Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Әдебиеттік оқу "О туған ел!" М.Мақатаев (4 сынып)

Әдебиеттік оқу "О туған ел!" М.Мақатаев (4 сынып)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні: 23.01.2016 ж.

Сабақ: 2

Сынып: 4 «Ә»

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: О, туған ел! (М.Мақатаев)

Сабақтың мақсаты:

Оқушыны Мұқағали Мақатаевтың «О, туған ел!» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету; өлеңнің өзекті түйінін, ойын ашуға жағдай жасау, Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, постермен жұмыс, топпен жұмыс

Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар, маркерлер, постер

Сабақ барысы:

Психологиялық дайындық: Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. 
Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастайық. 
Қазір бізде әдебиеттік оқу сабағы, сабаққа керекті оқу құралдарын партаның шетіне қойыңдар. 


Топқа бөлу (ереже)

1-топ «Атамекен»

2-топ «Отан»

3-топ «Туған өлке»


Үй тапсырмасын қайталау:

«Ақжайық» әңгімесі бойынша текше тастап түскен сұрақтарға жауап беру

  1. Жайық неліктен ағара берді?

  2. Баласы әкесіне қандай сұрақ қойды?

  3. Баланың ауына балық неге ілікпеді?

  4. Өзен неге Ақжайық деп аталады?

  5. Су туралы мақал айт

  6. Автордың негізгі ойы


Білу:

(Музарттың әні)

  • Тыңдаған ән не туралы? (Туған ел, туған жер)

  • Туған жер деген не? (кластер)

Балалар стикерге жазып іледі

  • Сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

Тақырып: М.Мақатаевтың «О, туған ел!» өлеңі

Бүгінгі сабақтың соңында біз не білуіміз керек?

«О, туған ел!» өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу, автор жайлы білу



Түсіну:

Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқып шығады.

  • Бұл өлеңді кім жазды? (М.Мақатаев)

Автор өмірбаяны

Талдау: 8 мин

- Әр топ 2 шумақтан оқып шығады ОЙЛАН-ЖҰПТАС БӨЛІС

(Әр топтан бір оқушы немесе топ басшысы тұрып мазмұнын айтып шығады)


Қолдану: 15 мин

Постермен жұмыс

  1. Мұқағалиге бесжолды өлең (синквейн)

  2. «Туған жер» тақырыбына эссе (автор орындығы)

  3. «Туған жер» туралы мақал-мәтел жазу


Шығармашылық жұмыс

Сөйлемдерді аяқта.

1-топ: Мен туған жерімді сүйемін, өйткені....

2-топ: Менің туған жерім мен үшін қымбат, өйткені....

3-топ: Менің  отанымдай жер жоқ, себебі...


Жинақтау:

  • Бүгінгі сабақтан алған білгендеріңді, естігендеріңді, көргендеріңді

жинақтайық. Келісемін-Келіспеймін кестесі

Келісемін-келіспеймін кестесі

  1. Туған жерді мақтан тұту керек


  1. Туған жерді ластау керек


  1. Отанымызды қорғау керек


  1. Атамекенді сүю керек


  1. Туған елді қорлау керек


  1. Туған жерді қадірлеу керек



Бағалау:

Бағалау парақшасын тақтаға ілу, талдау.


Үйге тапсырма:

Өлеңді мәнерлеп оқу






Автор
Дата добавления 24.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1070
Номер материала ДВ-372584
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх