Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Әдебиеттік оқу Б.Майлин "Күлпаш"

Әдебиеттік оқу Б.Майлин "Күлпаш"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m18c28162.gif

«Жансүгіров атындағы орта мектебі»КММ







Дамыта оқыту технологиясы бойынша

әдебиет пәнінен өткізілген ашық сабақ


Тақырыбы:









Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі

Данабекова Г.Б.




Үржар

2015 – 2016 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы: Б.Майлин. Күлпаш

Сабақтың мақсаты: Б.Майлин туралы түсінік беру, «Күлпаш» әңгімесін талдап, шығарманың идеясын ашу.

Сабақтың міндеттері:

  1. Оқыған әңгіме туралы өз пікірін, ойын айтып, оны дәлелдеуге, эмоционалдық қарым-қатынасын көрсете білуге үйрету. 

  2. Оқу және оқырмандық дағдыларын қалыптастыру. 

  3. Өткен өмірді, тарихты білу, елінің азаматтарын қадірлеуге, оларды құрметтеуге, еліне, жеріне, халқына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту технологиясы, сұрақ – жауап, талдау, топпен жұмыс, әңгімелеу, ой толғаныс.

Сабақтың түрі: дәстүрлі, жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақты, слайд, Б.Майлин портреті, жазба қағаздар.

Сабақтың барысы:

Психалогиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


1. Ұйымдастыру кезеңі

а) топқа бөлу

І. Қызығушылықты ояту

«Бұл кім? Ол не?» ойыны

Суреттер: Бөгенбай батыр, Абылай хан, Бұқар жырау,Қабанбай батыр,Ағыбай батыр,Амангелді батыр


2. Үй тапсырмасын тексеру.

З.Шашкиннің «Азаттық жолында»

1 – 2 оқушыдан мазмұнын сұрау.

Үй тапсырмасын “Бәйге”ойыны арқылы пысықтау. Қай топ көп ұпай жинайды . (слайд)

Сұрақтар:

  1. Тоқаш Бокин не үшін күрескен адам? (60)

  2. Түрмеде оған қандай айып тағылды? (50)

  3. Тоқашқа жолығуға кім келді? (10)

  4. Мәтіннен Тоқаштың анасына айтқан сөзін тауып оқы? (20)

  5. Айыптаудың қорытындысы не болды? (40)

  6. Тоқашты кіммен тығыз байланыста болды деді? (30)

  7. Түрмеге анасымен бірге кім келді? (10)

  8. Тоқаш айыптау қорытындысымен неше күннен кейін танысты? (30)

  9. Зарлы дауыс кімнің даусы? (20)

ІІ. Мағынаны тану

-«Кедей» деген сөзді қалай түсінесің?(ассоциация құру)

-Балалар,осы бөлімде біз қазақ халқы осы күнге дейін қаншама қиындықты басынан өткізгені жайлы айтып өттік.80 жыл бұрын қазақтың,тіпті адамзат тарихында бұрын-соңды естіп ,білмеген қасіретке толы ,қайғылы жылдар басынан өтті.
Қазақ шаруаларын күштеп ұжымдастырудың барысында өкімет халықтың күн көрісінің жалғыз ғана жолы қолындағы малын зорлық пен жинап алып, қоғамдық мемлекеттік меншікке айналдырады. Сөйтіп негізгі кәсібі мал шаруашылығы болған қазақ шаруалары төрт – түлік малдан түгел жұрдай болып, ашыға бастады.

1930 – 1932 жылдары Қазақстан халқының саны 6 миллионнан асқан болса, соның 2 миллионнан астамы аштықтан қырылды.

  1. Жаңа сабақ

а) Кіріспе әңгіме.

-Балалар, бүгін біз алаштың әйгілі жазушысы Б.Майлиннің аштықты негізге ала жазған«Күлпаш» атты әңгімесін оқимыз. Алдымен автормен танысып алайық.








1. Б.Майлин туралы әңгімелеу.

1894-1958 жылы қазіргі Қостанай облысы Тобылды ауданында дүниеге келген. Ол бір жасқа толмай жатып әкесінен 6 жасқа шығарды анасынан айырылған. Жетімдік зардабын шегіп байларға жалданады. Алғаш ауыл молдасынан сауат ашқан. Медреселерде қазақ – орысша мектептерден білім алған. 1916-1919 жылдары мұғалім болған, жазушылықпен шұғылданған. 1938 жылы жазықсыз тұтқындалып қызыл қырғын саяси репрессияның құрбаны болған.

-Ашаршылық –дегенді қалай түсінесіңдер?

Дұрыс айтасыңдар, балалар ашаршылық деген жоқшылық, сол замандағы адамдардың күн көріс деңгейлерінің өте төмен болуы. Өлместің күнің кешуі.

ә) Оқулықпен жұмыс.

  • Жақсы енді сендер мәтіннің қалай өрбитінін білгілерің келеді ме? Олай болса оқулығымызды ашып, мәтінді толық оқимыз.

Оқу барысында сендерге мынадай тапсырмалар жүктеледі.

1. -Егер оқу барысында мағынасы түсініксіз сөздер кездескен болса, сол сөздердің астын түртіп отырамыз.(түртіп алу стратегиясы)


2. Сөздік жұмыс (слайд)

Өрім – өрім – тозған, жыртылған

Бөкебай – басқа жамылатын шәлі

Ызғырық – суық жел

Өлмелі кедей – өте кедей


б) Сергіту сәті (видео сергіту)


  1. Ой толғау.

Топпен жұмыс (әр топ бір біріне сұрақ қояды)

  • Мәтін кейіпкерлері кім?

  • Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге асыға күтеді?

  • «Бәрі де шықпа, жаным, шықпа» деп отырған секілді дегенді қалай түсінесің?

  • Мақтым мен Күлпаш неге жылады?

  • Олардың тұрмыс жағдайы саған қалай әсер етті?

  • Ел басынан өткен бұл әңгімедегі оқиға қай кезеңде болған?

  1. Оқулықтағы суретпен жұмыс

- Суретте ел басынан өткен қай кезең бейнеленген деп ойлайсың?

- Мәтіндегі қарамен ерекшеленген сөздерді пайдаланып, сурет бойынша әңгіме құру.

ІІІ. Ой толғаныс.

6. Постер қорғау

Топпен жұмыс

3 топқа тапсырма беріледі. Топ мүшелері ақылдаса отырып, тапсырманы орындайды.

1-топ.

Қали мен қазіргі заман баласы

2 -топ.

Мықтымның отбасын асырауы.Сенің әкеңнің отбасын асырауы.

3 -топ

Күлпаштың отбасы мен біздің заманымыздың отбасы.


  1. «Галереяға саяхат» әр топ салған суреттерін қорғайды.


8.Қорытынды

-Қазіргі кезде кедейлер,жетімдер бар ма?

-Ендеше мына видеоға көңіл бөлейік («Жетімдер» кинофильмінен үзінді)

-Фильм кейіпкері мен шығарма кейіпкерінің тағдыры ұқсас па?Несімен? Жалпы жетімдіктің себебі неде?Аштық, кедейлік болмас үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

  1. Үйге тапсырма

1.Мәнерлеп оқу.

2.Қазақ халқының аштыққа душар болуының себебі неде?Үлкендерден сұрап біліп кел.


  1. Бағалау


Автор
Дата добавления 31.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров115
Номер материала ДВ-396748
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх