Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Әдебиеттік оқыту пәні "Гүлдер"

Әдебиеттік оқыту пәні "Гүлдер"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов






БҚО облысы, Теректі ауданы Подстепный №1 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі А.С.Уразова

1Сабақтың тақырыбы: «Гүлдер» Тұманбай Молдағалиев
Сабақтың мақсаты: «Гүлдер» өлеңімен таныса отырып, мазмұнының негізгі идеясын ашу. Тұманбай Молдағалиев жайында мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
1. Табиғаттағы гүлдердің әсемдігі, сұлулығы, қажеттілігін түсіндіру.
2. Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, оқушылардың ой - өрісін дүние танымын кеңейту, тіл байлығын арттырып, сөздік қорын молайту.
3. Елін, жерін сүюге тәрбиелеп, табиғаттың қажеттігін сезіну. Топта бірлесіп жұмыс істеуге үйрету.
Көрнекі құралдар: Т. Молдағалиев суреті, үлестірмелі карточкалар, бейнеролик, слайд.
Стратегиялар: Ой қозғау, топтастыру, кубизм, екі түрлі түсіндірме, бағалау,
бақылау,

Сабақтың өту барысы.
I. Қызығушылықты ояту сатысы.
Слайд. (Табиғаттың әсем бейнесі)
Ой қозғау.
- Табиғат сөзін естігенде көз алдарыңызға не елестейді?
2. Мағынаны тану сатысы.

(Эстетикалық тәрбие беру)
- Гүл - әдемілік өлшемінің шыңы. «Гүл — табиғаттың көркі» Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі. Мерекелерде, туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау - үлкен құрметтің белгісі.
Бейнеролик.
Табиғат көрінісі мен гүлдер бейнеленген бейне фильмге назар аударайық.
Өлеңі - ақыл, сөзі - ән
Тұманбай біздің ағамыз

Бүгін біз Тұманбай ағамыздың «Гүлдер» атты өлеңімен танысамыз.
Өлеңді жазатын адамды кім дейміз?

(слайд)

Тұманбай Молдағалиев — ақын,

Қазақстанның Халық жазушысы.

20. 03. 35ж Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, “Жарсу” ауылында дүниеге келді.

1970 - 1973 жылдар аралығында “Балдырған” журналының жауапты хатшысы болды.

. Тұманбай Молдағалиевтың өлең, поэмалары 40 - тан астам жинақ болып басылып шықты.

3. 
Оқулықпен жұмыс.

4. Дәптермен жұмыс.
5. Өлеңді сатылай кешенді талдау.
6.«Гүлдер» топтастыру.

«Гүлдер» өлеңін мәнерлеп оқу.
Балалар енді өлеңнен не түсіндік соны байқайық.
Ол үшін әрқайсымыз

  • алдымызда жатқан қағазды екіге бөлеміз.

Өлеңде гүлге қатысты сөздерді жаз 

Қызыл,көк,тербеледі, жайқалады,өседі,сыйлайды 

Өлеңде гүлге қатысты емес сөздерді жаз.

Өрт,от сәби

4. Өлеңнен қайталанған сөздерді тауып, қайталау есебіне мән беріңдер
1-шумақ. Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер
2-шумақ. Гүлдер, гүлдер не түрлі


3-шумақ. Гүлдер, гүлдер, шоқ гүлдер,
Тұра берші, тұра берші,
Ұнайды, ұнайды.

Қайталау- сөз әсерін күшейту. Ақын оқырман назарын айрықша аудару үшін бірнеше мәрте қайталау әдісін қолданады

5) Өлең құрастыру   (слайд)
-- -- гүлдер,
-- -- гүлдер. І топ 
-- -- балаға
-- -- далаға ІІ топ 
- -- біреуін
- - анама ІІІ топ

6)  Гүл туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз
1. Гүл қайда болса, көбелек сонда.
2. Қыз өссе-елдің көркі,
Гүл өссе-жердің көркі.
3. Әр гүлдің исі басқа,
Әр жердің жынысы басқа.
4. Бір гүл толып ашылады,
Бір гүл солып ашылады.
5. Гүл ашылмай бұлбұл сайрамас.
6. Гүлді гүл деме егер сабағы болмаса.

- Балалар, демек гүл - өмірдің сәні екен.
7) Сауалнама
(Танымдық қызығушылығын арттыру)
- Әркімнің талғамына байланысты сүйікті гүлдері болады. Гүлдің қандай түсті болғанын қалайсыз?(слайд)
Қызыл — белсенділік пен өмірлік күш қуаттың белгісі.

Қызғылт — жалынның түсі, негізінен ол адамдар ыстық қанды келеді. Сары - жылу мен жарықтың түсі. Бұл адамдар көпшіл, достыққа берік, еркіндікке талпынғыш.
Қызғылт сары — нәзік жанды ұяң жандардың түсі.
Ақ — шаттықтың түсі.
Көк — адамдар арасындағы жақсы қарым - қатынасты ең жоғары бағалайтын адамдар.

- Балалар, көктем мезгілінде болатын қандай өзгерістерді білесіңдер?
- Күн жылынады, ағаштар бүршік жарады, жер көгереді, шөптер шығады.
- Балалар, сендер қолдарыңдағы гүлдерді менің қолымдағы керемет құмыраға салып, жылы тілектеріңді айтсаңдар...
Анамыз аман болсын!
- Деніміз сау болсын!
- Аспанымыз ашық болсын!
- Әрқашан күн сөнбесін!
- Көңілді бала болайық!
- Бәріміз дос болайық!
- Апайдың айтқанын тыңдаймыз!
- Тәртіпті бала болайық!
- Бақытты баламыз!

Тақтаға бояған гүлдерін орналастырады, әсемгүлдер жайнаған далаға айналады.
8 ) (Ой қорыту)
- Гүлдің пайдасы қандай?
1. Қыздарды гүлге теңеген,

2. Гүлдерді кептіріп, дәрінің құрамына қосады.
3. Гүл - өсімдіктің көбею мүшесі.

1-ші Ақын өлеңінде не туралы жырланған? /гүл/ Гүлді суреттеп бер.

2-ші Гүлдердің адамдарға тигізер пайдасын дәлелде.

3-ші От пен гүлді салыстыр.

Қорытындылау
Біз туған қаламыз да, ауылымызды да,ауламызды да көгалдандырылып, абаттандырымыз керек..
Сендердің де өмірлерің гүлдей жайнап құлпыра берсін!
Сау болыңыздар!


 

Тұманбай Молдағалиевтің «Құстар қайтып барады» әнін хормен шырқау.
9) . Бағалау.
10) Үйге тапсырма. Өлеңді жаттау.







 




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-571769
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>