Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Әдебиеттік оқу "Еңбекпен тапқан тиын" (грузин ертігісі) 3 класс

Әдебиеттік оқу "Еңбекпен тапқан тиын" (грузин ертігісі) 3 класс


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектеп





Ашық сабақ

Тақырыбы:Еңбекпен тапқан тиын

(грузин ертегісі)

Өткізген:Ж.С.Сержанова

3 «г» класс




hello_html_5773b7ef.jpg

Ақтөбе 2013-2014 оқу жылы




Әдебиеттік оқу 3-сынып 1.03.14 жыл

Сабақтың тақырыбы: Еңбекпен тапқан тиын (Грузин ертегісі)

Сабақтың мақсаты: Әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдану арқылы жаңа сабақты

меңгерту

Сабақтың міндеті:

Білімділік:Ертегіні түсіндіру, қарт жалқау баласын еңбек етуге

тәрбиелегенін оқушыға жеткізу .Өз бетімен ізденуге үйрету.

Дамытушылық: Тілін дамыту мәнерлеп оқу дағдысын жетелдіру

дүниеге танымын кеңейту.

Тәрбиелік: еңбек етуге баулу ,ата-анасын қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,СТО технологияның стратегиялары

(Венн диаграммасы жуан,жіңішке сұрақтар)

Көрнекілігі: Грузия халқының тарихы, мақал-мәтел,тірек сызбалар,слайд,ертегі

мазмұны туралы сурет.

Сабақтың барысы

I Ұйымдастыру:

а) оқушылармен амандасу,

ә) оқушыларды түгелдеу.

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) бағалау кестесі ілінінеді,түсіндіріледі,текше таратылады

II Қызығушылығын ояту:

Психологиялық дайындық

Балалар бүгін бізде қонақтар бар екен,соған қарағанда бүгінгі сабағымызда күндегіден ерекше болмақ іштеріңнен «мен жақсы адаммын,мен әйбәтпін»деп бірнеше рет қайталаңдар.Бір-бірімізге күлімсірей қарап,сәттілік тілеп сабағымызды бастайық.

-Балалар біз өткен сабақта қандай шығармамен таныстық ?

IV . Үй тапсырмасын пысықтау

-Ж.Жұмаханов «Ер еңбекте сыналады»!

Ж.Жұмаханов туралы не білесіңдер.(мағлұмат айту)

Жекен Жұмаханов - 1913 жылы 5 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданыҚарауыл ауылында туған.

Семейдегі педагогикалық техникумды бітірген. 1935 жылы Алматыда жаңадан ашылған Қазақ коммунистік журналистер институтына түсіп, айрықша дипломмен бітірген. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің редакциясында ұзақ жылдар меншікті тілші, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған.

1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. Кеңес Одағының Батырлары Ә.МолдағүлованыМ.Мәметованы, Ленин орденді атақты мерген Ы.Сүлейменовті, «Даңқ» орденінің үш дәрежесінің иегері Бексұлтан Рахметовты көзімен көріп, тілдескен. Солар жайында әңгімелер жазған.

Ж.Жұмаханов 1978 жылы дүниеден өтті.

Жіңішке сұрақтар:

Мәтін неліктен «Ер еңбекте сыналады» деп аталған ?


Жуан сұрақтар:

Екі машинаның ұқсастығы ?

hello_html_m31abef8f.gif




Кран машинасының қандай жұмыс атқарады ?

Жұмысты қалай істейді ?

Жүк машинасы қандай жұмыс атқарады ?

Жұмысты қалай істейді ?


V. Ой ашар

Машина мен кран салыстыру арқылы адамдардың ұқсастығын ажырату

Осыған байланысты қандай жақсы қандай жаман әдеттер бар . Ондай адамдар өмірде кездесе ме ? (кестеге жазу)


Жақсы әдет

Жаман әдет





Жақсы әдет:

амандасу,инабатты,ұқыпты,тәртіпті,әдепті,шыншыл,жомарт.

Жаман әдет:

Надандық,әдепсіздік,тіл алмаушылық,өтірікші,мақтаншақ,еріншек.

Ендеше бүгінгі біздің сабағымыз еңбекпен байланысты екен.

Осыған байланысты еңбек жайлы қандай мақал-мәтел білеміз?

  • Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

  • Еңбектің-наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

  • Ердің атын еңбек шығарады.

  • Бақыт кілті еңбекте.


-Бүгінгі өтетініміз қандай тақырып ?

-Еңбекпен тапқан тиын.

Қане бәріміз дәптерлеріңе күн жадысын ,тақырыпты жазайық.

Жазып болсақ ,бәріміз қаламсапты қойып,бері қараймыз.

- Бұл ертегі біздің туысқан грузин халқының ертегісі.


Грузин халқы туралы мәлімет.

Грузин халқы туралы қысқаша мәлімет айта кетейін. Грузия 1991 жылы тәуелсіздігін алған,бұрынғы совет одағының құрамындағы ел.Жері 70 мың шаршы км.Халқы 6 млн. Яғни біздің Қазақстан халқынан 2,5 есеге аз.Астанасы-Тбилиси.Ұлттық ақшасы-лири.( суреттермен көрсетіледі)

Мағынаны ашу:

  1. «Еңбекпен тапқан тиын» ертегісін түсіндіру.

  2. -Оқулықпен жұмыс.(тізбектей оқу.)

  3. Сөздік жұмыс.(дәптерге жазу. )

тірнектеп жиған-еңбектеніп жиғаны

барды ұқсату-қолдағыны жұмсай білу

ымырт жабылған-кеш болған кез

бұлжытпай-дәл солай орындау

қулық-алдау

  1. Сергіту сәті

Еңбекті сүй, құрметте,

Керек болар еңбек те,

Еңбек етсең емерсің,

Жақын болшы еңбекке

  1. Рольге бөліп оқыту.

  2. Болжау.әрі қарай не болады деп ойлайсыңдар.(ертегіні аяқтау)


IV. Ой толғау

  • Әкесін бір сөзбен суретте;

  • Баласын бір сөзбен суретте;

  • Анасы қандай әрекетке барды;

  • Анасы мен баласы әкесін алдай алды ма;

  • Анасының баласына айтқан ақылы;

  • Баласының еңбекке араласуы;

  • Әкесінің көзінің жетуі;


V. Үйге:234-235бет оқу,мазмұн айту,сахналау.


VI .Бағалау: өзін- өзі бағалау .



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 24.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров268
Номер материала ДВ-482417
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх