Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Әдебиеттік оқу пәні бойынша "Қой" тақырыбында ашық сабақ жоспары (2 сынып )

Әдебиеттік оқу пәні бойынша "Қой" тақырыбында ашық сабақ жоспары (2 сынып )


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Пәннің аты:әдебиеттік оқу

Уақыты:13.10.2015ж

Кабинет:3

Мұғалім:Кенжебекова К.С

Сабақтың атауы

Қой

Мақсаты

Сабақ мақсаты: Оқушыларға төрт түлік және қой туралы жан- жақты мағлұмат беру, ерекшеліктері, пайдасы туралы 
түсінік қалыптастыру .
Оқытудың нәтижелері:
1 Оқушылар төрт түлік туралы мәлімет алады. Өлеңді мәнерлеп оқи алады, өз сөздермен мағынасын айта алады.
2. Бірін-бірі тыңдап әрі еркін сөйлеп үйренеді.
3. Шығармашылық қабілеттері артады.

Сабақтың түрі : аралас сабақ
Көрнекіліктер: интертақта ,
Әдіс –тәсілдер : «Доп лақтыру » оқыта үйрету әдісі, «Сандықша » оқыта үйрету әдісі , « Ой толғау» стратегиясы .


Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ренжуді білмейміз.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!.

2) Топқа бөліну
- Балалар бүгін біз сабақта топпен жұмыс жасаймыз.

1-топ: Қошақан

2-топ: Ботақан

3-топ: Құлыншақ

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Үй тапсырмасын тексеру . Тақтадан ертегі түрлеріне байланысты суреттер көрсету. Суреттер арқылы ертегі түрлерін ажырату . «Доп лақтыру » оқыта үйрету әдісі

1-топ: Жан-жануарлар туралы ертегілерге қандай ертегілер жатады ?(Қасқыр мен түлкі, Аңқау арыстан )

2-топ: Қиял-ғажайып ертегілерге қандай ертегілер жатады ? (Ұр , тоқпақ, Шибұт , Қылмойын , Қарынбас )

3-топ: Шыншыл ертегілерге қандай ертегілер жатады ?(Сақина , Байлық пен ақыл )



Мағынаны тану

1.Жаңа сабақ . Жұмбақ жасыру

А)Өзі момын Шопан ата баласы
Жүні жұмсақ, сойсаң тәтті еті бар.
Аппақ қана сүті бар, шағаладай құрты бар,
Бұл қай жануар баласы?

Ә) Кішкентай ғана бойы бар ,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой )

Күн ретін жазу .

2. Сұрақтарға жауап береді.

Қойдың қандай пайдасы бар?
Қойдың пірі қалай аталады?
Қойдың төлі қалай аталады?

3. Топтық жұмыс
- Қойдың пайдасы туралы постерге түсіру

1 –топ: «Қошақан» Жүнінен жасалалатын заттар
2 –топ: «Ботақан » Терісінен жасалатын заттар
3 – топ: «Құлыншақ » Сүтінен әзірленетін тағамдар

4.Оқулықпен жұмыс

1 тапсырма 
- мақал-мәтел оқу, мағынасын ашу.
2 тапсырма 
- өлеңді оқу, оқыту, тізбектеп оқу, ырғақпен оқу, тауып оқу.

Сергіту сәті

Көңілді күн


Ой толғаныс

«Сандықша » оқыта үйрету әдісі

1. Өзі үлкен жануар,
Үстінде үлкен тауы бар. (Түйе)
2. Өзі жуас, өзі момын,
Бір шешпейді тонын. (Қой)

3. Екеу елеңдеп келеді,
Төртеу төбелесіп келеді. (Жылқы).

4. Туа сап жүріп кеткен
Енесін қуып кеткен. (Құлын)
5. Қамыс құлақ, тастаған тұяқ
Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ. (Жылқы)
6. Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт жылтырмағы бар
Екі шыбыртқысы бар.
(Сиыр)
« Ой толғау» стратегиясы
- Қой дегенде не елестейді көз алдыңдарыңа?

Жоңышқа, жаңқа, жусан
Еті, жүні, сүті, терісі, Шопан ата .


Үйге тапсырма

«Қой» жырды жаттау.


Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау



Кері байланыс

https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcR131kpWcUUED4dovkbmspoxT_SKRVEWOkIs1gxHky5XK0GLSnjhttps://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQPVTk6EQvorBduQn3ZPjRa-JObk2XPnoItqKauulCvyx84-S4nUg

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Тексерілді :








Автор
Дата добавления 15.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров211
Номер материала ДВ-341922
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх