Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Әдебиеттің тектері мен түрлері

Әдебиеттің тектері мен түрлері

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Әдебиеттің түрлері мен тектері.

Көркем әдебиетке тән нәрсе әр алуан өмір құбылыстарын образ арқылы көзге елестетіп ой-сезімге әсер ету болса,кейде ол бұрын болып өткен өмір шындығын,адамдардың арасындағы тартыс,қарым-қатынастарды да шығармаларында суреттейді.

Жазушы,ақындар суреттемек әр алуан өмір құбылыстарын не поэзия,не көркем қара сөз,не драмалық шығармалар арқылы көрсетеді.Сондықтан мейлі поэзия,мейлі көркем қара сөз,мейлі драмма-бәрі де көркем әдебиет саналады.

Жай қарағанда бұлар бір-бірінен өзгешеліктері айқын,әр басқа әдебиет нұсқалары болып көрінсе де,тереңірек үңілсек, бұл өзгешеліктер тек сыртқы түр айырмашылықтары екендігін,көркем шығармалардың кейде түрі басқа болса да,тегі біреу болатындығын аңғарамыз.

Мысалы,Пушкин «Бақша сарай фонтаны», «Кавказ тұтқыны», «Дубровский», «Капитан қызы», «Деревня», «Сибирьге хатын»алсақ,осылардың өздерін де бірнеше топтарға жіктеуге болатыны анық.Құрылыс жақтарынан өзара бір-біріне жақындығы бар «Дубровский» мен «Капитан қызы» повестерін жоғарғы екеуімен салыстырсақ,алдыңғылар мен соңғылардың араларында анағұрлым айырмалары бар.Енді осыларды, Пушкиннің «Деревня», «Сибирьге хат»деген өлеңдерімен салыстырсақ,олардың арасында да айырманың барлығы байқалады.Жоғарғы айтылған «Кавказ тұтқыны», «Бақша сарай фонтаны», «Дубровский», «Капитан қызы» шығармаларының қайсысында болсын,автор белгілі бір оқиғаларды,адамдардың арасындағы қарым-қатынас,күрес-тартыстарды баяндайды.Бірақ ол(жазушы) суреттеп отырған оқиғаларына өзінің қалай қарайтындығын білдірмейді.Тек көруші,бақылаушы не естуші,соны объективтік түрде,көркемдеп,қызықты етіп басқаларға айтып беруші дәрежесінде ғана қалады.

Ал Пушкин «Сибирьге хат», «Деревня»деген өлеңдерін,оның алдыңғы шығармаларымен салыстырсақ,мүлде басқаша әсерде боламыз және ақын бұл өлеңдерінде суреттеудің басқа әдістерін қолданғандығын аңғарамыз.Бұл өлеңдерінде ол өмір құбылысын тек жай суреттеп қана қоймайды,суреттеп отырған өмір құбылысына өзінің қалай қарайтындығын сездіреді. «Сибирьге хат»өлеңінен біз ұлы арман,үлкен тілектерді алға қойып,мақсаттарына жете алмай мерт болған қымбатты достары-декабристердің адам айтқысыз ауыр азаптарына ақынның қатты қайғырып,жаны ашушылығында,достарының ізгілік үшін еткен еңбектерінің ел жүрегінде сақталатындығын да,олардың аттары тарихта ұмытылмайды деген келелі пікірін де ұғамыз.

Жоғарыда мысалға келтірген көркем шығармалардың екеуін де элементтерін қамтитын,бірақ екеуінен де өзгеше,бір алуан көркем әдебиеттерді драмалық шығармалар деп атайды.Белинскийдің айтуынша,драма оқырман,көрермендеріне болып кеткен оқиғаларды тап қазір болып жатқан оқиға етіп сахнада көрсетеді.

Осы айтылғандар тәрізді негізгі айырмашылықтарына сүйене отырып,жалпы көркем әдебиетті эпос,лирика,драма деп үш топқа жіктеуге болады.Бұлай жіктеуді әдебиетті тегіне қарап бөлу деп атайды.Ғылыми зерттеулерде әдебиет тектерін жанр деп те атайды.

Эпос(грекше epos-сөз,әңгіме)-көркем әдебиеттің негізгі жанрының бірі.Әдебиеттің басқа жанрларына қарағанда,эпос жанрына жататын көркем шығармаларда оқиға,адамдардың араларындағы қарым-қатынастар біртіндеп дамиды.Қандай өмір құбылысын суреттесе де,әр жағдайдағы адамдардың арасындағы тартысты баяндаса да,не олардың мінез-құлық,іс-әрекеттерін сипаттаса да,жазушы өзінің оларға қалай қарайтынын аңғартпайды.Тек көруші,бақылаушы,біреулерден естіп,сол естігенін,объективтік қалыпта суреттеп айтып беруші дәрежесінен аспайды.Міне,осы әдіс негізінде берік сақталып жазылған көркем шығармалар,мейлі өлеңмен,мейлі қара сөзбен жазылсын,эпостық жанрға жатады.

Лирика(грекше lyra-ескі гректердің музыкалық аспабы).Суреттеп отырған өмір құбылысына өзінің оны қалай түсінуін аңғартып,күініш-сүйінішін көрсететін көлемі шағын өлеңдік шығармаларды лирика дейді.

Лирика көпшілігіне өлеңмен жазылады.Бұл-оның өзіне тән бір ерекшелігі тәрізді нәрсе.Лириканың элементі әдебиеттің басқа жанрларында да кездесуі мүмкін.Бірақ ол өте сирек кездеседі және басқаларына тән қасиет,ерекшелік емес.В.Г.Белинский лириканы өте жоғары санайды. «Поэзияның жаны-лирика»,-деп бағалайды.Егер эпостық жанрда жазылған шығармаларда зат,өмір құбылысы объективтік дәрежеде суреттелсе,оған автор өзінің қарым-қатынасын көрсетпеуге тырысса,лирикада керісінше субъект,яғни автордың жан толқыны,дүниетануымен мидай араласып кетеді.Біз бұл лирикалық суреттемелерден заттың не құбылыстың картинасын көріп қоймаймыз,оны жан дүниемізбен сезінеміз.Ақынның көңіл-күйі,жан сезімі,ол құбылысқа қалай қарайтындығы көзде емес,көңілде болады.Өзі алған әсерімен бізді де әсерлендіреді.Мысал үшін А.С.Пугшкиннің «Деревня»деген өлеңін алалық.

Автор деревняның тыныштық өмірін суреттеу үшін сол өмірді көрумен байланысты өлеңін өз көңілінің күйініш-сүйінішін суретттеуден бастайды:

Бейбіт жер,құттықтауға келдім сені,

Тыныштық,еңбек,шаттық шын мекені.

Уайымсыз ең бақыттың арасында,

Күндерім көзге ілікпей сенде өтеді!

Мен сендік-қараңғы бақ,жаным сүйген,

Жұпар гүл,салқын лебіз бетке тиген.

Мазасыз тар қапастан босап мұнда,

Үйренем нағыз өмір шындығында,

Табуда таза қанибет,рақатты.

Еркімнен өз бетімше заң құруға.

Дворян қоғамының «күнде той,күнде жиын»думанды өмірінен әбден жалығып бар өмірі еңбекпен өтіп жатқан шаруалар ортасына,орыс деревнясына келген ақынды екі түрлі сезім билейді.Орыс деревнясының әдемі суреті,еңбекке бөленген тыныш өмір,тамылжыған тоғай,иісі аңқыған гүл,таза ауа-бәрі әдемі,бәрі ақынның ойын тербетіп,көңілін сергітеді.Мещандық қаланың қапырық ауасы мезі еткен ақын кеуде керіп дем алады.Деревня картинасын көріп,жаны рақат табады.Бар бақыт деревняда тәрізді әсерленеді.

Бірақ бұл тек алғашқы көргендегі ұшқыр қиялдың сезінуі ғана,деревняның өмірімен тереңірек таныса келгенде,ақынға басқа сезім,басқаша түсінік пайда болады.

Алайда тау мен гүлге оранып

Тұрса да,жаны ашыған көреді анық

Айнала надандықтың масқарасы-

Деген ой жан қинайды мазаны алып.

Деревнядағы әр алуан құлшылық ауыр халдерді суреттей келіп,ақын өлеңінің аяғын мына тәрізді арман-тілекпен бітіреді:

Дариға,дауысым жүрек тербете алып,

Жеткізсе,кеудемде от тұр неге жанып!?-дейді.

Осы тәрізді суреттеп отырған өмір құбылысына әрі көзқарасын көрсететін,әрі өз басының күйініш-сүйінішін білдіретін өлеңдердің бәрі де лирикалық жанрға жатады.

Драма(грекше-drama-қимыл)-көркем әдебиеттің үшінші тегі.Біз жоғарыда драмалық жанрдан өзіне тән ерекшелігіне қысқаша тоқталып өттік.сондықтан бұл жерде оның кейбір сахналық ерекшеліктерін ғана сөз етпекпіз.

Драмалық жанрға жататын шығармалар диалог түрінде жазылады.Автор қатысушылардың сөздерін бұлжытпай,төл сөз күйінде береді.Және артист қалай айтуы керек,әр жағдайда қимыл,құбылыс қандай болуы керектігін көрсетеді.Қатысушылардың сахнада айтатын сөздері реплика делінеді де,ал артистердің бет-құбылыс,қимыл,қозғалыстары қандай болуы керектігіне берілетін сілтеулерді авторлық ремарка деп атайды.

Драмалық шығармалар актілерге не оқиғаларға бөлінеді.Бұл актілерге бөлінушілік сахна жағдайының керек етуінен шығады.Актілерге бөлудің кейде оқиғаны дамытуға да керектігі бар.Өйткені сол актыга бөлу арқылы оқиғаны уақыт жағынан кідіртуге болады.Актілердің араларында болатын үзілістер немесе антракт ойын көрушілерге демалыс беру үшін керек.

Кейде декорация жиі ауысып отырады.Пьесаның бұл қысқарақ бөлімін көрініс деп атайды.Әр акт құбылыстарға бөлінеді.Әуелгі қатысушылардың тобы өзгермей тұрғандағы пьесаның бір бөлшегін құбылыс деп атайды.

Егер біреу келсе,бір құбылыс болады да,біреу кетсе,басқа құбылыс деп атайды.

Бұл құбылысқа бөлушілік театр ойынының өзгешеліктерімен,актерлер мезгілінде кіріп,мезгілінде шығып отыруын бақылау қажеттігімен байланысты.

Драмалық шығармаларды сахнаға қойғанда,әдебиет тексі,декорация,актерлердің ойыны-үшеуінің басын қосады.Сондықтан да бұл-қиыннан қиысатын нәрсе.

Драмалық шығармалар сахнаға шыққаннан кейін сөз арқылы жасалатын образдарды қолданушы сөз искуствосы ғана емес,сонымен қатар жанды қимы,ым,адамды тартатын тағы басқа нәрселерді де пайдаланатын театрлық искуство боп шығады.Осылардың арқасында театрлық искуство көруші жұршылыққа тәрбие беру ісінде мәні зор.

Әдебиет тектері-эпос,лирика және драма туралы сөз қозғағанда,айта кететін бір нәрсе,бұлардың бір-бірінен өзгешеліктерін мәңгілік және бір-біріне ауыспайды деп ұқпау керек.Эпос,лирика драмаларды тарихи дамуы жағынан алып қарасақ,бұлар бір-бірімен тығыз байланысты.Алғашқы қоғамда жеке эпос та,лирика да,драмалар да болған емес,барлығы бір нәрсе болды.Кейінірек өзара бөлінді.Бірақ олардың байланысы,күні бүгінге дейін мүлде жойылған жоқ.

Эпостық шығармаларда оқиғаны лирикамен суреттитін кезеңдер де болады,мысалы, «Қобыланды»негізінде эпостық поэма,бірақ оның лирикалық жері де бар.Лирикамен жазылған шығармаларда оқиғаны баяндап кететін жерлері де аз кездеседі.Эпостық шығармаларды,сахнаға арнап жазылмаса да,оның құрылыстарына қарағанда,драмалық шығармаларға өте жақын болуы,оларды театр ойынына падалануға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар әдебиетті эпос,лирика,драма деп үш текке немесе жанрға бөле тұрсақ та,бұл үзілді-кесілді бөліну есемтігін естен шығармау керек.Бірақ бұлардың өзара байланыстары,олардың араларында болатын айырмашылықтарын жоймайды.Сонымен қатар эпостық,лирикалық,драмалық шы.армалардың әрқайсысының өз алдына бірнеше түрлері бар екенін көреміз.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Автор
Дата добавления 01.06.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров1357
Номер материала 552188
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх