Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Әдебиеттік оқу пәні "Рәміздер"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Әдебиеттік оқу пәні "Рәміздер"

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Еліміздің мемлекеттік рәміздері. Ту. Елтаңба.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері ту, елтаңба туралы түсініктерін қалыптастыру;
Дамытушылық: Ой - өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту;
Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс сабақ
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгіме, талдау - жинақтау
Көрнекілігі: Слайдтар, ҚР Рәміздерінің авторларының портреттері
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі
Күтілетін болжам: Еліміздің мемлекеттік рәміздері Ту туралы қосымша мәліметтер алады, түсініктері кеңейеді.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
: Гимн орындалады. ( 1слайд) Сабаққа психологиялық дайындық жүргізу.
Ана тілін құрметте,
Ар - ұятты кірлетпе.
Жақсыларға жақ болып,
Жамандықты үлгі етпе.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- Үйге қандай тапсырма берілді?
«Менің сүйікті қалам» тақырыбына шығарма жазу.
Шығарманы оқу, талдау, сұрақтармен қорытындылау.
Сергіту сәті:
Дөңгеленіп тұрамыз,
Керегені құрамыз.
Уық болып иіліп,
Шаңырақты құрамыз.
- Бұл өлеңнің ішінде аталған сөздер рәміздердің қайсысында кездеседі?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау, оқушыларды 5 топқа бөлу.
1 - топ: Қыран
2 - топ: Алтын күн
3 - топ: Көк аспан

4-топ: Шаңырақ

5-топ: Пырақ

ІҮ. Жаңа сабақ:

Ой шақыру.
1. Қазақстан елінің рәміздері жайлы балалардың білетінін пысықтау.

2. Оқулықпен жұмыс: Үнтаспадан мәтінді тыңдату, Ту, туралы қосымша түсініктер беру. ( 3,4 слайд)
Ту (ағылшын. flag) — арнайы түстері бар белгілі бір геометриялық пішінге ие мата. Әдетте тулар флагшток арқылы көтеріледі. Мемлекеттік ту мемлекеттік рәміз болып табылады. Мемлекеттен басқа көптеген елдерде әскери және коммерциялық тулар бар.
Тулаларды зерттеумен айналысатын ғылым саласы вексиллология (лат. vexillum — «ту», «байрақ») деп аталады.

Ту найза немесе басқаша бейнелер түріндегі металл ұштығы бар ағашқа бекітілген белгілі бір өлшем мен матадан тұрады. Ту жауынгерлерді жиналуы мен бірігуі үшін алыстан жақсы көрінетін белгі ретінде ежелгі Таяу Шығыс, Үндістан, Қытай, т. б. елдерде биік сырыққа орнатылған қандай да бір бейнелер түрінде пайда болған.

Шайқаста Туынан айрылған жасақтар таратылды. Шайқас кезінде дұшпан Туларын қолға түсіргені үшін жауынгерлерге ерекше марапаттар жасалды. Көшпелі халықтарды да (сақ - скифтер, ғұндар түркілер, т. б.) Туды жауынгерлер рухтың белгісі ретінде ерекше құрметтеген. Ту үлкен матадан түсті желек түрінде жасалып, найзаның сабына байланып көтерілген. Жауынгерлерге күш беріп қорғау үшін оған киелі белгілер (жыртқыш аңдар мен айдаһардың басы, кейіннен Ай, Құран аяттары) салынды. Ту әскерді киесі саналғандықтан, шайқас кезінде оны ұстау ең батыр адамдарға тапсырылған. Ту желбіреп тұрса әскер жеңіске жетеді, ол құласа жеңіледі деген ырым болған. Қазақ қоғамында ханның Туынан басқа, белгілі қолбасыларға да Ту тапсырылған. Мысалы, Абылай хан заманында Қабанбай , Бөгенбай , Жәнібек, т. б. әйгілі батырлардың өз Туы болды. Ол Тулар кейіннен сол батырдың ұрпақтарында қалып, кие тұтылды. Ауру – кеселден , жамандықтан қорғайды деп қастерленді.. Соғыс кезінде Тудан айырылған жағдайда бөлім командирі мен тікелей кінәлілер әскери трибуналмен сотталып, әскери бөлім таратылады. Тудан айрылу өліммен бірдей болған.

Мемлекеттік Ту тігілетін немесе орнатылатын жерлер де заңда көрсетілген. Олардың қатарында Елбасы резиденциясы, Парламент пен Үкіметтің министрліктері мен өзге де орталық атқарушы органдардың Елбасына тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың Конституциялық кеңестің, Жоғарғы сот және басқа да соттардың, Бас прокуратураның, Ұлттық ғылым академиясының, мәслихаттар мен жергілікті органдардың ғимараттары бар. Олардың бәрінде де Мемлекеттік Ту ұдайы желбіреп тұруға тиісті. Дүниеге келген нәрестелер және некені салтанатты түрде тіркейтін орын - жайларда да Мемлекеттік Ту ұдайы ел назарында тұруы керек.

Топтық жұмыс: 6 слайд)

1-топ:Қыран .Тудағы дала қыранының бейнесі мен оның мәні туралы айтып бер

2-топ: Алтын күн. Тудағы күннің бейнесі туралы не білесің?

3-топ Көк аспан. Тудың түсі көгілдір болу себебін айтып бер

4-топ: Шаңырақ. Шаңырақ нені білдіреді?

5-топ. Пырақ. Елтаңбада неге пырақ бейнеленген?
3. ҚР Рәміздері туралы жаттап келген өлеңдерін сұрау.


4. «Егер мен Президент болсам...»тақырыбына қысқаша әңгіме жазу.3-4 сөйлемнен тұрады.

ҮІ. Сабақты қорыту: тест тапсырмалары(8-12 слайд)

Мақал мәтелдерді жалғастыр (14-20 слайд)


- Сабағымызды мынанадай өлең жолымен аяқтағым келіп тұр.
Қазақстан рәміздері - елдігімнің белгісі,
Білу керек балаға дейін ең кіші.
Ән ұран, көгілдір Ту, Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.

ҮІІ. Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу 59 - 62 беттер, 1 шумақ өлең жазып келу, Тудың суретін салу.
Бағалау: Ұтқан топты марапаттау.

Автор
Дата добавления 18.06.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров69
Номер материала ДБ-125967
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх