Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Әдебиеттік оқу пәні бойынша ғылыми-практикалық зерттеу жұмысы
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 20 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 203 курсов со скидкой 40%

Әдебиеттік оқу пәні бойынша ғылыми-практикалық зерттеу жұмысы

библиотека
материалов

Шығыс Қазақстан облысы,Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы.

«М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ









Авторы: Маратқызы Нұршашқан







Тақырыбы : «Абайдың әншісі - Әлмағамбет »



Секциясы: Әдебиет









Жетекшісі: Каракабакова Рысжан Догалбековна



Ғылыми жетекшісі: Имантаев Бектөлеу Әкішұлы,

Абай аудандық білім бөлімінің әдіскері

























Өскемен қаласы – 2014 жыл



Аннотация



Жұмыстың мақсаты:

Ұлы жазушы М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы ұлы ақын Абайдың әншісі – Әлмағамбет Қапсәләмұлының Абай әндерін орындаудағы ерекшелігін таныту;әншінің ұрпақтары, оның ішінде ән дәстүрін жалғап жүрген ұрпақтары туралы деректер жинау,талантты дарынның бейнесін жан-жақты ашу.

Зерттеудің өзектілігі:

Көнекөз қариялардың айтуы бойынша алынған деректер,Абай заманындағы айтылған әндердің бүгінгі замандағы айтылу ерекшеліктерін салыстыру.

Әнші Әлмағамбеттің өнерін жалғастырушы, үшінші ұрпағы, шөбересі,Абай әндерін орындаушы талантты әнші,күйші,домбырашы- Қабланов Қанатхан Жеңісханұлы туралы деректер.

Зерттеу жұмысының гипотезасы:

- Зерттеу нәтижесінде жобаға қатысты түрлі деректер құрылды;

- Әнші Әлмағамбеттің жаңа қырларының ашылуы , актерлық шеберлік қасиеттері жайлы да деректер.

Зерттеу нысаны:

Ғылыми жұмыстың зерттелуі үш кезеңді қамтиды.Бірінші кезең – басталу кезеңі.Бұл кезеңде түрлі әдебиеттерді,ел ішіндегі көнекөз ауыл қарияларының естеліктері,баспасөз деректері бойынша зерттеу мәселесіне жан-жақты талдау жасалды.Екінші кезең- эксперимент жұмыстарының өткізілу кезеңі.Үшіншісі- алға қойған міндеттерді шешудің бастамасы.

Зерттеудің орындалу әдістері:

1.Түрлі деректер жинау;

2.Зерттеу;

3.Сараптама;

4.Практикалық әдіс

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

Көнекөз қариялардың айтуы бойынша алынған деректер,Абай заманындағы айтылған әндердің бүгінгі замандағы айтылу ерекшеліктерін салыстыру.

Жұмыстың нәтижесі: Зерттеу нәтижесінде жобаға қатысты түрлі деректер құрылды;

-Әлмағамбеттің көне күнделікті өмірде пайдаланған көне заттарының табылуы;



Зерттеу нәтижесі,қорытынды: Ғылыми жұмыстың қорытынды бөлімінде зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдамалары баяндалды.





Мазмұны :

Аннотация



I.Кіріспе бөлім...........................................................................................3



II.Зерттеу бөлімі.......................................................................................



2.1.Абай әндерін насихаттаушы, тарихи өнерпаз әнші -Әлмағамбет............................................................................................ 4-6

2.2.Көнекөз , шежіреші қарт естеліктері.......................................... 7-8



2.3.Әлмағамбет ұрпақтары................................................................9-10

2.3 . Әлмағамбеттің шөбересі,жас әнші - Қанатхан.....................11-12



III. Қорытынды бөлім.......................................................................13



IY.Пайдаланған әдебиеттер мен дереккөздер тізімі.......................14



Y.Қосымша.........................................................................................15-25



























Кіріспе бөлім

1.1.Қасқабұлақ – Ұлылар мекені.





Абайдың Қасқабұлағы,

Халқымның аққан жыр-әні.

Көрмедім сендей тұманы

Жағаңда сенің киелім,

Ұлылар ғана туады,-деп Бауыржан Жақып жырлағандай,

Қасқабұлақ - Хәкім Абай, дана Мұхтардың кіндік қаны тамған қасиетті «Ұлылар мекені». Сондықтан да Қасқабұлақ даналар туған,Ұлылар мекені деп мақтанышпен айта аламыз

Ұлы адам- ұлт маңдайына біткен сирек кездесетін бақыт.Ол жүз немесе мың жылда бір-ақ рет туады.

Солардың бірі – қазақтың маңдайына біткені ұлы Абай. Абайдың өз өмірі қиын, әрі алмағайып заманда өтсе де халық үшін мәңгілік мақтаныш,

қуаныш болып қалады.

Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов атамыз даШығыс Қазақстан облысының Абай ауданы, Бөрлі жерінде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған.

. «Абай жолы» - қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп,әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды.Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын,оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті.

Қазақ ойына, сөзіне,өнеріне қосылған айтулы бір мол рухани үлес - Абай ақындық өнер айнасының , Абай мектебі ақындық өнер тұлғаларының үлгісі.

Ол үлес иелері: Әлмағамбет Қапсәләмов,Мұқа Әділханов,Ақылбай, Мағауия,Әубәкір Құнанбаев,Кәкітай Ысқақов,Әріп Тәңірбергенов,Әсет Найманбаев,Көкбай Жанатайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлылар.

Мұхтар Әуезов айтқандай,бұл шәкірттер шетінен әнші,сазгер,орындаушы өнерпаздар. Жай ғана сөз ,өнер иелері ғана емес,қоғамдық істе де қоғам қайраткерлері болған.













3





Зерттеу бөлімі



2.1.Абай әндерін насихаттаушы,тарихи өнерпаз әнші- Әлмағамбет



Солардың бірі – Абайдың әншісі Әлмағамбет Қапсәләмов еді. Әлмағамбет Қапсаламов 1870- 1932 жылдары Шыңғыстауда,Қыдырда туып,өмір сүрген.

Әлмағамбет ұзақ жылдар бойы өмірін Абайдың ауылында өткізген , қадірменді өнерпазы болды.

Абай музыка өнерінде жалғыз болмаған.Оның айналасында ән-күйдің,

өлең-жырдың қадірін білетін өнерпаз топ болған. Абайдың Петербургта оқыған баласы Әбдірахман мен ағайындас інісі Мұқа скрипкада ойнаса,Ақылбай,Әлмағамбет,Әйгерімдер әннің майын тамызған.Бұл топ Абайдың ән творчествосының жанашыр сыншысы да, орындаушысы да, насихатшысы да болған.

Әлмағамбет Қапсәләмов ұзақ жылдар бойы Абай ауылында болып ,ұлы ақынның «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да», «Алыстан сермеп», және т.б. әндерін айтып, халық арасына таратқан.

Әнші сол кезде ауыл молдаларынан ескіше хат танып, саутын ашқан. Абайдың кеңесі бойынша Мағауия,Тұрағұлдармен үш қыс қаладан музыка аспатарында ойнауды (мандалинаны,балалайканы ) меңгріп қайтады.

Әнші қазақ зиялылары Назипа мен Нұрғали Құлжановтармен араласып,Абайдың есімін халыққа таныстыруда бірлесе жұмыс істеген.

1915 жылы13 ақпанда Семейдің приказчик клубында Абайдың туғанына 70 жыл толуына арнап, Нәзипа Құлжанова мен Нұрғали Құлжановтардың ұйымдастыруымен әдеби- вокалды-музыкалық кеш өткізіледі.Осы кеште әнші Әлмағамбет Абайдың «Ырғақты», «Татьяна», «Жарқ етпес» деген Абай әндерін домбырамен орындаған.Екі домбыра бір мандалинаны қосып,ұлт күйін тартқан.

Және осы кеште Әлмағамбет «Жанақ пен бала» пьесасында да ойнап,актерлік шеберлігін де көрсетеді.

Әнші Абай әндерін кеңінен насихаттаған.Алуан түрлі аспапта: мандалина, балалайкада ойнаған,Шыңғыстауда үш ішекті домбырада алғаш ойнаған өнер иесі.

Атақты Жүсіпбек Елебеков Абай әндерін осы Әлекеңнің өзінен үйренгенін мақтан ететін болса,Жәнібек Кәрменов Абай әндерін нақышына келтіріп орындауды ұлы ұстазы Жүсекңнен үйренгенін мақтанышпен айтатын еді.

4

Жәнібек Кәрменовтың «Ақылбайдың әні» атты кітабында айтылғандай,

қайнына ұрын кетіп бара жаттан Мекайылдың серігі Әлмағамбет :

- Ақыл аға, матайлар сауыққой,өнерлі ел.Жастары Абай ағамның әндернің бәрін біледі. Құдалардан жаңа ән естігіміз келеді десе,не дерімді білмей, қысылып жүрермін.Бір ән тауып бермес пе екенсіз?-деп сұрап,10

минутта туған ерке , әсем,асқақ әнді табан аузында елге жайып,ұрпаққа мұра еткен Әлекең осы кісі. Ән мәтінінде айтылғандай :

«Бір ән тауып Әлекең бер деген соң,

Матайды алыс бірталай жер деген соң.

Он минутта ойыма осы ән түсті,

Апаш-құпаш қолымды сермеген соң »,деп қайырмасында шарықтай шалқып кететін әуезді ән құдіретін,оны туғызған Ақылбай әнінің

арқауына айналған ұлы әнші-Әлмағамбет Қапсәләмов өмірінің,өнерінің

талантын ұрпаққа асыл қазына етіп жеткізген.

Қазан төңкерісінен кейін де Семей қаласында қазақ театрын ұйымдастырғанда Әлмағамбет солардың қатарында болған.

«Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен, өмір – сәуле көрінер судай тұнық» дегенді айтып кеткен Абайдың көпқырлы ақын аңсарының шынайы мұраты жатқанын аңғару қиын емес.

Тұтас жұртты имандылыққа,адамгершілікке, бауырмалдыққа,адалдыққа тәрбиелеудің бір үлгісі- өнер,ұлттық өнер деп білген.Абай сөз бен саздың, әуеннің ара-жігін ашпаған.Екеуін де тәрбиелік бағытта қуатты құрал ретінде жұмсай білген. Ең алдымен өнерпаз беделін көтеріп, көпке әйгілі етудің жолдарын да жиі қарастырып отырған. Қолынан келгенше ондай атаққа шыққан жас өнерпазды өз алдына шақырып алып, жиі мәжілістес болып ,ұзақ уақыт қолынан ұстап , ән сырын,өнер сырын ашып түсіндіретін.Жол-жөнін нұсқайтын

Құр айқай, бақырған,

Құлаққа ән бе екен ?

Өнерсіз шатылған-

Кісіге сән бе екен? дегендей,жас талапкерлерге:

«Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та ,бар қалан»деп, өресі биік өнерге қатаң талап қойды.



5

Әсем әнді құлай сүйген ақын әнді тыңдауда, әншіні бағалауда табиғи талант нысанын берік ұстанған.

Ақынның өзіне ерекше ұнап, қолайына жаққан ,өз әншім деп білген тарихи тұлғалардың бірі – Әлмағамбет Қапсәләмов.

Әлмағамбет Қапсәләмов - «Абай жолы» роман-эпопеясының көрнекті кейіпкерлерінің бірі.

Мұхтар Әуезов Абай әншісін жақсы білген,таныс,сырлас, талай рет дәмдес ,мәжілістес болған.Сондықтан да әнші Әлмағамбетті Абайдың өз балалары Ақылбай,Мағауия, Әбіштердің қатарында соларға қатысты оқиғалардың ішінде үнемі көрсетіп,суреттеп отырған.

Сондай деректердің бірі – «Қазақ тілі» газетінің 1924 жылғы 27 желтоқсан № 131 саны . Мұнда «Білдіру» атты құлақтандыруда «Осы жылы 29 желтоқсанда Муначар » клубында қазақтың байтақ даласында өткен атақты сыршыл ақын Абай (Ибраһим)Құнанбайұлының дүниеден өткеніне 10, 20 жыл толғанын еске түсіру үшін Семейдің «Географический обществосы» құрметтеп, ескерткіш кешін жасайды дейді де күн тәртібі бойынша Абайдың

әндерін нақышына келтіре орындаған әншілер : Әміре мен Әлмағамбет болды.Және Әлмағамбет Абай жайлы естеліктер де айтқан болатын.

Әлмағамбет тек әнші ғана болмаған,ол музыка аспаптарының көптеген түрлерінде:қос ішекті, үш ішекті домбырада, мандалина, балалайка музыкалық аспаптарында ойнап,дәулескер күйші де атанған.Оның жасық шақта Абай әндерін орындағаны жөнінде архивтен құжат материалдар,дерек-

тер кездесіп отырады.

Абайдың өзі де «Осы әнді Әлмағамбет орындасын» деп отыратын бірнеше әндері болған.Солардың ішінде «Жарқ етпес», «Жігіт сәлемі», «Бойы бұлғаң», «Сегіз аяқ», «Өзгеге көңілім тоярсың» сияқты әндер.

Әлмағамбеттің орындауындағы бірқатар күйлерді ( «Алшағыр», «Бозторғай», «Тепеңкөк» т.б) А.В. Затаевич нотаға түсірген, оның үш ішекті домбырасы Абайдың әдеби-мемориалдық музейінде әлі күнге дейін сақтаулы.

1925 жылы Мұхтар Әуезов Затаевичке айтып Әлмағамбет орындайтын Абай әндері мен халық әндерінің біразын нотаға түсірген.













6

2.2. Көнекөз, шежіреші қарт естеліктері.





Фото0100-1



Көнекөз шежіреші қария , Социалистік Еңбек Ері –

Еркінбеков Қалиасқар









7





Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі, көнекөз шежіреші қарияның шөбересі - Қонақаева Жібек Балтақайқызының үлкен атасының аузынан естіген сырларынан үзінді :



Менің үлкен атам Еркінбеков Қалиасқар Бөрліде Мұхтар Әуезовтің аталары Әуезбен көрші тұрған.Бала күнінде Абай атамыздың ұрпақтарын,өз көзімен көрген.Әкелері ұлы адамдармен дәмдес болған.

Көнекөз қария,Социалистік Еңбек Ері Қалиасқар атам 90 жасқа келіп қайтыс болды.

Абай ұрпақтары туралы, сол замандағы тарихи әңгімелер туралы естеліктердің көбін абайтанушылар осы кісінің айтуы бойынша жазып алған.

Мен атамды бала күнімде көрдім. Өле-өлгенше атам Бөрліде тұрды. Балалық шағым сол атамның жанында өтті.Сонда атам Абай атамыздың арабша жазылған өлеңдер жинағын оқып отыратын.Бізге Абай өлеңдерін жатқа оқытатын.

Сол кезде атамнан естіген Абай әндерінің әуені қазіргі орындалып жүрген әуенінен өзгешелеу болатын. Ол кезде ән тек домбырамен айтылған.

Ал, қазіргі заманның дамуына байланысты Абай әндері өңделіп, түрлі аспаптармен айтылады.































8



2.3. Әлмағамбет ұрпақтары.

Әлмағамбеттің Шабдан, Қаблан және Уәлхан деген балалары болған.

«Шабдан Әлмағамбетов әкесінің домбырасын ,өнерін ұстаған ,кеудесі шежіреге толған,құймақұлақ, қадірлі қария еді», дейді көзін көргендер.

Шабдан Әлмағамбетов Ауыл шаруашылығында ұзақ жылдар еңбек еткен.

Шабдан өз әкесі Әлмағамбеттің үш ішекті домбырасын 1950 жылдары Абай мұражайына өз қолымен әкеліп табыс еткен.

Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған Шабдан Әлмағамбетов дүниеден1980 жылы 23 желтоқсанда қайтыс болған.

Әлмағамбеттің Шабданнан –Әсемхан,Рүстемхан,Несіпхан,Алтынхан деген ұлдары және Салтанат деген қызы бар.

Қайрат,Роллан,Марат, Мақсат,Данияр, деген шөберелері бар.

Уәлхан атты баласы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан.

Қаблан колхозда,совхозда көп жылдар бойы шопан болып еңбек еткен,соғыс кезінде Труд Армиясында болған.

Қабланның баласы, Әлмағамбеттің үшінші ұрпағы Жеңісхан әнші болған. Ол 1973-1975 жылдары аудандық ән орындаушылар конкурстарына барып отырған.Зергерлік өнері де болған.

Әлмағамбеттің жиен- шөпшегі Нұршашқан нағашы апасы

Бақыттыбаламен нағашы атасы жайлы әңгімелесуде.

C:\Users\admin\Desktop\Новая папка (7)\20141004_220954.jpg



9



Қабланның келіні Бақтылының үлкен атасы жайлы естелігінен :





Әлмағамбеттің бәйбішесі үлкен атамның өнері,әншілігі туралы көп айтып отыратын.Дүниеден өтерінде үлкен атамның ұстаған саптыаяғы мен келсабын Құпия әжем маған аманат етіп беріп кеткен.Мен әлі күнге дейін атамның көне затын көзімнің қарашығындай сақтап келемін.

hello_html_m59348e85.jpg

























10





2.4. Әлмағамбеттің шөбересі, талантты, жас әнші- Қабланов Қанатхан .



Қабланов Жеңісханнан – Қанатхан, Алтынқанат,Баян, Айгүл, Назгүл, Ғалия,Мақпал, Ардақ, Жаңылхан, Райхан,Әйгерім атты балалары бар.

Бүгінгі күндері Әлмағамбеттің шөбересі - Қабланов Қанатхан ата жолын жалғастырушы өнер иесі, танымал жас әнші ,домбырашы,күйші .

Қабланов Қанатханның әншілік өнері жайлы ауылымыздың республикаға танымал әншісі,шежірешісі,Қанатханның өнер мектебіндегі ұстазы Жікенов Амангелдінің әңгімесінен:



C:\Users\admin\Desktop\Новая папка (7)\20141004_215022.jpg

Әлмағамбеттің артында өшпес ізі,ән өнеріндегі өрнегін жалғастырушы ұрпағы жоқ емес.Өнердің киесін,әннің сүбесін жұқартпай , жұтатпай алға қаз-қалпында жетелеп,кейінгі ұрпаққа жетуіне үлес қосып жүрген шөбересі- Қабланов Қанатхан ,-дейді.

Қабланов Қанатхан Семейдің Мұқан Төлебаев атындағы саз колледжін

бітірген. Жәнібек Кәрменов атындағы саз мектебінің ән-домбыра сыныбының мұғалімі.

Мектептегі ұстазы –Жікенов Амангелді болса, колледждегі

ұстазы -Тұрсынғазы Рахимов .

2008 жылы Өскемен қаласында өткен респуликалық IV Дельфийлік

іріктеу байқауына қатысып,Бас жүлдені қанжығасына байлады.

Абайдың «Қаламқас » ән-би ансамбілінің мүшесі,әншісі.Бірнеше конкурстардың жеңімпазы.



11

Қорытынды



М.Әуезов туындылары әлемдік әдебиеттің айдынында мөлдір бұлақ болып құйылып,күллі адамзатқа ортақ рухани қазынаға айналды.

Абай тұлғасы эпопеяның жаны мен жүрегі болса, әнші Әлмағамбет романның айшықты бейнелерінің бірі деуге болады.

Басты қаһарман ретінде мен Абай жолындағы Әлмағамбетті таңдау себебім:

- Біріншіден,ол менің нағашы атаманың атасы, ал мен оның жиен- шөпшегі боламын.

- Екіншіден, атамыздың ақын Абаймен замандас,дәмдес болғандығы,оның әншісі болып,әндерін қазақ даласында насихаттауы мені қатты қызықтырды. -Үшіншіден,нағашы атам туралы шежіреші,ауылымыздың танымал әншісі,Абай әндерін орындаушы,Ж.Кәрменов атындағы саз мектебінің мұғалімі А.Жікеновпен кездесулер,ол кісінің айтқан тарихи деректері,

нағашы апамның айтқан естеліктері,музей деректері менің жобамның ғылымилығын арттырады деп ойлаймын.

Қазақ даналығының «Шәкіртсіз ұстаз тұл», «Жақсы ұстазға тап болу,

шәкірттің бағын ашады », дегендей Әлмағамбеттің тарихи өнерпаз болып

қалыптасуына ұстазы Ұлы Абай атамыздың ықпалы зор болған.

Абайдай ұстазы бар Әлмағамбет – Ұлы Абайдың әншісі болып тарихта

мәңгі қала бермек.

Зерттеу жобамды өлкетану курстарында,әдебиет үйірмелерінде пайдалануға маңызы зор деп ойлаймын.



















12

Пайдаланған әдебиеттер мен дереккөздер





1.М.Әуезов. «Абай жолы» романы, 2 кітап 1989 жыл



2.«Ертіс өңірі» газеті. 2005 жыл,18 тамыз. А.Мұхаметқалиқызы.

Абай мұражайының ғылыми қызметкері

3.М. Жанболатұлы. Тобықты –Шыңғыстау шежіресі.II том,366 бет

4.Абай энциклопедиясы,2006 жыл

5. «Семей таңы» газеті. 2010 жыл,23 сәуір.С.Нұрбаев

6. Т.Оразғалиев Абай еліндегі ескерткіштер.Алматы,Қанағат-ҚС,35 бет

5. «Абай » журналы .1992 жыл,30 бет,2 саны





































13







Қосымшалар











































































14







Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 20 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-411914

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"