихаттайды. Асанның іздегені адамға жоғарыдан жіберілген алғашқы ақиқатты табу, соған көз жеткізу. Табиғат заңдылықтарының адам өміріне қатыстылығы жөнінде Асан пікірі нақтылы. Адамның адамгершілік  қасиеттері табиғаттың әсемділік заңдылықтарынан тағылым алып, сусындап отыруы тиіс. Адами ізгілікті қасиеттердің қалыптасуының алғыштары табиғаттағы шынайы үйлесімдіктен, сұлулықтан бастау алады. Сондықтан да Асан эститикалық мәселелерді, олардың қоғамдағы көрінуі, шешілу бағамдарына тоқтала бермеген.Адамға аса қажетті көшу- қону процесінде кездесетін қолайсыз табиғат жәйттерін, әсіресе малға, қолайсыз болса да өмірдің басқа салаларына қажеттілігін дәлелдеп, анықтап отырған.

 Табиғаттың биік сұлулығына, оның мызғымас пәктілігіне шек келтірмейді, тоқтам салмайды. Асанның сұлулыққа, әдімілікке қатынасы ерекше шынайылықпен, көркемділікпен бейнеленіп, адамды шабытқа бөлейді.Табиғат сұлулығын Асан эстетикалық сезімдер мен қабылдап, сол талғам тұрғысынан оларды бағалайды. Асанның эстетикалық талғамы шындықты бейнелеу арқылы оның белгілі бір дүниетанымдық көзқараспен сабақтастырады. . Жалпы Асанның адами іліміндегі ұғымдар мен түсініктер түйіні мыналарға саяды: әділеттілік, ар – ұят, өзін - өзі тежеулік, ымырашылдық, сабырлылық т.б. Аққу әсемдіктің ең жоғарғы сатысы – ақсақтық  деңгейге көтерілген, оны құрметтеушілік, қадірлеушілік адами парыз. Аққу сұлулықтың, тазалықтың символы. Оны ерекше қасиет тұту парыз. Асан өзінің жан дүниесінің сұлулығын қоса суреттейді. Француз философы А. Камюдің "Данышпан өз мөлшерін білетін ақыл иесі” деген пікіір қанағатшыл Асанға да қатысты. Асанның ойлау жүйесіне осындай халықтың табиғатпен күрделі идеялық қатынасын бейнелейтін ырымшыл үрдістер әсер еткен.

Халықтың  дүниеге идеялық қатынастарын Асан өз пайыммымен қорытып, оны жаңа деңгейге көтере білген. Асан табиғатпен бетпе – бет жүздесіп, оны жандандырады, адам кейпіне түсіреді. Жүрек түбінде жатқан ойларын ақтарады. Өзінің қалауын, тілегін табиғатқа осылай айту арқылы ол адамшылық парызын орындайды.       Философиялық тұрғыдан пайымдасақ дүниедегі заттардың, құбылыстардың, процестердің қасиеттерінің мәнділігін арқау ету арқылы оларға тіке қарап, адамды, оның терең сырларын тануда. Асан ата – тек қана қазақ халқы емес, бүкіл түркі халқының қастерлеп жүрген ұлы тұлғасы. Қазақ үшін Асан ата – халықтың қамқоршысы, батагөйі, данышпаны, елдің бірлігін, қамын,тыныштығын ойлаған қайраткер. Ол 1361 – 1470 жылдары өмір сүрген. Бір аңыздың айтуына қарағанда, Асан Қайғы Сарыарқада, Ұлытауда дүние салды деген сөз де бар. Бәрібір Сыр бойы аса киелі ,әруақты панасы болып есептеледі. Ата қабірінің Шиелі жерінде бой көтеріп, алыстан айбарлы көрінуі, күнде басында болып, тағзым етуіміз – мақтанатын жай. Олай болса әлі күнге дейін жиналмай келе жатқан әулие мұралары толық жинақтау біздің және келер ұрпақтың парызы.

 

                        Пайдаланылған әдебиттер

 

 

1.Күнқожаев Н.»Адам және қоғам » »А»Рауан 1997ж,44бет.

2.Қуаныш.Махамбет »Оқшы атадағы 7 әулие » Қ ,2003ж,11бет

3.Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы ,А,1998ж  470бет

4.Әуезов. М »шығармалар» ,А, »жазушы» 1969ж,11т,480 бет

5.Қазақстан тарихы »10 сынып » 160бет

6.Қуаныш.М »Оқшы атадағы 7 әулие» қ,2003ж,26бет

7.Қ.Р.Ұ.ҒА Сирек қолжазбалар қоры папка №333/11дәптер. Толысбай Кенжалы.

8.Қуаныш Т  »Оқшыдағы 7 әулие  » қ,2202ж,67бет

 













Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақ халқының ауыз әдебиеті М.Ғабдуллин.

  2. Ы.алтынсарин «Таңдамалы шығармалары»

  3. «Аңызадам» журналы №11 желтоқсан 2010

  4. "Менің атым Қожа" (1957) Б.Соқпақбаев

  5. Асау толқын. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973

  6. 2.«Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте» әдістемелік журналдары

  7. 3. Бұқаралық ақпарат құралдары материалдары.

  8. Қазақ әдебиеті оқулығы 11 класс

  9. Қазақ әдебиеті оқулығы 10 класс

  10. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алмат

  11. Қуаныш.Махамбет »Оқшы атадағы 7 әулие » Қ ,2003ж,11бет

  12. Оңғарсынова, Ф. Он томдық шығармалар жинағы [Мәтін] : өлеңдер, дастандар / Ф.Оңғарсынова. - Астана : Атамұра, 2004.






Тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин әңгімелері

Мақсаты: 1. Оқушылардың Ыбырай өмірі мен шығармашылығын қалай меңгергендігін пысықтау; әңгімелерінің тақырыбын ашу.

2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білуге баулу.

3. Оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке, жақсы жолдас бола білуге тәрбиелеу.

Түрі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау»  технологиясы

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту

  1. Сыныпты 2 топқа бөлу, топ басшыларын белгілеу және топ басшыларына бағалау парағын тапсыру.

  2. Сабақтың мақсатын айту.

- ХІХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген әдебиет өкілі Ы. Алтынсариннің шығармалары бойынша алған білімдеріңді сарапқа салу мақсатында өткізіліп отырған бүгінгі ашық сабағымызда әңгімелерін талдау барысында өз ойларыңды ашық айта біліңдер, қойылған сұрақтарға толып жауап беру талап етіледі.
3. Үй жұмысын тексеру
«Деректер сөйлейді» тапсырмасы.(Рет-ретімен тұрған қағазды алып, ондағы сандар арқылы Ыбырайдың өмірбаяны мен шығармашылығын айтып беріңдер)
1841  – Ыбырайдың туған жылы. Қостанай обл. Затобол ауданында туды.  
1850 – Орынборда ашылған қазақ-орыс мектебіне түседі.
1857Мектепті үздік бітіріп шыққан жылы
1859Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасқан жылы.
1860 – Орал сыртындағы қазақтарға арналып 4 сыныптық бастауыш мектеп 
ашу туралы шыққанда (Тройцк, Торғай, Ырғыз, Қазалы) өзі сұранып, 
Торғай мектебіне мұғалім болады. Торғай қаласында бірден мектеп 
ашу мүмкін болмай, іс көпке созылады, жиналған балаларды өз үйінде 
оқытқан жылы.
1864 –  Мектептің қаңтар айында ашылған жылы
14  - Сол мектепке қабылданған бала саны.
1876 – Петербург, Қазан қалаларына барған жылы
1876 – Н.Н.Ильминскийге жазған хатында «Татар тілінде жазылған 
кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш 
кітабымды кеше ғана бастадым,» - деп жазған жылы
1889 – қайтыс болған жылы.
1876 – «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріскен жылы
1879 – Орынборда хрестоматияның басылған жылы

         ІІ. Мағынаны ажырату
1. «Кластер» стратегиясы
- Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім...» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз-тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.

http://bekseit.h18.ru/files/150409/urok_1/sxema.jpg

2. «Қарама-қарсы элементтер» стратегиясы

«Әке мен бала»,  «Жаман жолдас»  әңгімелері бойынша талдау жұмыстары.

 1 топ

2 топ

Әке

Бала

Жақсы

Жаман

Үлкен кісі
Тағаны алады
Ақылды адам
Шие сатып алды
Еңбектенді

Жас бала
Алғысы келмейді
Ақылсыз бала
Сатып алмады
Еңбектенген жоқ

Ауру жігіт
Жерге  құлады
Аю иіскеді
Жерден тұрды
Жауап берді

Сау бала
Ағашқа шықты
Аю 
Ағаштан түсті
Сұрады

  • «Көнәз» стратегиясы

«Жақсымен жолдас болсаң жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң қаларсың ұятқа»  
-Қандай жолдаспен дос болу керек? Пікірталастыру
- Асты сызылған сөздерге фонетикалық талдау жасау

4. Фонетикалық талдау. /Қазақ тілімен байланыстыру/
І. топ
 Математикалық тәсілмен дауысты дыбысқа талдау
Берілгені: Жаманмен   /Сөзде неше дыбыс бар және олар іштей қалай жіктеледі?/
Шешуі: Жаманмен сөзінде 8 дыбыс бар, оның 3-еуі дауысты, 5-еуі дауыссыз
8    3   - (2 а, е) 
5   - (ж, 2м, 2н)
а) Тілдің қатысына қарай
2   (2а) жуан    
1   (е) жіңішке
б) Жақтың ашылуы
2   (2а) ашық                
1   (е) жартылай ашық  
в) Ерін мен езудің қатысына қарай
3     3  (2а, е) езулік

 

ІІ. топ
Сатылай комплексті талдау
Жақсымен
Буын түрлері
1.  Аралас буынды
2. Жақ  -  сы  -  мен

                                          Тасымал
3. Жақ-   
сы-          болып екі жағдайда тасымалданады
мен

                                    Екпін
4. Жақсымен   (е дыбысы)

Буын үндестігі
5. Жақсымен — түбір мен қосымшаның арасында буын үндестігі
жоқ. Себебі (-мен) буын үндестігіне
бағынбайтын қосымша.

Дыбыс үндестігі
6. Жақсы — мен
Сөз дауысты дыбысқа аяқталғанда, дауыссыздан басталатын
қосымша үнді д-сыз дыбысынан басталады

ІІІ. Ой толғаныс
      «РАФТ» стратегиясы

  • Ыбырайдың бір әңгімесін алып, ондағы кейіпкерге хат жазу /өздеріне қатты ұнаған, оқыған  әңгімесін алу/






Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин әңгімелері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ы.Алтынсариннің шығармашылығымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу, Ы.Алтынсариннің ел болу идеясының өміршеңдігіне көз жеткізу;
Дамытушылық: Шығарманың эстетикалық,идеялық мәнін түсіне білуге, өзіндік талдау, жинақтау жасап, ойлай білуге дағдыландыру, жеке, топтық жұмыста шапшаңдық, тапқырлық танытуға, ойын әдеби тілмен өрнектей біуге төсілдіру;
Тәрбиелік:Ұлы ағартушының өмірлік ұстанған принциптері мен биік мұраттары болашақтың қамы екеніне тоқтала келіп, ел, Отан болашақ алдындағы борышын сезінуге, елін,жұртын сүюге тәриелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Ыбырай әңгімелерінің тақырыптарына байланысты суреттер жиынтығы, сызба кесте, слайд шоу.
Сабақтың түрі:Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі:сын тұрғысынан ойлау (ой қозғау,топтастыру, семантикалық карта, екі жақты күнделік)
Пәнаралық байланыс:қазақ тілі,тарих, география
Сабақтың жабдықталуы: Ыбырай Алтынсариннің шығармалар жинағы,слайдтар, портреті
Сабақтың барысы:
а)Ұйымдастыру кезең:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.Оқушыларды екі топқа бөлемін.
ә)Үй тапсырмасын пысықтау:
XIXғасырдың 2-жартысы мен XX ғасырдың басында өмір сүрген әдебиет өкілі Ы.Алтынсариннің өмірі мен өлеңдеріне шолу
Ыбырай лирикасы:
табиғат лирикасы: «Өзен», «Жаз» өлеңдері, 
азаматтық лирика: «Бұл кім?», «Әй,достарым!», «Әй,жігіттер!», «Ананың сүюі» . 
Саяси лирика:«Залым төреге», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері»..
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
-Балалар бүгінгі осы алған білімдерімізді толықтыру мақсатында «Ыбырай әңгімелерінің тақырыптарымен»танысамыз.
Алдымен әңгіме дегеніміз не?
-Әңгіме -адам өмірінің бір сәтін бейнелейтін сюжеті бар шығарма.
Ыбырай Алтынсарин -қазақ балалар әдебиетінің атасы, әңгіме жанрының негізін салушы. «Қазақ хрестоматиясына» кірген әңгімелерінде Ыбырай жастарды еңбекті сүюге,оқу өнерге ұмтылуға,Отанын,елін сүйетін патриоттық сезімге,талапты,жігерлі,кішіпейіл болуға үндейді.Ы.Алтынсарин -балалар әдебиетінің атасы.Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған.Бұл шығармалардың тақырыптық- идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз, тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.
Шағын әңгімелерінің ішінде бүгін танысатынымыз - «Атымтай жомарт» пен «Мейірімді бала» әңгімелері 
Топтық жұмыс. 
І топ. «Кубизм» стратегиясы. 
«Атымтай жомарт» әңгімесі бойынша.
1. Әңгіме мазмұнын баяндаушылар.
2. Зерттеушілер (қиын сөздерді тауып; мағынасын іздейді. Мыс: жомарт; көңілге жел кіргізу; әбірет)
3. Сұрақ құрастырушылар (мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады)
4. Афоризмдер табу (нақыл сөздер; мақалдар табу)
5. Сурет салу 
6.Дәнекерлеушілер (Қазіргі заманмен байланыстыру) ІІ топ. Эдвард де Бононың « Ақылдың алты қалпағы» әдісі бойынша талдау. Ақ (бұлт) - оқиғаның мазмұнын баяндайды. Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру.
•Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....” 
•Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»
•Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар
Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды .
в) Білімді бекіту.
1.Әңгімеден бойларыңызға қандай қасиет жинадыңдар, нені ұғып,нені
үйрендіңдер?
2.Әңгіме бізді неге,қандай қасиеттерге тәрбиелейді деп ойлайсыңдар?
Сол туралы өз ойларыңызды қысқаша жазыңдар.
Семантикалық картамен жұмыс.
Әңгімедегі тақырыптары кейіпкерлер Әңгіме желісі Немен аяқталады? Не суреттеледі?
жағымды жағымсыз

Екі жақты күнделік
Әңгімеде саған не әсер етті? Несімен әсер етті?
г) Үйге тапсырма:
1.Әңгімелерін оқу,мазмұндау.
2.«Ы.Алтынсарин шығармалары - балалар әдебиетінің бастау
көзі»тақырыбына эссе жазу.
Бағалау:Оқушылар бағалау парақтары бойынша бағаланады.







Сабақтың тақырыбы: 
Ахмет Байтұрсынұлының “Балаларды оқуға шақыру” өлеңі
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық жолы туралы оқушыларға қысқаша түсінік беру. Ақынның “Балаларды оқуға шақыру” өлеңінің мазмұнымен, идеясымен таныстыру. Мәнерлеп оқу дағдысын, оқушылардың тілін дамыту, сөз байлықтарын толықтыру. Ақынға, тілге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу, оқу, білім алуға деген оқушылар ынтасын қолдау.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: мәнерлеп оқу, талдау, баяндау, кестемен жұмыс, көрнекілікті қолдану
Көрнекілік: ақын портреті, шығармалары, қосымша материалдар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Сабақтың мақсат - міндетін түсіндіру
ІІІ. Жаңа сабақ:
1. А. Байтұрсынұлы туралы оқулық материалымен танысу.
2. Сөздік жұмысын өткізу:

Тіл білімі - языкознание
Намысшыл - честолюбивый
Айып - обвинение
Атылды - был расстрелян
Беделді - авторитетный
Ағартушылық жол - просветительский путь
Тіл білімнің атасы - родоначальник языкознания
Мысалшы - баснописец

Сөздікте берілген сөздердің қолдану аясын анықтау. Мысалы: Тіл білімі – қазақ тіл білімі, орыс тіл білімі. Тіл білімі тіл заңдарын зерттейді. Қазақ тіл білімінің атасы – А. Байтұрсынұлы

А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кесте толтырып, оны жауаптарында пайдалану:

Маңызды оқиғалар | Жылдар | Шығармалары |

Ақын туралы берілген мәтіннен “Қандай?” деген сұраққа жауап беретін сөздерді теріп жазу. Олармен сөз тіркесін, сөйлем құрастыру. Кім сауатты оқушы екенін анықтау.

Қандай? | Сөз тіркесі | Сөйлем

“Балаларды оқуға шақыру” өлеңімен жұмыс:
а) Өлеңді мәнерлеп оқу.
ә) Өлеңге берілген сөздікпен жұмыс:
Жатпа қарап - не бездельничай
Шақырды тауық - петух прокричал
Қоңыз - жук
Күн ашық - ясный день
Ың - жың орман - лес шумит
Тоқылдақ - дятел
Ау - невод
“Аллалап”- с именем Аллаха
Шапшаңырақ - побыстрее
Мана әлдеқашан - уже давно
Аралар - пчелы
Тоғайлар шат - пер.: лес весел
Жан - мақлұқ - живое существо
Балықшы - рыбак
Орақ даусы - звон серпа
Құлдарын құдай сүймес жалқау болған - и бог не любит своих ленивых рабов

б) Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру:
Ақын өлеңі кімдерге арналған?
Ахмет ағаларың балаларды қандай болуға шақырады?
“Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да...” деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?
В) Өлең түйіні берілген жолдарды табу, мағынасын ашуға тырысу.

ІV. Сабақты бекіту
Ақын өлеңін хрестоматияда берілген Ыбырай атаның “Кел, балалар, оқулық!” өлеңімен салыстыру. Қандай ұқсастық тапқандарын көрсету.

Балаларды оқуға шақыру” | “Кел, балалар, оқылық!” Ұқсастықтары



V. Сабақты қорытындылау, оқушылар білімін бағалау
Білімнің, оқудың пайдасы туралы парталасымен сұхбат құру.

VІ. Үй тапсырмасы
1. Өлеңді жаттау.
2. Өнер - білім, оқу туралы мақалдарды дәптерлеріне жазып келу, естеріне сақтау.




Таңдаулы курс: «Жеті қазына»

Қазақ әдебиеті 5-6 сынып


Түсінік хат

Оқушыларға өз халқының мәдениеті мен этнографиясын таныту, насихаттау басты міндетіміз. Себебі, «тәрбие – тал бесіктен басталады» дейтұғын дана халқымыз қашанда дәстүрге берік болып, салтын сақтай білген.

Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі – қазақ халқы. Міне, сондықтан оның тәрбие-тәсілдері өте көп.

Сонымен қатар оқушылар әдебиет пәніне негіздей отырып, көрген-білгенді көкейге тоқып, көп ізденудің арқасында салт-дәстүр, әдет-ғұрып, өнеге-тағылым, дін-діл, жөн-жоралғы, ілім-білім, тәлім-тәрбие, тылсым-табиғат, тариқат-тәбәрік және де деректер мен дәйектер хақында мол мағлұмат алып, білім көкжиегін кеңейтеді деп сенемін.

Бұл бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай алынған.

5-6 сынып оқушылары өз халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрпымен тереңірек таныса отырып елін-жерін сүйетін ұлтжанды ұрпақ болып тәрбиеленері хақ. Құнттап қараған әр оқушы бағдарлама негізінде тілі көркем, ойы терең сөздердің жақсы үлгілерін таба алады.

Бұл курс 34 сағатқа негізделген.

Курстың мақсаты:

1.Оқушылардың бейінділік білім алуын жүзеге асыру;

2.Халық мұрасы болып табылатын рухани құндылықтар – ұлтымыздың айнымас куәсі, тарихымыздың терең тамыры болатындығын таныту;

3.Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, оларға азаматтық, адамгершілік елжандылық, көркемдік-эстетикалық тәрбие беру;

4.Оқушылардың халқымыздың ұлттық құндылықтарын сөз өнері тұрғысынан қабылдауға қажетті білім, білік дағдыларымен қаруландыру;

5.Оқушылардың өзіндік білім алуын жүзеге асыру;

Курстың міндеттері:

1.Дара тұлғаның еркін, үйлесімді дамуын және креативті ойлау қабілетін арттыру;

2.Оқушылардың үздіксіз білім алуға деген ынтасын іс-әрекеттік тұрғыда дамыту;

3.Оқушылардың әдеби оқырмандық мәдениетін қалыптастыру;

4.Ұлттық құндылықтарды таныта отырып, сөйлеу шеберлігін арттыру;

5.Ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;

6.Өзіндік ой-пікір айта білуге баулу;

7.Оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту.

І.Мазмұндық бөлім.

Курстың мазмұны

Республикамызға кеңінен танымал жерлес этнограф-ғалым, сатирик С.Кенжеахметовтің «Жеті қазына» /жиған-терген/ атты кітабы халқымыздың сан ғасырлық дәстүр-салтын насихаттаған туынды. Біз қолға алып отырған таңдаулы курс осы кітап негізінде жасалды.

Халқымыздың ырым-тыйымдары, жөн-жоралғысы, тағылым-өнегесі, әдет-ғұрып ишаралары, нақыл сөздері, ұлттық тағамдары мен киімдері жайлы мағлұмат курс бағдарламасында қарастырылған. Сондай-ақ, қазақта әр саладан тұңғыш шыққан қайраткерлер жайлы да түсінік берілмек.

ІІ.Нормативті бөлім.

«Жеті қазына» таңдаулы курс бағдарламасының мазмұны мен құрылымы:

Сабақ реті

Тараулар

Сағат саны

Оның ішінде

теориялық

практикалық

өзіндік жұмыс

І

Салт. Дәстүр. Әдет. Ғұрып.

8

7


1

ІІ

Халық айтса – анық айтады

7

6

1


ІІІ

Білімдіден шыққан сөз

6

5


1

ІV

Қарашаңырақ (халық мәдениеті мен этнографиясы)

5

4

1


V

Тарихтан тәбәрік

5

4


1

VІ

Қайталау

1


1


VІІ

Сынақ

2





ІІІ.Ақпараттық әдістемелік бөлім.

Курсты оқытуды ұйымдастырудың формалары: лекция, семинар, конференция, дебат, ойталқы, кіріктірілген сабақ, саяхат сабақ, қойылым сабақ.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:

1.Күнбе-күн бақылау, тексеру, сұрақ-жауап, әрбір сабақтан соң тест немесе шығармашылық жұмыс.

2.Тақырыптық бақылау, тексеру: теориялық білімін, өз көзқарасын бақылау жұмыстары.

3.Қорытынды бақылау, тексеру, ой-толғау, өлеңді мәнерлеп оқу, сөз қолданысы.

4.Практикалық жұмыстар сынақ түрінде «тапсырылды» деп бағаланады.

5.Бағалау жүйесі ретингілік: 1-3 ұпай – «3», 4-6 ұпай – «4», 7-9 ұпай – «5».

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар.

Оқушылар білуге тиіс:

-салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды;

-өнеге-тағылым, жөн-жоралғыны;

-тағылымдық сөздердегі әдеби-эстетикалық ғибратты;

-халық мәдениеті мен этнографиясының өзіндік ерекшеліктерін.

Оқушылар дәлелдеуі тиіс:

-өз ойларын әдеби тілмен өрнектей білуі;

-әдебиет теориясы бойынша талдау жұмысын жүргізуді;

- берілген шығармашылық тақырыптар бойынша жоба жасай білуі және салыстыра отырып баға беруі.


Әдебиеттер:

1.Кенжеахметов.С. «Жеті қазына» - Алматы: «Ана тілі» ЖШС 2001.

2.«Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте» әдістемелік журналдары

3. Бұқаралық ақпарат құралдары материалдары.













  • Жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыру; сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау; оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру;

  • шығарма идеясын анықтай білуге жетелеу,көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру;

  • Шығармашылық жұмыстарға баулу,ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру.







Автор
Дата добавления 24.11.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Рабочие программы
Просмотров630
Номер материала ДВ-185250
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх