Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Әдебиеттік оқу "Әке тәлімі" 4сынып

Әдебиеттік оқу "Әке тәлімі" 4сынып


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Әдебиеттік оқу

Уақыты:13.09.16ж.

Сынып: 4 «б»

Мұғалім: Дәулетова Г.

Сабақтың атауы

Әке тәлімі А.Аманжолов

Сілтеме

Әдебиет оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Автор суреттері, нақыл сөздер, әңгіменің желісімен салынған сюжетті сурет, кемпірқосақтың суреті, кемпірқосақтың суреті (әр топтың алдына жеке-жеке), түрлі түсті мойынорағыштар (кемпірқосақ түстес жұмсақ маталар), интерактивті тақта.

Жалпы мақсаттар

1. Әке тәлімі өмірлік тәжірибесі мен теорияны ұштастыра білу қолайсыз жағдайдың, қателіктің алдын алуға, болдырмауға жол аша білетін тәрбиенің бірден-бір көзі екенін ұғына отырып, әңгіменің негізін түсіне білуге жол ашу.

2. Сыни тұрғыда ойлау қабілеттерінің дамуына жағдай туғызу. (Қорытынды жасау, салыстыру, толықтыру, негізгі ойды түйіндеу, сипаттап алған білімін жаңа жағдайларда пайдалана білу қабілеттерінің дамуы.)

3. Еңбексүйгіштікке, өмірдің әртүрлі жағдайларына дұрыс көзқараспен қарауға, үлкендерді сыйлау, құрметтеу керектігін түсінуіне мүмкіндік беру.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Бүгінгі сабақты бірден жаңа сабақтан бастап кету. Таспадан Ж.Жабаевтың «Аттандыру» өлеңін тыңдаудан бастау.



Оқушылар мұғаліммен қосылып өлеңді оқиды

Қызығушылықты ояту


Белгілі бір жағдайға баға беріп, дұрыс шешімін табуға көмек беру үшін, оны сырттай бақылап және ол жағдайды жан-жақты, әртүрлі бағытта байқау керек. Ол жағдайды қарастырудың қанша жағын тапсаң, оны соншалықты жақынырақ танып, өзің үшін соншалықты көбірек мәлімет алуға жағдай туғызасың, дұрыс шешімін табуға мүкіндік аласың.

Қазір біз осындай оқиғны қарастырамыз. Және бізге дұрыс шешімін табу үшін алдымыздағы кемпірқосақ көмектеседі. Ал сендер кемпірқосақ қай кезде шығатынын білесіңдер ме?

Қажет дерек

«Кемпірқосақ ұдайы жаңбыр жауған жақтан көрінеді. Яғни, жаңбыр жауған кезде ауаны мың сан су түйіршіктері кернеп алады. Ал әрбір су түйіршігі бір-бір кішкене призмаға ұқсас. Мұндай призмалар шексіз көп болғандықтан, кемпірқосақ та аспанның жартысын орай көрінеді».

Ал кемпірқосақтың қанша түсі бар екенін және сол түстердің қандай ретпен келетінін білесің бе?

7 түрлі түсі бар. «Ал түстерінің ретін ұмытпас үшін мына сөзді жаттап ал: «Қасқырдың құлағы сақ, жапалақтың көзі көргіш келеді». Осы сөйлемдегі әрбір сөздің бас әрпі кемпірқосақтағы бояу түсінің бас әрпімен бірдей».

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Мәтінді оқымас бұрын автор жайында қысқаша мәлімет беріп өту. Тақырыбына «Болжау» стратегиясы бойынша талдау жасау.

Қалай ойлайсыңдар, әңгіме не туралы болуы мүмкін? Олай ойлауыңа не себеп болып тұр? Нені негізге алып отырсың?

Мәтінді «Түртіп алу» стратегиясы бойынша оқушыларға тізбектеп оқыту.

Сөздік жұмысын жүргізу.

Қалай ойлайсыңдар, әңгіменің негізгі ойы неде№ Бұл әңгімені бізге нені үйренесін, қандай тәлім-тәрбие алсын деп берген екен?

Жаңа ұғымдарды, зжаңа әрекеттерді меңгеру кезеңі.

Әңгімедегі болған оқиғаны топта талқылау.

Бұл оқиғаны топта талқыламас бұрын, біз кемпірқосақтың түр, түсін бар мойынорағыштарды тағып алайық. Кемпірқосақтың түрлі түс шапақтары барлық әлемді шарлап, жер әлем жаңарып, тіршілік нәрімен сусындағанда, тазарғанда шығады. (Әр топқа өз қалауы бойынша түстер таратып беру.)

1-топ.Кемпірқосақтың бірінші түсі қызыл, ендеше қызыл түс мойынорағышты тағалық. Қызыл түс шынайылықтың белгісі болып келген осы түс арқылы оқиғадағы әке мен баланың ішкі жан дүниесіне үңіліп көрелік. Олардың жан дүниесінде не болып жатыр деп ойлайсыңдар?

Бір сәтке өзімізді солардың орнына қойып көрелік. Әкесі баласын немесе бала әкесін қандай деңгейде жақсы көреді екен. Әкесі немесе баласы сезімдерін әңгімеде көрсете білді ме? Олардың Арасындағы ата-аналық міндет, баланың ата-анасы алдындағы борышын өтеу сияқты міндеттер әңгімеде қалай орын алған? әңгіме соңында олар қандай жағдайда болады?

2- топ.Қызғылт-сары түстегі мойынорағыш таққан топ жаңа туған көктемнің, жаңа тіршілік нәрінің белгісі, ендеше әңгімедегі келеңсіз жағдай неге орын алды? Оған себеп болған не? Осыны зерттейді. («Топтастыру стратегиясын пайдалануларына болады.)

3- топ.Сары түс бізге бұл оқиғаның тек жақсы жақтарын қарыстыра болған жайттыңқандай пайдасы болғанын анықтайды.Яғни,тәрбиелеутің де түрлі тұстарын болатынын қарастырады.(«Т кестесін»құруға болады

4- топ.жасыл түсбұлшығармашылық адамдары.Бұл топ бізгебұл жайды суретпен, өлең немесе жазудың түрлі жанрларын пайдалану арқылы көркем шығарманың бір түрін көрсетуі керек.

5-топ.Көгілдір түс—бейбітшіліктің,ынтымақтың белгісі. Ендеше көгілдір түстегі топ осы әңгіменің өзімізге «өмірлік сабақ» болатын жан-жағы мен жақсы жағын атап көрсетуі керек. (Венн дианраммасына салуға болады).

6 – топ.Көк түс таққан топтағы оқушылар бұл оқиғада бала үшін жағымды, және ол үшін ұнамай тұрған нәрсені атап көрсетулері керек.

7 – топ.Күлгін түстегі топ оқушылары автордың рөлін атқарады. Оқушылар Автор ретінде нені жеткізгісі келгенін, нені негізге ала отырып бұл әңгімені жазу себептеріне тоқталады.

Топ пікірлерін тыңдау.

-Өмірде әрбіріміздің басымызда әртүрлі жағдайлар кездесіп жатады. Біз бүгін осындай жағдайлардың біріне сырттан қарап, оған жан-жақты баға беріп, бақылап көрдік. Олар бізді шыдамды болуға, дұрыс шешім қабылдай білуге, өз эмоциямызды сырттай бақылап, өмірлік сабақ алуға көмектеседі. Яғни, сендер үлкендердің ойын, өздеріңе деген қамқорлығын есепке аласыңдар. Тек осылай ғана өзімізге пайдалы жақтарын ала аламыз.

- Қараңдаршы, егерде әр сабағымызда осылай кемпірқосақтың әр шапағынан мойынорағышын тағып тұратын болсақ, біз неге жетер едік?

Кестенің бірінші бағанын толытыру.

Жаңа сабаққа көшу. Мәтінді тізбектей, мәнерлеп оқу арқылы «Түртіп алу» бойынша оқыту. Артынан кестені толтыру, («Білдім»).

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір торып,
Біз бір дем алайық.


Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс


-Біз бүгін өте жақсы жұмыс жасадық. Сендер өздеріңнің көптеген сұрақтарға шешім таба алатын жеке тұлға екендіктеріңді көрсете білдіңдер.

Кемпіқосағымызға рақметімізді айтайық. Алдымызда жатқан беттерді алып, осы суретімізге қарап отырып «Бес жолды өлең» құрастырып көрелік. Зат есім ретінде кемпірқосақ сөзін алып, етістік ретінде пайдаланып сабақпен байланыстырып көрелік.

Бірнеше оқушылардың жұмысын тыңдау.

Сабақты қорытындылау мақсатында сыныппен төмендегідей кестені толтыру.

Мәтін соңындағы сұрақ-тапсырмаларды орындау.

« Тапқыр болсаң тауып көр»
1 - топ
Әке -.........................
Ана -........................
Бала -.......................
( жағасындағы құрақ, бауырындағы бұлақ, асқар тау)
2 - топ
Әдепті бала -...................
Әдепсіз бала -.................
(ата - анасын мақтатар, ата - анасын қақсатар)
3 - топ
Атаңа.....................
Алдыңа....................
( сол келер, не қылсаң )

Үй тапсырмасы

Мәтінді бүгінгі талдаудан кейін тағы қайтара оқуға дайындалу. Қалай ойлайсың, сабақтағы талдағанға дейінгі оқу үйдегі оқудың айырмашылығы бар ма? Бар болса, қандай ой түйдің. Енді өзің осындай жағдайға тап болсаң, шешімін табу үшін қандай талқыға салар едің?

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 




Автор
Дата добавления 22.10.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров161
Номер материала ДБ-282170
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх