Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ "Дүниеде жамандық неден"

ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ "Дүниеде жамандық неден"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабактың тақырыбы: Ы. Алтынсарин

Дүниеде жамандық неден?

Сабақтың мақсаты: Ы. Алтынсариннің шығармасының маңызын түсіне білуге

Сабақтың міндеттері: 1)Ыбырай Алтынсарин туралы білімдері толығады, шығармаларымен танысады.

2) Жақсылық пен жамандықты ажырата отырып ой-өрістері кеңейеді

3) Оқушылардың сөздік қоры молаяды, өз ойларын толық жеткізе білуге үйренеді.

Көрнектілігі: АКТ, АЗ-форматты қағаз, маркер, А4-форматты қағаз, стикерлер.

Сабақтың әдіс-тәсілі: СТО, ізгілендіру, бағытталған сұрақтар,Жигсо,аялдама

Пән-аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, бейнелеу, еңбек.



Сабақтың түрі:Жаңа білімді меңгерту

Бағалау критерийі

  1. Мәттіннің мазмұнын талдайды.

  2. Кейіпкерлердің айтқан сөздеріне баға береді.

  3. Тапсырмаларды орындауда белсенділік танытады (мақал – мәтел, сурет салу.

  4. Сұрақтарға жауап береді



Күтілетін нәтиже:

  1. Кейіпкерлердің айтқан сөздеріне баға бере біледі.

  2. Мәтіннің мазмұнын ашады.

  3. Тапсырмаларды тиянақты орындайды.



Сабақ барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Мозайка

Оқушыларды орындарынан тұрғызып, қима суреттерді қолдарына ұстату. Сол суреттер арқылы топқа бөлінеді. 4топқа бөліну.

1-ші топ - қарға

2-ші топ - кептер

3-ші топ - жылан

4-ші топ – бұғы.(суреттер арқылы топтастырылады).

Әр топтың алдына ержүрек, қанағатшылдық, көпшіл, татулық, деген сөздер беру, ой шақыру сұрақтары арқылы жетелеймін.

Осы сөздер сендердің ойларыңа не салды, осы сөздерді естігенде қандай ой келеді?

1 минут талқыға саламыз. Топ болып бірлесіп жұмыс атқарады. Біреуі қорғайды. Әр топ өздеріне түскен сөздерді қорғап, түсіндіріп береді.Осы айтылған қасиеттер жануарларда,құстарда, жәндіктерде кездеседі ме?

Сұраққа балалар жауап береді.



Мынау менің жүрегім

Бәрі содан басталған

Мынау менің басым

Барлық істі басқарған

Мынау менің оң қолым

Мынау менің сол қолым

Бірігіп жұмыс атқарған

Ендеше балалар бүгінгі сабақта бірігіп жұмыс істеуге, жұмылып жұмыс атқаруға жақсы қасиеттерімізді көрсетуге тырысайық

  1. Жаңа сабақ. Мағынаны тану.

  2. 1-тапсырма. Балаларға мәтінді таратып беру. Жигсо әдісін пайдалану арқылы 4 топқа бөлінеді.

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ТУРАЛЫ

Бөліктерге бөліп мазмұнын айтып шығады.

2 – тапсырма. Бағытталған сұрақтар

  • Ақжүрек шал жатқан ағаштың түбіне қандай аң – құстар жиналды?

  • Олар қандай сұраққа жауап іздеді?

  • Қарғаның, көк кептердің, жыланның, бұғының айтуынша жамандық неден болады дейді?.

  • Осы айтылғандардың қайсысы дұрыс деп ойлайсың?

  • Автор өзінің айтайын деген қорытынды ойын кімнің сөзі арқылы береді?

  • Егер осылардың орнында тасбақа, түлкі, балық, қоян, ара болса олар жамандық неден деп ойлар еді?

  • Өзің қалай ойлар едің? Оқушылар сұрақтарға жауап береді.



3 – тапсырма кестені толтыру.

Адам ой – әрекетінің екі түрін мына кестеге сүйеніп жазып шық.

Жақсылық

жамандық







4 – тапсырма.

  1. Енді балалар бәріміз өзіміздің бойымызда қандай жаман қасиетіміз бар. Соны жазып шығайық. Сол жаман қасиетті жеңуге қандай әрекет жасауға болады. Соны да жазып шығайық. Стикер тарату. Осы ұнамаған қасиеттерімізді мына кәрзеңкеге апарып салайық. Қоқысқа тастаймыз. Өзіміздің жаман қасиетімізден арылып, тек жақсы қасиет қалуына ат салысайық.

ә) Келесі стикерге оқушылар өздері бір - бірінің жақсы қасиеттерін жазып шығады. Тақтаға ілінеді

5 – тапсырма. Аялдама әдісі.

1-ші топқа: Жамандық, жақсылық тур. Мақал – мәтел.

2-ші топқа: Жамандық неден болады! Суреттер салу

3-ші топқа: Эссе жазу

4-ші топқа: Бір шумақ өлең шығарады



Жасаған жұмыстарын көріп, оқып шығу.

Қорытынды

Сонымен балалар

Жақсы болу – өзіңнен

Жаман болу – өзіңнен

Өзіңді өзің ая да,

Жақсылық көрсең біреуден

Мен қандаймын? Деп ойла.

Өзіңді өзің қолыңа ал,

Өзіңсің ақыл айнасы.

  • Жақсылық жасау үшін адам бойында адамгершілік, жанашырлық, мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі болуы керек. Сонда ол жаман әдеттен жиреніп, жақсы әдетке үйренеді. Қолынан келгенше ешкімге де, ешнәрсені де бөліп жармай, бәріне бірдей жақсылық жасауға ұмтылады.Бізде сондай болуға тиіспіз. Әлемдегі барлық адамдар тек қана жақсылық туралы ойлап, жақсылық жасауға ұмтылатын болса, онда әлемде тыныштық, ынтымақ орнайды, адамдар бақытты өмір сүреді.



Үйге тапсырма. Жақсылық пен жамандыққа ертегі құрап келу.

Шығармашылығын шыңдау.

Бағалау: Топ басшысы бағалау критерийі бойынша бағалайды.

Аты-жөні:

Мәтіннің мазмұнын талдайды.

5ұпай

Сұрақтарға жауап береді

5ұпай

Тапсырмаларды орындауда белсенділік танытады.

5ұпай

Эссе жазады.

5ұпай

Сурет салады.

5ұпай

Бір шумақ өлең шығарады

5ұпай




































25 -30 «5»

20-25 «4»

15-20 «3»



Кері байланыс!

  1. Бүгінгі сабақтан үйренгенім

  2. Маған бүгінгі сабақта не ұнады?

Себебі:

  1. Ұсыныс, пікір, сұрақ.

Кері байланыс парағын жинап алу

Сабақтан соңғы ой толғаныс.









































































Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 12.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров169
Номер материала ДВ-330144
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх